А атаулы ЖҰӨ көлемінде тауарлар мен қызметтер құны ағымды бағамен өлшенеді. Ақша нарығы



жүктеу 122.87 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі122.87 Kb.
: Zadanie -> 2011-2012 %F3%F7 %E3%EE%E4 -> 1 %CA%D3%D0%D1 -11 -> 1 %EA%F3%F0%F1 %D1%CE -> 1%EA%F3%F0%F1 %D1%CE %EF%EE%F1%EB%E5 %EA%EE%EB%EB%E5%E4%E6%E0 -> 1 %F1%EE %CA%CE %EA%E0%E7 %EE%F2%E4 -> %C7%DD%EA 1%F1%EE %CA%CE 2%F1%E5%EC -> 1%F1%E5%EC -> %CA%CE %DD%EA %F2%E5%EE%F0 %CA%D0 %D3%CC%CA%C4
%CA%CE %DD%EA %F2%E5%EE%F0 %CA%D0 %D3%CC%CA%C4 -> Қазақстан республикасының
2011-2012 %F3%F7 %E3%EE%E4 -> Е. А. Твердохлебова Аударған: Ж. Т. Суюбаева
1 %EA%F3%F0%F1 %D1%CE -> Министерство науки и образования республики казахстан
1%F1%E5%EC -> Пікір жазғандар: Зарубина В. Р.,
1 %CA%D3%D0%D1 -11 -> Құрастырған: Мұрзахметова Г. М. 050707 «Тау-кен ісі» мамандығының студенттері үшін «Инженерлік графика» пәнінен курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау, Рудный, рии, 2008. 30 б
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Рудный индустриалдық институты

Экономикалық теория және құқық кафедрасы

050511 «Маркетинг», 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент»

мамандықтарының студенттері үшін «Экономикалық теория» пәнінен


ГЛОССАРИЙ

Рудный 2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Рудный индустриалдық институты

ЭТжәнеҚ кафедрасының мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № ____ «___» _______________

Кафедра меңгерушісі ____________ М.Б. Лукманова

Экономикалық теория және құқық кафедрасы

Құлманова Ә.Б.

050506 Экономика, 050511 Маркетинг, 050507 Менеджмент

мамандықтарының студенттері үшін

«Экономикалық теория» пәнінен
ГЛОССАРИЙ

Рудный, 2008



А
Атаулы ЖҰӨ - көлемінде тауарлар мен қызметтер құны ағымды бағамен өлшенеді.

Ақша нарығы – бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі.

Аралық өнім – соңғы өнім өндіруде қолданылатын материалдық шығындар.

Ақша айналымы заңы – ақшаның айналыс құрамы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенде тең болады.

Ақша – басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, барлық тауарларға жалпы эквивалент.

Активтер – 1. компанияның кез келген меншігі: машиналары, құрал – жабдығы, ғимараттары, банк салымдары, бағалы қағаздарға жасалған инвестициялары және т.б.; 2. кәсіпорынның материалдық және материалдық емес (гудвилл) құндылықтарын білдіретін бухгалтерлік баланстың бір бөлігі; 3. баланстардың кейбір түрлерінде кірістердің шығыстардан басым болуы.
Ә
Әкелім алымы – тауарлар мен қызмет түрлеріне баж салығы.
Б
Баяу инфляция – бағалар жылына 10% дан төмен баяу өседі.

Банктің активті операциялары – банктің ақшалай қаржысының өсімін тудырушы, табыс әкелетін операцияларының жиынтығы.

Банктің пассивті операциялары – банк капиталын ұлғайту арқылы жасалған операциялар.

Бюджет тапшылығы – мемлекеттік шығындар, табыстан асып кеткен жағдайда қалыптасады.

Бюджеттік профицит – мемлекеттің түсімдері шығындардан асып кеткен жағдайда қалыптасады.

Баға индексі – ағымдағы жылғы тауарлар мен қызметтердің бағалық соммасын өткен жылғымен, базалық жылмен салыстыру.
В
Валюта бағамы – бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы қатынасты айтамыз.

Валюталық несие – шетелдік валютамен берілетін несие.
Валюталық жүйе – шаруашылық байланыстарын интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасқан, валюта қызметіне байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы.

Валюталық операциялар – шетелдік валюталарды сатып алу – сату (бір валютаны екінші валютаға алмастыру); валюталық операциялар қолма – қол (спот) және мерзімді (форвард) болуы мүмкін.
Д
Девальвация – басқа елдердің валютасымен немесе алтынмен салыстырғанда ұлттық валюта құнының төмендеуі. Әдетте ол елдегі төлем балансы елеулі сәйкессіздікке ұшыраған кезде, яғни тауармен қызмет бағасы экспортталатын тауарлар мен қызмет құнымен бірдей болған кезде пайда болады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қалыптасқан формасында ұлттық валютаны девальвациялау сыртқы сауданы теңдестіруге жағдай жасайды және мемлекеттік органдардың шешімімен жүзеге асырылады.

Демпинг – шетелдік тауар жеткізушілермен бәсекеде артықшылыққа ие болу мақсатында шетелге тауарды немесе қызметті ішкі нарық бағасынан төмен бағамен сату.
Е
Еңбек нарығы – жұмыс күшін тауар ретінде сату сатып алу туралы экономиқалық қатынастар жүйесі.

Еркін айналымды валюта бағамы – бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.

Еуронесиелер – елдердің ірі коммерциялық банктеріне еуровалюта нарығының ресурстары есебінен берілетін халықаралық қарыз.

Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) – ортақ нарық валюталарын ортақ единицаға біріктіруге бағытталған аймақтық валюта жүйесі.Еуропалық валюта жүйесінің тұжырымдамасын оған мүше елдердің бәрі, Ұлыбританиядан басқалары қабылдап, ол 1979 жылы сәуір айында күшіне енді.
Ж
Жеке табыс – бұл үй шаруашылығы иелігінде және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.

Жұмыссырдық деңгейі – жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыздық көлемі.

Жұмыссыздық – жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – осы елдің аймағында орналасқан барлық өндірушілердің анықталған кезең ішіндегі қосымша құн соммасы.

Жалпы ұлттық өнім ( ЖҰӨ) – осы елге тиісті өндіріс факторлардың қолданып осы елде және шет елде шығарылған соңғы өнімнін нарықтық құнының ақшалай көрінісі.

Жанама салық мемлекет тікелей емес, баға арқылы тікелей тұтынушы төлейтін салықтар.

Жеке шаруашылық циклдар – 1 жылдан 12 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
И
Интенсивті экономиқалық өсім - өндіріс технологиясы мен өндіріс факторлырын жетілдіруге байланысты.

Инвестиция – кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал.

Импорт – импортшы елдің ішкі нарығында сату үшін елге тыс жерлерден шетел тауарларын, технологияларын және қызмет түрлерін сатып алу мен әкелу. Егер экспорт құны импорттан аспайтын болса, елдің сауда балансы белсенді деп саналады.

Инжиринг – соңғы жылдары сыртқы сауда операцияларының сипатын алған техникалық қызмет жиынтығы. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Олардың алғашқылары – консультация сипатындағы қызметтер, олар техникалық құжат, зерттеу нәтижелері, құрылысқа арналған бастапқы деректер, экономикалық есептер, сметалар, ұсыныс – кеңестер және т.т. түрінде көрсетіледі. Екіншісі – белгілі бір объектінің құрылысына немесе құрал – жабдықтар комплектін жеткізуге тікелей байланысты техникалық қызмет түрлері.

Инновация (инновациялық процесс) – жаңа бұйымдарды, технологияларды, ұйымдық формаларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапа жағынан жетілдіруге бағытталған процесс.
К
Кондратьевтің циклдері – ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын толқынды циклдер. Қозғаушы күштер - өндірістік технолгияның радикальді өзгеруі.

Квота – 1) үлес, бөлік, жарна, норма; салық квотасы – салық салынатын белгілі бір бірліктен алынатын салық мөлшері; 2) жалпы өндірістегі немесе өткізімдегі үлес, ол картельдік келісім шеңберінде оған қатысушылардың әрқайсысы үшін белгіленеді.
Қ
Қолда бар табыс – жеке табыс сомасынан мемлекетке төленетін кейбір салықтық емес кәсіпрындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.

Қосылған құн – тауар (қызмет) нарықтық құны мен оны өндіруге кеткен материалдық шығындар арасындығы айырма.

Қарқынды инфляция – баға жылдам, жылына 20 дан 200%-ға дейін өседі.

Құрылымдық жұмыссыздық – жеке саланың дамып, ескі салалардың жабылуы мен жаңа саланың дамуы нәтижесінде қалыптасады.
Л
Лицензиялық келісім – лицензияларды, «ноу - хауды», тауар белгілерін пайдалануға құқы беру туралы келісім.

Ласпейрес индексі - өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан тауарлармен алмастыру мемкіндігі ескірілмейді.

Лаффер қисығы – Американ экономисі Артур Лаффер – салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетеді және салық төлеуден қашуға итермелейді. Салық өсімі 0 ден 100%-ға өскенде, салық түсімі максималды деңгейге көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді.

LM қисығы - ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді.
М
Макроэкономика – экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым.

Макроэкономикалық үлгі - әр түрлі экономикалық құбылыстармен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байлыныстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама.

Мультипликатор – бұл қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есе өсетінін көрсетеді.

Мемлекеттік бюджет – мелекеттің шығындары мен түсімдері берілген, негізгі қаржылық жоспар.

Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің маусымдық кезеңде жұмыс істеуі.

Меркантилизм – ерте капитализм кезеніңдегі экономикалық ілім және экономикалық саясат. Меркантилистер пайда айналым саласында алынады, ұлт байлығы – ақша деп санады.
Н
Нақты ЖҰӨ - көлемінде тауарлар мен қызметтер құны тұрақты бағамен өлшенеді.

Номиналды ЖІӨ - осы кезеңдегі бағалардың өзгерісін есепке алып есептеледі.

Ноу – хау – құқық қорғау құжаттарымен, мысалы, патентпен қорғалмаған, толық немесе ішінара жарияланбаған ілім. Патент берілмеген объектілер үшінші біреулерге «ноу - хау» беру туралы шарт дейтінді жасау арқылы берілуі мүмкін. Техникалық біліммен қоса «ноу - хауға» коммерциялық және өндірістік экономикалық білім де жатады.
П
Пассив – 1) кәсіпорын немесе мекеме қаражатының құралу көздерін және оның мақсатын (меншікті резервтері, басқа мемлекеттердің қарызы) көрсетілген бухгалтерлік баланстын бір бөлігі; 2) елдің шетке жұмсаған шығындарының (мәселен тауар әкелудің нәтижесінде) шетелден келіп түскен түсімдерінен асып түсуі; төлем балансының тапшылығы.

Патенттік – лицензиялық келісім – ғылыми – техникалық ынтымақтастықтың бір бөлігі, ол ұлттық ғылыми – техникалық әлуетті мамандандыру мен қауымдастыруды дамытуға, зерттеулер мен талдамалардағы орынсыз қосарлануды жоюға, ғылыми – техникалық прогресті жетілдіруге жәрдемдеседі.
Р
Ревальвация – ұлттық валюта курсын ресми түрде жоғарылату; өзгермелі валюта курсы жағдайында өкімет орындары курс арасалмағын өз қалауы бойынша өзгерте алмайды, оны тек валюта мен ақша нарықтарында операция арқылы ғана өзгерте алады; ақша – несие саясатының құралы.

Реэкпорт – бұрын шет елден әкелінген тауарды өндемей – ақ елден кері әкету.

Роялти – нақты тұрақты мөлшерлеме бойынша белгіленген және лицензиат нақты келісілген мерзімімен кейін төлеп тұратын тұрақты өсім жарнасы. Ол әртүрлі әдіспен есептеледі: өндірілген өнім құнынан, лицензияланған өнімнің сатылған сомасын, арнаулы келісілген негіз бойынша шығарылған және өткізілген бұйымдардан бағасына немесе өзіндік құнына өсім түрінде (патентелген жабдықтың белгіленген қуатынан), өндіріс процесінде тұтынылатын жекелеген компоненттердің құны немесе саны негізінде патенттеу әдісі бойынша өнделген шикізаттың мөлшерінен есептеледі.
С
Саймон Кузнецтің циклдері – ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Қозғаушы күштері ұдайы өндіріс құрылымың жылжуы.

Соңғы өнім – тікелей халықтың тұтынуына бағытталған дайын материалдық игіліктер.

Салық – тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі.

Сальдо – белгілі бір уақыт кезеніңдегі ақшалай түсім мен шығын арасындағы айырма.

Своп – белгілі бір мерзімнен кейін қайта алмастыруға міндеттеме қабылдап, ұлттық валютаны шет елдік валютаға айырбастау жөніндегі операциялар; орталық банкілер арасындағы жүзеге асырылады.

«Спот» келісімі – тауарды қолмақол ақшаға сату және дереу жеткізу жөніндегі мәлімдеме.

Спот – валюталық немесе басқа бір мәліме бойынша жедел есеп айырысу (мәміле жасасылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде).
Т
Тұтыну бағасының индексі – жалпы баға деңгейін сипаттайды, тұтынушы түтынатын белгілі бір тауармен қызметтер жиынының баға денгейі.

Трансферттік төлемдер – үй шаруашылықтарына төленетін төлемдер, бірақ төлемдер үшін үй шаруашылықтары ешқандай тауарлар мен қызмет көрсету міндетті қойылмайды.

Толық еңбекпен қамту – халықшаруашылығы көлемінде еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыс орнымен қамту.

Тікелей салық – тікелей кәсіпорындар мен тұрғындар табыстарынан алынады.

Тағайындалған валюта бағамы – ұлттық валютаның шетел валютасына қатынасы арнайы бекітіледі және өзгертілмейді.

Тариф – бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа көрсетілген өндірістік сипаттағы түрлі қызметтер үшін төленетін ақы.

Тұрақты валюта – меншікті аталымына, сондай – ақ басқа валюталардың курсына қатысы бойынша тұрақты валюта, ол алтынмен және басқа құндылықтармен қамтамассыз етілген.

Тауар демпингі – тауарларды төмен бағамен, яғни ішкі нарықтың бағасынан арзан бағамен экспортқа шығару. Өткізу нарығы үшін күрес құралы болып табылады.

Тауар белгісі, сауда таңбасы – тиісті мемлекеттік мемлекетте тіркелген белгі, ол тауарға немесе оның орамына соғылады, ұқсас тауарларды және оның өндірушілерін даралау үшін қолданылады.

Тауар саясаты – кәсіпорындардың маркетингілік қызметінің бір бөлігі, онда ассортимент саясаты жаңа тауарлар жасау және оларды өндіріске енгізу, экспорттық бағдарламадан тұтынушылар сұранымын жоғалтқан тауарларды шығарып тастау, тауарлардың үлгісін жетілдіру, орау, тауар белгісі мәселелері мен тауар атаулары қамтылады.


Ұ
Ұлттық табыс – барлық экономика агенттерінің табыстарының жиынтығын көрсетеді.

Ұлттық экономика – ұлттық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік субъектілердің экономиқалық қызметі.

Ұдайы өндіріс - өндіріс процессінің тұрақты қайталануы және үзіліссіз жанғыруы.

Ұшқыр инфляция – айналымдағы ақшаның саны мен баға 500-1000% жылдамдықпен өседі.

Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта арлығында қоғам меншігінде болады.
Ф
Фрикциондық жұмыссыздық – бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуы.

Фиксалдық саясат – мемлекеттік бюджеттің шығындары немесе табыстары көлемін өзгерту арқылы үкіметтің экономиканы тұрақтандыру шаралары.

Филиал – еншілес (отау) қоғам, бөлімше.

Форвард операциялары – банкілер шарт негізінде телефон және телекс арқылы жасасатын биржадан тыс мерзімдік валюта операциялары. Төлемдер мәміле жасасылған кезде тіркелген курс бойынша белгіленген мерзімде төленеді.

Фьючерстік мәміле – қор немесе тауар биржасы жөніндегі мәміленің шарты мәміле жасасылғаннан кейін белгілі бір мерзім өткен соң өзара шартта өзара шартта көрсетілген баға бойынша ақшалай сомасын төлеп, акцияларды немесе тауарды беруді көздейді.
Х
Халықаралық валюталық мүмкіндік – жекелеген елдің немесе барлық елдердің сыртқы міндеттемелерін ыңғайлы төлем құралдарымен үздіксіз төлеу мүмкіндігі.

Халықаралық валюталық қатынастар – валютаның дүниежүзілік шаруашылықта қолданылуы кезінде қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтардың қызмет нәтижелерінің өзара алмасуына қызмет көрсететін қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Халықаралық несие, шетелдік несие – кері қайтару, мерзімді белгілеу және пайыз төлеу шарттарымен валюта және тауар ресурстарын беруге байланысты халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы несие капиталының қозғалымы.

Халықаралық қорлар – белгілі бір мақсатқа арналған қаражат қорлары, капиталистік және дамушы елдердің мемлекетаралық келісімдері негізінде жасалады.

Хейджирлеу – фьючерстік мәмілені жасасу кезінде баға мен пайданы сақтандыру нысаны, мұнда сатушы (сатып алушы) бір мезгілде фьючерстік мәмілені тиісті мөлшерде сатып алады (сатады).
Ц
Циклдық жұмыссыздық - өндірістік құлдырау нәтижесінде қалыптасады.

Цедент – өзінің талап ету құқығын басқа адамға берген несие беруші.

Цивиль парағы – монархты және оның әулетін ұстау үшін бюджеттен бөлінетін соманы айқындайтын мемлекеттік акт.
I
IS – LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтімділік – ақша) – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар – ақша тепе-теңдігінің үлгісі.

IS қисығы тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді.
Э
Эндогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптасады.

Экономикалық цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономиқалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдыраудың өзгеруі.

Экономиқалық өсім – ұзақ интервалдарды шығымның нақты көлемінің табиға деңгейінің өзгеруі, ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуы.

Экстенсивті экономикалық өсім – ресурстардың өнімі есебінен жүзеге асырылса, яғни негізгі капитал шығындарың ұлғаюы, еңбек және материалдық шығындар көлемінің ұлғаюы есебінен.

Экономикалық дағдарыс - өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі.

Экспорт – сыртқы нарықта өткізу үшін тауарларды, технологиялардыжәне қызметтерді шетелге сату және шығару.

Эмбарго – валюталарды, алтынды, тауарларды, бағалы қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге мемлекеттік өкіметтің тыйым салуы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет