5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



жүктеу 0.92 Mb.
бет7/22
Дата02.05.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі.
2.Қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын тиімді әдіс-тәсілдерге сипаттама беру, ғылыми негізіне тоқталу.
3. Әдіс пен тәсілдің бір-бірімен байланыстылығы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002
2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
12.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.

5-дәріс

Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту құралдары. Оқулық теориясы, құрылу принциптері. Қазақ тілі бағдарламалары. (2сағат)

Дәрістің жоспары:
  1. Қазақ тілін оқыту құралдары.
  2. Оқулық теориясы, құрылу принциптері.
  3. Қазақ тілі бағдарламалары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Оқулық – білім алу құралы. Оқулықтың ең басты міндеті – оқушылардың білімін жетілдіру. К.Д.Ушинский айтқандай, «Оқулық – жақсы сабақ берудің іргетасы». Ал Н.К.Крупская: «Бізге қандай оқулық қажет» деген мақаласында «Оқулық – анықтағыш, есте сақтау құралы» - дейді.
Оқулық оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес жасалатындықтан, онда бағдарламада көрсетілген материалдардың желісі бойынша оқушыларға берілетін білім мен дағды берудің жүйесі толық және кең баяндалады. Ол – ана тілінен оқушыларға берілетін білімді толықтыратын, өз беттерімен үй тапсырмасын орындағанда жетекшілік рөл атқаратын негізгі құрал. Мұғалім оқу ісінде, тәрбие жұмыстарында негізінен осы оқулықтарды басшылыққа алады.
Сондықтан орта мектептің алдына қойып отырған негізгі талаптар, міндеттер барысында оқулықтың мазмұны мен құрылысының ғылыми тұрғыдан дұрыс болуына бірнеше әдістемелік, педагогикалық талаптар қойылапды. Сондай-ақ, оқулық мазмұнының оқу жоспары мен бағдарламаға және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келуі қажет. Сонымен бірге, оның теориялық әрі практикалық жақтары өзара бірімен бірі байланыста болады. Оқушы оқулық бойынша ғылыми-теориялық мәселелерді терең түсінумен бірге, түсінгенін өмірде қолдана білуге де тиісті. Ең алдымен оқулықтың тілі жатық, тартымды, оқушыларды ынталандыратындай түрлі мысалдар, фактілер, тәжірибелермен толықтырылады. Сондай-ақ оқулықта оқушылардың өз беттерімен орындайтын жұмыстардың үлгісі, түрлі жаттығу жұмыстары, тапсырмалар, өткен грамматикалық материалдарды қайталау мақсатында сұрақтар, мәтіндер беріледі. Ең бастысы оқулықта дидактикалық көрнекілік принципін іске асыру мақсаты оқулықтағы жеке тақырыптарға байланысты схема, кесте, диаграмма, сурет, тағы басқа материалдар берумен қатар, оларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Тақырыптардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты түрлі техникалық құралдарды пайдалану жолдарын нұсқайды. Оқулықтың сырт көрінісі: түптелуі, мұқабасы, қағазы, көлемі оқушылардың пайдалануына қолайлы әрі эстетикалық тәрбие беру дәрежесінде жасалады.
Жалпы редакциясын Қазақстан Республикасыны Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Телғожа Жанұзақов басқарған «Қазақ тілінің сөздігінде» оқулыққа төмендегідей түсініктеме берілген: «Оқулық. Программа мен дидактика талаптарына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп, баяндайтын оқу кітабы. Ыбырай алғаш рет оқулық хрестоматия шығарды».
Ал Ахмет Байтұрсынұлы өзінің Тіл тағылымы еңбегінде: «...Оқу керек. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұлай болған соң әуелі оқу құралы жақсы болып, жан қинамасына не керек? Соны сөйлелік.
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап; оның жақсы болып, балалардың жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт», - дейді.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту құралдары. Оқулық теориясы, құрылу принциптері. Қазақ тілі бағдарламалары. Оқулық оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес жасалатындықтан, онда бағдарламада көрсетілген материалдардың желісі бойынша оқушыларға берілетін білім мен дағды берудің жүйесі толық және кең баяндалады.

Бақылау сұрақтары:
  1. Қазақ тілін оқыту құралдары.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет