5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



жүктеу 0.92 Mb.
бет10/22
Дата02.05.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
Бақылау сұрақтары:
  1. Қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру.
  2. Сабақтың құрылымдық элементтері.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бим И. Л. Методика обучения иностранным языком как наука и проблемы школьного учебника. Москва; Педагогика, 1977.
2. Күзекова З. Оқулық теориясындағы маңызды мәселе: құрылым мен мазмұн. //Қазақстан жоғары мектебі, №3, 2006 ж.
3. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған бағдарламалар. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2003.
4. Беспалько В.П. Теория учебника. -Москва: Педагогика,1988.
5. Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. -Алматы: Атамұра, 2001.

3 модуль

Қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі.

7 -дәріс



Тақырыбы: Әдеби тіл мен мәтінді оқыту. Әдеби тілдің стильдік тармақтарын меңгерту жолдары. Әдеби тіл мен мәтінді оқыту әдістемесі. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі. Әдеби тіл мен мәтінді оқытудың өзіндік ұстанымдары.
2.Тіл мәдениеті, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары.
3. Әдеби тіл нормасы. Оқушылардың сөзіндегі тілдік қателер мен кемшіліктерді болдырмау жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі. Әдеби тіл мен мәтінді оқыту. Әдеби тілдің стильдік тармақтарын меңгерту жолдары. Мәтіндегі ана тілінің қызметі. Мектептегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі – жаңа қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі – қарапайым да қажетті талап. Белгілі психолог А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, «Кубиктерден үй салып ойнаған баланы салынған дайын үй емес, сол үйді салып шығу әрекеті қызықтырады».Оқу барысында балалар өздеріне таныс сөздердің шыққанына да, сол таныс сөздердің өз қолдарымен қағазға түскеніне де қызығып, сабаққа ынталана түседі. Демек, әрбір сабақта оқушылар жаңа сөздер үйренеді. Мұндай сөздерді есепке алып, балалардың сөздік қорына енгізіп, қолдануларына жағдай туғызып отыру - мұғалімнің міндеті. Бұл-бір.Екіншіден, балалардың сөздік қорын дамытып отыру- оқу процесінің барлық кездеріндегі негізгі мақсаттарының бірі. Әсіресе оқу, грамматика оқулықтарында берілетін сөздердің мағыналарын, түрлі суреттерде бейнеленген заттардың, құбылыстардың, қимылдардың қалай аталатынын оқушыларға ұғындырып, олардың әңгіме құрауына көмектесу- сабақ барысындағы ең маңызды міндет.Үшіншіден, сабақ сайын кездесетін жаңа сөздерді оқушыларға түсіндіргенде, мұғалім оларға бұрыннан таныс, мағыналары жақын не қарама-қарсы мағынадағы сөздермен салыстыру арқылы ұғындырады. Біздің ана тіліміздің бір ерекшелігі – сөздің көпшілігінің астарлы мағына беретіндігі. Сондықтан оқушылар оқу, грамматика сабақтарында белгілі бір сөздердің әр түрлі мағынада қолданылуына күн сайын дерлік кездесіп отырады. Олардың сөздік қорына жаңадан енген сөздердің мағыналық түрленуі балалардың түсінуіне қиындық туғызады. Мұндай сөздерді де мұғалім есепке алып, оларды кеңейте түсіндіруді арнаулы жоспармен іске асырады.Біздің тілімізде мол орын алатын мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, тұрақты тіркестер мен оралымдар, шешендік, нақыл сөздер бастауыш сынып оқулықтарында жиі кездеседі. Мұғалімнің міндеті- осы айтылған бейнелеу құралдарын оқушылар сөздерінде күнделікті қолданып отыратындай жағдай жасау.
Сөйтіп,оқушыларды оқу мен жазуға үйрету, олардың тілдік дыбыстық жүйе ерекшеліктерін, емлелік және грамматикалық ережелерді меңгерту жұмыстары олардың тілін дамытуға негізделе отырып жүзеге асырылады. Демек, оқушылар тілінің ауызша, жазбаша жақсы дамуы- олардың оқу мен жазуға тез үйренуінің, дыбыстық, емлелік және грамматикалық ережелерді тиянақты, меңгеруінің кепілі. Сондықтан әрбір сабақ барысында шәкірттердің жаңа сөздерді меңгеру процесін басқару, әрбір жаңа сөзді есепке алып, оның сөздік қорға ену жолын қадағалап отыру – қазақ тілі және әдебиеті мұғалімінің негізгі міндеті болып табылады.

«Қазақ тілі» сабақтарын оқытудағы тіл дамытуда « Ана тілі» сабақтарында оқуға үйрету барысындағы тіл дамыту жұмыстарымен ұштастырып жүргізгенде ғана, оқушыларға тиянақты білімін беріп, оларда дағды мен іскерлік қалыптастыруға болады

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі. Әдеби тіл мен мәтінді оқыту.Әдеби тіл және стилистика бойынша жүргізілетін жұмыстардың маңызы, міндеттері, мазмұны. «Дұрыс сөйлеу», «Жақсы сөйлеу» ұғымдарының тіл мәдениетіне жататындығы. Оқушылардың сөзіндегі тілдік қателер мен кемшіліктерді есепке алу, жіктеу. Әдеби тіл мен мәтінді оқытуға арналған жаттығу жұмыстары, оны жүргізудің әдістемесі.
Бақылау сұрақтары:
1. Әдеби тіл нормасы дегеніміз не?
2. Мәтінмен жұмыс түрлерін атаңыз?
3. Әдеби тілдің тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы қандай?
4. Әдеби тілдің стильдік тармақтарын атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет