50 жаста Қазақстан Республикасы Судьялар одағының



жүктеу 35.52 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі35.52 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 906d8cc76a63f8814625720e00268591 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Жүйрiктер ғана озады
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Атырау облыстық сотының төрағасы Бекназаров

Бектас Әбдiханұлы –

50 жаста
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының

Атырау облыстық филиалы Атырау облыстық сотының төрағасы Бекназаров Бектас Әбдiханұлын

50 жасқа толу мерейтойымен құттықтайды!
1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң заң факультетiн ойдағыдай бiтiрiп шыққан ол әуелi Жамбыл қаласының орталық аудандық сотының сот орындаушысы, Жамбыл облысының әдiлет бөлiмiнiң аға кеңесшiсi болып жұмыс iстедi.

Ұзақ жылдар өзiн iштей дайындап, заңгерлiк кәсiптiк бiлiктiлiгiн шыңдаған Бектас Әбдiханұлының талап-тiлегi мен қадам-қарекетi ақырында осы судьялық қызметке алып келдi.

Би – таудағы мұздақ, би сөзi – одан аққан бұлақ, халық – бұлаққа өскен құрақ” дегендей, ол 1984-1990 жылдар аралығында Жамбыл облысы Жуалы ауданының халық судьясы, 1990-1992 жылдары Жамбыл облыстық сотының қылмыстық iстер алқасының төрағасы, 1997 жылы Жезқазған облыстық сотының төрағасы, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болды. 2002 жылдың ақпан айынан күнi бүгiнгi дейiн Атырау облыстық сотының төрағасы қызметiн атқарып келедi. Осы қызмет жолдарының өзi бiраз жәйттi аңғартқандай. Өйткенi, мұндай сенiм екiнiң бiрiне емес, өз кәсiбiн жетiк бiлетiн, адамдармен тiл табысып жұмыс iстей алатын, ұйымдастырушылық қабiлетi мол, iскер азаматқа көрсетiледi.



Бектас Әбдiханұлы Атырау облыстық сотына басшылық еткелi берi бiршама шаруа атқарылды. Елiмiздiң басқа өңiрлерiндегi секiлдi мамандандырылған экономикалық, әкiмшiлiк соттар құрылды. Атырау қалалық соты мен мамандандырылған экономикалық сот жаңа ғимаратқа көшiп, қоныс тойы тойланды. Соттарды материалдық жабдықтауда жаңа бағдар алынып, барлық соттарда күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Сот төрелiгiн атқарушы судьялар құрамы жас мамандармен толығып, кәсiптiк бiлiктiлiктi көтеру мәселесiне де ерекше ден қойылды.

Ең бастысы, сот төрелiгiнiң сапасы жақсарып, ашық ұстанымның арқасында халықтың судьяларға деген сенiмi арта бастады. Оған бұқаралық ақпарат құралдарымен қоян-қолтық атқарылған жұмыс iстеу әрекетi де жағымды әсер еттi.

Атырау облыстық сотының төл басылымы – «Әдiл сөз» газетiн шығарудың да елеулi жаңалық болғаны жасырын емес. Ал, облыстық теледидар эфирiндегi «Замана заңымен» бағдарламасы судьялар мен тұрғындар арасында құқықтық насихаттың алтын көпiрiне айналғаны көпшiлiкке аян.

Бектас Әбдiханұлы 2005 жылғы 14 қазанда Санк-Петербург мемлекеттiк университетiнде «Компьютерлiк ақпарат саласындағы қылмыстың алдын-алу және криминалдық сипаттама» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

«Ер жiгiтiн мақтаған елi болса, елi мақтаған ер бақытты» деп халық айтқан. Ел алдындағы еңбегi, сот саласындағы жемiстi қызметi бағаланып, Бектас Әбдiханұлы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бiрнеше рет алғыс хаты, бағалы сыйлықтармен, Құрмет грамотасымен және елiмiздiң Ата заңы – Конституцияның 10 жылдығына орай медалiмен марапатталды.

Бекең зайыбы Райкүл Естайқызы екеуi бiр ұл, екi қыз тәрбиелеген өнегелi ата-ана.

Құрметтi Бектас Әбдiханұлы!

Ердiң жасы – елуiңiз құтты болсын!

Дербес сот билiгiн баянды етiп, әдiлеттiң ақ жолын асқақтата түсу жолындағы еңбегiңiз жемiстi бола берсiн!

Денiңiзге саулық, отбасыңызға амандық, қажымас қайрат, бақытты да ұзақ ғұмыр тiлеймiз!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет