А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор



жүктеу 0.81 Mb.
бет3/5
Дата31.03.2016
өлшемі0.81 Mb.
1   2   3   4   5
: fulltext -> transactions
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары

Определение – второстепенный член предложения. Ілік септік имени выступает в предложении в качестве определения другого имени, которое принимает аффиксы принадлежности, например, студенттің кітабы – книга студента (определяемое - кітап, определение – студенттің (кімнің?). Такое сочетание называется изафетом. Ілік септік в казахском языке выполняет определительную функцию.
9-мәтін. Сиырдың беретін сүт өніміне байланысты бағалау және есептеу әдістері

Есептеу мезгілінің ұзақтылығы (300 және одан жоғары күндер), сауылған сүттің көлеміне және құрамына ықпал ететін әсерлердің әртүрлілігі, жеке ықпалдардың әсерлерін есептеуде бұл көрсеткіштер жеке малдарды және табынды негізгі селекцияны белгілі сүт өнімділігі бойынша бағалау кезінде қиыншылықтар тудырады. Сиыр беретін сүт өнімі бойынша, күнделікті сауылған сүтін есептеу арқылы өте нақтылы бағаланады. Есептеудің мұндай тәсілі асылдылық зауыттарында, жеке шаруа түрлерінде, өте бағалы табын саналатын асылдандыру шаруашылықтарында мақсатты түрде қолданылады. Соншалықты өте дәл болмаса да, асыл тұқымды малдары бар барлық шаруашылық түрлерінде техникалық жағынан қарапайым және қол жетерлік қолдануға болатын тәсілдер бар. Өте көп таралғандардың бірі – сауылған сүтті әр он күндік бойынша есептеу. Мұнда әр сиырдан сауылған сүт 10 күнде бір есептелінеді. Бақылау күнінде сауылған сүтті 10-ға көбейтеді. Осы әр айлық сүттерді қоса отырып 1 жылғы сауылған сүтті не 300 күндегі сауылымды немесе соңында барлық сауылым сүтті алады. Алынған айлық сауылымдағы сауылған сүттерден әр ай сайынғы сауылымдағы орташа күндік сауылған сүтті есептеп шығаруға болады. Кейбір шаруашылықтарда айына 3 рет сауылуды бақылау болады. Әр айдың 5-15-25 күндері бақыланған сауылым деп әр сиырдан шыққандарын журналға толтырып отырады.


Сөздік
Бағалау әдістері– методы оценки

Есептеу әдістері- методы учета

Бақылау - контроль

Көрсеткіштер - показатели

Әр он күндік бойынша - десятидневка
Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді табыңыз

  4. Мәтіннен анықтауыштарды табыңыз.


Аңдардың қарулары

Аңдардың қауіп-катерден қорғанатын қаруы бар. Мысық тырнағымен, кірпі тікенімен, ара бізбегімен, ешкі мүйізімен, жылан уымен, қабылан жұдырығымен, ит тісімен, семсербалық қылышымен өзін қорғайды. Қаруы жоқ аңдар да өзін қорғай алады. Мысалы, жылан өліп қалғандай кейіпке ене алады. Ал оқжылан туралы қазақ аңыздарының бірінде, бұл жыланның улы және өте шапшаң екендігі, адамды оқ сияқты тесіп өтетіндігі, сонымен қатар, өлтіретіндей етіп шағып та үлгеретіндігі жайлы айтылған. Шындығында, ол -өте жылдам. Аңызда айтылғандай, оқ жыланның улы безі бар, бірақ оның адамды шағуы мүмкін емес, себебі улы тістері ауыз қуысында терең, жоғарғы жағының түбінде орналасқан. Жемтігін, мысалы, кішкентай тышқанды, қатты тістегенде ғана шағады, яғни саусағыңды жыланның аузына салмау керектігін естен шығарма.


10 Лексикалық тақырып: Ет өнімділігі

Грамматикалық тақырып: Пысықтауыш
Пысықтауыш - етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын мен себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі. Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1. Іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, сын-қимыл, себеп, мөлшер жағынан пысықтап тұрады. 2. Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен? т.б. сұрақтарға жауап береді.

Сөйлемдер

Сұрақтары

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

22 наурызда күн мен түн теңеледі.

Күздігүні үй ішінде сойып жатқан қойдың етін жегізбей ұмтылғанда, Қасенді де бір-екі рет қауып алған.


Қашан?


Қай кезде?

Қай уақыта?



Мезгіл пысықтауыш

  • - мезгіл үстеуінен (бүгін, былтыр, биыл, ертең, таңертең, казір, ендігәрі, күні-түні т.б.)

  • жатыс септігіндегі мезгіл мәнді зат есімнен

  • - септік шылаулы сөзден

Мүмкін мұнда аң да, құс та жоқ шығар. (М.Зверев)


Қайда?


Қай жерде?

Қай жақта?

Қайдан?


Мекен пысықтауыш

- мекен үстеуінен (ілгері, кейін, әрмен, мұнда, осында, арттан, тысқары т.б.)

- атау, ілік, табыстан басқа септіктерде тұрған зат есімдерден.

Мен осыны айту үшін келдім.


Кім үшін?

Не үшін?

Неге?


Қандай мақсатпен?

Мақсат пысықтауыш

  • мақсат үстеуінен (әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана т.б.)

  • ғалы, -гелі, -п

тұлғалы көсемшелерден

- үшін шылауымен келген есім сөзден



Жоғары - төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап (А.)

Қалай?


Қайтіп?

Қалайша?


Кімше?

Қимыл- сын пысықтауыш

-қимыл-сын үстеулерінен (әрең, ақырын, бірден, бұрынғыша, қолма-қол, қаннен-қаперсіз, емін –еркін т.б.)

-еліктеуштен

-көсемше тұлғалы етістіктен



Жылқы арықтағаннан қозғалмай қалды.

Неліктен?

Не себептен?



Себеп пысықтауыш

- өткен шақтық есімшеден



Ет өнімділігі адам баласына соншама пайдалы.


Қанша?

Қалай?


Мөлшер пысықтауыш

-мөлшер үстеулерінен (онша, сонша, мұнша, неғұрлым, бірталай, соғұрлым т.б.)

-мөлшер мәнді сын есімдерден

Обстоятельство – это второстепенный член предложения, указывающий на обстоятельства, при которых происходит действие: время, место, причину, образа действия и др.




10-мәтін. Ет өнімділігі

Малдан алынатын маңызды азық – ет. Оның құндылығы оның құрамындағы нәруыз және майға, сондай – ақ жоғары калориялығына байланысты анықталады. Көптеген адамдардың мәзірінен етті алып тастаса, онда оларда асқа қанағаттанбаушылық, тез қарыны ашушылық болатындығы белгілі. Еттің құрамының энергетикалық бөлігі (көмірсутектері, майлар) және құрылымдық (ақуыз) бөлігі жақсы қатынаста.

Әлемдегі ет өндірудің құрылымына талдау, меншікті салмақ бойынша 1-інші орынды шошқа, 2-інші орынды сиыр, 3-інші орынды құс алатындығын көрсетеді. Біздің елдің балансында алдыңғы орынды сиыр еті мен қой еті алады.

Ауыл шаруашылық малдарының ет өнімділігінің негізі көрсеткіштері болып енетіндер: тірі салмақ, тез жетілушілік және бордақылауға қабілеттілігі, сою шығымы, сою массасы, қоңдылығы, еттің морфологиялық және физикалық-химиялық құрамы.

Малдың және құстың етінің сапасын бағалау үшін ультра дыбыстардың көмегімен анықтау кең тараған. Ультра дыбыс деген адам құлағы жоғары жиілікті беретін дыбыстық толқындар. Ультрадыбыстың өту жылдамдығы заттың тығыздығына байланысты. Ең алғаш осы ультрадыбысты ірі қара малының арқасындағы майды өлшеу арқылы 1956 ж. Р.Темлмен, 1957 ж. шошқаға Б.Дюмонмен жасаған. Мал денесін бағалау үшін 1963 ж. И.Стайфермен ультрадыбысты пайдаланудың негізгі талаптарын зерттеп шығарды.
Сөздік
Ет өнімділігі – производство мяса

Құс – птица

Көмірсутектер – углеводороды

Салмақ – вес

Ультрадыбыс – ультразвук

Қабілет – способность

Адамдардың мәзірі – рацион человека
Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Мәтіннен пысықтауышты табыңыз.

  4. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді табыңыз


Аңдардың достары және дұшпандары

Аңдар достарын өте жақсы таниды, дұшпандарын да сезіп, одан дереу қашады. Тышқан мысықтан, арыстан пілден, тауық түлкіден қорқады. Түйе өзіне тиіскен адамды ешқашан ұмытпайды. Түлкі тауыққораға жақындап келе жатқанда, адамды көріп қалса, бұғып жата қалады. Адам теріс бұрылса, алға жылжи бастайды. Сол үшін оны «қу түлкі» деп атайды.

Ақбөкен – Қазақстан табиғатының белгісі болып табылады. Ақбөкен үшін қауіпті жау – қасқыр, оның саны Қазақстан шөлінде әлсін-әлсін өсіп отырады. Дегенмен, ақбөкен санының күрт төмендеуіне адамның әсері өте көп, Тибет медицинасында бағаланатын мүйізі үшін, еті үшін ешқандай шараға қарамай қырып жібереді. Қазақстан фаунасындағы бұл керемет аңды тек шұғыл шаралардың ғана құтқаруы мүмкін.
11 Лексикалық тақырып: Жүн, тері, елтірі, тон өнімдері

Грамматикалық тақырып: Толықтауыш
Сөйлемде бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын мүше толықтауыш деп аталады. Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі.Сұрақтары: Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен?

Толықтауыш құрамына қарай дара және күрделі болып келеді. Бір сөзден болған толықтауышты дара толықтауыш дейміз. Күрделі сөздерден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз.




Дара

Күрделі

Татулықта табыс мол (мақал)

Экология жайында көп оқыдым.

Толықтауыш мағынасына қарай тура және жанама болып келеді.




Тура

Жанама

Табыс септікті сөз

Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.



Барыс септікті сөз (Кімге?Неге?)

Жатыс септікті сөз (Кімде?Неде?)

Шығыс септікті сөз (Кімнен? Неден?)

Көмектес септікті сөз

(Кіммен? Немен?)

Шылаулы сөз (туралы, жайында, жөнінде)



Жасырын табыс септікті сөз

Досым қызық кітап сатып алды.



Табыс септік жалғауы болып немесе болмай жұмсалуының тиісті ережесі бар. Егер табыс септігінде тұрған сөз нақты, белгілі болса, онда ол жалғаулы болу керек.

Барыс септігіндегі қайда? Жатыс сентігіндегі қайда? қашан? Шығыс септігіндегі қайдан? сұрақтарына жауап беретін сөздер – толықтауыш емес, пысықтауыштар болып келеді.

Дополнение – второстепенный член предложения со значением предмета, который отвечает на вопросы косвенных падежей. В зависимости от функции и формы выражения различаются дополнения прямые (тура толықтауыш) и косвенные (жанама толықтауыш). Прямое дополенение – это дополнение в форме винительного падежа (Табыс септік) и без послелога.

Дополнение, выраженное формами косвенных падежей (кроме атау септік, табыс септік), называется косвенным.


11-мәтін. Жүн, тері, елтірі, тон өнімдері

Жүн деп маталар дайындауда қолданылатын малдың түк жабындыларын айтамыз. Малдың табиғи жүнінен жасалған заттардың түрі өте әдемі, мықты болады және өте жоғары жылу өткізгіштілігі қасиетімен сипатталады.

Қой жүні өзінің теңдесі жоқ қасиетімен және басқа да материалдармен сәйкестендіріледі, қолдан және синтетикалық жолмен алынған талшықтарды өндірісте көп өндіру кезеңіңде болса да, оларды артқа қалдырады, болашақта тігін өнеркәсібінің таптырмайтын қоры болып қызмет жасайды. Барлық малдың түрінің ішінен негізгі көлемді жүнді қойдан алады. Жылқының және ірі караның жүн түгі мал өлген немесе сойылған кезінде алынса, ол тек лайықты техникалық заттар (киіз) жасау үшін жүнді қайта өңдейтін өндірісте пайдаланылады.

Жаңа туған қозының жақсы немесе шағын дамыған жүн жамылғысы болады. Теріде жүн түгінің түзілуі ұрықтың жатырда даму кезеңінде басталады. Әр тұқымда жататын қой тұқымының құрсақтағы дамуының әр кезеңін зерттегенде, алғашқы түктің салына басталуы эмбрион өмірінің 50-70 күн аралығында болады.

Біздің елімізде, қойдың 1 басынан қырқылатын жүн деңгейі өте жоғары болып кездеседін көптеген шаруашылықтар бар.

Елтірі. Ол қарақөл тұқымды қойларының жана туған қозысының терісі, көлемі, айқындылық белгісі әр түрлі болып бұйраланған, оған сәнділік мән беретін оның ерекше жүн жамылғысы.

Терілер әсемділігі, беріктігі және төзімділігінің ұзақтылығы үшін бағаланады. Оларды бас киім, жағалар, әйелдер тонын және басқа да аса бағалы тері бұйымдарын тігу үшін қолданады. Елтірі – қаракөл қой тұқымдарының ең маңызды, басты өнімі.

Қаракөл қойлары, селекциялық белгілерінің қалыптасуы өте ерте, онтогенездің бастапқы кезеңі – жатырда даму кезеңінде аяқталатын аздаған жануарлардың бірі болып келеді.

Қаракөл эмбриондарының өсіп кеткен жүндері бар елтірісін – яхобаб деп, ал аналықтың жатырында даму мерзімі шамамен 130-135 күн қаракөл эмбриондарын – қаракөлше деп атайды. Жаңа туған немесе 2-3 күнде сойылған қозылардың елтірісін қаракөл деп атайды. Мамандандырылған елтірілік тұқымдарға қаракөл және сокольская тұқымдары жатады. Басқа қылшық жүнді тұқымдардың қозыларының терісін мерлушка, биязы жүнділердікін – лямка деп атайды.
Сөздік_Жүн_–_шерсть_Тері_–_шкура_Елтірі_–_шкурка_ягненка_Тон_–_шуба_Тапсырма'>Сөздік
Жүн – шерсть

Тері – шкура

Елтірі – шкурка ягненка

Тон – шуба


Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Мәтіннен тура және жанама толықтауышты табыңыз.

  4. Мәтінді мазмұндап айтыңыз


Қарақұйрық

Қарақұйрық – сымбатты жіңішке аяқтары бар, әсем жұптұяқты жануар. Шөл өміріне жақсы бейімделген және ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре береді, бірақ түйемен салыстыруға болмайды. Қарақұйрықтың жаулары –қасқыр, түлкі, төлдерін кейде қыран, бүркіттер алады, дегенмен ең үлкен қауіп- мылтықты адам. Қарақұйрықтың саны күрт азайып, ұлттық қана емес, Халықаралық Қызыл кітапқа да енгізілді.



12 Лексикалық тақырып: Қой шаруашылығы

Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
12-мәтін. Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тіркелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл – көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда, қой 8 жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті, майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір тариғи аймақтарына бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға – еділбай, бағаналы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсіріледі. Әрбір аймақтың табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Монғолиядағы Баян - Өлгий аймағында 6 ғасырда әйгілі болған қолтұқым – қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді. Қазақстан жерінің жусанды жайылымды қара отты жерлері түйе мен қой өсіруге өте қолайлы. Елімізде қой шаруашылығы саласында ерен еңбегімен құрметке бөленген Жазылбек Қуанышбаевты мақтан етеміз. Атақты шопан қой шаруашылығын дамытуға қосқан еңбегі үшін екі рет Еңбек Ері иегері болды. Қилыбай Үсенұлы Медеубеков – Қазақстанда қой шаруашылығын ғылыми негізде өркендетуге зор үлес қосып жүрген академик. Ғалымның тікелей басшылығымен Қазақстанның түрлі табиғи жағдайларына бейімделген қойдың бірнеше жаңа қолтұқымдары көбейтуге шақырылды.


Сөздік
Қой шаруашылығы – овцеводство

Ірі - крупный

Мүшел жыл – високосный год
Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді табыңыз.

  4. Олардың қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.

  5. Олардың қандай сөз табы екенін анықтаңыз.


Таутеке немесе Сібір тау ешкісі

Ауа райы бірде ыстық, бірде суық болғандықтан, бүкіл жандыларға ыстық пен суықты сезу қасиеті берілген. Жаураған күшіктер анасының қойнына тығылады. Қойлар жаурағанда, бір – біріне сүйкеніп тұрады.

Таутеке немесе Сібір тау ешкісі – едәуір ірі тұяқты жануар, Азия континентінің тауларын мекендейді. Арқасында қара жолағы бар сұр қоңыр түсті жануар. Аталығының басында ұзындығы бір жарым метр, ұзын иілген мүйізі болады, онда жануарлардың жасын анықтауға болатын көлденең жұмыр бөліктері бар. Қыста төмен түседі, таудың оңтүстік баурайындағы қары еріген жерлеріндегі шөптерге көтеріледі. Жазда таудың жолы қиын жерлеріне көтеріледі, өте ыстық кезде құз көлеңкесінде болады. Таңертең және кеште жайылады.

Таутеке – спорттық және кәсіптік аң аулау нысаны.


13 Лексикалық тақырып: Жануарлардың жұмыс өнімділігі

Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем, оның түрлері
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемнің материалы – сөйлем.

Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер (компоненттер) бір – бірімен салаласа және сабақтаса байланысады.

Предложение, имеющее две или более грамматические основы, называется сложным. Основными средствами связи предикативных частей сложного предложения в казахском языке являются: 1. строгий порядок расположения частей; 2.интонация; 3. причастие с падежными аффиксами и послелогами и служебными именами; 4. деепричастие (как и причастие в роли сказуемого придаточной части); 5. в жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем – союзы.


Салалас құрмалас сөйлем, оның түрлері
Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары тиянақты формада (үш жақтың біреуіндегі етістік пен есім сөздердің бірінде) болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас дейді. Салалас құрмаластың компоненттерін жеке-жеке айтқанда, олардың әрқайсысы кішігірім ойды білдіреді.

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір – бірімен мағыналық қатынасы әр түрлі болатындықтан, олардың жалғаулықтысы да, жалғаулықсызы да мынадай топтарға бөлінеді: ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес, түсіндермелі салаластар.


Мысалы:

Сиырдың тұқымы да жақсы екен, бабы да келіскен екен.

Ыңғайлас салалас

Жаз ортасы боп қалды, мал әлі тойынған жоқ.

Қарсылықты салалас

Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды. (С.М.)

Себеп –салдар салалас

Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады (Ғ.Мұст.)

Талғаулы салалас

Баяу ескен жел бірде басылады, бірде толқып жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана ырғайды.

Кезектес салалас

Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді. (Ж.Баласағұн)

Түсіндірмелі салалас

Сложносочиненное предложение – это предложение, части (компоненты) которого соединены с помощью интонации и сочинительных союзов. Салалас құрмалас сөйлем делятся на союзные (жалғаулықты) и бессоюзные (жалғаулықсыз). Сказуемое каждого компопонента сложносочиненного предложения имеет законченную форму.

Виды сложносочиненных предложений бывают:


  1. с противительными отношениями (қарсылықты салалас);

  2. с чередующимися отношениями (кезектес салалас);

  3. с причинно-следственными отношениями (себеп –салдар салалас);

  4. с выборочными (разделительными) отношениями (талғаулы салалас);

  5. с пояснительными отношениями (түсіндірмелі салалас);

  6. с соединительными отношениями (ыңғайлас салалас).


13-мәтін. Жануарлардың жұмыс өнімділігі

Жұмысшы жануарлар ретінде көбіне аттарды, бойдақтарды, қашырларды, өгіздерді, қодастарды, солтүстік бұғыларды қолданады. Олардың орындайтын жұмыс сипаты бірдей емес. Ауыр жүк таситын аттарды көбіне күш жұмсауды талап ететін жұмыстарды орындауда қолданады, ал күш жұмсауды талап етпейтін жұмыс түрлеріне, жүйрік аттарды – жегуге, үстіне мінуге немесе желуге қолданады. Осыған байланысты олардың жұмыс өнімділігінің есебін әр түрлі жүргізеді.

Механикаландырудын кез-келген деңгейінде жануарларды пайдаланудың тиімді болатындығына шек келтірүге болмайды, әсіресе шаруашылық ішінде және жолсыздық жағдайында. Осы мәселе, энергетикалық және жанармай материалдарды халық шаруашылығында басымдылық танытатын нарықтық экономика жағдайында аса маңызды.

Аттардың жұмысқа қабілеттілігі үш элементтерден құралады, олар: күші, жүйріктігі және шыдамдылығы. Жануардың осы қасиеттері оның тұқымдық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен бірге арнайы тренинг жүргізу арқылы қалыптастырылады. Конституциясы берік және экстерьері дұрыс қалыптасқан жануарларды жүйелі түрде сұрыптап, сонымен бірге үнемі жаттығу жұмыстарын жүргізу аттардың жұмысқа қабілеттілігін дамытуға әсер етеді.

Аттардың сол немесе басқа да тұқымдарына қатысты жұмыс өнімділігінің бағытына байланысты жұмыс өнімділігін сынаудың түрлі әдістері бар. Ең жоғары жүк көтеруін сынау әдісінің мәні – бастапқы салмағы 1000-1200 кг жүк салады, атты орнынан айдайды, содан кейін әрбір 5-6 минутта, ат еркін жүріп және жүкті ешбір күш салмай жүруінде, салмағы 50 кг қаптарды салып отырады. Арбаның және жүктің салмағы максималды жүк көтеруінің көрсеткіші болып есептеледі. Күштің максималды ауырлығының рекордтық көрсеткішін латвиялық жегілетін аттар көрсетті (927,5кг). Ауырлыққа шыдамдылыққа сынақ, онда аттың дамитын күш ауырлығы 300 кг болатын, аттың жүріп өткен ара қашықтығы бекітіледі. Латвиялық жегілетін аттардың жақсы көрсеткіштері – 1397,4-1537,05 м құрайды.
Сөздік
Нарық- рынок

Шыдамшылығы- выносливость

Жүктің салмағы- вес груза

Бастапқы салмағы- первоначальный вес

Ауыр- тяжелый

Жақсы көрсеткіштері –хорошие результаты


Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемді табыңыз, олардың түрін анықтаңыз.

  4. Мүмкін болатын жағдайда жай сөйлемді салалас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.


Барыс немесе ілбіріс

Барыс немесе ілбіріс –күшті, дембелше, ұзын құйрықты, терісі теңбілді мысық. Мәңгі қарлы тау етегінде тіршілік етеді. Қыста қоректену үшін төмен түседі. Барыстар 15 жыл өмір сүреді. Ымыртта белсенді. Өзінің күштілігі, ептілігі мен құпиялылығына байланысты барыс үнемі ертедегі аңыз, ертегі кейіпкері болатын, ал қазір Қазақстанның мемлекеттік белгісі. Барыс - өте сирек кездесетін аң, сондықтан Қызыл кітаптың барлық түріне енгізілген.


14 Лексикалық тақырып: Жұмыртқа өнімділігі

Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас сөйлем
Ыңғайлас салаластың компоненттеріне (құрамына) енген жай сөйлемдер істің, оқиғаның бір мезгілде немесе бірінен соң бірі болғанын, болып жатқанын, болатынын хабарлайды, баяндайды, бір ыңғайда екенін білдіреді.

Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір - бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Жалғаулық шылаулардың қатысу-катыспауына қарап, ыңғайлас салаластарды жалғаулықсыз ыңғайлас салалас және жалғаулықты ыңғайлас салалас деп екіге бөледі.

Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған, я болатын істерді білдіреді. Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады.

Мысалы: Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.

Ыңғайласа байланысқан кейбір жай сөйлемдер бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді.

Мысалы: Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да\де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Да, әрі жалғаулықтары ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің әрқайсысымен қайталанып немесе қайталанбай келеді. Ал және жалғаулығы ешқашан да қайталанбай, құрмаласқан жай сөйлемдердің арасында бір-ақ рет қолданылады.

Мысалы: Олардың негізгі табысы сүттен екен. Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен (Ғ.С).




1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет