5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған


Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесі 3 саладан тұрады: 1. педагогика мен дидактиканың теориялық негіздері; 2. қазақ тілінің теориялық негіздері; 3. тіл дамыту жұмыстарының түрлері



бет4/22
Дата02.05.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесі 3 саладан тұрады: 1. педагогика мен дидактиканың теориялық негіздері; 2. қазақ тілінің теориялық негіздері; 3. тіл дамыту жұмыстарының түрлері.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілі әдістемесі ғылымы. Әдістеменің зерттейтіні, мазмұны, құрылымы. Әдістемелік мұра. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасып дамуы, бұған әдіскер-ғалымдардың қосқан үлесі. Қазақ тілі әдістемесінің қазақ тіл білімімен, педагогика, психологиямен және басқа ғылымдармен байланысы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әдістеме нені қарастырады?
  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық бағдарламасы.
  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің тарулары.
  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуы мен зерттелуі.
  5. Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің алатын орны.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002
2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
12.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.

3- дәріс

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен заңдылықтары. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
1.Қазақ тілін оқыту заңдылықтары.
2.Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері.
3.Қазақ тілін оқытуда әдістемелік ұстанымдарды басшылыққа ала отырып оқытудың маңыздылығы.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері. Қазақ тілін оқыту принциптері. Қазақ тілін оқытуда жалпы дидактикалық принциптерді жүзеге асыру жолдары. Қазақ тілін игерту заңдылығынан туындаған нақты әдістеменің өзіне тән принциптері. Оқытудағы тарихи принцип.
Тілдің өз табиғатының жеті заңдылық шығады:
1. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, граматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді. Оқушылар тілдің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиясын мектепке дейін меңгереді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Тілді ұғыну дегеніміз – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен оқушылардың тіл байлылығын арттыру.
Әдістемелік принцип төмендегі әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді.
а) Оқушыларды орфоэпиялық дағдыда қалыптастыру.
ә) Грамматикаға үйрету барысында логикаға үйрету.
б) Қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыру.
2. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. мұндай қасиет балада сәби кезінен болатынын зерттеушілер айтып жүр. Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтауды талап етеді:
а) Балалардың бұрыннан білетін сөздерді тәртіпке келтіру
ә) Оқушылар өздеріне таныс грамматикалық көріністерді белгісіз көріністермен салыстыра алатындай материалдар іріктеу.
б) Тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
3. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөлеу мәнері сезімге бөлене сөлеуді меңгереді. Әдістемелік принцип: сөлеу мәнеріне назар аудару. 4.Жазбаша сөйлеу ауызекі сөлйеудің таңбалау жүйесіне аудару ретінде ұғынылады. Ана тілін оқытуда жасзбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынандай әдістер мен принципте негізделеді:
а) Ауызекі сөздегі дыбыстармен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру;
ә) Дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру;
б) Ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.
5. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы тіл таңбаларын- дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар- ұғыну барысында меңгеріледі. Оқушы әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонаң сон ғана аңғарады. Бұл принципті іске асыру ережесі мынандай:
а) Көрнекілікті пайдалану;
ә) Есту құралдарын пайдалану;
б) Оқу құралдары, көркем мәтіндер, газеттер, журналдар;
в) Оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы сөйлеу практикасы пайдаланылады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет