5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «несие ісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 1.02 Mb.
бет1/5
Дата25.04.2016
өлшемі1.02 Mb.
  1   2   3   4   5
: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-4.1.- 60/03-2014



«Несие ісі» пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер

Баспа № 1 11.09.2014ж.


5В050900 «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

«НЕСИЕ ІСІ » ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР

Семей

2014


Мазмұны


1.

Глоссарий




2.

Дәрістер




3.

Практикалық сабақтар




4.

Оқушылардың өздік жұмыстары





1.ГЛОССАРИЙ
Акция – иеленушінің акционерлік коғамда өзінің меншікті қаражаттардың бөлігімен иелену құқығы

Ақша активтер – жеке және заңды тұлғалардан ақша сомаларды алу құқығы.Бұл банктегі дипозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, зайымдар ж.т.б.

Валюта – бұ біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері мен төлем құралы.

Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.

Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсатына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шаралары.

Дивиденд – акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

Дисконт – қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және зхаңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Домицилиант – векселде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, векселде делдал ретінде қатысатын банк.

Депозиттік сертификат – бұл салым иесіне белгілі бір мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығын куәләндыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Диверсификациялау – тәуекелді төмендету құралы. Егер капитал әр түрлі бағалы қағаздар арасында таратылатын болса онда тәуекелдер төмендейді. Бағалы қағаздар қоржынына облигацияларды, артықшылығы бар және жай акцияларды кіргізу жөн – мұндайды бағалы қағаздардың түрлері бойынша диверсификациялау деп атайды. Диверсификациялау экономиканың салалары, аймақтары, мемлекеттер және мерзім бойынша айырылады.

Банк ресурстары – бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастырылуға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға бөлулерлен кейін қалған банк пайдасының бір бөлігі.

Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Қарыз міндеттемелер – инвестор (несиегер) және осы құжатты шығарған тұлға (несие алушы) арасында зайымды дәлелдейтін құжат. Қарыз міндеттемелерге облигацияларды, мемлекеттік зайымдарды, банктердің депозиттік және сақтандыру сертификаттарды, вексельдерді жатқызады.

Қарыз бағалы қағаздар – пайыз түрінде табысты алу айырбасқа қарызға берілген қаражаттарды дәлелдейтін және қарыз алушының белгіленген уақытта қарызды қайтарып беру міндеттемесін көрсететін бағалы қағаздар.

Инвестициялар- көбейту немесе құның сақтау мақсатымен экономиканың әр түрлі салаларына салынатын ұзақмерзімді капитал салымдары.

Инвестор-инвестициялық қызметті асыратың жеке немесе заңды тұлға.

Инновациялар - ғылым, техника, технологияны еңгізу негізімен негізгі капиталды (өндірістік қорларды) немесе өндірілген өнімді жаңарту.

Ипотекалық несие –бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.б.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

Қаржы-несиелік саясаты – ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық реттеу әдістерінен тұратын мемлекеттің саясаты.

Қаржылық салымдар - бұл бағалы қағаздарды сатып алу, яғни инвестициялық қоржының құрау. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар, олардың атқаратың мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші ролге ие болып отырған меншікті инвестициялар. Жалпы, қаржылық инвестициялар дегеніміз несие-қаржы қызметі болып табылады, сондай-ақ несие мекемелеріне (банкілерге) сақтауға тапсырылатың ақша сомасы, қаржы мекемелеріне сақтауға тапсырылатың бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар) және депозиттік салымдар.

Коммерциялық банк – бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын және қолма қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты.

Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюта-

ларына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.



Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.

Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығаруымен немесе өзін өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.

Дисконталған таза пайда –бастапқы уақытқа келтірілген барлық мерзім бойынша есептелген ағымдағы тиімділіктін сомасы.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндірістке, саудаға, қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Мерзімді депозит – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Пайыз тәуекелі – берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлемелерінен тартылған қаражаттарп бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.



Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

2 ДӘРІСТЕР – мақсаты болып ұсынылатын пән теориялық сұрақтарын ұстамды нысанда қарастыру табылатын оқу сабағының нысаны.


Модуль 1. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қазіргі жағдайы
Тақырып 1. Кіріспе «Несие ісі» пәнінің құрылымы және мазмұны
1.«Несие ісі» курсынын пәні, құрылымы, міндеттері, оның басқа банктік сала пәндерімен өзара байланысы.

2. Курс құылымы оның ерекшеліктері мен сипаты.


Тақырып 2. Несиелік жүйе және оның элементері

1.Несиелендіру обьектісі және несиелік қатынастардың субьектісі.

2.Банктік несиелендірудің жіктелуі.

3.Банктік несиелердің принциптері.

4.Несиелендіру әдістері.
1.Несиелеу субъектілері мен объектілері.
Несие қүрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан түрады. Мүндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады.

Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталык және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық үйымдар, сондай-ақ халықаралык қаржы үйымдары да жатады.

Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатыңа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке түлғалар жатады.

Несиелеу объектісі — бүл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Несиелеу объектісі материалды қүндылыңтар, өндіріс және ай-налыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық үйымның міндеттемесі ретінде де болады.

Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер жәые басқа да материалды қүндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда үйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мүндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байлаиысты.

Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке түлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, қүралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Үзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге белінеді:



  • өндіріс объектілерінің құрылысы;

  • өндіріс объектілерін қайта қүру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;

  • техникалар, қүрал-жабдықтар және көлік қүралдарын сатып алу;

■ жана өнім шығаруды үйымдастыру,

өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.


2. Әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызылады.

Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарлады өткізуді жылдамдату.

Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі – тауарлардың ұдайы жеткізуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.

Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің рөлі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.

Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.

Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді( атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте векселді қаншалықты есептеуге алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің рөлін төмендетеді.

Банктік несие – бұл банктердің арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез-келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады.

Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражаттарды өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді.

Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме ретінде көрінеді.

Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемдң кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің де көлемі өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұранс өседі, екінші жағынан тұрғындарды несиелеудің өсуітөлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсірісе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.

70-жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиенің бұл түрінің мақсаты – клиенттерді жоғальпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.

Сондай-ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-пен Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «дербес несиелер» деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады,бірақ олардың тауарларды қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар.

Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.

Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір қызметтерді алу үшін (мысалы, туристтік сапарларды төлеу) кезінде пайдаланылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады. Әдетте дербес несиенің соммасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтеу мерзімі 36 ай.

Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей-кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті табылады.

Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.

Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен тұрғын үй сатып алуға, осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланады.

Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірісті ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.

Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекеттік және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жинағы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп отырады.

Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайырымдылыық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.

Несиенің келесі бір түрі бұл – ауылшаруашылық несиесі. Енді қазіргі жағдайда ауылшаруашылығын дамытудың бір жолы – ол коммерциялық банк арқылы ауылшаруашылығына несиелендіруді ұйымдастыру. Қазіргі таңда ауылшаруашылығының саласына қарай несиені ұсынуда, бұл салада келесідей жетіспеушілік туындайды:


  • Капитал көлемінің жетіспеуіне байланысты, ауылшаруашылық кәсіпорындарды өнім өндіруді өздігінен ұйымдастыра алмайды;

  • Нарықтық экономикада өнім сапасын жоғарлату;

  • Жыл мезгіліне егіншілік, мал шаруашылығының табиғи климиттық факторларға тәуелді болуы;

Сондықтан ауылшаруашылығының осындай бағытына қарай банктер ипотекалық несие мен лизинг несиесін ұсынады.

Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.

Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.

Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:

Мерзімдері бойынша:


  1. қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

  2. орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);

  3. ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);

несиелеу объектілері бойынша:

  1. негізгі қорларға берілетін несие;

  2. айналым қорларына берілетін несие;

несиелеу әдістері бойынша:

  1. қалдық бойынша несиелеу;

  2. айналым бойынша несиелеу;

Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарына айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.

Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:



  1. несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық;

  2. экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауды операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық – кез-келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвистициялау);

  3. несие субъектілері бойынша: қысқа, орта, ұзақ мерзімді;

Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:

  • аукциондық – Ұлттық банктің ақша-несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде,республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;

  • ломбардтық – Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;

  • бюджеттік – Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несие;

Қазіргі несиелеу жүйесі қарьіз алушының несиелік қабілетін аньқтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл коммерциялың банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

Экономикалың түсініктегі «механизм» белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға қойлатын қүралды білдіреді. Бүл мағынасында «механизм» терміні басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оныц мәні экономикалық оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталаты басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету лазмүнымен байланысты болып келеді.

Несиелік механизм — нарытык, к,атынастарга сай экономиканың, тиімді дамуын к,амтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу приниптерінен, несилеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан туратын экономикалык, механизмнін күрамдас бөлігі

Қазіргі несиелік механизм экономикалык механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін ңақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтың экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және қүрылымы бойынша объективті сипатыңа ие. Олай болмаса несилік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.

Несиелік механизм несиелеуді экономикалық үйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мүндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды үйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.

(Несиелік механизмге несиенің мазмүны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жаңын немесе оның үстінде қалыптасады.

Берілген несиелік механизм түжырымы бүл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы түрады. Осы түрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмүнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді.

Кез келген экономикалық механизм өзара байланысңан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан түра ды.

( Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай қүрылымдық элементтері болады:



  • несиенің, түрлері;

  • несиелеу объектілсрі;

  • несиелеу субъекпплері;

  • несиелеу әдістері;

  • несиелеу процессі (несиелеу механизмі);
    ■ несиелеу принциптері;


  • несиелік тәуекелді баск,ару;

Банктік несиенің түрлері


Несиенін түрі бүл несиелік к,атына тар к,үрыдымылык, олардын неіізгі к,ызметтерінін, яғни әр алуан сыртк,ы және ішкі өзгерістер барысында толык, сақталатын көрінісі.

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалаи өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.

Коммерциялың банктер өздерінің клиетітері әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

/. қарыз алушылар категорияларына қарай:



1. Қаржылық, институттарга берілетін несиелер:

-мақсатты қорларға;

-банктерге;

-қаржы-несие мекемелеріне.



2. Қаржылык, емес агенттерге берілетін несиелер:

-өнеркәсіп салаларына;

-ауыл шаруашылығына;

-саудаға;

-дайындау үйымдарына;

-жабдыңтау-сату үйымдарына;

-кооперативтерге;

-жеке кәсіпкерлерге.



3. Түтыну мқсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне к,арай:


- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

-орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);

-үзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

///. Тагайындалуы және пайдалану сипатына қарай:



-негізгі қорларға жүмсалатын;

-айналым қаражатына жүмсалатын.



IV. қамтамасыз ету дәрежесте к^арай:

1. қамтамасыз етілген:

- кепілхатпен,

- кепілдемемен;

- кепілдікпен.


  1. Сак,тандырылган.

  2. қамтамасыз етілмеген:

- сенім (бланктік)несиесі.

V. қайтарылу дәрежесіне к,арай:

1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ
қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2) Күмэнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген,мерзімі үзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес,
күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

3) Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі
өткен несиелер шотына жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне к,арай:

- үлттық валютамен;

- шетел валютасымен.



VII. Берілу шартына к,арай:

  1. Түтыну несиесі бүл жеке түлгаларга түтыну тауарларын сатып алу үшін және түрмыстык қызметтерді өтеуге берілетін нссие.

  2. Ипотекалык, несие — бүл қозгалмайтын мүліктерді (түрғын үйді, өндіріс гимараттарын, жерді жэне т.с.с.) кепілге ала отырып, үзак, мерзме берілетін несиені білдіреді.

Овердравт несиесі — клиенттін шотынан к,аражатты шегеру, дебеттік к,алдык, бойынша берілетін қыск,амерзімді

4. Овсрнайт несиесі — өтімділікті к,олдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралык, несиенің түрі.



  1. Онколъдык, несие — кредитордын алгашк,ы талабы бойынша өтелегін к,ыск,а мерзімді несие.

  2. Банкаралык, несие ~ банктердін бір-бірне беретін несиесі.

  3. Ломбардтык, несиесі ~ тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы кағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

  4. Лизингтік несие к,үрал-жабдыктарды жалға алумен байланысты берілетін несие.

  5. Рамбурстык, нссие шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдсрді сыртка шыгару тэжірибесінде пайдаланылатын несие.

10. Сенім несиесі - банктін сеніміне кірген, төлем к,абілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

11. Маусымдык, несие жабдьқтаушынын к,аржыладыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындагы уақыт


бойынша алшак,тыкты жабуга арналган несие.

12. Консорциалдык, несие — ірі жобаларды несиелеумак,сатында банктердін өзара к,осылып беретін несиелері.


3. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері
Несиеулеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру' облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды үйымдастыру принциптері екі топка (бөлінеді:

/ топқа — жалпы экономикалык, Тәртіптегі принциптер:

■ несиенің мақсаттылығы;

• несиенің дифференциалдығы.

// топк,а — несиенін мәнін бейнелейтін принциптер:

несиенің мерзімділігі;

• иесиенің қайтарымдылығы;

несиенің төлемділігі;

• несиенің қамтамасыз етілуі.

Қазіргі несиенің дифференциалдық припципінің мазмүны өзгерген десе болады.

Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипатайтын қөрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады.

Екіншіден, бүл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ре-сурстарға деген сүранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сүралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жүмсалу үзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.

Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылың принципі туындайды.

Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. қайтарылмайтын несие болмайды. Сондыңтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруашылықтың нарыңтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бүл принципіне ерекше мән берілген.

Біріншіден, оның сақталуына байланысты үдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірңалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді.

Екіншіден, бүл принципті сақтау коммерциялың банктердің өтімділігін ңам-тамасыз ету үшін қажет. Олардың жүмысын үйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жүмсалымдарға салынуына жол бермейді.

Үшіншіден, әр жекелеген қарыз аулушы үшін бүл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.



Несиенін төлемділғі — бүл несие беруші қарыз алушыга берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп

қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылың несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі түсында несие үшін сыйақы мәлшерлемесі несиеге деген сүраныс пен үсыныс негізінде қалыптасады.


4. Несиелеу әдістері
Несиелеу әдістері» — несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шсңберіне қатынасу тәсілдері.

Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандың банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған:



  • к,алдык, бойынша;

  • айналым бойынша.

К,алдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиеленетін қүндылықтар қалдыңтарымен тығыз байланысты болды. Ондай қүндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды қүндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сүраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті.

Мүндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені, несие шаруашылық органдардың қүндылыңтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жүмсалған меншікті қаражаттары-ның орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар бойынша берілді. Сондай-ақ бүл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылды.



Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық қүндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және жүмсалуына байланысты анықталады. Бүл несиелеу әдісінде жаңа несиенің берілуі мен бүрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша үштасып қалып отырды. Мүнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы. заемдың қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған.

Бүл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.

Демек, бірінші әдіс бірақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі, банктік несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын үйымдастыруда оның рөлі арта түсті.

Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтуімен байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден (қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да) біртүтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге етудің объективті процесі аяқталды.

Мұнда айналым бонынша несиелеу жиынтың қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ мүндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді.

К,азіргі жағдайда мүндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, қүрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау-сату үйымдары несиеленеді.

Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:



  • айналым бойынша несиелеу әдістері;

  • к,алдык бойынша несиелеу әдістері;
    айналым-қалдъщтык,.

Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті үлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бүл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бүл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе үлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.

Қалдык, бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды қүндылыңтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты.

Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті қүндылықтарды өзінің қаржылай көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз өте отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарын өтейді.

Несие бүл жағдайда тауарлы-материалды қүндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, ком-пенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді.

К,алдың бойынша несиелеуде-несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.

Айналым және қалдьқ бойынша несиелеудің іс жүзінде үштасуының нәтижесінде айналым-к,алдықтық әдісі түзіледі.

Мүндағы бірінші кезеңде, несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген не-сие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды қүндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.

Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынадай екі әдісі белгілі: бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатты қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бүл әдіс несиелерді нақты бір мерзімге, яғни мерзімді несиелерді беру барысында қолданылады.

Екінші әдіс барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын ала белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бүл несиелеу шегі оларға белгілі бір мерзім аралығында төлем ңүжаттарын банкке төлеуге көрсету жолымен қажеттілік шараларына байланысты пайдаланылады.

Несие берудің мүндай формасын несиелік желіні ашу деп

атайды.


Несиелік желі келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде к,арыз алушыга несие беріп отыратындыгы заңдастырылган, ягни банктің қарыз алушы алдындагы міндеттемесі.

Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз алушының арасында жасалынған несиелік келісімшартқа сәйкес, кез келген есеп айырысу қүжаттарын төлеуге болады.

Несиелік желі көбіне бір жылға ғана ашылады, бірақ кейде одан да қысңа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіссөздер жүргізбей-ақ және ешңандай бланк толтырусыз несие ала алады.

Бірақ банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген шек көлемінде несие беруге келіспеу қүқығы сақталады. Белгіденген тәртіп бойынша, несиелік желі түрақты қ,аржылық жағдайы және жақсы ресурстары бар клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы да мүмкін.

I Несиелік желінің жанартылатын және жанартылмайтын түрлері болады. Жаңартылмайт.ын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады. Жаңартылатын несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі.

Несиелік желі, сол сияқты, мақсатты да болуы мүмкін, Мүндай мақсатты несиелік желі клиенттің бір келісімшарт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеуі үшін ашылады.

Жаңартылатын несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналымы бойынша несиелеу әдісіне көбірек үқсастығы да болады. Бірақ та олардың арасында айырмашылықтар бар. Сөйтіп, шетелдік банктер несиелік желіні тек бірінші кластық қарыз алушыларға ғана ашады, ал біздің коммерциялық банктерде ондай клиенттерді бөліп жатпайды.

Сонымен қатар, несиелеу шегін анықтау тәсілдері де әр түрлі, сол сияқты өлшенбейтін төлемдер көлеміне байланысты ажыратады. Бізде ол біршама маңызды. Мүндай кемшіліктер жаңа коммерциялың қүрылымдарға несиелік желі ашуға болмайды. Бірақ та, мүндай клиенттерді несиелеудің басты әдісі — әр жекелеген несиелерді беру барысында қарапайым көзңараста болу болып табылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиелік объектісі, субъектісі дегеніміз не?

2. Несиелік принциптеріне не жатады?

3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?

4.Несиелер қалай жіктеледі?

5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?

6.Несиелеу түрлерін ата?

7. Несиелеу әдістеріне не жатады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет