5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



жүктеу 0.92 Mb.
бет12/22
Дата02.05.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
Лексиканы оқытудың төрт кезеңі.
Оқушылардың лексика саласынан алатын білімдерін жүйелеу және іскерліктерін жетілдіру.
Лексиканы меңгертудің тиімді жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оразбаева Ф.Ш.,Шадиева Н.Х. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар.А.,2003.
2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
12. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

9 –дәріс

Тақырыбы: Фонетиканы оқыту әдістемесі.Фонетикалық жаттығулар түрлері мен талдауды тиімді өткізу. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Фонетиканың әдістемесі
2. Оқушылардың фонетика саласынан алатын білімдерін жүйелеу және іскерліктерін жетілдіру.
3. Фонетиканы меңгертудің тиімді жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Фонетика тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. әрбір тілдің дыбыстық жүйесін, түрлі заңдарын білудің маңызы зор. Тіл дыбыстарының қолданылу, жасалу ерекшеліктерін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Фонетика тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін графикалық талдау ойдағыдай жүргізілуі қажет. Жалпы алғанда фонетика саласын оқыту әдістемесінің мақсаты – оқушылардың төменгі сыныптарда қазақ тілі пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу. Фонетика туралы түсінік беру. Тілдің қызметі және оның өмір сүру формалары: сөздің айтылуы мен жазылуына тоқталу. Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын анықтап оның ішкі құрылыс жүйесін сипаттай отырып дыбыс өзгерістерін талдау. Дыбыстың жасалым, естілім, айтылым сәттерінің әрқайсының өзіне тән ұғымдар мен атауларын жеке-жеке талдауға үйрету. Фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтарды меңгерту болып табылады. Осы мақсатта әдістемеден студенттерді фонетика тарауын өтуге арналған сабақ жоспарларын жасауға үйрету міндеттеледі. Сабақ өту үшін мұғалімнің қолында бекітілген сабақ жоспары болуы керек. Сабақ дұрыс құрылуы керек. Фонетика туралы түсінік берілгеннен кейін тілдің қызметі және оның өмір сүру формалары: сөздің айтылуы мен жазылуына тоқталу керектігі ескертіледі.Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын анықтап оның ішкі құрылыс жүйесін сипаттай отырып дыбыс өзгерістерін талдауды үйрету барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер меңгертіледі. Оқушыларды дыбыстың жасалым, естілім, айтылым сәттерінің әрқайсының өзіне тән ұғымдар мен атауларын жеке-жеке талдауға үйрету жолдары айтылады. Фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтарды оңай меңгертутудің жолдары қарастырылады. Осы мақсатта әдістемеден студенттерді фонетика тарауын өтуге арналған сабақ жоспарларын жасауға үйрету міндеттеледі. Мектептің қазақ тілі пәнінде әдіс-тәсілдер жүйесі негізінде әр түрлі тестерді пайдаланудың пайдасы зор. Әсіресе тестің ішінде «тіке жауап», «альтернативті», «толықтыру», «сәйкестендіру» тестін пайдалану оқушы үшін өте пайдалы, әрі тиімді. Мысалы, қазақ тілінен өтілген сабақтарды қайталау мақсатында жауап таңдау тестін құруға болады:
Қазақ тілінде неше әріп бар?
а) 42 ә) 36 б) 40
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
а) 4 ә) 3 б) 2
Сөйлем неден тұрады?
а) дыбыстан ә) сөзден б) әріптен
Дауысты дыбыс нешеу?
а) 10 ә) 25 б) 15
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
а) 3 ә) 5 б) 6
Сонымен қатар жаттығуда берілген мәтінді, үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау мақсатында «тіке жауап» тестін еш қиындықсыз пайдалануға болады. Сондай-ақ, фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру, фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылатындығы ескере оқытылуы тиіс.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілінің бір саласы ретінде фонетиканы оқытудың маңызы, міндеттері, орны, принциптері мен заңдылықтары. Фонетиканың мазмұны мен құрылымы. Оқушы тілінде байқалатын фонетикалық ортақ қателер және оларды болдырмаудың жолдары. Фонетикаға арналған жаттығулардың түрлері және оларды орындатудағы мақсат. Фонетиканы оқытуда көрнекі және техникалық құралдарды орынды пайдалану.


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет