7. жер дамуының басты сатылары жердің геотектоникалық дамуының криптозойлық (докембрийлік) сатылары



жүктеу 231.77 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі231.77 Kb.
: files -> DistanceEducation -> Resource
Resource -> 4. ƏЛемдік мұхит төсенішінің ЖƏне оның континенттік жағалауларының ҚҰрылымдық элементтері
Resource -> Контрольные вопросы Что называется первообразной для функции на промежутке ?
Resource -> Тақырыбы: Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде. Мақсаты
Resource -> 2 Тақырыбы: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> Тақырыбы: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында
Resource -> Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> 3. геотектоникалық ТҰжырымдамалар геологияның парадигмалары ретінде ォ
Resource -> Негізге әдебиеттер
Resource -> 6. тектоникалық
7. ЖЕР ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ САТЫЛАРЫ

7.1. Жердің геотектоникалық дамуының криптозойлық

(докембрийлік) сатылары

Жер планетасы жаралуының Шмидт–Фесенков

жорамалына сəйкес, біздің планетамыз біршама төмен

температурада біршама қатты заттардың – «платозималдар» деп

аталатын бөлшектердің – гравитациялық тартылыс жағдайында

өзара бірігуі нəтижесінде осыдан 4,5 млрд жыл бұрын қалыптаса

бастаған. Ресми ғылым болжамдарына сəйкес, планетамыз

өзінің жаралу процесінің бастапқы кезінде-ақ басты

аккрециясын бастан өткерген деп есептеледі. Жердің басты

аккрециясы дегеніміз – оның негізгі екі бөлшегінің, яғни жер

ядросы мен жер мантиясының гравитациялық жіктелуге

(дифференциацияға) ұшырауы, сөйтіп өздерінің тығыздық

көрсеткіштері жағынан бір-бірінен анық ерекшеленетін осы екі

сфераның бір-бірінен оқшаулануы. Алайда планета қимасына

тиесілі заттардың өздерінің тығыздық көрсеткіштері

тұрғысынан одан əрі жіктелуі, сөйтіп жердің ішкі жəне сыртқы

ядроларының, сол сияқты төменгі мантияның, ауысу белдемінің,

жоғарғы мантияның жəне жер қыртысының бір-бірінен

даралануы планета дамуының соңғы кезеңдерінде жүзеге асқан

болуы тиіс, тіпті бұл процесс күні бүгінге дейін жүріп жатыр

деп шамаланады. Жер қыртысына тиесілі таужыныстар

арасынан геологиялық көнелігі 3,5 млрд жылға сəйкес келетін

таужыныстардан палеомагниттік қасиеттердің байқалуы əрі

дегенде нақ осы кезеңде қатты заттардан тұратын жердің ішкі

ядросы мен сұйық зат түріндегі жердің сыртқы ядросының

бір-бірінен дараланып үлгергендігін дəлелдейді, себебі Жердің

алып магнит болу себебі осы екі ядро заттарының бір-бірінен

«шыр айналуының» нəтижесі деп есептелетіндігі белгілі. Бұл

процесті, яғни магнитті металдардан тұратын (темір, никель,

кобальт т.с.с.) сұйық сыртқы ядроның қатты зат түріндегі

магнитті металдардан тұратын ішкі ядроны ұдайы «айналып

жүруі» нəтижесінде магниттік өріс қалыптасу процесін ресми

Геотектоника жəне геодинамика

169

геологиялық ғылым планетаның ішкі өңірінде «жұмыс істейтін»

«динамомашина принципі» деп атайтындығы белгілі. Алайда

қатты зат түріндегі жердің ішкі ядросы сұйық заттардан

құралған сыртқы ядро есебінен оқшауланған ба, əлде бұл

процесс керісінше сипат алған ба (сыртқы ядро ішкі ядро

есебінен жаралған ба), бұл əзірше даулы мəселе.

Планетаның басты аккрециясы, одан кейін де жалғасқан

гравитациялық жіктелу (дифференциация) процесі, планета

заттарына тиесілі радиоактивті элементтердің өздігінен

ыдырауы, т.с.с. жылу бөліп шығаруға қабілетті процестер

планетамыздың «салқын заттарын» қыздыра бастаған, мұның

өзі алғашқы мантия заттарының беткі бөлігін балқытқан,

осылайша сол мантия заттарының магмалық балқымалары

есебінен жер қыртысының алғашқы негізі қалыптаса бастаған

деп есептеледі. Жер қыртысының бұл алғашқы негізі қандай

құрамды магмалық таужыныстардан тұрғандығы əзірше даулы

мəселе. Теориялық тұрғыдан алғанда, мантия заттарының

тікелей балқуы нəтижесінде негізінен ультранегізді жəне негізді

құрамды таужыныстар (ультрабазиттер мен базиттер, яғни

габбро-базальттар) қалыптасуы тиіс. Алайда Австралияның

кварциттерінен көнелігі 4,3-4,2 млрд жылға сəйкес келетін

циркон кристалдарының табылуы алғашқы жер қыртысы

негіздерінің қышқыл құрамды (граниттер мен риолиттер, олар

метаморфтық өзгерістерге ұшырауы нəтижесінде гнейстер

қалыптасуы тиіс) болу мүмкіндігін де жоққа шығармайды,

себебі циркон минералы əдетте нақ осы қышқыл құрамды

магмалық таужыныстарда болатындығы белгілі.

Қалай дегенде де, ғалымдардың көпшілігі жер

қыртысының алғашқы негіздері базальттар мен

анартозиттерден құралған деп есептейді, мұндай тұжырымға

келуге Жердің табиғи серігі болып табылатын Айдың бетін

көмкерген «магмалық мұхиттар» негізінен осы екі таужыныс

түрлерінен (базальттар мен анартозиттерден) тұратындығы да

өзіндік септігін тигізген (Айдағы қара дақтар «базальтты

теңіздер» деп, ақшыл аймақтар «анортозитті континенттер» деп

аталатындығы белгілі). Солай бола тұрса да, жер қыртысынан

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

170

бұрын-соңды табылған ең көне таужыныстардың көнелігі 4-3,8

млрд жылмен өлшенетіндігін жəне мұндай көнелікпен

сипатталатын таужыныстардың барлығы да қышқыл құрамды

таужыныстар екендігін де ескерген жөн. «Сұрғылт гнейстер»

деп аталатын бұл ең көне таужыныстар Украина жəне Канада

қалқандарынан, Гренландияның оңтүстік-шығысынан жəне

Шығыс Антарктикадан табылған.

Сонымен жалпы алғанда, шамамен 4-3,8 млрд жыл бұрын

Жердің басты-басты сфералары қалыптаса бастаған деп

мəлімдеуге болады, яғни планетаның геологиялық нысан

ретінде дами бастау мерзімі шамамен осы 4-3,8 млрд жыл

бұрын басталған. Нақ осы кезеңнен бастап Жердің ядросы,

мантиясы, жер қыртысы жəне атмосфера белгілері туындай

отырып, бір-бірінен даралана бастаған болса керек.

Жер планетасының одан əрі даму тарихын сатылай отырып

қадағалау жер қыртысының дамуын кезең-кезеңге (əртүрлі

сатыға) бөліп қарауға мəжбүрлейді, себебі адамзаттың тікелей

зерттеуіне мүмкіндік беретін жер қыртысы (дұрысырағы, жер

литосферасы) планетаның геологиялық дамуының нəтижесі

екендігі белгілі. Олай болса, осыдан жүздеген млн–

миллиардтаған жыл бұрын болып өткен процестерді болжау

үшін ғалымдар сол процестердің өзін емес, олардың нəтижесін

(жер қыртысын, яғни жер литосферасын) зерттеуге мəжбүр. Бұл

геологиялық (геотектоникалық) ғылымның өзіндік ерекшелігі

болып табылады, себебі өзге ғылымдардың көпшілігі белгілі бір

процестің өзін зерттеу арқылы сол процестің нəтижелерін

анықтауға тырысады, яғни құбылыстың себебін зерттеу

нəтижесінде оның салдарын топшылайды. Ал геотектоникада

бірі де керісінше, себебі бұл ғылым аясында құбылыстың

салдарын зерттей отырып, оның себебін анықтауға тырысады.

Жер дамуының алғашқы архейлік сатысы:

протоконтиненттік қыртыстың қалыптасуы (4-3,5 млрд

жыл бұрын). Геологиялық көнелігі жоғарыда көрсетілген

уақытқа сəйкес келетін таужыныстар бүкіл континенттерде

ұшырасады деуге болады, олар əдетте докембрийлік

кратондардың құрамында (мəселен, Балтық, Украина, Алдан

Геотектоника жəне геодинамика

171

қалқандарында) шағын-шағын блоктар түрінде кездеседі.

Көнелігі алғашқы архейге сəйкес келетін бұл таужыныстар

негізінен тоналит құрамды гранит-гнейстерден тұрады, бұларды

əдетте «сұрғылт гнейстер» деп атайды. Көнелігі алғашқы

архейге сəйкес келетін негізді құрамды таужыныстар гранит-

гнейстерге қарағанда мүлдем сирек ұшырасады, ал шөгінді

таужыныстар мүлдем ұшыраспайды десе де болады. Оңтүстік-

Батыс Гренландиядан табылған «Исуа сериясы» деп аталатын

шөгінді таужыныстардың геологиялық көнелігі 3,8 млрд жылға

сəйкес келуі əлемдегі жалғыз ғана мысал.

Гранит-гнейстердің жалпы алғанда континенттік

қыртысқа тиесілі таужыныс екендігі белгілі жайт, ал планета

дамуының ең алғашқы сатысында мантия заттарының

балқымалары есебінен бірден континенттерге тəн қышқыл

құрамды таужыныстардың қалыптаса қалу механизмі əзірге

шешілмеген проблема, себебі алғашқы мантия заттарының беткі

бөлігі есебінен балқымалар қалыптаса қалғанның өзінде, олар

қышқыл құрамды емес, негізді-ультранегізді құрамды болуы

тиіс екендігі жоғарыда айтылды. Сондықтан планета дамуының

алғашқы-ақ сатысында қышқыл құрамды континенттік қыртыс

фрагменттерінің қалыптасу механизмі жайлы үш түрлі болжам

белгілі, олар: 1) «сагдукция болжамы» – гранит құрамды

балқымалар біршама қалың тұңғыш базальтты қыртыстың

төменгі бөлігінің мантиялық плюмдер əсерінен балқуы

нəтижесінде қалыптасқан, 2) «обдукция болжамы» – тұңғыш

базальтты қыртыстың біршама қозғалмалы бөліктерінің бірін-

бірі көмкере жылжуы нəтижесінде олар қалыңдай түскен, сөйтіп

осылайша қат-қабатталған базальтты қыртыстың төменгі

жапсары мантиялық плюмдер əсерінен балқыған, осы

балқымалар есебінен қышқыл таужыныстар түзілген;

3) «субдукция болжамы» – көне граниттер субдукцияға

ұшыраған базальтты қыртыстың екінші рет балқуы нəтижесінде

қалыптасқан; соңғы екі болжамның жақтаушылары

«Литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ)» дəріптейтін

процестер алғашқы архейден, яғни Жер планетасының

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

172

геологиялық нысан ретінде дами бастау сəтінен бастап-ақ үнемі

көрініс беріп келе жатқан процестер деп есептейді.

Сұрғылт гнейстер көне планетамыздың беткі бөлігін

түгелдей көмкеріп жатты ма, əлде олар базальтты қыртыс

үстіндегі жекелеген «аралшалар түрінде» көрініс берді ме деген

сұраққа біржақты жауап жоқ. Ғалымдар соңғы тұжырымға

көбірек ден қояды, яғни протоконтиненттік қыртыс

фрагменттері жер бетін түгел көмкерген протомұхиттық қыртыс

бетінде шағын-шағын аралшалар түрінде ошарылған, осы

«аралшалар» болашақта шын мəніндегі материктердің ядросын

құраған деп есептейді.

Ортаңғы жəне соңғы архейлік саты. Шын мəніндегі

континенттік қыртыс қалыптасуы жəне алғашқы Пангея

суперконтинентінің тұтастануы (3,5-2,5 млрд жыл бұрын).

Планетамыздың бұл даму сатысы «жасылтасты белдеулердің»

кеңінен етек алуымен сипатталады (11-дəріс материалдарын

тағы бір қараңыз). Мұндай белдеулер ортаңғы архейден бастап

соншалықты қалың емес протоконтиненттік қыртысты «тілгілеп

өткен» жəне олардың бірнеше генерациясы болған. Олар

протоконтиненттік қыртыстың ядроларына шоғырлана отырып,

екінші рет балқуға мəжбүр болған, бұл балқымалар есебінен

архей эрасының аяқ шенінде байырғы əкті-сілтілі вулканиттер

мен кəдімгі граниттер қалыптасқан, осылайша шын мəніндегі

континенттік қыртысқа сəйкес келетін байырғы кратондар, яғни

болашақ көне платформалардың негіздері қалыптасқан.

Кейбір есептеулерге сəйкес, архейге тəн континенттік

қыртыстың жалпылама ауданы бүгінгі континенттік қыртыс

ауданының 70%-дайын құраған. Осылайша архей эрасының аяқ

шенінде тұтас жəне біршама ірі суперконтинент – алғашқы

Пангея – қалыптасқан. Кейбір ғалымдар Пангея

суперконтинентінің антиподы болып табылатын «Панталасса»

деп аталатын алып мұхит та планета дамуының осы сатысында

пайда болған, ол сол бастан-ақ мұхиттық қыртыспен

сипатталған деп топшылайды. Тіпті планетаның бір жағында

алып Панталассаның, ал екінші жағында одан гөрі шағындау

Пангеяның болуы архей эрасында планетамызда

Геотектоника жəне геодинамика

173

диссиметрияның пайда болуына əкеліп соқтырған, ал бұл

диссимметрияға себепші болған ірі астероидтың Жерге құлауы,

осы «құлау» нəтижесінде планетадан «жұлынып алынған»

заттар есебінен Жердің табиғи серігі болып табылатын Ай

қалыптасқан деген де тұжырымдар бар.

Алғашқы протерозойлық саты. Алғашқы Пангеяның

шытануы, платформалар мен қозғалмалы белдеулердің

туындауы. Континенттік қыртыстың ұлғая түсуі (2,5-1,7

млрд жыл бұрын). Алғашқы Пангеяны құрайтын

континенттік қыртыстың суынып қатаюы оның қимасында

алуан түрлі жарықтар мен жарылымдардың қалыптасуына

жағдай жасаған. Мұның өзі Пангеяның шытынап жарылуына,

сөйтіп жеке-жеке блоктарға даралануына əкеліп соқтырған.

Аталған жарықтар мен жарылымдар қарқынды магматизм

ошақтарына айналған, алайда олар осы магма балқымаларымен

үнемі «дəнекерлене отырып», суперконтинент ылғи да қайтадан

тұтастанып отыруына жағдай жасаған. Алғашқы протерозой

платформасының кристалдық іргетасындағы жоғарыда сөз

болған жарылымдармен оқшауланған жəне сол жарылымдарға

енген алуан құрамды магмалық балқымалар мен шөгінділер

есебінен қалыптасқан құрылымдар «алғашқы протерозойдың

қозғалмалы белдеулері» деген атауға ие. Бұлар кейде байырғы

гранулитті-гнейсті белдеулер де құрайды. Мұндай белдеулердің

ені жүздеген км-мен өлшенеді, ұзыны жүздеген км-ге жетеді,

кейде мың км-ден астам. Аталған белдеулердің қалыптасуын

кейбір ғалымдар «Литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ)»

қағидалары тұрғысынан түсіндіруге тырысады (мұхиттардың

ашылып-жабылуы).

Жалпы алғанда континенттік қыртыспен сипатталатын

«іріленген Пангея» континентінің беткі жазықтығы бедерлену

(рельефообразование) процесін иелене бастаған, көнелігі

алғашқы протерозойға сəйкес келетін саяз сулы теңіздерде

түзілген шөгінділердің жиі ұшырасуы осының дəлелі. Көне

платформаның шөгінді тысы рөлін атқарған мұндай шөгінді

таужыныстардың арасында некенсаяқ платобазальттардың, одан

да сирегірек қышқыл вулканиттердің өкілдері де ұшырасып

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

174

қалып отырады. Кейбір архейлік платформаның шөгінді

тысының қимасына гранитті-гнейсті күмбездер мен

ультранегізді жəне негізді құрамды қат-қабатталған

интрузиялардың ірі-ірі массивтері кіріккен (Оңтүстік

Африкадағы аты əлемге əйгілі Бушвельд массиві, Солтүстік

Американың Шығыс Тасжақпарлы тауларындағы Стиллуотер

массиві, т.с.с.). Көне платформа тақталарында біршама жайпақ

синеклизалармен қатар (бұларды «протосинеклизалар» деп

атауға болады) байырғы рифтілік құрылымдар да болғанға

ұқсайды. «Протоавлокогендер» деген атауды иеленген мұндай

құрылымдардың қимасы да протосинеклизалардың қимасына

ұқсас (негізінен шөгінді таужыныстар, вулканиттер сирек),

алайда олардағы таужыныс қатқабаттарының қалыңдығы

протосинеклизалардағы тектестерімен салыстырғанда əлдеқайда

жоғары болып келеді.

Ортаңғы протерозойлық саты. Пангеяның ішінара

шытынауы жəне қайтадан тұтастануы (1,7-1 млрд жыл

бұрын). Планетамыздың бұл даму сатысының атап айтуға

тұрарлық ерекшеліктері аз деп есептеледі. Бұл сатыға, яғни

төменгі жəне ортаңғы рифей кезеңдеріне тиесілі

таужыныстардың өте сирек кездесетіндігі де бұған септігін

тигізеді. Бұл сатыда Пангея өзінің тұтастығын сақтағанға

ұқсайды, алайда ол аймақтық континенттік рифтілер сияқты

созылу құрылымдарымен жиі-жиі «тілгіленіп тұрған». Бұл

сатыға мейлінше тəн ерекшеліктердің бірі – субаэралдық

вулканизмнің, сол сияқты габбро-ангортозиттердің ірі-ірі

стратиформалық плутондары мен гранит-рапакиви

интрузияларының кеңінен етек алуы.

7.2. Жердің геотектоникалық дамуының кешрифейлік-

фанерозойлық сатылары

Соңғы протерозойлық–ортаңғы палеозойлық саты.

Протерозойлық Пангеяның деструкцияға ұшырауы,

неогейдің қозғалмалы белдеулерінің қалыптаса бастауы

(1-0,32 млрд жыл бұрын). Ғалымдардың басым көпшілігі

Геотектоника жəне геодинамика

175

планета дамуының нақ осы сатысынан бастап «Литосфералық

тақталар тектоникасына (ЛТТ)» тиесілі процестер өз күшіне

енген деп есептейді, алайда ЛТТ-ға тиесілі процестер ортаңғы

архейден (жоғарыда сипатталған екінші сатыдан), тіпті Жер

дамуының ең алғашқы сатысынан бастап (4 млрд жыл бұрын)

жалғасып келе жатыр деп есептейтін ғалымдар да жоқ емес.

Десек те, ЛТТ процестері соңғы протерозойда ғана (соңғы

рифейде ғана) өз күшіне енген деп есептеу көкейге қонымдырақ,

себебі қатпарлы белдеулер арасынан жиі-жиі «жапсаршорлардың»

(«сутуралардың») ұшырасуы, сол жапсаршорларды сипаттайтын

геологиялық формациялар арасында жиі кездесетін офиолитті

формация өкілдерінің геологиялық көнелігі соңғы рифеймен

ғана шектелетіндігі (1 млрд жыл) бұл айтқанымыздың

бұлтартпас дəлелі бола алады.

Планетамыздың геологиялық нысан ретінде соңғы рифейде

ғана ЛТТ идеяларына сəйкес дамыды деп есептейтін ғалымдар

осы кезеңнен кейін тұрақтанған бүкіл континенттік

құрылымдардың жарала бастауы, дамуы жəне қатпарлы

құрылым (жас платформа) ретінде тұрақтануы бұрынғы көне

платформаның «жыртылуымен» (континенттік рифт

қалыптасуымен), осы «жыртықтардың» бірте-бірте кеңеюі

нəтижесінде мұхиттық құрылымның қалыптасуымен,

кейінірек осы мұхит алабының жабыла бастауымен, ең

соңында мұхит жағалауларының соқтығысуы нəтижесінде

орогендік белдеулер қалыптасуымен, осы орогеннің

«тынышталуы» нəтижесінде оның қайтадан жас

платформаға, яғни қатпарлы белдеуге айналуымен түсіндіреді.

Бұл идеяның жақтаушылары соңғы 1 млрд жыл бойына ЛТТ

процестері толық масштабта жүріп жатыр деп есептейді, яғни

планета дамуының соңғы рифейлік–палеозойлық кезеңінде де

континенттер ауқымында мөлшері қазіргі Атлант мұхитымен

шамалас ірі-ірі мұхиттар ашылып-жабылған деп топшылайды.

Өз болжамдарының мысалы ретінде олар – Япетус, Палеоазия,

Палеоорал, Прототетис, Палеотетис (Жерорта теңіз),

Палеоарктика, т.с.с. мұхит атауларын атайды. Олардың пікіріне

сəйкес, сөз болып отырған даму сатысының бас шенінде

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

176

солтүстік жартышардан орын тепкен жоғарыда аталған

болжамдық мұхиттар ортаңғы палеозойда (карбон кезеңінде)

жабыла бастаған, бұл «жабылу» триас кезеңінің орта шенінде

өзінің шарықтау шегіне жеткен деп есептейді. Аталған

палеомұхиттардың ішінде тек Япетус болжамдық мұхиты ғана

соңғы рифейде ашылып, соңғы ордовикте жабылған,

қалғандары өз дамуын осы сатының соңына дейін (карбон__________–

триас кезеңдеріне дейін) жалғастырған деп шамаланады. Япетус

болжамдық палеомұхитының жабылуы геологиялық əдебиетте

«Лаврентия» деген атауды иеленген Солтүстік Америка

континенті мен Шығыс Еуропа континентін біріктіріп, осы

«қабысу» нəтижесінде «Лавруссия» деп аталатын ірі континент

пайда болған.

Сипатталып отырған сатының тағы бір ерекшелігі – Пангея

материгінің солтүстік жəне оңтүстік бөліктерінің даму

сипатында айтарлықтай айырмашылық болғаны. Солтүстік

бөлікте, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, палеомұхиттармен

бөлшектенген континент бөліктерінің шекаралары ғаламат

сығымдалу жағдайында бір-бірімен соқтығысып тұтастану

процесі осы сатының соңына дейін жалғасса, оңтүстік

жартышарда палеозой эрасының бас шенінен бастап созылу

деформациясымен сипатталатын енсіз рифтілермен

бөлшектенген, бірақ өзінің жалпы тұтастығын сақтаған

«Гондвана» мегаконтиненті көрініс берген.

Соңғы палеозойлық – алғашқы мезозойлық саты.

Пангеяның қайтадан тұтастануы (0,32-0,2 млрд жыл бұрын).

Жоғарыда сөз болған болжамдық палеомұхиттардың жабылуы

(континенттік жағалауларының қайтадан соқтығысуы) Пангея

суперконтинентінің қайтадан тұтастануын қамтамасыз еткен.

Солтүстік жартышарда триас кезеңінің аяқ шенінде аяқталған

бұл тұтастану сұлбасы төмендегіше жүрген деп есептеледі:

əуелі Палеоазия палеомұхитының солтүстік бөлігі жабылуы

нəтижесінде Лавруссия континенті Сібір континентімен бірігіп

«Лавразия» ірі материгін құраған, кейінірек Палеотетис

палеомұхитының батыс бөлігінің жабылуы нəтижесінде

Лавразия Гондванамен біріккен.

Геотектоника жəне геодинамика

177

Осылайша мезозой эрасының бас шенінде (триас

кезеңінде) жер шарында қайтадан жалғыз ғана

суперконтинент – Пангея – пайда болған. Планетамыздың сөз

болып отырған даму сатысында тұтас Пангея негізінен

платформалық құрылым ретінде сипатталған, алайда олардың

ауқымында көне мұхиттардың ашылып-жабылуы нəтижесінде

қалыптасқан қатпарлы белдеулер өте қарқынды қатпарлы-

жамылғылы деформацияға ұшыраған алуан түрлі геологиялық

формациялармен сипатталған. Бұл формациялардың арасында

тек қана мұхиттар мен мұхит жағалауларында ғана қалыптасуы

тиіс формациялардың, əсіресе офиолитті жəне аралдоғалық

формация өкілдерінің біршама жиі ұшырасуы планета

дамуының ЛТТ заңдылықтарына сəйкес дамуы расынан да

соңғы рифей-палеозой кезеңінен басталғандығын дəлелдей

түседі. Соңғы палеозойлық – алғашқы мезозойлық даму сатысы

барысында жас платформаның шын мəніндегі шөгінді тысы

əлі де болса қалыптаса қоймаған, платформа беті

авлокогендердің кеңінен сипат алуымен ғана сипатталған.

Платформаның шын мəніндегі шөгінді тысы келесі сатыда ғана

(соңғы мезозойлық-кайнозойлық сатыда ғана) қарқынды түрде

түзілетін болады.

Мобилизмнің атасы болып табылатын Альфред Вегенер сөз

еткен Пангея нақ осы Пангея болатын (3.4-тарауды тағы бір рет

қарап шығыңыз). Қазіргі ғалымдардың шамалауынша, Пангея

суперконтинентінің жағалауларын шайып жатқан, палеозой

эрасының өзінде-ақ қуатты спрединг орталығын иемденген

Панталасса супермұхитының жағалаулары жаппай субдукция

процесімен ерекшеленген, яғни Панталассаның жағалаулары да

мұхит түбі мен континент жиектерінің өзара соқтығысуымен

сипатталған (литосфералық тақталардың конвергенттік

шекаралары түрінде көрініс берген). Сондықтан да бұл белсенді

жағалаулар өңірінде жанартаулы-плутонды белдеулерге,

аралдық доғаларға, шеткі теңіздерге т.с.с. тиесілі жанартаулық

жəне жанартаулық-шөгінді формациялар кеңінен таралған.

Соңғы мезозойлық – кайнозойлық саты. Пангеяның

қайтадан бөлшектенуі, сөйтіп жас мұхиттардың

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

178

қалыптасуы. Жердің қазіргі құрылымдары мен бет-

бедерінің қалыптасуы (0,2-0 млрд жыл аралығы).

Планетамыздың бұл даму сатысының негізгі ерекшелігі өткен

сатыда тұтастанған Пангея суперматеригінің қайтадан

бөлшектенуі болып табылады, бұл бөлшектену күні бүгінге

дейін жалғасуда. Пангеяның сөз болып отырған бұл

бөлшектенуі сол бөлшектердің арасында ірі-ірі мұхиттардың

қалыптасуы, олардың континенттік жағалауларының көлбеу

(горизонталь) бағытта ұдайы жылжуы (континенттер дрейфі)

нəтижесінде аталған мұхиттардың кейбіреулерінің бірте-бірте

ашылып кеңи түсуі, ал екіншілерінің, керісінше, бірте-бірте

жабылып тарыла түсуі. Аталған процестер мезозой эрасының

юра кезеңінен бастау алады, бұған дəлел қазіргі мұхиттар

түбінен юрадан гөрі көнелеу шөгінділердің ұшыраспауы.

Сөз болып отырған процестер нəтижесінде бірінші кезекте

Орталық Атлантика ашылған, сөйтіп бұл мұхит Кариб бұғазы

арқылы Тынық мұхитпен жəне Батыс Жерорта теңізі арқылы

Палеотетис көне мұхитының қалдықтарымен өзара біріккен.

Юра кезеңінің аяқ шенінде-бор кезеңінің басында Атлант

мұхитының оңтүстік өңірі мен Үнді мұхитының солтүстік жиегі,

сол сияқты Антарктиканы солтүстік жағынан жиектейтін мұхит

алабы ендік бағытта созылуы нəтижесінде планетаның оңтүстік

жартышарында палеозойлық Гондвана ірі материгіне тиесілі

континенттер шоғыры мен солтүстіктегі Лавразия

материктерінің аралығында өте ауқымды мұхит алабы пайда

болған. Мұның нəтижесінде Палеотетис көне мұхиты бірте-

бірте тарыла бастаған, сөйтіп Гондвананың «сынықтары» болып

табылатын Африка, Аравстан, Үндістан жəне Австралия

Еуроазияға (Лавразияға) жақындай түскен. Бор кезеңінің

ортаңғы кезінен басталған бұл процесс палеоген кезеңінің эоцен

дəуірінде өзінің шарықтау шегіне жеткен, ал кайнозой эрасының

неоген кезеңінде Мезотетис мұхиты толығымен жабылып,

Гонвана өкілдері мен Лавразия ірі континентінің бір-бірімен

соқтығысуы жүзеге асқан (бұл процестің жарқын мысалы –

Үндістанның Азиямен соқтығысуы). Континенттердің өзара

соқтығысуынан туындаған ғаламат күшті сығымдау кернеулері

Геотектоника жəне геодинамика

179

«Əлпі–Гималай қатпарлы белдеуі» деп аталатын «шынайы

орогенді» жəне «Орталық Азияның эпиплатформалық орогенез

белдеуі» деп аталатын «қосалқы орогенді» қалыптастырған. Бұл

алып таулы белдеулердің даму процесі (биіктей түсуі) одан əрі

жалғасуда.

Атлант мұхитының бірте-бірте ашылуы (кеңи түсуі) жер

шарының оған қарсы бетіндегі Панталассаның жабылуымен

(тарыла түсуімен), сөйтіп оның Тынық мұхитқа айналуымен

орайлас өтуде. Тарылып келе жатқан Тынық мұхит алабының

жиектері оны қоршаған континенттердің астына сұғынуда

(субдукция процесі), мұның нəтижесінде мұхиттың белсенді

континенттік жағалауларында литосфералық тақталардың

конвергенттік шекараларына тиесілі Тереңсулы науалар,

Аралдық доғалар, Шеткі теңіздер сияқты белсенді құрылымдар

қалыптасуда. Тынық мұхит жағалауларының «Тынық

мұхиттың отты шығыры» деп аталу жұмбағы осында. Ал

бірте-бірте ашылып келе жатқан Атлант мұхитының

жағалаулары салғырт континенттік жағалаулар деп

аталатындығы, мұндай жағалаулар тектоникалық, магмалық,

метаморфтық белсенділікпен сипатталмайтындығы, себебі

мұндай жағалауларда субдукция процесі жоқ екендігі белгілі.

Планета дамуының эоцен – олигоцен дəуірлерінің аралығы

(ортаңғы-соңғы палеоген) мейлінше сындарлы кезең болып

табылады. Нақ осы дəуірлерде Жердің қазіргі келбеті мен оның

жер қыртысына тəн тектоникалық құрылымдар негізінен

қалыптасып біткен. Қазіргі мұхиттар мен континенттердің

орналасу реті, мұхит алаптары ауқымындағы Орталық-

мұхиттық жоталар мен оларды «тілгілей сағаланатын»

мұхиттық рифтілердің орналасу орындары, континенттер

ауқымындағы ірі-ірі таулы белдеулер т.с.с. геоморфологиялық

жəне геотектоникалық ерекшеліктер эоцен-олигоцен

дəуірлерінің туындысы. Сондықтан планета дамуының осы

кезеңі оның соңғы мезозойлық – кайнозойлық сатының

жаңатектоникалық кезеңі (неотектоникалық кезеңі) деп

аталады.

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

180

***

Жер планетасының жоғарыда сипатталған геотектоникалық

даму тарихын қапысыз дəлелденген нағыз ақиқат деп

қабылдауға болмайтындығын ескерген жөн. Жер сияқты алып та

өте күрделі геологиялық нысанның 4 млрд. жылдық даму

тарихын сатылай отырып қадағалау қиынның қиыны, себебі -

миллиондаған-миллиардтаған жылдар бұрын болып өткен

процестердің басы-қасында болған ешкім жоқ, ол процестерді

жер бетінде жасақталған зертханалық тəжірибелерде қалпына

келтіру мүмкіндігі де жоққа тəн. Сондықтан осы оқу құралы

ауқымында сөз болған тұжырымдарды жай ғана болжамдар мен

жорамалдар жиынтығы деп түсінген дұрыс, алайда бұл

болжамдар мен жорамалдар жер қыртысында бұрын-соңды

көрініс берген тектоникалық құрылымдар мен оларды құрайтын

геологиялық формациялардың фрагменттерін жан-жақты

зерттеу, олардың геологиялық көнелігін анықтау жəне бүкіл

жинақталған деректерді байырғы қисын (логика) тұрғысынан ой

елегінен өткізу нəтижесінде жасақталған.

Сөз болған ұланғайыр процестердің болмыс-бітімін түсіну,

оларды ой елегінен өткізу арқылы нақтылы тұжырымға келу

əрбір зерттеушінің творчестволық алымдылығы мен ой

жүйесінің ауқымдылығына да байланысты. Сондықтан Жердің

жаралу жəне геологиялық даму жұмбақтарын шешу барысында

бір-біріне кереғар келіп жататын, тіпті бір-бірін жоққа

шығаратын пікірлер де аз болмайды. Біз осы оқу құралы

ауқымында сондай пікірлердің ресми ғылым тарапынан

жүйеленген біреуін ғана баяндадық. Баяндалған пікірлердің

кейбіреулерімен өзіміздің мүлдем келіспейтін тұстарымыз да

жоқ емес, геотектоника мəселелерімен кəсіби түрде айналысып

жүрген ғалым ретінде Жердің жаралуы мен даму сипаты жайлы

біздің өзгелерден өзгеше, яғни өзіндік пікірлеріміз де

баршылық. Алайда бұл пікірлерімізді осы оқу құралы

ауқымында сөз ету орынсыз деп есептедік, алайда олар осы

кітаптың библиографиялық тізімнде 12-ші ретпен көрсетілген

арнаулы монографияда жүйеленген.

Геотектоника жəне геодинамика

181__



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет