739 оқушы бітіріп, 551-і, яғни 74,6



жүктеу 0.56 Mb.
бет1/5
Дата03.05.2016
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары
2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы

Т.Рысқұлов ауданы бойынша жалпы орта білім беретін 26 мектепті 739 оқушы бітіріп, 551-і, яғни 74,6% (2014 ж-82,2%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. ҰБТ-ге қатысу көрсеткіші жоғары 5 мектеп- Құлан (100%), Қ.Сұлтанбеков (94,1%) А.Шынасилов (93,8%), Қ.Сәтбаев (92,3%), Р.Смаилов (91,7%); Қатысу көрсеткіші төмен болған 5 мектеп-Қорағаты (44%), М.Әуезов (44,4%), Малдыбай (50%),М.Горький (51,9%), Подгорное (52,9%), Б.Момышұлы (54,1%),

Ауданның қатысу көрсеткіші облыстан 7,9%-ға, республикадан 3,6 %-ға артық.

188 оқушы қатысудан бас тартты, қатыспау себептері:денсаулығына байланысты-1, колледжге оқуға баратыны-106, жұмысқа кететіні-37, әскерге кететіні-7, шетелде оқуға ниет білдіргені-37;

Биылғы жетістік-Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушысы Айнұр Абылбай, №2 шағын орталықты орта мектебінің оқушысы Елнура Қапар халықаралық олимпиада және байқау жеңімпаздары болғандықтан, ҰБТ–ден босатылды. (2014 ж-2 оқушы:М.Ә.Мақаш жеңімпаз ретінде босатылған,А.С.Тынышбек-«Алтын белгі» төселгісін алған)

ҰБТ барысында кезінде ешқандай құқықбұзушылық әрекеттер мен Ереже талаптарын бұзу фактілері орын алған жоқ.

Ауданның 26 орта мектебінен 549 оқушының ҰБТ қорытындысымен алған орташа балы – 65,8. (2013-2014 о/ж - 65,4). (Облыс-78,6, республика-79,4)

Тестке қатысушылардың 520-ы қазақ тілінде, 29-ы орыс тілінде тест тапсырды.Қазақ тілінде бітірушілердің орташа балы-66; орыс тілінде бітірушілердің орташа балы-61,7;

Тестке қатысушылардың 459-ы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (физика-203, биология-203, химия-12,география-41) және 90-ы гуманитарлық бағыттағы пәндерді (әдебиет-36, ағылшын тілі-25, дүние жүзі тарихы-29) таңдаған.

50 шекті балл ала алмаған балалар үлесі-118 оқушы (21,4%),(2013-2014 о/ж 193, 27,9% болған) өткен жылмен салыстырғанда, 73 оқушыға, 6,5%-ға кеміген. (Облыс-9,5%, республика-18,6)

Аудан көрсеткішін төмен тартқан №1 мектеп-лицейі, №2 орта мектеп, Болтай батыр, Т.Рысқұлов, Ақыртөбе, М.Горький, Қызыл шаруа, Ақтоған, Абай, А.Байтұрсынов, Қ.Сәтбаев, Подгорное, Алғабас орта мектептерінде 2014 жылы да шекті деңгейден өтпеген бала саны өте көп болған, биыл бұл жағдай тағы қайталанып отыр.



100-ден аса балл жинаған оқушылар- 27 оқушы (4,9%,), өткен оқу жылында 56 оқушы болып, биыл 29 оқушыға кеміген. (Облыс-18%,республика-17,4)

Жекелеген пәндерден «2» алған оқушы саны - 75; (2013-2014 о/ж- 135 оқушы) 60 оқушыға кеміген.Бұлардың ішінде оқушылары ең көп «2» алған №1 мектеп-лицейі, Ақтоған, Қ.Сәтбаев, Абай, №2 орта мектеп, Болтай батыр, Подгорное мектептерінде былтыр да «2» алушылар саны көптігімен ерекшеленген, өткен жылғы кемшіліктерді жоюда пән мұғалімдері мен мектеп басшылары еш нәтиже шығармағаны белгілі болды.



Жекелеген пәндерден «2» алғандар саны-75 оқушы; оқушылары «2» алған мектептер:

Мектеп атауы

2014-2015о/ж-75

2013-2014 о/ж-135

Кему/өсу

-60

1 мектеп– лицейі

17

7

+10

Ақтоған

7

13

-6

Қ.Сәтбаев

7

1

+6

Абай

6

13

-7

2

5

18

-13

Болтай батыр

5

8

-3

Подгорное

4

0

+4

А.Байтұрсынов

3

2

+1

Р.Смаилов

3

1

+2

Б.Момышұлы

2

3

-1

Қ.Сұлтанбеков

2

2

0

Қызыл шаруа

2

1

+1

Т.Рысқұлов

2

10

-8

М.Горький

2

3

-1

Алғабас

2

11

-9

Ақыртөбе

2

6

-4

Құлан

1

7

-6

М.Әуезов

1

3

-2

Ы.Алтынсарин

1

2

-1

Жамбыл

1

2

-1


Оқушылары жекелеген пәндерден «2» алған мектептер:



Мектеп атауы

Жалпы екілік саны

Қазақ тілі

Орыс тілі

Қазақстан тарихы

Математика

Физика

1

1 мектеп лицейі

17

3

2

4

7

1

2

№2 ОМ

5




2

1

2




3

Т.Рысқұлов ОМ

2




1







1

4

М.Горький ОМ

2







1




1

5

Құлан ОМ

1













1

6

Б.Момышұлы ОМ

2




1




1




7

Қ.Сұлтанбеков ОМ

2




1




1




8

А.Байтұрсынов ОМ

3




1




2




9

Абай ОМ

6




1




4

1

10

М.Әуезов ОМ

1










1




11

Қ.Сәтбаев ОМ

7




4




2

1

12

Қызылшаруа ОМ

2

1

1










13

Ақтоған ОМ

7

1

3

1

2




14

Болтай батыр ОМ

5




3

1

1




15

Подгорное ОМ

4










4




16

Ы.Алтынсарин ОМ

1










1




17

Алғабас ОМ

2










1

1

18

Ақыртөбе ОМ

2




2










19

Жамбыл ОМ

1










1




20

Р.Смаилов ОМ

3










3




Барлығы

75

5

22

8

33

7

Аталған мектептерде мемлекеттік стандарт талаптарына сай білім беру және стандартқа сай білімді қамтамасыз ете алмай отырған пән мұғалімдері мен оқушылардың "2" алу себептерін зерделеу барысында анықталғаны:

Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша 520 оқушы ҰБТ тапсырды. 87 оқушы «5», 246 оқушы «4», 183 оқушы «3», 4 оқушы «2» алып, 64% білім сапасын көрсетті. Орташа балл – 15,2. 2014 жылмен салыстырғанда, білім сапасында өсу-кему болмаған (2014 ж. б/с – 64, орташа балл – 15,3).

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша барлығы 29 оқушы тапсырып, 10 оқушы «5», 15 оқушы «4», 3 оқушы «3», 1 оқушы «2» алып, 86,2% білім сапасын көрсетіп отыр. Орташа балл – 12,8. Былтырғы жылмен салыстырғанда, білім сапасы 9%-ға өскен. (2014 ж. б/с- 77,2 %, орташа балл – 16,9).

Қазақ әдебиеті пәні бойынша барлығы 35 оқушы тапсырып, 6 оқушы «5», 18 оқушы «4», 11 оқушы «3» алып, 68,6% білім сапасын көрсетті. Орташа балл – 15,2. Былтырғы жылмен салыстырғанда, 12,5%-ға өскен (2014 ж. б/с – 56,1%, орташа балл – 14,6).



Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 4 оқушы «2» алды. Олар:

  1. Ташкеев Сағадат – Қызыл шаруа орта мектебі

  2. Мұратбаев Ислам – Ақтоған орта мектебі

  3. Шірікбай Нұрсұлтан - №1мектеп-лицейі

  4. Сәлімбай Нұрдәулет - №1 мектеп-лицейі

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 1 оқушы «2» алды. Ол: Құсайын Ізбасар -№1 мектеп-лицейі

Оқушылары «2» алған пән мұғалімдерінің сапалық құрамы:барлығы 3 мектептен 5 мұғалім, І санатты – 2,ІІ санатты – 3, 2 мұғалім (С.Ахметова, Е.Мажиков) сырттай бөлімде оқыса, қалғаны күндізгі бөлімде оқыған, барлығының еңбек өтілі-5-20 жыл аралығында,бәрі жоғары білімді мамандар. Осыған қарамастан оқушылар білімінде олқылықтар бар екендігі ескерілмеген.



Орыс тілі пәні бойынша:12 мектептің 7 мектебі орыс тілі пәнінен 14 оқушы «2» деген баға алды. ( Абай,Т.Рысқұлов, Ақтоған, Қ.Сәтбаев, Ақыртөбе, Қызыл шаруа,Болтай батыр орта мектептер). Аталған 7 мектепте орыс тілі пәнінен 17 мұғалім сабақ береді. Жоғары санатты-3, І санатты-4, ІІ санатты-9, санаты жоқ-1 мұғалім. «2» деген баға алған оқушылар 11 жыл бойы аталған мектептерде білім алған. Бірақ «2» деген баға алған оқушылар арасында тоқсанда «4» деген бағамен шыққан немесе сынама тестілеу кезінде 18-20 ұпай жинаған оқушылар да бар. Мысалы: Бейсен Айдана -Т.Рысқұлов орта мектебінің оқушысы, Әмірқұл Нұргелді, Қ.Сәтбаев орта мектебі, Ахмет Жақсылық-Ақтоған орта мектебінің оқушысы,Бейсен Айдана- Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушысы -оқу екпіндісі, Мамыт Гульсайна-Болтай батыр атындағы орта мектебінің оқушысы, Оразгелді Айдана, Сейтқапар Айгерім-Ақыртөбе орта мектебінің оқушылары. Пән мұғалімдерінің еңбек өтілі 9- 24 жыл, санаты болса, оқушылардың төмен ұпай алған себебі математика және таңдау пәндеріне тым көп уақыт бөлгенінен деп уәж айтады. Ал Болтай батыр атындағы орта мектебінің 3 оқушысы ,Ақтоған орта мектебінің оқушысы Қондырбек Азамат, Надиров Нұрдос аудандық сынама тестілеу қорытындысы бойынша төмен ұпай жинаған болса, Қызыл шаруа орта мектебінің оқушысы Қасым Бағлан ҰБТ-ге қатыспаймын деп қосымша сабақтарға келмеген. Мектепішілік тестілеу кезіндеде аталған оқушылардың пән бойынша білім деңгейі төмен болып , 8-10 ұпай алған болатын.

Қазақстан тарихы пәні бойынша:Биылғы оқу жылында қазақ сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен 549 оқушы ҰБТ тапсырды. 93 оқушы «5», 263 оқушы «4», 185 оқушы «3», 8 оқушы (2014ж -18) «2» алып, 64,8% (2014ж- 60,6 %, орташа балл-14,7) білім сапасын көрсетті. Орташа балл – 15,2.

Олар:Бекмырза Айнұр–Болтай батыр атындағы орта мектебі, Ахмет Жақсылық – Ақтоған орта мектебі, Асылбек Дәурен–М.Горький атындағы орта мектебі,Үкібай Қайсар-№2 орта мектебі, Сүгірбай Назерке - №1 мектеп-лицейі,Құсайын Ізбасар -№1 мектеп-лицейі,Сәлімбай Нұрдәулет-№1 мектеп-лицейі,Аманқұл Әділет -№1 мектеп-лицейі;

ҰБТ-де оқушылары «2» алған тарих пәнінің мұғалімдерінің сапалық құрамы: Жоғары санатты – 4, І санатты – 2, ІІ санатты – 1,Сапалық құрам –85,7%; Бәрі жоғары білімді, еңбек өтілдері 6-32 жыл аралығында, оқушылар білімінде олқылықтар болмауы тиіс, бірақ немқұрайдылықпен оқушылар төмен нәтиже көрсеткен.


Математика пәні бойынша: 2013-2014 оқу жылының қорытындысымен орташа балды салыстырғанда, орташа балл 1,1 балға, білім сапасы 5%-ке артқан, алайда Қ.Сұлтанбеков,№1мектеп-лицейі,Қ.Сәтбаев,Қызыл шаруа,Қорағаты,Болтай батыр, Подгорное, Алғабас, Акыртөбе, Жамбыл атындағы орта мектептерінде орташа балл төмендесе, Ы.Алтынсарин орта мектебінде өсу жоқ.Аудан мектептері бойынша биылғы оқу жылындағы ҰБТ қорытындысымен, 33 оқушы «2» алып, үлгермеушілік 6% құрап отыр.

Математика пәнінен аудан мектептерінде 11-сыныпқа 42 мұғалім сабақ берді, жоғары санатты -17, бірінші санатты- 15, екінші санатты-5, санатсыз-5 мұғалім. Сапалық құрамы-76%. Күндізгі бөлімді-37, сырттай бөлімді-5 мұғалім бітірген. Аудан бойынша «2» алған 15 мектептен 33 оқушыға білім берген 19 мұғалімнің барлығы жоғары білімді, 1 мұғалім ғана сырттай бітірген.Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы Рамазанов Давид Тараз қаласынан екінші тоқсанда ауысып келген, пән мұғалімі Б.С.Игисинова 4 жыл еңбек өтілі бар мұғалімі бала күтімімен демалыста болғандықтан, 11-сыныпты оқытқан.

«2» алған оқушылар арасында жылдық қорытынды бағасымен №1 мектеп-лицейінің оқушысы А.Шәмшіхан «5», Ә.Ақзам «4» шықса, Абай атындағы орта мектеп оқушылары Ә.Абдулахамит пен С.Рашид, М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушысы Т. Сейсен, Ақтоған орта мектебінің оқушысы Ж. Ахмет жыл қорытындысы бойынша «4» шыға отырып, ҰБТ-де «2» алған. №1 мектеп-лицейінің оқушысы Н.Сәлімбай 3 тоқсан қорытындысында сабаққа себепсіз келмегендіктен, барлық пәннен аттестатталмаған оқушы болса, осы мектептің оқушысы І.Құсайын мен Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінің оқушысы Е.Мақсым мектепішілік сынама тест пен аудандық білім бөлімі тарапынан алынған тест қорытындысында «2» алып отырған, дайындыққа көңіл бөлмеген оқушылар, назардан тыс қалған оқушылар болып отыр.

Физика пәні бойынша 7 мектептен 7 оқушы «2» алған. №1 мектеп-лицейінің оқушысы Ж.Базарбай жылдық қорытынды бойынша «4» шыққан, қалған оқушылардың қорытынды бағалары «3».

ҰБТ қорытындысы бойынша төмен болған 12 мектепте (Абай, Ы.Алтынсарин, Ақыртөбе, Ақтоған, Алғабас, Т.Рысқұлов, Қызыл шаруа, Ақбұлақ, Қорағаты, Подгорное, Болтай батыр, Қ.Сәтбаев орта мектептерінде) физика пәнінен 14 мұғалім сабақ берді. 2 мұғалім жоғары санатты, 7 мұғалім бірінші санатты, 5 мұғалім екінші санатты. 14 мұғалімнің де еңбек өтілі 11 жылдан жоғары.



Барлық педагогтар

11-сыныпқа сабақ бергені

Төмен болған 12 мектепте

Жоғары санат

І санат

ІІ санат

Санатсыз

0-5 жыл

6-10 жыл

11-20 жыл

21-30 жыл

күндізгі

сырттай

54




14

2

7

5










1

13

14





Оқушыларының орташа балл қорытындысы бойынша ең төмен нәтиже көрсеткен мектептер саны-13, 2014 жылы-14 болған. Әсіресе 8 мектеп (Подгорное, Болтай батыр, Алғабас, Ақбұлақ, Ы.Алтынсарин, Қорағаты, Ақтоған,Абай) биылғы жылы да 2014 жылы да ең төмен нәтиже көрсеткен мектептер санатында болды.Бұл жағдай жыл бойы үздіксіз бақылау нәтижесінде де белгілі болғанымен, мектеп басшылары тарапынан бақылаудың әлсіздігі мен пән мұғалімдерінің дайындыққа салғырт қарағандығынан кемшіліктер орын алды. Жыл бойы үздіксіз білім бөлімі тарапынан бақылау, қадағалау болып, тиісті анықтамалар дер кезінде мектеп директорларына жеткізілгенімен, нәтижелі жұмыс атқара алмаған басшылардың болуына байланысты аудан көрсеткіші төмен болды.


  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет