5. континенттердің ҚҰрылымдық элементтері континенттердің қатпарлы белдеулері



Дата25.04.2016
өлшемі402.82 Kb.
5. КОНТИНЕНТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

5.1. Континенттердің қатпарлы белдеулері

(жас платформалар)

Континенттер ауқымындағы ірі-ірі қатпарлы белдеулер

көне платформаларды (кратондарды) бір-бірінен оқшаулайтын,

яғни оларды жиектей созылатын ауқымды тектоникалық



құрылымдар болып табылады. Құрылымды құрайтын қарқынды

қатпарланған жəне жыртылған таужыныс қатқабаттарының

геологиялық көнелігі соңғы протерозойдың рифей кезеңінен

жастау болған жағдайда ғана (соңғы 1 млрд. жылда түзілген)

мұндай құрылымдар қатпарлы белдеу деп аталатындығы, ал

қатпарланған, жыртылған, метаморфтанған жəне интрузия

массивтерін көптеп кіріктіретін кристалдық іргетасы архей мен

төменгі жəне ортаңғы протерозой таужыныстарынан тұратын ірі

құрылымдар байырғы көне платформалар немесе «кратондар»

деп аталатындығы 4-дəріс ауқымында айтылды. Кристалдық

іргетасы негізінен қарқынды қатпарланған фанерозойлық

жаралымдардан тұратын қазіргі кезде салғырт платформа

түрінде көрініс беретін қатпарлы белдеулерді кейде «жас

платформалар» деп атайтындығын да ескерген жөн.

Қатпарлы белдеулер өздерінің ауқымы жағынан ірі

платформалармен (кратондармен) шамалас болып келеді, олар

əдетте мыңдаған км-ге созыла сағаланады, ендік көрсеткіші де

əдетте 1000 км-ден кем болмайды.

Континенттер ауқымындағы ең ірі қатпарлы белдеулер

төмендегіше жіктеледі.

1. Тынықмұхиттық қатпарлы белдеу. Тынық мұхит

алабын жиектей созыла отырып, екі үлкен бөлікке жіктеледі.

Аталған бөліктер шартты түрде «Батыстынықмұхиттық

қатпарлы белдеу» жəне «Шығыстынықмұхиттық немесе

Кордильерлік қатпарлы белдеу» деп аталады. Бұлардың

алғашқысы Тынық мұхиттың солтүстік, батыс жəне оңтүстік

алаптарын Гиперборей (солтүстігінде), Сібір, Қытай–Корей,

Оңтүстік Қытай, Австралия (батысында) жəне Антарктика

Геотектоника жəне геодинамика

131


(оңтүстігінде) көне платформаларынан (кратондарынан)

оқшаулайды. Кордильерлік, яғни Шығыстынықмұхиттық



қатпарлы белдеу Тынық мұхит алабын Солтүстік жəне Оңтүстік

көне платформаларынан (кратондардан) оқшаулайды.

2. Орал–Моңғол қатпарлы белдеуі – Шығыс Еуропа (Орыс)

жəне Сібір көне платформаларын (кратондарын) Тарим жəне

Қытай–Корей көне платформаларынан (кратондарынан)

оқшаулайды. Оңтүстік-шығысқа қарай аз-мұз иілген доғаны

еске салатын бұл қатпарлы белдеу де екіге бөлінеді.

Меридианға бойлас (параллель) бағытта созылатын оңтүстік

бөлігі «Орал–Сібір қатпарлы белдеуі», ал ендікке бойлас

(параллель) бағытта созылатын оңтүстік бөлігі «Орталық Азия

қатпарлы белдеуі» деп аталады. Қазақстан аумағының Каспий

маңы ойысы мен Маңғыстау өңірінің құрылымдарынан өзгесі

нақ осы Орталық Азия қатпарлы белдеуінің ауқымына кіреді.

3. Жерорта теңіздік немесе Əлпі–Гималай қатпарлы



белдеуі жер шары құрлықтарының Евроазиялық жəне

Африкалық бөліктерін ендік бағытта «жарып өтетін» алып

құрылым. Ол батысында Кариб жəне Жерорта теңіздері

орналасқан аймақтан басталып, шығысында Оңтүстік Қытай

теңізіне дейін созылады. Белдеудің батыс жақ шеті Атлант

мұхитының юра кезеңінде «ашыла бастауына байланысты»

тұйықталып қалған. Белдеу Оңтүстік Тянь-Шань өңірінде Орал–

Моңғол қатпарлы белдеуімен жапсарласады.

4. Солтүстік Атлант қатпарлы белдеуі – Солтүстік

Америка кратонын (көне платформасын) Шығыс Еуропа

(Орыс) көне платформасынан оқшаулай отырып, оңтүстігінде

Жерортатеңізі қатпарлы белдеуімен, солтүстігінде Арктика

қатпарлы белдеуімен, ал батысында Орал–Моңғол қатпарлы

белдеуімен жапсарласады.



5. Арктика қатпарлы белдеуі – Таймырдан Гренландияның

солтүстік-шығыс Гренландияға дейін Азия мен Солтүстік

Американың қазіргі таңдағы солтүстік жағалауларын бойлай

созыла отырып, Орал–Сібір жəне Солтүстік Америка

кратондарын солтүстіктегі Гиперборей (Арктида) кратонынан

оқшаулайды.

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

132

Қатпарлы белдеулердің ішкі құрылысы мейлінше күрделі

болып келеді. Олардың ішкі құрылысы əртүрлі тектоникалық

жағдайларда түзілген, кейінірек қарқынды қатпарланған,

жыртылған, метаморфтық өзгерістерге ұшыраған, сол сияқты

əртүрлі құрамды жəне əртүрлі пішінді интрузия массивтерін

көптеп кіріктіретін таужыныс қатқабаттарының алуан түрлі

кешендерінен тұрады. Сөз болып отырған кешендер əртүрлі

геодинамикалық жағдайда түзілген, кейінірек бүйірлік

сығымдалу жағдайында қатпарланған жəне көлбеу

(горизонталь) бағытта жылжуы нəтижесінде бір-бірімен

тоғысқан геологиялық формациялардың жиынтықтарын

құрайды. Екінші сөзбен айтқанда, қатпарлы белдеулердің ішкі

құрылысы көне геологиялық кезеңдерде көлбеу (горизонталь)

бағытта жылжып соқтығысуы нəтижесінде тоғысып

жапсарласқан алуан түрлі құрылымдық элементтердің бір-

бірімен дəнекерлену нəтижесі болып табылады. Генетикалық

табиғаты жағынан əртүрлі құрылымдық элементтердің бұлайша

дəнекерленуін геология тілінде «коллаж» деп атайды

(француздың «col» – «желім» деген сөзінен).

Қатпарлы белдеулер, өз кезегінде, қатпарлы облыстарға,

ал соңғылары қатпарлы жүйелерге жіктеледі. Қатпарлы

жүйелер өздерін құрайтын таужыныс кешендерінің қатпарлану

уақыты тұрғысынан дараланады, бұлар каледонидтер,

герцинидтер, мезозоидтер (киммеридтер) жəне əлпидтер

түрінде көрініс беруі мүмкін. Қатпарлы жүйелер жеке-жеке

құрылымдық-формациялық белдемдерге жіктеледі, ал бұлар,

жоғарыда атап көрсеткеніміздей, алуан түрлі геологиялық

формациялардың жиынтығынан құралады. Жекелеген

құрылымдық-формациялық белдемдер аймақтық құрылым

болып табылады, көбінесе ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын,

бір-бірінен əдетте терең жарылымдар арқылы оқшауланған

мұндай құрылымдардың ұзыны жүздеген, ені ондаған км-ден

аспайды. Жекелеген құрылымдық-формациялық белдем

ауқымындағы негізгі зерттеу нысаны алуан түрлі геологиялық

формациялар болып табылады, осы формациялардың

генетикалық жəне геодинамикалық табиғатын саралау

Геотектоника жəне геодинамика

133

нəтижесінде зерттелген құрылымның геотектоникалық даму

тарихын сатылай отырып қадағалау мүмкіндігі жүзеге асады.

Қатпарлы белдеулердің ең кіші құрамдас бөлігі болып

табылатын жекелеген құрылымдық-формациялық белдемдерді

құрайтын алуан түрлі геологиялық формациялардың өздері де

коллаж процесіне ұшыраған, ал мұның өзі Жер планетасы

дамуының ерте кезеңдерінде де (кем дегенде, соңғы

протерозойдың рифей кезеңінен бері қарай) көлбеу

(горизонталь) бағытталған тектоникалық қозғалыстар шешуші

рөл атқарғандығын көрсетеді. Литосфералық тақталар

тектоникасы (ЛТТ) деп аталатын мобилизм идеяларының

қазіргі таңда геология ғылымының басты парадигмасы рөлін

атқару себебі сондықтан.

Қатпарлы белдеулердің ауқымында докембрийлік

жаралымдардан тұратын, яғни қоршаған ортасына мүлдем жат

көне платформалардың (кратондардың) ірілі-ұсақты

«сынықтары» болып табылатын блоктар жиі ұшырасады.

Фанерозойлық жаралымдардың (каледонидтердің,

герцинидтердің, киммеридтердің, тіпті əлпидтердің) арасында

ұшырасып қалатын мұндай платформа «сынықтарының»

мейлінше ірілері геосинклиндік тұжырымдама тұрғысынан

«орталық массив» деп аталса, кішігірім бөліктері докембрийлік

жаралымдардың «блоктары» деген атауларды иеленген болатын.

Тектоникалық құрылымдарды қалыптастыруда, дамытуда жəне

тұрақтандыруда көлбеу (горизонталь) бағытталған

тектоникалық қозғалыстардың шешуші рөлін дəріптейтін

мобилизм идеялары туындағаннан бері, яғни ЛТТ қағидаларына

сəйкес, қазіргі таңда докембрийлік жаралымдардың аталған

«сынықтары» «микрокониненттер» деп аталады. Бұл

терминдегі «микро» сөзі аталған блоктардың тұтас

континенттермен салыстырғанда шағын мөлшерлерді

иеленетіндігін білдірсе, «континент» сөзі аталған блоктардың

көне континент бөліктері екендігінен хабар береді, яғни

олардың докембрийде тұрақтанған континенттік қыртыс

бөлігі екендігін анықтайды.

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

134

Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында «террейндер» деген

түсінік пайда болды. «Террейн» термині таужыныс

блоктарының өзін қоршаған ортаға мүлдем жат орындардан

көрініс беруі, яғни террейнді құрайтын таужыныстар кешенінің

қазіргі өзінің орналасу орнына өзге өңірлерден «жылжып жетуі»

нəтижесінде қоршаған орта таужыныстарымен дəнекерленіп

астасуы. «Террейн» түсінігі алғаш рет Солтүстік Американың

Кордильер тауларын зерттеу барысында туындады. Бұл өңірде

террейндер біршама жиі ұшырасатын болып шықты жəне де

олардың заттық құрамы тек докембрийлік таужыныстардан ғана

емес, өзге де таужыныс кешендерінен тұратындығы анықталды.

Екінші сөзбен айтқанда, бұл өңірдегі террейндер өзін құрайтын

таужыныстардың геологиялық көнелігі тұрғысынан емес,

олардың генетикалық табиғатының өзгешелігімен ерекше-

ленетіндігі белгілі болды. «Террейн» деген атауды иелену үшін

ең бастысы бір-бірінен терең жарылымдар арқылы дараланған

көршілес блоктардың əрбіреуі тек өзіне ғана тəн литологиялық-

стратиграфиялық қимамен, өзіндік геологиялық даму

тарихымен, жаралуының өзіндік геодинамикалық табиғатымен,

т.с.с. өзгешеліктерімен ерекшеленуі тиіс. Мəселен, Кордильер

тауларындағы террейндер микроконтиненттердің, аралды

доғалардың, мұхит алабында туындаған көтерілімдердің, ірі-ірі

гийоттардың алуан түрлі жəне алуан пішінді сынықтарын

құрайтындығы анықталған. Екінші сөзбен айтқанда, террейндер

жиынтығы өздерінің жаралу сəтінде бір-бірімен ешбір

кеңістіктік жəне генетикалық байланысы болмаған блоктардың

«жымдаса бірегейленуі» нəтижесінде бір аймақтан табылуымен

ерекшеленеді. Мұндай ерекшелікті мобилизм идеялары

тұрғысынан ешбір қиындықсыз түсіндіруге болады: террейндер

бір-бірінен алшақ кеңістіктерде, əртүрлі геотектоникалық



жəне геодинамикалық жағдайларда, əртүрлі геологиялық

кезеңдер мен дəуірлерде қалыптасқан алуан түрлі таужыныс

блоктарының көлбеу (горизонталь) бағытта жылжуы

нəтижесінде бір-бірімен соқтығыса отырып, қазіргі кезде терең

жарылымдар арқылы жымдаса дəнекерленуімен сипатталатын

тектоникалық құрылымдар жиынтығы.

Геотектоника жəне геодинамика

135

Террейндердің жоғарыда келтірілген анықтамасынан

байқалатыны – байырғы континенттер ауқымындағы фанерозойлық

жаралымдардан (каледонидтерден, герцинидтерден, киммерид-

терден т.с.с.) тұратын қатпарлы белдеу ауқымындағы

жоғарыда сөз болған докембрийлік орталық массивтер, яғни

докембрийлік микроконтиненттердің сынықтары да, белгілі

дəрежеде, террейндер рөлін атқаратындығы.

Көлбеу (горизонталь) бағыттағы тектоникалық

қозғалыстар нəтижесінде бұрынғы мұхиттық құрылымның

«жабылуы» сəтінде сол мұхиттың континенттік жағалаулары

рөлін атқарған аймақтардың алуан пішінді «сынықтары»

құрылым дамуының коллизиялық (орогендік) жəне

платформалық сатыларында жекелеген орталық массивтер

түрінде көрініс беретін болады. Мұндай орталық массивтер,

яғни қазіргі континенттер ауқымындағы көне континент

өкілдері өздерінің коллизиялық жəне платформалық даму

сатыларында «жоғары көтерілуі» немесе «төмен ойысуы»

мүмкін.

Көне континенттің белгілі бір бөлігі «жоғары көтерілу»

процесін иеленген жағдайда байырғы орталық массив

қалыптасатын болады (мəселен, Қазақстан аумағындағы

палеозойлық қатпарлы құрылымдар арасында «орын тепкен»

Көкшетау жəне Ұлытау–Қарсақпай орталық массивтері), ал

мұхит жағалауы рөлін атқарған континенттік қыртыс бөлігі

құрылымның коллизиялық (орогендік) жəне платформалық

даму сатыларында төмен ойысуы салдарынан тауаралық жəне

шеткі (ілгергі) ойысымдар қалыптасады. Тауаралық

ойысымдар (межгорные впадины) – қозғалмалы құрылымның

континенттік жағалаулары соқтығысуы салдарынан (коллизия

процесі) туындаған таулы жүйелердің аралықтарында сол

құрылымның коллизиялық (орогендік) даму __________сатысында

туындайтын ойыс құрылым. Бұл ойысымдардың қатпарланған

іргетасын құрайтын кешендер континенттік түзілімдердің

немесе саяз сулы теңіз түзілімдерінің біршама қалың

қатқабаттарымен көмкеріледі. Соңғы түзілімдер құрамында

моласс формациясы жетекші рөл атқарады. Шеткі, яғни ілгергі

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

136

ойысымдар – қозғалмалы құрылым дамуының коллизиялық

(орогендік) жəне платформалық даму сатыларында тау жүйелері

мен сол жүйелерді жиектейтін көне континенттік қыртыстан

тұратын платформа аралығының жергілікті ойысуы салдарынан

туындайтын ойыс құрылым. Мұндай ойысымдар тау жүйелерін

жиектей отырып, алыс-алыс қашықтықтарға (кейде 1000 км-ге

дейін) созылуы мүмкін. Олардың бір-біріне тізбектеле

жалғасқан, яғни бір-бірінен көлденең дөңестер арқылы

оқшауланған жекелеген ойысымдар жүйесін құрау мысалдары

жиі ұшырасады. Мұндай ойысымдардың қатпарланған іргетасы

да континенттік жағдайда немесе саяз теңіз жағдайында түзілген

алуан түрлі шөгінділермен көмкеріліп жатады.

Өзінің платформалық даму сатысына өткен қатпарлы

белдеулердің ішкі өңірлері өздерінің салғырттығымен

сипатталатын эпейорогендік (тербелмелі) тектоникалық

қозғалыстарға ұшырайды. Мұның нəтижесінде қатпарлы

белдеудің жоғары көтерілген өңірлерінде бұған дейінгі даму

сатыларында қарқынды қатпарланып үлгерген палеозойлық,

мезозойлық немесе кайнозойлық іргетас кешендері жер бетінде

ашылады, бұл кешендер қатпарлы белдеулердің басым бөлігін

құрайтын болады. Алайда қатпарлы белдеудің кейбір шағын

аймақтары төмен қарай ойысуы да ықтимал. Мұндай жағдайда

жергілікті (локальный) немесе аймақтық ойыстар қалыптасатын

болады. Мұндай ойыстарда қатпарланған палеозойлық,

мезозойлық немесе кайнозойлық іргетас жаралымдары солардан

гөрі көнелеу шөгінділердің қатқабаттарымен көмкерілетін

болады. Мұндай аймақтық, яғни жергілікті ойыстардың

Қазақстандағы мысалы ретінде Орал–Моңғол қатпарлы

белдеуіне тиесілі Қазақ қатпарлы облысына қарасты Көкшетау–

Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесі ауқымындағы (іргетасы

каледонидтер) Теңіз ойысын, Шу–Сарысу ойысын т.б., Жоңғар–

Балқаш қатпарлы жүйесі ауқымындағы (герцинидтер) Балқаш,

Іле, Алакөл ойыстарын т.б. атауға болады.

Жоғарыда сөз болған ойысымдар мен аймақтық ойыстарды

көмкерген шөгінді таужыныс қатқабаттары, көне

платформаның шөгінді тысына тиесілі шөгінді кешендер

Геотектоника жəне геодинамика

137

сияқты, мұнай жəне газ кенорындарын іздеудің бірден-бір

қолайлы нысандары болып табылады.

5.2. Континенттік көне платформалар – кратондар

Континенттер ауқымындағы көне платформалар немесе

кратондар сол континенттердің ядросы іспетті, олар

континенттердің басым бөлігін қамти отырып, ауқымды

аймақтарды алып жатыр. Жер қыртысы ауқымындағы көне

платформалардың жалпылама ауданы миллион шаршы

километр шамасында. Олар тұтастай континенттік қыртыспен

сипатталады, олардың ауқымындағы бұл қыртыс қалыңдығы

орта есеппен 35-45 км аралығында болып келеді. Көне

платформалар ауқымындағы литосфераның қалыңдығы 150-

200 км шамасында, алайда кейбір мəліметтерге қарағанда, бұл

көрсеткіш 400 км-ге дейін жетуі мүмкін.

Платформалардың басым бөлігі – метаморфтық өзгерістерге

ұшырамаған шөгінді таужыныс қатқабаттарымен көмкеріліп

жатыр, мұндай аймақтарды «тақта», ал аталған таужыныс

қатқабаттарын платформаның «шөгінді тысы» деп атайтынды-

ғы белгілі. Шөгінді тыс қалыңдығы жиі-жиі 3-5 км аралығында

болып келеді, кейбір қарқынды ойысқан аймақтарда бұл

көрсеткіш 10-12 км____________-ге дейін, тіпті 20-23 км-ге дейін артады.

Мəселен, Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа көне

платформасының құрамдас бөлігі болып табылатын Каспий

маңы синеклизасының (ойысының) орталық бөлігінде шөгінді

тыс қатқабатының қалыңдығы 23 км шамасында.

Платформалардың шөгінді тысының құрамында сирегірек

жанартаутекті (вулканогендік) таужыныс қабаттары да

ұшырасуы мүмкін. Көбінесе негізді құрамды бұл эффузиялар

(базальттар) «трапп формациясы» деген атауға ие.

Көне платформалардың шөгінді тыспен көмкерілмеген

аймақтары, яғни олардың қарқынды қатпарланған, жаппай

метаморфтанған, гранит массивтерімен «тілгіленген»

кристалдық іргетасы жер бетінде ашылатын бөліктері «қалқан»

деп аталатындығы белгілі. Мұндай қалқандардың бет-бедері

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

138

адырлы немесе ұсақшоқылы жербедер типімен ерекшеленеді, ал

олардың шөгінді тыспен көмкерілген бөліктері байырғы

«тақталар» құрай отырып, біршама тегіс жазықтықтар түрінде

көрініс береді.

Шын мəніндегі платформалар, яғни кристалдық іргетасы

докембрий жаралымдарынан құралған кешендер континент-

тердің орталық бөліктерінен көрініс бере отырып, сол

континенттер ауданының шамамен 40 %-ын құрайды. Нақ

осындай платформаларды «кратон» деп атауға болатындығы

жоғарыда айтылды.

Жер шарындағы көне платформаларға, яғни кратондарға

мыналар жатады: солтүстік жартышардағы тізбек ауқымында –

Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай–Корей көне

платформалары; оңтүстік жартышардағы тізбек ауқымында –

Оңтүстік Америка, Африка, Үндістан, Австралия жəне

Антарктика көне платформалары; Оңтүстік Қытай көне

платформасы аралық орынды иеленген, бұл платформаны

Қытай геологтары «Янцзы платформасы» деп атайды. Аталған

платформалардың кристалдық іргетасының басым бөлігін

қарқынды қатпарланған жəне метаморфтанған архей жəне

төменгі протерозой жаралымдары құрайды, сирегірек ортаңғы

протерозой жаралымдары да ұшырасады. Кристалдық іргетасы

құрамына жоғарғы протерозой жаралымдары да кіретін екі-ақ

платформа, олар – Оңтүстік Америка жəне Африка көне

платформалары. Қалған платформалар ауқымында жоғарғы

протерозой жаралымдары (рифей жəне венд түзілімдері)

платформаның шөгінді тысы қимасында көрініс береді.

Көне платформалар көбінесе көп жақты дөңгелек пішіндер

құрайды, олардың жақтаулары өздерін жиектейтін қатпарлы

белдеу құрылымдарымен көп жағдайда ілгергі ойысымдар

арқылы жапсарласады.

Көне платформалардың негізінен архей жəне төменгі-

ортаңғы протерозой жаралымдарынан тұратын кристалдық

іргетасы көп жағдайда алуан түрлі терең жарылымдармен

тілгіленген, сондықтан да олар əртүрлі блоктардың жиынтығы

түрінде көрініс береді. Солай бола тұрса да, көне

Геотектоника жəне геодинамика

139

платформалардың кристалдық іргетасы жер бетінде ашылып

жататын қалқандарын тыңғылықты зерттеу нəтижесінде жəне

тақталар ауқымында терең ұңғымалар бұрғылау, сол сияқты

оларды геофизикалық зерттеулер жүргізу нəтижесінде алынған

мəліметтер платформаның «кристалдық іргетас» деп аталатын

төменгі құрылымдық қабаты ауқымында негізінен екі түрлі көне

құрылымдық элементтер көрініс беретіндігін анықтаған. Олар

«гранулит-гнейсті белдеулер» жəне «жасылтасты белдеулер»

деп аталады.

Көне платформалардың кристалдық іргетасындағы

гранулитті-гнейсті белдеулер негізінен архей

жаралымдарынан құралған, алайда олардың қимасының

жоғарғы бөлігінде төменгі протерозой жаралымдары да

ұшырасады. Бұл жаралымдар қарқынды метаморфтық

өзгерістерге ұшыраған, олар көбінесе қышқыл құрамды

таужыныстардан – гранулиттерден жəне гнейстерден тұрады.

Бұл белдеулердің ішкі құрылымы алуан түрлі гранитгнейсті

күмбездермен күрделілене түскен, кейде габбро-

анортозиттердің ірі-ірі плутондары да ұшырасады. Мұндай

белдеулердің көрнекті өкілдері ретінде Солтүстік Америка

платформасы ауқымындағы Гренвиль белдеуін, Африка

платформасындағы Мозамбик белдеуін, Шығыс Еуропа

платформасындағы Беломор белдеуін т.б. атауға болады.

Көне платформалардың кристалдық іргетасындағы

жасылтасты белдеулер негізінен ортаңғы-жоғарғы архей

жаралымдарынан құралған (3,5-2,5 млрд жыл бұрын), сирегірек

төменгі жəне ортаңғы протерозой жаралымдары да ұшырасады.

Бұл белдеулерді құрайтын жаралымдардың метаморфтану

дəрежесі гранулитті-гнейсті белдеу жаралымдарымен

салыстырғанда төмендеу. Жасылтасты белдеу қимасының

заттық құрамы жасылтасты дəрежеде өзгерген негізді құрамды

вулканиттерден, азын-аулақ дəрежеде дамыған орташа құрамды

жəне қышқыл құрамды вулканиттерден, біршама кең дамыған

шөгінді таужыныстардан тұрады. Мұндай белдеулердің

ұзындығы жүздеген км-мен өлшенеді, кейде мыңдаған км-ге

созылатын өкілдері де ұшырасады. Ені əдетте ондаған жəне

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

140

алғашқы жүздеген км шамасында болып келеді. Жасылтасты

белдеулер гранулитті-гнейсті белдеулерді тілгілей созылады

жəне де олардың шекаралары əдетте терең жарылымдарға

сəйкес келе отырып, өте анық сағаланады. Жасылтасты

белдеулер өздерінің созылу бағытына көлденең бағытта

қатпарлармен жəне бастырмалармен (надвиг) күрделілене

түскен синклинорийлік құрылымды еске салады.

Қазіргі таңда жасылтасты белдеулер жер шарындағы

барлық көне платформалар ауқымында анықталған жəне де

олардың бір ғана емес, бірнеше генерациясы болатындығы, олар

бір-біріне жарыса созылатындығы белгілі болып отыр.

Осылайша жарыса созылған белдеулерді құрайтын

жаралымдардың геологиялық көнелігі нақтылы бағытта бірте-

бірте «жасара беретіндігін» соңғы жылдардағы зерттеу

нəтижелері анықтады.

Жасылтасты белдеулерді құрайтын жаралымдардың

көлденең қимасы үш түрлі таужыныс бірлестіктерін біріктіреді.

Жалпы қалыңдығы əдетте 10-15 км аралығында болып келетін

бұл қиманың төменгі бөлігі азын-аулақ дəрежеде

метаморфтанған (метаморфизмнің жасылтасты фациясы) негізді

құрамды вулканиттерден, яғни толеитті базальттардан құралған.

Қиманың осы төменгі бөлігінің құрамында «коматииттер»

деп аталатын ультранегізді магма лавалары жиі ұшырасады.

Фанерозойлық вулканиттер құрамында ультранегізді құрамды

эффузиялық таужыныстар ұшыраспайтындығы белгілі, осы

тұрғыдан алғанда, қимасында коматииттердің ұшырасуы

жасылтасты белдеулердің тек өздеріне ғана тəн ерекшелігі

десе де болғандай. Қиманың төменгі бөлігінде шөгінді

таужыныстар болмайды десе де болады, алайда бұл бөлікте де

темірлі кварциттер (джеспиллиттер) мен силициттердің

(кремнийлі таужыныстардың) шағын қабатшалары аракідік

ұшырасып қалып отырады. Қиманың ортаңғы бөлігі де негізінен

вулканогендік таужыныстардың шешуші рөлімен сипатталады,

алайда бұл бөліктегі вулканиттер негізінен орташа жəне

қышқыл құрамды болып келеді (андезиттер сирегірек, дациттер

мен риолиттер көбірек ұшырасады). Қиманың бұл бөлігінде

Геотектоника жəне геодинамика

141

шөгінді таужыныстардың рөлі азды-көпті артады жəне

шөгінділер арасында сынықты (терригендік) шөгінді

таужыныстар молынан ұшырасады. Қиманың жоғарғы бөлігінде

шөгінді таужыныстар жетекші рөлді иеленеді. Бұл шөгінділер

арасында сынықты (терригендік) шөгінді таужыныстар, əсіресе

сырт көрінісі байырғы молассаларды еске салатын ірі кесекті

шөгінділер көптеп ұшырасады.

Көне платформалар өздерінің қазіргі таңдағы көрініс беру

ерекшеліктеріне қарай қалқандарға жəне тақталарға

жіктелетіндігі жоғарыда айтылды. Қалқандар көне платформаның

ұдайы жоғары көтерілуі салдарынан қалыптасады, осы көтерілу

процесіне байланысты платформаның архей-протерозой

жаралымдарынан тұратын кристалдық іргетасы жер бетінде

ашылып, денудацияға ұшырайды. Қалқандар əдетте тең

өлшемді (изометрлі) пішінді иемденеді, олардың көлденеңі

(диаметрі) 1000 км-ге жетуі, тіпті одан да артық болуы мүмкін.

Көне платформаның біршама қалың шөгінді тыспен

көмкеріліп жатқан аймақтары тақталар құрайды. Бұлар да өте

ауқымды құрылымдар, олардың ұзыны мен ені мыңдаған км-

мен өлшенуі мүмкін. Тақталар, өз кезегінде, антеклизалар мен

синеклизаларға жіктеледі.

Антеклизалар (гректің «анти» – «қарсы», «клино» –

«көмпейтемін» деген сөздерінен) көне платформа тақтасының

мейлінше ірі (ауданы 60-100 мың км2) бөлігі. Антеклиза

'浩、㍉#__ауқымындағы кристалдық іргетас қабаты қалыңдығы 1-2 км-

ден аспайтын шөгінді тыс қабатымен көмкеріліп жатады.

Шөгінді тыстың осыншалықты жұқа болуы антеклиза

іргетасының ұдайы жоғары көтерілуі, сөйтіп оның бетінің

байырғы көмпимені еске салуының нəтижесі. Екінші сөзбен

айтқанда, антеклизаның төмені құрылымдық қабатының

(кристалдық іргетастың) жаймен ғана жоғары көтеріліп

«көмпие ісінуі», оны көмкерген шөгінді тыстың беткі бөлігінің

денудацияға ұшырауы нəтижесінде жұқара түсуімен орайлас

өтеді. Антеклизаның кристалдық іргетасы бетін көмкеріп

жататын шөгінді тыс негізінен саяз сулы теңіздерде немесе

континент жағдайында қалыптасқан шөгінділерден құралады.

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

142

Антеклизалардың кристалдық іргетасы алуан түрлі терең

жарылымдармен тілгіленген түрде болады, осы жарылымдар

арқылы оқшауланған бөліктердің сол жарылым бойымен тік

бағытта (жоғары қарай) қозғалу дəрежесі əртүрлі болғандықтан

аталған іргетас беті кедірлі-бұдырлы сипатты иелене отырып,

əртүрлі көмпимелер мен күмбездер (поднятия и своды)

жиынтығын құрайды.

Синеклизалар – аздап сопақшаланған немесе тең өлшемді

(дөңгелек) пішінмен сипатталатын, көлденеңі жүздеген км-мен

өлшенетін (ауданы 60-100 мың км2) теріс мағыналы (түсіңкі)

платформалық құрылым. Бұлар көне платформаның нақтылы

аймағының жаймен ғана төмен қарай ойысуы нəтижесінде

қалыптасады. Синеклиза ауқымындағы кристалдық іргетас

құрылымдық қабатының беті біршама қалың (3-5 км-ден кем

емес, кейде 20-23 км-ге дейін) шөгінді тыс құрылымдық

қабатымен көмкеріліп жатады. Шөгінді тысты құрайтын

таужыныстар қимасы көбінесе тек қана шөгінділерден

құралады, кейде бұл қатқабат қимасында вулканогендік

(жанартаутекті) таужыныс қабаттары да ұшырасуы мүмкін

(əдетте базальт лаваларынан тұратын «трапп формациясы»).

Ағылшын тіліндегі геологиялық əдебиетте синеклизаларды

көбінесе жай ғана «алаптар» («бассейны») деп атайтындығын

ескерген жөн.

Негізінен синеклизалар ауқымында ұшырасатын келесі

аймақтық құрылымдар – авлокогендер. Авлокоген (гректің

«авлок» – «жырынды», яғни «борозда», «генезис» – «жаралу

тегі» деген сөздерінен) – ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын

ұзын да енсіз ойысымдар жиынтығы. Олар кристалдық

іргетасты параллель бағытта «тілгілеген» терең жарылымдар

бойымен туындаған қозғалыстар нəтижесінде қалыптасқан

жырындыны (борозданы) шөгінді тыс қатқабаттардың «көміп

тастауы» нəтижесінде қалыптасады. Авлокогендердің ұзындығы

жүздеген км-мен өлшенеді, олардың ені ондаған км, кейде

жүздеген км-ге дейін жетуі де мүмкін. Авлокогендерді «көміп

тастаған» шөгінділер арасында тұзды жəне көмірлі шөгінді

таужыныстар жиі ұшырасады, жиі-жиі вулканогендік

Геотектоника жəне геодинамика

143

таужыныстар да көрініс береді. Авлокогендер көне

континенттік рифтілердің орны ретінде қаралады.

Көне платформалардың тақталарының ауқымында жиі

ұшырасатын ең төмен дəрежелі, яғни ең шағын құрылымдар –

бел-белестер (валы). Бел-белестер – платформаларға тиесілі

тақталардың шөгінді тысына қарасты қимасында ұшырасатын

біршама ұзын, бірақ енсіз де аласа қыраттар. Бұлар жергілікті

(локальный) құрылымдар, олардың ұзындығы ондаған км-ден

аспайды. Бел-белестер əдетте авлокогендердің өстік бөлігінде

немесе оның жақтауларында ұшырасады. Мұнайшы геологтар

бел-белестерді кейде «жергілікті көтерілімдер» («локальные

поднятия») деп атайды.

Антеклизалар мен синеклизалар ауқымындағы шөгінді

тысты құрайтын қатқабаттар көбінесе азын-аулақ дəрежеде

ғана деформацияға ұшыраған (нашар қатпарланған) қабаттар

жиынтығынан тұрады. Бұл қатқабаттардың қатпарлану дəрежесі

(жекелеген қабаттардың еңістену бұрышы) əдетте бірнеше

градустан аспайды, тек қана «тұз тектоникасы» деп аталатын

процеске ұшыраған аймақтардағы аталған көрсеткіш ондаған

градусқа жетуі мүмкін. Шөгінді тысқа тиесілі қатпарлық

бүйірлік қысым (боковое сжатие) есебінен де, сол шөгінді

тыстың «астында жатқан» кристалдық іргетасқа тиесілі

кешендердің əртүрлі жыртылыстар, яғни терең жарылымдар

арқылы қозғалыстарға ұшырауы нəтижесінде де қалыптасуы

мүмкін.

Платформалардың кристалдық іргетасы бұрынғы

орогендердің (тау жүйелерінің) «тамырлары», яғни таудың

денудацияға ұшырап аласарып қалған «қалдықтары» екендігі

түсінікті. Қарқынды қатпарланған, жыртылған, интрузия

шоғырларын көптеп кіріктіретін осы кристалдық іргетас өзінің

платформалық даму сатысында тербелмелі тектоникалық

қозғалыстарға мүлдем ұшырамаған жағдайда немесе негізінен

жоғары көтерілген жағдайда сол іргетас кешендері жер бетінде

ашыла отырып, байырғы қалқандар қалыптасады. Ал егер

бұрынғы таулардың «тамырлары» төмен қарай ойысқан

жағдайда байырғы тақталар жəне осы тақталарға қарасты

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

144

төмен дəрежелі тектоникалық құрылымдар – антеклизалар,

синеклизалар, авлокогендер жəне бел-белестер қалыптасатын

болады.

Алайда болашақ платформаның орогендік даму сатысы

толығымен аяқталып, оның шын мəніндегі тақталарды

қалыптастыратын нақты платформалық даму сатысы

басталғанға дейінгі аралықта біршама уақыт өтеді. Олай болса,

платформа дамуының «тақта қалыптасқанға дейінгі тарихын»

бөлек қарастыру орынды. Осы тұрғыдан алғанда,

платформалардың даму тарихын екі сатыға жіктеуге болады,

олар платформаның «кратондану сатысы» жəне «авлокогендік

сатысы». Платформаның толығымен тұрақтану сатысын

«тақталық сатысы» деп аталады.

Платформа дамуының «кратондану сатысы» көне

платформаларда негізінен алғашқы рифейге сəйкес келеді. Бұл

кезде көне платформалардың кристалдық іргетасы өзінің

қарқынды қатпарлануын тоқтатып, бірте-бірте тұрақтана

бастайды. Көне платформалардың басым бөлігі бұл кезде баяу

ғана жоғары көтерілген, мұның салдарынан олар жер бетінде

ашылған, яғни шөгінді тыс қабаты шектеулі дəрежеде ғана

көрініс берген. Алайда бұл кезең негізінен қышқыл құрамды,

сілтілік дəрежесі де жоғары эффузиялық жəне эксполозиялық

магмалық əрекеттің кеңінен етек алуымен, сол сияқты көне

таужыныстардың калийлік метасоматозға ұшырауымен

сипатталады. Екінші сөзбен айтқанда, көне платформалардың

бұл алғашқы даму сатысы жер қойнауларынан көтерілген жылу

жəне флюид ағымдарының жоғары дəрежесімен сипатталады.

Платформа дамуының «авлакогендік сатысы» көптеген

көне платформаларда ортаңғы жəне жоғарғы рифей кезеңдеріне

сəйкес келеді, кейде бұл саты – венд кезеңін де қамтиды. Бұл

кезең алып тұлғалы Пангея материгінің быт-шыт боп жарыла

бастаған сəтіне, сөйтіп əрбір көне платформаның дербестеле

бастаған сəтіне сəйкес келеді. Мұның өзі көне платформалардың

кристалдық іргетасының ауқымында əртүрлі созылу

деформацияларының көрініс беруіне, осылайша созылу

нəтижесінде алуан түрлі жыртылыстардың кеңінен етек

Геотектоника жəне геодинамика

145

алуына жағдай жасаған. Бір-біріне бойлас созылған

жыртылыстар (терең жарылымдар) аралығындағы созылу

өңірлерінде авлокогендер көптеп қалыптасқан. Авлокогендер,

яғни көне рифтілер континент жағдайында немесе саяз сулы

теңіз жағдайында түзілген сынықты (терригендік)

шөгінділермен «көмілген». Бұлардың арасында кейде

страматолитті карбонаттар мен эвапориттер де ұшырасып

қалады. Авлокогендерді «толтырған» жаралымдар арасында

платобазальттардың жамылғылары да ұшырасуы ықтимал,

бұлар «трапп формациясын» құрайтындығы жоғарыда

айтылды.

Көне платформа дамуының «тақталық сатысы»

авлокогендердің ауқымды-ауқымды ойысымдарға ауысуымен,

сөйтіп платформалардың ауқымды аймақтарының шөгінді тыс

құрылымдық қабатымен жаппай көмкерілуімен сипатталады.

Бұл саты барысында платформа толығымен тұрақтанған

құрылымға айналады, яғни оның ауқымында қарқынды

тектоникалық қозғалыстар болмайды, магмалық жəне

метаморфтық əрекеттер де саябырлайды («трапп формациясы»

ғана көрініс беруі мүмкін). Осылайша тұрақтанған көне

платформаның əртүрлі аймақтары эпейорогендік немесе

тербелмелі тектоникалық қозғалыс салдарынан баяу ғана

төмен ойысуы немесе жоғары көтерілуі мүмкін. Көне

платформалардың ойысқан өңірлерінде байырғы тақталар, ал

жоғары көтерілуге ұшыраған аймақтарында қалқандар

қалыптасатындығы жоғарыда айтылды.

5.3. Континентіштік орогенез облыстары

«Литосфералық тақталар тектоникасы» тұжырымдамасына

сəйкес, континенттер ауқымындағы тектоникалық құрылымдардың

генетикалық табиғаты мен геодинамикалық даму тарихын сол

континенттердің жыртылуы (континенттік рифтогенез),

осылайша жыртылып бөлшектенген континенттік литосфера

блоктарының екі жақ қапталдарға қарай жылжуы (континенттер

дрейфі) нəтижесінде мұхиттық құрылымның ашылуы

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

146

(сперединг), кейінірек континенттік жағалаулардың бір-біріне

қарама-қарсы бағытта жылжуы нəтижесінде бұрынғы

мұхиттық құрылымның «жабыла бастауы» (субдукция), ең

соңында қарсы қозғалған жағалаулардың бір-бірімен

соқтығысуы нəтижесінде мұхиттың түгел жабылуы жəне

соқтығысу шекарасында биік-биік тау жоталарының, яғни

орогендік белдеулердің қалыптасуы (коллизия) тұрғысынан

түсіндіріледі. Құрылымның орогендік, яғни коллизиялық даму

сатысынан кейін сол аймақ тектоникалық тұрғыдан

«тынышталады», осылайша оның платформалық даму сатысы

басталады. Мұның нəтижесінде биік таулар денудацияға

ұшырап аласарады, осылайша бет-бедері жазықтармен немесе

ұсақтаулармен (ұсақшоқылармен__________) сипатталатын қатпарлы

белдеулер жəне оларға иерархиялық бағынышты тектоникалық

құрылымдар тізбегі (қатпарлы облыстар, қатпарлы жүйелер,

құрылымдық-формациялық белдемдер, т.с.с.) қалыптасады.

Жоғарыда келтірілген мəліметтерден шығатын қорытынды

орогендік белдеулер, яғни қазіргі таңдағы орогенез облыстары



бұрынғы мұхит жағалауларының соқтығысу сызығына сəйкес

келе отырып, литосфералық тақталардың «конвергенттік

шекараларын» ғана белгілеуі тиіс. Алайда жер шарының қазіргі

келбетінде аталған шекаралардан тыс орналасқан ірі-ірі тау

тізбектері ұшырасады. Міне, осындай таулы облыстар тізбегін

геологиялық əдебиетте «континентіштік орогенез облыстары»

немесе «эпиплатформалық орогенез белдеулері» деген

терминдерімен белгілейді. Мұндай облыстардың бізге етене

жақын жəне мейлінше жарқын мысалы ретінде Орталық

Азияның эпиплатформалық орогенез белдеуін атауға

болады. Бұл белдеу Азия материгін оңтүстік жағынан жиектей

отырып, мыңдаған км қашықтыққа сағаланады. Аталған белдеу

ауқымына кіретін тау тізбектері мыналар: Памир, Гиндукуш,

Тянь-Шань, Куньлунь, Наньшань, Циньлин, Алтай, Саян,

Байкал маңы, Байкал __________сырты жəне Становой жотасы. Бұл тау

тізбектері Еуроазияны оңтүстігінен жиектейтін, геологиялық

əдебиетте «Əлпі–Гималай қатпарлы белдеуі» деп аталатын

таулы белдеудің шығыс бөлігінің солтүстік жапсарын жиектей

Геотектоника жəне геодинамика

147

жəне шығыс бөлігін жалғай созылады. Əлпі–Гималай қатпарлы

белдеуі «шынайы ороген» («первичный ороген») деген

түсінікпен оқшауланады, яғни бұл белдеуге тиесілі Əлпі,

Қырым, Кавказ, Гималай, Тибет таулары, өзге де тау тізбектері

Еуроазия материгінің Үндістан-Австралия литосфералық

тақтасымен соқтығысуы (коллизия) нəтижесінде қалыптасқан

шын мəніндегі ороген болып табылады, сондықтан да бұл тізбек

осы екі алып тақтаның соқтығысу сызығын (конвергенттік

шекарасын) белгілейді. Ал «Орталық Азияның эпиплатформа-

лық орогенез белдеуіне» тиесілі тау тізбектері «қосалқы ороген»

(«вторичный ороген») деген сөз тіркесімен белгіленеді.

«Шынайы орогендердің» геодинамикалық табиғаты

литосфералық тақталардың соқтығысу сызығын белгілей

отырып, шын мəніндегі коллизия процесінің нəтижесінде

қалыптасса, сөйтіп олар соқтығысқан тақталардың

конвергенттік шекараларын белгілесе, «қосалқы орогендердің»

геодинамикалық табиғатын біржақты тұжырымдар тұрғысынан

түсіндіру оңайға соқпайды. Сондықтан да əлдеқашан

платформалық даму сатысына ауысқан континенттік

литосфералардың ішкі өңірінің тектоникалық тұрғыдан «кенет

жандануы», сөйтіп бұрынғы платформаның ішкі өңірлерінде

тектоникалық, кейде магмалық белсенділіктермен сипатталатын

биік-биік тау жоталарының қалыптасу механизмі жайлы

болжамдар алуан түрлі болып келеді.

«Қосалқы орогендер» өздерінің геоморфологиялық

ерекшеліктері жағынан «шынайы орогендерден» тіпті де кем

соқпайды. Мəселен, қосалқы орогендердің жарқын өкілі болып

табылатын Тянь-Шань, Памир, Куньлунь тауларының

жекелеген шыңдарының биіктігі 7 км-ден астам. Кристалдық

іргетасы толық тұрақтанған, таза континенттік литосфераға

тиесілі қатпарланған каледонидтер мен герцинидтерден

тұратын «Орталық Азияның эпиплатформалық орогенез

белдеуінің» кенет «жандануына», сөйтіп бұрынғы платформа

ауқымында осындай таулы белдеуді қалыптастырып, оның

жекелеген шыңдарын 7 км биіктікке дейін «көтеруге» себепші

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

148

болған қандай қандай күштер, яғни бұл ауқымды процестің

механизмі қандай?

Ғалымдардың басым көпшілігі аталған процестің түп-

тамырын осыдан шамамен 50 млн жыл бұрын (палеоген

кезеңінің эоцен ғасырының соңында) басталған Үндістан жəне

Еуроазия континенттік литосфералық тақталардың бір-бірімен

соқтығысуымен байланыстырады. Бұл соқтығысу (коллизия)

нəтижесінде бұған дейін Үндістан–Австралия литосфералық

тақтасы мен Еуроазия литосфералық тақтасының арасында

орналасқан Тетис мұхиты толығымен жабылып, сол жабылу

аймағында Гималай, Тибет таулары сияқты «шынайы

орогендер» қалыптасса, осы ғаламат қарқынды сығымдалу

белдеуінің солтүстік-шығыс жапсарында бүйірлік қысым

кернеулері кеңінен етек алған, осы қысымдар нəтижесінде

«Орталық Азияның эпиплатформалық орогенез белдеуіне»

тиесілі тау тізбектері, яғни «қосалқы орогендер» қалыптасқан

деп есептеледі.

Екінші сөзбен айтқанда, ғалымдар «шынайы орогендер»

мен «қосалқы орогендер» қалыптасуының механизмінде

айтарлықтай айырмашылықтар бар деп есептейді: «шынайы

орогендер» мұхиттық литосфераның «субдукцияға» ұшырауы

нəтижесінде бір-бірімен тоғысқан жағалауларды құрайтын екі

континеттік литосфераның бүкіл қимасы соқтығысуы

нəтижесінде туындайтын бүйірлік кернеулер (стресс)

нəтижесінде қалыптасса, «туынды орогендер» «шынайы

орогендерге» жапсарлас континенттердің ішкі өңірінің тек қана

беткі бөлігінің, яғни жер қыртысы қимасының ғана «жиырыла

жинақталуы» нəтижесінде қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда,

геологиялық əдебиетте «қосарланған жікқабаттық

тектоника» («двуярусная тектоника») деген түсінік

қалыптасқан. Бұл түсінікке сəйкес, литосфералық тақталардың

соқтығысуынан туындайтын бүйірлік қысым (стресс) тек қана

«шынайы орогендер» қалыптастырумен шектелмейді, бұл стресс

сол «шынайы орогендерге» жапсарлас өңірлерде де жалғасады,

сөйтіп континенттің ішкі өңіріндегі жер қыртысы қимасының

қатпарлануына байланысты «қосалқы орогендердің»

Геотектоника жəне геодинамика

149

туындауына себепкер болады деп есептелінеді. Екінші сөзбен

айтқанда, «қосалқы орогендерге» тиесілі тау тізбектері бүкіл

литосфераны емес, тек қана жер қыртысына тиесілі таужыныс

қатқабаттарының бүйірлік қысым (стресс) жағдайында

қатпарлыққа ұшырауының нəтижесі.

«Қосарланған жікқабаттық тектоника» тұжырымдарының

авторы Л.И.Лобковский деген ғалымның шамалауынша,

«Орталық Азияның эпиплатформалық орогенез белдеуі» Тетис

мұхиты жағалауларының бетпе-бет соқтығысу белдеуінің

солтүстік жапсарына тиесілі континенттік қыртыс

қимасының жекелеген блоктарға бөлшектенуінің, осы

бөлшектерді өзінің солтүстік бағытта жылыстауын əлі де болса

тоқтатпаған Үндістан континентінің бүгінгі таңда да солтүстікке

қарай «итеруі нəтижесінде» қалыптасқан. Бұл аймақтың жер

қыртысына тиесілі қатқабаттарының қатпарлануы, яғни

«жиырыла жинақталуы» аймақ табанындағы жылу

ағымдарының жоғары болуымен, соның нəтижесінде аталған

қатқабаттардың иілуге, яғни қатпарлануға икемделе түсуімен

түсіндіріледі. Ал төменгі қатқабаттардың қатпарлануы жер

бетінде биік бедер түрлерінің (таулардың) қалыптасуымен

орайлас өтетіндігі бұрыннан белгілі заңдылық. Таулар мен

«таулардың тамырларының» қалыптасуы таужыныс

қатқабаттарының қатпарлануының нəтижесі екендігін ХХ

ғасырдың басында «мобилизмнің атасы» Альфред Вегенер

айырықша атап өткен.

Орталық Азияның таулы белдеуі гетерогендік субстратта

қалыптасқан, яғни бүгінгі қатпарланып жатқан жаралымдардың

іргетасы палеозой эрасында тұрақтанып, байырғы қатпарлы

белдеуге (жас платформаға) айналған аймақтың кристалдық

іргетасына тиесілі каледонидтер мен герцинидтерден

құралған. Өзінің геологиялық табиғаты тұрғысынан бұрыннан

да қатпарланған, жыртылған, көне интрузияларды көптеп

кіріктіретін бұл іргетас бүйірлік қысымның (стрестің) алғашқы

импульстары жағдайында одан əрі жыртылып, жекелеген

блоктарға бөлшектенген болса, солтүстікке бағытталған

стрестің одан əрі жалғасуы жағдайында жəне жылу ағымының

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

150

еселей артуы жағдайында олар қатпарлануға бейімделіп, тау

жүйелерін қалыптастыруға икемделген. Сондықтан да бұл аймақ

бүгінгі таңда биік-биік тау жоталарынан жəне тауаралық

ойыстардан құрала отырып, өте күрделі геологиялық даму

сатысын бастан өткеруде, сөйтіп тектоникалық тұрғыдан

мейлінше белсенді құрылым ретінде көрініс беруде. Тауаралық

ойыстарда ірі кесекті құрылыммен сипатталатын шөгінділер

кешені негізінен континенттік жағдайда қазір де қалыптасып

жатыр, мұндай кешен тек қана таулы өңірлерде түзілетін

моласса формациясының өкілдері болып табылады.

Орталық Азияның таулы белдеуінің «туынды құрылым»

екендігін осылайша түсіндірсек, жаралу механизмі осыған ұқсас

тау жүйелерінің өзге аймақтарда да бар екендігін байқаймыз.

Мəселен, Еуропа континентінің оңтүстік өңірін жиектейтін

Əлпі-Карпат, Таулы Қырым, Кіші жəне Үлкен Кавказдар, сол

сияқты Ілгергі Азияның оңтүстік батыс жиегіндегі Түрікмен-

Хоросан сияқты таулы доғалардың қалыптасу механизмі де

жоғарыда сипатталған механизмге ұқсас болса керек (тек қана

жер қыртысының төменгі «аққыш қатқабаттарының»

қатпарлануы нəтижесінде пайда болған тау жүйелері). Мұндай

таулы жүйелер мен белдемдер Америка континенттерінде де бар

екендігі белгілі. Мысалы, Солтүстік жəне Оңтүстік Америка

континенттерін батыс жағынан жиектейтін (Тынық мұхит

жағалауларын жанамалай созылатын) Кордильер жəне Анд

тауларының қалыптасу механизмін де жоғарыда талданған

заңдылық тұрғысынан түсіндіруге болады. Аталған таулардың

іргетасы рөлін атқаратын, негізінен докембрийлік жəне

палеозойлық жаралымдардан тұратын, əлдеқашан платформаға

айналып тұрақтанған берік те қатты таужыныстар кешенінің

біршама биік тауларға айналуы Тынық мұхиттық литосфераның

Америка континенттерінің астына сұғынуы (субдукция

процесі) нəтижесінде туындаған бүйірлік қысымдар

нəтижесінде жер қыртысының «босаңсыған» төменгі

қабаттарында жаппай қатпаралну процесі жүруінің нəтижесі

болса керек.

Геотектоника жəне геодинамика

151

Жердің геологиялық даму тарихының ерте эралары мен

кезеңдерінде (мəселен, палеозой эрасының кезеңдерінде)

осындай процестер болған ба, əлде əбден тұрақтанып «қатайып

кеткен» жəне денудацияланып тегістелген платформалық

құрылымдардың ішкі өңірлері «кенет жанданып», соның

нəтижесінде биік-биік тау жоталарының туындауы тек қана

планетамыздың қазіргі даму сатысының (мезозой-кайнозойлық

даму сатысының) өзіне ғана тəн ерекшелігі ме деген сұрақтар

қызығушылық танытатындығы даусыз. Бұл сұрақтарға біржақты

жауап беру оңай емес, алайда кейбір көне платформалар мен

қатпарлы белдеулердің қарқынды қатпарланып тұрақтанған

іргетасының беткі жазықтығын шағын мульдалар түрінде

көмкерген, геологиялық көнелігі іргетас таужыныстарының осы

көрсеткішімен салыстырғанда əлдеқайда жастау моласса

формациясы өкілдерінің некенсаяқ болса да ұшырасып қалып

отыруы «қосалқы орогендер» жаралуы процесінің бұрын да

(мəселен, палеозой эрасында) болғандығын көрсетеді.

Планетамыздың қазіргі келбетінде коллизиялық

процестермен ешбір байланысы жоқ, яғни соқтығысқан

литосфералық тақталардың «конвергенттік шекараларынан»

жүздеген-мыңдаған км қашық орналасқан көне платформалар

мен қатпарлы белдеулердің ішкі өңірлерінен орын тепкен

кішігірім көтерілімдер мен онша биік емес орогендер жиі

ұшырасады. Аталған көтерілімдердің басым көпшілігі

əлдеқашан тұрақтанған платформалық құрылымдардың

кристалдық іргетасының «эпейорогендік (тербелмелі)

тектоникалық қозғалыстар нəтижесінде жоғары көтерілуінің

нəтижесі, сондықтан бұлардың ауқымында қатпарлық процесі

көрініс бермейді. Ал ішкі өңірлердің кішігірім орогендеріне

келсек, бұлардың ауқымында кристалдық іргетасқа ешқандай

қатысы жоқ мүлдем жас таужыныстар кешенінің азын-аулақ

дəрежеде болса да қатпарланғандығын байқаймыз. Мұндай

аласалау орогендердің мысалы ретінде Орал бұйратын

(кряжын) атауға болады: соңғы жылдардағы зерттеулер герцин

қатпарлығы нəтижесінде тұрақтанып, жас платформаға, яғни

қатпарлы белдеуге палеозой эрасының аяқ шенінде айналған

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

152

Орал тауларының ауқымындағы платформалық тысқа тиесілі

жаралымдардың палеоген жүйесіне тиесілі эоцен жікқабатына

дейінгі бөлігі азын-аулақ дəрежеде болса да қатпарланғандығы

анықталған. Орал тауларының қазіргі таңдағы коллизияларға

ешқандай да қатысы жоқ. Сондықтан Орал бұйратының соңғы

дəуірлерде аз да болса қатпарланып, аласалау орогенге

айналуын ғалымдар астеносфера қабатынан «бөлініп

шығып», жоғары көтерілген «плюмдер» деп аталатын

тұтқырлығы біршама төмен заттардың жер қыртысына

тигізген əсерімен түсіндіруге тырысады. Коллизиямен ешбір

байланысы жоқ ішкі өңірлердің оң дəрежелі бедерлер

қалыптастыруы, сөйтіп кəдімгідей биігірек бұйраттар

қалыптастыру мысалы қазіргі таңдағы көне платформалар

мен қатпарлы белдеулердің жыртылысқа ұшырап, байырғы

континенттік рифтілер қалыптастырып жатқан аймақтардан

да ұшырасады (мысалы, əйгілі Африкалық континенттік

рифтілерінің аймағы). Мұндай кішігірім орогендер мен

бұйраттар «континентті жыртып», рифтілік құрылымдардың

қалыптасуына себепші болған «астенолиттердің» əзірше

өздері жыртып үлгерген рифт енінен қомақтылау болып

шығуының нəтижесі болса керек.

Геотектоника жəне геодинамика

153
Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource
Resource -> 4. ƏЛемдік мұхит төсенішінің ЖƏне оның континенттік жағалауларының ҚҰрылымдық элементтері
Resource -> Контрольные вопросы Что называется первообразной для функции на промежутке ?
Resource -> Тақырыбы: Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде. Мақсаты
Resource -> 2 Тақырыбы: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> Тақырыбы: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында
Resource -> Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> 3. геотектоникалық ТҰжырымдамалар геологияның парадигмалары ретінде ォ
Resource -> Негізге әдебиеттер
Resource -> 6. тектоникалық


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет