5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған


Оқулық теориясы, құрылу принциптері



бет8/22
Дата02.05.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Оқулық теориясы, құрылу принциптері.
  • Қазақ тілі бағдарламалары.

    Ұсынылатын әдебиеттер:
    1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
    2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
    5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
    6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
    7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
    8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
    9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
    9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
    10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
    12. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

    6 –дәріс



    Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру. Сабақтың құрылымдық элементтері. (2сағат)
    Дәрістің жоспары:
    1. Қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру.
    2. Сабақтың құрылымдық элементтері.
    Дәрістің қысқаша мазмұны: (5-сыныпта өткен сабақтың жоспары арқылы түсіндіру)
    Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстың түрлері
    Сабақтың мақсаттары:
    Білімділік: Алдыңғы сабақта өтілген материалдарды, яғни фонетиканың зерттейтін объектісі – дыбыстар және олардың жасалуы туралы айта келіп, дауыссыз дыбыстырдың жасалуына тоқталу; мағынасы ұқсас сөздердің сыңарларын тапқыза отырып, өз ойларын жинақтап жеткізе білуге ұмтылдыру; дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау.
    Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
    Тәрбиелік: Абайдың қара сөздерінен қысқартылып алынған мәтіндерді (264-жаттығу) оқи отырып, ақылды игілікке, ел мүддесі үшін жұмсауға, жақсылыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге олардың мағынасын терең түсінуге тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: кіріктірілген.
    Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын арқылы ойларын жеткізе білу, жаттығумен жұмыс,тест сұрақтары.
    Сабақтың көрнекілігі: Дауысты, дауыссыз дыбыстарға арналған тірек-сызба, жетондар, слайд, плакат – «Білім қоржыны».
    Мырзабеков С. «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», Алматы, 1999 ж.
    Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
    ІІ. Қайталау – оқудың анасы.
    Үйге берілген жаттығуды (261-жаттығу) талдамас бұрын, қайталау сұрақтары арқылы өткен материалдарды еске түсірейік.
    Фонетика нені зерттейді?
    Фонетика сөзі қай тілден енген?
    Фонетика термин бола ала ма?
    Терминдерді тіл білімінің қай саласы зерттейді?
    Дауысты, дауыссыз дыбыстар деп екі топқа бөлінуінің себебі не?
    261-жаттығуды тексеру.
    Мәтінмен жұмыс.
    Сұрақ -жауап.
    1. Бұл мәтін Абайдың қай қара сөзінен алынған? (19-қара сөз).
    2. Балалар, Абайдың қара сөзімен таныса отырып, біз қандай ой түйдік?
    Жауабы: Ата-анадан алғаш туғанда сәби есті болмайды. Ес өсе келе кіреді. Көргені, білгені көп болса, есті болады. Есті кісінің сөзін естісе, есті болады.
    3. Есті деген сөзді қалай түсінеміз?
    Жауабы: Ес-ақыл, яғни ақылды кісі.
    4. Ақылды не үшін жұмсауымыз керек?
    Жауабы: Білім алу үшін.
    Дыбыстық талдау. (Тақтамен жұмыс)
    туғанда = 7 әріп, 7 дыбыс (д – дыбысы жуан) ту-ған-да 3 буын; айтылуы, жазылуы – бірдей.
    Дүниедегі = 9 әріп, 9 дыбыс (и – дауысты), дү-ни-е-де-гі 5 буын; айтылуы – дүнүедегі, жазылуы – дүниедегі.
    өзі – 3 әріп, 3 дыбыс; ө-зі 2 буын; айтылуы – өзү, жазылуы – өзі.
    ІІІ. Жаңа сабақ.
    Дауыссыз дыбыстардың түрлері:
    І. Қазақ тіл білімінде
    Қатаң
    Ұяң
    Үнді
    П, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч тек салдардан жасалады
    Б, в, г, ғ, д, з, ж, һ үн мен салдыр, салдыр басым болады.
    Р, л, й, у, м, н, ң үн мен салдыр, үн басым болады.

    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
    umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
    umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
    umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
    umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
    umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
    umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
    umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
    umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
    umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22


    ©netref.ru 2019
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет