6М010300 Педагогика және психология



жүктеу 142.53 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі142.53 Kb.
6М010300 – Педагогика және психология

мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханына арналған



СҰРАҚТАРЫ


  1. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым.

  2. Тәрбие қоғамдық ғылым, қоғамдық қызмет ретінде. Тәрбиенің тарихи және негізгі сипаты, оның қазіргі қоғам дамуындағы көрнісі.

  3. Педагогика пәні, оның негізгі категорилары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс) және олардың өзара байланысы (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру). Қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогика ғылымдарының міндеттері.

  4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

  5. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық жағдайы.

  6. Тұтас педагогикалық процесс теориясы.

  7. Тұлға туралы ұғым. «Адам», «Индивид», «дара», «тұлға». Тұлға құрлымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның барлық компоненттерінің өзара байланысы. «Тұлғаны дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама.

  8. Тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың факторлары.

  9. Қазіргі педагогика ғылымдары тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтары.

  10. Тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлға. Жеке тұлға – тәрбие процесінің және өзіндік дамудың субъектісі.

  11. Оқушының жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама. Жеке тұлғаның табиғи мүмкіндігі.

  12. Оқушы тұлғасының дара ерекшеліктеріне сипаттама. Оқушының дара ерекшеліктері және қабілеттілігі. Қазіргі мектептегі даралап оқыту.

  13. Педагогика ғылымының даму және мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының ролі. Ғылыми зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипттама.

  14. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері: педагогиканың заңдылықтары және маңызды категориялары, педагогикалық процесс, педагогикалық пән мен мұғалім іс-әрекетінің педагогикалық зерттеуге жүйелі құрылымдық, тұлғалық іс-әрекеттік тәсіл, тәрбие мен дамудың бірлігі, компетенттік әдісінің мәні.

  15. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің мәні (теориялық-эмпирикалық, эксперименттік, математикалық).

  16. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі. Педагогикалық процесті диагностикалау мен оқушыларды танып білудегі зерттеу әдістерінің ролі.

  17. Педагогика пәні және мұғалімнің іс-әрекет объектісі мектеп тәжірибесінде, оқу құралдарында, бағдарламаларда осы ұғымдардың дамуы, осы мәселелердің көрініс табуы.

  18. Педагогикалық процестің мәні, оның құрлымдық компетенттері.

  19. Оқушы – педагогикалық процестің субъектісі.

  20. Педагогикалық жағдайат педагогикалық процестің элементарлық «жасушасы». Уақыт пен кеңістіктегі тұтас педагогикалық процестің үш қызметінің – білімділік,

  21. дамытушылық және тәрбиелілік өзара байланысы және бірлігі.

  22. Жеке тұлғаның тұтастығы – педагогикалық процестің үш бірліктегі қызметін іске асыруды түсіндірідің негізі.

  23. Педагогикалық процестің қозғаушы күштері.

  24. Педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері.

  25. Оқу-тәрбие процесінің құралдары. Іс-әрекет, педагогикалық процесті іске асырудың құралдары және соның ішіндегі қызметін іске асырушы. Іс-әрекеттің негізгі түрлері (еңбек, қарым-қатынас, таным, ойын) олардың мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктері. Оқушының шығармашылық іс-әрекеті.

  26. Педагогикалық процесті басқару. Педагогикалық процесті болжау және қазіргі жағдайын диагностикалау мәселелері.

  27. Педагогикалық процесс – күрделі дамушы жүйе. Оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі. Оқу-тәрбие процесін болжау, мұғалімнің әдіснамалық бағытына тәуелді..

  28. Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогтардың кәсіби шеберлігі мен мамандығын жоғарлатудың негізі.

  29. Ғылым жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ендірудегі негізгі жұмыс түрлері.

  30. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысы – әдістемелік жетілдірудің негізі.

  31. Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері және әдістері. Мұғалімдерді аттестациялау – мамандық шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

  32. Мұғалім қызметінің шеберлігін диагностикалау. Педагогикалық қызметті өзіндік диагностикалау.

  33. Мұғалімдерді аттестациялау, аттестацияланатын мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін сараптау үшін мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалаудың өлшемдерін және көрсеткіштерін қолдау, мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін диагностикалау әдістемесі.

  34. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны.

  35. Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама

  36. Оқу-тәрбие процесінің принциптері, оның заңдылықтарының нақты пайда болуына әсер етеді. Принциптердің мәні және оған сипаттама.

  37. Мақсаттылық және әлеуметтілік келісілімділік – педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары.

  38. Педагогикалық процестің негізгі компоненті мен тірегі – тәрбиенің мақсаты.

  39. Тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой-пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.

  40. Қоғамдық мәдениет - жас ұрпақ тәрбиесінің мақсатын айқындаудың әдіснамалық негізі (материалдық, рухани, әлеуметтік-нормативтік мәдениет).

  41. Әлеументтендіру және жеке тұлғаны дербестендіру мәселесі.

  42. Тәрбиенің жан-жақты үйлесімді мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалектикалық байланысы.

  43. Дүниетанымның негізі компонентері мен мәні. Дүниетанымның түрлері. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Философия, оның

  44. әртүрлі бағыттарының қалыптасушы тұлғаның дүниетанымдылық көзқарасын бағалаудың ролі. Дүниетанымды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары.

  45. Оқушылардың дүниетаным қалыптастырудың жолдары мен құралдары:

  46. Тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны және олардың өзара байланысы.

  47. Тұлғаның жан-жақты мазмұнды сипатта дамуы адамзаттық мәдениетті меңгеруімен байланысты.

  48. Тәрбиенің түрлері

  49. Жеке тұлғаның ақыл-ой мәдениеті, оның мәні.

  50. Жеке тұлғаның адамгершілік - тұтастығын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің мәні.

  51. Мамандықты саналы тандау арқылы еңбекке дайындығын қалыптастыру, қоғамның өтпелі кезеңде нарықтық қатынасқа көшуіндегі әлеуметтік-экономикалық тенденциялар және оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің міндеттері. Балалардың потенциалдық мүмкіндіктері кейінгі өмірлік жолдарын талдауға септігін тигізеді.

  52. Қазіргі қоғамның жаңа идеологиялық жағдайына байланысты жеке тұлғаның саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Құқықтық мәдениеттің мазмұны, міндеттері мен мәні;

  53. Оқушыларды эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбиенің мазмұны, міндеттері және мәні. Эстетикалық санасын, идеалын, сезімін, көркемдік шығармашылық қабілетін қалыптастыру;

  54. Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Экологиялық тәрбиенің мазмұны, міндеттері, мәні;

  55. Жеке тұлғаның дене тәрбиесі. Салауатты өмір сүру салты. Оқушылардың дене тәрбиесінің мазмұны және міндеттері. Адам мәдениетін меңгерудегі оқушылардың негізгі іс-әрекетінің түрлері.

  56. Құралдар, формалар, әдістер педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері ретінде. Құралдар, формалар, әдістер және тәсілдер туралы жалпы ұғым, олардың тұтас педагогикалық процестегі өзара байланысы. Оларды оқуда және оқудан тыс уақытта қолданудың ерекшеліктері.

  57. Оқыту мен тәрбие әдістерінің өзара байланысы педагогикалық процестің барлық қызметінің бірлігінің көрінісі ретінде.

  58. Оқытудан тыс уақыттағы жеке тұлғаның қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.

  59. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері:

  60. Жеке тұлғаның оң мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері,

  61. Жеке тұлғаның іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері

  62. Педагогикалық шығармашылықтың белгісі ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Бақылау және өзіндік бақылау әдістері.

  63. Тәрбиелік іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру жағдайы ретінде құрал, форма, әдістердің өзара байланысы.

  64. Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мәні, ұжым тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде.

  65. Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері. Әрбір кезеңдегі педагогикалық басқарудың өзіндік ерекшеліктері. Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары.

  66. Әртүрлі балалар ұжымдарының типтері (сыныптық, мектептік, әртүрлі жастағы, уақытша қызығушылығына байланысты), олардың ерекшеліктері, бір-біріне әсері және сабақтастығы. «Педагогтар - оқушылар» жүйесіндегі балалар ұжымы.

  67. Педагогикалық процестің қызметіндегі тәрбиелік тетіктер: педагогтар және оқушылардың әртүрлі ұжымдық іс-әрекеттегі байланысы.

  68. Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.

  69. Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Сыныптаға тәрбие жүйесі. Тәрбие жүйесінің моделін жасау. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.

  70. Тәрбиелік технологиялар.

  71. Тәрбиелік іс-шараларды дайындаудың әдістемесі.

  72. Педагогикалық процеске қатынасушылардың өзара әрекетін үйлестірудегі сынып жетекшісінің ролі.

  73. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыру түрлеріне (форма) сипаттама. Сынып жетекшісінің іс-әрекетін болжау және диагностикалау.

  74. Сынып жетекшісінің оқушылардың отбасымен ынтымақтастығының түрлері.

  75. Тәрбие процесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану.

  76. Отбасындағы балалар тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі туралы Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары.

  77. Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері. Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі компоненттері.

  78. Отбасындағы ересектер мен балаларды, тіршілік әрекетін ұйымдастырудың әдістері, мақсаты, міндеті, мазмұны, құралы, формалары отбасындағы педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары оны үйретудің әдістері.

  79. Оқыту – тұтас педагогикалық процестің негізгі бөлігі. Білім беру мен оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Қазіргі дидактиканың проблемалары. Оқыту процесінің мәні. Әдіснамалық негізі. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері.

  80. Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативтік-рефлекторлық, ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастырудың териясы т.б.

  81. Оқыту процесін жүзеге асырудағы педагогикалық процестің негізгі қызметі білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі кезеңдері, оқытудың заңдылықтары және принциптері.

  82. Білім берудің мазмұны анықтаудың ғылыми-педагогикалық негізі:

  83. Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама: табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет қабілеті туралы білім негіздері; алынған білімге сезімдік-құндылық қатынасын тәрбиелеу.

  84. Жалпы, политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы. Білім мазмұнындағы пәнаралық байланыстың мәселелері

  85. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнын анықтау мәселелері. Білім беру мазмұнын сұрыптаудағы шығармашылық қатынас. Ұлттық мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

  86. Білім беру мазмұны анықтайтын құжаттарға сипаттама: оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары.

  87. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті және тұтас педагогикалық процесте оны ұйымдастырудың түрлері.

  88. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым, мұғалім мен оқышының өзара іс-әрекетінің әдісі ретінде.

  89. Оқытуды ұйымдастыру түрлері және әдістері арасындағы үйлесімділік.

  90. Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлері:

  91. Оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде.

  92. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы сабақ және сабақтан тыс, фронтальды, топтық, дербестік, түрлерінің үйлесілімділігі.

  93. Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ – логикалық аяқталған педагогикалық прцестің уақыт бойынша шектелген бөлігі.

  94. Дидактиканың міндеттері.

  95. Сабақтың типологиясы (жіктелуі) және құрылымы. Сабақтың құрлымының психологиялық және дидактикалық арақатынасы.

  96. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық негізгі сабақ құрылымының икемді және құбылмалы болуы оның мақсатына, міндетіне, мазмұнына байланысты.

  97. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербестік, фронтальды түрлері. Оқушылардың бірін-бірі оқытуына, ұжымдық – танымдық іс-әрекетіне мұғалімнің басшылық ерекшеліктеріне.

  98. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Тақырыптық және сабақ бойынша жоспарлау.

  99. Сабақты талдау (өзіндік талдау) – педагогикалық процестің компоненті.Сабақты талдаудың типтері (толық, дидактикалық, психологиялық және тәрбиелік). Сабақты талдаудың салыстырмалы сипаттамасы (Ю.Конаржевский, М.Махмутов,

  100. В.Симонов, Ю.Бабанский және т.б.). Педагогикалық процестің құрылымдық компоненті негізінде, сабақты талдаудың сызбасын құруды негіздеудің қажеттілігі – мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі.

  101. Оқыту процесінде этнопедагогикалық материалдарын пайдалану.

  102. Шетел мектептеріндегі оқытуды ұйымдастыруға сипаттама.

  103. Тұтас педагогикалық процестегі оқыту әдістерінің орны. Оқыту әдісі туралы жалпы ұғымы. Әдіс және әдістемелік тәсілдер. Оқытудың әдістері және құралдары. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі және белгілері.

  104. Оқыту әдістерінің психологиялық құрылымы. Оқыту әдістерінің ерекшеліктері: тұлғаны қалыптастыру міндетімен байланысты жекелеген әдістер қолдану логикасына, сабақта оқыту әдістерінің кешендерін дамытуды негіздеу үшін пікіріне байланысты әдістерінің тәрбиелік, білімдік, дамытушылық мәні, екі жақтылық сипаты.

  105. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Қазіргі дидактикадағы жіктеудің әртүрлі тәсілдері. Оқытудың әртүрлі әдістеріне сипаттама:

  106. Оқытудағы бақылау және өзіндік бақылау әдістері. Оқушылардың педагогикалық шығармашылығы.

  107. Оқыту әдістері. Оқыту әдістерін таңдау мәселелері. Шетел мектептеріндегі оқыту әдістері, оларды қолданудың мүмкіндіктері.

  108. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің бөлігі.

  109. Оқыту процесінің қарама-қайшылығы. Олардың шешімдері. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті – мұғалімдердің фронтальдық (жаппай) жұмысы және оқушылардың материалдарды меңгерудегі дербестік ерекшелігі арасындағы қарама-қайшылықты шешудің құралы.

  110. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетінің білімділік дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктері.

  111. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетінің мәні. Ұйымдастырудың түрлері және формалары.

  112. Сабақтағы топтық жұмыс. Оқу кездесулері. Оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының қоғамдық байқаулары. Топтық сабақтың әдістемесі және құрылымы.

  113. Қазіргі дидактиканың жетістіктері, оларды мектептің оқу-тәрбие процесін жетілдіруде жүзеге асыру.

  114. Оқыту процесінің әртүрлі тәсілдеріне сипаттама: проблемалық оқыту; оқушыларың танымдық іс-әрекетіндегі зерттеушілік тәсілдер;

  115. Оқушылардың танымдық қызығушылығымен ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру алгоритмдеп және бағдарламалап оқыту; оқытуды компьютерлендіру; ірі блокты оқыту профильді оқыту; саралап оқыту;

  116. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет; оқушыны қалыптастыру – танымдық іс-әрекет және өзіндік даму субъектісі. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті барысындағы шығармашылық іс-әрекеті.

  117. Жаңашыл педагогтардың тәжирибесіндегі оқыту технологиялары мен идеялары. Оқыту процесін жетілдірудегі дәстүрлі және қазіргі әдістердің үйлесімділігі.

  118. Оқу тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу қызметі:

  119. Үлгерім оқу еңбегі мен оның көрсеткіштерінің сипаттамасы сияқты.

  120. Оқу жұмысының нәтижелілігін есептеу мен бақылаудың теориялық негіздері. Бақылау мен оқыту нәтижесін есепке алудың түрлері.

  121. Оқу жұмысының нәтижесін бағалау және бақылау әдістерінің жүйесі:

  122. Саралап оқытудың жағдайындағы оқушылардың білімін, білігін және дағдысын бақылау және бағалау.

  123. Оқушылардың білімін бағалау. Оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

  124. Сабақтан тыс іс-әрекеттің нәтижесін бақылау мен есепке алудың ерекшеліктері: Оқудан тыс іс-әрекеттердің нәтижесін бақылау және бағалау әдістерінің жүйесі.

  125. Педагогикалық технологиялар туралы ұғым. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары.

  126. Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы. Басқа білім беру технологиялары.

  127. Педагогикалық қатынас демократияландыру және гуманизациялау негізіндегі педагогикалық технологиялар (Ш.А.Амоношвилидің ізгілік және тұлғалық технологиясы, әдебиетті оқыту жүйесі адамды қалыптастырудың пәні ретінде Е.И.Ильина және т.б.);

  128. Оқушылардың іс-әрекетін қарқындандыру мен белсендірудің негізіндегі педагогикалық технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық, оқыту, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары конспектісі негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың қарым-қатынастық (коммуникативтік) оқыту және т.б.);

  129. Оқыту процесін ұйымдастыру мен басқару тиімділігі негізіндегі педагогикалық технологиялар

  130. Бала дамуының табиғи жаратылыс үрдісіне арқа сүйейтін табиғатқа сәйкес пайдаланылатын халықтық педагогиканың әдістері:

  131. Пән мұғалімнің авторлық әдістемесін және технологияны болжауы мен енгізуіндегі шығармашылық іс-әрекеті.

  132. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы білім беру мәселелері.

  133. Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы Заңы.

  134. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы.

  135. Мектеп түрлері, олардың сипаттамасы, ондағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

  136. Халыққа білім беру жүйесіндегі оқу орны ретінде, әртүрлі үлгідегі мектептерді басқару және жетекшілік ету. Басқару қағидалары. Әкімшілікті басқару объектісі – мектептегі педагогикалық процесс ретінде.

  137. Басқарудың пәні – мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының іс-әрекеті ретінде. «

  138. Мектеп басшыларына қойылатын талап. Оқу – тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының, орынбасарының атқаратын қызметтері.

  139. Мектептегі бүгінгі менеджмент. Басқару объектісінің заңдылықтары және оның мәнін түсіну негізінде мектеп басшыларының өзара іс-әрекеті.

  140. Мектептегі педагогикалық процесті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес). Мектептегі педкеңес-ғылымилық тұрғыдан педагогикалық процесті дамыту бағытындағы алқалық басқару ұйымы.

  141. Мұғалім еңбегі- мектептегі педагогтардың ұжымдық іс-әрекетінің негізгі бөлігі ретінде.

  142. Педкеңес жұмысын жоспарлау – мәжіліс тақырыбы.

  143. Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтерудегі кафедраның және пән бірлестігінің ролі.

  144. Оқушылардың ғылыми жұмысына басшылық, ғылыми зерттеу тақырыптарын өңдеу мұғалімдердің белгілі бір мақсатта бағытталған білімін көтеру жүйесі.

  145. Әдістемелік кеңес және мұғалімдердің өздігінен білім алуы.

  146. Оқу-тәрбие процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жағдайы мен оның жұмыс істеу туралы ақпарат-диагностикалық негізі. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпарат түрлері.

  147. Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы және оның көрсеткіштері. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпаратты талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері. Мектептегі іс-әрекеттерді болжау, нәтижелерін көрсету.

  148. Педагогикалық процесті басқару мен оның жағдайын зерттеу үшін ақпараттарды таңдау өлшемдері. Мектепішілік бақылаудың түрлері және әдістері.

  149. Мектептегі педагогикалық ұжымның іс-әрекетін бағалау өлшемдері педагогтарды аттестациялаудың негізі. Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің өлшемдері және көрсеткіштері.

  150. Педагогикалық процесті сипаттау – мектептегі педагогикалық ұжымның іс-әрекет өлшемдерін айқындаудың негізі.

  151. Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогтардың кәсіби шеберлігі мен мамандығын жоғарлатудың негізі.

  152. Мұғалімдердің әдістемелік дайындығымен тұтас оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың өзара байланысы. Мұғалімдердің теориялық дайындығын жетілдіру - оның әдістемелік жұмысының сапасын арттырудың кепілі.

  153. Ғылым жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ендірудегі негізгі жұмыс түрлері. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысы – әдістемелік жетілдірудің негізі.

  154. Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері және әдістері. Мұғалімдерді аттестациялау – мамандық шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

  155. Мұғалімдерді аттестациялау, аттестацияланатын мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін сараптау үшін мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалаудың өлшемдерін және көрсеткіштерін қолдау, мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін диагностикалау әдістемесі.





©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет