5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет6/22
Дата02.05.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға (оқушылардың) балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік немесе индукция әдісі деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе тексті талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті немесе дедукция әдісі деп аталады.
Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез-келген әдісте қолданыла береді.
Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау – жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым- қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.
Дебат технологиясы. Карл Поппердің дебат технологиясы тілдік тұлғаның дамуына көмектеседі. Бұл технология оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады.Дебат технологиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады /бекітуші топ және даттаушы топ/. Әр топтың құрамы да шектеулі болады. /3 – 5 оқушы/. Дебат технологиясы белгілі бір уақытты мөлшерлейді. Пән бойынша сабақ немесе сыныптан тыс шара осы уақытқа сәйкестендіріледі. Ойын топтардың бағытын анықтау үшін жеребе тартудан басталады. Бағыттары анықталған соң әр топтың дайындығына 15 минут уақыт беріледі. Тақырып күрделі болса, мұғалім тақырыптарды алдын-ала беріп қоюына болады. Бұл топ мүшелерінің көп материалдар жинауына, зерттеу жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді. Әр топқа дауыс беру үшін сыныптағы балаларды да екі топқа бөлуге болады. Топ мүшелерінің өз бағытын қорғай алуын бақылау үшін бір оқушы бақылаушы болады. Әр топ басшысы өзін және топ мүшелерін таныстырғаннан кейін әр топқа өз бағыттарын қорғауға 5 минут уақыт беріледі. Қарама-қарсы сұрақтарға 3 минут беріледі. Бұған бүкіл сынып оқушылары қатысуға болады. Бұл кезеңнің мақсаты – оппоненттердің сөзіндегі түсініксіз жайттарды нақтылау, қарсы топты қандай да бір сұрақтармен бағытынан жаңылдыру, кейін талдау кезінде осыны пайдалану. Оппонент сөзінен, тілінен, пікірінен кемшілік табу. Топтарға қосымша дайындыққа 8 минут уақыт беріледі. Ең соңында бақылаушы екі топтың өз бағыттарын қалай қорғағандарына талдау жасайды. Жеңімпаз топ айқындалады. Дебат технологиясын қолдану кезінде оқушылардың сөйлеу мәдениеті артады. Мұғалім бұған баса назар аударуы қажет. Мысалы, Нұрлан мырза, Айгүл ханым тәрізді тіркестерді қолдану, қарсы топтың пікірлерін байсалдылықпен тыңдау.Дебат технологиясы баланың ойлау стилінің бес түрін де /синтезатор, идиалист, прагматик, аналитнк, реалист/дамытады. Сөйлесім әрекетінің түрлерін жетілдіреді. Жалпы мәдениеттен, пәннен терең білімділігін дамытады. Оқушы өзінің ойын жинақы түрде дәл, анық, түсінікті, дәлелді жеткізуге тырысады. Пәнге қызығушылығы мен ойлау қызметінің белсенділігі артады. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады. Тарихи құжаттармен, статистикалық мәліметтермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыланады. Бірақ мұғалім кез-келген тақырыпты дебат технологиясы бойынша өткізуге болмайтынын ескергені жөн.
Компьютерлік технология. Қазақ тілі сабағында компьютерді пайдалану оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Тілдің салаларын өту кезінде бір жүйеге құрылған тапсырмаларды пайдалануға болады. Тест тапсырмаларын компьютер арқылы беріп, білімдерін тексеруге болады. Компюьтер оқушының ақыл-ойын дамытумен бірге, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.
Топтастыру технологиясы. Әдіскер В.К.Дьяченконың пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне қатысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ ұйымы, лекция-семинарлық жүйе, Белл-ланкастерлік жүйе, зертханалық – топталған әдіс, сызба эдісі, трамп әдісі болып сараланады. Белл-ланкастерлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар бірінші мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. Содан соң жақсы нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді. Трамп жүйесін пайдаланған кезде мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін сыныпты топтарға бөледі. Әр топтың басшысы сайланады. Әр топ өздеріне бөлінген тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелерінің тапсырманы орындауға қатысқандары сараланады.
Ұжьшдық оқыту технологиясы. Бұл технологияның негзгі әдісі – тапсырмамен алмасу. Ең бірінші алты-жеті адамнан тұратын топ құрылады. Мұғалім әр топқа дай ындаған тапсырмаларын таратады. Әр топ мүшесіне жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір-бірімен тапсырма алмасады. Сонда әр топтағы оқушы алты-жеті тапсырма орындайды. Тапсырмаларды орындап болған соң топ ішінде талқылайды. Тапсырмаларды келесі топқа беріп, олардың тапсырмасын алады. Мысалы, бір сыныпта 15 оқушы бар делік. Осы он бес оқушыны мұғалім үш топқа бөлуіне болады. Сабақ соңында бұл технология бойынша әр оқушы он бес тапсырманы орындаған болып шығады. Мұғалім бақылау жұмыстарын сынақ немесе тест түрінде қабылдайды..
Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері. Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталатындығы. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасатындығы және оларды сабақта қолдану. Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асатындығы.Әдіс пен тәсілдің бір-бірімен байланыстылығы. Олар жайында әдіскер ғалымдардың пікірі. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар және оларды басшылыққа ала отырып оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру жолдары.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет