5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін «Корпоративтік қаржы» пәнінің оқу-әдістемелік жинағы



жүктеу 1.45 Mb.
бет4/7
Дата17.04.2016
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Бақылау жұмысының сұрақтары


1. Корпорацияның айналымнан тыс активтерін басқару: мақсаттары және мазмұны.

2. Айналымнан тыс активтердің құрамы және құрылымы

3. Негізгі капитал құнын бағалау

4. Негізгі қорларды қайта бағалаудың мәні

5. Капиталдық салымдар негізгі капитал өндірісінің әдісі ретінде

6. Инвестиция түрлері.


Әдістемелік нұсқаулар: міндетті түрде заңды осы курс бойынша базалық әдебиетті қолдану керек, сабақ сұрақтары ауызша сұрауға арналған, бақылау жұмысының сұрақтарын жазбаша түрде практикалық сабаққа арналған дәптерге жазу керек.
Тапсырмалар

1. Негізгі қорлардың орта жылдық құнын анықтаңыз, кезең басындағы қорлардың құны 700 000 теңге, 2 тоқсанда 40 000 теңгеге негізгі қорлар шығып қалды, ал үшінші тоқсанда 80 000 теңгеге түсті.

2. Амортизация нормасын анықта, мұндағы құралдың алғашқы құны 850 000 теңге, өтімділік құны 70 000 теңге, пайдалану мерзімі жыл. Құралдық құны біркелкі шығарылады.

3. Негізгі қорлардың орта жылдық құнын анықта, мұндағы кезең басындағы қорлардың құны 200 000 теңге, ал мамырда 50 000 теңге түсті, қарашада 45 000 т. шығып қалды.

4. Есептеңіз:

а) Амортизациялық бөлулер сомасын

б) Мәліметтер бойынша жыл ішіндегі тозу сомасын:

- негізгі өндірістік қорлардың алғашқы құны, жыл басына базистік бағамен – 25 477 000 теңге, толық амортизацияланған – 894 000 теңге.

- негізгі өндірістік қорлардың жобалық енуі есепті жылдың наурызында – 4567 000 теңге, қыркүйекте – 6 600 000.

- қайта бағалау коэфициенті жыл басына -1,01

- негізгі өндірістік қорларды категориялар бойынша бөлу:

1 категория – 15 %, 11 категория – 35%, 11 категория - 20%.

- категориялар бойынша амортизациялық бөлулердің жылдық нормасын:

1 - 5%, 11-25%, 14-15%.

- өндірістік емес бағыттағы негізгі қорлардың тозу нормасы – жылына 15%.

5. Негізгі қорлардың орта жылдық құнын анықтаңыз, егер кезең басына қорлар құны 600 000 теңге, 1 тоқсанда 60 000 теңге негізгі қорлар түсті, 4 тоқсанда 150 000 теңге болса.

6. Құраладар бойынша амортизациялық бөлулер нормасын анықтыңыз. Оның алғашқы құны 1200 000 теңге, жыл сайынғы амортизациялық бөлулер 400 000 теңге екені белгілі.

Әдістемелік нұсқаулар: міндетті түрде заңды-нормативті базаны жаттау және осы курс бойынша базалық әдебиетті қолдану керек, сабақ сұрақтары ауызша сұрауға арналған, бақылау жұмысының сұрақтарын жазбаша түрде практикалық сабаққа арналған дәптерге жазу керек.


Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. А., 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий Учебное пособие М 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


Тақырып 4. Корпорациялардың айналым капиталы
Сабақтың мақсаты: айналым қорлардың экономикалық негізін білу қажет, оның құрамын, құрылымын және кәсіпорындағы айналымдылығын, айналым қорлардың әртүрлі элементтерді нормалауды жүргізуді үйрену.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтақтың мазмұны:

1. Корпорацияның айналым капиталын басқару: мақсаты және мазмұны.

2. Компанияның айналым капиталына оптималды қажеттілігін анытау.

3. Айналым капиталдың қалыптасу қайнар көздері.

4. Меншікті айналым капитал.

5. Айналым капиталдың өсімі.

6. Айналым қорлардың айналымдардың көрсеткіштерін есептеу және бағалау

7. Корпорацияның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың жолдары.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар: оңай сатылатын бағалы қағаздар портфелін құру ерекшеліктері мен қағидалары

  2. Айналым капитал қолданудың экономикалық тиімділігі және оның компанияның қаржылық жағдайына әсері.

  3. Корпорациялардың айналым активтердегі қажетін анықтау

  4. Кәсіпорынның айналым активтері: құрылуы, ұйымдастырылуы және айналыс капиталын басқару саясаты

  5. Корпорациялардың айналым активтерін қаржыландыру көздері және оларды қолдану тиімділігін арттыру жолдары

  6. Ақшалай қаржылар және кәсіпорындағы есептесулерді ұйымдастыру

  7. Факторинг-корпорациялардың айналыс құралдарын несиелендіру әдістерінің бірі ретінде

  8. Корпорациялардың өндірістік қорларын басқару

  9. Компанияның меншікті айналым капиталы

  10. Айналым капиталының қолданылуының экономикалық тиімділігі және оның компанияның қаржылық жағдайына әсері


Бақылау жұмысының сұрақтары

1. Айналым капиталының негізгі, мәні және жіктелуі

2. Айналым капиталды ұйымдастырудың принциптері

3. Айналым капиталға қажеттілікті есептеудің әдістемесі

4. Айналым қорларды нормалау әдістері, норма және норматив түсінігі

5. Айналым капиталдың айналымдылығының көрсеткіштерін есептеу және бағалау

6. Компанияның өзгерістік запастары: қалыптасу саясаты және пайдалану қайнар көздері

7. Корпорацияның ақша қорлары, олардың түсу және шығу бағыттары

8. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар: бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру ерекшеліктері және принциптері

9. Айналым капиталды пайдаланудың экономикалық тиімділігі және оның компанияның қаржылық жағдайына әсері


Әдістемелік нұсқаулар: міндетті түрде заңды осы курс бойынша базалық әдебиетті қолдану керек, сабақ сұрақтары ауызша сұрауға арналған, бақылау жұмысының сұрақтарын жазбаша түрде практикалық сабаққа арналған дәптерге жазу керек.
Тапсырмалар

1. Келесі мәліметтер негізінде жоспарланған жылға сатып алынған жартылай фабрикаттар, материалдар және шикізаттар бойынша айнымалы қорлардың нормативін анықтаңыз.



Материалдар

Көліктік қор күнмен

Дайындалған қор күнмен

Ағымдағы қор күнмен

Сақтандыру қор күнмен

А

Б


2

1


1

0,5








Материалдар тең түрде шығындалады және жеткізулер күнделікті жүзеге асырылады. А материал бойынша тоқсанына – 6 рет, ал Б бойынша – 5 рет. Базистік тоқсанда А материал бойынша шығындар 270 мың теңгені, Б материалы бойыша 360 мың теңгені құрады. Жеткізу – қамтамасыз ету нүктелері жоқ.

2. Есепті кезеңдегі аяқталмаған өндірістегі айналым қорларының нормативтік келесі мәліметтер бойынша есептеңіз.

Өнім топтары

Өндірістік циклдық ұзақтығы, күнмен

Жалпы көлемдегі топтың шекті мөлшері %

1

8

30

2

10

70

Базистік тоқсандағы өнімді шығару 810 000 еңгені құрады. Шығындардың өсу коэффициенті – 0,8, ал тамызда 60 000 теңгеге негізгі құралдар шықты.

3. Қор табысының негізгі қорлардың төмендеуінен пайда болған өнім өндірісінің өсуін анықта. Егер, базистік кезеңде өнім өндіру-300 мың тг. құраса, негізгі қорлардың құны-60мың тг., есептік кезеңде өнім өндіру-400мың тг, негізгі қорлардың құны-90мың тг.

4. Шығындар өсімінің коэффициентін анықта. Бір уақыттылы шығындар 30 000теңгені, кезекті 80 000теңгені құрайды.

5. Аяқталмаған өндіріс бойынша есепті кезеңдегі айналым қорлардың нормативтігін анықта, келесі мәліметтер бойынша:

Өнімнің тобы

Өндірістік циклдық ұзақтығы, күнмен

Жалпы көлемдегі топтың шекті көлемі %

1

7

40

2

9

60

Базистік кезеңдегі өнімді шығару 710 000 теңгені құрайды. Шығындардың өсу коэффициенті 0,7.


6. Келесі мәліметтер негізінде жоспарланған жылға сатып алынған жар

тылай фабрикаттар, материалдар және шикізаттар бойынша айнымалы қорлардың нормативтін анықтаңыз.



Материалдар


Көліктің қор күнмен

Дайындалған қор күнмен

Ағымдағы қор күнмен

Сақтандыру қор күнмен

А

4

2







Б

3

1






Материалдар тең түрде шығындалады және жеткізушілері күнделікті жүзеге асырылады, А материал бойынша тоқсанына 6 рет , ал Б бойынша -5 рет. Базистік тоқсанда А материал бойынша шығындар 370 мың теңгені , Б материалы бойынша 520 мың теңгені құрады. Жеткізу – қамтамасыз ету нүктелері жоқ.

7. Ағымдағы активтердің мөлшерін анықтаңыз. Мұндағы:

- материал және шикізат қоры 15 000 теңге

- аяқталмаған өндіріс – 10 000теңге

- дайын өнім – 30 000теңге

- дебиторлық қарыз – 40 000теңге

- несиелік қарыз – 30 000теңге

- банктің қысқа мерзімді несиелері – 25 000теңге

- ақша қаражаттары – 35 000теңге

8. Айналым капиталының айналым санын және айналымдылық ұзақтылығын анықтаңыз. Табыс – 360 000 теңге, айналым капиталы – 90 000 теңге. Есепті кезең – 90.

9. Жоспарланған кезеңге дайын өнім бойынша айналым қорларының нормативін анықтаңыз, келесі мәліметтер негізінде.



Өнім тобы

Ассортимент бойынша таңдау күнмен

Жинақтау күнмен

Талдау күнмен

Түсіру күнмен

Шекті көлемі %

I

1

0,5

1

1

40

II

2

0,5

0,5

2

60

Базистік жылдың 4 тоқсанында өнімді өткізу 180 000 теңгені құрады.

10. Келесі мәліметтер бойынша операциялық циклдық ұзақтығын есептеңіз:

- табыстың жылдық мөлшері – 360 млн. теңге

- дебиторлық қарыздылықтың орта жылдық қалдығы – 30 млн. теңге.

- қорлардың орта жылдық көлемі – 50 млн. теңге.

11. Барлық белгілі әдістер бойынша кәсіпорынның меншікті айналым қорларының көлемін анықта, келесі мәліметтер бойынша:



Көрсеткіштер

Көлемі мың теңге

1. ТМЗ

1050

2. Жанармай

200

3. Аяқталмаған өндіріс

820

4. Қоймадағы дайын өнім

2200

5. Дебиторлық қарыздық

3100

6. Несиелік қарыз

2050

7. Негізгі қорлар

5230

8. Материалдық емес активтер

234

9. Есепті шот




10. Жарғылық капитал

1000

11.Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы

3964

12. Ұзақ мерзімді несиелер

4000

13. Келешек кезең табыстары

2000

14. Келешек шығындар және төлемдер

340

12. Негізгі өндірістік қорлардың қор қайырымдылығын төмендету есебінен өнімді шығарудың өсімін анықта. Егер базистік кезеңде өнімді шығару 500 000 теңгені құрады, мұндағы негізгі қорлардың құны 80 000 теңге, ал есепті кезеңде негізгі қорлардың құны 70 000 теңге болғанда өнімді шығару сәйкесінше 700 000 теңгені құраса.


Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник – Алматы , 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий Учебное пособие М 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


Тақырып 5. Корпорация өнімін өндіруге және өткізуге шығындар және оларды қаржыландыру.
Сабақтың мақсаты: өнімнің өзіндік құнының теориялық негізімен танысу, өндірістегі және кәсіпорынның өнімін өткізумен байланысты шығындар сметасын есептеуді үйрену.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.



Сабақтың мазмұны:

1. Өндіріске және өнімді, қызмет көрсетуді өткізумен байланысты шығындар мәні және құрылымы.

2. Өндіріске және өнімді, қызмет көрсетуді өткізудің шығындар сметасы.

3 Тауарды шығару және өнімді өткізу бойынша шығындарды жоспарлау.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Өзіндік құнның құрамы мен құрылымының салалық ерекшеліктері

  2. Шығындар деңгейінің көрсеткіштері, оларды азайту қорлары мен жолдары

  3. Өнімді өндіру мен сату шығындарын қаржылық жопарлау және бақылау

  4. Өнімді өндіру мен сату шығындары және басқа да шығындар

  5. Өнімді өндіру мен сату шығындарының сметасы

  6. Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құнын анықтау





1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет