9 «өсиет» тізімі жасалған



Дата01.12.2019
өлшемі152.25 Kb.
Социологтар, демографтар, психологтар тату және дүрдараз отбасыларды зерттеген. Олар отбасының іштей беріктігі көбінесе адамның өз бойында жас кезінен дамытып, сүйіктісі үшін жетілдіре түсетін өзара түсінушілікке деген екі жақты ұмытылысқа және егер өзара қатынас жасауда қиын жағдай кез болса, оның себебін басқадан іздемей, адамның өз бойынан іздеуіне (менің қателігім неде, қайтіп ренжітіп алдым, нені байқамай қалдым, нені түсінбедім) байланысты болатындығы жөнінде қортындыға келеді.

Осындай отбасыларының бірінде алғашқы ренжісіп қалудан соң үйде тыныштық, татулық орнату үшін жұбайларға көмектесетін мынандай



9 «өсиет» тізімі жасалған:

1.Ашуыңды баса біл.

2.Жаман сөзді айтуға асықпа, жақсы сөзді қайталауға асық.

3.Кінәлі басқа деп өзеуресең, кінәнің өзіңде болғаны.

4.Ізгі сөз жақсы, ал ізгі іс одан да артық.

5.Бір-біріңді түсінуге бағытталған әрбір қадамың көп күндік шаттыққа тең.

6.Біреудің орнына өзіңді қоя білу ғана емес, өзіңді-өзің сол орында абыроймен ұстай біл.

7.Өзі алдампаз басқаға да сенбейді.

8.Отбасының алғашқы сезімі «біз» деуден басталады.

9.Серігіңнің достарымен достасса/



ң, сенің достарың да ортақ достарға айналады.



Отбасылық бюджет қалай басқарылады?




0000


 

   Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор.

   Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек.

   Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?

   Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде,


  • Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;

  • Киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар;

  • Жаңартылуы керек жиһаз, жөндеу жұмыстары, көңіл көтеретін іс-шара шығындары секілді қосымша шығындар жазылуы тиіс.

   Кесте дайын болғаннан кейін айлық табысыңыздың шығындарыңызға жетіп-жетпейтіндігін байқай аласыз. Егер табысыңыз шығындарды жабуға жетпей жатса, қажеттіліктерімізді маңыздылығы мен жеделдігіне қарай ретпен тізіп жазамыз да, сол тізім бойынша ақшамызды жұмсаймыз. Сонымен қатар, жоспардын тыс, күтпеген жағдайлар үшін ақша бөліп қойғанымыз жөн. Бөліп қойған бұл «арнайы қорымыз» күтпеген қиындықтар туындаған жағдайда бізге үлкен көмегін тигізеді.

   Ақша жұмсау барысында кестеде белгіленген мөлшерден аз жұмсалған жағдайда оны толықтыруға тырысудың қажеті жоқ. Мысалы, азық-түлік үшін 20000 теңге ақша бөлдік дейік, бірақ азық-түлікке 17000 теңге ғана жұмсалса, «қалған 3000 теңгені де жұмсауға міндеттімін» деп ойламауымыз керек. Артылған ақшаны келесі айға қосуға, басқа маңызды бір қажеттілікті жабуға немесе «арнайы қорымызға» қосып қоюымызға болады.

   Отбасы бюджетін айтарлықтай үнемдегіңіз келе ме? Онда,

ü  Киімдеріңізді бөліп үтіктемей бәрін бірге үтіктеңіз;

ü  Ыдыс-аяқты да бөлмей, бірге жуыңыз;

ü  Керексіз жарықтардың жануына жол бермеңіз;

ü  Жуынғанда судың ағысын баяулататын арнайы құралғы тағыңыз;

ü  Азық-түлікті аларда арзан алу үшін арнайы дүкендерге баруға ерінбеңіз;

ü  Супермаркеттерге барарда алдын ала тізім дайындаңыз және тек сол тізім бойынша сауда жасаңыз.

    Жоғарыда айтылған кеңестер көзге көп көріне бермейтін шағын нәрселер. Алайда, сол кеңестерге көңіл бөлу арқылы отбасы бюджетіңізді 25 пайызға дейін үнемдей аласыз.  

      Соңғы кездері несие алудың оңайлауы, 0 пайыздық несие мүмкіндіктері  көптеген отбасылардың отбасылық бюджетіне кері әсерін тигізуде. Банктер осындай мүмкіндік берді екен деп өзімізді сол мүмкіндіктерді пайдалануға міндетті сезінбеуіміз керек. Тек қана қажеттілік туындаған жағдайда ол мүмкіндікті қарастырғанымыз жөн. Егер бұл мүмкіндіктер бізге ысыраптың есігін ашатын болса, ертең банктерге тәуелді «құлға» айлалуымыз әбден мүмкін. Бұл «құлдық» біздің отбасымыздың шырқын бұзып, шаңырағымыздың шайқалуына дейін апаруы мүмкін.

   Ақшаңызды осылай жоспарлы түрде жұмсағанда ғана отбасы бюджеті орнықты болмақ. Жалақыңыз да қажетсіз ұсақ-­түйекке шашылмай, өз керегіңізге жұмсалады. Ақшаның жетіспеуінен орын алатын отбасылық кикілжіңдер де тыйылады.

 

   Бір қызығы, отбасы бюджетін осылайша ретке келтірсеңіз, үйіңізге табысыңыздан бөлек, қосымша кіріс кіргендей болып көрінеді.



 

Елжас Ертайұлы

"Бақытты отбасы" отбасылық кеңес орталығы

www.facebook.com/bakittiotbasi

https://vk.com/bakittiotbasi

instagram.com/bakittiotbasi

twitter.com/bakittiotbasi

 

Қосымша:  Жаңа жоба "Күнделікті What's app кеңестері" жобамызға қатысыңыз. Кеңестеріміз жеке өзіңізге, телефоныңызға келеді. Қатысу үшін +77086792059 нөмеріне What's app арқылы өз нөмеріңізді жіберіңіз. #бақыттыотбасы



 

Берекелі отбасында келіспеушілік мүлде шықпайды деп айтсақ, онымыз өтірік болар еді. Адамдардың бірлесіп тіршілік қылып жатқан жерінде ұрыс-керістің орын алып тұруы, бәлкім, заңдылық шығар. Алайда, іргетасы әуелден түзу қаланған отбасының мұндай жағдайларды қалпына келтіріп, реттеп отыратын белгілі бір құралдары болады. Осы құралдарды пайдалану себепті шаңырақ әуелгі арнаға қайта түседі. Жарайды, бірақ олар қандай құралдар? Мінеки, мына бір жайттарды атап өтсек дейміз: Отбасы мүшелері бір-біріне түймедейді түйедей қылып көрсететін істерден аулақ болуы керек. Үнемі екінші біреудің жаман жақтарын көріп, жақсы жақтарын елемейтін адам көп қателеседі. Негізі келіспеушіліктен қорқудың қажеті шамалы. Ең жаман дүние – бұрыс қарым-қатынас. Болмашы нәрсе үшін кейде түсініспеушіліктер туындап жатады. Бұл жерде бәрінен бұрын түсініспеушіліктің тууына басты себеп не, соны анықтап алған жөн. Туындаған нәрсеге өткен-кеткенді араластырмай, сол қалпында қарастырған дұрыс. Осылайша ерлі-зайыптылардың арасындағы келіспеушілік, түсініспестік оңай шешімін табады. Ескі жайттарды қайта қозғап, шаңын қағып, оны ортақ әңгіменің өзегі ету жағдайды одан сайын ушықтырмаса, жақсылық әкелмейтіні белгілі. Ерлі-зайыптылар қай кез болмасын, бір-бірін жақсылыққа шақырып, насихат айтып отыруға дағдыланса, бұл көп адамға берілмеген жақсы қасиеттерден деп білген жөн. Орын алған келіспеушіліктің негізгі себептерін білмей жатып, тұжырым жасаған дұрыс емес. Екі жақты тартысқа түрткі болған жайтты анықтаған соң, оның шешімін бірге қарастырып, бір-бірін тыңдай білген отбасы қандай да бір түсініспеушіліктерді қиындатпай, дер кезінде шешімін тауып отырады. Қандай жағдай болса да, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген ішкі сезімдері сол күйінде өзгеріссіз қалғаны бек дұрыс. Ері ашуланған сәтте әйел кісі сабыр сақтай білсе, немесе әйел ашуланған сәтте ер адам өз-өзін ұстай білсе, мұндай келіспеушіліктің соңы татулықпен аяқталары сөзсіз. Шектен шыққан қатаңдық, алға қойған мақсаттарды құрдымға жіберетінін ұмытпауымыз қажет. Бір-бірін мұқият тыңдай білу де отбасындағы берекені сақтауға көп септігін тигізеді. Мұқият тыңдау арқылы екінші жақтың ойын, пікірін, шешімі қиын жағдайды қалай түсініп тұр, соның бәрін ұғып-біліп, ақылды шешімге келуге зор септігін тигізеді. Ол қандай мәселе болмасын, жеңіп шығу мақсат емес. Мақсат – орын алған түсініспеушіліктің одан ары асқынуына жол бермеу. Жұбайын сөбзен жеңіп, жылатып қойған еркек өзінің жан дүниесіне бір қарап, назар салып қойғаны дұрыс шығар… Қандай жағдай болса да, адамдар бір-бірін кінәлап, айыптағанша, сол мәселені ғана талқыға салулары керек. Осылайша артық сөз бен істен аулақ болады. Орын алған жайтты іліп алып, бірін-бірі мұқатып, мазақтап отырса, онда жағдай түзелмек емес. Қарым-қатынастың нашарлап, үзілуін қаламасаңыз, жалпы тартысудан аулақ болған дұрыс-ақ. Десе де тартысу адамның жаратылысынан нәсіп болған. Соған қарамастан, саналы адам баласы әр ісін ақыл таразысына салып отырғаны ләзім. Дұрысы, қандай мәселе үстіндегі тартысу болмасын, екі жақ та ұтылмай, әрі бұдан сабақ алып жатса қандай жақсы. Тартысты реттеу ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген ниеті мен сенім артуы арқылы жүзеге асады. Осы екі шартқа берік болмақ керек. Ғалым кісілер айтпақшы, тікені жоқ раушан гүлін іздеген адам оны таба алмайды. Раушанды ұнатса, оның тікеніне де шыдас беруі керек. Отбасындағы ер мен әйелдің ең үлкен қателігі – тұлғалық қадір-қасиетті аяқ асты ету, намысты таптау. Өзі мініп отырған бұтақты балталағанмен бірдей бұл. Себебі ең мықты қарым-қатынас тұлғалық қасиеттері мықтап орныққан отбасында орнайды. «Әйтеуір үйлендік қой, ары қарай не болса да көрерміз» деген түсініктен алыс болған дұрыс. Бұл түсінік күндердің күні болғанда әлі-ақ көп зиянын тигізбей қоймайды. Осы қате түсінік санаға әбден сіңіп кетсе, махаббат, сүйіспеншілік, қамқорлық қара тасқа айналады. Осындай қателіктен соң шаңырақтан береке қашып, ауызбірлік кетеді, бақыт бұлбұл ұшады. Тіл табысуға келмейтін әйел болмайды. Оның жанын түсініп, дұрыс басқарудың көзін тауып, тетігін дұрыс баса білетін ер азамат керек. Тиісінше әйел кісі де ер адамның жанын ұғып, сыйластық танытып, құрмет көрсетіп отырмаса болмайды. Ең бастысы шаңырақтың шайқалуына жол берілмесе, балалар тірі жетім қалмаса, дүниенің рахаты да сол емес пе?! 

    Казіргі отбасының мүшелері төмендегідей рөлдерді атқарады:

39б. 1.Материалдық жағынан отбасын қамтамасыз етуге жауапты.

 2.Отбасын басқарушы- отбасының ұйтқысы, берекесі.

 3. Баланы күтуге жауапты адам.

 4. Тәрбиеші.

 5.Жыныстық партнер.

 6. Бос уақытты ұйымдастырушы.

 7.Отбасының мәдениетін ұйымдастырушы.

 8. Туыстар арасындағы байланысты ұйымдастырушы.

 9. Психотерапевт.
Ал махаббат түрлеріне келетін болсақ ғалымдар оның 6 түрін белгілеген. Бірінші түрі - агапэ, бұл түрі жеткіншек шақта кездеседі, алғашқы махаббат,  адамның  алғашқы сезімі, сүйген адамға  басқа ешкім тең келмейді деп санайтын  махаббат түрі.

Екінші түрі, ол эрос. Бұл махаббат адамды толық баурап алады, адам өзін-өзі бақылай алмай  да қалады, басқа адамдардың сын  айтуларын да елемейді. Бұл махаббат негізінде сенім, үміт, махаббат алынады, тек ақыл жетіспейді.

Үшінші түрі - людус деп аталады. Бұл махаббат ойын, бүгін біреу, ал ертең басқа адам ұнайды. Мұндай махаббатта терең сезім болмайды. Өкінішке қарай осы түрі қазіргі жастар арасында жиі кездеседі.

Төртінші түрі - прагма. Кемелденген махаббат. Ақыл-парасаттың негізінде есеп бойынша сүйген адамға қарау. Бұл махаббатты негізінен жақсы түріне жатқызуға болады. Мұнда шексіз, ойсыз берілу деген орын алмайды.

     Бесінші махаббаттың түсі – бұл мания.  Сүйетін адам өзіне, сүйіктісіне сенімді емес. Үнемі үрейлікте болып, қорқыныш сезімінде болады. Мұндай махаббат түріне тап болған жастар қызғаншақ келеді.

     Махаббаттың келесі түрі – сторге. Бұл махаббат түріне жылылық, нәзіктік, достық сезімдері тән. Мұндай махаббат иесі сүйе де, түсіне де, кешіре де, сене де, күте де біледі. Бұл махаббаттың түрі жастар арасында 120б.сирек, ал ересек адамдар арасында жиі кездеседі. Ол санамен,  сезіммен келетін махаббат. Сонымен, махаббат түрлерінің ішінде берік отбасын құруға мүмкіндік туғызатын махаббаттың түрлері прагма және сторге. Шынайы махаббат ақылдың, сананың және сезімнің тоғысуынан тұрады.   

  Көне Шығыстың тағылым кітаптарының бірі – «Шабдал бұтақтарында»: «Адам қалауының үш қайнары бар, олар: жан, сана және тән. 

 Жан қалауынан – достық,

 Сана қалауынан – сыйлау,

 Тән қалауынан – құмарлық туады.

 Осы үшеуінің қалауынан махаббат пайда болады», - деп  айтылған.

Махаббат - өзің үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, бір-біріне үстемдік көрсетпей бірін-бірі сыйлай білу, шыдамдылық таныта отырып кешірімді болу, жақсылықтарын асырып, кемшіліктерінен арылуға көмектесу, сол арқылы тіршіліктің қадір-қасиетін танып, оны ардақтау деген сөз.

Шынайы махаббаттың басты белгісі – сүйген адамына ешқашанда жамандық ойламау. 

Үйленіп, балалы болғаннан кейін кейбір жастар сүйген адамын өзінің меншігіне айналдырғысы келіп тұрады, ол үлкен қателік, түбінде көптеген проблемаларды тудырады. Керісінше, адам өзін-өзін үнемі жетілдіре отыра, сүйген адамының көңілін қалдырмай, оған сеніммен қарап бостандығына нұқсан келтірмеу керек. 



Махаббаттың алтын тұғыры –достық, тұрақтылық. Тұрақтылық, орталылық, адалдық жоқ жерде шынайы сүйіспеншіліктің болуы мүмкін емес екені айдан анық.

Махаббат – таңғажайып кереметтерді дүниеге әкелуші. Адамзаттың көркемдік тарихын мәдениет пен махаббат тарихы деуге де болады. Тұңғыш суретшінің қолына құралды ұстатып, жартасқа бейне салдыртқан, тұңғыш ақынға шабыт сыйлап, өлең жаздыртқан осы махаббат екені даусыз. Ең ұлы көркем туындыларының авторлары махаббат сезімінің әсерімен шығарғаны тарихта аян. Әрине, барлық адамдардың сүйіспеншілігі шығармашылығынан көрініс тауып отырмайды. Бірақ шынайы махаббат сезімі бойын кернеген адам бақытты, жігерлі, құдыретті. Өйткені құс ұшуға жаралған сияқты, адам сүюге жаралған. Олай болса, ең ұлы арманына  ұмтылған немесе оған қолы жеткен адам бақытты болған. Сол себепті оны өмірдің мәңгілік жаңғыртып, жаңартушысы деудің қисыны бар.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет