А. М. Марасулов техника ғылымдарының докторы



жүктеу 77.6 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі77.6 Kb.
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»
files -> Ббк қ Редакция алқасы

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

ИНФОРМАТИКА

ӘОЖ 372 35


А.М.Марасулов

техника ғылымдарының докторы,



Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті
Қ.Ш.ОРЫНБАЕВА

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ – СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мақалада қашықтықтан оқыту технологиясын қолданудағы оқу сабақтарын ұйымдастырудың түрлері келтірілген. Электрондық оқулықтардың оқу үдерісіне тиімділігі қарастырылған. Қашықтықтан оқыту технологиясының жаңа ақпараттық, компьютерлік телекоммуникациялық құралдар көмегімен ғылыми тұрғыда негізделген тәсілдер арқылы білім беру тиімділігі қарастырылған. Қашықтықтан оқыту технологиясында студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесінің компоненттері, ұйымдастыру формалары, шектеулер мен ерекшеліктері, ұйымдастыру құралдары баяндалған.

Кілт сөздер: электрондық оқулық, технология, кредиттік оқыту, ақпараттық технология, кредиттік оқыту технологиясы, қашықтықтан оқыту, компьютерлік телекомуникация, қашықтықтан білім беру.

XX ғасырдың ортасында АҚШ-та білім берудің жаңа түрі - қашықтықтан оқыту жүйесінің алғы шарты жасалды. Аудиовизуалды құралдар, теледидар, бейнетехника, компьютер, Интернет, ақпаратты мәліметтер базасы түрінде мәліметтерді сақтау мен өңдеудің жаңа технологияларының шығуы және дамуы қашықтықтан оқытудың құралдарын қолдану мүмкіндіктерін байыта және кеңейте түсті. Англияда қашықтықтан оқыту “ашық университеттер” жүйесінде іске асырылуда. 1990 жылдардың өзінде онда 40-қа жуық ашық университеттер жұмыс жасады. Канада, Германия, Франция, АҚШ, Англия, Жапония және басқа да елдерде жетекші ЖОО-ның өзіндік жеке телекомпьютерлік жүйелері немесе желілері бар. Францияның қашықтықтан оқыту ұлттық орталығы әлемнің 120 елінен осы оқу түрімен білім алушыларды біріктіреді. Испанияда қашықтан оқытудың ұлттық университеті 1988 жылы құрылып, ел ішінде және шет елдерде көптеген оқу орталықтарын ашқан. Осы тұста Қытай телеуниверситеті, И.Ганди атындағы Ұлттық ашық университет (Үнді), Корей ұлттық ашық университетін және басқа да мега-университеттерді атап өтуге болады.



АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

Қашықтықтан оқытуға қатысты мәселелер Д.М.Джусубалиева, Б.Холмберг, О.Петерс, Дж.Боат, Дж.Даниел, К.Смит, Е.Ы.Бидайбеков, К.М.Беркімбаев және басқа да ғалымдардың еңбектерінде зерттелген [1, 2, 3, 4, 5].

Қашықтықтан білім беру дегеніміз – белгілі бір қашықтықта отырып, спутникті теледидар арқылы немесе радио, компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталықтары көмегімен танымдық оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру орталарының қалың бұқараға көрсететін танымдық іс-әрекет жиыны [6].

Қашықтықтан оқыту - ақпараттық, компьютерлік телекоммуникациялық құралдар көмегімен ғылыми тұрғыда негізделген тәсілдер арқылы білім беру түрі.

Қашықтықтан оқыту технологиясы оқытуда білім алушы мен оқу үдерісінің ақпаратын алыстан компьютердің немесе сервердің көмегімен ұйымдастыруға негізделген.

Қашықтықтан оқыту – ашық білім берудің жоғары оқу орындарында электрондық кітапханасының құрылуына негіз болды.

Қашықтан оқыту (ҚО) мұғалімдерді даярлаудың жаңа түріне айналды. ҚО арқылы әртүрлі технологиялар қолдануға болады:

 оқулықтар мен баспа материалдарының берілуі;

 компьютерлік телекоммуникацияларды қолданып, оқылатын материалдың жіберілуі;

 компьютерлік коммуникация арқылы пікірсайыстар мен семинарлар өткізуі;

 кабельдік телевизияны қолдануы;

 электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде қолдану, т.б.



Кредиттік оқыту технологиясы – даралану, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Кредиттік оқыту технологиясы - пәндер бойынша сабақ жүргізуде жекелей жоспарлау негізінде өздігінен білім алудың және жекелендіру арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекше тәсілі. Ол әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында бәсекелестікке қабілетті болашақ мұғалімдерді даярлауға мүмкіндік береді.

Кредиттік оқыту жүйесінің ережесіне сәйкес «оқу сабақтарының басым бөлігі белсенді шығармашылық нысанда жүргізілуі тиіс (кейс-стади, іскер ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар)» [7].

Кредиттік оқыту технологиясында студенттердің шығармашылық бағытта, өзіндік жұмыстарын орындауда пән саласы бойынша даярланған электрондық оқулықтарды қолданудың ерекше маңызы бар.

Сонымен қатар, болашақ физика мұғалімдерінің кредиттік жүйе бойынша білімдерін бақылау мен бағалау рейтингттік жүйеде іске асатындықтан лекция,



АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013

практика, зертханалық сабақтарда студент тек белсенді түрде қатысуы арқылы ғана тиісті бағаға (балға) жетеді. Электрондық оқулықты пайдаланып, студент кез келген уақытта сабаққа дайындала алады. Сонымен қатар, зертханалық жұмыстарды орындау барысында да біздің арнайы зертханалардағы компьютердегі виртуальдық зертханалардың да көмегімен орындай алады. ОБСӨЖ (оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы) және СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) оқытушы мен студенттің бірге орындайтын жұмысы болғандықтан оны өткізу формасын оқытушы өзі таңдайды оны: тренинг, дискуссия, іскерлік немесе дидактикалық ойындар, пікірсайыс, миға шабуыл, кейс құрастыру, топ болып сұрақтарға талдау жасау арқылы өткізген тиімді.

Сонымен, бұл көрсеткіштер жаңа жүйенің біз көре білген тиімді жақтары. Олар:

студенттің өз еркімен, өз бетінше ізденуі;

 студент қолында, оқу-әдістемелік кешен, силлабустың болуы;

 бағалауда студенттің күнделікті сұралатыны, яғни оның сабақтағы белсенділігі;

 болашақ мамандығына қажетті пәндердің бастыларын студенттің өзі таңдауы.

СӨЖ-дің әдістемелік жүйесінің компоненттері:



  • СӨЖ ұйымдастыруда төмендегідей шектеулер мен ерекшеліктер ескеріледі: оқу формасы (күндізгі, сырттай, қашықтықтан оқыту); студенттің академиялық деңгейі (бакалавр, магистр, докторант); білім деңгейі (бастапқы, ағымдағы білімі мен дайындығы); СӨЖ дағдысының қалыптасуының деңгейлері; оқу курсы (төменгі немесе жоғары курс); студенттің мамандығы (теориялық білімді немесе практикалық іскерлікті, дағдыны көп талап етуі); оқу пәнінің орны (мамандыққа бейімдейтін арнаулы оқу пәні, базалық міндетті пән) мен пәннің өзіндік ерекшелігі (өндіріспен тікелей байланыстылығы, арнаулы кабинетте өткізу қажеттігі, арнаулы құралдарға тәуелділігі), орындалу орнына (аудиторияда, үйде, кітапханада, медиатекада, зертханада және т.б.).

  • Оқытушының СӨЖ-ді ұйымдастыру формаларын (ұжымдық, жеке, топтық, аудиториялық, аудиториядан тыс) таңдауға: СӨЖ мазмұны, яғни студенттің өз бетімен игеруі тиіс білімі, білігі, дағдысы; СӨЖ-дің ресурстармен қамтамасыз етілуі; оқытушының кәсіби шеберлігі; СӨЖ ұйымдастыруға қойылатын шектеулерді ескеру негіз болады.

  • СӨЖ түрлері нақты СӨЖ-ді ұйымдастыру формаларында қолдануына байланысты оның шарттарын қоса ескеріп, өзара үйлесімді және тиімді таңдалуы тиіс.

  • СӨЖ-ді ұйымдастыру әдістері кредиттік технология аясында оқу пәні мен СӨЖ-дің мақсатына жету үшін қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Оны қолдану: СӨЖ-дің оқыту үдерісіндегі орнына (жаңа білімді таныстыру, білімді бекіту, бақылау кезеңі); орындалу орнына (аудиторияда, аудиториядан тыс); білім алушыларды қамтуына (жеке, топтық, фронтальды, жаппай); СӨЖ-ді орындау нәтижесін рәсімдеуге (ауызша, жазбаша, тест, эссе); мазмұнына (креативті, үлгі бойынша) тәуелді болады.

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013




  • СӨЖ-ді ұйымдастыру құралдары ретінде оқу-танымдық тапсырмалар жүйесі (бұл әрі СӨЖ мазмұны, әрі өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру құралы болады); ақпараттық технологиялар (СӨЖ-ді тиімділеудің және оқу үдерісінің қарқындылығын арттырудың құралы) қолдануы тиіс. СӨЖ-дің ұйымдастыру құралдарын дұрыс таңдаудың өлшемі – ол оқу-танымдық тапсырмалар жүйесінің кредиттік технологияның талабы бойынша пәнаралық байланысқа негізделіп, жүйелі түрде, тұлғаға бағытталып, студенттің болашақ мамандығына бағдарланып, оқуға деген мотивациясын арттыруында [7].

Соңғы уақытта оқу орындарында бiлiм беру үрдiсiне жаңа ақпараттық технологияларды енгiзуге, оқу бағдарламаларын және электрондық кiтапханаларды құруға, желiлiк құрылымның дамуына, сонымен қатар қашықтықтан бiлiм беруге көп көңiл бөлiнуде. Аталмыш бағыттардың белең алып, етек жаюына бірден бір ықпалын тигізуші – электрондық оқулықтар болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Джусубалиева Д.М. Теоретические основы формирования информационной культуры студентов в условиях дистанционного обучения: Дис... д.п.н.: – Алматы, 1997. –300 с.

  2. Petrs O., Daniel J., Smitt K. Compencatory Edication for Cultural Deprivation, 1965.

  3. Holmbrg B. Status and trends of distance education. – L.: Kogan Page, 1981. – P.200

  4. Бидайбеков Е.Ы., Рах С.В., Шалбаев Е.Б. Математико-информационные технологии в теории и практике обучения: Учебное пособие. – Алматы: АГУ, 1996. – 86 с.

  5. Беркімбаев К.М. Болашақ экология мамандарын кәсіби даярлаудағы информатикалық пәндерді оқыту үрдісінің педагогикалық жүйесі. Дис. ... пед.ғыл.док. – Түркістан, 2006. – 363 б.

  6. Алиева А.О. Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Дис. ... пед.ғыл.канд. – Түркістан, 2010. – 167 б.

  7. Андасова Б.З. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. Пед.ғыл.канд.….дис. 13.00.08.  Астана: Еуразия ГИ, 2007. 134 б.


РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматриваются формы организации обучения в дистанционном технологии обучения и оптимальность использования электронных учебников. Докладываются компоненты методической системы организации СРС в дистанционном обучении.



(Марасулов А.М., Орынбаева Қ.Ш. Основы системы дистанционного обучения – самостоятельная работа студентов)
SUMMARY

This article deals with forms of teaching arrangement within long-distance technology as well as optimality of electron text-books using. It is discussed about components of methodical system arranging of individual work of students.



(Marasulov A.M., Orunbaeva K.SH. The Basis System of Distant Learning is Students Self-Work)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет