5В072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»



жүктеу 0.77 Mb.
бет1/5
Дата01.05.2016
өлшемі0.77 Mb.
  1   2   3   4   5
: files -> %D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> %D0%9A%D0%AD%D0%94%20%D0%A2%D0%9F
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Оқу жылына 5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша элективті пәндердің жиынтығЫ
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан Республикасының
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Бекітемін ОӘКтөрағасы Б. Рскелдиев
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Элективті пәндердің каталогы
%D0%9A%D0%AD%D0%94%20%D0%A2%D0%9F -> 5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамсыздану
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасы білім және ңҒылым министрлігі
%D0%9A%D0%AD%D0%94%202012-13%20%D1%83%D1%87.%D0%B3%D0%BE%D0%B4%20(%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%BD) -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті



3 деңгейлі СМЖ құжаты

№ __ баспа «___» ______ 20___ж.


Ф 042-05.1.10.03-2011-01

Элективті пәндердің жиынтығы




БЕКІТЕМІН

ОЖ бойынша проректор ______ Б.Ә.Рскелдиев

«____» _____________ 20__ ж.

5В072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»

мамандығы бойынша



ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ


№ р/с

Пәндердің

коды


Пәндердің және циклдердің аталуы.

Пәндердің қысқаша мазмұны



1

2

3

Жалпы білім беру пәндері

1

Pci 0101

Психология

Несие саны -2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3



Пререквизиттер – жоқ.

Постреквезиттер- жоқ.

Оқыту мақсаты: студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді. Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: жалпы психологияның негізгі түсініктерін; психологиядағы бар әртүрлі бағыттар мен теориялардың мазмұнын; бүгінгі психикалық процесстердің теориялық және қолданбалы ерекшеліктерін; педагогикалық процесте тұлға мен ұжымды зерттейтін негізгі әдістерді білуі керек.

Іскерлік: окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек; психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.

Дағды: тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.

Құзіреттілігі: студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к., доцент - Гизатуллина А.Г.

2

Cam 0102

Өзін-өзі тану

Несие саны – 2 (0+2+0), ECTS бойынша несие саны – 3.



Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Бақыттың кілті өз қолыңда. Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгінненн басталады. Адам тарих ағымында. Адами құндылықтар. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Мен және сен. Өмір әдебі. Әлем, неткен әсем ең.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады.

Іскерлік: өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағды: өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзіреттілігі: нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы - Сергеева К.С.

3

Kul 0103

Мәдениеттану

Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.



Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: мәдениеттану білімінің негізін қалыптастыру және оны сараптамалық пайдалануға үйрету.

Қысқаша мазмұны: Мәдениеттану пәні мен әдістері, мәдениет маңызы және мәні, мәдениет тілі, адам әлемі мәдениет сияқты. Алғашқы мәдениет, ежелгі Шығыс мәдениеті, ежелгі Греция мен Рим мәдениеті, орта ғасыр мәдениеті, қайта туу заман мәдениеті және жаңа кезеңдегі европалық мәдениет, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақ мәдениеті қайнар көздері, қазақтардың дәстүрлі мәдениеті, қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет, Еуразиялық мемлекет ретінде Қазақстанның әлеуметтік мәдени болашағы.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: мәдениеттанудың негізгі категорияларын, мәдениет теориясының түсінігін, оның құрылымы мен функцияларын біледі.

Іскерлік: мәдениеттің жан-жақтылығы мен олардың өзара әрекеті жөнінде түсінікте болады, мәдениеттану білімінің теориялық, қолданбалы және аксиологиялық аспектілерін ажырата алады, оларды кәсіптік тіршілігіне қолдана алады.

Дағды: Қазақстанда және де әлемде болып жатқан әлеуметтік-мәдени өзгерістердің жіктелуі мен ойын өздігінен талдауға дағдыланған.

Құзіреттілігі: мәдениет және халықаралық байланыстар аумағында білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы - Кудратова С. А.

4

Ped 0104

Педагогика

Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.



Пререквизит – жоқ.

Постреквезит – жоқ.

Оқыту мақсаты: студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді.

Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мұғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.



Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын білуі керек.

Іскерлік: педагогикалық жағдайларға талдау жасай білу.

Дағды: педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдана білу.

Құзіреттілігі: педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы.

Бағдарлама жетекшісі: доцент - Аубакирова Р.Ж.

5

DGYa 0105

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Несие саны – 2(1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.



Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Іс жүргізу технологиясы және құжат айналымын ұйымдастыру. Іс қағаздарының нақты түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдық құжаттар. Бұйрық-жарлық құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Жеке құжаттар. Коммерциялық хат алмасу.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді.

Іскерлік: маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділік қалыптасады.

Дағды: мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: фил.ғ.к., аға оқытушы - Секей Ж.

6

Val 0106

Валеология

Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.



Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Денсаулық біртұтас құрылым, салауатты өмір салтының негіздері, ауырулардың алдын алу және нығайту жолдарын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың үрдістерін зерделейді.

Қысқаша мазмұны: Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік медицина. Денсаулықтың бұзылуының әлеуметті-гигиеналық мәселелері Денсаулық және өмір салты. Медициналық көмектердің ұйымдастырылуының негізгі бағыттары. Медико-әлеуметтік патронажды ұйымдастыру. Физиология және патология репродукциясы. Валеологиялық қызметтерді ұйымдастыру.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: валеологияның теориялық және әдістемелік негіздері, денсаулық, оларды қалыптастыратын, нығайтатын және бұзатын факторлар туралы білімін жетілдіру. Қоршаған орта және ағза дамуындағы заңдылықтарының тығыз байланысын анықтау. Студенттердің физикалық және психикалық жетілу заңдылықтарын оқып зерттеу.

Іскерлік: жеке бас гигиена ережелерін білу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалытастыру үрдістерін анықтау. Студенттердің еңбек және демалыс тәртібінің оптимизациясы және түзетілуі бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың денсаулығына санды және сапалы баға беру.

Дағды: студенттер мен ата-аналарының салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру. Студенттер мен ата-аналарын дені саулыққа баулу.

Құзіреттілігі: Денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, олардың сарқылмас жолдарын жасау, денсаулықты қайта қалпына келтіру, адам өміріне әсер ететін факторлар жөнінде білімін қалыптастырады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы - А. Нұрсафина

7

MEOR

EAZES


0107

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар

Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.



Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер жоқ.

Оқыту мақсаты: «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру.Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық. ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерін біледі.«ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялық тұжырымдамаларын және нормативті-құқықтық базасын біледі.

Іскерлік: Өз бетімен экономикалық ойлау мен талдау қабілетіне ие болады, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеуге ұмтылады.

Дағды: халықаралық экономикалық қатынастар аясында алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыланады.

Құзіреттілігі: базалық және жалпы білімін, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін, халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді.



Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы - С.Қ. Жұмашбекова.

8

Shak

0108


Шәкәрімтану

Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.



Пререквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Шәкәрімтану пәні Абайдың ақын шәкірті, ойшыл, философ, композитор, тарихшы, шежіреші Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақын мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындай түсу. Шәкәрім шығармашылығындағы руханилылық мәселесіне ерекше зер салу. Қазақ әдебиетінің бас ақыны, ұлы тұлға Абаймен тамырластығы ой сабақтастығына назар аудару. Көптің бірі емес, бірегей ақынды танып қана қоймай, әлемдік деңгейде танытуға ынталандырып, талаптандыруды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы. Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және көркем туындыларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи, т.б. да құндылықтарды меңгереді.

Іскерлік: Шәкәрімнің дарыны мен нәр алған рухани өзегімен танысып, Шәкәрімтанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады. Шәкәрімнің шығармашылық өмір жолын оқып білу арқылы зерттеушілік қабілеттері ашылады.

Дағды: Шәкәрімтанудың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы Шәкәрім мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзіреттілігі: Шәкәрімнің Абай дәстүрін жалғастырудағы және өзіндік әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар орнын танып біледі. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.

Бағдарлама жетекшісі: филол.ғ.к., доцент - Н.М. Әубәкір

Базалық пәндер – 44 несие

І Білім беру траекториясы - Астықты өңдеу және сақтау технологиясы

1

Zer 0201

Астықты өңдеу және сақтау технологиясы мамандығына кіріспе

Несие саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 31 несие.

Постреквизиттер – Өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы, Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу және сақтау, Өңдеу өндірістерінің арнайы технологиясы 1,2.

Оқыту мақсаты: астық-түйірдің жалпы күйі, астық түйірдің және оның өнімдерінің химиялық құрамы, тағамдық және биология құндылығы, тамақ өнімдерін сақтау кезінде өтетін үрдістерді туралы студенттер білім алу.

Қысқаша мазмұны: Астық түйірді өңдеу және пайдалану. Астық түйірді жіктеу және жүйелігі. Астық түйірді өсіру кезінде оның сапасы мен құрамына әсер ететін факторлар. Жемісі мен тұқымының анатомиялық құрылымы және морфологиялық сипаттамасы. Астық түйірдің сапасын бағалау. Талдау жасау үшін астық түйірді сынамаға дайындау және іріктеу. Астық түйір сапасының көрсеткіштерін анықтау әдістері; ылғалдылық, 1000 дәннің массасын, қалдықтар құрамын (дәндік, бөгде, зиянды). Толық құнды емес астық түйірді пайдалану және дұрыс көре білу, яғни зиянкестілермен және аурулармен зақымдалған, жетілу кезде қолайсыз факторлардың әсерінен, жинаған кездегі өңдеуден, сақтау кезінде болған. Астық түйірдің стандартизациясы және сертификациясы. Дәндік, бұршақ және майлы дақылдардың спецификалық ерекшеліктері.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: астық-түйірдің күйі, жалпы күйі, атық түйірдің және оның өнімдерінің химиялық құрамы, тағамдық және биология құндылығы, тамақ өнімдерін сақтау кезінде өтетін үрдістерді туралы жалпы мәліметтер.

Іскерлік: дәңді дақылдардың физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау, астық түйірді және оның өнімдерін сақтау кезінде өтетін физика-химиялық және биохимилық үрдістердің маңыздылығын түсіну.

Дағды: ғылыми дағды және оны тәжірибеде өндеу өндірістерінде қолдану.

Құзіреттілігі: астық-түйірді сақтаудың жалпы технологиясы туралы жалпы мәліметтердің болуы.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы - Касымов С.К.

2

TOHZ 0202

Астықты сақтау және өңдеу технологиясы

Несие саны – 3 (1+1+1), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 65 несие.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: астықты өңдеу технологиясы бойынша теориялық курстарды меңгеру, астықты өңдеу өнеркәсіптерінде астық өңдеу бойынша тәжірибелік білімдерін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Астық және оның компонентерінің қасиеті және құрамы; қоспалардың және астықтың жылулық физикалық және масса-алмастырғыштық қасиеттері; Астық массасының микроорганизмдері; әртүрлі мәдениеттерде астық сақтау әдістері мен режимдері және одан алынатын өнімдерді өңдеу: астықты дезинсекциялау және дезинфекциялаудың қазіргі заманғы әдістері; Ұн тарту өндірісінде және Жарма шығару кәсіпорындарында астықты сақтау және өңдеу технологиясы. Сақтау және өңдеу кезінде көмірсу, май және ақуыздардың өзгеруі; шикізатта өтетін олардың химиялық, физикалық, биохимиялық және басқа процестерге әсері.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: астықты сақтау мен өңдеудің теориялық негізін, астықтың физикалық, технологиялық, химиялық қасиетін және де сақтау мен өңдеу кезінде болатын физика-химиялық, биологиялық құбылыстарды; техниканы (әртүрлі типтегі конструкция) және астықты өңдеу мен сақтаудың жаңа әдістерін; астықты өңдеу мен сақтау кезінде астықтың технологиялық қасиетінің өзгеруін біледі.

Іскерлік: дән мен тұқымдарға органолептикалық бағалау жүргізе алады, дән мен тұқымның физика-химиялық көрсеткіштерін анықтай алады.

Дағды: қоспалардан астықты тазарту әдістерін, астықты белсенді желдету, сақтау және кептіруге дағдыланған. Білімін тәжірибеде көрсете алуға қабілетті.

Құзіреттілігі: өңдеу өндірістерінде базалық білімін көрсете алады, агроөнеркәсіп кешендерінде астықты өңдеу бойынша білімін қолдануға қабілетті.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.

3

STHZZK 0203

Астық және дәнді дақылдарды сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы

Несие саны – 3 (1+1+1), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 65 несие.

Постреквизиттер – Өңдеу өндірістерінің арнайы технологиясы 1, 2, Астықты өңдеу және сақтау технологиясы, Элеватор өндірісі және астықты жинақтағаннан кейінгі өңдеу технологиясы.

Оқыту мақсаты: астық және дәнді дақылдарды сақтаудың қазіргі кездегі технологиясының теориялық негізінін меңгеру, астықты сақтаудың жаңа технологиясы мен техникасы аумағында сараптамалық білімдерін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі кезде дәнді сақтау тәсілдері. Сақтау түрлері мен ерекшеліктері. Қазіргі кезде дәнді өңдеу және кептіру тәсілдері. Қазіргі кездегі қоймалар, астық түйір және дақылдарды ұзақ мерзімде сақтау үшін қолданылатын қоймалар; Өңделген дәнді сапалық көрсеткіштері. Сақтау кезінде болатын өзгерістер.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: астықты сақтаудың негізгі әдістерін, сақтау кезінде қолданатын технологиялық жабдықтар түрлерін, сақтау объектісі ретінде ұсынылатын шикізаттарға қойылатын негізгі талаптар, астық сапасының көрсеткіштерін анықтау әдістерін, астықты сақтау кезеңдерінде сапасына әсер ететін факторларды біледі.

Іскерлік: астықты сақтау аумағында арнайы және кезеңді әдебиеттерді қолдана алады; органолептикалық және физика-химиялық әдістерін қолдана отырып астық сапасын бағалай алады; астықты сақтау кезінде технологиялық жабдықтарды таңдау бойынша сараптамалық есептерді жүргізе алады; шикізаттарды сақтау нормасы бойынша шикізат есебін іске асыра алады.

Дағды: астықты сақтаудың жаңа әдістері аумағында жұмыс істей алуға дағдыланған.

Құзіреттілігі: астықты сақтауда білімдерін көрсете біледі, астықтарды сақтаудың жаңа әдістері өндірістерінде білімдерін көрсетуге міндетті.

Бағдарлама жетекшісі: к.ғ.к, доцент м.а. - Смольникова Ф.Х.

4

Zer 0204

Астық түйірді кептіру

Несие саны – 3 (2+0+1), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 65 несие.

Постреквизиттер – Өңдеу өндірістерінің арнайы технологиясы 2, Элеватор өндірісі және астықты жинақтағаннан кейінгі өңдеу технологиясы.

Оқыту мақсаты: кептіру кезінде технологиялық процесстерді қадағалау үшін теориялық білімдерін қалыптастыру.


  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет