№58. 30 мамыр Бактыбекұлы Т



жүктеу 23.25 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі23.25 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Арка ажары. – 2013. - №58. -30 мамыр

Бактыбекұлы Т.



Қолдан жасалған аштық зобалаңы
Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси репрессиялар: халықтың басындағы нәубет және тарих сабақтары» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Аталмыш шараға алаштанушы ғалымдар, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар қатысты

Семинарды ашқан университет ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев жиналғандарға қазақ халқының тарихындағы көптеген дүрбелеңдер мен зобалаңдарға тоқтала келе, халқымыздың талай нәубет жылдарды бастан кешкендігін айтты. Оның ішінде әсіресе, тоталитарлық жүйе ұйымдастырған аштық салдарынан халқымыздың 40 пайызға жуығы қырылғандығының өзі-ақ, қазақтың жер бетінен құрып кетуіне шақ қалғандығын көрсетеді.

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның барлық тұрғындары, әсіресе жастар тарихымыздағы мұндай кезеңдерді біле отырып, қарқынды дамып келе жатқан еліміздің болашағы жолында қанша қиындық көрсе де мойымаған халқымыздың ерлігіне бас июге тиіс. Мұнан соң сөз алған Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанқазықызы семинардың негізгі тақырыбына тоқтала келе, бүгінгі таңда Қазақстан үшін күрделі проблемалардың бірі болып отырған – мемлекеттік тілдің қолданылу аясының әлі де талап деңгейіне сай еместігін ашына айтты. Сондай-ақ,осыдан біраз уақыт бұрын қолға алынғанымен бүгінде ұмыт бола бастаған аты-жөнімізді жазуда бірізділіктің жоқтығына назар аударды. Сайып келгенде, бұл мәселе де қазақтың өзіндік ерекшеліктерінің бір айғағы.

Әрине, мұндай кездесулерде ақындар қарасөзден гөрі поэзия тіліне жақын екендіктерін байқатады ғой. Сондықтан да болар, Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлұлы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы өздерінің жалынды жырларын ұсынды. Танымал тележурналист Бибігүл Жексенбай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Солтүстік өңірдегі және Астана қаласындағы жетекшісі, «Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қарлығаш Бекпатшақызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Ахметұлы, филология ғылымдарының кандидаты, жүргеновтанушы-ғалым Бауыржан Иманғалиев өз ойларымен бөлісті.



Жалпы, мұндай семинардың аталмыш университетте жыл сайын өткізіліп тұратындығын ескерсек, бұл оқу орнында ауыл шаруашылығы саласы үшін білікті мамандар даярлаумен қатар, тарихқа да ерекше мән берілетіндігін пайымдауға болады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет