5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «несие ісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет3/5
Дата25.04.2016
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5

І X Р X П

----------------

360 х 100

мүндағы:

і — сыйақы мөлшері;

Р — қарыз қалдығы;

п — сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;

I ~ несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы мынадай: i

I= P*(1+------)n-1

1200


мүндағы:

і — сыйақы мөлшерлемесі;

Р — несиенің бастапқы сомасы;

I — несиенің барлық мерзіміне есептетін сыйақы сомасы;

п — аймен берілген несиенің үзақтығы.

Несиелеудің келесі бір принципі — берілетін несиелердің материалдқ, жагынан қамтамасыз етілуі. Бүл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бүл принциптің мазмүны толығымен өзгерген.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиелік саясат дегеніміз не?

2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?

3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?

4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?

5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.
Тақырып 5. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты.
1.Несиелік саясаттың экономикалық мазмұны.

2.Банктің несиелік саясаты және оның құрамдас бөліктері.

3.Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар және олардың депозиттік саясатпен байланысы.
1.Несиелік саясат банктің несиелік жумысы ұймдастыру негізін және несилеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Кең мағынасында, несилік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

Тар мағысында, несиелік саясатө бұл несиелік процесті ұймдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Несиелік саясат банктің несилік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұймдастыру негізін және несилеу процесін қалыптастыруға қажетті ңүжаттар жүйесін (үйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.

Ж алпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:



  • нүсңаулық емес, яғни директивті нүсқауларды қамтиды;

  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анық-
    тауға мүмкіндік береді;

  • нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін
    қамтиды;

  • оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен
    нүсқаулықтарды қамтитын қүжаттардан түрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын


объективтік стандарттар мен критерийлерін;

- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын түлғалардың басты іс-әрекеттерін;

- сыртңы аудит қызметтерінің жүмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;

- ішкі баңылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін аныңтау үшін қажет.

Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайын-ша несиелеудің біртүтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін күрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дүрыс таңдай білуіне,

сондай-ак, несис беру мүмкіпдігі туралы сүраңгы шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиетін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дүрыс санайтын несиелік өнімдермен аныңталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және үзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылы-ми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды үйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сүрақты шешу барысьшда несиелік стандартты дүрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің қүзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бүл мақсаттардыц банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарі мен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мумкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған коса несиелеу стандарты мен несиелік нүсқаулыңтары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нүсқаулықтарды жасауды бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бүл қүжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптаушылардың берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және үсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәикес нүсқаулықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несие-леу бойынша жекелеген ережелерді де ңамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлың несиелердің несиелік ңүжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысьнда қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандың банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

— несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;

— несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

— несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;



  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін
    бекітеді;

  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар
    белгілейді;

  • несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);

  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;

  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жүмысын талдайды;

  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды
    және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.

Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нүсқаулықтарға уйрету,

банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып та-былады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын аныктайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде түжырымдауға болады.

Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

-несиелік к,ыз.иетті үйымдастыру;

- несиелік портфельді баск,ару;

- несиелеуге бақылау жасау;

- күзыретті бөлу принциптері;

- несиелеуді таңдаудын жалпы критерийлері;

- несиелеудін жекелеген багыттары бойынша шектеулер;

- несиелермен жасалатын агымдык жүмыстардын принииптері:

- несиелер бойынша зиян шегу жагдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш қүжат түрінде қөруге болады:


  1. несиелеу саясаты;

  2. несиелеу стандарты;

  3. несиелеу нүқаулык,тары.

Сондай-ақ аталған үш қүжат ерекше бір қүжатта — «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жүмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нүсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы ба-ғыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты — бүл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын қүжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сүрақтар қарастырылады:

-қарыз алушының қаржылың ақпараттарын жинау жэне талдау тәртібі;

-несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

-әкімшілік стандарттар және несиелік процесті үйымдастыру ережелері;

- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;

-қүжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

-несиелеудің айрыңша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе түтыну несиелері бойынша).

Барлың банктер бойынша қүжаттар айналымын стандарттау маңсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі қүжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай қүжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.

Несиелік нүск,аулык, несиелеу процедураларын іске асырудын жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктін кадамдарын суреттеуді білдіреді.

Басқаша айтңанда, ол несиелік қызметтің ңақты бір бағыттарына жатады.

Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлың кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:


  1. банктегі несиелеу процесін үйымдастыруға бақылау жасау-
    ға негіз ретінде болу:

  2. несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері
    үшін анықтама материал және нүсқаулық ретінде болу;

  3. несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нүсқау-
    лықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау қүралы;

  4. несиелік талдау және аудит бөлімі жүмыскерлерінің

тексеруді жүзеге асыруьіна негіз болатын талаптарды анықтау. Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын түрмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалу тиіс.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиелік саясат дегеніміз не?

2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?

3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?

4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?

5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?

6.Несиелеу принциптеріе ата?

7. Несиелеу әдістеріне нежатады?

8.Несиелік тәуекелді басқару әдістері?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

Тақырып 6. Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оларды анықтау әдістері
1.Қарыз алушының несиелік қабілеттілігінің түсінігі.

2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.

3. Клиенттердің несиелік қабілетін анықтау әдістері.
1.Қарыз алушының несиелік қабілеті бұл қ,арыз алушынын, өзінің к,арыздык, міндеттемелері бойынша толык, жэне уақтылы есеп айырысу к,абілеті.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем кабілетінен бір айырмашылығы — онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспекти-вадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып,ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мелшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыт-тағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты ңарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін керсетеді.

Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).



Қарыз алушынын мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктік несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

Қарыз алушының заңды тұлга ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік та-рихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның не­месе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің бол­уын білдіреді.

Қарьіз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі — оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.

Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерий болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңызы зор:


  1. оның жеткіліктілігі яғни Орталық банктің тарапынан жарғылың қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициент
    негізінде талданады;

  2. несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.

Несиенің қамтамасыз етілуі — қарыз алушының активтерінің құны және несиелік елісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уаңтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сактандырушының тұрақты болуы, қарыз алушынын ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.

Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.



СОҢҒЫ критерий — бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:



  • іскерлік тәуекелді бағалау;

  • менеджментті бағалау;

  • к,арыз алушының қаржылық, тұрақтылығын бағалау;

  • қаржылық коэффициенттерді бағалау;

  • ақша тасқынын талдау;

  • қарыз алушы туралы аппарат жинақтау;

орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын к,адағалап отыру.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдік қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.

Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процесс несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып несиенің толық қайтарылуымен аяқталады.

Жинақталған ақша сомасы ел экономикасын инвестицияландырып капиталға айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал – несие.

Әр кезеңде пайдаланылатын несиелеу механизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді.

Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

-несиеге деген өтінішті қарау;

-несиелік қабілетін талдау;

-несиелік келісім-шарт жасасу;

-несие беру;

-несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субьектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды.

Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:

1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;


  1. несиені қайтару;

  2. жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

  3. бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
    Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау шін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерт-теулер орталығы дайындап, ҚР, Ұлттық банк Директоратының 27 қырқұйек 1994 ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты банктердің әдістемелік нқсқауың, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдың бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: «Кәсіпорын балансы» (№1 форма); «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы «Кәсіпорынның (үйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф — мерзімді — тоқсандық формалары) және «Кәсіпорынның (үйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі» (№5-з — мерзімді — тоқсандық— жылдық формалары).

Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, ала-шаң қарыз, қорлар) көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды, пас­сив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.

Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:



  1. ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары;
    күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған каражаттар қалдықтары);

  2. жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; бере қабілетін бағалауда мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады.

Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда көзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысун бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.

3) жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылытар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).

Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициент қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.

Бірақта алашақ қарыздық сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттық нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді.

Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке алу қажет:

• қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен болса, соғұрлым тауарлы-материалдық құндылықтар қоры көп болады);


  • өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан түсетін төлемдердің жылдамдығы);

  • өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

  • материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (етімді қаражаттардың айналысы);

  • жұмыстың маусымдылығы.

Өтімді қаражаттардың мөлшерінің темендеуіне ықпал етушілерге мыңалар жатады:

  • ағымдағы қызмет зияндары;

  • өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;

  • өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;

• күрделі қаржы жұмсалымдарға мобилизациялануы.
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың жинақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.

Тақырып 7. Несиелік тәуекел және оны азайту әдістері
1.Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.

2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.

3.Шетел тәжірибесінде қабылданған несиелік тәуекелді бағалау әдістері.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.


Каталог: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет