9 дәріс. Тамақтану гигиенасы. Дұрыс тамақтану. Балансты тамақтану



Дата27.04.2020
өлшемі40.42 Kb.
9 дәріс. Тамақтану гигиенасы. Дұрыс тамақтану. Балансты тамақтану.

Тамақтану-ағзаның маңызды физиологиялық сұранысы, ол негізгі функцияларды: өсу, жетілу және жұмыс қабілетінің белсенділігін арттыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталады. Тиімді тамақтану деп ағзаның знегетикалық, пластикалық және басқа да сұранысын қанағаттандыратын, зат алмасудың қажет денгейін қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз. Тиімді тамақтанудың негізгі элементтері болып мыналар саналады: үйлесімді тамақтану және тамақтану режимі.

Тиімді тамақтану- тәуліктік тамақ тағамдарының калория мөлшерінің тәуліктік энергия жоғалту мөлшеріне қатынасы. Бұл қатынастың өзгеруі ағзада әр түрлі өзгерістер тудырады. Қолданылатын тамақ тағамдарының калориясы ағзаның физиологиялық сұранысына сай болу керек, ал рационның калориясы- ағзаның тәуліктік энергия жоғалтуына сай болу керек.

Үйлесімді тамақтану деп адамның тамағының құрамындағы барлық тамақтық, биологиялық белсенді заттардыың ең тиімді арақатынаста болуы және олар адам ағзасына ең жоғарғы пайдалы әсерін тигізуін айтамыз.

Үйлесімді тамақтану тамақтық заттар мен биологиялық белсенді заттар санымен сапа жағынанда тиімді байланыста долу керек, олар ақуыз, май, көмірсу, витаминдер мен минералды элементтер.

Тамақ құрамындағы ақуыздың, майлардың және көмірсулардың ара қатынасы 1:1,2: 4,6 деп берілген. Мысалы, тағам үлесінде 90 г ақуыз, 108 г май, 450 г көмірсу болса, онда олардың ара қатынасы 1:1,2:5 болады.

Үйлесімді тамақтануда тамақтық заттардың энергиялық құндылығы: ақуыз-11-14%, май-33%, көмірсу-53-56% болуы қажет.

Ақуызға деген барлық қажеттіліктің 50-60%-ы жануарлар өнімінен алынған ақуыз болуы тиіс. Биологиялық тұргыдан бағалы ақуызы бар тағамдар: жұмыртқа, майсыз бұзау еті, треска, 2-катергориялы сиыр еті, қоян еті, майсыз қой еті, майсыз ірімшік. Бұл тағамдарда ақуыздардың құрамындағы алмастырылмайтын аминоқышқылдары үйлесімді түрде болады және жақсы сіңеді.

Тамақтағы майдың құрамындағы май қышқылдарының үйлесімділігі мынадай болуы керек: жартылай қанықпаған май қышқылдары-10%, қанықпаған май қышқылдары-30%, моноқанықпаған май қышқылы (олейн қышқылы) -60% болуы өте маңызды. Үйлесімді тамақтануда тамақ құрамының 50%-ы жануарлар майынан, 30%-ы өсімдік майынан, 20%-ы маргарин және кулинар майынан тұруы қажет.

Тамақтануда көмірсуларға жалпы шектеу қойылғанмен болжамды үйлесімділігі: крахмал-75%, қант-20%, талшық (клетчатка) -2%, пектиндер-3% жалпы көмірсулар көлемінен.

Тағамдардың құрамындағы витаминдердің үйлесімділігін есептеу ( милиграммен) 1000 ккал-ға деп ұсынылады: «С» витамині-20; «В» витамині-0,7; «В2» витамині-0,8; «В6» витамині-1; «РР» витамині-6; фолацин-0,1; «Е» витамині-8.

Минералды элементтердің үйлесімділігі, әсіресе кальций, фосфор, магний элементтері жақсы зерттелген. Кальций, фосфор үйлесімділігі ересек адамның тамағының үлесінде 1:1,5 ароақатынасы тиімді болып табылады, ал кальций мен магний арақатынасы 1:0,5. Үйлесімді тамақтану үлесінде сонымен қатар белгілі мөлшерде мтикроэлементтер болуы тиіс ( йод, фтор, мыс, темір, мырыш, молибден)



Тамақ ішу тәртібі.

Тамақ ішу тәртібі-тиімді тамақтанудың маңызды бір бөлігі. Тамақ ішу тәртібіне күнделікті адам неше рет тамақ ішу керектігі, тамақ ішу арвсындағы уақыт, тамақ ішу мезгілі, тағамдардың калориясы бойынша әр мезгілге бөлінуі жатады. Ең тиімдісі күніне 4 мезгіл тамақтану. Ал жұмыс жағдайында және оқу кезінде күніне 3 рет тамақтануға да болады.

Дастархан басына тамақ ішуге күн сайын үнемі бір мезгілде отырудың маңызы зор. Ттаңертенгі немесе түскі астың уақытын өткізіп жіберуге, олардың орнын кейін толтырамын деуге болмайды.

Сонымен қатар әр тамақ ішу сәті 20-30 минуттан кем болмауы керек. Әр тамақ ішу мезгілі арасындағы уақыт 5 сағаттан аспау керек.

Күніне 4 рет тамақтанған кезде тағамның калориясына қарай төмендегідей бөлінеді:


  • 1 таңертеңгі ас-18% немесе -таңертенгі ас-25%

  • 2 таңертенгі ас-12% -түскі ас-40%

  • түскі ас-45% -түстен кейінгі ас-10%

  • кешкі ас -25% -кешкі ас-25%

Ал егер 3 рет тамақтану болса:

-таңертенгі ас- 30%

-түскі ас-45%

-кешкі ас-25%
Бірақ, қандай да болмасын тамақ ішу тәртібінде соңғы тамақ ішу мезгілі мен

ұйықтау арасында 2,5-3 сағат болуы керек, өйткені асқорыту жүйесі де бір мезгіл демалуы керек.


Сөл бөлетін мүшелердің тынымсыз жұмыс істеуі олардың сөлінің құрамының нашарлауына және дұрыс бөлінбеуіне себеп болады. Ас қорыту бездерінің дұрыс жұмыс жасауы үшін, олар тәулігіне 8-10 сағат түнгі уақытта демалуы тиіс.

Кешкі асқа бойға тез сіңетін тамақтар: сүт, жарма, еөкеністер жеген пайдалы.



Дәріс № 13. Медициналық мекемелер гигиенасы.

Емдік-профилактикалық мекемелер гигиенасы- гигиена ғылымының бір бөлігі,ол осы мекемелердің ауруды емдеуде тиімді жұмыс жасауы үшін және ауруханалық жұқпалы аурулардың алдын алу үшін санитарлық нормалар мен ережелер дайындайды.

Емдік-профилактикалық мекеме бас жобаға сай елдімекеннің аумағында орналасады. Олардың орналасуы негізінен науқастардың медициналық көмекке жүгіну жиілігі мен ауруханада емделу уақытының ұзақтығына байланысты

Арнвйы ауруханалар (психиатриялық, туберкулездік, онкологиялық т.б.) және қуаттылығы 1000 төсектен жоғары үлкен кешендер селитебті аймақта 1000 м қашықтықта, қала сыртында мүмкіндігінше жасыл желегі мол ауданда орналасуы керек.

Жалпы соматикалық ауруханаларды да елдімекеннің шет жағына орналастырған дұрыс. Перзентханалар, емханалар, жедел медициналық көмек көрсететін ауруханалар және кеңес беретін мекемелер елдімекенге жақын орналасуы керек.

ЕПМ салынатын жерді таңдаған кезде жердің санитарлық жағдайына және жел бағытына үлкен көңіл бөлінеді.аурухана аумағы құрғақ, жақсы желдетілетін территорияда орналасу керек.

Аурухана мекемесін бұрын қоқыс төгілтен, бейіт болған, мал өліктерін көмген, химиялық және органикалық ластанған, ассенизация алаңы болған жерлерге салуға тыйым салынады.

Аурухана участкесі темір жол, аэропорт, ірі автомагистраль, трамвай жолдарынан және т.б. физикалық фактор көздерінен алыс орналасуы керек.

Емдік мекеменің аумағы көгалдандырылып, жасыл желек және көгалдар сол жердің 60% алып жатуы керек. Бір төсекке 25 м2 көгал қарастырылу керек.ені үлкен ағаштарды стационар ғимаратының 10м қашықтықта егу керек. Аурухана аумағы биіктігі 105м, ал психиатриялық ауруханада 2,5м қоршаумен қоршалады.

ЕПМ-нің аумағын жинау күнделікті жүргізілуі керек. Арнайы асфальтталған немесе бетондалған контейнерік алаңдардағы қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинауға қақпағы жақсы жабылатын қоқыс салғыштар орнатылады. Контейнерлер жүйелі түрде залалсыздандырылып тұру керек.

Бұл алаңдардың көлемі 40м2 болу керек. Олардың палаталық және емдік-диагностикалық ғимараттан ара қашықтығы 25 м кем болмауы керек. Әр 700м2 аумаққа бір контейнер қойылады, оның тазалануы және қоқыс шығарылуы күнделікті жүргізілуі керек.

Бөлмелерді жинау және науқастардың гигиенасы. Бөлмелерді жуатын және залалсыздангдыратын заттар пайдаланып ылғалды жинау тәулігіне кемінде 2 рет, керек жағдайда одан да көп рет жүргізіледі. Терезе әйнектерін сүрту үшін ішкі жағынан айына кемінде 1 рет, ал сыртқы жағынан 4-6 айда 1 рет жүргізіледі.

Бөлім палаталары мен бөлімшелерде түбегейлі тазалау график бойынша жүргізіледі, бірақ айына кемінде 1 рет, ал операциялық блок, таңу мен босанатын бөлмелер құрал-жабдықтардан және жиһаздан босатылып, аптасына 1 рет жүргізіледі.

Қатаң стерильдік режимді, асептика және антисептиканы қажет ететін бөлмелерде (операциялық блок, таңу, реанимация палаталары ем-шаралық бөлме мен босанатын бөлмелер) жинаудан кейін ультракүлгін бактериоцидтік шамдармен сәулелендіру жүргізу қажет.

Науқастардың төсегін ауыстыру ластануына байланысты жүргізіледі, бірақ аптасына 1 реттен кем болмауы керек.босанған әйелдер төсегі 3 күнде 1 рет ауыстырылады.лас төсек жабдықтарын арнайы ыдысқа: кленкалы немесе полиэтилендік қапшықтарға жинап, орталық лас төсек жабдықтарын жинайтын бөлмеге жіберіледі. Лас және таза төсекті «лас» немесе «таза» деген белгісі бар, тығыз матадан дайындалған арнайы қапта тасымалдайды.

Таза төсектер – төсекті жинайтын арнайы бөлмелерде немесе таза режимдегі басқа бөлмелерде сақталады. Бөлмелерде таза төсектің тәуліктік қоры болу керек.

Науқастарды, егер шомылуға қарсы медициналық көрсеткіштері болмаса, жеті күнде бір рет шомылдырады. Науқастардың шашын қысқарту және сақал-мұртын қыру жүйелі түрде ұйымдастырылу керек. Әр науқас жеке орамалмен, сабынмен және пияламен, ал керек болса түкіргіш және дәрет сындыратын ыдыспен қамтамасыз етілу керек. Науқастардың жеке киімдері сақтауға өткізіледі, бірақ санитарлық ережелер бойынша науқастардың стационарда үй киімінде жүруіне рұқсат етіледі.



Дәріс №15. Жеке бас гигиенасы.

Жеке бас гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі.

Салауатты өмір сүруге қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктердің адам ағзасына теріс әсерін ( гиподинамия, жүйке психикасына күш түсіретін жұмыс) жою және ағзаның қоршаған ортаның жаңа жағдайларына адамның бейімделуін жоғарлату жатады

Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі,үйдің санитарлық жағдайы,тұрмыстық аспаптарды қолдану және тұрмыстық химия тауарларын қолдану, тұрмыста, еңбек кезіндегі, дем алу және ұйқы кеіндегі жеке бас гигиенасы.

Адам терісінің гигиенасы. Адамның терісі ағзада газ және жылу алмасу қызметін атқарады.

Егер адамның терісі нашар бапталса, ол жерде микроорганизмдердің әсерінен органикалық заттар ыдырап, иісі жаман, ұшқыш қосылыстар пайда болады. Ыдырағаннан кейін болған заттар теріні тітіркендіреді,,шаңдар май және тер шығатын жолдарды бітеп қалады да микроорганизмдер мен саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туындатады. Соның салдарынан дерматиттер, іріңді және басқа да тері аурулары пайда болады. Адамның терісі ластанғанда оның тыныс алуы 10-15% нашарлайды. Терінің тазалығы сақталмаған жағдайда адамдардың киімдері қатты ластанады да ауа өткізгіштігі нашарлайды.

Терінің тазалығын сақтау үшін үнемі жуынып-шайынып жүру керек. Теріні, шашты таза ұстау үшін адам сабын және сусабын қолданып үнемі жуынып, іш киімін ауыстырып тұру керек. Дененің ашық жерлері тез ластанады, сондықтан бетті, мойынды күніне екі рет жуып тұру керек. Адамның қолы микроорганизмдер, гельминт жұмыртқалары және кір көп жиналатын жер болып саналады. Қол арқылы

Олар адамның денесінің басқа жерлеріне тасымалданады. Сондықтан жұмыс соңында, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдын қолды екі рет сабындап жуу керек. Адамның терісі таза болса, теріден бактериоцидті зат бөлініп шығып, теріде өзін-өзі стьерильдеу процесі жүреді. Адманвң қолындағы микроорганизмдердің 95% тырнақтың астында болады.

Сяқтың терісі тері бездеріне бай болады. Аяқ киім ауа жібермейтінматериалдан дайындалған болса немесе аяқты қысатын болса, аяқтағы шұлық кір болса, аяқ терлей береді. Аяқ терісі дұрыс бапталмаған жағдайда бармақтардың арасында жиналған кір микроорганизмдердің көмегімен ыдырап, май қышқылдары, ұшқыш зат, жаман иіс бөліп шығарады және аяқтың терісінде іріңді жаралар және эпидермофития туындатады.

Киім гигиенасы. Адамдар киімді қоғамның дамуының ерте кезеңдерінде қолдана бастады. Киім адамның денесін ауа райының әр түрлі қолайсыз жағдайларынан және әр түрлі факторлардың әсерінен қорғайды.

Физиологиялық зерттеулер көрсеткендей, адам өзін 28-320С температурада жақсы сезінеді. Киімнің көмегімен адам зінің денесінің айналасында жасанды жолмен реттелетін микро климат жасайды, ол кезде адам қоршаған ортаның метеорологиялық өзгерістерін аз сезінеді.

Киімнің жылулық қорғау қасиеті матаның жылу өткізгіштігіне және қалыңдығына байланысты болады. Қалың және үлпілдек маталар жылу ұстағыштығы жоғары маталар, ал тығыз, жұқа маталардың жылу ұстағыштық қасиеті нашар болып саналады.

Киімнің пішілуі де маңызды орын алады. Қыстық киімдер адамның денесінің барлық бөліктерін жауып, адамның денесінде жылудың ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді.киім адамның денесін қыспакы, жылжуды шектемеуі, тыныс алуды және қан айналымын бұзбауы керек.сонымен қатар теріні тітіркендіріп, қажамау керек. Синтетикалық материалдан тігілген киімдер адамның терісімен жанасқан кезде аллергия, тітіркендіру туындатпау керек.

Денешынықтыруға гигиеналық баға беру. Денешынықтыру-адамның дене тәрбиесінің және жеке бас гигиенасының маңызды элементі болып табылады.

Шынығу дегеніміз метеорологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне ағзаның төзімділігін арттыру шараларының жүйесі.

Шыныгудың негізгі мақсаты, ол жылу реттегіш процесті жетілдіру болып саналады.

Шынығудың негізгі принциптеріне мыналар жатады- жаймен, жүйелі шаралардың кешенділігі.

Жаймен ағзаға түскен жүктемені арттыру, мысалы, судың температурасын жайлап төмендету немесе процедура уақытын ұзарту.

Жүйелілік дегеніміз, яғни шынығуды күнде жүргізу. Шынығудың бірінші айының соңында шынығу шараларының тиімділігі айқын көрінеді.

Әр түрлі факторлардың кешені-адамның ағзасы жан-жақты жетілу үшін ағзаға әр түрлі факторлар кешені: су, ауа және күн көзінің көптеген процедуралары әсер ету керек.

Көбіне адамдар шынығуды ауамен шынығудан бастайды, өйткені ол ең жеңіл процедураларға жатады.акамен шынығуды адам шешініп жүргізеді. Адамға ауаның әр түрлі ағыны, түрлі салқындату күшімен және сәулесінің шашыраңқы сәулелері әсер етеді. Ең алғашқы ауа ваннасын 10-15 минут уақыт, 20-220С температурада жүргізу керек. Күннен күнге ауа температурасын төмендетіп және уақытын ұзарта бастайды.

Сумен шынығу. Ауамен шынығудан да тиімді шара болып саналады. Ең кең таралған сумен шынығу түріне денені суланған сүлгімен сүрту, су құю және себіл жатады.

Салқын сумен сүртінуді 30-320С температурадағы сумен бастайды, жаймен төмендетіп, кейін төбесінен су құюды және себілге түсуді бастауға болады. Су процедураларынан кейін денені кептіріп сүртіп, сүлгімен дене қызарғанша үйкелеу керек. Белгілі бір мүшеге су процедурасын қолданған да тиімді болып саналады.мысалы, ауызды суық сумен шаю, аяқты салқын сумен жуу.аяқты шынықтыру үшін аяқ ванналварын 16-200С температурадан бастап, 50С температураға дейін жаймен түсіреді

Күн сәулесінің ваннасы. Таңертенгі уақытта ( сағат 8-9 дан 11-12-ге дейін) қабылдаған дұрыс. Басқа міндетті түрде бас киім кию керек. Алғашқы күні сәулелену ұзақтығы 5-7 минуттан көп болмауы керек. Содан кейін күнде 5 минутқа ұзартып, ең ұзағы 30-45 минут болу керек. Қабылдап болғаннан кейін көлеңкеде дем алып, содан кейін су процедураларын өтсе болады.

Күн сәулесінің ваннасын мынадай адамдарға қабылдауға болмайды: гипертония, атеросклероз, туберкулез,қан және жүрек ауруларымен ауыратындар, менструация кезінде және жүкті әйелдер.


Дәріс №14. Аурухананың ішкі құрылысын жоспарлаудың ерекшеліктері.

Ауруханаішілік аурулардың алдын алу.

Аурухананың құрылымдық бөлімшелері. Қабылдау бөлімі балалар, акушерлік, жұқпалы аурулар, тері-венерологиялық, туберкулездік, психиатриялық бөлімнің әркайсысының өзінде болу керек. Басқа бөлімдерде қабылдау бөлімі жалпы және басты емдік ғимаратында немесе төсек саны көп ғимаратта орналастырылады. Барлық ауруханаларда аурулардың әр ағымына 1 қарау бөлмесі және 1 санитарлық өткізгіш болу керек. Балалар және жұқпалы ауруханаларға ауруларды қабылдау үшін қабылдау-қарау бокстары қарастырылады.

Акушерлік стационардағы қабылдау жөлімінде түсушілердіөңдеу екі ағымда: физиологиялық бөлім және жүктілік патологиясы үшін-«таза», ал обсевациялық бәлім үшін-«лас» ағымда жүргізіледі. Ауруханаішілік инфекцияны алдын алу барлық бөлімдерде «таза» және «лас» ағымдарға бөлмелер қарастырылады.

Қабылдау-қарау боксы- балалар және жұқпалы аурулар ауруханаларындағы қабылдау бөлімінің негізгі бөлмесі. Көп бейінді ауруханалардағы қарау бөлмесінің қызметін атқарады. Онда тамбур және шлюз(сыртқы тамбур ауруларға арналған, ішкі шлюз-қызметкерлерге), қарау бөлмесі, санитарлық түйін бар.

Санитарлық өткізгіште- ауруханаға жатқызылған ауруларды гигиеналық өңдеу, жеке заттарын өткізу және ауруханалық киім беру қарастырылады. Аурудың палаталық бөлімге барар жолында жеке немесе қарау бөлімдерімен бірге орналастырылады.

Палаталық бөлім. Стационарлардың негізгі құрылымдық элементі болып табылады және екі палаталық секция және жалпы бөлмеден ( емдік, диагностикалық, қызметкерлер бөлмесі, асхана) тұрады.

Палаталық секция-оқшауланған палаталар кешені және бір емдік аурулар үшін қосымша бөлмелерден тұрады. Бір секциядағы төсек саны 20-дан кем емес, 30-дан көп болмауы қажет.

Жұқпалы емес бөлімдердегі палаталар сиымдылығы 1 жастан үлкен балалар үшін және ересектер үшін 4 төсектен көп емес, ал 1 жасқа дейінгі балалар үшін 2 төсектен аспауы керек, 3 жастан үлкен балалар үшін тәулік бойғы және күендізгі уақытта аналардың болуын қарастырғанда 50% қабырғаларда әйнектелген ойындылар қарастырылады.

Бөлімдерге киімдер мен медикаменттерді жеткізу кесте бойынша арнайы «таза» лифтпен, қалдықтарды шығару «лас» лифтпен жүргізіледі. Тамақ арнайы жеке лифтпен жеткізіледі. Бөлімге бір асхана қарастырылады.

Санитарлық түйін- жуынатын орын, ванна, дәретхана және санитарлық бөлмеден тұрады. Санитарлық бөлмеде ыдыстарды жуу және стерилизациялау, анализге арналған ыдыстарды сақтау, клеенкаларды жуу, лас киімді уақытша сақтау жүргізіледі.

Операциялық блок-хириргиялық бөлімнің негізгі құрылымдық бірлігі. Оперблокқа кіру үшін қызметкерлерге санитарлық иөткізгіш, ал аурулар үшін шлюз қолданылады. Оперблок 2 қиылыспайтын оқшауланған асептикалық және септикалық бөлімдерден тұрадыжәне ішкі бөлмелер қатаң аймақтарға бөлінеді: ( стерильді) таза аймақ және қатаң режимдегі аймақ.

Стационарлар мен емханаларға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар ауа-тамшы инфекциясының таралуының алдып алу.

Ол үшін ғимаратта жуйелі жоспарлау, тиімді желдету (табиғи және механикалық) және алдын алу шараларын жүргізу керек. Алдын алу шараларға күнделікті ылғалды жинаудан басқа, химиялықжәне физикалық әдістерді қолдана отырып залалсыздандыру, санитарлық тәртіпті қатаң сақтау жатады.

Бұрынғы жылдары орталықтандырылған аурухананың негізгі ғимаратында стационардың барлық бөлімдері (жұқпалы аурудан басқа), емхана және барлық диагностикалық бөлімдер кіретін. Мұндай нұсқа оңтайлы емес және санитарлық қызмет тарапынан қолдау таппаған.

Мысалы, емхана және стационар әр түрлі ауруларға қызмет көрсетеді. Амбулаториялық аурулар шу, мазасыздық әкеледі, емдік және гигиеналық режимді бұзады.стацилонарлық және амбулаториялық аурулар диагностикалық бөлмелер мен аурухана бақтарында кездеседі.

Микроклимат пен санитарлық-техникалық қондырғыларға қойылатын талаптар.барлық ауруханалар, перзентханалар және басқа да стационарлар су құбырымен, канализациямен, орталықтандырылған ыстық сумен, жылумен, ауа алмасу жүйесімен жабдықталу керек.



Дәріс №10. Ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендердің,

минералды заттардың маңызы. Алиментарлық аурулар және

олардың алдын алу.

Тағамдық заттарға-ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар жатады.

Ақуыздар ауыстыруға болмайтын заттар қатарына жатады.ақуыздар ағзада энергетикалық тепе-теңдіктің қалыптыжағдайда болуына қатысады. Ақуыздар арқылы жұмсалған энергияның 11-13% толықтырылады.

Барлық ақуыздар екі топқа бөлінеді:

1.жай ақуыздар немесе протеиндер.

2.күрделі ақуыздар немесе протеидтер.

Жай ақуыздарға: альбуминдер, глобулиндер, глютелиндер жатады. Альбумин мен глобулин қанның құрамындағы ақуыздардың негізгі бөлігін құрайды. Глютелиндер- өсімдік ақуыздарына жатады.

Күрделі ақуыздарға мыналар жатады: нуклеопротеидтер, гликопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер

Тағам құрамындағы ақуыздар тамақ қорыту барысында аминқышқылдарына ыдырайды, сөйтіп адам ішегінде қанға өтеді де, қанмен ұлпаларға өтіп, адамның ағзасына қажет ақуыздардың түзілуіне жұмсалады. Қазіргі кезде 80-ге жуық аминқышқылдарының түрі белгілі, адамдар қолданатын тағамдар құрамында аминқышқылдарының 22-25 түрі кездеседі.

Аминқышқылдары екі топқа бөлінеді:

1.алмастыруға болатын аминқышқылдары-адам ағзасында түзіледі, синтезделеді. Оларға: аланин, аспарагин қышқылы, пролин, серин, терозин, цистин, цистеин және т.б. жатады.

2.алмастыруға болмайтын аминқышқылдары- адам ағзасында түзілмейді, синтезделмейді. Олар ағзаға тек тамақ арқылы түседі. Оларға 9 аминқышқылдары жатажы: валин, гистидин, метионин, триптофан, треонин, фенилаланин, лизин, лейцин, изолейцин.

Алмастыруға болмайтын аминқышқылдарының толық кешені жануарлар ақуызының құрамында болады ( ет және ет тағамдары, сүт және сүт тағамдары, балық, жұмыртқа).

Аминқышқылдарының толық және жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін ересек адам ағзасына тәулігіне түсетін барлық ақуыздың 60%-ы, ал балалар ағзасына түсетін барлық ақуыздың 80%-ы жануарлардан алынған тағам өнімдерінің ақуызынан болу керек.

Майлар және олардың тамақтанудағы маңызы.

Майлар- адам ағзасында энергетикалық және пластикалық рөл атқарады, сонымен бірге жасушалардың құрамына кіреді. Ағзада 1 г май ыдырағанда 9 ккал энергия бөліңсе, 1 г көмірсу және 1 г ақуыз ыдырағанда 4 ккал энергия бөлінеді. Майлар ағзада көптеген витаминдерге еріткіш, биологиялық белсенді заттардың көзі болып табылады. Майлардың негізгі бөлігін май қышқылдары құрайды, олар екі түрге бөлінеді: қаныққан және қанықпаған май қышқылдары.

Қаныққан май қышқылдары өте көп мөлшерде жануарлар майының құрамында кездеседі. Қанықпаған май қышқылдарына қарағанда қаныққан май қышқылдарының биологиялық қасиеті төмендеу.

Қанықпаған май қышқылдары. Барлық тағамдық майлардың құрамына кіреді, әсіресе өсімдік майлардың құрамында өте көп. Қанықпаған май қышқылдарына деген қажеттілік тағамның құрамындағы өсімдік майының 25-30 грамымен түседі.

Майларға деген қажеттілік және нормалау. Майды нормалау адамның жасын, жынысын, жұмыс ерекшелігін, климаттық ерекшелігін ескере отырып есептелінеді. Май арқылы тәуліктік энергетикалық қажеттіліктің 33%-ы қамтамасыз етіледі. Биологиялық тұрғыдан қарағанда майлардың тағамдық рациондағы арақатынасы: 70% малдың майы болса, 30% өсімдік майы болуы қажет. Қанықпаған май қышқылдарына деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін күніне 25-30 г күнбағыс майын қолданса жеткілікті.

Көмірсулар және олардың тамақтанудағы маңызы. Көмірсулар тағамдық рационның негізгі бөлігі болып табылады. 1 г көмірсудан 4 ккал бөлініп шығады. Ауыр дене еңбегі кезінде көмірсуға деген қажеттілік артады.

Көмірсулар жасушалардың биологиялық түзілуінде пластикалық материал ретінде қолданылады ( көптеген ұлпалар мен жасушалардың құрамдас бөлігі болып табылады).

Мысалы: глюкоза үнемі қанның құрамында болады, гликоген- бауырда және бұлшық еттер құрамында кездеседі, галактоза мидың майларының құрамына кіреді. Ағзаның көмірсуға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін көмірсулар тағамдармен үздіксіз түсіп тұру керек. Көмірсулар май алмасу процесімен тығыз байланысты. Егер адам көп жұмыс істемесе, онда ағзаға түскен көмірсулардың артық мөлшері майға айналады.

Көмірсулар моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер түріңде кездеседі.

Жай көмірсулар: моносахаридтер: глюкоза, фруктоза, галактоза.



Күрделі көмірсулар: полисахаридтер: крахмал, гликоген, пектинді заттар, клетчатка; дисахаридтер: сахароза, лактоза, мальтоза.

Көмірсуға деген қажеттілік. Тағам рационындағы көмірсулардың көлемі адамның энергия жұмсауына, жасына, жынысына және т.б. көрсеткіштерге байланысты 250-400 г аралығында болады. Көмірсуға деген қажеттілік өсімдіктен алынған өнімдермен қанағаттандырылғаны жөн.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет