9 тақырып. Халықаралық экономикалық интеграция



жүктеу 48.99 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі48.99 Kb.
: attachments -> article -> 716
article -> Аты-жөні (жұбайы, зайыбы)
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> 1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
article -> Комбинаторика и текст Целые числа
716 -> ТАҚырып халықаралық сауданың табыстарды бөлуге әсері
716 -> 8 тақырып. Халықаралық технологияның берілуі механизмі мен формалары
716 -> 3 тақырып. Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік
716 -> 5 тақырып. Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты
716 -> СӨжо бойынша әдістемелік ұсынысты оқытушы М. А. Есдаулетпен және оқытушы А. Е
716 -> 6 тақырып. Халықаралық капитал қозғалысы және халықаралық несиелеу
9 тақырып. Халықаралық экономикалық интеграция.



  1. Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтері.

  2. Дамушы елдердегі және дамыған елдердегі интеграциялық бірлестігі (127-152 Мамыровтың кітабында), Киреев оқулығының I бөлімінде.

  3. Пост социалистік мемлекттердің интеграциялық процестерге қатысуы.

1.Экономикалық бірігу – бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік–технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.



Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.



Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.

Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.

Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.

ЕО, НАФТА –ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.

Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.

Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.

Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.

Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.


Пост социалистік мемлекттердің интеграциялық процестерге қатысуы.
20 ғасырдың сексенінші жылдарының соңындағы басты дүниежүзілік оқиға - Кеңес Одағының ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында қоғамдық өмірді қайта құру, көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық және гуманитарлық қатынастарды сақтай отырып, ұлттық мемлекеттерді қалыптастыру мен нығайту мәселері пайда болды. Посткеңестік кеңестіктегі мемлекеттер бұрынғы Одақтан әміршілік-бюрократиялық басқарудың әкімшілік органдарын, жоспарлы-бұйрықты және шығынды экономиканы мұраға алды, бірақ олар сыртқы саясат және сыртқы экономикалық іс-әрекеттің ескі принциптері мен әдістерін қабылдамады. Енді өзара және үшінші мемлекеттермен қатынаса заман ағымына сай жаңа нормалар мен ережелер қажет болды.

90-шы жылдар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу кезеңі болды. Бірақ бұл онжылдық бір-біріне қарамақайшы екі қоғамдық тарихи процестермен сипатталынды.

Біріншіден, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ұйымдық-құқықтық тәркіленіп, экономиканың қалыптасуы, ол экономикалық дербестікті қалыптастыру жолында өзіндік қаржы-бюджеттік, валюталық, салықтық жүйелердің және де тәуелсіз мемлекеттің басқа да міндетті құрамаларының пайда болуынан басталады.

Екінші процесс – бұл халықаралық нормаларға негізделген өзара жаңа саяси және экономикалық қатынастар қалыптастыру қажеттілігі. Процесс қатаң орталықтандырылған қоғамдық – экономиканық жүйесінің біртұтас тоталитарлық мемлекеттің күшті әрі жан-жақты ықпалымен өтті. Бұл ықпалды бұзу және жаңа қатынастарды қалыптастыру біршама ұзақ мерзімді қажет етті.

Кейбір саясаткерлер басты мақсатты жаңа туған мемлекеттер интеграциясы деп таныды. Осыған байланысты 1991 жылы Беловеж келісімі нәтижесінде біртұтас мемлекет ыдырап, орнына жаңа 15 мемлекет пайда болды. Оның 12-сі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды (Әзербайджан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей Федерациясы, Тәжікістан, Түркменістан, Украина, Өзбекістан).

Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы (ТМД) 1991 жылдың 8-ші желтоқсанындағы ТМД құру туралы Беловеж келісімі мен Келісімнің Протоколына және 1991 жылдың 21-ші желтоқсанындағы Алматы декларациясына сәйкес құрылды.



ТМД Жарғысы бірнеше бөлімдерден тұрады: мақсаты мен принциптері, ұжымдық қауіпсіздік және әскери – саяси ынтымақтастық, дау-жанжалдық алдын алу және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу; экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салаларда бірігіп әрекет ету; Достастық органдары, парламенттік ынтымақтастық, қаржы-қаражат мәселелері.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет