6M090300 Жерге орналастыру мамандығы бойынша магистратураға түсу емтихан б а ғ дарламас ы «Агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастыру»



жүктеу 140.18 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі140.18 Kb.
6M090300 - Жерге орналастыру

мамандығы бойынша магистратураға түсу емтихан
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

«Агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастыру»
Қазақстан Республикасындағы жер реформасын жүзеге асыру бойынша мәселелер. Агроқұрылымдар жерін орналастыру алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер. Агроқұрылымдар жерін орналастыру пәнінің предметі және әдісі. Пәнді оқу тәртібі, оның басқа пәндермен байланысы. Агроқұрылымдар жерін орналастыруды жобалаудың дамуы, бұл пәнді дамытуда республика ғалымдарының сіңірген еңбегі.

Агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастыру түсінігі, мақсаттары мен мәселелері. Агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын мазмұны. Агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастыру барысындағы жерге орналастыру процессі. Дайындық жұмыстары және олардың түрлері. Жобаны өңдеу тәртібі.

Шаруашылық орталықтары мен өндіріс бөлімшелеріның орналасуы және онда шешілетін мәселелері. Олардың саны мен мөлшерін анықтау. Ішкі шаруашылық жолдарды, мелиоративтік және су шаруашылық құрылыс объектілерін және басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру.

Алқаптарын ұйымдастыру түсінігі, мәселелері мен құрамы. Алқаптарды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар. Жер алқаптары туралы түсінік және оларды топтастыру. Қазақстан Республикасы алқаптарының құрылысы. Алқаптарды ұйымдастыру әдісітері. Алқаптарды ұйымдастыру барысында жер кадастрлық құжаттарды пайдалану. Алқаптарды ұйымдастыруды экологиялық - экономикалық негіздеу.

Ауыспалы егістер жүйелерін жобалаудың жалпы әдістемелік сұрақтары, мазмұны және мәселелері. Ауыспалы егістердің аудандарын, санын, мазмұнын, түрін, типтерін белгілеу. Далалық, мал азықтық, арнайы және топырақ қорғау ауспалы егістерін ұйымдастыру. Ауыспалы егістерден тыс учаскені жобалау. Ауыспалы егістер жүйесін экономикалық негіздеу.

Ауыспалы егістер танаптарын, жұмысшы учаскелерін орналастыру. Топрақты, жер бедерін ескеріп танаптарды жобалау. Танаптардың формасын, ұзындығын, енін белгілеу. Дала жолдарын және қорғаныс орман жолақтарын жобалау. Дала қостарын және су көздерін орналастыру. Ауыспалы егістер аумағын орналастыру тәртібі. Типтік шешімдер. Салыстыру үшін варианттар.

Бақ аумағын орналастыру, интенсивтік түрдегі бақ аумағын ұйымдастыру ерекшеліктері. Жүзімдіктер мен жидектердің аумағын орналастыру. Жеміс және жүзімдік питомниктердің аумағын орналастыру.

Шабындықтар мен жайылымдар аумағын орналастырудың мазмұны және жалпы әдістемелік мәселелері. Мәдени (суармалы) жайылымдар аумағын орналастыру. Далалық және шөлейт аймақтық жайылымдардың аумағын құру. Шабындықтардың аумағын орналастыру. Мал азықтық алқаптардың аумағын орналастырудың тиімді нұсқасын анықтау.

Топырақ эрозиясы болатын аудандардағы жерге орналастыру ерекшеліктері. Топырақтың жел эрозиясы болатын аймақтағы эрозияға қарсы күресті ұйымдастыру. Топырақтың су эрозиясы болатын аймақтағы эрозияға қарсы күресті ұйымдастыру.

Аймақтағы суармалы жерлерді орналастыру ерекшеліктері. Жобалау жұмыстары құрамы мен нәтижесі. Аймақтық суармалы жерлердегі шаруашылықаралық жерге орналастыру ерекшеліктері. Аймақтағы суармалы жерлерді ішкі шаруашылық жерге орналастыру ерекшеліктері.

Жұмыс құрамы, жобалық құжаттарды толтыру мен реттеу. Жобаны жүзеге асыру жоспары, оның құрамы және әдістемесі. Авторлық бақылау.

Агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастырудың экономикалық тиімділігі. Жобалық шешімнің әлеуметтік тиімділігі.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Земельный кодекс Республики Казахстан – Алматы, 2003

2.Сборник нормативных актов по земельным отношениям и землеустройствам. – Алматы, 2003.

3.Землеустроительное проектирование, Учебник, (Гендельман М.А. и др.) - М.: Агропромиздат, 1986.

4.Инструкция по внутрихозяйственному землеустройству колхозов, совхозов и других сельскохозяйственных и агропромышленных предприятий (объединений и комбинатов) Казахской ССР. – Алматы, 1998.

5.Чаянов А.В. Крестьянское хозяйство. – М.: Экономика, 1989.

6.Землеустроительное проектирование. – Уч. под ред. М.А. Гендельмана. ТОО «ЭВЛЮ», 1999.

7.Волков С.Н. Экономика землеустройства. Учебник. – М.: Колос, 1996.

8.Землеустроительное проектирование. – Уч. под ред. С.Н. Волкова. – М.: Колос, 1997

9 Спектор М.Д. Землеустроительство крестьянских хозяйств. – Астана, 2004


«Шаруашылықаралық жерге орналастыру» пәні

Қазақстан Республикасындағы жер реформасын жүзеге асыру бойынша мәселелер. Жерге орналасыруды жобалаудың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері. Жерге орналастыру қызметінің жаңа мәселелерді шешу іліміндегі ролі, жерге орналасыруды жобалаудың алдында тұрған жаңа мақсаттар мен мәселелер. Ғылыми пән мен салалық қызмет ретіндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру пәні мен әдісі. Пәнді оқу тәртібі, оның басқа пәндермен байланысы. Шаруашылықаралық жерге орналастыруды жобалаудың дамуы, бұл пәнді дамытуда республика ғалымдарының сіңірген еңбегі.

Қазақстан Республикасының жер қоры және оның мінездемесі, қолданылуы. Жерге меншік түсінігі және түрлері. Шаруашылықаралық жерге орналастыру түсінігі, мазмұны, әлеуметтік – экономикалық мәні және принциптері. Шаруашылықаралық жерге орналастырудың өндірістік процесстері.

Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғалардың жер пайдаланулары мен меншік иелерін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық меншік иелері мен жер пайдаланушыларды реформалау және дамыту. Арнайы жер қорын қалыптастыру.

Шаруа (фермер) қожалықтары жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық түрлері. Олардың реттелуiнiң құқықтық негiздерi. Оларға жер бөлу тәртiбi – жер үлесiне немесе аудандық арнайы жер қорының жермен қамтамасыздығына байланысты. Құжаттарды реттеу тәртiбi және жердi бөлу, оның iшiнде жер учаскесiн планға түсiру. Мемлекеттiк актi арқылы жердi иелену құқығын бекiту және тiркеудi орындау. Жеке меншікке шаруа (фермер) қожалықтарына жер беру тәртібі.

Жер пайдаланушылар мен меншік иелеріндегі кемшiлiктер түсінігі және түрлері. Жер құрылымының қателерi. Алабарлық, кiрме жерлер, жердiң шексiзденуi, жер пайдалану шекарасының эрозиялық қауiптi орналасуы, жер пайдаланудың тиiмсiз мөлшерi және т.б. Жердi пайдаланудағы кемшiлiктердi жою жұмыстарының тәртiбi. Жобаны экономикалық негiздеу.

Ауылшаруашылығына қатысы жоқ мекемелердiң жер пайдалануларын құру мәселелерi. Жер пайдалануды құру мақсатына байланысты жердi бөлу қажеттiлiгi. Ауылшаруашылығына қатысы жоқ мекемелер жерлерiн құру үшiн жердi бөлу жобасының үш сатысы. Ауылшаруашылығына қатысы жоқ кәсіпорындардiң жер пайдалануын құру жобасын құрастыру, құрылған жер пайдаланудың ауданын негiздеу және көлемiн анықтау.

Өнеркәсiптiк мекемелердiң, темiр және автомобиль жолдарының, электр байланыс желiлерiнiң және т.б. жер пайдалануларды жобалау ерекшелiктерi. Кен орындары. қорықтар, орман және су қорғау аймақтары және т.б. жерлердiң құрылуы. Гидротехникалық ғимараттарға жер бөлу. Инженерлiк ғимаратқа жер бөлудi жобалау. Елді мекендер шегаралардың өзгертiлуi мен тұрғызылуы. Ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң шығының көлемi ж¸не оны төлеу, жер пайдаланушылар шығынының мөлшерi мен түрлерiн анықтау.

Жер қорғау шараларының мәнi мен құрамдық бөлiктерi және оларды бiр-бiрiмен экономикалық салыстыру. Жер қорын тиiмдi пайдалануға және топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған ұйымдастыру, құқықтық, шаруашылықтық, экологиялық, экономикалық, техникалық және т.б. шаралар жүйелерi. Жерді қорғаудың негізгі бағыттары. Жердi қалпына келтiру түсiнiгi. Жердiң техникалық және биологиялық бұзылуы. Бұзылған жерде тиiстi шараларды жобалау әдiстемесi. Бұзылған жерлердi қалпына келтiру варианттарының тиiмдiлiгiн салыстыру.

Мемлекеттiк актiдегi жердi иемдену мен пайдалануға берiлетiн құқықты жүзеге асыру жобасын құру тәртiбi. Жердi пайдаланудың картасы-планы. Шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасын жүзеге асыру шаралары. Тексеру және бекiту тәртiбi.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасы Жер кодексі – Алматы, ЮРИСТ, 2003

  2. Сборник нормативных актов по регулированию земельных отношений Республики Казахстан. – Астана, 2003.

  3. Землеустроительное проектирование, Учебник, (Гендельман М.А. и др.) - М.: Агропромиздат, 1986.

4. Землеустроительное проектирование. – Уч. под ред. М.А. Гендельмана.

ТОО «ЭВЛЮ», 1999.

5. Чаянов А.В. Крестьянское хозяйство. – М.: Экономика, 1989.

6. Землеустроительное проектирование . – Уч. под ред. С.Н. Волкова. – М.:

Колос, 1997

7. Волков С.Н. Экономика землеустройства. Учебник. – М.: Колос, 1996.

8. Белоусова Э.В. Межхозяйственное землеустройство с.-х. Предпрятий и

крестьянских (фермерских) хозяйств. Уч. пособие: ААУ.-Астана, 2001.

9. Спектор М.Д. Землеустроительство крестьянских хозяйств. – Астана, 2004

10 Инструкция по межхозяйственному землеустройству. - Алматы, 1995

11 Инструкция по внутрихозяйственному землеустройству. - Алматы, 1988.

12 Жер заңнамалары – Алматы, 2005


«Ауыл елді мекендерді жоспарлау және жер шаруашылығын құру»

Ауылдық тұрғын орындарының жер құрамы, құрылыс, ауылшаруашылықта қолданатын өнеркәсіп және т.б аудандары.

Іс жүзінде жерді қолдану, өлшем динамикасы, жер қолданудың құрылымы.

Жер реформасы және ауылдық тұрғын орынның жерлерін қолданудың міндеті.

Жердің жергілікті басқару органдарының құзіретіне берілуінің әлеуметтік- экономикалық негізі.

Жобаның мазмұны, оның құрама бөліктері және элементтері.

Ауылдық тұрғын орындарының болашақта дамуын анықтау.

Қала құрылысының негізі.

Жеке қосалқы шаруашылық өлшемдерін, мал басын, үй жанындағы учаскелердің өлшемдерін дәлелдеу.

Қажетті ауыл шаруашылық алаптар аудандарын, жайылым, шабындық жыртылған жер, бақша, бау бақша аудандарын анықтау.

Құрылысқа қажет аудандарды, ірілендірілген көрсеткіштерді анықтау.

Ауылдық тұрғын орынның шекарасын негіздеу.

Ауыл мен шатқал және жасанды құрылыстар шекарасын қабыстыру.

Жер шаруашылығын ұйымдастыру жоспарының мазмұны, құрамындағы бөлектер және жерді орналастырудың мақсаты мен міндеттері.

Жобалау тапсырмалы Ж.Ш.Ұ жоспарының материалдар құрамы.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарының шаруашылық орталықтарын және шаруа қожалық алаптарын орналастыру.

Құрылыстық жерлерінің қолдануын талдау және оның болашағы.

Ауылшаруашылығына қолданатын жерлерді қолданудың талдауы мен болашақта қолдануы, жер сапасы, жайылым айналымы, шабындықайналымы және т.б.

Жер ұйымдастыру элементтеріҚұрылыстық жерлерді реттеу. Ауылшаруашылығында қолданатын жерлерді ұйымдастыру. Жоспарлау жобасының міндеті, мазмұны және құрамы. Жобаның мақсаты және мазмұнын жоспарлау кезеңдері. Жоспарлау жобасының материалдық құрамы. Жоспарлау схемалары және оның мәні, пайдалануы. Жобалау үшін бастапқы материалдар және құрылыс үшін учаскелерді таңдау.

Кәсіпорын дамуының болашақ жоспарлары. Аудандық жоспарлау материалдарын жерге орналастыру схемаларын және ішкі шаруашылықты жерге орналастыру жобаларын қолдану.Жобалауға тапсырма және оны өңдеу тәртібі.

Тұрғын мекендерді және өндірістік орталықтар үшін жарамды учаскелер жағдайы.

Табиғатты қорғау, нығайту және табиғат ресурстарын пайдалануды жақсартудың шаралары.Учаскелерді таңдау тәртібі. Учакелерді таңдау бойынша материалдары.

Жобалау үшін іздестіру және зерттеу материалдары.Жобалау үшін жоспар масштабы.

Жоба алдынғы есептеу.Жобалау үшін есептеу мерзімі, болашаққа есептеу, есептеу әдісі, есептеу кезінде демографиялық статистикалық мәліметтерін пайдалану.Отбасы санын есептеу.

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды есептеу.Өндірістік шаруашылық құрылыстарын есептеу, жобаланған ғимараттармен құрылыстардың титулдық тізімі.

Тұрғын жерлерді аумақтау принцптері.Ауылды тұрғын орынның функционалды құрылымы. Қоғамдық орталық көше желілері және аудандары.Ауыл тұрғын орындарының негізгі бөліктері мен элементтерінің орналастырудың жағдайлары.Тұрғын жерлердің негізгі жоспарлары, негізгі элементтері.Ауыл тұрғын орындарын құрылыстық аймақтау, оның экономикалық, техникалық, саулеттік маңызы.Құрылыстық аймақтарды орналастыру.

Композиция жөніндегі жалпы түсінік.Композицияның маңызды әдістері мен принцптері: бірлігі, бағыныштылығы, пропорционалдық, масштабтылығы, ырғақтылығы және басқа. Сәулеттік жоспарлау композициясының компоненті. Сәулеттік жоспарлау композициясындағы табиғат жағдайының маңызы. Көше жүйесінің композициясы.Қоғамдық орталық пен сәулеттік ансамбілдердің орналасуы.Тұрғын құрылыстардың композицияся. Ашық және көгалданған кеңістікті орналастыру.Қоғамдық ғимараттарды құрылыс композициясында пайдалану. Қоршаған табиғатпен байланысын есепке алу.

Тұрғын орындардың кескінін жасау.Өндірістік кешендердің сәулеттік жоспарлау композициясы.

Көше тұрғын жердің жоспарының техникалық және компазициялық негізі ретінде.Көше желісінің жүйесі.; реттелген, бос, аралас.Табиғат жағдайының көше желісінің жүйесінің құрылыс таңдауға әсері. Әр түрлі көше желісінің жүйелерінің салыстырмалы бағасы.Ауыл көшелерін жіктеу. Көше жүйесін құру.Көшелердің сыртқы жолдармен байланысын есепке алу.

Транзит жолдарын шығару.Көшелерді трассалау.Бойлық еңіс. Көшелерді бағыттау және оның маңызы. Көшелер қиылысы. Қиылыстардағы көше қозғаласының қауіпсіздігін қамтамассыз ету.Көше элементтері және олардың өлшемдері.Көшенің жалпы ені. Қызыл сызықтар. Көшенің техникалық және архетиктуралық профилі. Көше бойына құрылыстарды орналастыру. Көшелерді архитектуралық ұйымдастыру. Алаңдарды жобалау.Елді мекен жерлердегі алаңдардың түрлері. Ауыл тұрғын орындарының алаңдарының ерекшеліктері.Алаңдардың пайда болуы.Аудандардың көлемдері мен пішіндері.Алаңдарды құру. Ашық және тұйық алаңдар.Алаңдарды архетиктуралық ұйымдастыру.

Тұрғын үй аймақтарының құрылымы және кварталдарының түрлері.

Тұрғын аймағындағы құрылыс құрамы.Тұрғындардың мадени-тұрмыс қызметпен қамтамассыз етуді ұйымдастыру. Қызмет көрсету орталығы және радиусы. Шағын аудан және тұрғын үй кварталдары туралы түсінік.

Ауылдық тұрғын үй кварталдарының түрлері, олардың өлшемдері мен пішіні. Ауылдық тұрғын үйлердің негізгі түрлері, жекеленген, блокталған, секциялы үйлер және олардың ерекшеліктері.Үйлер арасындағы санитарлық және өртке қарсы үзілістер.Тұрғын үйлерді территорияның жер бедеріне байланысты орналастыру.Тұрғын үй территориясын жобалау және құрылыс салу тәсілдері.Қоғамдық мақсаттағы учаскелерді жобалау. Қоғамдық ғимараттардың түрлері. Оларға арналған учаскелердің өлшемдері мен пішіні.

Бульварға және скверге белгіленген жерлердің орналасуы, көлемдер және жобалануы.

Бақшалар мен саябақтардің мақсатталғандығы және орналасуы.Бақшалы-саябақтылық жоспарлаудың стилі.Сәулетті–жоспарлық саябақтардың құрылымы.Саябақтарға спорттық құрылыстар және ерікті кешендер орналастырылуы. Кіші сәулеттік формалар және олардың орналасуы.

Өндірістік кешендерді жобалау және салудың негізгі прнціптері. Олардың саны, көлемі және меншік формасы және орналастыру ерекшеліктері.Өндірістің аймақтық технологиясын және ұйымдастыруын ескерту.Өндірістік кешендердің тұрғын үй аймақтарының ауылшаруашылық алқаптардың және жолдардың функционалдық өзара байланысы.Санитарлы-гигиеналық, зооветеринарлық және өртке қауіпсіздік жағдайлары.

Өндірістік кешендерді салу тәсілдері.Жобалау мен құрылыс салудың экономикалық тиімділігі.Өндірістік аймақтардан өтуді ұйымдастыру.

Мал шаруашылық кешендері мен формалары.Ірі қара мал, шошқа, қой шаруашылықтары кешендеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың түрлері мен номенклатурасы.

Құрылысқа қойылатын өрт қауіпсіздік, санитарлық, зооветеринарлық талаптар, өндірістік кешенін ескеру.Әртүрлі мамандандырылған ірі қара мал кешендерін жобалау және құрылыстарының технологиялық схемалары мен әдістері.

Қой шаруашылығы фермаларын жобалау және құрылыстарының технико-экономикалық көрсеткіштері.

Қоймалардың территориялары. Ауылшпруашылық өнімдері мен материалдарды сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстардың номенклатурасы мен типтері.

Қойма кешендерінің техникалық схемалары жобалануы және салынуы.

Қойма топтарының мақсатталғанына және онда сақталатын өнімдердің түріне қарай орналастыру.

Қоймаларға өнімді алып келу және түсіру әдістерін ескеру.

Қойма кешенін салудағы санитарлық және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.Минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар қоймасын орналастырудың ерекшеліктері. Ауылшаруашылық техникасын сақтау және жөндеу ерекшеліктері.Кешеннің түрлері, ғимараттар мен құрылыстардың номенклатурасы мен типтері. Жобалау және салудың техникалық схемалары мен әдістері.Басқа өндіріс кешендері.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1.Земельный кодекс Республики Казахстан, Алматы 2004

2.Планировка сельских населенных мест. В.М. Богданов, Артеменко В. В. и др. М., Колос, 1980

3.Планировка сельских населенных мест. Н.П. Кончуков, В.С. Бойчук, Я.Ф. Миняева М., Агропромиздат. 1986

4.Строительные нормы и правила. Глава Сн и П 11-60-75. Планировка и застройка городов, поселков, и сельских населенных мест. Изд-во ЦНТИ по гражданскому строительству и архетиктуре М., 1975.

5.Строительные нормы и правила. Ген планы сельскохозяйственных предприятии. Нормы проектирования / СНиП, 1-66/. Из-во литературу по стройтельству. М., 1966.

6.Инструкция по разработке проектов планировкии застройки сельских населенных мест. РСФСР. РСН -39-71

7.Спектор М.Д., Земельно-хозяйственное устройство сельских населенных мест.- Акмола 1997

8.Альбомы типовых и примерных схем и проектов планировки и застройки населенных мест.

«Жер кадастры»

Меншіктің жалпы тусінігі. Жерге меншік құқығының түрлері. Жер учаскісіне жер пайдалану және меншік құқығынын тіркеу мазмұны және міндет атқаруы. Тіркеуге алынатын құжаттар мінездемесі. Жерді беру сипаты мен мерзімі бойынша жерді пайдаланудың түрлері. Жер-тіркеу процесінің жүйелілігі және мазмұны. Жер учаскесі мен онымен байланысты жылжымайтын объектілердің біріңғай мемлекеттік реестрі мазмұны және жүргізу тәртібі. Жер учаскісіне құқықты тіркеуді автоматтандыру.

Жерді есепке алудың түсінігі. Есепке алудың объект, бірлік, қайнар көз мәліметтері. Жерді есепке алудың міндеті және оның экономикадағы ролі. Ауданның жылдық жер есебін алқаптар, жер санаттары және меншік иелері мен жер пайдаланушылар бойынша жургізу тәртібі мен түсінігі. Жер алқаптарын топтастыру, олардың сипаттамасы. Жерді есепке алудың түрлері мен тәсілдері. Алқаптар бойынша жердің санын есепке алу.

Жердің сапасын есепке алудың маңыздылығы. Жер учаскесінің алқаптар түрлері мен топырақ түрлері бойынша сапалық жағдайы. Жер сапасын топтастыру. Құнарлылығы төмен механикалық құрам және құнарын азайтатын белгі бойынша жер сапасын есепке алу. Жайылымдар мен шабындықтардың мәдени-техникалық жағдайын есепке алу. Егістік жердегі топырақтың агроөндірістік сипаттамасы. Жер сапасының сатысын есепке алу және жер-кадастр құжаттарында оларды белгілеу. Жер учаскесінің паспорты.

Жер- өндірістің басты құрамы. Құнарлылықтың түсінігі және мәні. Топырақ бонитировкасы түсінігі және Қазақстан Республикасында жүргізудегі тәжірибесі. Құнарлылық денгейін өлшеу, оны бағалаудың принциптері. Топырақты бағалауда, академик В.В.Докучаевтың әдістемесі . Қазақстан Республикасында топырақтағы бағалаудың ерекшеліктері. Жер бағасы жүйесіндегі топырақ бағалаудың ролі.

Жылжымайтын объектілердің ақша бағасының жалпы ережелері. Нарықтық қатынастарда жерді сату-сатып алудың мақсатқа сәйкестігі. Ақша бағасы бойынша әдістемелік ұсыныстарды топтастыру. Жер реформасын жүзеге асыру жағдайында жерге төлем есебінің әдісі. Жер үшін төлемдермен есептеудің әдістемесі. Жер бағалау көрсеткіштері мәні. Жер- бағалау жұмыстары кезеңдері. Ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлерді кадастрлық бағалау ерекшеліктері. ҚР аумағында табиғи шаруашылық аудандастыру.

Бағалауға және бонитировкалауға жататын жердің табиғи құрамы. Өндірістік жалпы құрамы және оларды бағалаудың қажеттілігі ретінде жердің функциясы. Жер рентасы және оның әр түрлілігі. Жер жерді бағалаудың спецификалық товары ретінде. Табиғи ресурстарды бағалау критериясы. Жерді экономикалық бағалау міндеті Ауылшаруашылық жерлерін экономикалық бағалау әдісі кадастрлық, нарықтық бағалау ерекшеліктері.

Жерді бағалаудың бастапқы аумақтық бірлігін негіздеу. Бағалаудың бастапқы бірлігі бойынша экономикалық ақпараттарды жинау. Бағалаудың базистік көрсеткіштерінің мәні мен тізімі. Типтік өңдеу әдісі. Корреляционды- регрессивті талдау бойынша Республикалық әдістемесі. Жер бағалау көршеткіштері есебі және бағалау шкаласын құру. Жер учаскелерін бағалау шкаласын қолдану. Жер-бағалау құжаттары.



ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Конистутуциясы,30 тамыз 1995ж

  2. ҚР Жер Кодексі –Алматы, ЮРИСТ, 2004ж

  3. ҚР Үкіметінің №710 «ҚР мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін бекіту туралы» қаулысы, 6 маусым 1996ж.

  4. Жер қатынастары және жерге орналастыру бойынша нормативтік актілердің жинағы, «Қаржы-Қаражат, 2004ж.

  5. Дегтярев Н.В. Земельный кадастр. М.6 Клоос, 1979

  6. Дегтярев Н.В Государственный учет земель и их сравнительная оценка. –М., 1972

  7. Магазинщиков Т.П.Земельный кадастр. Львов. Высшая школа. 1987

  8. Оценки земли и использование ее результатов7 Под. ред. М.АГендельман7.-Алма-Ата,Кайнар,1979

  9. Сейфуллин Ж..Т. Жер кадастры. Алматы, 2001ж






©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет