5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған



жүктеу 0.71 Mb.
бет1/4
Дата02.04.2016
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
umkd -> ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені «Абайтану» пәнінің 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3-деңгейдегі СМЖ құжат

УМКД

УМКД 042-18-15.1.6/03-2013




УМКД «Публицистік шығармашылықтың негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


2013

жылғы


№1 басылым

5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Публицистік шығармашылықтың негіздері» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ

2013

МАЗМҰНЫ

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы

5 Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін жұмыстары

6 Өзгерістерді тіркеу парағы

7 Әріптестердің танысуы



1 ГЛОССАРИЙ

1 АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

2 АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.

3 АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.

4 АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

5 АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.

6 АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.

8 АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.

9 АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.

10 АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.

12 АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.

15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.

16. ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.

17 ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.

18 ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.

19 ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.

20 ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.

21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.

22 ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

23 ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

24 ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

25 ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

26 ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.

27 ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

28 ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.

29 ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау.

31 ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.

32 КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.

33 КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

34 КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.

35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.

36 КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

37 КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.

38 КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.

39 ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

40 МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.

41 ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.

42 ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.

43 ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.

44 ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.

45 ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.

46 ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.

47 ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.

48 ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.

49 ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.

50 ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.

51 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.

52 ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

53 ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

54 ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

55 ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

56 ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің

баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.

57 РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

58 РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.

59 РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.

60 СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.

61 ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.

62 ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.

63 ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.
2 ДӘРІСТЕР
1-Дәріс. Публицистика табиғаты.

Публицистиканың пайда болуы.

Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір – бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Адамзат қоғамында қарым – қатынас құралы тілдің пайда болуы – публицистикаға дейінгі алғашқы құбылстардың бірі еді.



Шешендік өнердің пайда болуы – публицистикаға негіз болған екінші бір құрылыс болып саналады. Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы – қазіргі публицистиканың пайда болуына ықпал ететін үшінші құбылыс болып саналады. Қоғамдық маңызыды мәселелерді қозғайтын публицистика – бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл – ойының жемісі екендігіне дәріс кезінде көз жеткізіледі.

Сөз өнерінің теориялық және әдістемелік мәселері жағынан аз зерттеліп, толық бағасын ала алмай келе жатқан бір саласы – публицистика. Ол туралы отандық және шетел ғалымдарының пікірлері алуан түрлі. Әлі-әзір ортақ бір шешімге тоқтай алмай келеді.

Публицистика терминінің төркіні латынның publicus деген сөзіне барып тіреледі. Қазақша мағынасы қоғамдық дегенді білдіреді. Төл тіліміздегі баламасын алғаш ғылыми айналымға енгізген – ардақты алаш арысы Ахмет Байтұрснұлы. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» атты атақта еңбегінде көсем сөз ұғымын публицистика баламасы ретінде қолданады: «Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталдады». Ұлттық рух ұстыны Ахмет Байтұрсынұлы ұйғарымын тарата талдамас бұрын көсемсөз туралы тағы қай ғалымның қандай көзқарасы бар екеніне тоқталмай болмайды.

Өткен ғасырдың 70 жылдарында Кеңес елінде көсемсөз туралы пікірталас қызу өрбіді. «Вопросы литературы» журналының 1970 жылғы жетінші санында «Публицистика - әдебиеттің алғы шебі» деген тақырыпта пікірталасқа қатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынған. Бұл мәселеге аталған басылым 1973 жылғы 10-санында «Публицистика және қазіргі заман» деген тақырыппен қайта айналып соқты. Екі санында да, тоқ етерін айтсақ, басылым жарияланымдарының ортақ тұжырымы публицистика әдебиеттің жауынгер жанры дегенге келіп саяды.

Еліміздің егемендік алып, нарықтық экономикаға негізделген демократиялық қоғам орнату бағытындағы даму жолымызды айқындаған бүгінгі заманда публицистикаға объективті тұрғыдан толлықанды зерттеу жүргізуге мүмкіндік тууда.

Публицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. әрине қоғамдық санаға публицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері т.б., сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары т.б. әсер ететнін жоққа шығармаймыз. Дегенмен қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін публицистиканың орны ерекше екенін айрықша еске саламыз. Ал өз кезегінде қоғамдық сана сол замандағы қоғам субъектілерін ырқында ұстайтынын өмір дәлелдеумен келеді.

Алысқа бармай-ақ, оған бір ғана мысалмен көз жеткізуге болады. ХХ ғасыр басындағы Алаш публицистерінің қазақ қамы үшін жанұшыра еткен ерен еңбектері көсемсөз арқылы көрініс тапты. Сол кездегі баспасөз жарияланымдарының қаймана қазақ санасына әсер еткені соншалық қалың ұйқыдан жұлқып оятып, көкірек көзін ашып, тұла бойын тоқ соққандай сілкіндіріп, қоғамдық өмірде үлкен серпіліс туғызды. Дана Абай жолын жалғастырған Алаш азаматтарының еңбегі еш кеткен жоқ. Жастар ағалар ісін іліп әкетіп, білім-ғылым, өнер жолына лап қойды. өшуге айналған қазақ рухы қайта жанданды. Ой-сана сілкінісі мұның алдында бір мезет мызғып кеткен қазақ қоғамының тұла бойына қан жүгіртіп, кемінде елу жыл ілгері озуына себепші болды. Бұл сәтіне қарай айтыла салған лепті, лепірме сөз емес, көп жылдардан бері Алаш публицистикасын зерттеп, зерделеу барысында көз жеткен, көкіректе түйген мәйекті ой.

Сонымен, ойымызды қорыта келе, мына мәселеге ерекше назар аудартқымыз келеді. Публицистика теориясы уақыт талабына сай қайта қарауды, терең талдауы қажет етеді. Егер оны «әдеби жанр» немесе «журналистиканың саласы», я болмаса «саяси проза» дейтін болсақ, онда мынадай сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Публицистиканың өзіне тиесілі өз жанрлар жүйесі бар, сонда олар жанрдың жанрлары болып шыға ма? Егер публицистика журналистиканың саласы болса, онда ол тек журналистерге ғана тиесілі деген ұғым туады ма? Біздің білуімше, публицистикаға араласпайтын сала мамандары кемде-кем, оны қалай түсіндіреміз? Публицистика тек саясатты ғана қайзай ма екен, ол әлеуметке қатысты кез келген тақырыпты көтере береді емес пе?

Осы орайда, публицистикаға көсемсөз деген балама тауы оған қазақ тілінде тұңғыш анықтама берген алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы теориясы өміршеңдігімен тәнті етеді. Сөз өнерін тарата талдай келе ұлы ұстаз мынадай тұжырым жасайды: «Көсемсөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсемсөз кезіндегі әлеуметке керек ісіне мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады.

Әлеумет, шаруашылық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық тағысын тағы сондай қоғамшылық істерін түзеу, жаңалау, өзгерту керек болған кезде халықты соған мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң, кезіндегі шығып тұрған газет-журнал жүзіне шығады. Көсемсөз әлеуметтік басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білім адам боларға керек. Әйтпесе дүмше молда сияқты көбі көсемдік қыламын деп әлеуметті адастырып, пайда орнына зиян келтірмек».

Алаш ардақтасының көсемсөз туралы теориялық іліміне қосып, аларымыз жоқ. Ендігі жерде осы анықтаманы негізге алып, көсемсөздің әдістемесі мен тәжірибесі туралы зерттеу жүргізіп, ой олжалау уақыт талабы деп түсінуге болады.
Бақылау сұрақтары:

1. Публицистиканың өзіне тиесілі өз жанрлар жүйесі бар, сонда олар жанрдың жанрлары болып шыға ма?

2. Егер публицистика журналистиканың саласы болса, онда ол тек журналистерге ғана тиесілі деген ұғым туады ма?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.

2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.

3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.

4. Мерзімді баспасөз материалдары.

5. Омаров Қ.Шабыт шалқары . – М., 2006.


2-Дәріс Журналистика, көркем әдебиет және публицистика.

Публицистика деген сөздің шығу төркіні – латының publicus – қоғамдық деген сөзден шыққан. Владимир Дальдің түсіндірме сөздігінде публицистсөзіне былайша ангықтама берілген: «Публицист», писатель более газетный, журнальный, по современным тобщим вопросом, по народному праву». Бұл тақырып аясында публицистикаға анықтама беріледі, оның табиғаты журналистикамен, көркем әдебиетпен байланыста ашылады. Публицистика туралы теориялық ұстанымдар көрсетіледі.

Орыс зерттеушілерінің осы тұжырымы әсер еткен болуы керек 1976 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясының 9-томында ұлттық журналистика ұстазы Т.Амандосов пен белгілі ғалым Ә.Жұмабаев көсем сөзге мынадай анықтама берген: «Публицистика - өмірдң әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми және басқа да рухани құбылыстарын, өмірдің фактілерн өзіне арқау ететін әдеби жанр».

Көсемсөзді жанр ретінде қарастырушы зерттеушілер пікірімен белгілі ғалым Т.Қожакеевтің де көзқарасы сәйкес келеді: «Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға – фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды,- деп жазды профессор. Яғни, публицистика –фактінің, нақты оқиғаның жанры».

Зерттеуші Т.Ыдырысов көсемсөз жайлы мынадай пікір білдіреді: «Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси-көркем прозы, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы».

Публицистиканы әдебиетпен қоса журналистиканың саласы ретінде қарастырушылар да бар. «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» орын тапқан мақаласында Ғ.Доскенов сондай пікір білдіреді: «Көсемсөз - әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы», - деп жазды ол.

Ал, «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта зерттеу жүргізген ғалым Бауыржан Жақып дәл осы аттас кітабында публицистика мен журналистиканың аражігін бірнеше қырынан аша келе, нақты мынадай тұжырымға тоқталады: «Журналистика – белгілі бір қызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал публицистика – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмұны, құрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне әсер ету тәсілдері бар тұтас шығармашылық түрі».

Аталған еңбегінде Бауыржан Өміржанұлы публицистиканың көркем әдебиеттен де өзіндік ерекшеліктері бар екеніне бес түрлі айырмасын айта отырып көз жеткізеді. Сөйтеді де «публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі де сөз өнерінің салалары» деген тұжырым жасайды. Біз зерттеушінің осы ойымен толық келісеміз және оны терең талдап, байыта қорыту керек еді деген пікірдеміз.

Байқап отырғандығымыздай, публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік бар. Оның олай болатын себебі де жоқ емес. Публицистика қоғамдық ойдың қозғаушы күші және қоғамдық өмір шындығының сырлы шежіресі болғандықтан ол туралы толыққанды зерртеу жүргізу кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда мүмкін болмады. Олай еткен күнде қоғам шындығы ашылып қалатын болды. Сол себепті публицистика зерттеушілеріне қатаң партиялық бақылау аясынан шықпай ой түйіндеулеріне тура келді. Публицистикатану ғылымының кенже дамып келе жатқанының негізгі себебі де содан деп білеміз.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.

2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.

3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.

4. Мерзімді баспасөз материалдары.
3-Дәріс Қазақ публицистикасының тарихи негіздері.

Көне түркі жазба ескерткіштері- публицистика бастаулары.

Күлтегін, Тоныкөк, Талас, Енисей ескеткіштеріндегі публицистикалық белгілер айқындалады. Көне жазбаларда нақты өмірде болған оқиғалар, тұтас шайқастар көріністері, жеңіс пен жеңілістер, құлдырау мен өрлеуден тұратын ерте заманғы саяси ахуал бейнеленеді. Сол дәуірлердегі өмірде болған тарихи шындық баяндалатындықтан, бұл ескерткіштерді – алғашқы публицистикалық жазбалар ретінде қарастыруға толық негіз бар. Көне түріктердің қоғамдық саяси өмірі туралы нақты дерек, дәйектердің өмірде болған тарихи тұлғалы адамдардың аттары аталуының өзі – бұл мұраларды публицистикалық жазбаларға жақындата түседі.

Публицистикадағы «факт» терминінің баламасы «оғиға» деген түйіндер айтылып жүр. Күлтегін, Тоныкөк жазбаларындағы публицистикалық белгілердің бірі – «осы оқиғалар» дер едік. Ескерткіштерде бірнеше оқиға бірінен кейін бірі хронологиялық нақтылықпен жалғасын тауып отырады. Онда Бумын қаған, Естеми қаған, Елтеріс қаған, Білге қаған, Күлтегін естеліктері уақыт жағынан кезең-кезеңімен, өмірдегі билік құру уақытымен кезеңдестіріліп баяндалады. Тағы бір назар аударлық жайт Талас және Енисей бойындағы жазбалардың тексі бір-біріне ұқсас келеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.

2. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.

3. Мерзімді баспасөз материалдары.

4. Омаров Қ.Шабыт шалқары . – М., 1986.
4-Дәріс Батырлар жыры- ауызекі публицистика үлгісі.

Қазіргі публицистиканың қайнар көзі жазба әдебиетінен де бұрын пайда болған. Белгілі бір тайпаның көсемі өз сарбаздарының алдында сөйлеп тұрып, оларды ерлік көрсетуге шақырады, батырлық пен батылдықтың нұрын септі, яғни жауынгерлерінің жеңіске деген пікірін қалыптастырды. Елді, жерді қорғауға публицистикалық бастау алған тұстары – сол кездер деп айта аламыз.

Жалпы публицистикалық сарын дегеніміз – екінші сөзбен айтқанда көне замандағы жазылған шығармалардағы публицистикалық белгілер жиынтығы екенін айта кетуіміз керек.

Батырлар жырларында өз елін терең сүю сарыны басым. Мұнда жеке бастың қамынан гөрі әлеуметтік, жалпыхалықтық мүдде алдыңғы шепке шығады. Ел аузынан қараған батырлар сөзі, ойы арқылы батырлар жыры өз кезеңінде қоғамдық пікірді қалыптастырып отырған. Қарапайым халық ішінде белгілі бір елдік мәселелер туралы қоғамдық пікір қалыптастырудың өзі – публицистиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі екендігі белгілі. Орыстың ауыз әдебиетін зерттеуші, академик Б. А. Рыбаковтың: «...жылнамада батырлар жыры да шындық өмір» - деген пікірі ойымыздың дұрыстығына нағыз бастау, бұлақтарының бірі деп батыл айтуға негіз бар.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.

2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.

3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.

4. Мерзімді баспасөз материалдары.
5-Дәріс Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын

Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалық белгі – оның мемлекетті басқару құралына айналғандығы болып табылады.Жыраулар хан сарайы төңірегінде қызмет етті, көпшілігі әскери жорықтарға бірге шығып өз көзімен көрген батырлар ерлігін, хандар һахармандығын, жеңістермен жеңілістерді, қанды шайқастарды суреттеп жырлады, дәуір үнін замана шындығын (ХV-ХІХ ғ.ғ.) жеткізді.

Тақырып бойынша Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетай, Бұқар, Жанақ, Махамбет жырларындағы публицистикалық белгілер сараланады.

Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык сарын атты бөлімшеде заманның толғақты мәселелеріне ел назарын аударып, жақсысын дәріптеп, кемшілігін әшкерелеп бере алған "дала демократиясының" жарқын көрінісінің бірі -• жыраулар поэзиясы зерттеу объектісі болды.

Публицистиканың түп-төркінін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар: "Публицистиканың тарихына тереңінен үңілу бүл қоғамдық-саяси қызметтің тарихын карастыруға апаратын бірден-бір жол. Бүл сөз тарихы, ең алдымен ауызша (астын сызған біз. - Б.Ж.), содан соң негізінен жазбаша сөздің саяси қызметке бағышталған тарихы"[20,24 б.],- деген пікірге тоқтайды. Егер де біз кешегі өткен шешендерді, жыраулар мен айтыс ақындарын халыктың үні мен тілі болған, қоғамдық пікір қалыптастырған, қоғам кемшіліктерін сынға алған өз заманының публицистері болды десек, құлаққа тосын естілуі мүмкін. Бірақ газет-журнал жоқ кезде сол хандык дәуірдің ақикатын елге жеткізіп, халық мүңын ханға жеткізіл отырған сол сахараның саф алтын сөзін пір түткдн түлғалары еді. Олардың кейбіреуі - ел билеушілерін асыра мақтап, дәріптеп, оның саясатын жүрт арасында жүргізуіне бас жәрдемші болса, енді біреулері - қарапайым халықтың жанашыры болып, солардың мақсат - мүддесін жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жүмсады, тіпті үлықтардың әділетсіз, зорлыкшыл, қиянат-шыл әрекеттерін бетіне басып, айтып садды. Тағы бір жыраулар таразының екі басын тең үстауға тырысып, билік өкілдері мен халық арасындағы дәнекерлік, карым-қатынас, байланыс қызметін атқарды. Мүның өзі жыраулар сөзі айтылып қана қоймай, халықты белгілі бір ой төнірегіне топтастырып. белгілі бір істі жүмыла шешуге бағыттап отыратын күшке ие болғандығын айғақтайды. "Бізге дейін жеткен ежелгі мәдениет ескерткіштерінен қазір езіміз публицис-тика терминімен анықтап жүрген дүниені бүгінгі қалыптасқан күйінде таба алмаймыз, бірақ қоғамдық өмірге публицистикалық ықпал ету түрі ерте кезеңдерде де болған, ол ауызекі сөзбен - шешендік өнермен жүзеге асырылған"[21,13 б.],- деген түжырымдар да біздің ойымызды бекіте түседі.

Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалық белгі - оның мемлекетті басқару күралына айналғандығы болып табылады. Жырау-лар - хан сарайы төңірегінде қызмет етті, көпшілігі әскери жорықтар-ға бірге шығып, өз көзімен көрген батырлар ерлігін, хандар қаһарман-дығын, женістер мен жеңілістерді, қавды шайкдстарды суретгеп жырлады.

Диссертацияда Асан қайш, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бүқар, Жанақ, Махамбет жырларын-дағы публицистикалық белгілер сараланды. Аталған жыраулар шығармашылығындағы публицистикалық сарын талдап, таразыланды.

Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын туралы сөз еткенде, мынадай қорытындыға келуге болады:

Біріншіден, жыраулар дөуір үнін, замана шындығын жеткізеді. (XV' - XIX ғ.ғ. тарихи шындық);

Екіншіден, өмірде болған тарихи нақты окиғалардың, сол кездегі саясаттың, коғамдык маңызы зор оқиғалардың көрінісі бола білді. (Қазақ хандығының қүрылуы, қазақ-қалмак шапкыншылықтары, орыс отаршылдығы, үш жүздің ынтымағы, Абылай түсындағы казак хандығының нығаюы, сүлтан, төрелер озбырлығына халық наразылығы, үлт-азаттык көтерілістері, т.б.);

Үшіншіден, жыраулар поэзиясының - мемлекетті басқару құралы, мемлекет идеологиясы деңгейіне көтерілуі;

Төртіншіден, тарихта болған хан, би, сұлтан, төрелердің атқарған ісінің, жетістік, кемшіліктерінің жырлануы (Жәнібек хан, Есім хан, Би Темір, Баймағамбет сүлтан, Жәңгір хан, Абылай хан, Рүстем төре, т.б.);

Бесіншіден, қазақ елінің тұтастығын қорғаған батырлар ерлігіне арналған мадақ, арнау жырлары, жоқтаулардың жазылуы (Орақ, Мамай, Ер Шобан, Қабанбай, Бөгембай, Ер Барақ, Исатай, т.б.);

Алтыншыдан, жыраулар поэзиясында қазақ даласында қазір де бар тарихи жер, су атаулары келтіріледі (Еділ, Жайық, Сарыарка, Ойыл, Жем, Сағыз, Өзен, Арал, Шаған, Қара Ертіс, Алтай, Алатау, Шыңғыс-тау, Баянаула, Абралы, Маңрақ, Сырдария, Балқаш, Нарын, т.б.);

Жетіншіден, өмірде болған көптеген адамдар жайынан деректер келтіріледі (Сүйініш, Бозтуған, Бәке, Бекболат, Жаукашар, Өтеміс, Жақия, Махмут, Қаныкей, т.б.).

Сегізіншіден, жыраулар хан шешімін, жүрт тілегін жеткізіп қана қоймайды, белгілі бір іс-әрекетке жүмылдырады, белгілі бір мәселенін шешімін табуға тырысады (Ынтымақ, бірлікке үндеу, ел корғауға шакыру, орыс отаршылдығынан сақтандыру, азаттық кетерілісіне шақыру, халық мүктажын өтеу т.б.).

Тоғызыншыдан, жыраулар поэзиясында қазіргі публицистиканың дәстүрлі өзегіне айналған сөз қайталау арқылы айтар ойды күшейтіп жеткізу, публицистиканың баяндау төсілі, оқиғаны көзбен көріп бақы-лау аркылы суретгеу әдісі, өмір фактілерін контрасты түрде салыстыра отырып мәселе мәнісін ашу, үгіттеу, насихат айту, сатиралық публицистиканың алғашқы үлгілері, памфлет, репортаж, сүхбат, хат, суреттеме сияқты жанрлардың бастау алар белгілері көрініс табады.

Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык, сарын арқылы біз өткен ата-бабалар өмірінен, олардың әлеуметгік-саяси тіршілігінен сыр тартып. халқы үшін жанын киған батырлар ерлігімен танысамыз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.

2. Мерзімді баспасөз материалдары.

3. Омаров Қ.Шабыт шалқары . – М., 1986.

4. Мұртаза Ш.Смайылов К.Елім саған иайтам, елбасы сен тыңда. – Алматы,1998.

4. Мұқтарұлы С.Шоқан және өнер. – Алматы,1985.

5. Медеубекұлы С.Ақыл.Нақыл.Өсиет. – Алматы, Санат, 1996.
6-Дәріс Шешендік сөзердегі публицистикалық белгілер.

Ғалым М. Балақаев пернелі шешендік сөздерде публицистиканың сөйлеу ретіндегі түрі деп айқын көрсетіп кеткен. Тақырып бойынша шешендік сөздердің дәл осы қыры қарастырылады, Майқы би, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би сияқты шешендердің тарихи шындықты көрсететін асыл сөз маржандарының публицистикалық сипатына мән береді.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.

2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.

3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.

4. Мерзімді баспасөз материалдары.



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет