№56 «бта банкі» Акционерлік қоғамының Жылдық Акционерлердің Жалпы жиналысының



жүктеу 313.47 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі313.47 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


№56 «БТА Банкі» Акционерлік қоғамының

Жылдық Акционерлердің Жалпы жиналысының


ХАТТАМАСЫ


Жиналысты өткізу орны:

Алматы қ., «Самал-2» ықш./ауд., Жолдасбеков к-сі, 97, А2 блогы, 2-қабат, үлкен конференц-зал

Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері:

Алматы қ., «Самал-2» ықш./ауд., Жолдасбеков к-сі, 97

Өткізу күні:

2010 жылғы 22 маусым

Ационерлерді тіркеудің басталуы:

Сағат 10.00

Жиналыстың басталуы:

Сағат 11.00

Жиналыстың аяқталуы:

Сағат 12.55

Жылдық Акционерлердің Жалпы жиналысын «БТА Банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимолдаұлы ашты, ол Банктің Жылдық Акционерлерінің Жалпы жиналысының күн тәртібінде мазмұндалған мәселелерді қарау және шешу үшін «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 14 мамырдағы №5-1 шешімімен шақырылғандығын хабарлағаннан кейін, жиналысты өткізуге құқылы екендігін баяндау үшін санақ комиссиясының мүшесі О.Е.Белобородова ханымға сөз ұсынды.


О.Е.Белобородова акционерлерге 2010 жылғы 19 мамырда «Казахстанская Правда», «Егемен Казахстан» газеттерінде, «БТА Банкі» АҚ корпоративтік Веб-сайтында және «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми сайтында жарияланған Жылдық Акционерлердің Жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама арқылы хабардар етілгендігін мәлімдеді. Акционерлер реестрі 2010 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша «Центр Дар» АҚ Банк тіркеушісімен жасалды. «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің тізімін құрастырған күні, Банк 33 616 968 дана жәй орнықтырылған акцияларға ие, оның ішінде дауыс беретін акциялар - 33 437 177 құрайтындығын баяндады.
Санақ комиссиясымен ұсынылған деректер бойынша «БТА Банкі» АҚ Жылдық Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін тіркеу аяқталған күні Банктің жиынтықты 26 567 188 дауыс беретін жәй акцияларына ие 13 акционер және олардың өкілдері тіркелді, бұл «БТА Банкі» АҚ дауыс беретін жәй акцияларының жалпы санының 79,45 пайызын құрайды.
«БТА Банкі» АҚ Жылдық Акционерлердің жалпы жиналысына қатысады:
«БТА Банкі» АҚ дауыс беретін жәй акцияларының 10 және одан артық пайызына ие акционердің өкілі:
25 246 343 дана дауыс беретін жәй акцияларға, яғни «БТА Банкі» АҚ жәй орнықтырылған акцияларының жалпы мөлшерінің 75,1% ие «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, 2010 жылғы 18 маусымдағы №108 сенімхат негізінде әрекет ететін Ибрагимова Ляззат Еркеновна ханымның танытуында.

  1. Басқа акционерлер – жеке және заңды тұлғалар.

  2. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің өкілі Құсайынова Ж., сонымен қатар «БТА Банкі» АҚ Басқарма, Директорлар кеңесінің мүшелері және басқа да қызметкерлер.

Барлық қатысушы акционерлер тіркелді және акционерлер өкілдерінің құқықтары тиісті түрде тексерілді.


Жоғарыда аталған тіркеу қорытындыларын ескеріп, О.Е.Белобородова Банктің Жылдық акционерлердің жалпы жиналысын өткізу және оның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, соның ішінде дауыс беретін акциялардың білікті көпшілігімен шешім қабылдауға қажетті кворумның жиналғандығын хабарлады.
Ә.Ғ.Сәйденов жиналысты ашып, жиналысты өткізу үшін жұмыс органын сайлау жөнінде ұсыныс жасады:

Жиналыс төрағасы – «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік Хатшысы Дугашев Сахильжан Маликовичті.


Ұсыныс дауыс беруге ұсынылды.

Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.


Дауыс беруге 13 акционер/ акционер өкілдері қатысты.
Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 13 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ.


Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: Жиналыс төрағасы ретінде - «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік Хатшысы Дугашев Сахильжан Маликовичті сайлау.

Ә.Ғ.Сәйденов жиналыс хатшысы ретінде – «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысының көмекшісі Питулова Ольга Владимировнаны сайлауды ұсынды.


Ұсыныс дауыс беруге қойылды.

Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.


Дауыс беруге 13 акционер/ акционер өкілдері қатысты.
Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 13 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ.


Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: Жиналыс хатшысы қызметіне – «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысының көмекшісі Питулова Ольга Владимировнаны сайлау.
Ә.Ғ.Сәйденов жиналысты өткізу регламентін бекітуді ұсынды: сөз сөйлеу уақыты 5 минут, мәселе бойынша талқылау 5 минутқа дейін. Жиналысты үзіліссіз өткізу.

Ұсыныс дауыс беруге қойылды.

Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.
Дауыс беруге 13 акционер/ акционер өкілдері қатысты.
Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 13 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ..


Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: Жиналысты өткізу регламентін бекіту:- сөз сөйлеу уақыты 5 минут, мәселе бойынша талқылау 5 минутқа дейін. Жиналысты үзіліссіз өткізу.
Ә.Ғ.Сәйденов ашық дауыс беру нысанын анықтауды ұсынды.
Ұсыныс дауыс беруге қойылды.

Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 13 акционер/ акционер өкілдері қатысты.
Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 13 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ..


Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: Жылдық Акционерлердің Жалпы жиналысында шешім қабылдау барысында ашық түрде дауыс беру.

Одан әрі сөз кезегі Жиналыс Төрағасы С.М.Дугашевқа берілді.


Жиналыс Төрағасы С.М.Дугашев «БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін жариялады:
1. 2009 қаржы жылының Банк қызметінің қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

2. Өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның бір жәй акциясына есептелген дивиденд мөлшерін анықтау туралы.

3. Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттерін акционерлердің ескеруі және оларды қарастыру қорытындылары жөніндегі мәселені қарау туралы.

4. Аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

5. Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері және тәртібін бекітетін Қоғамның ішкі нормативтік құжатын жаңа редакцияда бекіту туралы.

6. «БТА Банкі» АҚ жарияланған акцияларының мөлшерін ұлғайту туралы.

7. «БТА Банкі» АҚ облигацияларын айырбастау шарттарын және тәртібін анықтау.

8. «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.

9. Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту.
Жиналыс Төрағасы жиналысты өткізгенге дейін акционерлерден жиналыстың күн тәртібіне қандай да бір ұсыныстар және толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс түспегендігін хабарлады, осыған байланысты акционерлерге және акционерлердің өкілдеріне күн тәртібіне қатысты сұрақтар мен түсіндірмелер беруін сұрады.
Жиналыстың күн тәртібі бойынша сұрақтар мен түсіндірмелер берілген жоқ.
Төраға Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы дауыс берулерін сұрады.
Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 26 567 188 дауыс қатысты.


Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 26 567 188 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ.


Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: «БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін ұсынылған редакцияда бекіту:
1. 2009 қаржы жылының Банк қызметінің қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

2. өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның бір жәй акциясына есептелген дивиденд мөлшерін анықтау туралы.

3. Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттерін акционерлердің ескеруі және оларды қарастыру қорытындылары жөніндегі мәселені қарау туралы.

4. Аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

5. Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері және тәртібін бекітетін Қоғамның ішкі нормативтік құжатын жаңа редакцияда бекіту туралы.

6. «БТА Банкі» АҚ жарияланған акцияларының мөлшерін ұлғайту туралы.

7. «БТА Банкі» АҚ облигацияларын айырбастау шарттарын және тәртібін анықтау туралы.

8. «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.

9. Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы.


Одан әрі жиналыс қатысушылары Жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды тыңдауға кірісті.





  1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2009 жылғы қаржы жылының қызмет қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы баяндау үшін Басқарушы Директор-Басқарма мүшесі Логинова Наталья Сергеевнаға сөз берілді.

Н.С.Логинова жиналыс қатысушыларын 2009 жылғы «БТА Банкі» АҚ қаржылық есептілігімен таныстырды: «БТА Банкі» АҚ «Темірбанк» АҚ ЕҰ активтерімен қоса есептегенде, «БТА Банкі» АҚ активтерінің көлемі жағынан 2009 жылғы қорытынды бойынша Интерфакс рэнкингке сәйкес 2008 жылғы 4-ші орыннан 13-орынға төмендеді; «Темiрбанк» АҚ есептемегенде, «БТА Банкі» АҚ 15-орынға ие. «БТА Банкі» АҚ реттік капиталы теріс болды және минус 11 703 млн. АҚШ долларын құрады. («БТА Банкі» АҚ меншікті реттік капиталдың жеткілікті коэффициентінің нормативі сақталмаған (+0,1) және 2009 жылғы қорытынды бойынша минус 0,67 құрады). 2009 жылы БТА тобының құрылымында өзгерістер орын алды және Топтың Біріктірілген балансы 13, 261 млн. АҚШ Долларын құрады, яғни 2008 жылғымен салыстырғанда 27% қысқарған. Провизияның кредиттік портфельге қатынасы минус 64,6 % құрады. 2009 жылғы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ теріс қаржы нәтижелеріне ие және теріс біріктірілген меншіктік капитал – минус 11 382 млн. АҚШ долларын құрады. 2009 жылғы пайдалар және шығындар туралы біріктірілген есептегі қаржы нәтижелері теріс – минус 7 552 млн. АҚШ доллар. Элиминациялауды ескергенде, БТА тобының біріктірілген активтерінің құрылымында «БТА Банкі» АҚ үлесі қорытынды бойынша 78,8 % құрайды.


Директорлар кеңесіне қарасты Аудит жөніндегі комитетпен және Банктің Директорлар кеңесімен қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі қаралды және 2009 қаржы жылының қызмет қорытындысы бойынша Жылдық қаржылық есептілік алдын ала бекітілді, осының негізінде ұсынылған қаржылық есептілікті бекітуге Акционерлердің Жалпы жиналысына ұсыныс жасалды.
Жиналыс Төрағасы акционерлерге және акционерлердің өкілдеріне күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша баяндамашыға сұрақтар қоюды ұсынды. Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселесі бойынша сұрақтар мен түсіндірмелер болған жоқ.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасалғаннан кейін Жиналыс Төрағасы 2009 қаржы жылының «БТА Банкі» АҚ қызметінің қорытындысы бойынша қаржылық есептілікті бекіту туралы мәселе бойынша дауыс беруді ұсынды.


Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 26 567 188 дауыс қатысты.


Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 26 567 188 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ.


Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: 2009 қаржы жылының «БТА Банкі» АҚ қызметінің қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілігін бекіту.



2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз кезегі өткен қаржы жылының «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін және қоғамның бір акциясына есептелген жыл қорытындысы бойынша дивиденд мөлшерін анықтау туралы Басқарушы Директор-Басқарма мүшесі Логинова Наталья Сергеевна баяндама жасады.

Н.С.Логинова «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен Акционерлердің жалпы жиналысына «БТА Банкі» АҚ таза кірістің болмауына және Банктің 2009 жылғы қызмет қорытындысы бойынша меншік капиталының теріс болуына байланысты өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза кірісін бөлмеу және дивидендтер төлемеу туралы хабарланғандығын жариялады.


Баяндама жасалғаннан кейін Жиналыс Төрағасы өткен қаржы жылының «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін және қоғамның бір акциясына есептелген жыл қорытындысы бойынша дивиденд мөлшерін анықтау туралы мәселені дауыс беруге ұсынды, соның ішінде:

  • «БТА Банкі» АҚ таза кірістің болмауына және Банктің 2009 жылғы қызмет қорытындысы бойынша меншік капиталының теріс болуына байланысты өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза кірісін бөлмеу және дивидендтер төлемеу туралы.

  • 2009 қаржы жылындағы Банк қызметінің қорытындысы бойынша сақтық капиталын қалыптастыру мүмкін еместігі туралы ақпаратты назарға алу туралы.

Банктің Директорлар кеңесімен осы мәселе қаралып, Банктің туындаған қаржылық жағдайын ескеріп, Акционерлердің жалпы жиналысына «БТА Банкі» АҚ таза кірістің болмауына және Банктің 2009 жылғы қызмет қорытындысы бойынша меншік капиталының теріс болуына байланысты өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза кірісін бөлмеу және дивидендтер төлемеу туралы ұсыныс берілді.


Жиналыс Төрағасы акционерлерге және акционерлердің өкілдеріне күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша баяндамашыға сұрақтар қоюды ұсынды. Жиналыстың күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша сұрақтар мен түсіндірмелер болған жоқ.

Жиналыс Төрағасы акционерлерге және акционерлердің өкілдеріне «БТА Банкі» АҚ таза кірістің болмауына және Банктің 2009 жылғы қызмет қорытындысы бойынша меншік капиталының теріс болуына байланысты өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза кірісін бөлмеу және дивидендтер төлемеу мәселесі бойынша дауыс беруге ұсыныс жасады.

Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 26 567 188 дауыс қатысты.


Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 26 567 031 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - 157.



Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды:

  • «БТА Банкі» АҚ таза кірістің болмауына және Банктің 2009 жылғы қызмет қорытындысы бойынша меншік капиталының теріс болуына байланысты өткен қаржы жылы бойынша қоғамның таза кірісін бөлмеу және дивидендтер төлемеу.

- 2009 қаржы жылындағы Банк қызметінің қорытындысы бойынша сақтық капиталын қалыптастыру мүмкін еместігі туралы ақпаратты назарға алу.




3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша: Жиналыс Төрағасы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-бабының талаптарына сәйкес акционерлермен қоғам және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттерін ескеру және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені талқылау үшін «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимолдаұлына сөз берді.
Ә.Ғ.Сәйденов 2009 жылы «БТА Банкі» АҚ қоғам және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ірі акционерінің тарапынан ескерілгендігін хабарлады.

Қоғамның және Лауазымды тұлғалардың әрекеттері Банктің өзге акционерлерімен ешқандай ескерілмегендігін айтты.



2009 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ірі акционерінің тарапынан келесі мәселелер бойынша ескерулер келіп түсті:
- Банк органдарымен Республика облыстары мен қалалары бойынша маңызды мәнге ие ірі кредиттік жобаларды ағымдық қарастыру;
- Банкпен Қазақстан Республикасы Ұлтты Банкінің қаражаттарын игеру бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясындағы шағын, орта және Банктің бөлшек бизнесі субъектілерін қолдаумен байланысты мемлекеттік бағдарламалардың (ШОБ қолдау, жеке тұлғалардың ипотекалық заемдарын қайта қаржыландыру бағдарламаларын) талаптарына және шарттарына қатысу және орындау;
- Банкпен тұрғын үйлердің үлестік құрылысын қаржыландырумен және қатысуымен байланысты ескерулер;
- Банкті және еншілес ұйымдарды дамыту стратегиясына байланысты мәселелер бойынша ескерулер;
- Банктегі корпоративтік басқаруды дамыту, соның ішінде ішкі бақылау, аудит жүйелерін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу және қабылдау мәселелеріне байланысты ескерулер;
- халықтың сенімін арттыру, проблемалық активтермен жұмыс істеумен байланысты мәселелер бойынша ескерулер;
Банкпен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ ірі акционерінің жоғарыда аталған ескерулері қаралды және тиісті шаралар қабылданды. Банк шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға бағытталған ҚР Ұлттық Қорының қаражаттарын игеруге белсенді қатысты. Жеке тұлғалардың ипотекалық заемдарын қайта қаржыландырумен байланысты процедуралар әзірленді және ендірілді. Банк органдарымен экономиканың әртүрлі салаларында ірі кредиттік жобаларға байланысты ескерулер қаралды және шешімдер қабылданды. Халықтың сенімін арттыруға, салымдарды тарту мақсатында заңды тұлғалар үшін жаңа банктік өнімдерді ендіруге бағытталған шаралар әзірленді және ендірілді.
2009 жылы Банкпен меншік міндеттемелері бойынша дефолттың жариялануына байланысты бірқатар маңызды жағдайлар: - тәуекелдерді басқару және бақылау бойынша жаңа жүйелерді әзірлеу, дамыту стратегиясы және т.б. міндеттемелерді қайта құрылымдауға байланысты процедуралар аяқталғанға дейін уақытша кейінге қалдырылған болатын. Бүгінгі күні осы шараларды орындау және процестерді ендіру әзірлеу сатысында, себебі қайта құрылымдау бойынша ағымдағы процесс Банк қызметінің барлық маңызды процестерін барынша түзетуде. Осыған байланысты, қайта құрылымдау нәтижесінде туындайтын өзгерістерді ескеріп, қайта құрылымдау процесі техникалық және заңды аяқталғаннан кейін Банкпен оны дамыту стратегиясын, бизнес процедураларын, корпоративтік басқаруға байланысты аспектілерді қабылдауға бағытталған тиісті шаралар жүргізіледі.
Осылайша, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ ірі акционерінің тарапынан түскен ескерулер қабылданып, іске асырылды, олардың кейбіреулері өзіндік ерекшеліктерге байланысты орындалу сатысында, тұжырымдалуда, алынған ескерулер талданды.
Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттерін акционерлермен ескеруі туралы мәселені баяндағаннан кейін, Жиналыс Төрағасы акционерлерге «БТА Банкі» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттерін ескеру және оларды қарау қорытындылары туралы ұсынылған ақпаратты назарға алуларын ұсынды.
«БТА Банкі» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттерін ескеру және оларды қарау қорытындылары туралы ұсынылған ақпарат назарға алынды.


4. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша: «Аудиторлық ұйымды анықтау туралы» Басқарма Төрағасының Орынбасары Өтемұрат Берік Мұстайұлы баяндама жасады, ол Банкпен бірнеше аудиторлық ұйымдардан баға ұсыныстары алынғандығын хабарлады. Директорлар кеңесімен ұсынылған ұсыныстар қаралды және акционерлердің жалпы жиналысына бір жыл мерзімге аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС ұсынылды.
Жиналыс Төрағасы акционерлерге және акционерлердің өкілдеріне күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша баяндамашыға сұрақтар қоюды ұсынды. Жиналыстың күн тәртібіндегі төртінші мәселесі бойынша сұрақтар мен түсіндірмелер болған жоқ.
Банктің аудиті үшін Банк аудиторын сайлау туралы мәселені хабарлағаннан кейін Жиналыс Төрағасы Акционерлердің Жалпы жиналысынан Директорлар Кеңесімен ұсынылған аудитор кандидатурасына дауыс беруін сұрады.
Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 26 567 188 дауыс қатысты.


Дауыс беру қорытындылары:

Банктің аудиторы ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС бір жыл мерзімге сайлау туралы мәселе бойынша:


«қолдайтындар» - 26 567 188 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;



«қалыс қалғандар» - жоқ.


Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: Банктің аудиторы ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС бір жыл мерзімге сайлау.



5. Жиналыстың күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша: «Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін және төлеу тәртібін белгілейтін Қоғамның ішкі нормативтік құжатын жаңа редакцияда бекіту туралы» Басқарма Төрағасы Ә.Ғ.Сәйденов баяндама жасады, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 36-бабының 5-тармағының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін және төлеу тәртібін анықтау туралы мәселені қарау және шешім қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатады. «БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2009 жылғы 27 тамыздағы №55 шешімімен «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін және төлеу тәртібін анықтау ережелері» (әрі қарай мәтін бойынша – Ережелердің қолданыстағы редакциясы) қабылданды.
Жаңа редакциядағы Ережелерді әзірлеу негіздемесі Ережелерге келесі элементтерді енгізу қажеттілігі болып табылады:
- Банк міндеттемелерін қайта құрылымдау бойынша жүргізілген шараларға байланысты, Директорлар кеңесінің құрамына Кредиторлар комитетінің өкілдері кіреді, Ережелерге ДК мүшелерінің жаңа санаты - «Директорлар кеңесінің мүшесі – Кредиторлар комитетінің Директоры» енгізілді. Директорлар кеңесі мүшелерінің осы санаты Кредиторлар комитетінің талаптарына сәйкес ДК мүшелерінің міндеттемелерін орындағаны үшін сыйақы алуы тиіс. ДК мүшелерінің осы санаты үшін сыйақы мөлшері ДК мүшелеріне – Тәуелсіз Директорларға төленетін сыйақы мөлшеріне тең болады;
- Директорлар кеңесі мүшелері, толық қызметпен айналысу шарттарымен ДК мүшелерінің міндеттерін атқарушы акционерлер өкілдері үшін шарт (Ережелердің №2 қосымшасы) әзірленді. Осылайша, Директорлар кеңесі мүшелерінің осындай санатына сыйақы төлеуге, шығындарды өтеуге байланысты мәселелер шартта көрсетіледі;
- Директорлар кеңесі мүшелерінің Директорлар кеңесінің жұмысына қатыспағаны үшін жауапкершілік енгізілді. Жауапкершілік нысаны – есептік кезең үшін төленетің сыйақының елу пайыз мөлшерін шегеру.
- Ережелер мәтініне Қоғам Директорлардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды қамтамасыз ету туралы шарт енгізілді. Осы талап Кредиторлар комитетінің алдындағы «БТА Банкі» АҚ міндеттемелері негізінде туындады.
- Директорлар кеңесінің мүшесімен есептік кезең үшін өзінің міндеттемелерін нақты орындауды белгілейтін біріншілік құжат болып табылатын Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмыстарын қабылдау актісінің нысаны енгізілді.
- Редакциялық түзетулер енгізілді, бөлек тұжырымдамалар жасалды, құжаттың атауы өзгертілді.

Жиналыс Төрағасы акционерлерге және акционерлердің өкілдеріне күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша баяндамашыға сұрақтар қоюды ұсынды.


Акционерлермен келесі сұрақтар қойылды:

ҚР Үкіметінің Қаулысымен, Қормен бекітілген іссапар шығындары, сонымен қатар өтемақылар бойынша шығындар лимиттері арасында айырмашылықтарға жол беріледі ме?

Өткен жылғымен салыстырғанда Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шығындары ұлғайтылады ма?
Баяндамашы Директорлар кеңесінің мүшелері үшін іссапар шығындары бойынша нормалар мен лимиттер заңнама талаптарына сәйкес қолданылады, қандай да бір ауытқулар болмайды. Жалпы, Кредиторлар комитетінің алдындағы Банктің өзіне қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес, Банк Директорлар кеңесінде Кредиторлардың өкілдеріне олармен міндеттемелерді орындау үшін сыйақы төлеуді, сонымен қатар кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті. Директорлар кеңесінің әрекет етуші құрамында Қазақстан Республикасының резидент емес Директорларының, мысалы шалғай орналасқан шетел азаматтарының жұмыс істейтіндігін ескеріп, Банк Директорлар Кеңесі мүшелерінің міндеттемелерін орындау кезінде олар көтерген шығындарды өтейді. Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің құрамына Директорлар кеңесінде Кредиторлар комитетінің мүдделерін ұсынатын кандидаттарды енгізу кезінде Банк осындай Директорларға сыйақы төлеуге және олармен өздерінің міндеттемелерін орындауға байланысты шығындарды өтеуге міндетті.
Өткен жылмен салыстырғанда Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеумен байланысты шығындарды арттыру туралы екінші мәселе бойынша баяндамашы, сыйақы төлеуге байланысты шығындар ұлғайтылмайтындығын, ал кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізу кезінде шығындар артатындығын хабарлады. Директорлар кеңесінің мүшелеріне міндеттемелерді орындамағаны үшін есептік кезеңдегі сыйақыны елу пайыз мөлшерінде шегеру түрінде жауапкершіліктің енгізілетіндігін атап өту керек.
Осы мәселені талқылағаннан кейін, Жиналыс Төрағасы акционерлерден осы мәселе бойынша дауыс беруін сұрады.

Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 26 567 188 дауыс қатысты.
Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 26 567 188 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ.


Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін, шығындарды төлеу және өтеу шарттарын бекіту ережелерін» жаңа редакцияда бекіту. «БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2009 жылғы 27 тамыздағы №55 шешімімен бекітілген «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін және төлеу шарттарын анықтау ережелері» өз күшін жойды деп тану.


  1. Жиналыстың күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша: «БТА Банкі» АҚ жарияланған акцияларының мөлшерін арттыру туралы» Капитал операциялары және кастодиалды қызметтер басқармасының бастығы - Сугурбекова Роза Канибековна баяндама жасады. Ол акционерлердің жалпы жиналысына Банктің Кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспарына сәйкес Қоғам 55 219 743 695 (елу бес миллиард екі жүз он тоғыз миллион жеті жүз қырық үш мың алты жүз тоқсан бес) дана жәй акцияларды қосымша шығару есебінен оларды одан әрі облигацияларға айырбастау мақсатында «БТА Банкі» АҚ жарияланған акцияларының мөлшерін арттыру қажет екендігін хабарлады. Облигацияларды акцияларға айырбастау қайта құрылымдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және Банкке Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен бекітілген пруденциалды нормативтердің барлық талаптарына сәйкес болуға мүмкіндік береді.


Жиналыс төрағасы акционерлерге және акционерлердің өкілдеріне баяндамашыға сұрақ қоюды ұсынды.
Акционерлермен келесі сұрақ қойылды: 2009 жылғы ақпаннан кейін барлық әрекет етуші акционерлер арасында бөлу үшін Банк акцияларының қосымша эмиссиясы неге жүргізілмеді?
Директорлар кеңесінің Төрағасы А.Г.Дунаев Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен акциялардың қосымша эмиссиясы есебінен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ кіру арқылы Банк капиталын арттыру қажеттілігі туралы шешім қабылданғандығын хабарлады. 2009 жылғы ақпан соңындағы жағдай бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ кіргеннен кейін Банк пруденциалды нормативтердің талаптарын қанағаттандырды. Сонымен бірге, Банк Кредиторлары Банкке жасалған келісімдер бойынша дефолт жариялады, осының нәтижесінде Банк сыртқы борыштар бойынша барлық төлемдерді тоқтатуға мәжбүр болды. Дефолт сәуір айында жарияланды. Одан әрі Банк ҚҚА провизияларды қосымша қалыптастыру қажеттілігі туралы талабын қабылдады. 1 шілдедегі жағдай бойынша Банк пруденциалды нормативтерді бұзған болатын, бұл капиталды арттыруға мүмкіндік бермеді. Банк Кредиторлары тарапынан талаптарды қабылдау барысында, Банк міндеттемелерді қайта құрылымдау сатысына өтті, бұл акциялардың қосымша эмиссиясына мүмкіндік бермеді. Жылдық Акционерлердің жалпы жиналысында қаралатын акциялардың қосымша эмиссиясы Кредиторлардың талаптарын және пруденциалды нормативтерді орындау мақсатында міндеттемелерді қайта құрылымдау аясында жүзеге асыруды ұсынды.
Сонымен қатар акционерлермен сотпен қайта құрылымдау бойынша шешім қабылдауына қарамастан, акциялардың қосымша эмиссиясы туралы шешім заңға қайшы келмейді ме деген сауал қойылды. Баяндамашы және Заң Департаментінің өкілі акциялардың эмиссиясы Банкпен әзірленген және Кредиторлар комитетімен мақұлданған қаржылық-экономикалық үлгіге сәйкес міндеттемелерді қайта құрылымдау аясында жүзеге асырылатындығын хабарлады. Сотпен қайта құрылымдау туралы мәселені соңғы қарау мерзіміне, яғни 2010 жылғы қыркүйек айында Банк орындалған қайта құрылымдау жоспарын сотқа ұсынуға міндетті. Осыған байланысты, оның ажырамас бөлігі акциялардың қосымша эмиссиясы, Корпоративтік басқару кодексін және Банк Жарғысын жаңа редакцияда бекіту болып табылады. Осылайша, акционерлердің шешімі заңнама талаптарына және қайта құрылымдау жоспарын қанағаттандырды.
Осы мәселені талқылағаннан кейін Жиналыс Төрағасы акционерлерден осы мәселе бойынша дауыс берулерін сұрады.
Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 26 567 188 дауыс қатысты.


Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 26 560 401 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - 6787.


Дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беретін акциялардың жалпы санының білікті көпшілігімен келесі шешім қабылданды: «БТА Банкі» АҚ жарияланған акцияларының мөлшерін 55 219 743 695 (елу бес миллиард екі жүз он тоғыз миллион жеті жүз қырық үш мың алты жүз тоқсан бес) данаға арттыру.



  1. Күн тәртібінің жетінші мәселесі бойынша, «БТА Банкі» АҚ облигацияларын айырбастау шарттарын және тәртібін анықтау туралы», Капитал операциялары және кастодиалды қызметтер басқармасының бастығы – Сугурбекова Роза Канибековна баяндады, ол акционерлердің жалпы жиналысына Банктің Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау жоспарына сәйкес Қоғам «БТА Банкі» АҚ облигацияларын айырбастау шарттарын және тәртібін анықтау қажеттігін түсіндірді.


Жиналыс Төрағасы акционерлерге және олардың өкілдеріне баяндамашыға сұрақ беруді ұсынды.

Акционерлер акцияға айырбасталатын ең төменгі борыш бойынша жоғарғы баға қандай болады, Қордың кіру бағасын түзету мүмкін бе және жоғарғы және төменгі борыш үшін Банк капиталына кіру бағасының айырмашылығы болады ма деген сауалдар қойды.

Баяндамашы, қазіргі уақытта төмен борыш бойынша міндеттемелерді айырбастаудың ең жоғарғы бағасын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді. Себебі, опциялар бойынша кредиторлардың талаптарын алу процесінің жүріп жатқандығын айтты. Міндеттемелерді түзету құнын және мүмкіндігін анықтау бойынша толық ақпарат Кредиторлардың өтінімдерін толық алғаннан кейін анықталуы мүмкіндігін түсіндірді.

Осы мәселені талқылағаннан кейін Жиналыс Төрағасы акционерлерден осы мәселе бойынша дауыс берулерін сұрады.


Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 26 567 188 дауыс қатысты.


Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 26 560 001 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - 7187.


Дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беретін акциялардың жалпы санының білікті көпшілігімен келесі шешім қабылданды: «БТА Банкі» АҚ облигацияларын айырбастау шарттарын және тәртібін анықтау.




8. Күн тәртібінің сегізінші мәселесі бойынша «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы» Заң Департаментінің Директоры Басамбаева Шолпан Саиновна баяндама жасады. Баяндамашы Банк Жарғысының жобасына енгізілетін жаңа өзгерістерді ұсынды. Акционерлерге Банк органдарының құзыретіндегі өзгерістер, мәмілелерге қойылатын жаңа критерийлерді бекіту, Банк Жарғысына қатысты өзге де өзгерістер туралы хабарлады. Өзгерістер жобасын таныстырғаннан кейін, Жиналыс Төрағасы акционерлерден және олардың өкілдерінен баяндамашыға қойылатын сұрақтардың бар-жоқтығын сұрады. Сұрақтар мен түсіндірмелер болған жоқ.
Жиналыс Төрағасы акционерлерден осы мәселе бойынша дауыс берулерін сұрады.
Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 26 567 188 дауыс қатысты.


Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 26 567 188 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ.


Дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беретін акциялардың жалпы санының білікті көпшілігімен келесі шешім қабылданды: «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту. «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимолдаұлы мырзаға «БТА Банкі» АҚ жаңа редакциядағы Жарғысына қол қоюға құқық беру.

9. Күн тәртібіндегі тоғызыншы мәселе бойынша «Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы» «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимолдаұлы баяндама жасады: «Кодексті жаңа редакцияда бекітуге келесілер негіз болды:

Банк Кредиторларының Банкпен өздерінің міндеттемелерін қайта құрылымдауға негізделген критерийлерді ескеріп, Кодексті әзірлеу бойынша талаптар;


Банкте ендірілетін корпоративтік басқарудың заманауи тәжірибесін жаңартуды және көрсетуді талап ететін 2005 жылғы 14 қазандағы №41 «ТұранӘлем Банкі» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының хаттамасымен бекітілген Кодектің қолданыстағы ескі редакциясы;

2005 жылдан бүгінгі күнге дейін орын алған Банк қызметіндегі өзгерістерді ескеріп, Кодекстің кейбір ережелері мен бөлімдерін өзектілеу қажеттілігі;

Жалпы Кодекс құрылымы бойынша өзгертілуге жатады. Соның ішінде корпоративтік басқару бойынша кейбір бөлімдерге арналған баптар қалыптастырылған. Кодекс жобасы 14 баптан тұрады: 1-бап «Жалпы ережелер», 2-бап «Корпоративтік басқару қағидалары», 3-бап «Корпоративтік басқару органдарының жүйесі», 4-бап «Акционерлердің жалпы жиналысы», 5-бап «Директорлар кеңесі», 6-бап «Директорлар кеңесіне қарасты комитеттер», 7-бап «Аудит», 8-бап «Басқарма», 9-бап «Басқармаға қарасты комитеттер», 10-бап «Ақпараттарды ашу», 11-бап «Мүдде даулары», 12-бап «Тәуекелдерді басқару», 13-бап «Ішкі бақылау», 14-бап «Қорытынды ережелер».

Әртүрлі бағытқа арналған әрбір бап негізгі қағидаларды қамтиды, қысқаша құрылымды және Банктің ағымдағы қызметіне ендіруді ұсынатын талаптарды сипаттайды.


Кодекс жобасында мазмұндалған критерийлер төмендегі иерархия бойынша орналасқан Банктің ішкі нормативтік құжаттарында мазмұндалған.
Кодекстің жаңа редакциясы корпоративтік басқару жүйесін, корпоративтік басқару қағидаларына тікелей қатысатын және іске асыратын Банк органдарының рөлін толық сипаттайды. Акционерлердің жалпы жиналысының қызметі, акционерлердің фундаментальды құқықтары, Кодекспен бекітілген стандарттардың сақталуына акценттер қалыптастырылған, Кодексте мазмұндалған талаптарды сақтау бойынша корпоративтік басқару жүйесіне кіретін барлық органдардың жауапкершілігі толығымен сипатталған. Бөлек баптарға ДК атына Банк қызметінің кейбір мәселелері бойынша кеңес беруді және ұсыныстар енгізуді жүзеге асыратын ДК қосымша органдары ретінде Директорлар кеңесіне қарасты Комитеттер атап көрсетілген. Кодекстің бөлек тарауында қарастырылған ДК қарасты комитеттер туралы ережелер Банк қызметіндегі және Директорлар кеңесінің жұмысындағы институттар деректерінің маңыздылығы атап көрсетеді.
Бөлек тарауға Банк Басқармасының қосымша органдары болып табылатын және заңнама талаптарына және Жарғыға сәйкес Банк Басқармасының құзыретіне жатқызылмаған мәселелерді қарастыратын Басқармаға қарасты Комитеттер туралы нормалар енгізілген. Басқармаға қарасты комитеттердің қызметі корпоративтік басқару стандарттарын орталықтан қолдау болып табылады. Басқармаға қарасты комитеттер алқалы орган бола отырып, Банк Басқармасының шешімдерін орындаушы болып табылады. Банк қызметінің кейбір салаларын бақылау және реттеу функцияларына ие болумен қатар, Басқармаға қарасты комитеттер ұсынылатын материалдардың талдануын, Басқарманың және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға бағытталған технологиялар мен процедураларды талқылауды, әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Бөлек бапта сыртқы және ішкі аудитке бөлінетін аудит туралы мәселе қарастырылған. Аудитті жүзеге асыру барысында қолданылатын негізгі критерийлер бекітілген. Мысалы, Директорлар кеңесіне бағынатын Ішкі аудит қызметі үшін тәуелсіздік қағидасы, материалдарды талдау барысында бағалауға және талқылауға мүмкіндік беретін өзге аспектілер.

Заңнама талаптарына және Банк қызметінің өзгешелігіне байланысты, кейбір баптарда «Ішкі бақылау» және «Тәуекелдерді басқару» тараулары қарастырылған. Ішкі бақылау тарауында Банк органдарының ішкі бақылау жүйесіндегі рөльдері анықталған, бақылаумен бекітілген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бөлімдер бекітілген. Банк органдарының ішкі бақылау жүйесіндегі рөльдерін ашатын критерийлер бекітілген. «Тәуекелдерді басқару» тарауы бекітілген «Тәуекелдерді басқару саясаты» негізінде қалыптастырылған. Тәуекелдерді басқару жүйесінің мақсаты анықталған, мониторингке және басқаруға жататын тәуекел түрлері қалыптастырылған, тәуекелдерді басқару құралдары сипатталған, Банк органдарының тәуекелдерді басқарудағы қызметтері қысқаша мазмұндалған.

Қолданыстағы редакциямен салыстырғанда, мұнда «Ақпаратты ашу» тарауы толығымен қарастырылған. Ақпараттарды ашу мақсаты анықталған, Банк ақпараттарды ашу барысында басшылыққа алатын қағидалар, ақпараттарға қол жеткізу механизмдер қысқаша сипатталған.

Сондықтан, Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясы бойынша Банк ондағы корпоративтік басқару жүйесін жаңартуды, Басқарма, Басқармаға қарасты Комитеттер және Банк Департаменттері деңгейіндегі жұмыстардың өзге де механизмдерін қайта қарауды жоспарлап отыр. Осыған ұқсас процедуралар БТА тобына кіретін компанияларға да ендіріледі.


Осы мәселені талқылағаннан кейін Жиналыс Төрағасы акционерлерден осы мәселе бойынша дауыс берулерін сұрады.
Акционерлер, Банк аудиторлар ретінде «Үлкен төрттік» тобына кіретін төрт аудиторлық ұйымнан тұратын аудиторлық ұйымдар тізімін анықтау бойынша Корпоративтік Басқару кодексінің шарттары заңнама талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін екендігін нақтылады. Баяндамашы аталмыш талап қандай да бір сәйкессіздіктерді тудырмайтындығын хабарлады, себебі аудиторды таңдау акционерлердің құзыретіне жататындығын, сонымен қатар осы талап Банктің Кредиторлар Комитетімен ұсынылатындығын және Банктің Кредиторлар Комитетімен бекітілген Ақпараттық меморандум шарттарының бірі екендігін түсіндірді.
Осы мәселені қарастырғаннан кейін, Жиналыс Төрағасы акционерлерден ұсынылған мәселе бойынша дауыс берулерін сұрады.
Дауыс беру: «бір акционер» - «бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүргізіледі.

Дауыс беруге 26 567 188 дауыс қатысты.


Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 26 567 188 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ.


Дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беретін акциялардың жалпы санының білікті көпшілігімен келесі шешім қабылданды: «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту. «ТұранӘлем Банкі» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен (2005 жылғы 14 қазандағы №41 хаттамасы) бекітілген «Тұран Әлем Банкі» АҚ Корпоративтік Басқару Кодексінің күші жойылсын деп тану.



«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы А.Г.Дунаев Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-бабына сәйкес Акционерлер жиналысына 2009 қаржы жылы бойынша Директорлар Кеңесінің және Банк Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы хабарлады.

Директорлар Кеңесінің және Банк Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы ұсынылған ақпарат назарға алынды.

Жиналыс Төрағасы күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралғандығын жариялап, осы ұсынысқа дауыс беруін сұрады.
Осы мәселе бойынша дауыс беру «бір акционер – бір дауысқа ие» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.

Дауыс беруге 13 дауыс қатысты.


Дауыс беру қорытындылары:

«қолдайтындар» - 13 дауыс;

«қарсы болғандар» - жоқ;

«қалыс қалғандар» - жоқ.


Дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: «БТА Банкі» АҚ Жылдық Акционерлердің жалпы жиналысын жабу.


Жылдық Акционерлердің жалпы жиналысының қорытындылары бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1. 2009 қаржы жылының «БТА Банкі» АҚ жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
2. Өткен 2009 қаржы жылы бойынша «БТА Банкі» АҚ таза кірісін бөлмеу және бір жәй акцияға есептелген бір жылғы дивидендтерді төлемеу. Банктің таза кірісінің болмауына байланысты сақтық капиталын қалыптастыру мүмкін еместігі туралы ақпаратты назарға алу.
3. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттерін акционерлермен ескеруі және оларды қарастыру қорытындылары туралы ақпаратты назарға алу.
4. Банктің аудиторы ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС бір жыл мерзімге сайлау.
5. ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері, төлеу шарттары және шығындарды өтеу ережелерін» жаңа редакцияда бекіту және Акционерлердің Жалпы Жиналысының 2009 жылғы 27 тамыздағы №56 шешімімен бекітілген «БТА БАнкі» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін және төлеу шарттарын анықтау ережелерінің» күші жойылған деп тану.
6. «БТА Банкі» АҚ жарияланған акцияларын 55 219 743 695 (елу бес миллиард екі жүз он тоғыз миллион жеті жүз қырық үш мың алты жүз тоқсан бес) дана мөлшерге ұлғайту.
7. «БТА Банкі» АҚ облигацияларын айырбастау шарттарын және тәртібін анықтау.
8. «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту. «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимолдаұлы мырзаға «БТА Банкі» АҚ жаңа редакциядағы Жарғысына қол қоюға құқық беру.
9. «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту. «ТұранӘлем Банкі» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен (2005 жылғы 14 қазандағы №41 хаттамасы) бекітілген «Тұран Әлем Банкі» АҚ Корпоративтік Басқару Кодексінің күші жойылсын деп тану.

Жиналыс төрағасы ____________________/Дугашев С.М.

Жиналыс хатшысы ____________________/Питулова О.В.

10% акцияға ие акционер


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ атынан ____________________/ Ибрагимова Л.Е.

Санақ комиссиясы: ____________________/Деменкова Е.С.
_________________/Белобородова О.Е.
____________________/Тулеуова С.О.


22.06. 2010 ж. № 56 «БТА Банкі» АҚ

Жылдық Акционерлердің Жалпы жиналысының

ХАТТАМАСЫ










©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет