5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы – Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы /нормативтік актілер № 254 – 256 ( 24829 )



бет3/22
Дата02.05.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы – Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы /нормативтік актілер № 254 – 256 ( 24829 )
15-тамыз, сәрсенбі,2007 жыл/
2.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-бб. 3. Қазақ тілін оқыту методикасы.Жалпы редакциясын басқарған Құлмағамбетова Б. -Алматы: «Мектеп», 1988 , 5-12-бб 4.Қазыбайұлы С.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997, 4-10-бб
5.Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы - А., 1965, 3-8-бб 6.Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002. 3-7-бб.

2-дәріс



Тақырыбы: Қазақ тілі әдістемесінің зерттелу тарихы, әдістеменің ғылым ретінде дамуы, зерттелу жайы. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық бағдарламасы.
  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің тарулары.
  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуы мен зерттелуі.
  4. Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің алатын орны.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс-тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты. Негізінен Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық бағдарламасы 4 саладан тұрады: 1 – педагогика-дидактиканың ғылыми теориялық негіздері, 2 – қазақ тілінің ғылыми саласы, 3 – тіл дамыту, тіл ұстарту, 4 – педагогикалық практика бөлігі болып келеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні мынадай тараулардан тұрады: 1 – қазақ тілінің әдістемесі дербес ғылым екендігі; 2 – мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері: қазақ тілін оқытудың міндеттері, мазмұны, принциптері, әдістері, тәсілдері мен құралдары, сабақ оның түрлерін топтастыру; 3 – фонетика,орфоэпияның, лексиканың, сөзжасам мен грамматиканың, орфография мен пунктуацияның, стилистика мен тіл ұстартудың әдістемесі, 4 – сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі.
Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы, ең алдымен, тәжірибеде жинақталған фактілер мен эксперимент, бақылау жүмыстарының деректеріне аса көңіл бөлініп, қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің кемшілік жақтары анықталып, онан ғылыми қорытынды жасауға талаптар қойылуында. Әсіресе, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, жетілуіне, сондай-ақ олардың сөйлеу және есту қабілеттеріне, зейініне көңіл бөле отырып, тілдік материялдарды орынды қолдана білу сияқты іс-әрекеттерді арттыру негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы, қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис, тіл дамыту бөлімдері ғалым-әдіскерлердің ұзақ жылдар зерттеу жүргізуі нәтижесінде, мектеп тәжірибесінде сыналып байқалды. Олардың кемшілік, жетістік жақтары нақтыланды. Грамматика саласын өткенде морфология және синтаксистен берілген тақырыптарды түсіндіру, салыстыра баяндау, әңгіме, сұрақ – жауап, көрнекілік т.б. көптеген әдістерді қолданған жөн.Барлық әдістер сабақтың үш мақсатын іске асыруға бағытталуы қажет. Әдістерді іске асыру процесінде мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады. Тәсіл – әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері – нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма беру т.б.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады: 1.Қазан төңкерісіне дейінгі кезең.
2. Қазан төңкерісінен кейінгі кезең.
3.Қазіргі кезең.
«Қазақ тілінің оқулықтарын жазу 1920 жылдардан қолға алына бастады.» – деп көрсетеді Б.Құлмағамбетова /Қ.т.о.ә.2000ж. 7-бет/ Ал әдістемелік еңбектер 1936 жылдан жарық көре бастады. 1935 жылға дейін тек қаз. тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болды./ Б.Құлмағамбетова Қ.т.о.м. 1988ж. 19-бет/. С.Қазыбаев болса «Мектепте қ.т.оқыту тәсілдері» /1997ж./ атты еңбегінде, А.Байтұрсыновтың «Ахмет жазуы» атанып кеткен «Оқу құралы» (Әліппе) оқулығының 1912 -1929 жылдар аралығында 7 рет басылып шыққандығын және қолданыста болғандығын айтады.1926 ж. А.Байтұрсынов «Жаңа Әліп-би» еңбегін жазады. Автордың ұсынған араб таңбасындағы жазуын қазақ жұртшылығы жылы қабылдаған. А.Б. 1914 жылғы «Қазақ» газетінің №62 санында жарияланған «Мектеп керектері» атты мақаласында «Мектептің жаны - мұғалім», - дейді. А.Байтұрсынов «Тіл – құрал» атты 3 кітаптан тұратын қазақ тілі оқулығын жазып, қазақ тілі грамматикасына қатысты категорияларға қазақша атау беріп, қазақ тілі білімінің терминдерін жасады. Осы оқулықтарды басшылыққа алып сабақ өту барысында Қ.т.о.әдістемесінің негізі қаланып, ол пән ретінде қалыптаса бастады. А.Б-ның 1920 жылы Қазан қаласынан «Баяншы» әд/лік нұсқауы жарыққа шығады. Одан соң «Әліп-би астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбектер жазып шығарды.1925 жылдан бастап «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі әдістемесі мәселесі бойынша мақалалар жарияланды.М.Жұмабаевтың «Педагогика» 1922ж., «Ана тілі» 1923. «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы» 1925, «Сауатты бол» 1926, «Ересек шала сауаттылар программасы» 1926, сияқты еңбектері мен оқу – ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар.Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптасуына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың да қосқан үлесі зор. Ж.Аймауытовтың «Ана тілін қалай оқыту керек», А.Байтұрсыновтың «Қай әдіс жақсы» мақалалары «Жаңа мектеп» журналына жарияланған. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнен басталған әдістеменің ғылыми негізі Ы.А. есімімен тығыз байланысты. «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде» деген еді. /Ы.А. Таңдамалы шығармалары, 1955, 280-281-беттер/. Ы.А. «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. 1935 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі» атты жинақ шықты. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің арнайы сала болып қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың бірі – Сейіл Жиенбаев. 1936ж. «Грамматика талдауыш», 1938 ж. «Үлкендерге хат танытудың методикасы», 1939 ж. «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941 ж. «Қазақ тілі методикасы», 1942ж. «Грамматикалық таблицалар», 1944 ж. «Жаттығу емле мен тіл дамыту», 1946 ж. «Қазақ тілі методикасы» /екінші басылым/ деген еңбектері жарық көрді. Ғалымның негізгі ұсынар тәсілі мысалдарды салыстырып беру арқылы олардың мағыналық ерекшеліктеріне оқушының көзін жеткізу.Шамғали Сарыбаев «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы» тақырыбында канд. диссертациясын қорғаған. 1956 ж. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» кітабы шықты. Қазақ тілі грамматикасын оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938ж. «Грамматика оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.Ғали Бегалиев – қазақ мектептерінде орыс тілін оқытуға, алфавиттік жүйе, емлеге байланысты мәселлелерді зерттеген. 1940 ж. «Бастауыш мектепте қаз. тілінің методикасы», 1950 ж. «Бастауыш мектепте қаз. тілі методикасының кейбір мәселелері» деген кітаптары жарық көрді. Иманбек Ұйықбаевтың 1957 ж. «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар», 1962 ж. «Қазақ тілі методикасының очерктері» атты еңбектері жарияланды.Бұнда морфологияны оқытуға көңіл бөлінді. Морфологияны, сөзжасамды оқытуға ғалымдар - Бибігүл Кәтенбаева 1968 «Сөз құрамын оқыту», 1975 «Морфологияны оқытудың методикасы», Нұржамал Оралбаева, морфология, сөзжасамның теориялық негізіне Қинаят Шаяхметұлы өз үлестерін қосса, синтаксисті оқытуға Әмеди Хасенов 1957ж. «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуацияны оқыту жолдары»; Хасен Арғынов 1969ж. «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері», 1974ж. «Қазақ тілі методикасы»,Сәрсен Аманжолов, Нығмет Сауранбаев, Мәулен Балақаев т.б. Тыныс белгілерін оқытуға Шәріп Әуелбаев 1971ж. «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар», 1977ж. «Пунктуацияның қиын мәселелері» зерттеу жүргізсе, Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965 ж. «Қазақ тілін оқыту методикасы» еңбегінде оқытудың жалпы мәселелеріне тоқталады.Айтбай Айғабылов 1980ж. «Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері»еңбегінде лексиканың әдістемесін қарастырса, фонетиканы оқытуға Мүлипа Дүйсебаеваның 1973ж. «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері», 1982ж. «Орфоэпиялық сөздік», А. Исабаевтың 1965ж «Фонетиканы оқыту», 1973 ж. «Қазақ тілі дыбыс методикасының негіздері» атты кітаптары көмекке келді. Қазақ тілінің орфографиясын меңгертуде Кәшен Жолымбетов 1958 ж. «Ү-ҮІ класс оқушыларында кездесетін орфографиялық қателерді түзету және болдырмау жолдары», 1962ж. «Қазақ орфографиясын оқытудың негізі» еңбектенсе, Балғаным Құлмағамбетова орта мектепте қазақ тілін оқытудың дидактикалық принциптері мен жалпы мәселелеріне тоқталса, Сағира Рахметова бастауыш мектеп методикасын қарастырды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет