5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



жүктеу 0.92 Mb.
бет15/22
Дата02.05.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
4. Сурет көрнекілігі.
Бұған фотоға түсірген суреттер, қолдан жасалған суреттер, кітап бетіне салынып зат танытатын, ғылыми шындығын танытатын суреттер, оқиғаны мазмұнды қамтыған картиналар, картиналық лото, картиналық сөздіктер т.б. жатады.
5. Диаграммалық көрнекілік.
Бұл көрнекілік белгілі бір тақырып төңірегінде оқушыларды іздендіруге, ойландыруға байланысты бір құбылыс пен екінші құбылысты салыстырып көрсету үшін қолданылып отыратын көрнекіліктің түрі.
б. Модельдік көрнекілік.
Бұл көрнекіліктің ғылыми-практикалық маңызы өте зор. Модельдік көрнекілік арқылы оқушылардың дүниетану өрісі кеңейеді, өндірістік заттармен танысып, еліміздің мәдениет табыстарын жетік білетін болады, соның нәтижесінде оқушылардың сөз байлығы молаяды.
7. Альбомдық көрнекілік.
Бұл көрнекіліктің түрлерін мүғалім толық пайдаланса, тіл сабағының ғылыми мәдениеттілігі артып, оқушылардың қызығушылығы молаяды. Бұған суретпен берілген альбом, орфографиялық альбом, грамматикалық тақырыптарға арналған альбом, көрнекі құрал түрлеріне арналған альбом т.б. жатады.
8. Диапозитивтік көрнекілік.
Бұл оқушыларды мәдениеттілікке баулып, күнделікті өмір шындығымен таныстырып отыратын көрнекіліктің түрі. Бұған кино, телевизор, фильмоскоп т.б. жатады. Ауылдық мектептерден магнитафон, оқу диафильдері, телевизор, кодоскоп, эпидаскоп, грампластинка, кинопректорлар, ЛӘПИ, СВЕТ- терді жиі кездестіруге болады.
9. Символикальқ көрнекілік.
Бұл қазақ тілінен оқылатын материалдарды оқушыларға алуан түрлі шартты белгілер арқылы түсіндіретін және соны практика жүзінде талдап, ажыратып беруге үйрететін көрнекіліктің бір түрі. Бұған әртүрлі сызықтармен сызып көрсету, әртүрлі бояумен көрсету, жақшаға алу, тік сызықпен бөлу, геометриялық белгілер арқылы белгілеу, стрелкамен көрсету, айшықпен белгілеу, қысқарған әріптер арқылы көрсету.
10. Тақта көрнекілігі.
Бұл қазақ тілін оқытуда ерекше қолданылатын және өте өнімді көрнекіліктің бірі.Тілден өтілетін материалдар, оны дәлелдейтін мысалдардың барлығы да тақта арқылы көрсетіледі.
11. Кескінді әріптер мен буынга бөлінген сөздіктер көрнекілігі.
Бұл – жаңа оқи бастаған оқушыларды жазуға, оқуға үйрету үшін өте қажетті көрнекі құралдардың бірі.
12. Карточкаларды пайдалану көрнекілігі.
Бұл оқушылардың өздерін іздендіру үшін және оларды өздігінен талдап жазуға және, айтып, дәлелдеуге үйрететін көрнекі кұралдың түрі.
Перфокарталар - осы карточкалардың бір түрі. Олардың қолайлылығы сонда, бүктемелі қағаздың бет жағына оқушының аты жөні, өткізілген күні және тапсырма жауаптары жазылатын жерлерді қиып қояды. Бүктеменің ортасына ақ қағаз салып, оқушы аты жөнін жазып тапсырманы орындайды. Мүғалім сол бетті алып тексереді де, келесі оқушыға перфокартаны беріп, тапсырманы орындата беруге болады.
13. Зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігі.
Бұл көрнекілік оқушыларға табиғи нәрсенің өзін көрсетіп таныту, оларды өмір практикасына араластыру, өндіріске барып жүмыс түрлерімен таныстыру жағынан ерекше маңызы бар. Көрнекілік оқушыны байқампаздыққа, оймен топшылауға жаттықтырады

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі және техникалық құралдар әдістемесі. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі және техникалық құралдар және оларды тиімді пайдалану жолдары.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдарды тиімді пайдалану жолдары.
2. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын техникалық құралдарды тиімді пайдалану жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956
2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.

12 –дәріс



Тақырыбы: Грамматиканы оқыту әдістемесі. Грамматиканың жүйелілігі. Грамматикалық қателерді болдырмау жолдары. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асатындығы және оларды тиімді қолдану.


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет