№75 бұйрығымен бекітілді



жүктеу 120.45 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі120.45 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2014 жылғы «10» ақпандағы


75 бұйрығымен


    бекітілді

Электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде пайдаланатын денсаулық сақтаудың қолданыстағы тараптарының сәйкестендіруіне қойылатын стандарттық талаптар

  1. Жалпы ережелер


  1. Электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде пайдаланатын денсаулық сақтаудың қолданыстағы тараптарының сәйкестендіруіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – стандарттық талаптар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

  2. Осы стандарттық талаптардың мақсаты медициналық көмек көрсету үдерісінде пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және медициналық ұйымдардың өзара әрекеттесу барысындағы электрондық денсаулық сақтау кеңістігіндегі деректер мен ақпараттардың тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

  3. Осы стандарттық талаптардың міндеттері электрондық денсаулық сақтаудың объектілерін анықтау және оларға электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық кеңістігінде ЖСН, БСН, OID сәйкестендіргіштерін қолдану болып табылады.

  4. Осы стандарттық талаптарда мынадай терминдер мен түсініктемелер пайдаланылады:

    ақпараттық жүйелерде сәйкестендіру  сәйкестендіру объектісі үшін оны ақпараттық жүйеде бір мағыналы сәйкестендіретін сәйкестендіргіші анықталатын үдеріс. Ақпараттық жүйеде сәйкестендіру үдерісін іске асыру үшін объектіге алдын ала тиісті сәйкестендіргіш беріледі (объектіні ақпараттық жүйеде тіркеу);

    сәйкестендіргіш (ID)  ақпараттық жүйенің басқа объектілерінен ажырата алатын объектінің бірегей белгісі;

    объектілік сәйкестендіргіш (Object Identifier (OID)  ақпараттық жүйенің объектісімен ұштасқан және оны дүниежүзілік мекенжайлық кеңістікте сәйкестендіретін цифрлардың бірегей жиынтығы (мысалы 1.2.298.3.12);

    объект (Object) – ақпараттық жүйеде сәйкестендірілетін кез келген бірлік (пациент, медицина қызметкері, денсаулық сақтау ұйымы, электрондық медициналық жазба, электрондық денсаулық паспорты және басқалар).

    е-денсаулық сақтаудың OID тіркеушісі  электрондық денсаулық сақтау объектілеріне OID сәйкестендіргіштерін тіркеу және беру бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысындағы уәкілетті ұйым немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

    жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр. (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 Заңынан);

    бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН) – заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр. (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 Заңынан);

    пациент (Subject of Care) – медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

    медицина қызметкерлері (Healthcare Professional) – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

    денсаулық сақтау ұйымы (Healthcare Organizations)  денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

    медициналық қызмет (Healthcare Activity) – жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі;

    пациенттердің ұлттық тіркелімі – электрондық денсаулық паспортын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну және пациенттерді сәйкестендiру үшін е-денсаулық сақтаудың сервисі ретінде ұсынылатын ұлттық электрондық қор. Пациенттердің ұлттық тіркелімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми электрондық тіркелімі болып табылады;

    медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімі – электрондық денсаулық паспортын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну және медицина қызметкерлерін сәйкестендiру үшін е-денсаулық сақтаудың сервисі ретінде ұсынылатын ұлттық электрондық қор. Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми электрондық тіркелімі болып табылады;

    денсаулық сақтау ұйымдарының ұлттық тіркелімі – электрондық денсаулық паспортын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну және денсаулық сақтау ұйымдарын сәйкестендiру үшін е-денсаулық сақтаудың сервисі ретінде ұсынылатын ұлттық электрондық қор. Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми электрондық тіркелімі болып табылады;

    өкілеттіктер (Mandate) – денсаулық сақтау тарапынан қабылданған нақты рөлдің көлемін және шеңберлерін, сондай-ақ атқарылатын рөлге сәйкес жауапкершілігін анықтайтын ережелер жиынтығы. Медициналық көмек көрсету талаптарының өкілеттіктері сұранымдарды (Requests), яғни медицина қызметкері медициналық қызметтерді берушіден бірқатар медициналық қызметтердің іске асырылуын сұрату жағдайын, сондай-ақ жолдамаларды (Referrals) қамтиды, яғни медицина қызметкері медициналық қызметтерді берушіден клиникалық үдеріске өкілеттілікті талап еткен жағдайдағы медициналық көмек көрсетуге қойылған талап;

    денсаулық сақтау тарапы (Healthcare Party) – денсаулық сақтау жүйесінде өзара әрекеттесетін жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде пациенттер (Subject of Care), медициналық қызметтерді берушілер (Healthcare Provider) және медициналық көмек көрсетуде қолдау көрсететін тараптар (Healthcare Third-party);

    медициналық қызметтерді беруші (Healthcare Provider)  медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйым (Healthcare Organisation) және/немесе медицина қызметкері (Healthcare Professional);

    медициналық көмек көрсетілгенде қолдау көрсететін тарап (Healthcare Third-party) – туған-туысқан, қамқоршы, заңды өкіл, сондай-ақ медициналық қызметтердің шығыстарын төлеуге, қаржыландыруға, әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты басқа да тараптар;

    медициналық қызметтер көрсету (Healthcare Service) – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;

    HL7 (HealthLevel 7)  электрондық медициналық ақпараттармен алмасу, басқару және ықпалдастыру стандарты;



    CDA (Clinical Document Architecture)  клиникалық құжаттардың архитектурасы.

  1. Объектілерді сәйкестендiру тәртібі

  1. Электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде пайдаланатын денсаулық сақтаудың қолданыстағы тараптарының (пациент, медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау ұйымдары) сәйкестендіруіне қойылатын стандарттық талаптар пациенттердің денсаулығы туралы электрондық ақпаратпен қауіпсіз алмасу және денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында әзірленді.

  2. Осы стандарттық талаптар электрондық денсаулық паспортына қойылатын стандарттық талаптардың (бұдан әрі – ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптар) ажыратылмайтын бөлімі болып табылады.

  3. Осы стандарттық талаптарға сәйкес ЖСН электрондық денсаулық паспортын және е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдаланумен байланысты кез келген іс-шараларға қатысты пациентті және медицина қызметкерін сәйкестендіру үшін, сондай-ақ осы іс-шаралардың нәтижесінде ұсынылған және таратылған ақпараттың авторлығын анықтау үшін пайдалынады.

  4. Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық кеңістігінде жеке тұлға туралы дербес деректерді машиналық өңдеу үшін е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне енгізілген ЖСН негізінде алғашқы тіркелген пациенттерге және медицина қызметкерлеріне автоматтандырылған түрде халықаралық Object Identifier (OID) объектілік сәйкестендіргіш беріледі.

  5. Осы стандарттық талаптарға сәйкес БСН электрондық денсаулық паспортын және е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдаланумен байланысты кез келген іс-шараларға қатысты денсаулық сақтау ұйымдарын сәйкестендіру үшін, сондай-ақ осы іс-шаралардың нәтижесінде ұсынылған және таратылған ақпараттың авторлығын анықтау үшін пайдалынады.

  6. Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық кеңістігінде денсаулық сақтау ұйымдары туралы мәліметтерді машиналық өңдеу үшін е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне енгізілген БСН негізінде алғашқы тіркелген денсаулық сақтау ұйымдарына және олардың құрылымдық бөлімшелеріне автоматтандырылған түрде халықаралық Object Identifier (OID) объектілік сәйкестендіргіш беріледі.

  7. Е-денсаулық сақтаудың барлық жүйелері және сервистері адамның қабылдауымен байланысты үдерістерде жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіру ЖСН және БСН негізінде іске асырылады, ал е-денсаулық сақтаудың ақпараттық кеңістігінде жеке тұлғалар туралы дербес деректерді және денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың құрылымдық бөлімшелері туралы мәліметтерді машиналық өңдеу OID негізінде іске асырылды.

  8. OID автоматтандырылған генерация мүмкіндігін алу үшін Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауы OID 1.2.398.7.1 түбірлі кодпен Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында тіркелген. Электрондық денсаулық сақтаудың сәйкестендіруші объектілері е-денсаулық сақтауға арналған OID тіркеушісі болып табылатын уәкілетті ұйымнан түбірлі OID алады.

  9. Осы стандарттық талаптарға сәйкес е-денсаулық сақтаудың барлық кеңістігінде объектілердің барлық санаттары (оның ішінде денсаулық сақтау объектілері, HL7 хабарламалары, CDA электрондық құжаттары және басқалар) үшін сәйкестендіргіштердің бірі ретінде міндетті түрде OID пайдаланылатын болады.

  10. Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу үшін OID беру қағидалары е-денсаулық сақтаудың тиісті регламентімен айқындалған.

  1. Пациентті сәйкестендіру

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Пациенттердің ұлттық тіркелімін (бұдан әрі – ПҰТ) құрылуын, жүргізілуін, өзекті болуын және қолдауын қамтамасыз етеді.

  2. ПҰТ-ның мақсаты:

    электрондық денсаулық паспортының және е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің және оларды пайдаланушылардың сұранымы бойынша пациентті сәйкестендіру;

    электрондық денсаулық паспортында пайдалану үшін пациент туралы ақпарат беру.



  1. Электрондық денсаулық паспорты арқылы жиналатын, сақталатын, өңделенетін және пайдаланылатын ақпарат пациентке қатысты ЖСН арқылы сәйкестендіріледі.

  2. Пациенттің электрондық денсаулық паспортында есеп жазбасын құру үшін ол туралы ақпарат Пациенттердің ұлттық тіркелімінен ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптардың ережелеріне және шарттарына сәйкес беріледі.

  3. ПҰТ-ның е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен және электрондық денсаулық паспортымен өзара әрекет «Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуге (хабарламалар жіберу) қойылатын техникалық талаптарға» сәйкес іске асырылады.

  4. Әр пациент үшін ПҰТ-да жазылған деректер жинақталымы ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптармен айқындалады;

  5. Электрондық денсаулық паспортында ЖСН және пациент туралы ақпаратты мерзімді тексеру пациенттің барабарлығын және ақпараттағы кез келген немесе демографиялық деректердің өзгерістерін нақтылау үшін міндетті болып табылады. Бұндай тексеріс Пациенттердің ұлттық тіркелімінің сервистерін пайдаланумен автоматтандырылған түрде ЭДП жүйесімен іске асырылады.

  6. Пациенттердің ұлттық тіркелімінде сақталатын демографиялық ақпарат және пациенттердің сәйкестендіргіші қорғауға жататын ақапарат болып табылады және е-денсаулық сақтаудың ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өңделеді.

  1. Медицина қызметкерлерін сәйкестендіру

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімін (бұдан әрі - МҚҰТ) құруды, жүзеге асыруды, өзекті болуын және қолдауды қамтамасыз етеді.

  2. МҚҰТ-ның мақсаты:

    электрондық денсаулық паспортының және е-денсаулық сақтау және олардың пайдаланушыларының ақпараттық жүйелерінің сұранымы бойынша медицина қызметкерлерін сәйкестендіру;

    электрондық денсаулық паспортында пайдалану үшін медицина қызметкерлері туралы ақпараттар беру.



  1. Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімі медицина қызметкерінің білімі, мамандығы, маман сертификатының және/немесе санатының болуы, атқаратын лауазымы, ғылыми дәрежесі, электрондық денсаулық паспортына және е-денсаулық сақтау сервистеріне кіру құқығы туралы негізгі ақпаратты қамтиды.

  2. Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімінде әр медицина қызметкері үшін жиналатын деректердің жиынтығы ЭДП-ға қойылған стандарттық талаптармен айқындалады.

  3. ЭДП-ға қойылған стандарттық талаптарға сәйкес электрондық денсаулық паспорты арқылы жиналатын, сақталатын, өңделенетін және пайдаланатын ақпарат медицина қызметкерінің ЖСН пайдаланумен пациент туралы ақпаратты ұсынған және куәландырған нақты медицина қызметкеріне қатысты сәйкестендіріледі.

  4. Медицина қызметкерлері туралы ақпарат ЭДП қойылған стандарттық талаптардың шарттарына және ережелеріне сәйкес медициналық көмек көрсетуге нақты медицина қызметкерінің сұранымы немесе өкілеттіктерді қабылдау шеңберінде Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімінен электрондық денсаулық паспортына ұсынылады.

  5. Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімінің электрондық денсаулық паспортымен және е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеті «Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуге (хабарламалар жіберу) қойылатын техникалық талаптарға» сәйкес іске асырылады.

  6. Медицина қызметкерінің пациенттің электрондық денсаулық паспортына рұқсаты және медициналық қызметтерді көрсету құқығы электрондық денсаулық паспортына қойылатын стандарттық талаптарда айқындалған өкілеттіліктер арқылы бақыланады. ЖСН пайдаланумен медицина қызметкерлерін сәйкестендіру медицина қызметкерінің барабарлығын тексеру үшін қолданылады. Медицина қызметкері ұсынылатын өкілеттіліктер құқығынан асатын рұқсаттың айрықша құқықтарына ие болғанда осындай құқықтардың заңды болуы туралы ақпаратты алу мақсатында Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркеліміне кіру рұқсаты қамтамасыз етіледі. Кез келген басқа жағдайда электрондық денсаулық паспортына рұқсат берілмейді.

  7. Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімінде медицина қызметкерлерін тіркеу және оған қолжетімділік құқығын беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.

  8. Электрондық денсаулық паспортына рұқсат осы стандарттық талаптардың шарттарына, ережелеріне және электрондық денсаулық паспортының стандарттық талаптарына сәйкес авторластырылған, сәйкестендірілген және куәландырылған медицина қызметкерлеріне беріледі.

  9. Электрондық денсаулық паспортында медицина қызметкерінің ЖСН және олар туралы ақпаратты мерзімді тексеру медицина қызметкерінің барабарлығын және ақпараттағы кез келген өзгерістерді нақтылау үшін міндетті болып табылады. Бұндай тексеріс Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімінің сервистерін пайдаланумен автоматтандырылған түрде электрондық денсаулық паспортында іске асырылады.

  1. Денсаулық сақтау ұйымдарын сәйкестендіру

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау ұйымдарының ұлттық тіркелімін (бұдан әрі - ДҰҰТ) құруды, жүзеге асыруды, өзекті болуын және қолдауды қамтамасыз етеді.

  2. ДҰҰТ мақсаты:

    электрондық денсаулық паспортының және е-денсаулық сақтау және олардың пайдаланушыларының ақпараттық жүйелерінің сұранымы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын сәйкестендіру;

    электрондық денсаулық паспортында пайдалану үшін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ақпараттар беру.



  1. Электрондық денсаулық паспортының стандарттық талаптарына сәйкес электрондық денсаулық паспорты арқылы жиналатын, сақталатын, өңделенетін және пайдаланатын ақпарат денсаулық сақтау ұйымының БСН пайдаланумен штатында пациент туралы ақпаратты ұсынған және куәландырған нақты медицина қызметкері бар денсаулық сақтау ұйымына қатысты сәйкестендіріледі.

  2. Денсаулық сақтау ұйымдары туралы ақпарат ЭДП қойылған стандарттық талаптардың шарттарына және ережелеріне сәйкес медициналық көмек көрсетуге өкілеттіктерді қабылдау сұранымының шеңберінде ДҰҰТ-нен электрондық денсаулық паспортына ұсынылады.

  3. ДҰҰТ әр денсаулық сақтау ұйымы үшін жиналатын деректердің жиынтығы ЭДП-ға қойылған стандарттық талаптармен айқындалады.

  4. ДҰҰТ электрондық денсаулық паспортымен және е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеті «Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесуге (хабарламалар жіберу) қойылатын техникалық талаптарға» сәйкес іске асырылады.

  5. ДҰҰТ сақталатын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ақпаратты тіркеу және өзгерту рәсімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

  6. Электрондық денсаулық паспортында БСН мерзімді тексеру денсаулық сақтау ұйымының барабарлығын және ақпараттағы кез келген өзгерістерді нақтылау үшін міндетті болып табылады. Бұндай тексеріс Денсаулық сақтау ұйымдарының ұлттық тіркелімінің сервистерін пайдаланумен автоматтандырылған түрде электрондық денсаулық паспортында іске асырылады.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет