9-мамыр Жеңіс күні Әнұран. Құттықтау сөз. Баяндама



жүктеу 53.67 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі53.67 Kb.
:
9-мамыр – Жеңіс күні

Әнұран. Құттықтау сөз. Баяндама.

Құрметті аталар мен әжелер, ата-аналар мен қонақтар! Жадыраған көктеммен бірге келген жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бойларыңызға қуат, жандарыңызға шуақ, дастарқандарыңызға береке, бақыт бейбіт өмір тілейміз.

Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік – осы үш сөзде сұрапыл қанды соғыстың адам айтқысыз азабы, Совет халықтарының қаһармандығының, достығының үлгісі, бейбітшілік жолындағы халықтар күресінің тарихи жеңістері бір-бірімен ұштасып жатады.

Міне, бүкіл Кеңестер Одағында өмір сүрген халықтың есінде мәңгі қалған алапат соғыстың аяқталғанына 66 жыл толып отыр. Миллиондаған боздағынан айрған осы соғысты Ұлы Отан соғысы деп жайдан жай атаған жоқ.

Өздеріңізге белгілі 1941 жылдың 22-маусымы күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашисттік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Шығыста таң шапағы жаңа ғана білініп жатқан кез. Еңбек адамдары еш алаңсыз ұйыда болатын, себебі, келесі күн жексенбі еді. Кенет батыстан қызылды-жасылды оттар шекараға таяп, жер дүние астан-кестең болды да кетті.

Фашисттік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып, басып кірген еді. Олар күшті армия жинақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру үшін соғыс ашты. Фашисттер күзге дейін Кеңес Одағын талқандаймыз деп даурықты. Гитлершілер соғыстың бас кезінде бізге 190 дивизияны, 5000 ұшақты, 3700-дей танкті, 50 мыңнан астам зеңбірек пен минометті шабуылға шығарды.

Суық хабар сол күні-ақ радио арқылы әйгілі диктор – Левитанның қуатты үнімен байтақ жерімізге түгел тарады.

Ер азамат өздері сұранып асығыс майданға аттанды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 870 мың қазақстандық қатысты. Брестті қорғауға 3000 қазақстандық жауынгер атсалысты. Неміс фашист армиясының түпкі мақсаты – Москваны басып алу еді. Арыстандай атылған 28 панфиловшы батырлар 50 танкке төтеп беріп, Москваны асқан қаһармандықпен қорғап, ерліктері Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылды.

Осы ел қорғаған соғыста тек қазақ ұлтынан 96 адам Кеңес Одағының батыры атағын алды. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп көз көрмеген апатқа ұшырады. Фашисттер 1710 қаламызды 70 мың селомызды, 32 мың өндіріс орындарымызды қиратып, өртеп бүлдірді. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ, жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Осы соғыста 30 млн адам құрбан болды. Ал миллиондаған адам жарақат алып, мәңгілікке мүгедек болып қалды. Масқара соғысты бастаған фашисттер 1945 жылы 9-мамырда Берлинде тізе бүкті. Әрқашан әділдік жеңеді ғой. Біздің жауынгерлер елімізді, жерімізді, ақ сүт береген ана, бауыр еті баласын қорғады, Отанымыздың бостандығын, тәуелсіздігін қорғады. Көппен бірге осы туған ауылымыздан аталарымыз: Айтмуханбетов Қазез, Амирбеков Қабдіуақыт, Ахметов Есмұханбет, Ахметов Байкен, Аппанов Бекқожа (Бекқожин), Байғожин Такен, Баядилов Балкен, Боранбаев Қайролла , Боранбаев Қалимолла, Бекшенов Қали, Биғарин Арығынғазы, Жанадилов Балтабай, Жалмағанбетов Қабділмажит, Жанібеков Жұмабай, Конкин Төлеген, Қалиакпаров Есхан, Қалиакпаров Мағзұм, Қалиакпаров Есмағұл, Қапбасов Ахмадия, Қасенов Қазғожа, Қозжанов Қажмұхамбет, Мажкеев Елубай, Мажкеев Кенжебай, Мажкеев Олжабай, Мананбаев Бисек, Мананбаев Дүйсек, Сандыбаев Ерден, Сарсенбаев Шотан, Серкебаев Қоңқы, Серкебаев Жанай, Сүйінбаев Ескендір, Танкубаев Қасым, Тукенов Әшім қасықтай қандары, шыбындай жандары қалғанша жаумен шайқасып, туған жерге, туған елге он шақтысы ғана жеңіспен оралды. Осы алапат сұм соғыста қаза болған, хабарсыз кеткен аталарымыз:



  1. Айтмуханбетов Қазез – қаза тапты

  2. Амирбеков Қабдіуақыт - қаза тапты

  3. Ахметов Есмуханбет - қаза тапты

  4. Аппанов Бекқожа (Бекқожин) - қаза тапты

  5. Байғожин Такен - қаза тапты

  6. Боранбаев Қайролла - қаза тапты

  7. Биғарин Арығынғазы - хабарсыз кетті

  8. Жанібеков Жұмабай - хабарсыз кетті

  9. Конкин Төлеген - хабарсыз кетті

  10. Қалиакбаров Есхан - хабарсыз кетті

  11. Қалиакпаров Мағзұм - хабарсыз кетті

  12. Қапбасов Ахмадия - хабарсыз кетті

  13. Қасенов Қазғожа - хабарсыз кетті

  14. Қозжанов Қажмұхамбет - қаза тапты

  15. Мажкеев Елубай - хабарсыз кетті

  16. Мажкеев Кенжебай - қаза тапты

  17. Мананбаев Дүйсек - хабарсыз кетті

  18. Сандыбаев Ерден – хабарсыз кетті

  19. Сарсенбаев Шотан - қаза тапты

  20. Сүйінбаев Ескендір - қаза тапты

  21. Серкебаев Қоңқы –хабарсыз кетті

Сонымен қатар, тылда жеңіс күнін жақындату үшін ерлік жасап, осы күнді көре алмаған ұл-қыздарымызды, ардагерлер мен қаза тапқан батырларды еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жариялаймын.


Мерекелік концерт

Келесі кезекте мектеп басшысына сөз беріледі.

Ал енді, оқушылардың шағын мерекелік концертін тамашалайық.
1. Ән – «Бейбітшілік ұраны»


  1. Зейнеп:

Жер мен көктің арасын

Шарпығанда қалың өрт

Әлия орыс қаласын

Азат етіп, болды мерт




  1. Сания:

Жаумен жалғыз алысты

Түбінде Мәншүк Невельдің

Бермеді қолдан намысты

Жүректі қызы ер елдің.


4. Ибрагим:

Алаулап гүл жарады

Туған жер құлпырады

Бейбітшілік болса!


Үйлер де құламайды

Ешкім де жыламайды

Бейбітшілік болса!
Балалар болады аман

Аналар болады аман

Бейбітшілік болса!
5. Ақбота:

Бауыржан, Мәлік, Талғаттар

Сүйікті болып қалды аттар

Олар аттас қаншама

Сәби бар, шәкірт, солдат бар.
Аттары әнге ұласқан,

Нүркен боп ашық тұр аспан

Табылар Мәншүк, Әлия,

Қарасаң әрбір сыныптан.


6. Бекзат:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ
Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ

Жиырма сегіз қыранды,

Жеңе алмады жау бірақ


7. Ән – «Әрқашан күн сөнбесін»


  1. Нұрбол:

Әлияны бұл күнде,

Барлық бала біледі

Әлия аты – көңілде,

Әпкеміз деп жүреді

Атын аңыз, жыр қылып

Елдің батыр түлегі,

Әр жүректе тұр күліп
Айдын:

9. Жаралғандай жалыннан

Жайсаң батыр – Бауыржан

Естігенде есімін,

Жау есінен жаңылған

Бұзып, жарып қоршауды,

Жолсыз жерден жол салды

Достары түгіл, ерлігін

Қасы да естіп тамсанды
10. Дариға:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып

Жеңіс келді қалама

Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді әпке боп,

Жеңіс келді, алақай!

Жетім қалған балаға

Тоя жейтін нан болып


11. Ән – «Қазақ қызы»



  1. Жеңіс:

Өр тұлғалы, келбетті

Қошқарбаев Рақымжан

Сын сағатта ерлепті,

Ел сүйсінген батыр жан


Арпалысып ел күнде,

Аңсап талай жыл күткен –

Жеңіс күні берлинде

Рейхстагқа ту тіккен!




  1. Ықылас:

Мәншүк атыс толасында,

Жүр орманның арасында.

«Мені ал, мені ал»-деп алуан гүл

Қолына оның таласуда


Тағылып гүл омырауға,

Сұрағандай жанға сауға

Ант еткендей тұрды Мәншүк

Гүлді жауға таптатпауға.





  1. Ән - «Достық»

Амангелді негізгі мектебі




9-мамыр – Жеңіс күні





Өткізген: Мажкеев Ж.С.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет