6 Хромтау гимназия кітапханасын пайдалану Ережесі Ережені негізге алған нормативтік құжаттар: ҚР-ның «Білім туралы»



жүктеу 73.08 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі73.08 Kb.
: images
images -> Ақпараттық анықтама: Қр электрондық үкіметі Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті»
images -> Бюллетень «Новые книги» Вып. 3 Павлодар 2013 Құрастырушылардан
images -> Реферата: «Творчество Алвара Аалто»
images -> Программа с заездом суббота-суббота: 1 суббота // милан
images -> Jewish. Msk. Ru согласно еврейскому обычаю родители (папа и мама) произносят следующие благословения на рождение детей
images -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
"Бекітемін"

№ 6 Хромтау гимназия

директоры Мукашева Г.О

29.08.2013ж № 130 н/қ

6 Хромтау гимназия кітапханасын пайдалану Ережесі

Ережені негізге алған нормативтік құжаттар:

1.ҚР-ның «Білім туралы»Заңы

2.ҚР-ның «Еңбек кодексі»

3.№6 Хромтау гимназия Жарғысы

4.ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы 17.08.2000 ж.№827

Жалпы ереже

1.№6 Хромтау гимназия кітапханасын пайдалану Ережелері гимназия кітапханасы оқырмандарына қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

2.Кітапхананы пайдаланудың жалпы тәртібі-оқырманның кітапхана ара қатынасын реттейтін құжат.

3.Кітапхана мен оқырмандардың құқықтары мен міндеттерін оқу залын пайдалану қағидалары ережеге сәйкес белгіленеді.



1.Кітапхананы пайдалану тәртібі

1.1.Гимназия оқушылары кітапханаға сынып тізіміне сәйкес жеке келіп, ал гимназия қызметкерлері мен ата-аналар – жеке бас куәлігі немесе басқа да құжаттар арқылы жазылады.


1.2.Әрбір оқырманға бекітілген үлгі бойынша оқырман формуляры толтырылады. Оқырман формуляры кітапхана қызметкерінің құжаттарды оқырманға берген және қабылдаған күні жазылатын дәлел куәлігі.

1.3.Кітапханаға жазылу кезінде оқырман кітапхананы пайдалану Ережелерімен танысып, оқырман формулярына танысқандығын растап қол қояды.

1.4.Оқырмандарға құжаттар 7 күндік мерзіммен беріледі. Бір уақытта берілген құжаттардың саны (оқулықтарды есептемегенде) үштен аспауы керек.

Ескерту. Берілген құжатқа басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда  пайдалану мерзімі ұзартылады. 

1.5.Оқу, әдістемелік әдебиеттер оқырмандарға бағдарламаға сәйкес (оқу жылының соңында міндетті қайта тіркелу бойынша) беріледі. Бағдарлама бойынша сабақтарда оқытылатын көркем әдебиеттер оқу бағдарламаларына сәйкес мерзімге беріледі.
1.6.Кітапхана қорындағы кезекті құжаттар оқырманның бұрын алған, пайдалану мерзімі асып кеткен құжаттарын тапсырғанда ғана беріледі.

1.7.Жиі кездесетін және бағалы кітаптар, альбомдар, анықтамалық басылымдар үйге берілмейді.


1.8.Кітапхананың ішінде жұмыс істеуге берілетін құжаттардың санына шек келтірілмейді.

1.9.Қызмет көсетудің жеке тәртібі мен технологиясын нақты жайларды ескере отырып,әр кітапхана өздері белгілеп реттейді.

1.10.Кітапхана оқырмандарға уақытша пайдалануға кітаптар,кітапханада бар басқа да баспа шығармалары мен материалдар беруді ұйымдастырады.

1.11.Кітапхана мүмкіндіктерін ескере отырып,оқушылар мен қызметкерлердің,сондай-ақ ата-аналар мен жақын мөлтек аудан тұрғындарының да кітапхананы пайдалану құқығы бар.

1.12.Кітапхананы пайдалану тегін.

1.12.Кітапханада копьютер және басқа техникалық құрал-жабдықтар болған жағдайда ,оқушылар мен мұғалімдерге дербес жұмыс жасауы үшін компютердің бағдарламалық қоры ,компакт дискілер \СД\белгілі электрондық қор,бейнежазбалар,слайдтар,магнитафондық жазбалар,диафильмдер,кодопозитивтер беріледі.

1.13.Шежірелер(энциклопедия),анықтамалықтар,ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары,КА арқылы алынған әдебиеттер және дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы құжаттар тек оқу залында жұмыс істеу үшін беріледі.

1.14.Кітапхана қорында бар кітап,газет-журналдар,басқа да баспа шығармалары және слайдтар,магнитофондық жазбалар,СД белгілі электрондық қорлардың оқырмандарға берілуі есебі ұйымдастырылады.

1.15.Әр оқырманға бес жыл бойы пайдалануға арналған оқырман формуляры,кітапханада компьютер болған жағдайда электрондық оқырман формуляры толтырылады.

1.16.Электрондық оқырман формуляры мен кітап формуляры оқырманға баспа туындыларының берілгені мен оларды кітапхана қызметкерінің қабылдаған фактісі мен күнін растайтын құжаттар болып табылады.

1.17.Жыл сайын оқу жылының басында (қыркүйекте)кітапхана өз оқырмандарының атына жазылған әдебиеттердің барлығын міндетті түрде көрсетіп,оларды қайта тіркейді.

1.18.Кітаптарды қайтарған кезде кітап формулярындағы оқырмандар қолы кітапханашының қолымен өшіріледі.



2.Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері
2.1.Гимназия кітапханасының оқырмандары (оқушы,педагог қызметкерлер)мынаған құқылы:

2.2.Кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметін тегін пайдалануға ;

2.3.Абономенттен кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін уақытша пайдалануға алуға:

2.4.Кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;

2.5.Кітапхана қорында жоқ қажетті ғылыми әдебиеттерді кітапхана аралық абономент (КА)арқылы алуға (тек оқушылар);

2.6.Кітапхана кеңесін сайлауға және сайлануға ,кітапханаға нақты көмек көрсетуге;

2.7.Әр оқу жылының басында оқырмандар қайта тіркелуге;

2.8.Кітапхана пайдалану қағидаларын (мектеп кітапханасын пайдалану қағидаларының 3-22 тармақшысына сәйкес) сақтауға;



3. Оқырмандардың жауапкершіліктері мен міндеттері

3.1..Кітапханаға жазылу кезінде оқырман кітапхананың тіркеу құжаттарын толтыруға қажетті мәліметтерді айтуға міндетті.


3.2.Оқырман мектептен кеткен жағдайда оған тіркелген барлық кітапхана қорының құжаттарын тапсыруға міндетті.
3.3.Оқырман келесі міндеттерді орындауға тиіс:

- алынған құжаттарды кітапхана бекіткен мерзімде тапсыру;

- кітапханадан тіркеусіз құжаттарды алмау;

- кітапханаға тағаммен немесе сусынмен, сыртқы киіммен кірмеу;

- сағыз шайнамау;

- кітапхана қорына ұқыпты қарауға (кітаптарда белгілер жасамау, сызбау, кітап беттерін жыртпау, бүктемеу);

- кітапханада тыныштық сақтау, ашық сөрелерде тұрған ктіпатардың орнын ауыстырмау;

- құжаттарды алу барысында оқырман оны анықтап қарап, ақауларын байқаған жағдайда кітапханашыға айту;

- кітапханадан алынған кез келген басылым үшін оқырман формулярына қол қою (1-4 сыныптардан басқа);

- құралдарға ұқыптылықпен қарау;

- кітаптар мен компьютерді пайдалану ережелерін сақтау (қосымшаны қара);

- тыйым салынған сайттарды пайдаланбау, компьютер ойындарын ойнамау, E-mail немесе Chat-қа кірмеу.


3.4.Кітапхана қорының құжаттарын жоғалтқан немесе оған зиян келтірген оқырман дәл сондай немесе кітапханашы теңдес деп санаған құжатты тапсыру керек. Ауыстыруға болмайтын жағдайда басылымның бағасына сәйкес құнын өтеу қажет. Жоғалған, бүлінген кітаптардың бағасы кітапхана қызметкерінің есеп құжатында берілген коэффициентке сай анықталады.
3.5.Кәмелетке толмаған оқырмандар кітапхана қорынан құжатты жоғалтқан немесе зиян келтірген жағдайда ата-аналары немесе қамқоршылары жауапты болып саналады. 
3.6.Кітапхананы пайдалану Ережелерін бұзған оқырмандар кітапхана бекіткен мерзімге алу құқығынан айрылуы мүмкін. Заңда қаралған айрықша бұзушылық үшін оқырман әкімшілік, азаматтық-құқықтық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

4. Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша кітапханашының міндеттері

Кітапхананың жұмыс кестесін мектеп директоры бекітеді.

4.1.Кітапхана:

Берілген кітаптардың,баспа туындылары мен басқа да материалдардың кітапханаға қайтарылуы үшін тұрақты бақылау жүргізуге ;

КА қағидаларын бұзған абоненттерді әр жағдайда бұзушылық дәрежесіне қарай белгіленген мерзімге КА пайдалану құқығынан айыруға құқылы.

Кітапхана мынаған міндетті:

Оқырмандардың кітапхана қорларын тегін және ашық пайдалануы мен баспа өнімдерін уақытша пайдалануға тегін беруге:

-оқырмандарға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге;

Білім беру ақпаратында оқырман талабын басшылыққа алуға ;

Ұсынба әңгімелер мен оқырмандардың пайдалануына каталогтер мен картотекаларды,ұсынба тізімдер мен басқа да анықтама –библиографиялық және ақпарат материалдарын беру жолымен оларға қажетті баспа туындысын таңдауда ,сондай-ақ тақырыптық кітап көрмелерін ,жаңа әдебиеттер көрме шолуын ,ақпарат күндерін,әдеби кештер,мерекелер мен басқа да шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетуге ;

Жұмысқа оқырмандарды қатыстыра отырып,баспа туындыларын шағын жөндеуді (Жыртылған және түсіп қалған беттерді,түптемелерді,мұқабаларды желімдеу және т.т. )тұрақты ұйымдастыруға;

Оқу жылының басында оқырмандарды жыл сайынғы қайта тіркеуді жүргізуге;

Гимназия кітапханасы туралы Ережеге сәйкес өз қызметі туралы есеп беруге:

4.2.Танысуға мүмкін орында ілінген кітапхананы пайдалану Ережелеріне сәйкес оқырмандарға қызмет көрсету.


4.3.Кітапханада жұмыс істеу үшін оқырмандарға қолайлы жағдай жасау.
4.4.Оқырмандар туралы мәліметтерді ғылыми және кітапханалық-өндірістік жағдайдан басқа мақсатта пайдаланбау.
4.5.Қордағы құжаттар туралы оқырмандарға толық ақпарат беру.
4.6.Оқырмандарға қажетті әдебиеттерді таңдауда көмек көрсету.
4.7.Оқырмандарға каталогтармен, картотекалармен, библиографиялық және ақпараттық материалдарды қолдануға мүмкіндік жасау.
4.8.Оқырмандарға жүйелі түрде жаңадан түскен құжаттар жайлы ақпарат беру.
4.9.Кітапханаға құжаттардың уақытында тапсырылуын және оқырмандар тарапынан кітапхананы пайдалану Ережелерінің орындалуын қадағалау.  

5.Оқу залын пайдалану қағидалары

5.1.Оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді.

5.2.Оқу залына сөмкемен жеке кітапхана кітаптарымен,газет-журналдармен,баспа туындыларының кесінділерімен және басқа да баспа материалдарымен кіруге рұқсат етілмейді.

5.3.Оқу залында берілетін кітаптар,басқа баспа туындылары мен материалдар саны шектелмейді.Бір мерзімдегі сұраныс көп болған жағдайда берілетін даналар саны шектелуі мүмкін.

5.4.КА арқылы алынған кітаптар тек оқу залында,ал жоқ болса,кітапхана бөлмесінде пайдалануға беріледі. КА бойынша баспа туындылары мына мерзімге (қайта жөнелту уақытын санамағанда):кітаптар-30 күнге,мерзімді басылымдар-15 күнге,көшірмелер-45 күнге беріледі.

6.Мектеп кітапханасы қорындағы оқулықтарды пайдалану ережелері

6.1. Оқушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы №173 қаулысына сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етіледі.


6.2. Оқулықтар оқу жылының басында сынып жетекшілеріне (жаңадан келген оқушыларға – жыл бойында) тізімдеме бойынша әрбір оқушының міндетті қол қоюы арқылы, ал мұғалімдерге – пән мұғалімдеріне – лауазымдық міндеттеріне сәйкес беріледі.
6.3. Оқу жылының соңында немесе мектептен кеткен жағдайда оқушылар оқулықтарын тапсыруға міндетті. 

6.4. Оқулықтарды пайдалану мерзімі 4 жыл көлемінде бағдаршы болып есептеледі. 

 6.5. Бір сыныпта баспа жылдары әр түрлі оқулықтарды қолдануға рұқсат етіледі.
6.6. Оқушылар оқу әдебиеттеріне ұқыптылықпен қарауы керек.
6.7. Егер оқушы оқулықты бүлдірсе немесе жоғалтса, онда ол:

- сондай оқулықты;

- басқа оқулықты;

- немесе құны мен мазмұны, қолданылуы тең әдеби кітапты (баспа мерзімі – 3 жылдан кем емес) ауыстырып әкелуге тиіс.



6.8. Кітапханашы оқу жылы ішінде мектепті басқару органдарымен бірігіп, оқу әдебиеттерінің ұқыптылығын тексеруге құқылы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет