5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «несие ісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет4/5
Дата25.04.2016
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5

Несиелік тәуекел қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында кайтара алмауына байланысты банктін зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:



  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • лимиттер белгілеу;

  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рей­тинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында күзіретті бе­лу несиелерді авторизациялау;

  • несиелік мониторинг;

  • несиелік портфельді басқару;

  • проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (ли­мит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта еңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мелшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне бай­ланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:


  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

  • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың етімділік дәрежесіне;

  • маржа деңгейіне;

  • несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

  • банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар жэне тексерулер процесін білдіреді.

Несиелік мониторинг несие бойынша мәселе туындай к,алған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадагалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқару бұл банк к,абылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айк,ындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып та­былады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар;



  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

  • несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды аныктау;

  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимиттерін белгілеу несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.

Проблемалқ, несиелерге:

  • несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

  • сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен каздуамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

  • несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несие­лер жатады.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:

  • қарыз алушының қызметін қайта құру;

  • несиені қайтару кестесін өзгерту;

—- пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

Несие үшін төлейтін сыйаңы (мүдделендіру) мелшерлемесі — несиенің багасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосын-дысынан құралады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиелік портфель дегеніміз не?

2. Несиелік тәуекелді қалай түсінесіздер?

3.Несиелеу лимиттерді белгілеу қалай түсінесіздер?

4.Проблемалық несиелер дегеніміз не?

5. Несиелік мониторинг не үшін қажет?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.162-173.

Тақырып 8. Коммерциялық банктерде несиені басқару

1.Мәселелі ссудалардың мәні мен қалыптасу мәселелері.

2. Мәселелі ссудалардың қалыптасу профилактикасының әдістері.

3. ҚР-ның банктеріңдегі мәселелі несиелермен жұмыс.


Проблемалық несие дегеніміз несие келісім-шартында көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген қосымша келісім берілген несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған және несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім-шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.

Ең оптималды саясат сақтық пен ресурстарды табысты орналастырудың барлық потенциалды мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.



Тәжірибелі деген банк қызметкері клиент тартайын деп жатқан қарызды қайтаруға байланысты қиындықтарды ең бастапқы сатысында-ақ байқап, жағдайдығ алдын алуға және сонысымен банк мүдделерін қорғауға сол кезден бастап тиісті шаралар қолдана бастайды. Бұл шараларды барынша ерте қолданған жөн. Мұнда ескеретін жайт, банк шығындары тек қана қарызды, пайызды төлемеумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар басқа да мынадай жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:

  • банк беделіне нұқсан келеді, өйткені мерзімі өткен және қайтарылмай жатқан несиелердің көптігі салымшылар, инвесторлар сенімінің төмендеуіне алып соғады;

  • әкімшілік шаралар ұлғаяды , өйткені проблемалық ссудалар несие персоналының өте мұқият болуын және «алтын» уақытын алады;

  • квалификациясы жоғары кадрлардың кету қауіпі оларды стимулдау мүмкіндіктерінің операциялардың пайдалылығының төмендеуінен азаюы әсерінен туындауы мүмкін;ү

  • барлық қаражаттар өнімді емес активтерде «қайтарылып тасталынады»;

  • қарыз алушы тұлға тарапынан сотқа қарсы арыз түсуқауіпі тууы мүмкін, онда ол, банкінің ссуданы қайтып алу туралы талабы оны банкроттыққа алып келгендігін дәлелдеп шығуы мүмкін;

  • банк персоналымен жіберілген қателер кезінде, әсіресе несиеге өтінішті қарастыру уақытында, келісім шартарын дайындау және кейінгі бақылау процесінде туындайды.Ең жиі кездесетін мынандай ереже бұзушылықтар бар:

Қарыз алушыға деген жеткілікті деңгейде қаталдықтың болмауы (мысалы, өтінішті «достық» көңілмен мақұлдай салу);

  • қаржылық сараптаманың профессионалды жүргізілуі;

  • несие қызметкероінің кәсіпорын қажеттіктерін, сала спецификасын т.б. маңызды факторларды жақсы зерттемеу, оның әсерінен ссуданы жақсы құрылымдамау (структурование);

  • ссуда бойынша кепілдің жеткілікті болмауы (мысалы, кепілдің бағасы жоғары алу);

  • ссуданы құжаттаған кезде жіберілген қателер (келісімде банк мүдделерін көздейтін маңызды шарттарын көрсетпей кету);

  • ссуданы қайтару уақытында қарыз алушы үстінен бақылаудың нашарлығы (компанияны кепілін тексерудің, зерттеудің болмауы);

Ссуда алған кәсіпорының немесе компанияның тиімді жұмыс істемеуі әсерінен:

  • басшылықтын әлсіздігі;

  • өнім сапасының төмендеуі және оның рыноктан ығыстыру факторлары;




  • жарнамалық компанияның жоспарының болмауынан, болашақ рыноктарды бағалаудың қателігінен маркетингтін тиімді болмауы;

  • компания қаржыларының бақылауының нашарлығы (дебиторлық қарыздың өсуі, қосымша шығындар т.б.)

Сонымен қатар,банк тарапына тәуелді емес факторлар да маңызды рөл ойнауы мүмкін:

  • экономикалық конъектураның нашарлауы;

  • саяси өзгерістер;

  • заңнаманың өзгерісі;

  • технологиялық ілгерілеушіліктер және т.б.

Бұлар былай анықталады:

  • қаржылық есеп беруін сараптау;

  • қарыз тұлғаның өзімен жеке контактілерде;

  • үшінші тұлғалардың хабарлары нәтижесінде;

  • банкының басқа бөлімдерінің мәліметтері негізінде;

Несие, қызмет ету периодында, қарыз алушы банкке балансын, пайда мен шығындары туралы есебін, нақты қаражаттырын тусуі туралы есебін және т.б. материалдарды беруге міндетті. Оларды өте мұқият сараптау пайда бола бастаған қауіпті ашып бере алады. Банк мынаған көңіл бөлу керек:

  • дебиторлық қарыздың күрт өсуі;

  • запастардың айнамалының тежелуі;

  • қысқа мерзімді активтер үлесінің төмендеуі;

  • қысқа мерзімді қарыздың пропорционалды өспеуі;

  • операциондық қызметтен шығындардың пайда болуы;

  • коммерциялық несиелеу шарттарының өзгеруі және т.б.

Банк үшін клиентпен әрдайым персоналды контактілерді сақтап тұру тиімді. Яғни компанияны, оның филиалдарына соғып, басқарушы кадрлармен кездесу жұмыстары, бұлар жұмысбасты емес персоналды, артық запастарды, көрсетілмеген құрал-жабдықтары анықтауға мүмкіндік береді. Банк қызметкерлерін келесідей фактілер аса мұқият болуға шақырады:

  • жоғарғы басқарушы құрамның мінезінің, әдеттегі істерінің өзгеруі;

  • басшылардың отбасы аясындағы проблемалары;

  • банкпен қарым-қатынастың курт өзгеруі;

  • басты қызметкерлерін ауыстыру;

  • жаңа кәсіпорындары құрумен қызығушылық, жылжымайтын мүлікті сатып алумен айналысу;

  • қаржылық есеп беруді жақсы құрмау;

  • негізделмеген тәукелге бел буу;

Кәсіпорын оның жаңа иесіне пайда әкеле бастайды, бұл барлық жақтардың қызығушылықтарына сай келеді және де мәміленің соңғы тиімділігін анықтайды.

Коммерциялық банкілердің мерзімі өткен ссудалық қарыздарының үлес салмағына әсер ететін сыртқы факторларды зерттеу өте күрделі өзгермеліі шара. Оны шешуде оның құрамының әрбірінің өзгергіштігінің жоғары деңгейі үлкен қиындықтар туғызады.

Несиені қайтармаудың макроэкономикалық себептеріне:


  • инфляцияның деңгейінің секірмелі өзгеріштігі;

  • валюта бағамдарының өзгерісі;

  • нақты қызмет етуші заңнаманыңболмауы және т.б. факторлар.

Микроэкономикалық деңгейдегі қарыздардың пайда болу себептеріне:

  • кәсіпорындармен өз құрал-жабдықтардын тиімді пайдаланбауы;

  • құрал-жабдықтарының моральды және физикалық жағынан қатты тозуы;

  • басқарушы персоналдың төмен білім деңгейі;

  • мамандардың жүйелі түрде жалақысы төленбеуінен жоғалтуы және т.б.

Қазіргі нақты фискалды ауыртпашылық жүктеумен және оған байланысты жоғары айыппұлдармен сипатталатын салық жүйесі кезеңінде несиені қайтармау тәуекелі өседі. Бұл ең алдымен мынаған байланысты, яғни қарыз алушының несие бойынша төлеуге дайындап қойған ақша қаражаттары «күтпеген жерден» бюджетке алынуы мүмкін.

Қазір бізде проблемалық несиелердің несие портфеліндегі нақты үлес салмағы шамамен 31,4 құрап отыр, бұл көрсеткіш кейбір банкілерде және олардың филиалдарында 35%-ға дейін барады. Проблемалық несиелердің (күмәнді+үмітсіз ) несиелердің құрылымы төмендегі диаграмада бейнеленген:

Жалпы проблемалық несиелер банкінің қателерінен де туындайды. Мысалы: Ресейде банкілердің 1997-2000 жылдарда қатты қықаруын ресми көзқараз бойынша 1998 жылы болған қаржылық дағдарысқа жабады, ал шындығында оның себебі болып активтердің төмен спалығы және олардың қайтарылмауы болды. «СБС-Агро» банкі екі миллиард доллар берген займдарының соттар, прокуратура және Ішкі Істер органдары, басқа да қатысы бар құрылымдар көмегімен сол соманың тек оннан бір бөлігін қайтара алған, нәтижесінде 90 % салым проблемалық болып, салымшылар үшін мәңгі қайтарылмайтын болды. Мұндай жағдай, әсіресе қазіргі салымшының сенімі үшін күрес кезіненде бүкіл банк жүйесіне кері әсерін тегізеді.

Проблемалық несиелірмен жұмыс жасау тәжірибесін біздің банкілеріміздің жинақтаі бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ.

Банк үшін клиенттін басқа серіктестерімен қарым-қатынастын өзгеруі көп мәліметтерде бере алады:


  • қарыз алушының несиені қабілеттілігі туралы оның тауарларды төлеуге байланысты жеңілдіктер ұсынуға өтінішіне орай банкпен шақырымдар алуы;

  • компания туралы оның жаңа несиелеушілерінен мәлімет алу;

  • сақтандыру компаниясының сақтандыру премияларын төлемеу туралы сақтандыруды жою туралы хабар беру;

  • банк шоттарында қаражаттры жоқтығы уақытында чектерді төлеуге ұсыну;

  • алдын-ала төлеу шарттында компаниямен тауарларды сатып алу.

Ең жақсы амал – қарыз алушымен біріге отырып несиені қалпына келтіруге және қарама-қайшылықтарды жоюға бағытталған жұмыстар жоспарын құру.Егер бұл шаралар өз мақсатына жетпесе, онда банк өз мүділерін қорғап, қарыз алушыға қарызды қайтару, кепілді сатуды, кепілдік берген тұлғаға өз талаптарын орындауды талап етуге міндетті. Ең соңғы амал – ол қарыз қайтармаушы тұлғаны банкрот деп жариялау, бірақ бұл әрбір талаптар үшін ең тиімсіз жол болып саналады.

Егер клиентті, бұл жағдайды түзеуге болатынына көз жеткіздіртсе, онда іс-әрекет жоспарын құрастыруға болады, ол мынандай іс шараларды қосуы мүмкін:



  • активтерді сату;

  • қосымша шығындарды азайту;

  • маркетингтік стратегияны өзгерту;

  • басшыларын ауыстырып, оның орнына ең басты орындарға жаңа тұлғаларды тағайындау.

Басқа шешім банкпен кепілді сатуымен сиппатталуы мүмкін. Бұл үшін ең алдымен құжаттарды тексіріп, банк шынымен де кепіл бойынша нұсқау беру құқының бар екендігіне көз жеткізу қажет. Сосын кепілді сатуы мумкіндіктерінің қандай деңгейде екіндігін анықтау керек: әдетте бұл қымбат тұратын және уақыт алатын процесс. Ең тиімді жол – кепілді сатуда қарыз алуышымен бірге отырып жұмыс істеу.

Егер бірнеше кәсіпорын және банкілер бір-бірімен қарыздық міндеттемелерімен байланысты болса, онда несиелік қарызды жоюдың ең оңай жолы – клиринг болып табылады.

Батыс Европа елдерінде клирингілік есеп-айырысулар арқылы циклдік есепке алулар өткізіледі. Банкілермен кәсіпорындардың өз ара талаптары цикл бойынша өтіледі. Бұл жерде әрбір экономикалық агент өзінен кейінгіге, ал соңғысы біріншеге кредитор болады. Мұндай қарызды өтеу процедурасы барлық циклдар біткенше қайталан береді.

Үшінші тұлғалар қатысатын схемаларды пайдаланса, мұнда сөз кәсіпорын қарызы объектісі болып табылатын мәмілілер туралы болып отыр. Мәміле қабылданғанда тауар бағасы ол қанша тұратындағымен емес, ол үшін қанша бере алатындығымен анықталады. Сондықтан қарыз бағасы номиналдан төмен болып қалады. Дегенмен қарыздарды кейбір бағалы қағаздарда айырбастаса онда, ол бойынша уақыт өте келе бағалы қағаздар банкке табыс әкеле бастайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиелік саясат дегеніміз не?

2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?

3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?

4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?

5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.
Тақырып 9. Несиенің қайтымдылығын қамтамасыз ету формалары
1.Банктік ссудалары қамтамасыз ету формаларын жіктеу.

2.Кепіл міндеттерді атқаруды қамтамасыз ету әдісі ретінде.

3.Нарық жағдайындағы кепілгерлік және оның мәні.

Кепілге берілетін несие бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.

Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса ал-ғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақта-рын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты болып келеді.

Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің мынадай сипатта болуын білу шарт:

Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.

Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.

Үшіншіден, кепілдің етімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсаң, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.

Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.



Кепілхат — қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілхатты несиенің қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілхатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.

Кепілхат — күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді:

Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе к,амтамасыз етілмеген болып келеді.

Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілхат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепілхат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме — бұл нақты бір қарыз алушының несиеге байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілхаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жөн.

Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір қорпорациялардың алған несиелерін қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.

Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы — несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиені қамтамасыз ету формалары?

2. Кепіл дегеніміз не?

3.Цессия дегеніміз не?

4.Кепілхатты қалай түсінесіндер?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.



  1. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ – бұл оқу сабағының формаларының бірі, ол оқушыларының дербестік әрі өздігінше дамуына және іскерлік пен дағдыларды алуға бағытталады.


Модуль 1. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қазіргі жағдайы
Тақырып 1. Кіріспе «Несие ісі» пәнінің құрылымы және мазмұны

1.«Несие ісі» курсынын пәні, мақсаты, міндеттері.

2.Курс құрылымы, оның ерекшеліктері мен сипаты.
Тақырып 2. ҚР несиелендіру жүйесі және оның негізгі элементтері

Сағат саны: 2

Кілті терминдер: Несиелеу объектiсi, несиелеу субъектiсi, несиелеу қағидалары, несиелеу әдiстерi, арнайы қарыздық шот, несиелiк саясат, несиелiк тәуекел, банк провизиясы, банктiң стандартты несиелерi, банктiң күдiктi несиелерi, банктiң үмiтсiз несиелерi, овердрафт, онкольдық несиелер, овернайт, ипотека, тұтыну несиесi, коммерциялық несие, мемлекеттiк несие, халықаралық несие, несиенiң азаматтық нысаны, венчурлық несиелеу, авальдық несие, акцепттiк несие, ломбардтық несие.

Сабақ мақсаты: : несиенің мәнін оқу, несие жүйенің құрылымын қарастыру, несиелік әдістерін меңгеру

Сабақ барысы:

- Ауызша сурау

- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау

- Экономикалық диктант жүргізу

- Карточкалармен жеке жұмыс жасау

-Тест тапсырмаларды шығару



Сабақ сұрақтары:

1.ҚР несие жүйесінің құрылымы.

2. Несие жүйесі және оның негізгі элементтері.

3.Несиелендіру әдістері.

4.Несие бағасы. Несие бағасын аңықтайтын факторлар.

5.Несиені беру кезеңдері.

6.Несиелік келісімшарт, оның құрылымы.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1.Несиелеу принциптері нарықты экономика жағдайында банктік несиелеу жүйесінің негізгі элементі.

2.Ссудалық шоттардың формалары: арнайы ссудалық шоттар, контокорренттік ссудалық шоттар.

3.Банктің несиелік саясаты және оның құрамдас бөліктері. Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар және олардың депозиттік саясатпен байланысы.



Есептер:

1 Есеп: Коммерциялық банк Орталық банктен 500 млн тенге сомасында 7 күнге 42% жылдық мөлшерлемесiнде несие алды. Қарыздың өскен сомасы мен есептелген пайыз сомасын тап.

2 Есеп: “Айша” тiгiн фабрикасы жаңа өнiм шығаруға банктен 5жылға 510 млн тенге көлемiнде 14% жылдық мөлшерлемемен несие алды. Жыл сайынғы төлем-?

III «Өзгермелi жағдайағы коммерциялық банктiң несиелiк саясаты» атты iскерлiк ойын.

Банк активтерiнiң сыныптамасы, балансы бойынша банк провизиясын есептеу.

4 Есеп: Несие 800 000 тенге 2 жылға берiлдi.Операцияның нақты табыстылығы күрделi % ставкасы бойынша - 40% жылдық. Инфляциялық күтiлетiн деңгейi - жылына 30%. Өтелетiн сома мен несие беруде % ставкасын тап.

5 Есеп: Банктiң бухгалтерлiк балансы мен табысы және шығысы есеп бойынща өтiмдiлiгiн ескере отырып топ бойынша активтерiн табысты активтерi мен олардың үлесiн, табыссыз актив сомасы мен олардың үлесiн тап.
Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.


Модуль 2. Қазақстан Республикасындағы несиелендіруді уйымдастыру
Тақырып 3. Активті және пассивті операциялары

Сағат саны: 2

Кілті терминдер: Банк активтері, банк активтерін басқару, активтерді бағалау, активтерді басқару әдістері, активтер портфелі, активтер мен пассивтерді теңестіру, банк пассивтері, активтерді басқару тәуекелдері, активті операциялар, пассив операциялар, банк ресурстары, Жарғылық капитал, резервтiк қор, бөлiнбеген пайда, эмиссиялық табыс, акция, облигациялар, депозиттiк саясат, «НОСТРО» корреспонденттiк шоттары, «ЛОРО» корреспонденттiк шоттары, НАУ шоттары, депозит.

Сабақ мақсаты: : Активті және пассивті операциялар бойынша оқу және меңгеру, осы операциялардың жеке түрлерін қарастыру

Сабақ барысы:

- Ауызша сурау

- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау

- Экономикалық диктант жүргізу

- Карточкалармен жеке жұмыс жасау

-Тест тапсырмаларды шығару



Сабақ сұрақтары:

1. Активтер және активтік операциялар туралы түсінік.

2. Активтік операциялардың негізгі бағыттары.

3.Пассивтік операциялар туралы түсінік және оларға анықтама.

4.Пассивтік операциялардың жүзеге асу формалары.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1.Коммерциялық банктердің активтері мен банк типтес емес басқа заңды тұлғалардың активтерінің бір-бірімен салыстырғандағы ерекшеліктері.

2.Банк активтерінің сапасы туралы ұғым, оларды сапасына байланысты топтастырудың критерийлері: өтімділіг, табыс әкелу дәрежесі, тәуекелдігі.

4.Пассивтік операциялар - банктілік операциялардың ең басты және маңызды бағыты

5.Банкттік міндеттемелері және «міннддеттемелер портфелі» туралы түсінік.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Есептер:

Есеп-1: Клиент 14% мөлшерлемесiне 100000 теңге сомасы депозитiн 18 ай мерзiмiне салды. Клиенттiң бантке алатын ақша сомасын анықтау қажет?

Есеп –2: 200,0 т. көлемiндегi депозит бакке 12.03.15ж салынып 25.12.15ж талап етiлдi. Пайыз мөлшерлемесi 12%-ды құрады. Есептелу мерзiмiн есептеудiң әртүрлi әдiстерi арқылы есептелген % сомасын анықта.

Есеп –3: Фирма Коммерциялық банкке 9-21 қараша аралығына 28 млн. салды. «Талап етуге дейiнгi салымдарға» банк 2% жылдық мөлшермен % мөлшерлемесiн есептейдi. Пайыз жай. Салынған сома табысын анықта.

Есеп 4: Клиент банкке 50000 т.көлемiнде 4 айға 16 жылдық мөлшерлемесiнде салым жасады. Жиналған соманы анықта.

Есеп 5: 500000 т.көлемiндегi депозит банкке 3 жылға салынған. Жай және күрделi % мөлшерлемесi 16% жылдық мөлшерлемесiне тең болса есптелген % сомасын анықта.

Есеп 6: Сақталудың орташа мерзiмiн есепте: 1.салымдық теңгенiң, егер келесi мәлiмет берiлсе.

Алдыңғы және есептiк жылдардағы салымдардың орташа қалдықтары сәйкесiнше 150 және 200000 теңгенi құрады, ал теңгедегi салымдарды беру бойынша айналыс 100 және 120000 теңгенi құрады. Есептiк жылдағы салымдар тұрақтылығын анықтау қажет.

Есеп 7: Банктегi салым қалдығы жыл басында 205000 теңгенi, ал жыл аяғында 220000 теңгенi құрады. Салымдар бойынша тұсiмдер 102000 теңгенi құрады. Салымдарға түскен қаржылардың жиналу жеңгейiн анықта.

Есеп 8: Банк пассивi.



  1. Резервтiк қор 25,0 21,2

  2. Жарғылық қор 47,6 82,3

  3. Банктiң басқа қорлары 18,0 22,4

  4. Клиенттердiң ағымдық,

есеп айырылысу

шарттарындағы

қаржы қалдықтары 1293,0 1450,0


  1. Корреспондент банктерiң шоттары 115 123

  2. Жедел шоттар 470 510

  3. Азаматтар салымдары 72 56

  4. Депозиттiк сертификаттар 500 500

  5. Басқа банктерден алынған несиелер 374 516

  6. Пайда 276 1206

  7. Несиелеушi 890 640

Баланс 4070,6 5126,9



  1. Несиелiк ресурстарды бөлу керек.

А. Меншiктi

Б. Тартылған

В. Қарыздық


  1. Әр топтың үлестiк салмағын анықтау.

  2. Меншiктi және қарыздық ресурстар арақатынасын анықтау.


Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.


Тақырып 4. Несиелендіруді ұйымдастыру

Сағат саны: 2

Кілті терминдер: несие кезеңдері, несиелік құжаттар, несиелік келісім, несие бағасы, күрделі пайыз, несиелік механизм, несиелік процесс

Сабақ мақсаты: несиені беру кезеңдерін қарастыру және талдау жасау.

Сабақ барысы:

- Ауызша сурау

- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау

- Экономикалық диктант жүргізу

- Карточкалармен жеке жұмыс жасау

-Тест тапсырмаларды шығару



Сабақ сұрақтары:

1.Несиені беру кезеңдері.

2.Банктік ссуданы беру тәртібі.

3.Несиелендіру шектерін анықтау.

4.Ссудаларды өтеуге және пайдалануға бақылау.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1.Несиелеу механизмнің ерекшелігі.

2.Несиелік процесстің мағынасы.

3. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.



Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.



Тақырып 5. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты.

Сағат саны: 2

Кілті терминдер: несие, несиелік саясат, несиелік келісім, несие бағасы, мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, Несиелiк келiсiм шарт, несиелiк өтiнiм, жедел мiндеттеме, несиелiк құжаттар жиыны, несиелiк санкциялар, қысқа мерзiмдiк несиелендiру, орта мерзiмдiк несиелендiру, ұзақ мерзiмдiк несиелендiру, пайыздық мөлшерлеме, кешiктiрiлген (мерзiмi өткен) несие, субординирленген қарыз, жай сыйақы есептемесi, күрделi сыйақы есептемесi.

Сабақтың мақсаты: несиелік саясаттың экономикалық мазмұнын ашу.

Сабақ барысы:

- Ауызша сурау

- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау

- Экономикалық диктант жүргізу

- Карточкалармен жеке жұмыс жасау

-Тест тапсырмаларды шығару



Сабақ сұрақтары:

1.Несиелік саясаттың экономикалық мазмұны.

2.Банктің несиелік саясаты және оның құрамдас бөліктері.

3.Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар және олардың депозиттік саясатпен байланысы.



Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1. Несиелік саясаттың негізгі элементтері.

2. Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Есептер:


  1. Клиент банктен 10жыл мерзiмiне 12% жылдық мөлшерлемесiмен 500000 тенге көлемiнде несие алды. Несиенiң барлық мерзiмiне есептелген % сомасын есепте.

  2. Фирма банктен 5жылға 15000$ көлемiнде 15% жылдық ставкасымен несие алса, жыл сайынғы төлем -?

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.



Тақырып 6. Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оларды анықтау әдістері

Сағат саны: 2

Кілті терминдер: қарыз алушының несиелiк қабiлеттiлiгi, несиелiк тәуекел, несиелiк құжаттар жинағы, несиелiк бюро, несиелiк қабiлеттiлiк класы, PARSEP әдiстемесi, CAMPARI әдiстемесi, “6Cи” ережесi, “5Си” ережесi, маржа, неиелiк саясат, несиелер сыныптамасы, несиелiк желi, несиелiк өтiнiм.

Сабақтың мақсаты: қарыз алушының несие қабілеттілігі анықтау әдістерін қарастыру

Сабақ барысы:

- Ауызша сурау

- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау

- Экономикалық диктант жүргізу

- Карточкалармен жеке жұмыс жасау

-Тест тапсырмаларды шығару



Сабақ сұрақтары:

1.Қарыз алушының несиелік қабілеттілігінің түсінігі.

2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.

3. Клиенттердің несиелік қабілетін анықтау әдістері.



Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1.Несиелік процесс және несиелеу кезеңдері

2. Банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау – несиелік тәуекелді сақтандырудың алғы шарты

3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері



Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Есептер:

1есеп: Ф№1 Бухгалтерлiк баланс пен №2 пайдалар мен шығындар туралы есеп мәлiметтерi бойынша қарыз алушы кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi мен оның несиелiк қабiлеттiлiгiне баға беру қажет.

2 есеп:

Актив

Жыл соңы

Пассив

Жыл соңы

Негiзгi актив




Меншiк капитал

1000


500

1850


400

Ұзақ мерзiмдi қаржылық салым

Негiзгi құрал

Құрал жабдық

1121


268

2393


Жоғарғы капитал

Қорлар


Мақсатты қаржыландыру

Бөлiнбеген табыс



Барлығы

3782

Барлығы

3750

Айналыс активтерi










Өндiрiс қорлары

Аяқталмаған өндiрiс

Дайын өндiрiс

Деб.қарыз

Қысқа мерзiмдi қаржылық салым

Ақшалай қаржы



2871

2500


2500

12487
1370

1292


Ұзақ мерзiмдi несие

Кредит қарыз



2304

18450


Барлығы

26802

Барлығы

26802

Өтiмдiлiктiң орташа салық көрсеткiшi – 0,6 (I класс) орташа салық жабылу –2,5 (I класс)

Өнiм сатудан табыс 1997 жылы 250 млн.тг

Табыстағы өндiрiс шығыны үлесi-60%.

Табу керек: өтiмдiлiк, меншiк қаржылармен қамтамасыз етiлу көрсеткiштерi.
3 есеп

Атауы

Жыл басы

Жыл соңы

Атауы

Жыл басы

Жыл соңы

Ақшалай қаражат

1400

2300

Активтер барлығы

152600

161800

Дебитолармен е.а – барлығы

120000

122000

Қысқа мерзiмдiк мiндеттемелер

135200

102300

Соның iшiнде







Меншiк капитал




42500

Алдағы 3 айда

30000

40000

Соның iшiнде: жоғарғы капитал

7100

11000

Үмiтсiз деб.қарыз –12 айдан аса мерзiмдiк

28000

29000

Өнiм сатудан табыс

62500

73300

ТМҚ қорлары

29600

30500

Кезең бойынша табыс

1800

9800

Қысқа мерзiмдi өтiмдi бағалы қағаз

17

4500










Басқа ағымдық активтер

1500

300










Табу керек: Табыстылықтың жыл басы мен жыл соңындағы коэффициентiн, барлық қарыз мiндеттемелерiмен меншiк капиталы қатынасын, барлық қарыз мiндеттемелермен акцион капитал қатынасын.
Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.



Тақырып 7. Несиелік тәуекел және оны азайту әдістері

Сағат саны: 1

Кілті терминдер: Банктік тәуекел, трансляциялық валюталық тәуекел, пайыздық тәуекел, банктің ішкі тәуекелдері, валюталық тәуекел, банктік сыртқы тәуекелдері, пайдалық тәуекелдерді азайту әдістері, тәуекел деңгейіне әсер ететін факторлар, елдік индекс, тәуекелдерді басқару, несиелік тәуекелдерді бағалау.

Сабақ мақсаты: : Несиелік тәуекелдердің мәнін оқу, несие тәукелдерді басқаруды қарастыру, несиелік тәукелдің талдау әдісін меңгеру

Сабақ барысы:

- Ауызша сурау

- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау

- Экономикалық диктант жүргізу

- Карточкалармен жеке жұмыс жасау

-Тест тапсырмаларды шығару



Сабақ сұрақтары:

1.Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.

2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.

3.Шетел тәжірибесінде қабылданған несиелік тәуекелді бағалау әдістері.



Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

    1. Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.

    2. Несиелік тәуекелді басқару эволюциясы

    3. Несиелік тәуекелдердің рейтингтік бағасы және эмитенттің сенімділігін бағалау

    4. Коммерциялық банктердің қызметіне әсері

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Есептер:

1 есеп:


Несие мөлшері

Кешік.қарыз.ұзақт

Қам-з етілуі

Қам-з ету сомасы

Қам-з ету өтімділігі

нег.қарыз

% б-ша

300

-

-

кепіл

400

өтімді

150

60

-

кепіл

300

өтімді

500

-

5

банк кепілдемесі

700

-

800

25

-

кепіл

900

өтімді

50

-

-

сақтан-н

150

күдікті, сақтан-н

Көрсетілген несие портфеліндегі әрбіреуінің сапасын бағалап оларды тәуекел топтарына бөлу.

2есеп:Банк 2 несие берді.



  1. Сауда ұйымына 15.05.14ж- берілген 15.07.14ж дейін, 100 млн теңге көлемінде, 80% жылдықпен, қамтамасыз етілмеген. Қарыз алушы - банктің тұрақты клиенті, қаржы жағдайы жақсы, қаржы түсуі – орташа. Өтелу әдісі-мерзім соңында бірден өтелу.

  2. Шығынды жабуға 29.08.14ж – 15.09.14ж аралығына берілген 200 млн сомасында, жылдық 110%, банк резидент кепілімен (кепіл сомасы 30млн) қарыз алушы – тұрақты клиен, қаржы жағдайы қанағаттанарлық, қаржы түсуі – орташа. Өтелу әдісі – мерзім соңында бірден өтелу. Әр несие сапасын анықтап тәуекел тобына жатқызып, тәуекел деңгейін анықта.


Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.


Модуль 3. Несиелендіруді басқару
Тақырып 8. Коммерциялық банктерде несиені басқару

Сағат саны: 1

Кілті терминдер: несие, несиелік тәуекелдер, несие көрсеткіштері, несие кәбілеті, Мәселелi несие, несиелiк жоғалту, қаржылық жоғалту, "кешіктірілген" несие, мәселелі ссуданың қалыптасуы,"кешіктірілген" несиені алдын алу, мәселелі несие тәуекелі, мәселелі несие тәуекелін төмендету стратегиясы, айыппұл, "мәселелі" несие алушымен қатынсты тоқтау.

Сабақтың мақсаты: мәселелі ссудалардың мәнін оқыту

Сабақ барысы:

- Ауызша сурау

- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау

- Экономикалық диктант жүргізу

- Карточкалармен жеке жұмыс жасау

-Тест тапсырмаларды шығару



Сабақ сұрақтары:

1. Мәселелі ссудалардың мәні мен қалыптасу мәселелері.

2. Мәселелі ссудалардың қалыптасу профилактикасының әдістері.

3. ҚР-ның банктеріңдегі мәселелі несиелермен жұмыс.



Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Есептер:

1 есеп: "Аққу" фабрикасы Наурыз банктен өндірісті кеңейтуге 50млн.тенге соамсында 3 жылға несие алды. Несие бойынша –12% жылдық несие пайыздары сомасын анықта.

2 есеп: "Альфа" фирмасы шетел нарығын игеру үшін 450 мың тенге көлемінде 6 жылға 15% мөлшерлемесінде несие алды. Несие бойынша пайыз сомасын анықта.
Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.


Тақырып 9. Несиенің қайтымдылығын қамтамасыз ету формалары

Сағат саны: 1

Кілті терминдер: Кепiл, кепiлге салу, кепiлдiк, кепiлдеме, несиенi сақтандыру,бағалы қағаздар кепiлi, кепiлдiк хат, кепiлдiкке салушы, кепiлдiкке зат ұстаушы, цессия, тыныш цессия, ашық цессия, құқытар кепiлi, тұрақты кепiл, қайта өңдеудегi тауарлар кепiлi, кепiл келiсiм шарты, кепiлдi бағалаудың нарықтық әдiсi.

Сабақтың мақсаты: несиенің қайтымдылығын қамтамасыз ету формаларын түсіндіру

Сабақ барысы:

- Ауызша сурау

- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау

- Экономикалық диктант жүргізу

- Карточкалармен жеке жұмыс жасау

-Тест тапсырмаларды шығару



Сабақ сұрақтары:

1.Банктік ссудалары қамтамасыз ету формаларын жіктеу.

2.Кепіл міндеттерді атқаруды қамтамасыз ету әдісі ретінде.

3.Нарық жағдайындағы кепілгерлік және оның мәні.



Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

1. Кепіл – несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың формасы.

2.Несие бойынша қарызды өтеудің бірінші реттегі қаржы көздерінің банктер үшін өте қолайлылығы.

3.Берілген несиені клиенттер тарапынан уақытында қайтарылуын қамтамасыз етудің қаржы көздері.

4.Банктен алған несие бойынша қарызды мерзімінде қайтарып, проценттік өсім ақыны төлеудің бірінші реттегі қаржы көздері.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.

Әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.



Ситуациялық есептер.
1 есеп: Банк 1 жылға 100 млн теңгенні несиеге берді. Талап етілетін операцияның талап ететін нақты табыстылығы 8%- ке тең, инфляцияның жылдық деңгейі 15%-ға тең деп қабылданған. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені, өтелетін соманы және алынған пайыздар сомасын анықта.

2 есеп: 500 млн несиесі 200 күнге берілген. Инфляцияның жыл бойынша есептелген деңгейі 20%-ға тең деп алынған, операцияның нақты табыстылығы 12 жылдық пайыз құрауы керек, жылдағы күн саны-365. Несие беру кезіндегі пайыз мөлшерлемесін, өтелетін соманы және алынған пайыз сомасын анықта.




Каталог: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет