А. М. Марасулов техника ғылымдарының докторы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚту-нің доценті Қ. Ш. Орынбаева қ. А. Ясауи атындағы ХҚту-нің магистранты электрондық ОҚулық



Дата03.05.2016
өлшемі123.2 Kb.

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

ӘОЖ 372. 35


А.М.Марасулов

техника ғылымдарының докторы,



Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті
Қ.Ш.ОРЫНБАЕВА

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Мақалада электрондық оқулықтардың міндеті компоненттері мен қасиеттері сиппатталған. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар жүйеленіп, студенттердің білімін бағалау мүмкіндіктері айтылған. Оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды қолданудың ерекшеліктері мен психологиялық-педагогикалық мәселелері келтірілген.
Кілт сөздер: электрондық оқулық, модульдік, анимация, ақпарат, технология, бағдарламалау, графиктер, бейнеүзінділер, интернет, гиперсілтеме.
Елімізде ЖОО-да білім беру саласында компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етуді жетілдіру және ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді дамытуға арналған көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, келешекте материалдық-техникалық камтамасыздандыру жұмыстары Интернетті қолданудың сапалы қамтамасыз ететін жолдарын жетілдіру, пән дәрісханалары мен зертханаларын компьютерлендіру,  мультимедиалық кабинеттер түрінде жабдықталған электрондық оқу залдарын құруға бағытталған.

Электрондық оқулық, жаңа бейнедегі оқу құралы тәрізді, ашық жүйе болып табылады, яғни оқулықтың құрылымы мен мазмұнына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін жүйе.

Электрондық оқулықтың кейбір негізгі элементтерін қарастырсақ:

1. Электрондық оқулық өте аз мәтіндік ақпараттан тұруы тиіс, себебі экраннан ұзақ уақыт бойы мәтінді оқу тез жалығуға және білімді қабылдау мен меңгеруді төмендетуге әкеледі. Мұндай оқулықтар көп мөлшерде суретті материалды қамтуы тиіс.

2. Бейнеүзінділерді қолдану динамикалық процестер мен құбылыстарды айқын көрсетуге мүмкіндік береді. Файлдардың өлшемдерінің үлкен болатындығына қарамастан, оларды мақсатқа сай қолдану керек, себебі студенттердің қабылдауы мен қызығушылығы артады және сәйкесінше, білім сапасы жақсарады.

3. Дәстүрлі оқытуда жаңа материал ауызша түсіндіріледі. Осыған байланысты электрондық оқулықта аудио-видео үзінділерді қолдану ақпарат берудің үйреншікті тәсіліне жақындатуға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен



АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

қатар жаңа материалды қабылдауды жақсартады, ол тек көзбен көру ғана емес, сонымен қатар есту орталықтарын да іске қосады. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, аудиоқабылдауда ақпараттың тек 12%-ы, визуалды ақпараттың шамамен 25%-ы меңгеріледі, ал аудиовизуалды ақпарат 65%-ға дейін қабылданады.

4. Электрондық оқулық, оқулық элементтері бойынша гиперсілтемелерден тұруы тиіс және басқа электрондық оқулықтар мен анықтамаларға сілтемелер болуы тиіс.

5. Ерекше дидактикалық мақсатқа сай мәтіндік, графикалық және басқа материалдар құрамына енгізуге болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, талдау мүмкіндігі, есте сақтау жылдамдығы, белгілі бір мөлшерде оқу ақпаратын меңгеру толықтығы беттегі (компьютер экранындағы) ақпараттың орналасуынан және бірінен соң бірі жүретін беттердің сәйкестігіне байланысты. Электрондық оқулық кез-келген уақытта сілтеме жасауға мүмкіндік береді, оларды кез-келген реттілік сұрыпталып, сілтеуіштер тізімін, мәзірді көрсетіп қою керек.

Электрондық оқулықта пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы тиіс. Жоғарыда айтылғандай, электронды оқулық ЖОО-ның нақты оқу жоспарына бейімделіп жасалады және сондықтан әдебиеттер тізімінде кітаптармен қоса басқа басылымдарды да қарастыруға болады. Әдебиеттер тізімі журналдардан, ғылыми конференция жинақтарынан және т.б. мақалаларға сілтеме берумен ғана толықтырылмай, сонымен қатар оқу электронды басылымдарды немесе Internet жүйесінен алынған материалдарды енгізуге болады.

Электрондық оқулықтың негізгі қасиеттері:

– жинақылық – бұл үлкен көлемдегі материалдардың аз көлемде жинақы түрде берілуі;

– жүйелілік – ақпараттың белгілі бір жүйеде берілуі;

– эстетикалық безендірілуі – мәтінмен бірге аудио-видео бейне түрінде ақпаратты қабылдауы;

– жылдамдылығы және т.б. – мұнда студенттің кез-келген тақырыпты тез әрі жылдам іздеп таба алуы мен қабылдау.

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

1. Жан-жақтылығы – электрондық оқулық арқылы кез-келген физикалық немесе басқа да құбылыстар арқылы толық, жан-жақты мәлімет ала алады. Онда осы құбылыстарға негізделіп жасалған анимация немесе бейнеүзінділермен жұмыс жасай алады.

2. Бейімділігі – электрондық оқулық өте аз тексттік ақпараттан тұруы тиіс, себебі экраннан ұзақ текстті оқу шаршауға және білімді қабылдау мен меңгеруді төмендетуге әкеледі. Мұндай оқулықтар көп мөлшерде суретті материалды қамтуы тиіс.

3. Тиімділігі – гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады; әрбір жеке тұлғаның білімін, біліктілігін әрбір тараулар



АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді;

4. Модульдік – сабақты иллюстрациялық жеке-жеке материал ретінде жабдықтауда көмектеседі; сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.

Оқыту үдерісінде электрондық оқулықпен жұмыс жасау барысында студенттердің білімін бағалау үшін диагностикалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік бар:

1. Білім мониторингі – сабақта әрбір студенттің берген жауабына байланысты білімін бағалау үшін кесте құрастырады.

2. Сауалнамалар – арнайы құрастырылған сұрақтарға студент оқытушының сұрақ қоюымен жауап беру арқылы жүзеге асады.

3. Тесттік бақылаулар – мұғалім студентке өткен тақырыпқа байланысты тесттік тапсырмаларды береді.

4. Мұғалім жеке тақырыптар бойынша студенттермен әңгіме, пікір алмасу, т.б. оқыту технологияларын қолдана отырып жұмыс жасайды;

5. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы – мұғалімнің қадағалауымен студенттің тақырыпқа сай орындаған жұмыстарын айтады.

Электрондық оқулықты қолдану кредиттік оқыту жүйесі, қашықтықтан оқыту, т.б. оқыту технологиялары бойынша оқытудың мақсатын айқындауға, студенттердің іс-әрекетін, ұйымдастыру әдістерін құруға, физикалық құбылыстардың және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу мен нәтижелерін алудың негізгі мақсатына сай іс-әрекеттер түрін жоспарлауға жағдай жасайды.

Электронды оқулықтың бір артықшылығы, студент компьютермен сабақтан тыс уақытта жұмыс істей алады немесе үйінде өз компьютерінде дайындала алады. Қажет болған кезде, студент өзінің жеке жоспары бойынша оқытушының бақылауымен жұмыс істеуіне болады.

Электрондық оқулықты пайдалану болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби даярлығын және оқу үдерісін жетілдіруде міндетті компоненті болып табылады. Сондықтан да кез келген деңгейдегі білім беруде мұғалім даярлау үшін олардың болашақ кәсіби әрекетінде электрондық оқулықты қолдану қажет.

Оқыту үдерісінде электрондық оқулықтармен оқыту, оларды жетілдіруге қажетті жағдайларды құру, өңдеу және ендіру, жаңаны дәстүрлі әдіспен қиылыстырудың жолдарын іздеу психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік мәселелерді шешуді талап етеді. Оларды әртүрлі бағыттар қатарында ажыратуға болады:

 физиканы оқу үдерісіне электрондық оқулықты ендіру мәселесін шешу үшін бірыңғай ғылыми-әдістемелік кешенді жетілдіру;

 практикалық іс-әрекетте электрондық оқулықты жасаудың және пайдаланудың әдістемесін жасау;


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

 электрондық оқулықпен оқытатын болашақ физика мұғалімдерін даярлау және оны оқу процесіне ендіру;

 жоғары оқу орындарын физика зертханаларын материалдық-техникалық жабдықтау;

 физикадан қажетті әдістемелік қамтамасыздандыруды іздеу, өңдеу және құру.

Электрондық оқулық – біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады, әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдерін жетілдіреді.

Электрондық оқулықтар  оқыту үрдісінде автоматтандырылған оқыту формасы болып табылады. Электрондық оқулық – мультимедиалық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді [1].

Электрондық оқулықтарды пән бойынша мына мақсаттарға пайдалану тиімді:

 электронды түрде анықтама беруде;

 оқу материалдарының көрнекілігін жақсартуда (мультимедиалық көріністер, т.т.);

 бейімді оқу құралы ретінде;

 өздігінен жеке жұмыс жасауда [2].

Электронды оқулық – мультимедиалық оқулық, оқу материалын ғылыми негізде ұсынуды қамтитын дидактикалық, әдістемелік және интерактивті бағдарламалық жабдыққа жатады.

Қоғамда ақпараттандыру, жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен таралуына байланысты, оқу үдерісін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпалын тигізуде. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі уақытта шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды жете меңгерген, мамандақ шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет.

Электрондық оқулықпен оқытудың ерекшеліктері өте көп, оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

– білім алушының талабына сай қолдану интерфейсін бейімдеу және тиімділігін арттыру мүмкіндіктері басым. Мұнда электрондық оқулықты өлшемдері өзгере алатын мәтіндік, гипермәтіндік құрылымдағы оқулық ретінде пайдаланып және студенттің қалауы бойынша қажетті анықтамалар мен суреттердің мазмұнынын кез келген уақытта қолдана алуы.





АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

– оқу материалын тез қабылдау мен меңгеру үшін қосымша құралдардың әсерін қолдану мүмкіндігі. Анимациялық модельдердің мәтінге қосылуы, дыбыстық сүйемелдеу көмегінің тиімділігі.

– электрондық оқулықтың көмегімен баспа оқулықтарындай беттерді парақтамай, қажетті бөлімге тез ауысу мен қайтудың мүмкіндігі мол.

– электрондық оқулық арқылы керек материалды тез іздеп табу мүмкіндігі ерекше.

– студенттердің білімін деңгейін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолдану мүмкіндігі оқулықтағы тиісті білім деңгейін жылдам таңдайды.

– ақпаратты есте сақтау мен қабылдауды жақсарту мақсатында меңгерілетін материалдың студенттің білім деңгейіне тез бейімделеді.

– электрондық оқытуда «студент-мұғалім» қарым-қатынасының «субъект-субъект» болып өзгеріп, мұғалім ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқарады;

– электрондық оқулықтың негізгі ерекшелігі – студент пен оқулық элементтерінің интерактивтік байланыста болу мүмкіндігін атап айту қажет [3].

ЭО-ның негізгі компонентіне жататындар: процестердің өтуін демонстрациялық көрнекілік ретінде қолдануы, табиғат құбылыстары, зертханалық эксперименттер, техникалық құрылғылардың жұмыстары, т.б.

Біздің талдауымызша, электрондық оқулық жасаудың негізгі талаптарына мыналар жататын сияқты:

 электрондық оқулық үшін қажетті барлық материалдарды алдын-ала талдап алу;

 белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің студенттерге оқытылуға тиіс бағдарламасына сәйкес болуы;

 электронды оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарды толық қамтуы тиіс және мәтіндік видео-лекциямен үндесуі;

 электронды оқулықтың дәстүрлі оқулықтар мазмұнын қайталамауы, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа болуы;

 физика пәндеріне қатысты анимациялап көрсету үдерісінің оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттыруға әсері;

 электрондық оқулыққа көптерезелі интерфейс қолданылып, әр терезеде ақпараттар бір-біріне сілтемелермен байланыста болуы, жай көріністе қиынға түсетін бөлімдер бейне көріністер мен анимация арқылы толықтырылуы.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, электрондық оқулықты жасаудың технологиялық ерекшеліктері мынадай кезеңдерді қамтуы қажет:

1) ЭО-ның мақсаттарын анықтау және жетілдіру.

 Электрондық оқулықты жасаудың негізгі дидактикалық мақсаты мен мiндеттерін ашу, ақпараттық технологияларды пайдалану жолдарын



АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

айқындау.

 Оқыту мақсатына байланысты электрондық оқулықтың мынадай түрлерін құру:

– жалпы білім циклы пәндеріне бағытталған электрондық оқулықтар;

– анықтамалық ЭО;

– жаттықтырушы ЭО;



2) Электрондық оқулықтың құрылымын жетілдіру.

Электрондық оқулықты дайындау мынадай кезеңдерден тұрады:



  1. Пәннің құрылымына талдау жүргізу.

  2. Пәннің ақпараттық мазмұнын анықтау.

  3. Электрондық оқулықты компьютерлік бағдарлама тілінде жазу.

Алғашқы екі кезеңді мұғалімнің өзі орындайды. Ал, үшіншісі бағдарламашының көмегімен орындалады.

Анықтамалық сөздіктерде құрылым - бұл жалпы түсiнiкте (structure  латын сөзi, тұрғызу, орналастыру, тәртiп дегендi бiлдiредi) объекттiң орнықтылығын қалыптастыратын берiк байланыстар жиынтығы. Осы анықтамаға сүйене отырып, электрондық оқулықты жасау барысында алдымен оның құрылымын, оқу материалының өтілу тәртiбiн, тарау бойынша жаңа түр өңдеп, болашақ оқулықтың негізгі тірек орнын таңдау қажет.

Жалпы физика курсы бойынша электрондық оқулықтың әрбір бөлімі мынадай құрылымдардан тұруы тиіс:

 зерттелетін эксперименттер мен демонстрацияланатын заңдарды, құбылыстарды модельдеу;

 тараулар бойынша меңгерілетін материалдар;

 қорытынды тесттер жасау және білімді игеруді бақылау;



3. Оқулықтың мазмұнын бөлімдері және тақырыптары бойынша жүйелеу:

 жеке тақырыптарды компьютерлендіру (оқу материалын қабылдау қиындығын ескеру;

 күрделі оқу материалын ұсақтай білу;

 оқу курсы тақырыптарының өзара байланысын жүзеге асыру;

 әрбір тақырыпқа қатысты әртүрлі деңгейде көп нұсқалы практикалық тапсырмаларды таңдау;

- түсініктерге, тұжырымдарға, құбылыстарға қажетті иллюстрацияларды, графиктерді, демонстрацияларды, анимацияларды іріктеу;



4. Электрондық оқулықтың жеке құрылымдарына тиісті көріністер дайындау. Электрондық оқулықтың көрінісі әртүрлi деңгейдегi және қызметтегi бағдарлама құрылымы шеңберiнде оқу курсының мазмұнын ашу, компьютердің экранында көрсетiлуге қажетті бүкіл материалды кадр бойынша бөлу; мультимедиалық технологиялар компоненттерін пайдалану.

5. Бағдарламалау. Электрондық оқулықты жасау процесі оқу кадрларының негiзгi үлгісін құрудан және бағдарламалау тілін таңдаудан

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

басталады.

Дидактикалық заңдылықтар мен технологияға негіздей отырып, электрондық оқулық жасау білім алуды автоматтандыруға, білім алушы мен оқытушы арасындағы байланысты одан әрі сапалы түрде жақсартуға ықпал етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Абуева А. Электрондық оқулық пайдалану. //Информатика негіздері. – Алматы, 2006. №4. –6-7 б.

  2. Сағындықова Ш. Электрондық оқулықтармен жұмыс жасаудың тиімділігі. //Информатика негіздері. – Алматы, 2002. –№3. - 25 б.

  3. Сарыбаева Ә.Х. Оқу үдерісінде электрондық оқулықтар арқылы физика пәнін оқытудың мәселелері мен ерекшеліктері. //Ұлт тағылымы. –№1(2). –2007. 86-88 б.


РЕЗЮМЕ

В данной статье характеризуются обязательные компоненты и свойства электронных учебников. Систематизированы требования к электронному учебнику и возможности контролирования уровня знаний студентов.



арасулов А.М., Орынбаева Қ.Ш. Методическая основа электронных учебников)
SUMMARY

This article characterizes obligatory components and features of electronic text-books. The requirements for electron text-books and possibilities to control the level of students’ knowledge are systematized.



(Marasulov A.M., Оrunbaeva K.Sh. Metodological Basis of Electronic Books)


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет