55 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дулатхан Қарлығаш Орындаған: 2«Б» сынып оқушысы Шүкірәлі Ақниет



жүктеу 79.61 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі79.61 Kb.
Астана қаласы

55 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Дулатхан Қарлығаш

Орындаған: 2« Б» сынып оқушысы Шүкірәлі Ақниет

Тақырыбы : Шаш

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Шаш

Мақсаты : Шашты күту , оның пайдасы оны сақтау организмге пайдасын түсіну, шаш туралы тереңірек мағұлмат жинақтау арқылы өзім үшін жаңалық ашу .

Шаштың түсуі , оның алдын алу шаралары ескерту.

Денсаулықты сақтауға ,жеке бас гигенасының сақтау дағдысын қалыптастыру , тәрбиелеу.

Міндеті : Өз бетімше арнайы білімдер жинау, танымдық мәліметтермен танысу .

Ата –анамның көмегімен зерттеу обьектісіне барып , бақылау

эксперимент , сұхбат жүргізу.

Зерттеуге дейінге туған сұрақтар :

  • Шаштың құрлысы атқаратын қызметі.

  • Шаштың түрлері ,атаулары

  • Шашты өсіру , түсуін тежеу, қайызғақтан құтылу жолдары.

Кіріспе

Жеке бас гигенасы- әр адамның өзінің дене мүшелерін күтуде гигеналық ережелерді орындауға бағыттылған жұмыстар жиынтығы .

Жеке бас гигенасының түрлері 1. Тері күту

2. Шаш күту

3. Ауыз қуысын күту

4. Мұрын қуысын күту

5.Киімдер мен аяқкиім күту т.б

Шаш – түк тері жамылғысының бір бөлігі . Олар алақан мен табан және кілегейлі қабықшадан басқа , адамның денесінің барлық бөлігін жауып тұрады. Шаш пен түк терінің бетіне көлбеу орналасады . Әрбір шаш пен түктің түбірі мен өзегі болады. Түбір шаш қалтасында орналасады. . Әр шаш қалтасында бір бұлшық ет талшығы жалғасады , оған май бездері нерв талшықтары және және қан тамырлары жалғасқан , ол арқылы шаш қоректенеді. Май бездері шашқа серпімділік , жылтыр түс береді. Ал бұлшық еттері адам шашын қозғайды . Адам қорыққанда ренжігенде шаш шаш тікірейіп тұады оны «Шаш тік тұрады » дейді. Шаш үнемі өсіп тұрады. Шаштың тіршілігінің ұзақтығы 2-4 жылдың арасы . Түскен шаштың орнына байқалмастан , жаңасы шығып отырыды. . Шаш айына 1 см-дей өседі , күніне 30-40 шаш түседі. Бұл қалыпты физиологияық процесс. Дегенмен , шаштың шамадан көп түсуі адамның денсаулық жағдайына байланысты болады.

Шаштың құрылысы

Шаштың түбі тері қабатында шаш ұясында болады ,шаштың құрылысы өте күрделі ,олар өте нәзік және оңай жарақаттанады.Шаштың қандай түріне жататынын анықтап , соған сай жүйелі ,дұрыс ,күтім жасасақ , шашымыз әдемі көрінеді.

Шаштың түрлері.

Қалыпты шаш-қайызғағы жоқ, майысқақ, жылтыр болады. Мұндай шаштар ерекше күтімді қажет етпейді.

Құрғақ шаш-жеңіл және жұмсақ, тез сынғыш келкді, майысқақтығы мен түсінтез жоғалтады. Мұндай шаштарға алдымен дымқыл су жетіспейді.

Майлы шаш- жуғаннан кейін қалыпты әдемі шаш болады, бірақ ертеңіне өзінің әдемілігінен айырылып, майланып кетеді. Бұл артық май безінің қызметіне байланысты.

Шаштың түсі. Шаштың түсі оның түбіндегі бояғыш кератиннің комбинациясына байланысты.

Шаштың формасы.

Жіңішке шаштың диаметрі-0,05мм-ден кем болады, өте сезімтал, тез жарақаттанады, ерекше күтімді қажет етеді.

Орташа шаш-0,05мм.

Қалың шаш-0,07мм.

Мамандар кеңесі.

1.Шашты қаншалықты жиі жуу керек?

Врач-касметолог. Егер шаш кірлесе, майланса жуамыз. Ал құрғақ шаштарды сирек жуу керек. Жатар алдында шашты жумаған дұрыс, себебі дымқыл шаш денсаулыққы зиян.Кір шаш адамға бірқатар қолайсыздық әкелуімен қатар, бірнеше аурудың себебі де болады.

2. Шашты қанда йсумен жуу керек?

Шаштараз. Шашты жуатын су жұмсақ ,жылы болу керек. Жаңбырдың суы шашқа өте жағымды. Кермек су шашты құрғатады. Шашты жуу техникасы да өте үлкен қызмет атқарады. Егер шашыңыз әдемі болсын десеңіз, шаштың түбін , терісін жақсылап жуып, шаштың шатасып қаламуын қадағалаңыз. Шаш шатасып қалса, оны тарағанда шаштың түбіне зақым келеді. Шашты таза сумен шаю да маңызды.

3. Кейбір қыздардың шаштары жуғаннан кейін қобырап,құрғап , тез сынғыш келеді, мұнда йжағымсыз жайттардан қалай сақтануға болды?

Врач –косметолог. Сұйық сабынмен жуғаннан кейін кейбір шаштар құрғап, қобырапкетеді,сондықтан, бүгінгі күнде неше түрлі бальзамдар барсоны пайдалансаңыздар,ол шашты жылтыратып иілгіш етеді. Бальзамды да әр шаштың түріне қарай таңдауды умытпаңыздар.

4. Шашты қалай кептіру қажет?

Шаштараз. Шашты құрғақ орамалмен жеңіл сүртіп, бөлме температурасында кептіру керек,ал күннің көзіне немесе фен арқфылы кептісек шаш құрғап, өзіне тән жылтырынан айырылады.

5.Шашты жиі тарау керек деген түсінік бар, қалай ойлайсыз , шашты қалай тарау керек ,қандай тарақты қолданған дұрыс?

Шаштараз. Тарақпен шашты күнделікті тарау бас терісінің қан айналымын жақсартады. Тарау да шаш күтімінің бір түрі. Ал тарау үшін тісі орташа сүйектен жасалған тарақ пайдалану керек. Жұмсақ щеткада ыңғайлы , шашты күніне екі рет тараса болады. Темірден жасалған тарақ бас терісін жарақаттауы мүмкін.

6. Шаштың жағдайы адамның тамағымен байланысты ма?

Врач-педиатр. Дұрыс тамақтану адамның денсаулығы үшін өте маңызды, сонымен қатар тері мен шашқада көп әсер етеді. Ағзаның толыққанды қызмет атқауы үшін ұтымды тамақтану өте қажет деп барлық мамандар кеңес береді.Мысалы, ақуыз, минералды заттар, көмірсулар ағзаның құрылыс материалдыры. Әйтсе де майлы ет, сары май, тұзды тамақтарды мөлшерімен қабылдау керек , ал минералды заттарға бай жеміс-жидек, көкнеістерді күнделікті ас мәзірінен үзбеген дұрыс. Шаштың өңсізденуі , көп түсетіні дұрыс тамақтана білмеудің көрсеткіші десек артық емес.

7. Дәріні ұзақ уақыт қабылдаудың шаштың сапасына , өсуіне әсер ете ме?

Врач-педиатр. Шаштың жағдайы ағзаның жалпы жағдайымен тығыз байланысты. Эмоционалды күйзеліс ,ауыр сырқат, ағзаға түскен ауыр салмақтың әсерінен шаш өңсізденеді және түседі.

8.Соңғы кездерісуық мезгілде бас киімсіз жүру сәнге айналды, бұл шашқа қалай әсер етеді?

Врач-педиатр.Қай мезгілде болмасын бас киімсіз жүру өте зиян.Суық ауа бас терісінің қанайналымын нашарлатады, шаш табиғи түсінен айырылады, тез сынғыш болдаы,ал ыстықта май бөліну жылдамдап , шаш тез кірлейді. Қыс мезгілінде жылы шапка, жазда жеңіл қалпақ немесе орамал тартқан дұрыс.

9. Кейбір шаштар баяу өседі, шаш қаншалықты жылдам өсед?

Врач-косметолог. Адамның жас кезінде шаш жылдам өседі-тәулігіне 0,3мм.

Өсу уазықтығы бірнеше айдан 4 жылға дейін созылады . Одан кейін шаш түсіп ,жаңа шаш шығады. Күніне 75- 150 шаш түседі ,орта есеппен шаштыңтіршілігі 4жылдан7жылға дейін .Бастағы шаштың түсуне байланысты ,ақ ақ сары түстерді есептегенде 140 мың тал , қара торлыларда 110 мың , сары түстілерден 90 мың тал шаш бар .

11.Шаш бояу шашқа зиян емес пе ?

Шаштың түсін өзгерту , бояу мен шашты өңсіздендіру арқылы іске асады.Шашты бояудың бір себебі шаштың бояғыш заттары жоғалғаннан шаштың ағаруы .Ақ шаштар 40 жастан кейін пайда болады ,бұл қалыпты физологиялық өзгеріс . Кей жағдайда жастардың да шаштарына ақ ерте түседі .Бұған себеп көбіне ауыр сырқат ,жүйке жүйесінің күйзелісі ,түрлі витаминдердің жетіспеуі . Әйтсе де химиялық бояғыш заттар шашты бұзатынын да ұмытпау керек.

Міне , осы жағдайларды білгеннен соң , шашты күту қажеттілігін аңғарасың.

Шаштың көп түсуі ,не түсіп қалуы шашты дұрыс күтпеуден болады.

Бұның негізгі себептері - шаштың коректенуін бұзылуы ,

-жүйке жүйесінің жұқаруынан

-темекі тарту ,

-ауру ,

-дәрі –дәрмекті шектен тыс пайдалану

-салқын күндері бас киімсіз жүру

- тар бас киім кию.

Сонымен , шашты әдемі күйінде сақтау үшін оны жастайынан дұрыс күту қажет.

Шашты қалай күту керек ?

Шаштың майлығына байланысты жуып ,сүлгімен жақсылап сүртіп ,массаж жасап (маңдайдан желкеге қарай)кептірген жөн .Егер шашыңыздың жағдайы көңіліңізді толтырмай жүрсе ,массажды күніне 2 рет ,тамақтанып болған соң 1-2 сағаттан кейін жасаған дұрыс . Өйткені бұл кезде қан құрамында қоректік заттар көп, болады, шаш жақсы қоректенеді.

Күніне 2-3 рет тарақ пен не массаж щеткамен шашты тараған пайдалы .

Шашты дұрыс күте білсек ,оны үстемелеп коректендірудің қажеттілігі жоқ .

  • Адам бойындағы ең жақсы қасиет-оның жеке басының ерекшелігі. Ал , шаш осы қасиетті сырттай бейнелейтін бір белгі екендігін жас кезіңнен есіңе ұстаған жөн.

Шашқа байланысты кеңестер :

* Шаштың әдемі көрінуі үшін әртүрлі маска бальзамдар пайдаланамыз . Бірақ олар не шашты жұқартып жібереді , не табиғи жылтырлығын құртады . Тіпті шашымызға қайызғақтың түскенін де байқамай қаламыз . Сондайда қолдан дайындалатын шайқурай (зыеробой )тұнбасын пайдалану керек. Тұнбаны пайдалану үшін 10 грамм кепкен шайқурай шөбін ұсақтап ,оның үстіне 1 стакан қайнаған су құйып , бетін жауып ,тұндырып ,баяу оттн 10-15 минуттай қайнату қажет. Дайын болғаннан кейін сүзіп , алып ,шашымызды жуатын суға араластырамыз . Осы шайқурай тұнбасын аптасына екі рет пайдалансаңыз ,шашыңыздың түсуін тоқтатып ,қайызғақтың кетуіне көмектеседі .

* Қайызғақтан құтылудың тағы бір жолы – қарабас шөбінен дайындалатын тұнбаға ( черноголовка ) .Ол үшін қарабас шөбін суға қайнатып ,жылы күйінде жуу керек. Бірақ қатты құрғатпай ,біраз уақыт дымқыл күйінде ұстағаныңыз жөн.

*Ошаған шөбінің тамырын әбден тазалап , ыстық суға 10 минуттай қайнатып ,сутып,сүзгіден өткіземіз. Дайын болған тұнбаны шаштың түбіне жағып, жылы сумен шайса, шашты жұмсартады.

*Бір асқасық календула гүлімен құлмақ тұқымын (хмельді) 1 литр ыстық суға салып әбден тұндырып алып ,шашыңызды шайыңыз. Ол – шаштың тез өсуне септігін тигізеді.

* Күнделікті асмәзәріне қолданылатын пияздың да шашты өсіруге көмегі зор. Пиязды ұсақтап тұрап , сөлін дымқыл шаштың түбіне жағыныз . Кейін шашқа араналған сұйықтықпен шайып тастаңыз .

*Шашыңыз жиі түсетін болса , оның түсуін едәуір тежейтін үпілмәлік ( ксторка ) майын пайдаланыңыз. Ол үшін ыстық суға үпілмәләктің кішкене бөлігін қыздырып алыныз. Кәдімгі тіс щеткасын пайдаланып , шаштың түбіне тегіс жағып шығыныз. Басты жылы шүберекпен орап ,бірнеше сағаттай ұстап, шаш жуатын суйықтықпен шайып тастаңыз.Осылый жиі қайталайтын болсаңыз шашыңыздың түсуі тоқтайды .

* Шаштың жылтыр және жібектей жібектей жумсақ болу үшін түймедақтың , 3 асқасық кепен гүлінің үстіне 1литр ыстық су құйып, баяу отқа 10-15 минут қояды. 30-40 минуттан кейін сүзіп ,сумен шашты шаяды.

* Қырмызы гүл шаш түскенде қолданылатын су сабындар құрамына енеді. Оның тұндармасымен 1-2 күн сайын шашты шайып ,тұрса , шаштың табиғи түсі кіріп , әр жуған сайын жақсара түседі . Бастың терісі майлы , қайызғақ болғанда да қырмызы гүл тұндырмасын пайдаланса , керемет нәтиже береді .

* Шашты қалақай шөбінің тұндырмасын пайдалану арқылы күтімге алуға болады. Қалақайдың ұнтақталған бір ас қасық кепкен жапырағының үстіне 1 стақан қайнап тұрған суды құйып , 1 сағат бойына қараңғы жерге қояды. Сүзіп алғаннан кейін шашқа немесе оның түбіне жағады . Аталмыш тұндырма шаштың түбін нығайтады және оның өсуін жақсартып , қайызғақты кетіреді .

* Зәйтүн майының да (оливковое масло )шашқа пайдасы зор. Бірақ оған ошаған ( репейник )өсімдігін араластырып , қолданған тиімдірек .Мұны жасау алдында100 грамм жас ошаған өсімдігінің түбірін ұсақтап турайды да 200 мл зәйтүн майына салып , біртәулік ұстайды . Сонсоң мұны баяу отқа 15 минут қайнатып ,салқындатады. Дайын болған қоспаны басқа жағып, 2 сағатқа жоғарғыдай етіп орапқояды .Соңынан жақсылап жуады .

Қорытынды :шаш адамның сәні «шашың жақсы болса , көркіңде жақсы» демекші шашымызды күте білейік!
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет