6. тектоникалық



жүктеу 252.68 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі252.68 Kb.
: files -> DistanceEducation -> Resource
Resource -> 4. ƏЛемдік мұхит төсенішінің ЖƏне оның континенттік жағалауларының ҚҰрылымдық элементтері
Resource -> Контрольные вопросы Что называется первообразной для функции на промежутке ?
Resource -> Тақырыбы: Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде. Мақсаты
Resource -> 2 Тақырыбы: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> Тақырыбы: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында
Resource -> Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> 3. геотектоникалық ТҰжырымдамалар геологияның парадигмалары ретінде ォ
Resource -> Негізге әдебиеттер
Resource -> Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтенуі. Девиация және әлеуметтік бақылау. Мақсаты
6. ТЕКТОНИКАЛЫҚ ____________АУДАНДАСТЫРУ ЖƏНЕ

ТЕКТОНИКАЛЫҚ КАРТАЛАР ЖАСАҚТАУ

МƏСЕЛЕЛЕРІ

6.1. Тектоникалық аудандастыру принциптері

Аймақтық тектоникалық зерттеулердің нəтижесі –

тектоникалық карталар түрінде рəсімделеді. Тектоникалық

карта – бүкіл жинақталған тектоникалық материалдарды жан-

жақты талдау жəне ой елегінен өткізу нəтижесінде алынған

қорытындыларды жинақы түрде кескіндейтін бірден-бір

маңызды құжат болып табылады. Мұндай карталар бетінде

зерттелген аймақ ауқымындағы тектоникалық құрылымдар

ғана көрсетіліп қоймай, сол құрылымдардың қалыптасу тарихы

жайлы да ой түюге мүмкіндік беретін деректер болуы тиіс.

Мұның өзі «тектоникалық карталар» деп аталатын арнаулы

құжаттың мейлінше күрделі құжат екендігін дəлелдейді.

Тектоникалық карталар жайлы сөз еткенде, олар

тектоникалық тұрғыдан аудандастырылған аймақтардың кескін-

келбетін анықтауы тиіс екендігіне айырықша мəн беріледі.

Тектоникалық аудандастыру – дегеніміз жер қыртысының,

яғни литосфераның нақтылы өңірлерін геологиялық-

геофизикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеу нəтижесінде

өздерінің тарихи-геологиялық даму сипаты мен морфологиялық

ерекшеліктері жағынан бір-бірінен анық ерекшеленетін

жекелеген аймақтар мен тектоникалық ____________құрылымдарды

оқшаулау шаралары. Тектоникалық аудандастыру

қорытындылары əдетте əртүрлі масштабтағы тектоникалық,

құрылымдық, геодинамикалық карталар түрінде кескінделеді.

Тектоникалық аудандастырудың негізі ретінде қандай

принциптер алынуы тиіс деген мəселеге айырықша көңіл

аударылады. Қатпарлы құрылымдар кескінделген

тектоникалық карталарды құрастыруға негіз болатын

тектоникалық аудандастыру шараларын жүзеге асыру үшін

«қатпарланудың ақырғы фазасының уақыты» деген түсінікті

пайдалану принципі ХІХ ғасырдың аяқ шенінен бастап

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

154

қолданыла бастаған болатын. Бұл принциптің негізін салушы

М.Бертран деген ғалым, ол өзінің 1887 жылғы еңбегінде жер

қыртысына тиесілі қатпарлы құрылымдарды сол

құрылымдарды құрайтын таужыныстардың ең соңғы

қатпарлану уақыты тұрғысынан аудандастыру (көршілес

құрылымдардан оқшаулау) қажеттігін алғаш рет ұсынды.

М.Бертран Жер планетасының геологиялық даму тарихында

негізгі (ең соңғы) қатпарлану процесі белгілі бір кезеңдерде ғана

көрініс берген деген тұжырымға келе отырып, осындай

қатпарланудың төрт дəуірін атап көрсетті жəне оларды «гурон

(докембрий) қатпарлығы», «каледон қатпарлығы», «герцин

қатпарлығы» жəне «əлпі қатпарлығы» деп атады.

Қатпарланудың ақырғы фазасының көрініс беру уақыты

дегеніміз тектоникалық, магмалық жəне метаморфтық

белсенділіктермен сипатталатын қозғалмалы тектоникалық

құрылымның (бұрынғы түсінік бойынша «геосинклиндік

аймақтың») өзінің тектоникалық белсенділігін мүлдем тоқтатып,

сол аймақтың «платформалық даму сатысына» ауысу уақытына

сəйкес келеді деп есептеледі. Жүз жылға жуық уақыт бойына

тектоникалық аудандастыру шараларының ең негізгі принципі

рөлін атқарған бұл принцип көп жағдайда бүгінгі таңда да

қолданылады. Бұл принциптің дамып жетілуі барысында Жер

тарихындағы қатпарлық дəуірлері тек қана жоғарыда аталған

төрт кезеңмен шектелмейтіндігі, мұндай қатпарлану дəуірлерін

ондап санауға болатындығы белгілі болды. Алайда қазіргі таңда

ТМД елдері ауқымында ең негізгі қатпарлық дəуірлері ретінде

жеті қатпарлық дəуірі айырықша аталады, олардың үшеуі

докембрийге (архей жəне протерозой эраларына), қалған төртеуі

фанерозой эонына (палеозой, мезозой жəне кайнозой эраларына)

тиесілі деп есептелінеді. Жер қыртысына тиесілі тектоникалық

____________құрылымдарды құрайтын жаралымдар қатпарлануының

ақырғы фазасына сəйкес келетін аталған қатпарлықтар

мыналар: (көне кезеңдерден кейінгі кезеңдерге қарай рет-

ретімен): «беломор қатпарлығы» архей жəне протерозой

эраларының бір-біріне ауысу уақытына сəйкес келеді (шамамен

2,6-2,5 млрд жыл бұрын); «карелия қатпарлығы» – алғашқы

Геотектоника жəне геодинамика

155

протерозой мен соңғы протерозойдың бір-біріне ауысу уақыты

(шамамен 1,9-1,65 млрд жыл бұрын); «байкал қатпарлығы» –

соңғы протерозойдың аяқ шенінде, яғни венд кезеңінде немесе

докембрийдің фанерозойға ауысу кезеңінде (шамамен 650-570

млн жыл бұрын); «каледон қатпарлығы» – алғашқы

палеозойдың аяқ шенінде–соңғы палеозойдың бас шенінде, яғни

негізінен силур–девон кезеңдерінде (шамамен 450-350 млн жыл

бұрын); «герцин қатпарлығы» палеозой эрасының аяқ шенінде,

яғни таскөмір-пермь кезеңдерінде (шамамен 350-240 млн жыл

бұрын); «киммерий қатпарлығы» – мезозой эрасының əртүрлі

кезеңдерінде (250-65 млн жыл бұрын); əлпі қатпарлығы» –

кайнозой эрасының неоген кезеңінен бергі аралықта көрініс

берген, қазір де жалғасып жатқан қатпарлық (соңғы 25 млн жыл

ауқымында).

Мобилизм идеялары, яғни «Литосфералық тақталар

тектоникасы (ЛТТ)» тұжырымдамасы дүниеге келгеннен кейін

континенттер ауқымындағы қатпарлы құрылымдарды

аудандастыру негізі ретінде «мұхиттық қыртыстың

континенттік қыртысқа ауысу уақыты» тұрғысынан аудандастыру

принципі қолданыла бастады. ЛТТ тұжырымдарына сəйкес, кез

келген континенттік қатпарлы құрылым, сайып келгенде,

бұрынғы мұхиттық құрылымның «жабылуы», осы жабылу

барысында құрылым ауқымындағы бүкіл геологиялық

формациялардың жаппай қатпарлануы нəтижесінде

қалыптасады деп есептелетіндігі белгілі. Олай болса, «мұхиттың

жабылуы» оның екі континенттік жағалауларының соқтығысуы,

осының нəтижесінде орогендердің (таулардың) қалыптасуы

сияқты процестермен орайласады. Ал таулардың жаралуы –

дегеніміз ғаламат бүйірлік қысымдар (стресс) жағдайында

таужыныс кешендерінің жаппай қатпарлануы есебінен пайда

болатындығын «мобилизмнің атасы» Альфред Вегенер ХХ

ғасырдың 20 жылдарында-ақ атап көрсеткен. Екінші сөзбен

айтқанда, таулардың қалыптасу уақыты қозғалмалы аймақтың

тектоникалық белсенділігінің ең соңғы белгісі болып табылады,

осыдан кейін аймақ «тынышталатын болады», сөйтіп енді ол

салғырт қозғалыстармен ғана сипатталатын байырғы

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

156

платформаға (немесе қатпарлы белдеуге) айналады. Бұл

айтылғандардан шығатын қорытынды – «мұхиттың

қыртыстың континенттік қыртысқа ауысу уақыты» –

дегеніміз де өзінің геодинамикалық табиғаты тұрғысынан

алғанда «қатпарланудың ақырғы фазасының уақыты» – деген

түсінікке сəйкес келетіндігі.

Сонымен, қорыта айтқанда, тектоникалық карталарды

құрастыру үшін ең қажетті шаралардың бірі – зерттеу аумағын

тектоникалық аудандастыру шаралары болатын болса, сол

аудандастыру принципі «ең соңғы қатпарлану уақытын»

анықтау қажеттілігіне саятындығын түсіндік.

6.2. Тектоникалық карта типтері жəне оларды құрас-

тырудың басты сатылары

Енді тектоникалық карталарды құрастыру тарихын жəне

осылайша құрастырылған карталардың мақсат-мүдделері мен

өзіндік ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтеміз.

Ең алғашқы тектоникалық карталар ХІХ ғасырдың

аяғымен ХХ ғасырдың бас шенінде құрастырыла бастады,

мұндай карталар «тектоникалық сызықтар картасы» деп

аталды. Бұлар шын мəніндегі карталар емес, байырғы сұлбалар

(схемалар) түрінде құрастырылды, себебі оларда көне

платформалар мен қатпарлы белдеулер ауқымында анықталған

терең жарылымдар мен қатпар өстерінің созылу бағыттары

ғана кескінделді.

Тектоникалық карталар құрастырудың екінші сатысы ХХ

ғасырдың басынан бастап оның 40 жылдарына дейінгі аралықты

қамтиды. Мұндай карталар қатпарлы құрылым қалыптасуының

жоғарыда сөз болған М.Бертран анықтаған қатпарлық

дəуірлерінің біреуі нəтижесінде (гурон, каледон, герцин жəне

əлпі қатпарлықтарының бірінде) тұрақтанған тектоникалық

құрылымдарды оқшаулау шараларымен орайласты. Мұндай

карталардың мысалдары ретінде Э.Ог (1907 ж.) жəне Г.Штилле

(1924 ж.) құрастырған Еуропаның тектоникалық аудандастыру

карталарын немесе КСРО ғалымдары Д.В.Наливкин,

Геотектоника жəне геодинамика

157

М.М.Тетяев, сол сияқты А.Д.Архангельский мен Н.С.Шатский

құрастырған КСРО аумағын тектоникалық аудандастырудың үш

түрлі карталарын немесе сұлбаларын (1933 ж.) атауға болады.

ХХ ғасырдың 40-60 жылдары аралығын қамтитын үшінші

кезеңді жалпы алғанда «шолу тектоникалық карталарын»

(обзорные тектонические карты) құрастыру кезеңі деп атауға

болады. 1:5000000–1:2500000 масштабтар аралығында

құрастырылған мұндай карталарда жекелеген елдер мен

жекелеген материктердің тектоникалық сұлбасы кескінделді.

Мұндай карталар геологиялық картаға түсіру нəтижелерін,

терең бұрғылау деректерін жəне аймақтық геофизикалық

зерттеу материалдарын кешенді түрде сараптау нəтижесінде

құрастырылды. Мұндай карталардың мысалы ретінде «КСРО-

ның тектоникалық картасын» (масштаб 1:000000, 1956 ж.),

«АҚШ-тың тектоникалық картасын» (1944 ж.), «Австралияның

тектоникалық картасын (1961 ж.) т.с.с. атауға болады. Негізінен

құрылымдық мазмұнды иемденген мұндай тектоникалық

сұлбалар кейінірек құрастырылған бір топ шолу карталарының

негізін қалады [(«Еуропаның халықаралық тектоникалық

картасы», 1964; «Еуроазияның тектоникалық картасы», 1966;

Солтүстік Американың (1969), Африканың (1958),

Австралияның (1971), Оңтүстік Американың (1978),

Антарктиканың (1980) тектоникалық карталары», т.с.с.]. Бұл

карталарды құрастырудың негізі ретінде «қатпарланудың

ақырғы фазасын» анықтау принципі алынды, алайда

«қатпарлану кезеңдері М.Бертран белгілеген төрт кезеңмен ғана

емес, өзге кезеңдермен де толықтырыла түсті. КСРО аумағында

құрастырылған тектоникалық карталарда жоғарыда сипатталған

жеті түрлі қатпарлыққа айырықша көңіл бөлінді.

Сөз болып отырған шолу тектоникалық карталарында

«құрылымдық қабат» (структурный этаж) деген түсінікке

айырықша мəн берілді, сөйтіп картада көрсетілген аймаққа

тиесілі жер қыртысының қимасы бірнеше (əдетте, екі немесе

үш, кейде одан да көп) құрылымдық қабатқа жіктеліп, олар

жеке-жеке сипатталды. Қимадағы құрылымдық қабаттардың

бір-бірінен даралану шекарасы ретінде əдетте кəдімгі

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

158

үйлесімсіздіктер немесе кешендердің деформациялану

дəрежесіндегі өзгерістер алынды. Континенттік қыртыс

қимасындағы ең негізгі құрылымдық қабаттар рөлін көне

платформалардың тақталарының қимасындағы немесе

қатпарлы белдеулер ауқымындағы ойысымдар мен аймақтық

ойыстар қимасындағы кристалдық іргетас құрылымдық

қабаты мен платформалық тыс құрылымдық қабаты

атқаратындығы түсінікті. Алайда, кейбір жағдайларда,

қатпарлы кешен қимасында, яғни кристалдық іргетас

қимасының өзінде де бір-бірінен үйлесімсіздіктермен

оқшауланған бірнеше құрылымдық қабаттар даралануы мүмкін.

Мұндай тектоникалық картаның мысалы ретінде 1966 жылы

Т.Н.Спижарскийдің редакциясымен шығарылған «КСРО-ның

тектоникалық картасын» (масштабы 1:2500000) атауға болады.

Онда қатпарлы белдеуге тиесілі кристалдық іргетас

қимасында үйлесімсіздіктерді анықтау нəтижесінде дараланған

əрбір құрылымдық қабат өзінің генетикалық табиғаттары

тұрғысынан оқшауланған.

Мұнай, газ, тас көмір сияқты өте қажетті пайдалы

қазбалардың платформалардың, ойысымдардың, аймақтық

ойыстардың тек қана шөгінді тысының қабатында

ұшырасатындығы жəне осы мəселеге байланысты аталған

құрылымдардың кристалдық іргетасы бетінің орналасу

тереңдігін (немесе шөгінді тыс қимасының қалыңдығын)

анықтау мəселесі практикалық тұрғыдан өте маңызды болуы

мұндай аймақтардың тектоникалық картасын құрастыру

əдістемесіне өзіндік ерекшеліктер енгізу қажеттілігін

туындатты. Мұндай карталарда кристалдық іргетас бетінің

тереңдігін «стратоизогипсалар» арқылы кескіндеу əдісі

қолданылады. Мұндай карталарда іргетас тереңдігінің əртүрлі

көрсеткіштері тек қана əртүрлі изогипсалармен ғана көрсетіліп

қоймай, жалпы платформа аумағы боялған түстің əртүрлі

реңдерімен де көрсетіледі. Бұл əдіс картаның көрнекілігін

арттырып қана қоймай, оның «жақсы оқылуына» да жағдай

жасайды. Ал платформалық тыс астындағы кристалдық тыс

құрылымдық қабаты өзінің «ақырғы қатпарлану фазасының

Геотектоника жəне геодинамика

159

уақытына» қарай бояудың əртүрлі гаммаларымен боялады.

Соңғы карталардың мысалы ретінде «Еуропаның халықаралық

тектоникалық картасының» 1983 жылы шыққан екінші

басылымын атауға болады. Жалпы алғанда, шолу карталарының

масштабы айтарлықтай кішірек болуына қарамастан, олардың

кейбіреулерінде қатпарлы кешендердің немесе іргетас

кешендерінің кейбір құрылымдық қабаттарын құрайтын

таужыныстардың заттық құрамын (геологиялық

формацияларды) əртүрлі шартты белгілер (жиі-жиі штрихтар)

көмегімен, ал оларды «тілгілеп өткен» кейбір ірі-ірі

интрузиялық массивтерді арнаулы бояулармен көрсету

мүмкіндігі жүзеге асқан.

Тектоникалық карталар құрастырудың төртінші кезеңі

ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастау алады, бұл кезеңді шартты

түрде 1:100000–1:500000 масштабтар аралығындағы

«аймақтық тектоникалық карталар құрастыру кезеңі» деп

атауға болады. Мұндай карталар бұрынғы КСРО-ға кіретін

республикалардың көпшілігінде, оның ішінде Қазақстан

бойынша да құрастырылды. Бұл карталарда мобилизм

идеялары кеңінен пайдаланылды, яғни аталған карталар

мұхиттық қыртыстың келе-келе континенттік қыртысқа

айналу уақыты тұрғысынан құрастырылды. Осыған байланысты

бұрынғы «континенттік қыртыс» жəне «мұхиттық қыртыс»

деген ұғымдарға қосымша «мұхиттың континентке ауысу

белдемінің қыртысы» деген жаңа түсінік қалыптасты. Сөз

болып отырған карталарда аталған қыртыстардың көрініс беру

аймақтары сол қыртыс түрлеріне тəн геологиялық

формацияларды əртүрлі бояулар немесе өзге де шартты

белгілермен оқшаулау əдісімен белгіленді. Мұндай карталарды

жасақтауда КСРО Ғылым Академиясының Геологиялық

институтында академик А.В.Пейвенің жетекшілігімен

жүргізілген арнаулы зерттеулер нəтижесі айырықша рөл

атқарды.

Тек қана континенттер аймағындағы тектоникалық

құрылымдар емес, Əлемдік мұхит алабының тектоникалық

карталарын құрастыру ХХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды.

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

160

Бұл кезеңді тектоникалық карта құрастырудың бесінші кезеңі

деп шартты түрде атауға болады. Алғашқы мұндай карта

«Жердің Тынық мұхиттық сегментінің тектоникалық картасы»

деп аталды, ол Кеңес ғалымдары Ю.М.Пущаровский мен

Г.Б.Удинцовтардың редакциясымен 1970 жылы жарық көрді.

Бұл картаның мазмұны шын мəніндегі тектоникалық картадан

гөрі құрылымдық-геоморфологиялық __________карта деген түсінікке

жақынырақ болды, себебі ол кезде мұхит түбінің тектоникалық

ерекшеліктері мен даму тарихы жайлы материалдар əлі де

болса жеткіліксіз болатын. Кейінірек мұхит түбінде жүргізілген

бұрғылау жұмыстарының қорытындыларын, сол сияқты мұхит

түбіндегі «созылмалы магниттік қалыпсыздықтар» («линейные

магнитные аномалии») деп аталатын құбылыстың жай-

жапсарын жан-жақты саралау нəтижесінде америка ғалымы

Б.Хейзеннің басшылығымен Əлемдік мұхит түбінің

геологиялық картасы құрастырыла бастады. Бұл картаның атауы

«геологиялық» болғанымен, оның мазмұны палеогеологиялық

немесе тектоникалық картаға көбірек сəйкес келетін, себебі онда

Əлемдік мұхит түбін аудандастыру шаралары мұхит түбіндегі

тереңсулы шөгінділер мен оның астындағы базальтты қабаттың

жапсарында анықталған геологиялық көнелік көрсеткіштерін

негізге алу нəтижесінде жүзеге асырылды. Мұның нəтижесінде

спрединг процесіне ұшыраған мұхит түбінің көлбеу

(горизонталь) бағытта үнемі жылжып отыруының

тектоникалық, яғни геодинамикалық табиғатын анықтап берген

мұхит түбінің геологиялық даму тарихы мейлінше айшықты

түрде көрініс тапты.

Континенттердегі __________құрылымдық элементтердің жəне

мұхит түбінің тектоникалық ерекшеліктерін алуан түрлі

тектоникалық карталар бетінде кескіндеу ісінде жинақталған

тəжірибе енді «Əлемнің тектоникалық картасын» құрастыру

мүмкіндігіне қол жеткізді. Осындай атаудағы алғашқы карта

1977 жылы Кеңестер Одағы ғалымдарының басшылығымен

құрастырылды. 1:25000000 масштабта құрастырылған бұл

картада континенттер өңірінің жəне мұхит түбінің тектоникалық

карталарын жасақтау барысында жинақталған əдіс-тəсілдер

Геотектоника жəне геодинамика

161

ешбір өзгеріссіз қолданылды. 1984 жылы 1:15000000 жəне

1:45000000 масштабтардағы «Əлемнің халықаралық

тектоникалық картасы» жарық көрді. Бұл карталарда

тұрақтанған континенттік қыртыс аймақтары, мұхиттан

континентке өту белдеміне қарасты жер қыртысына тиесілі

нысандар жəне мұхиттық қыртыс жағдайында түзілген

жаралымдар аймағы бөлек-бөлек көрсетілді, алайда жалпылама

аудандастыру шаралары байырғы «қатпарланудың ақырғы

фазасы» тұрғысынан жүргізілді. Мұның өзі тектоникалық

зерттеулер тарихында ең жиі қолданылған екі аудандастыру

принципінің («қатпарланудың ақырғы фазасының уақыты

тұрғысынан аудандастыру» жəне «мұхиттық қыртыстың

континенттік қыртысқа ауысу уақыты тұрғысынан

аудандастыру») бір жерден тоғысуына мүмкіндік берді. Бұл

картаның тағы бір ерекшелігі – онда Еуропада жəне Кеңестер

Одағында бұған дейін қолданылып келген қатпарлық дəуірлері

(каледондық, герциндік, киммерийлік т.с.с.) емес, жалпылама

жержылнамалық (стратиграфиялық) шкаладағы нақты дəуірлер

негізге алынды (мəселен, «соңғыпалеозойлық дəуір»,

«ертемезозойлық дəуір», т.с.с.).

ХХ ғасырдың 80 жылдарының аяқ шенінен бастап

тектоникалық карталардың жаңа түрі құастырыла бастады,

мұндай карталар «геодинамикалық карталар» деп аталды. Бұл

кезеңді шартты түрде тектоникалық карта құрастырудың

алтыншы кезеңі деп атауға болады. Мұндай карталардың

жарқын мысалы 1988 жылы Кеңес Одағының ғалымдары

Л.П.Зоненшайн мен Л.М.Натаповтың редакциясымен жарық

көрген «КСРО-ның геодинамикалық картасы». Бұл карта

түгелімен ЛТТ идеялары тұрғысынан құрастырылған карта,

онда Кеңестер Одағы ауқымындағы тектоникалық

құрылымдардың қалыптасуы көне мұхиттардың жабылуы

тұрғысынан құрастырылған. Бұл картадағы жеке-жеке

айшықталған басты нысандар – əртүрлі геодинамикалық

жағдайда (мұхит түбінде, аралдық доғаларда, шеткі теңіздерде,

тауаралық ойыстарда, т.с.с.) қалыптасқан геологиялық

формациялар жиынтығы болып табылады. Олардың

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

162

геологиялық көнеліктері əртүрлі бояулармен (түстермен) жəне

арнаулы индекстермен берілген, кейбір аймақтардағы (мəселен,

Қиыр Шығыстағы) террейндер арнаулы штрихтармен

белгіленген. «Литосфералық тақталар тектоникасының (ЛТТ)»

геологиядағы негізгі парадигма ретінде ғылыми айналысқа

кеңінен енуі қазіргі таңда əртүрлі аймақтардың

«геодинамикалық карталарын» құрастыру ісіне айтарлықтай

екпін беріп отыр, мұндай карталардың кейбір үлгілері соңғы

жылдары Қазақстанда да құрастырылды.

Тектоникалық карталар өздерінің мазмұнына қарай, бірінші

кезекте, «жалпы карталарға» жəне «арнаулы карталарға»

жіктеледі. Карталардың бұл екі түрі де, өз кезегінде,

«жаһандық», «шолу» жəне «аймақтық» болып үш түрге

бөлінеді. Жаһандық тектоникалық карталар бүкіл жер

шарының бетін қамтиды, яғни бұл карталардың бетінде

континенттердің де, мұхиттардың да, ауысу белдемдерінің де

жер қыртыстарына тəн тектоникалық ерекшеліктер ашылып

көрсетіледі. Мұндай карталар əдетте 1:45000000 масштабтан

__________1:15000000 масштабқа дейінгі аралықта құрастырылады. Шолу

тектоникалық карталары жекелеген континенттер мен

мұхиттардың немесе ірі-ірі елдердің (мəселен, АҚШ-тың,

Канаданың, Қытай халық республикасының, Үндістанның,

т.с.с.) аумағын қамтиды, бұлардың масштабы 1:5000000–

1:2500000 аралығында. Аймақтық тектоникалық карталар

жекелеген аймақтардың немесе ірі-ірі тектоникалық

құрылымдардың (платформалардың, қатпарлы облыстар мен

жүйелердің) (мəселен, Орал, Алтай, Кавказ), сол сияқты

жекелеген шағын елдер ауқымының (мысалы, Францияның,

Италияның, Польшаның, Қазақстанның, т.с.с.) тектоникалық

болмысын ашып беруге мүдделі. Мұндай карталар əдетте

1:1500000–1:500000 масштабтар аралығында құрастырылады.

Соңғы жылдары құрастырылған немесе қазіргі кезде

құрастырылып жатқан тектоникалық карталардың басым

көпшілігі геодинамикалық сипатты да иеленуі тиістілігі

жоғарыда айтылды. Екінші сөзбен айтқанда, мұндай карталар

бетінде көрсетілген геологиялық кешендер өздерінің

Геотектоника жəне геодинамика

163

геологиялық көнелігі жəне қатпарлану дəуірі тұрғысынан ғана

емес, сол кешендердің геодинамикалық жаралу табиғаты

тұрғысынан да даралануы тиіс. Мұндай мүдделерге қол жеткізу,

бірақ құрастырылған картаның сапасы мен «оқылу мүмкіндігін»

төмендетпеу оңай шаруа емес, сондықтан мұндай карталарды

құрастыруда талай-талай арнаулы əдіс-тəсілдер қолданылады.

Мəселен, «КСРО-ның геодинамикалық картасын»

құрастырушылар картадағы геодинамикалық кешендерді

əртүрлі түстермен, ал олардың геологиялық көнелігін сол

түстердің реңдерімен беруге тырысқан. Ал Еуропаның,

Африканың жəне Солтүстік Американың осындай картасын

құрастырушы авторлар кешендердің геологиялық көнелігін

əртүрлі түстермен бояған да, олардың геодинамикалық жаралу

табиғатын түстердің реңімен жəне əртүрлі краптармен беруге

тырысқан. Қалай дегенде де, бұл карталардың бəрінде де көне

эралар мен кезеңдерде мұхит алабында қалыптасқан, ауысу

белдемінде түзілген жəне континент жағдайында пайда болған

геологиялық кешендер мейлінше анық оқшаулануына

айырықша көңіл бөлінген. Ал бүгінгі мұхиттар алабындағы

геологиялық кешендерді оқшаулау шаралары негізінен мұхит

түбіндегі базальтты қабаттың көлбеу (горизонталь) бағытта

өзгеріп отыратын (спрединг процесінің нəтижесі) геологиялық

көнелігіне қарай оқшауланған. Онда спредингтің өстік сызығы,

трансформдық жарылымдар, сол сияқты мұхит төсеніші

(немесе мұхиттық үстірт) ауқымындағы аймақтық көтерілімдер

арнаулы шартты белгілермен көрсетілуі тиіс.

Континенттер ауқымындағы литосфералық тақталардың

шекараларын карта бетінде көрсету – маңызды шарттардың бірі,

ал тақталардың ішкі өңіріндегі геологиялық кешендер олардың

геодинамикалық жаралу табиғаты жəне қатпарлану дəуірі

тұрғысынан ашылып көрсетілуі тиістілігі жоғарыда айтылды.

Тектоникалық немесе геодинамикалық карталар бетінде

«эпиплатформалық орогендерді» («қосалқы орогендерді», 12-

дəріс мазмұнына көңіл аударыңыз) кескіндеу оңайға соқпайды,

себебі мұндай аймақтарда сол орогеннің негізін құраған

кристалдық іргетастың негізгі деформациялану уақытын

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

164

(мəселен, каледонидтердің, герцинидтердің, киммерийдтердің

т.с.с. қайсысына жататындығын), сол сияқты бұл аймақтың

«қайтадан жандануы» нəтижесінде туындаған қосалқы

қатпарлану уақытын көрсету қажет болады. Мұндай карталарда

қосалқы қатпарлану нəтижесінде пайда болған күмбездік

көтерілімдер арнаулы сызықтармен шектемеленіп

(контурланып), ашық түсті бояулармен бояу арқылы дараланса,

аталған қатпарлану нəтижесінде пайда болған қатпарлы-

жақпартасты құрылымдар арнаулы штрихтармен көрсетіледі.

Тектоникалық карталар бетінде картада көрсетілген аймақ

ауқымында бұрын-соңды болып өткен магматизм белгілерін

көрсету өте маңызды. Əдетте магматизм өнімдерін олардың

геодинамикалық табиғаты тұрғысынан оқшаулайды. Бұл

тұрғыдан алғанда тектоникалық карта бетінде магматизмнің

төменде келтірілген геодинамикалық туындау жағдайлары

бөлек-бөлек көрсетіледі: тақтаіштік континенттік магматизм

өкілдері (платобазальттар, гранит-рапакивилер, «анорогендік»

гранитоидтар, сілтілі базальттар, ультранегізді сілтілі

плутондар, кимберлит жəне лампроит құбырлары); тақтаіштік

мұхиттық магматизм өкілдері (сілтілі базальттар, олардың

жіктелу өнімдері жəне солардың интрузиялық баламалары –

габбро-ультрабазит интрузиялық массивтері); тақталардың

конвергенттік шекараларының магматизмі (əкті-сілтілі

жəне субсілтілі аралдоғалық вулканиттер, шеткі жанартаулы-

плутонды белдеу вулканиттері мен гранитоидтары, коллизиялық

гранитоидтар, т.с.с.). Қатпарлы құрылымдар ауқымында

ұшырасатын көне офиолиттердің жекелеген блоктары мен

меланж түріндегі ашылымдары арнаулы шартты белгілер

арқылы көрсетілуі тиіс.

Тектоникалық карталар бетінде метаморфтық өзгерістерге

ұшыраған геологиялық кешендер де көрсетілуі тиіс. Аймақтық

метаморфизм өнімдері əртүрлі бояулардың (түстердің) арнаулы

крапымен беріледі. Жоғары дəрежелі қысым–төмен дəрежелі

температура жағдайында қалыптасқан метаморфиттерді карта

бетінде көрсету өте маңызды, себебі олар көне эралар мен

кезеңдердегі субдукция процесі жүзеге асқан орындарды

Геотектоника жəне геодинамика

165

белгілейді. Мұндай метаморфиттер əдетте өте енсіз, бірақ

созылмалы белдемшелер түрінде көрініс береді, сондықтан

оларды картаның масштабынан тыс (ірірек) бояулы жолақтар

түрінде көрсетеді.

«Арнаулы тектоникалық карталардың» мысалдары ретінде

палеотектоникалық карталарды, құрылымдық карталарды,

неотектоникалық карталарды, платформа іргетасының

картасын, т.с.с. атауға болады. Мұндай карталардың мейлінше

маңызды жəне біршама жиі қолданылатындарын қысқаша ғана

сипаттап өтелік.

Арнаулы тектоникалық карталардың талайдан бері

қолданылып келе жатқан түрлерінің бірі – құрылымдық

карталар. Мұндай карталарда тектоникалық құрылымдар

стратоизогипсалар көмегімен немесе қатпарлар мен

жарылымдардың созылу өстерін кескіндеу көмегімен

сипатталады. Мұндай карталар əсіресе көне платформалар

ауқымындағы тақталардың немесе ойысымдар мен аймақтық

ойыстардың беткі бөлігін көмкеріп жататын шөгінді тыс

қабатының ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ашып көрсету

мақсатында жиі пайдаланылады, ал аталған құрылымдық қабат

мұнай, газ, тас көмір, тұз, темір т.с.с. бір топ маңызды пайдалы

қазба кенорындарын кіріктіретін бірден-бір орта екендігі

белгілі.

Арнаулы тектоникалық карталардың тағы бір өкілі –

шөгінді тыс қабаты «сыдырылып алынған» тектоникалық

карталар. Мұндай карталар, керісінше, шөгінді тыс

астындағы кристалдық іргетасқа тиесілі геологиялық

кешендердің тектоникалық жəне құрылымдық ерекшеліктерін

ашып көрсету мақсатында құрастырылады.

Соңғы онжылдықтарда жиі қолданыла бастаған тағы бір

арнаулы тектоникалық карта өкілдерінің бірі –

ғарыштектоникалық карталар. Мұндай карталар негізінен

ғарыш аппараттарынан алынған деректер негізінде

құрастырылады. Мұндай карталардың мысалдары ретінде

«КСРО-ның жыртылыс тектоникасының картасын» (1978),

«КСРО-ның шығыршықты құрылымдарының картасын» (1982)

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

166

атауға болады. ТМД елдері ауқымының көптеген аймақтары

бойынша ғарыштық суреттер негізінде құрастырылған

«жарықшақтылық картасы» дайындалды.

Палеотектоникалық карталар – арнаулы тектоникалық

карталар ішіндегі ең маңыздыларының бірі, себебі мұндай

карталар Жер тарихының көне эралары мен кезеңдерінде болып

өткен геологиялық (тектоникалық) процестерді сатылай отырып

қадағалауға, сөйтіп картада көрсетілген аймақтың геологиялық

даму тарихын нақтылауға мүмкіндік береді. Мұндай карталар

əдетте екі түрлі тəсілмен дайындалады: интервалдық

палеотектоникалық карталар картада көрсетілген аймақ

дамуының бірнеше сатыларын кезек-кезегімен сипаттауға

көмектессе, бір сəттік (моментальные) палеотектоникалық

карталар аймақ дамуының ең айшықты сəтіндегі

тектоникалық процестер табиғатын ашып көрсетеді.

Палинспастикалық карталар – таужыныстардың

палеомагниттік қасиеттерін зерттеу арқылы соңғы жылдары

ғана құрастырыла бастаған палеотектоникалық карталардың

арнаулы түрі. Мұндай карталарды құрастыру Жердің магниттік

өрісінің ұдайы өзгеріп отыратындығына негізделген, мұндай

өзгерістер жердің магниттік полюсінің инверсиясы деп

аталады. Палинспастикалық карталар ірі-ірі литосфералық

тақталардың, тіпті жекелеген террейндердің көлбеу

(горизонталь) бағытта жылжу қарқынын палеомагниттік

зерттеулер нəтижесінде анықтау, сөйтіп бір аймақтан екінші

аймаққа жылжып жеткен литосфералық тақталар мен

террейндердің бүкіл «жылжу маршрутын» сатылай отырып,

қадағалау нəтижесінде құрастырылады.

Тектоникалық карталардың тағы бір арнаулы түрі ретінде

неотектоникалық карталарды атауға болады. Мұндай карталар

соңғы кезеңдегі, соның ішінде қазіргі заманғы (палеоген

кезеңінің олигоцен ғасырынан бергі уақыт аралығы)

тектоникалық қозғалыстардың сандық көрсеткішін анықтау

нəтижесінде құрастырылады. Олардың екі түрі белгілі: «бүгінгі

таңдағы тік бағытталған қозғалыстар картасы» (мысалы,

Шығыс Еуропаның осындай картасы дайындалған) жəне

Геотектоника жəне геодинамика

167

«литосфералық тақталардың бір сəттік кинематикалық

картасы». Соңғы карталар тек қана көлбеу (горизонталь)

бағытталған қозғалыс нəтижелерін кескіндейді. Мұндай

карталардың бетінде «жылжымалы __________литосфералық

тақталардың» бүгінгі шекаралары көрсетіледі де, олардың

жылжу бағыты мен жылжу жылдамдықтары арнаулы

мегземелер (векторлар) көмегімен кескінделеді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет