5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «несие ісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет5/5
Дата25.04.2016
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5

Тұтынушылық несие


1-есеп: Клиент банкке несиелiк бөлiмге 100000 мөлшерiнде 5жылға кейiнге қалдырылмайтын қажеттiлiктерге несие алуға өтiнiм жасады. Табыс туралы анықтаманы ұсынды-таза табыс 25000 теңге. Екi кепiлгерде 40000 теңгелiк 50000 теңгелiк таза табыс бар. Бұрын несие қолданбаған және әкiмшiлiк төлеттiру шараларына салынбаған. Несие көлемi мен қарызды қолдану үшiн төленетiн % сомасын анықта. Табу керек:

  1. Клиент төлем қабiлеттiлiгiн

  2. Несиенiң минимал (ең төменгi) көлемiн

  3. Несие бойынша қаралатын төлемдер кестесiн.

II Есеп: Қарыз алушының орташа айлық табысы 6 айда 50000 теңгеге тең, несиелеу мерзiмi-5жыл, несие бойынша % мөлшерлемесi 28 жылдық болса, кейiнге қалдырмайтын қажеттiлiктерге несиенiң максималдық көлемiн анықтау керек.
Консорциалдық несие.

1-есеп: Банктiк консорциум негiзгi кәсiпорын мен оның алмастырушы зауытын жаңартуды қаржыландыру үшiн несие беру мүмкiндiгiн қарастыруда. Несиенiң жалпы көлемi 28,5 млрд.т. Консорциум мүше-банктерi келесi көлемдегi несиелiк ресурстарды бередi: Банк А-11млрд.т., Банк Б-45млрд.т., Банк В-9,5млрд.теңге.

Несие В-9,5 млрд.т көлемiнде негiзгi өндiрiстi жаңарту үшiн және ауыстырушы зауытты жаңартуға-12,5 млрд.т қолданылған. Несие мерзiмi-1,5жыл Б банкiнде бiрiншi қарыз алушыға тәуекел нормативi бұзылуы мүмкiн.

Табу керек:



  1. Консорциалды келiсiм шарт рәсiмделетiн құжаттарды атау.

  2. Несиелеудiң мүмкiн болатын сызбаларын көрсету.

  3. Басқа банктердi осы келiсiм – шартқа қосудың мәндiлiгiн (дұрыстығын) негiздеу.

2-есеп: Банктiң кепiлдiк операцияларын жүзеге асыру үшiн консорциум.

Клиент несие бойынша 6млрд.т.көлемiнде кепiл сґрады. Оның 1млрд.теңге көлемiнде консорциум ұйымдастырушы банкке несие бойынша қарызы бар, ұйымдастырушы банк капиталы 4млрд.теңгенi құрайды.

Табу керек:


  1. Консорциумның 3 қатысушылары арасында берiлетiн кепiл сомалары қалай бөлiнетiн болады.

  2. Қандай факторлар консорциум шегiнде берiлетiн кепiлдер көлемi мен мүмкiндiгiн анықтайды.

  3. Консорциум ұйымдастырушы банк осы келiсiмде қатыса алады ма.

  4. Консорциалдық кепiлдер бойынша төлемдер мен төлемақыларды не анықтайды.


Коммерциялық несие және банктердiң векселдермен операциялары.

  1. Банк фирмаға 500 млн тг номиналындағы вексельдi сатады. Вексель бойынша төлем мерзiмi 40 күннен соң болады, есептiк мүлшерлеме –24% жылдық

Табу керек: вексель бойынша дисконт жеңiлдiк сомасын

  1. Кәсiпорын бұрын сатып алынған дисконттық вексельдi банкке ұсынды. Вексель бойынша төлем мерзiмi –10 күннен соң. Вексель номиналы –50 млн.тенге, есептiк мөлшерлеме-16% жылдыј. Вексель бойынша дисконт сомасы мен банктен вексель бойынша төленетiн соманы анықта.


Ломбардтық несие

1 есеп: 2003 жылдың 12 шiлдесiнде ұлттық банк Лариба банкiне 10 күнтiзбелiк күнге 36% жылдық мөлшерлемесiмен 10 млн.тг сомасында ломбардтық несие бердi. Несиенi қолдану үшiн есептелегн пайыз сомасы мен қарыздың өскен сомасын анықта.

2 есеп: 2004 жылы 12 қазанда ұлттық банк Нұрбанкке 14 күнге 40% жылдыј мөлшерлемесiнен 720млн теңге көлемiнде ломбардтық несие бердi. Несиенiң өтелуге тиiс мерзiмi-22 қазан. Бiрақ несие 26 қазанда өтелдi. Айыппұл сомаларын және қарыздың өскен сомасын есепте.

3 есеп: ұлттық банк Каспий банкiне 10 күнге 36% жылдық мөлшерлемесiмен 10млн.тенге сомасында ломбардтық несиенi 2005 жылдың 12 тамызында бердi. Ломбардтық несие бойынша қарыздың өскен сомасын анықта.


Ипотекалық несиелеу.

Ипотекалық банк 10 жыл мерзiмiндегi ипотекалық несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерiн белгiледi.

А.Он жылдық тiркелген пайыз-10% жылдық

Б.Алғашқы 5 жылға-10% жылдық несиелеудiң II жартысына 10-12% жылдық шамасында өзгеретiн (тербелетiн) «жүзушi» пайыз

Қай нұсқа тиiмдi болып шықты.

2есеп: Жылжымайтын мүлiк нарығында дағдарыс нәтижесiнде кепiлге салынған пәтер бағасы 30%-ға төмендедi. Ипотекалық несие сомасы 450 000т. Бастапқы кезде 50% болған несие мен кепiл құнының қатынасы қандай?

3 есеп: Банк пәтердi кепiлге ала отырып 800 000т сомасында несие бердi, пәтердiң бағаланған құны 1млн.тг. Мұндай пәтер бағасы 20% төмендесе несие сомасы мен жылжымайтын мүлiк құнының қатынасы қандай болады?
4.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
4.1.Өздік жұмыстарының тақырыптары
1.Қазақстандағы қысқа мерзімді несиенің перспективалары мен қазіргі мәселелері.

2. Несиелеу тәсілінің рейтингісі және оның банктің лимиттік саясатының формалаудағы рөлі.

3.Банк ссудасының қайтарымын қамтамасыз етудегі шетелдік тәжірибе және оны ҚР-да қолдану мүмкіндігі.

4.ҚР-ы екінші деңгейдегі банктердегі несиемен қамтамасыз ету формаларының перспективалары мен мәселелері.

5.Несиелеу процесінде пайда болған мәселелер және оларды шешу жолдары.

6. ҚР-ы ұзақ мерзімді несиелеу жүйесінің дамуы.

7.Ауылшаруашылық кәсіпкерлікті несиелеу ерекшелігі.

8.Өнеркәсіпті несиелеу ерекшелігі.

9.ҚР-ы қазіргі кезеңдегі консорционалдық несиелеу.

10.Шағын және орта бизнестің дамуындағы банктің үлесі.

11.Қазақстандағы ипотекалық несиенің үлгісі және оларды қолдану перспективалары.

12.Несиелеу кезіндегі вексельдерді қолдану мәселелері мен перспективалары.

13.ҚР-ы екінші деңгейдегі банктің лизингтік операцияларының даму перспективасы мен мәселелері.

14.ҚР-ы тұтынушылық несиенің даму перспективасы.

15.Кепіл несиені қамтамасыз етудің негізгі формасы.

16.ҚР-ы банктеріндегі проблемалық несиелермен жұмыс істеу.

17.Қарызгердің несиелік қабілеттілігі нарықтық қатынастар жағдайында несиені басқару негізі.

18.Кәсіпорынның сыртқы экономикалық іскерлігін несиелеу.

19.Шағын және орта бизнесті несиелеу.

20.Қайтарымдылық негізде инвестицияны несиелендіру және қаржыландыру мәселелері.

21.Тұрғын –үй құрылысын несиелендіру мен қаржыландыру.

22.Банктің ссудалық (қарыз)портфелін басқару

23 .Несиелік тәуекел құралдары
24.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау әдістері.

25.Несиелік жүйе тәуекелдерін реттеу.




4.2 «Несие» пәні бойынша емтихан сұрақтары


  1. Несиелеу әдістері және қарыздық (ссуда) шоттардың нысандары

  2. Кепіл құнын бағалау әдістері

  3. Коммерциялық банктің пассивтік операциялары

  4. Қазақстан Республикасының банктерінің консервациялауі мен жойылу тәртібі

  5. Банктік несиелеудің қағидалары

  6. Банктің меншікті капиталы: оның құрамы және құрылу тәртібі

  7. Несиелік келісім шарт, оның мазмұны мен мәні

  8. Банктік ресурстар және олардың сипаттамасы

  9. Лизинг туралы келісім-шарт және оның мазмұны

  10. Коммерциялық банктердің қорлары және олардың сипаттамасы

  11. Несие жүйе, оның Қазақстан республикасындағы рөлі және орны

  12. Банктік капиталдың жеткіліктері және оны анықтау әдістері

  13. Несиелік құжаттама және оның мазмұны

  14. Несие жүйесінің негізгі элементтері

  15. Ломбардтық несиелеу

  16. Ипотекалық несиелеу, оның қағидалары мен түрлері

  17. Коммерциялық банктің активтері және олардың құрылымы

  18. Коммерциялық банктердің функциялары және қызмет ету қағидалары

  19. Банктік несиелердің сыныптамасы

  20. Несиелік тәуекелді бағалаудың статистикалық әдістері (Z үлгісі, Чессер)

  21. Банк активтерін басқару әдістері

  22. Несие беру тәртібі

  23. Банк пассивтерін басқару әдістері

  24. Банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері

  25. Кепілдік. Кепілдік келісім-шарты

  26. Коммерциялық банктің пайыздық саясаты

  27. Коммерциялық қабілеттілігін бағалаудың шетелдік тәжірибесі

  28. Тұтынушылық несиелеудің төлем қабілеттілігі

  29. Несиелік қатынастардың объектілері мен субъектілері

  30. Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі және оның сипаттамасы

  31. Халықаралық несие: нысандары және түрлері

  32. Мәселелі несиелер, олардың пайда болу себептері

  33. Салымдар (депозиттер). Олардың түрлері

  34. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау әдістері

  35. Коммерциялық банктің лизингтік операциялары және олардың түрлері

  36. Екінші деңгейлі банктердің Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен өзара қатынасы

  37. Ақша-несиелік саясат және оның әдістері

  38. Банктік несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен түрлері

  39. Активтер мен шартты міндеттемелердің сыныптамасы, олар бойынша провизия құру

  40. Несие бағасы. Несие бағасын анықтайтын факторлар

  41. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігінің тобын (классын) анықтау

  42. Банктің несиелік портфелі және оның сапасын бағалау

  43. Лизингтік операциялардың ұйымдастырылуы мен жүргізілу әдісі (техникасы)

  44. Бағалы қағаздармен банк операциялары

  45. Несиелік санкциялар және оларды қолдану шарттары

  46. Банктің несиелік портфелі және оның сыныптамасы

  47. Пайыздық мөлшерлемелер, олардың түрлері, есептеу әдістері мен тәсілдері

  48. Банктік тәуекелдердің сыныптамасы

  49. Банктік несиелеу жүйесі және оның құрамдас бөліктері

  50. Коммерциялық банк басқарылуының ұйымдастырушылық құрылымы

  51. Кепіл, оның мәні. Кепіл түрлері

  52. CAMEL рейтингтік жүйесі

  53. Цессия, оның түрлері

  54. Кепілгерлік. Кепілгерлік туралы келісім – шарт

  55. Коммерциялық банктің несиелік саясаты және оның негізгі элементтері

  56. Коммерциялық банктің депозиттік (салымдық) саясаты

  57. Банктік несиелердің қолданылуы мен өтелуін (қайтарылуын) бақылау

  58. Консорциалдық несиелеу: мәні, қажеттілігі мен мәні

  59. Несиелік тәуекел және оны бағалау әдістері

  60. Кепіл туралы келісім-шарт және оның мазмұны




Каталог: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет