8 сынып Оқылым



жүктеу 54.25 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі54.25 Kb.
8 - сынып

Оқылым.

Жақсылық жасау, біреуге қол ұшын беру, махаббат, құрмет көрсету — бұлардың барлығы да адамдық құндылықтар. Десе де, осы құндылықтардың арасында өте нәзік бір құндылық бар, ол адалдық деп аталады. Себебі, адамдардың бауырмал болып бір жерде өмір сүрулері үшін ең алдымен әділдік керек. Әділеттік адалдықтың топырағында тамыр жайған гүл секілді…

Бағзы бір заманда, шалғай бір елде бір патша өмір сүріпті. Патша адамдық құндылықтардың барлығына бірдей мән беріпті де, адалдыққа айрықша қарайды екен. Ұзақ жылдар бойы елін адалдықпен, әділдікпен басқарып, халқы оны осы қасиеті үшін қатты сыйлапты. Өкініштісі, ол әбден қартайған екен. Сол себептен, өзінен кейін ел  басқаратын адамның таққа отыруы керек еді. Тағдырдың ісіне не шара, патшаның ұлдан тұяғы болмапты.
Сондықтан да, өзінен кейін таққа отыратын адамды халықтың арасынан таңдауға бекініпті. Патша мұрагер болуға лайықты адамды таңдау үшін қатты ойланыпты. Басын қатырмай қайтсін, өйткені кімді таңдаса да, өте адал адамды шатаспай табуы керек қой.

Ақыры, бір ойға бекініпті. Елдегі барлық балаларды сарайдың бағына жинауды бұйырыпты. Бір күннен кейін сарайдың бағына жүздеген, мыңдаған бала жиналыпты. Патша, балаларды аралап келіп, алақандарына құйттай бір нәрсе салыпты. Сосын: «Сендерге бір-бірден дән бердім. Үйлеріңе барғаннан кейін тұқымды отырғызыңдар. Бір айдан кейін маған кімде-кім ең әдемі гүл әкелсе, осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты сол балаға бұйырмақ», - депті.


Риза болған балалар үйлеріне қайтыпты. Аналарынан құмыра алып, патшаның берген дәнін сол құмыраға топырақпен отырғызыпты. Гүлді күнделікті суғарып, бар ықыластарын дәнге арнапты. Бұл балалардың арасында Яхия есімді бір бала бар екен. Ол да басқалар секілді, анасынан бір құмыра алып, ішіне топырақ салып, дәнді отырғызып, суғарып, өсуін күтіпті. Алайда, арада он күн өтсе де, құмырада ештеңе де көктемепті. Яхия бұған қатты қапаланыпты. Бір нәрсені қате жасап қойдым ба екен деп, анасынан тағы бір құмыра сұрапты. Оған басқа топырақ салып, дәнді өсіріп, тағы күтіпті. Алайда, арада он күн өтсе де, ештеңе де өспепті. Яхияның басқа шарасы қалмапты.

Патшаның берген мерзімі бітіп, балалар са-райға карай бет алыпты. Құмыралар  түрлі түсті гүлдерге толыпты. Біреулері шегіргүл, екіншілері лалагүл, енді біреулері аппақ раушан гүл өсіріп, әкеліпті. Патша балалардың өсірген гүлдерін жеке-жеке тексеріпті. Бәріне де риза болыпты. Балалардың әр қайсысының маңдайынан сүйіп, бос құмыра ұстаған Яхияға бұрылып: «Сенің құтың неге бос?» - деп сұрайды. Яхия ұялғанынан төмен карап: «Сіздің берген дәніңізді бар ықыласыммен отырғыздым, баптадым, суғардым. Бірақ еш нәтиже бермеді. Топырағын да ауыстырдым. Бәрібір көктемеді. Мүмкін бір қате жасадым ба? Өзім де түсіне алмай тұрмын. Кешіріңіз, хан-ием,» - депті.

Патша күлімсіреп еңкейіп, баланың бетінен сүйіп: «Қапа болма, балақай. Осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты саған бұйырыпты»,-депті.
Жиналған жұртшылық таңданыспен қарап қалыпты. Патшаға жақын адамның бірі шыдай алмай: «Мұншама гүл өсірген балалар тұрғанда, құр құмыраны ғана әкелген баланы тандағаныңыз қалай?», - деп сұрапты. Патша: «Себебі маған  ең керемет гүлді бос құмырамен мына бала сыйлады,» - деп жауап қайтарыпты.
Патшаның көмекшісі одан сайын таң қалыпты. Патша сөзін жалғастырып: «Негізінде құмыралардың барлығы бос әрі гүлсіз болуы керек еді, себебі мен балаларға дәннің орнына қара моншақ таратқан едім. Бәрі де жалған әрекет жасап, мені алдады. Тек мына бала ғана шындықты көрсетті. Осы бала өскеннен кейін менің орнымды басып, осы елдің патшасы болмақ. Осы бала ғана елде әділеттік орната алады. Енді бәрі түсінікті ме?» - депті.
Патшаның көмекшісі де, жиналған жұртшылық та мән-жайды түсініпті. Түсініпті де болашақта елінің аса әділ патшамен қауышатынын ойлап, көздеріне жас алыпты.(528 сөз)


  1. N= 90016 T= 03005 C= С K= C G=03 R=55

Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

A) Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын

B) Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды

C) Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас

D) Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері


  1. N= 90017 T= 03005 C= В K= C G=03 R=55

Мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз

A) таңқалу, патша, моншақ, патшасы болу бақыты, шындық

B) Ұзақ жылдар, патша, адал адам, табу, бұйрық, дән, гүл, мерзім,гүлдер

C) Жақсылық жасау, адамдық құндылықтар, адалдық, әділдік, патша, бала, тапсырма, гүл,бос құмыра, мұрагер, болашақ патша

D) Патшаның көмекшісі, жалған әрекет, құмыралардың барлығы бос әрі гүлсіз


  1. N= 900018 T= 03005 C= А K= D G=03 R=55

Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз

A) Қапа болма, балақай

B) Бұл балалардың арасында Яхия есімді бір бала бар екен

C) Құмыралар  түрлі түсті гүлдерге толыпты

D) кімде-кім ең әдемі гүл әкелсе, осы елдің патшасы сол болады


  1. N= 90019 T= 03005 C= С K= B G=03 R=55

Мәтін мазмұна сәйкес жауапты табыңыз ( сұрақ – жауап)

Патша балаларға гүл өсіру үшін не берді?

A) тас

B) моншақ



C) гүл тұқым

D) гүл ұрығы




  1. N= 90020 T= 03005 C= С K= D G=03 R=55

Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

A) бауырмал

B) көмек беру

C) жақсылық жасау

D) адалдық – адамдық құндылықтардың ең бастысы


  1. N= 90021 T= 03005 C= В K= A G=03 R=55

Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз

A) Адалдық – адамдық құндылықтардың ең бастысы

B) Адалдық – адам мінезіндегі бағалы қасиет

C) Адалдық – ізгі қасиет

D) Алданғаннан болсаң да, алдағаннан болма


  1. N= 90022 T= 03005 C=С K= С G=03 R=55

Мәтіндегі ақпаратты толықтыратын/ нақтылайтын

қорытынды пайымдауларды таңдаңыз

A) Алданғаннан болсаң да, алдағаннан болма

С) Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды

B) Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар

D) Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады




  1. N= 90023 T= 03005 C= С K= В G=03 R=55

Мәтіннің І азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) жақсылық жасау

B) ең басты адами құндылық - адалдық

C) адамдық құндылықтар

D) әділдік


  1. N= 90024 T= 03005 C= С K= D G=03 R=55

Мәтіннің ІІ азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) патшаның өкініші

B) мұрагер болуға лайықты адамды таңдау

C) бір патша болыпты

D) патшаның шешімі


  1. N= 90025 T= 03005 C= В K= C G=03 R=55

Мәтіннің ІІІ азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз

A) Яхия есімді бір бала

B) патша болу бақыты

C) патшаның тапсырмасы

D) Яхияның басқа шарасы қалмапты


  1. N= 90026 T= 03005 C= С K= C G=03 R=55

Мәтіндегі ақпараттарды жағымды немесе жағымсыз бағалайтын нұсқаны таңдаңыз

A) патшаға жақын адамдар да еш нәрсе түсінбеді

B) патша көмекшілері ешнәрсе түсінбеді

C) данышпан патша өзінің даналығын байқатты

D) патша ойын ешкім байқамады


  1. N= 90027 T= 03005 C= С K= D G=03 R=55

Мәтін мазмұнындағы ақпаратқа қарама - қарсы ақпаратты таңдаңыз

A) жақсы жүрген жеріне кент салады

B) жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі

C) жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі

D) адалдық жүрген жерде жамандық та қатар жүреді


  1. N= 90028 T= 03005 C= С K= D G=03 R=55

Автордың пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз

A) Бәрі де жалған әрекет жасап, мені алдады

B) Осы бала ғана елде әділеттік орната алады

C) Енді бәрі түсінікті ме?» - депті

D) Патшаның көмекшісі де, жиналған жұртшылық та мән-жайды түсініпті


  1. N= 90029 T= 03005 C= В K= C G=03 R=55

Мәтіндегі себеп – салдарлық байланысты анықтаңыз

A) патша бәріне риза болды, маңдайынан сүйді

B) құмыралар гүлге толды, түрлі гүлдер болды

C) мен балаларға дәннің орнына қара моншақ таратқан едім, құмыралардың барлығы бос әрі гүлсіз болуы керек еді

D) Бала көп еңбектенді, бір емес, екінші рет топырағын өзгертті.


  1. N= 90030 T= 03005 C= С K= C G=03 R=55

Мәтін мазмұнына керекті фактілік аргументті табыңыз

A) Пифагор менің досым, шындық одан қымбат

B) Әділеттілік адалдықтың топырағында тамыр жаяды

C) Өтірік өрге баспайды



D) Ақиқаттың алдаспаны өткір
: files -> blogs
blogs -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. К. Ахметовтың есебінің тезисіне тұрғындардың сұрақтары, ескертпелері мен ұсыныстарды жинау үшін қойылған жәшіктердің орналасқан жерлері
blogs -> «МӘШҺҰр-жұсіп: Өмірдің философиялық МӘНІ, ізденістері» атты оқушылар арасындағы интеллектуалдық сайысының ережесі негіздеме
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Тәуекел хан Пән мұғалімі: Ибраева Б. Ш
blogs -> Сабақ Тақырыбы: Excel-де формулалар мен функцияларды енгізу Сынып: 8
blogs -> Табиғи газ өндіруден алдынғы орындағы ел: а Өзбекстан; в Ұлыбритания; с Индонезия; д Ресей
blogs -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет