5В010300-«Педагогика және психология» мамандықтарына «Психология тарихы»



бет1/3
Дата02.05.2016
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Психология – педагогика факультеті

Психология кафедрасы



5В010300-«Педагогика және психология»

мамандықтарына «Психология тарихы» пәні бойынша



Оқу әдістемелік кешен

Семей,2012-2013ж

Құрастырған: психология кафедрасының аға оқытушысы______Адильжанова К.С.

Кафедра мәжілісінде бекітілген: хаттама № 10, 19.06.2012 ж.

Психология кафедрасының меңгерушісі, псх.ғ.к._______Джумажанова Г.К.

Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды: хаттама № 6, 20.06.2012 ж.

Психология-педагогика факультетінің кеңесімен бекітілді:

хаттама № 10, 20.06.2012 ж.

ОӘК төрағасы: __________Есенбекова Г.Ж.
Психология-педагогика факультетінің деканы,

п.ғ.к.доценті: _________ Аубакирова Р.Ж.



Мазмұны:

1.Глоссарий

2.Жұмыс бағдарламасы

3.Дәріс сабақтарының мазмұны

- Тақырыбы;

- дәріс мақсаты;

- негізгі қарастыратын сұрақтар;

- негізгі схема, формаула және т.б. көрнекілітер;

- өзіндік бақылауға сұрақтар;

- әдебиеттер.

4Тәжірибелік сабақтарды жүргізуге әдістемелік нұсқау:

- сабақ тақырыбы;

- сабақ мақсаты;

- тапсырманың негізгі сұрақтары;

- әдістемелік нұсқау;

- әдебиеттер тізімі.

5. Соөж тапсырмалары студенттердің өзіндік жұмыстары және оны орындауға әдістемелік құрал:

- сабақ тақырыбы;

- сабақ мақсаты;

- тапсырмалар, сұрақтар;

- өткізу формасы;

- орындауға әдістемелік нұсқау;

- таратпа материалдар;

- бөліммен тараулары көрсетілген әдебиеттер тізімі.

6. Сөж тапсырмалары студенттердің өзіндік жұмыстары және оны орындауға әдістемелік құрал:

- сабақ тақырыбы;

- сабақ мақсаты;

- тапсырмалар, сұрақтар;

- өткізу формасы;

- орындауға әдістемелік нұсқау;

- бөліммен тараулары көрсетілген әдебиеттер тізімі

7.Бақылау сұрақтары



Глоссарий
Аффект- «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі (сезімі мен эмоциясы) Мәселен қайғырып жылау немесе шаттық сезімі билеген адамның қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффектік жағдайлар.

Әрекет- белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл оймен орындалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.

Бағдарлау реакциясы-жағдайдың өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы тітіркендіргіштерге

Эвристика-грек сөзі, қазақша табамын деген мағына береді.

Пластика-гректің пластикосдеген сөзі, мәнер қалдыру деген мағына береді.

Ассоциация-ассоциатио-латын сөзі, амал деген мағына береді.

Мнемоника-грек сөзі. Жаттау өнері дген мағына береді.

Реминисценция-латынның реминицентиа деген сөзі, еске түсіру деген мағына береді.

Ретроактив- латын сөзі, кері әсер етуші деген мағына береді.

Проактивтік- латын сөзі, ілгері әсер етуші деген мағына береді

Психастения- 1) психикалық элсіздік; 2) ақыл- ойы кем, ақыл- ой мешеулігі.

Психика- (грек рзусһікоз - ішкі сезім, көңіл күй) - объективті шындықты түйсік,

қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.



Психикалық ахуал - ( Психическое состояние) - психикалық процестің

динамикалық керінісін жэне индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан шартты кезі мен көрінісін айқындайтын үғым.



Психикалық детерминизм -(Психический детерминизм) - барлық

психикалық актілер мен көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің күйіне тэуелді дейтін біржақты көзқарас.



Психикалық процестер - (Психические процесы)- адамның миында

болатын және сезімде, қабылдауда, қиялда, зердеде, ойлауда, сөйлеуде үнемі жэне өзгермелі түрғыдан бейнеленетін ішкі өмірлік қызмет процестері.



Психикалық энергия -(Психическая энергия) -психикалық аппарат пен

психикалық көріністің негізін өлшеуге лайықты энергия түрі.



Психогенез - (грек. рзусһе - жан, §епезіз - шығу тегі) - психикалық

қүбылыстардың дүрыс қалыптасқан жэне науқасқа үшыраған көріністерінің бастауын қарастыратын үғым. Психогенез "бүрынғы психикалық процестер кейінгі

бақылаудағы көріністерінің қалыптасуына міндетті түрде ықпал етеді" деген психикалық детерминизм қағидасын негізге алады.

Психогенетика - (псіао ... және грек. §епеіікоз - туылуына, шығу тегіне

жататын) - психикалық және мінез- қүлықтық кейбір құбылыстардың түқымқуалаушылық сипатын жэне олардың генотипке тәуелділігінзерттейтін ғылым саласы.



Психогигиена -(психо... және грек. һу§іепоз - емдік) - дені сау адамдарды

психикалық жүйке ауытқушылығынан, психикалық зақымнан сақтандыруүшін

арнайы көмек көрсететін медициналық психология саласы.

Психодинамика - {психо... жэне грек. сіупатіз - күш) - қарама -карсы бағыттағы

мотивациялық ықпалдан туындайтын ойлану, сезіну, мінез-қүлық қүбылыстарын

түсіндіретін психикалық талдаулық теорияның маңызды саласы.

Психодрама - (психо... жэне грек. сігата - іс- эрекет) - топтық психотерапияның

бір түрі; мүнда пациенттер актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзінде олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін түлғалық мэн-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталады; бүл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, элеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін -өзі неғүрлым тереңірек танып- білу мақсаты көзделеді. Психодрама үғымын жэне процедурасын Д. Морено (АҚШ) үсынып, оны әлеуметтік проблемаларды шешудің бір қүралы деп түсінедірді.



Психоз - (грек. рзусһе - жан) - жеке адамды тоқыраушылыққа үшырататын психикалық қызметтің ауытқушылығы немесе психикалық науқастық.

Психолингвистика - {психо... және франц. Нп^иізіідие < лат Ііп§иа - тіл)-

адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасуы мен бір қалыпты өтуін зертейтін психология мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы.



Психологизм - элеуметтанушылық зерттеу принципі; мүнда әлеуметтік

процестер мен қүбылыстар психологиялықтың туындылары деп сипатталады.



Парадигма - (грек. Paradigma -үлгі) –1) берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезіеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі. Ұғымды енгізген америкалық тарихшы Т.Кун ғылыми пәннің дамуында прпарадигмалық кезең (Парадигма белгіленер алдындағы кезең), Ппарадигма үстемдігі кезеңі, дағдарыс және ғылыми революция кезеңі (парадигмалардың алмасуы, бірінен екіншісіне өту) болады деп пайымдады. Парадигма тұжырымдамасы алға қойған проблемалар (ғылыми пән және оның даму кезеңдері туралы, таным субъектісі ретіндегі ғылыми қауымдастық туралы және т.б.) отандық ғылымда диалектикалық материалистік әдіснама тұрғысында талдап шешілуде; 2) шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория; 3) белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, проблемалар қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық схемасы, моделі.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Дәріс сабағын тындау барысында, психология ғылымының даму тенденциялары, бағыттары және ежелгі кезден бастап қазіргі кезге дейінгі психологиялық ойлардың қалыптасуымен пайда болу тарихы ашылады. Студенттер психологиялық ғылымның алғы шартының қалыптасуының негізгі кезендерімен, негізгі психологиялық пәндердің дамуымен, қазіргі кездегі бағыттарымен, ғылыми мектептермен және психологиялық ғылымның даму тенденциясымен танысады. Семинар сабағында теориялық материал бекітіліп, жүйеленеді. Студенттердің әр-түрлі өзіндік жұмыстары қамтылған: рефераттарды дайындау, әр-түрлі уақыт кезеніндегі психология бойынша ғылыми зерттеу картотекасын құрау, алғашқы әдебиеттерді талдау және қысқаша жазу, әдіснамалық семинарларды, пікірталас және пікір сайысын жүргізу. Негізгі психологиялық курсы бойынша студенттердің білімін ескеруі, материалдарды жоспарлау барысында басқа психологиялық пәндердің мазмұнымен үйлесуін және материалдарды қайталамауына мүмкіндік береді.



« Психология тарихы» пәнін оқытудың мақсаты- психология ғылымының даму тарихын теориялық тұрғыда қарастыру .
«Психология тарихы» пәнін оқытудың міндеті:

Пәннің міндеттері:

-білімнің ғылыми теориялық негіздерімен студенттерді қаруландыру;

-іскерлік қабілеттерін қалыптастыру үшін психо-педагогикалық зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік беру;

-дағды қалыптастыру, кәсіби қарым қатынас дағдыларын қалыптастыру, оқу зерттеу іс  әрекетіне деген дағдыларын қалыптасытыру.



Курсты оқу барысында студенттер мына іскерліктерді меңгерулері тиіс:

- Курсты оқыту процесі, психология ғылымының даму тенденциясы, қазіргі кездегі жағдайы, көзқарастары, психологиялық ойлардың пайда болу процесінің тарихи туралы жан жақты, жүйелі білімді қалыптастыруын қарастырады


Курстың негізгі түсініктері: тарих, даму, үйлесімділік, байланыс, психологиялық идеялар.

Курстың мазмұны




Тақырыптары

Сағаттар

Дәріс

Тәж.

ОСӨЖ

СӨЖ

1

I Бөлім «Ежелгі және орта ғасырдағы психологиялық білімдер»

Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікір

Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар.Ежелгі сақтар түсінігіндегі психика мәселесі.Евроцентризмді сынау.


3

1

2

4,5

2

Антикалық психология. Гераклиттің жан туралы, жалпы заңдары жайлы идеялар. Платонның жан мен таным туралы ілімі.

Аристотельдің жан мен оның құрылымы туралы ілімі.



3

1

2

4,5

3

Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуіріндегі психология.

3

1

2

4,5

4

II Бөлім. Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы.

XVII ғасырдағы Европалық психология

Буржуазиялық дәуірдің жалпы сипаты.

Ф. Бэконның эмпирикалық әдіснаманы негіздеуі.

Р.Декарттың жан құмарлығы туралы ілімі.

Б.Спинозаның таным мен қабілеттілік туралы ілім.



3

1

2

4,5

5

ХVIII ғасырдағы психологияның дамуы.

Англиядағы ассоциативтік психология.

Энциклопедистер адам мен психика туралы.

Д.Дидроның психологиялық көзқарастар.



3

1

2

4,5

6

ХIХ ғасырдағы психологияның дамуы.

И.Гербарттың психологиясы.

Д.Миллидің психологиялық көзқарастары.

ХIХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының психологиялық идеялары.




3

1

2

4,5

7

III Бөлім. Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.

Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи- ғылыми алғышарттары.

Э.Герингтің есту түйсіктері теориялары.

И.М Сеченов психолог ретінде.

В.Вунт және оның психологияның ғылым ретіндегі дамуына қосқан үлесі мен рөлі.


2

1

2

4,5

8

Психологиядағы XIX-XX ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамалар.

Вундт идеясының Америкадағы дамуы.

Ф. Брентаноның психологиялық акт теориясы.

Т. Рибонының психологиялық теориясы.



2

1

2

4,5

9

XIX ғасырдың екінші жартысы мен мен XX ғасырдың басындағы сараптау психологиясының дамуы. Д.М.Кэттелдің психологиялық лабороториясындағы даралық ерекшіліктер, оқу дағдылары, салаларындағы зерттеулер.А.ФЛазурскидің тұлға психологиясына үлесі.

2

1

2

7,5

10

IV Бөлім. Психологияның қазіргі тарихы.

Психологиядағы әлемдік мектептер.(ХХғ.-10-50 жылдары)Психологиядағы дағдарыс.

Бихевиоризмнің психология пәні мен міндеттерін жаңаша түсінуі, ұғынуы. Гештальтпсихологиясы.

В.Дильтей иен Э. Шпрангердің сипаттау психологиясы, оның түсіндірме психологиясына қарсы тұруы З.Фрейдтің психоанализі.А.Адлердің даралық психологиясы.



2

2

2

7,5

11

Марксизм философиясына негізделген кеңес психологиясының қалыптасуы.

Кеңес психологтардың 20-30 жылдардағы жалпы психология саласындағы негізгі жетістікткер.



2

2

1

8,5

12

Соғыс жылдары (1941-45)мен 80-жылдардың ортасына дейінгі кеңес психологиясы. Кеңес психологтарының Жеңіске қосқан патриоттық үлесі.


2

2

1,5

8



Барлығы:

30

15

22,5

67,5



Дәрістердің қысқаша мазмұны
Тақырып 1.Ежелгі шығыстағы психологиялық ой пікірлер.

Мақсаты: Ежелгі шығыстағы психологиялық ой пікірлері жайлы түсінік қалыптастыру.



  1. Ежелгі Шыгыста психологиялық ойдың дамуы.

  2. Дін мен мифологиядагы психологиялық ойлар.

  3. Діни сенімдегі психологиялық әсер етулер.

Психология ерте заманнан келе жатқан гылым саласының бірі. Оның дүниеге тұңгыш келген жері - Греция. Психологиялық ойдың ең алгаш бейнесі мифологиялық тұргыда дамыды. Мифология адамның қауымдық сананың алгашқы қалыптасуының корінісі. Ол ешбір құбылыстың шыгу себебін ашпайды. Мифологиялық козқарасына білімсіздік, аңқаулық, алданушылық, соқыр, наным-сенім кездеседі. Мифология адамзаттың рухани мәдениетінің ең коне формасы. Онда білімнің діни сенімнің бастамасы онер мен адамның қасиеттер бейнеленді. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі жетілмеген біртұтас формасы болып табылады.

Дін - дүниеге козқарастың шындық дүниені бұрмалар, бейнелендіруші формасы. Дін дүниені о дүние және бұл дүние деп болген. О дүние бізден тыс корінбейтін дүние. Ал бұл дүние коріп білуге болатын табигат дүниесі.

Діни сананың негізі - сенім. Дін екі болімнен тұрады.



  1. Диахроника - откен заман туралы айтады.

  2. Синхроника - бүгін және болашақ туралы.

Қолданған әдебиеттер
1.Философия Ә.Х.Тұрынбаев.

2.Философия Досмұхамед Кішібеков.Ұлықпан Сыдықов.

3.История психологии А.Н Ждан.

Ежелгі Грециядагы мифологиямен күрес саласынан “ Дүниеде не 1? ” деген сұрақ туындады. Күлтенгіннің жогарыда коп аспан, томенде қара жер пайда болганнан бері деген созі сын тысқа жазылып 6-гасырдан бүгінге келген, Алла тагаладан Пайгамбарымыз Мұхаммед арқылы берілген.Түнді- жамылгы қылықтың, күндізгі - тіршілікке жараттық, үстіңе жеті қабат кок құрық, жар-қырагын шырақ деген. Қагиданы құран кәрім арқылы мәңгілікке қолданган. Адамзат таңгажайып жаратылыс, оны қарапайым немесе күрделі гылыми тәжірибе арқылы танып білуге болады. Жалпы дүниежүзілік діннің дін үшке болсек хрестиан, будда, ислам. Әр адамның жүрегі о бастан туылысымен-ақ жаратушуның бар екенін сенуге бейімдеген.

Кез келген адамды омірге келісімен озінің ата-анасы туылган ортасына қарай Иуди, христиан немесе отқа табынушы етеді. Елбасымыз: “ Ислам біріктірілген сипаттагы ілім, ислам басқаның сезіміне тозіммен қарауга шақырады. Діннің адамдары бір-біріне қарсы қоятын емес, бір-біріне табыс-тыратын бастауды іздеген абзал ” деген.

Ислам діннің мааңызы мен тәрбиелік мәнін әлемдік деңгейде ой толгаган ұлы тұлганың озі де мойындады.К.Маркс құранды оқып оның тәрбиелік мәніне терең бойлаган.Құранды Гете неміс тілінде, Пушкин орыс тілінде олеңге қосқан.

Психологиялық ойлардың дамуы сол заманда омір сүрген ойшылдың козқарастары мен жаңалықтары негізінде оріс алды. Августин Батыстың шіркеу әкесінің ішінен шыққан 13-гасырдың феодалдық қогамның дамуына орасан зор үлес қосқан негізгі шыгармалары. Исповедь және құдай қаласы туралы. Августин бойынша - құдай ең жогаргы болмыс. Құдайда мәңгілік озгермейтін идеал болады. Олар әлемге тәртіпті орнатады. Адам бүкіл болмысымен құдайга тәуелді дін козқарасты жақтады.

Аквинский реализм багытының окілеті тұтастықтың негізі - сенім мен ақылда деді. Аристотельдің идеясына сүйеніп, мүмкіндік пен шындықты жақтайды. Кез келген зат материямен форманың бірлігі құдайдын бар екенді-гін



  1. Қозгалыс алгашқы қозгалысқа түрткі болган құдай

  2. Себеп, ягни себепсіз ми нәрсе жоқ.Алгашқы себеп ол құдай деді

  3. Мүмкіндік пен шындық. Мүмкіндікті шындыққа айналдырган ол да құдай.

  4. Дүниеде барлыгы әсем, тамаша ол да құдайдың құдіреттілігінен жасалган

  5. Барлық заттар бір-бірімен байланысты ол да құдайдың құдіреттілігі деп біледі.

Қолданған әдебиеттер
1.Философия Ә.Х.Тұрынбаев.

2.Философия Досмұхамед Кішібеков.Ұлықпан Сыдықов.

3.История психологии А.Н Ждан.

Тақырып 2.Антикалық психология

Мақсаты: Антикалық психология жайлы түсінік қалыптастыру.

Біздің заманымыздың басында кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан Геониядағы гректің қала мемлекеті одан соң түстік Италиядағы грек қалаларында сондай-ақ Грецияның өз ішіндегі Афин қаласында антикалық психология дүниеге келді. Бұл кезең ертедегі грек елімен Римде құлдық қоғамның шарықтау кезі еді. Осы кезде мәдениет гректер арасынан поэзия, драматургия, мүсіндеме. Философиялық басқа да мәдениеттің көрнекті өкілдері: Гомер, Аристофан, Геродот, Ксенофон, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель т.б. дүниеге келді. Оның бастамасы Милет қаласынан шыққан. Фалес сауда адамы болған. Ол өз кезінде Вавилон, Египет елдерін аралап, оның даңқы б.э. басындағы 585 ж. Грецияда күн тұтылатынын болжаған және барлық әлемге таралды. Сол үшін ол Египет аңыздарынан «Оракул» көреген деген атақ алған. Фалестің айтуынша барлық заттар судан пайда болған, тіпті жердің өзі де судың бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек деген.

Анаксимандор (610-547 ж.) оның пікірінше дүние негізі афион деген. Дүние пайда болып жойылып жатады. Мәңгі жойылмайтын, өзгермейтін афион. Анаксимандор әлемнің түрлері көп болатынын болжады. Ол қалада да ең алғаш әлем картасын сызды. Глобус жасап, күн сағатын шығарды.

Анаксиман (585-525 ж.) дүниенің негізі ауа деп есептеді. Ауаның қоюлануымен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болды деп топшылады.

Гераклит (535-475 ж.) ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірі бойынша «дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын еш нәрсе жоқ, бәрі ағыста, бәрі өзгерісте». Гераклиттің ойынша дүниедегі барлық құбылыс оттан жаралған. Олай болса жан да оттан тұрады.

Парминит (VI-Vғ.) оның ойынша дүние отпен жерден, яғни заттан тұрған шар. Онда бос кеңістік жоқ. Олай болса еш нәрсе жоқтан пайда болмайды, оны тек оймен тану мүмкін деді.

Сократ (469-399 жж.) гректер арасынан шыққан объективтік идеализмнің негізін салушы. Ол Афиндағы демократиялық құлдық құрылыстың ыдырау кезеңіне сай келді. Сократ үстемдік құрған құл иеленушілердің адамгершілікке жатпайтын сорақылықтарын, олардың сиынған құдайларын сынады. Өйткені бұл кезде Афинадағы бұрын құрылған демократиялық тәртіп бұзылып, үстемдік құрғандар демократиялық аяққа басқан талай заңсыздық, опасыздық әрекет жасап, қылмысқа батқан кезеңді сынады.

Аристотель (384-322 жж.). Аристотель Платонның шәкірті. Атақты Александр Македонскийдің шәкірті. Аристотель объективті идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында енжарлық жасады. Аристотель өмірде идеалист болып өтті. Негізгі еңбектері: «Жан туралы», «Физика», «Метофизика», «Категориялар» деген т.б.

Қолданған әдебиеттер


1.Философия Ә.Х.Тұрынбаев.

2.Философия Досмұхамед Кішібеков.Ұлықпан Сыдықов.

3.История психологии А.Н Ждан.

Тақырып 3. Орта ғасырмен қайта оркендеу дәуіріндегі психология.

Мақсаты: Орта гасырмен қайта оркендеу дәуіріндегі психология жайлы түсінік қалыптастыру.



  1. Орта ғасырлар психологиясы.

  2. Орта Азия халықтарының психологиясы.

1. Орта гасырлар тұсында қогамның рухани омірін барлық салаларында діни бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуында оз әсерін тигізбей қоймады. Орта гасырлы философиядагы негізгі күрес айтыс деп аталган жалпы ұгымдар жалпылама мәселелерді тоңірегінде жалпынып жекеге қатынас жагдайында болды. Философтар екі топқа болініп күресті. Жалпы ұгымдар және нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болган бұл шын мәнінде құдайлармен байланысты деп ужелдеген. Бүкіл тіршіліктің мәні - жаратушы құдай деді. Жалпы ұгымдар реалды омір сүреді. Олардың философиялық багыты реализм деп аталады. Бұл таза объективтік идеалистік багыт болып табылады. Орта гасыр тұсындагы материалистік агымды білдіретін бұл козқарасты ұстанушылар наминалистер деп аталады. ( латын тілін-де - nominos атау деген созден шыққан ).Ойткені бұлар жалпы-ны жоққа шыгарып оны жай атау гана деп жариялаган.

Реалистердің басты окілдері Ф. Аквинский, Хентерверский олардың пікі-рінше жалгыз құдай шын омір сүреді. Дүниеде бар нақты заттар мен құбы-лыстардың бастамасы - Құдай. Демек жеке нәрселердің пайда болуы жара-тушы құдайга байланысты.

Реалистер мен номиналистердің жалпылық жайындагы козқарастарын жұмсатып жақындастыруга тырысқан. Итальяндық философ Ф. Аквинский болған.

Ф. Аквинский ілімінше жалпы идеялар 3 түрлі омір сүреді:

1. « Заттарга дейін » ягни құдайдың ақыл-ойында.

2. « Заттардың оз ішінде » - олардың мәні және формасы жоқ.

3. « Заттардан кейін » ягни абстракциялық ойлардың нәтижесі адамның басында.

XIV гасырда философия мен ғылымда номиналистік козқарас одан әрі дамыды. Оның корнекті окілінің бірі Уилиям Оккон. Ол реализмді батыл санады. Қысқарта айтқанда орта гасырлық философия тұтас алганда идеалистік сипатта болғанымен, бірақ онда да Платонмен Демокриттің ығында күрес жүріп жатты. Ол күрес логикалық терминде болды. Ал XIX гасырдың 2-ші жартысынан бастап Ф. Аквинскийдің діни идеалистік жүйесі католик шіркеуінің ресми философиялық доктринасы номинализм негізін құрды.


  1. Феодализм дәуірінде цивализацияның бір ошагы болган Орта Азияда Хорезми(IX гасырдың басы),Фараби (870-950)жылдар шамасында, Ибн-Сина, Омар Хайам деген ойшылдар омір сүрген. Қазақ жерінен оның ішінде отырар аласынан шыққан математик, әрі философ Фараби Аристотельдің шыгармаларын жетік білді. Орта гасырдың коптеген ойшылдары сияқты ол да дүниенің бастапқы жаратушысы - құдай деп есептеген. Танымның козі сезім мүшелері ақыл-ой тұжырымы деп санады. Алгашқы тікелей танып білудің құралы. Ал кейінгісінің комегімен заттардың мәнін білеміз. Фараби-дің математикалық трактаттары, философиялық трактаттары, логикалық трактаттары, этикалық тракттаттары және т.б. шыгармалары орыс және қазақ тілінде жарық корді. Феодалдық Орта Азияның аса корнекті галымы әрі философы бұқаралық Ибн-Сина есімінен таралган. Ұлы энциклопедист галымдарының бірі. Ол айналыспаган ғылым саласы кем де кем. Медицина саласында Ибн-Синаның еңбегі дәрігерлік ғылымның қагидалары Медици-налық білімнің шын мәніндегі энциклопедиясы.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет