А қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы №148 қаулысымен бекітілген



Дата30.04.2016
өлшемі177.83 Kb.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы «___»___________

________ қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 16 ақпандағы

148 қаулысымен бекітілген

Метрополитенде өрт қауіпсіздігі және өрт салдарларын жою бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу қағидалары
1. Жалпы талаптар


  1. Осы Қағидалар метрополитенде өрт қауіпсіздігі және өрт салдарларын жою бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу (бұдан әрі - Қағидалар) метрополитен объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі және Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленді. Қағидалар метрополитеннің жер үсті және жер асты имараттарында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын белгілейді және метрополитеннің барлық қызметкерлері мен қызметтері үшін, жұмыс жасайтын немесе ведомстволық бағыныстылығына және меншік түріне қарамастан метрополитенде орналасқан ұйымдар мен мекемелер үшін міндетті болып табылады.

  2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  1. диспетчерлік басқару – қозғалысты басқару, кестені қадағалауды үзіллісіз бақылау және маршруттар бойынша электрпоездың үзіліссіз және ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін шұғыл реттеу, сондай-ақ метрополитеннің барлық жүйесінде жолаушылар тасымалдаудың технологиялық процесін үйлестіру;

  2. жолаушы – жол жүру құжаты (билеті) бар және метрополитенде жол жүретін жеке тұлға;

  3. метрополитеннің жер бетіндегі және жер астындағы объектілері – нольдік белгілеуден жоғары және төмен орналасқан метрополитен объектілері (ғимараттар, имараттар, базалар және қоймалар);

  4. метрополитеннің көліктік кәсіпорны – жолаушыларды тасымалдау қызметімен, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылатын заңды тұлға;

  5. метрополитен - жолаушылар мен қолжүгін жолдармен ұдайы әлеуметтік мәнмен тасымалдауды жүзеге асыратын, көліктің басқа түрлерінің желілерінен және олардан жаяу жүргіншілердің өтуін оқшаулайтын (бөлінген, бір деңгейлі қиылысы жоқ) қалалық көлік рельсінің түрі;

  6. негізгі тапсырма – өртті мерзімінде және оны өшіруге кететін өртке қарсы қызметтің жұмсалған күші мен құралдарының мүмкіндіктері анықталған мөлшерлерде өртті жоюға қол жеткізу;

  7. өртті сөндіру – жану тоқтаған және оның өздігінен пайда болуы үшін жағдайлар жойылған өртті сөндіру кезеңі;

  8. өртті ауыздықтау – адамдарға (жануарларға) қауіп жоқ немесе жойылған, өрттің таралуы тоқтаған және бар күштермен және құралдармен оны жою үшін жағдайлар жасалған өртті сөндіру кезеңі;

  9. өрт кезінде адамдарды құтқару – оларға қауіпті факторлар әсерінің ықтималдығы бар, өздігінен өрт аймағын тастап кете алмайтын адамдарды құтқару бойынша іс-әрекеттер;

  10. түтінге қарсы қорғаныс – өрт кезінде объектіден түтінді жою үшін апаттық түтінге қарсы желдетпе;

  11. шешуші бағыт – негізгі тапсырманың шешілуіне анағұрлым жақсы жағдайды қамтамасыз ететін, өртке қарсы қызметтің күші мен құралын қолдануға күштердің бағыты;

  12. эскалаторлар - адамдардың бір деңгейден екінші деңгейіне ауысуы үшін, қозғалмалы баспалдақтары бар баспалдақ түріндегі көтергіш көлік қондырғысы;

  13. электрік жылжымалы құрам – бір немесе бірнеше моторвагондық секциялардан тұратын қозғалмалы құрам және жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылады;

  14. электродепо – электро жүйесімен жүргізілетін қозғалмалы құрамдарды қабылдайтын, моторавагондық депо.



2. Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша

алдын алу жұмыстарын жүргізу қағидалары


  1. Метрополитен объектілерінде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстары метрополитеннің көліктік кәсіпорнының апаттан құтқару қызметімен жүргізіледі және қамтамасыз етіледі.

Алдын алу жұмыстарын жүргізген кезде:

1) метрополитеннің қолданылатын объектілерінде жаңа құрылыс және қайта құрылымдаған кезде уақтылы орындалатын өртке қарсы іс-шаралар, сондай-ақ метрополитен объектілерінің жерүсті және жерасты ғимараттары мен ғимараттарын пайдаланған кезде тиісті өртке қарсы режимді ұстауға;

2) метрополитен объектілерінде өрт сөндірудің шұғыл жоспарларын әзірлеу, жоспарлы жаттығулар мен оларды орындау бойынша оқуларды ұйымдастыруға;

3) өрт қауіптілігін төмендетуге бағытталған жаңа техникалық шешімдерді ендіруге;

4) объектідегі өрт қауіпсіздігі жағдайын үнемі тексеруге, өртке қарсы автоматика жүйесінің болуы және жұмыс істеп тұруы, метрополитеннің апаттан құтқару қызметінің дайындығына бағытталған іс-шаралар қабылданады.

4. Метрополитеннің көліктік кәсіпорны бойынша өрт қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету кәсіпорын басшысына жүктеледі. Кәсіпорын басшысы бұйрықпен жеке объектілердің (ғимараттар, ғимараттар, электрік жылжымалы құрам, электрдепо, бекеттер, қоймалық және басқа өндірістік және қызметтік бөлмелер) өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды белгілейді.

5. Метрополитеннің көліктік кәсіпорнының басшылары осы Қағидалардың, өрт қауіпсіздігі саласында салалық өзара әрекеттесу нұсқаулықтардың және басқа нормативтік-құқықтық актілердің негізіндеріне сәйкес төтенше жағдайлар кезіндегі өрт қауіпсіздігі іс-шаралары туралы тиісті нұсқаулықтарды әзірлеуді және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарымен келісуді бекітуді ұйымдастырады.

Мұндай жағдайда, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша келесідей іс-шаралар келісуге жатады:

1) аумақтарды, ғимараттар мен бөлмелерді, оның ішінде эвакуациялау жолдарын күтіп-ұстауға қойылатын талаптар;

2) технологиялық процестерді жүргізген, жабдықтарды пайдаланған, өртке қауіпті жұмыстарды өндірген кезде өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар;

3) жарылуға, өртенуге қауіпті және өртке қауіпті заттар мен материалдарды сақтау нормалары;

4) жарылуға, өртенуге қауіпті және өртке қауіпті заттар мен материалдарды тасымалдауға тиым салу;

5) темекі тарту, ашық отты пайдалану және отпен жасалатын жұмыстарды жүргізу;

6) жанғыш заттар мен материалдарды жинау, сақтау және жою, арнайы киімді күтіп ұстау мен сақтауға қойылатын талаптар;

7) олардың ауытқуынан өрт немесе жарылу туындайтын бақылау-өлшегіш аспаптардың (манометрлер, термометрлер) шектеулі көрсеткіштері;

8) өрт кезінде көліктік кәсіпорын және метрополитеннің апаттан құтқару қызметі персоналының іс-әрекеті, оның ішінде:

а) метрополитеннің апаттан құтқару қызметін және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыртудың бірізділігі;

б) технологиялық жабдықтар мен электрік жылжымалы құрам апаттық тоқтау бірізділігі;

в) түтінді жоюдың автоматтандырылған жүйелерін қосудың бірізділігі;

г) желдеткіш пен электржабдығын өшірудің бірізділігі;

д) өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру автоматикасын қолдану ережелері;

ж) адамдарды, жанғыш заттарды және материалдық құндылықтарды көшірудің бірізділігі;

з) метрополитеннің көліктік кәсіпорынының барлық жерүсті және жерасты бөлімдерінің өртенуге жарылуға қауіпсіз жағдайға тексеру және алып келу.

6. Өрт қауіпсіздігі саласында, мемлекеттік өртке қарсы аумақтық органдарымен өзара әрекеттесу салалық нұсқаулықтарды үш жылда бір рет, технологиялық процесс пен жұмыс шарты өзгерген кезде, сондай-ақ болған өрт, апат және жарылыс объектісінде талдау негізінде қайта қарастырылады.

7. Метрополитеннің көліктік кәсіпорнында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын-алу жұмыстарын жүргізу үшін өрт- техникалық комиссия құрылады, оның құрамына: көліктік кәсіпорынның бас инженері немесе бірінші басшының орынбасары, метрополитеннің әскерилендірілген апаттан құтқару қызметінің бастығы (орынбасары) және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша инженер және метрополитеннің көліктік кәсіпорны басшысының қарастыруы бойынша басқа да тұлғалар жатады. Өрт-техникалық комиссиясынан баска, (қызметтерде және бөлімшелерде) қызымет басқармасы құрылымдық (объектілік) өрт - техникалық комиссияларын құра алады.

8. Метрополитеннің апаттан құтқару қызметінің лауазымдық тұлғалары оларға жүктелген тапсырманы өрт - техникалық комиссиямен және объектілердегі ерікті өрт сөндіру дружиналарымен және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарымен бірлесіп шешеді.





  1. Метрополитен объектілерін өртке қарсы қамтамасыз ету.

9. Метрополитен бекеттерінің, электрік жылжымалы құрамдарды, тоннельдік имараттар мен басқа объектілердің өртке қарсы қамтамасыз ету метрополитен объектілерінде өрт туындауын болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады, ал өрт туындаған жағдайда оларды уақтылы айқындау мен табысты өшіру, адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялау керек.

10. Метрополитен объектілерін өртке қарсы қамтамасыз етудің негізгі формасы болып, өрт пен жанулардың туындауына қауіп төндіретін, себептерді уақтылы айқындау мен жою мақсатында жүргізілетін өрттің алдын-алу жұмысы болып табылады.

Өрттің алдын-алу жұмысы жоспарлы тексерістер, метрополитенде өртке қарсы бекітілген нормалар мен ережелерді және айқындалған кемшіліктерді күнделікті бақылау жиынтығы болып табылады.

11. Өрттің алдын-алу жұмысы:

1) өрт-техникалық комиссиясы жоспарлы тексерістер жолымен (жылына кемінде екі рет);

2) құрылымдық бөлімшелерде (қызметтер, бекеттер, бөлімшелер, қоймалар, цехтар басшылары) өрт қауіпсізідігіне жауапты тұлғалар - тұрақты;

3) өрттің алдын-алу бойынша метрополитеннің көліктік кәсіпорнында тиісті лауазымдық тұлғалар (апаттан құтқару қызметінің басқармасы және мамандары, инженерлер, нұсқаушылар) барлық объектілер бойынша – тұрақты түрде жүзеге асырады.

12. Метрополитеннің әрбір бекеті:

1) өрт сөндірудің шұғыл жоспарымен;

2) мемлекеттік өртке қарсы аумақтық органдарымен өзара әрекеттесу салалық туралы нұсқаулықпен;

3) жолаушыларды эвакуациялау жоспарымен;

4) метрополитенде түтіндеу, жану немесе өрт болған жағдайда тоннельдік желдетпе шахталарында жұмыскерлердің іс-әрекетінің тәртібі туралы және жұмыс режимдерінің нұсқаулығымен қамтамасыз етіледі.

Осы құжаттар бекет бойынша кезекші бөлмесінде, ал өрт сөндірудің шұғыл жоспарының екінші данасы аға кассирдің кассасында сақталуы және өртті сөндіру басшысының бірінші талабы бойынша берілуі керек.

13. Метрополитеннің барлық жұмыскерлері және метрополитеннің қолданыстағы имараттарында жұмыс істейтін басқа да ұйымдардың жұмыскерлері осы Ережелердің талаптарын білуге және қатаң орындауға міндетті және өрт қауіптілігін тудыратын бұзушылықтарды тапқан кезде оларды жоюға қажетті шараларды қабылдауы керек.

14. Метрополитен объектілерінде өрттің алдын-алу тексерістерін жүргізген кезде:

1) өрт қауіпсіздігі іс-шаралары және оларды қадағалау дәрежесі туралы нұсқаулықтардың болуын;

2) өртке қарсы нормалар мен ережелерге бекітілген объектінің өрт қауіпсіздігінің нақты жағдайының сәйкестігін;

3) алдында белгіленген өртке қарсы іс-шараларды орындау дәрежесі;

4) метрополитеннің (объектінің) көліктік кәсіпорны жұмыскердерінің белгіленген тәртіпте өрт қауіпсіздігін және өрт туындаған кездегі іс-әрекетін білуін;

5) өрт байланысының, өрт сөндірудің алғашқы құралдарының және өрттік автоматтандыру мен белгі беру қондырғыларының болуын және техникалық жағдайын белгілейді.

15. Өрттің алдын-алу тексерістерінің, бақылау тексерістерінің және күнделікті қадағалаудың қорытындылары бойынша келесідей іс-шаралар қабылданады:

1) өрт - техникалық комиссиясы өрт – техникалық тексеріс актісін жасайды, онда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы анықталады, айқындалған бұзушылықтар белгіленеді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің талаптарын бүлдіретін кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізіледі;

2) кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарында айқындалған бұзушылықтар және осындай бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғаларды тарту бойынша іс-шаралар қабылданады;

3) метрополитеннің апаттан құтқару қызметінің бастығы метрополитеннің көліктік кәсіпорнының басшысына объектідегі өрт қауіпсізідігінің жағдайы туралы баяндайды және оны жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді;

4) метрополитеннің көліктік кәсіпорнының басшысы өрт – техникалық тексеріс актісін бекіткеннен кейін орындауға жатады. Актіде өртке қарсы іс-шаралардың нақты мерзімдері мен орындаушылары көрсетіледі. Актіден жазылған көшірме қол қойылып орындаушыға беріледі.

16. Мейрам күндері жұмыс істемейтін объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында тексеріс жүргізіледі және мейрамна бұрын жабылар алдында қабылдайды. Мейрам алдында жабылатын объектілерге өртке қарсы қатысты тексеру және қабылдау үшін метрополитеннің көліктік кәсіпорнының басшысы комиссия құрады. Комиссияны құру туралы бұйрықта объектілерді қабылдауға жататын тізбе, тексеріс уақыты және қабылдау қорытындылары туралы баяндама көрсетіледі.

17. Жаңа технологиялық процестерді ендірген кезде қолданыстағы өндірісте технологиялық операцияларда өрт қауіптілігін төмендетуге және оларды өрттен қорғаужы жүзеге асыруға бағытталған техникалық шешімдер әзірленеді және ендіріледі. Бұл кездегі негізгі бағыттар:

1) өндірісте қолданылатын заттар мен материалдардың өртке қауіпті қасиеттерімен танысу және оларды қауіпсіз қолдану бойынша ұсынымдарды беру;

2) өртке және жарылуға қауіпті бөлмелердің өрт сөндіру автоматикасы мен дабылдағышы қондырғыларының жабдығы болып табылады.

18. Метрополитеннің көліктік кәсіпорнының жұмыскерлері осы Қағидаларын, сондай-ақ өртті ескерту шараларына, алғашқы және стационарлық өрт сөндіру құралдарын қолдануға және метрополитеннің жерүсті және жерасты объектілерінде өрт туындаған кезде жасалатын іс-әрекеттерге үйрету мақсатында өндірістік оқыту жүйесінде арнайы өртке қарсы дайындықтан өтеді.

19. Өрт сөндірудің автоматты қондырғыларын, өрт сөндіру автоматикасы мен дабылдағышын, тоннельдік имараттар мен бекеттерден түтінге қарсы қорғаныс жүйесін, адамдарға өрт туралы хабарлайтын құралдың техникалық қызмет көрсетуі және жоспарлы ескерту жөндеуі бойынша регламенттік жұмыстарды арнайы оқытылған қызмет көрсету персоналы немесе шарт бойынша көрсетілген жұмыстарға лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.

20. Диспетчерлік басқару және бекет бойынша кезекші бөлмелерінде (өрт сөндіру постында) өрт туралы және өрт сөндіру автоматикасы мен дабылдағышы қондырғыларының (жүйелерінің) жұмыс істемей тұрғандығы жөнінде белгі алған кезде шұғыл (кезекші) персоналдың әрекет ету тәртібі туралы нұсқаулық ілінуі керек.

21. Өрт сөндіру автоматикасының қондырғылары жұмыс істеп тұрған, үнемі дайын тұру жағдайында және жобалау құжаттамасына сәйкес болуы керек.

22. Өрт сөндіру қондырғыларының баллондары мен сыйымдылықтары, өрт сөндіргіш заттың массасы және қысымы есептегіш мәндерден 10 % төмен және одан жоғары, зарядтауға дейін немесе қайта зарядтауға жатады.

23. Спринклерлік (дренчерлік) қондырғылардың шашыратқыштары механикалық бүлдіру қауіптілігі бар жерлерде жылуды таратуға ісер етпейтін және шашырату картасын өзгертпейтін сенімді қоршаулармен қорғалуы керек.

Ашылған және жұмыс істемей тұрған шашыратқыштардың орнына тығындар мен бітеуіштерді орнатуға рұқсат етлмейді.

Басқарудың әрбір бөлшегінде қорғалатын бөлмелерді, орнатқы секцияларындағы шашыратқыштар типі мен санын көрсете отырып, таяқша ілінуі керек. Ысырмалар мен крандар байлау сызбасына сәйкес номерленген болуы керек.

24. Өрт туралы хабарландыру жүйелері барлық ғимарат (имарат) немесе оның жеке бөліктеріне (қабаттарына, секцияларына) таңдалған бір уақытта хабар беру дабылдағыштарын беруді эвакуациялау жоспарына сәйкес қамтамасыз етілуі керек.

25. Хабарландырғыштар (дауыс зорайтқыштар) дауысты реттеусіз болып және ажыратқыш қондырғыларсыз желіге қосылған болуы керек.

Хабарландыру мәтінін сенімді беруді және эвакуацяны басқаруды қамтамасыз ету үшін метрополитен объектілеріндегі ішкі радиотрансляциялық желіні және басқа хабарландыру желілерін қолдануға рұқсат етіледі.

26. Метрополитен көлігінде жолды өртке қарсы қамтамасыз ету электрік жылжымалы құрам салондарында және метрополитен бекеттеріндегі адамдарды құтқару үшін жағдайларды жасау мақсаттарында, тоннельдерде электропоезының қозғалысы кезінде немесе метрополитен бекетінің аумағында төтенше жағдайлар болған кезде өртті сөндіруге бағытталған іс-шараларды қосады.

27. Электрік жылжымалы құрам және метрополитендегі көліктік кәсіпорын объектілерінен өрттен құтқару жұмыстарын орындау үшін метрополитеннің әскерилендірілген апаттан құтқару қызметінің құрамына кіретін штаттық өрттен құтқару есептері жасалады.

28. Өрттен құтқару есептері оларға жүктелген тапсырманы орындау бойынша тез әрекет етуге дайындықты қамтамасыз ететін өрттен құтқару техникасымен, өрт сөндіргіш құрамдармен, арнайы апаттан құтқару жабдығымен және құралдарымен жабдықталады.

29. Метрополитендердегі өрттен құтқару есептері мен өрттен құтқару техникасы метрополитеннің көліктік кәсіпорнының аумағында орналасқан апаттан құтқару бекеттеріне орналасады.

30. Метрополитеннің көліктік кәсіпорнында талап етілетін өртке қарсы қорғаныс деңгейі бойынша объектілер санатына байланысты өрт орнына немесе көліктік уақиға болған жерге апаттан құтқару автомобильдері бір уақытта жеткізілетін өрт сөндіру құрамының нормативтік запасы құрылады.

31. Өрттен құтқару жұмыстарын басқару үшін, сондай-ақ апаттан құтқару қызметінің апаттан құтқару бекеттеріне қосымша күш пен құралдарды шақырту үшін метрополитеннің орталық диспетчерлік басқарудың, мемлекеттік өртке қарсы аумақтық органдарымен тікелей байланыста болуы керек.

32. Метрополитеннің көліктік кәсіпорын бекеттерінде сумен қамтамасыз ету көздеріне қолжетімдікті қамтамасыз ететін кірме жолдар қарастырылады. Метрополитеннің жерасты имараттарындағы кіріс және шығыс жерлеріне еркін кіре алуды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

33. Метрополитеннің әскерилендірілген апаттан құтқару қызмет бекеттерінде өрттен құтқару есебі санынан кезекшілік белгіленеді.

34. Метрополитеннің көліктік кәсіпорнында өрттен құтқару есептерінің және өртті сөндіру және тоннельдерден, электрік жылжымалы құрам және метрополитен бекеттерінен апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-әрекеттердің апаттық жоспары жасалады, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісіледі және көліктік кәсіпорын басшысымен бекітіледі.

35. Тоннельдерде және метрополитен бекеттерінде өртті сөндірген кезде орындалатын арнайы процедура, өрт аймағынан басқа электрпоездарды эвакуациялау (буксирлеу) болып табылады. Бұл мақсаттар үшін локомобильдің буксирлеу құралдары қолданылады. Эвакуациялық жұмыстардың басшысы болып әскерилендірілген апаттан құтқару қызметі және мемлекеттік өртке қарсы қызмет келгенге дейін метрополитен бекетінің бастығы табылады.



  1. Метрополитенде өрт салдарларын жою

36. Метрополитенде өрт салдарларын жою үшін метрополитендегі апаттан құтқару қызметі құрылады.

37. Метрополитеннің апаттан құтқару қызметі, Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңын және тағы басқа нормативті актілерін басшылыққа алады

38 Шақырту шаралары, метрополитендегі апаттан құтқару қызметтін және мемлекеттік өртке қарсы қызметтік органдарын жәнеде баска төтенше жағдайлар қауіпсіздігі кезіндегі нұсқаулықтарды келісуді бекітуді әзірлейді.

39. Өртті айқындаған немесе ол туралы хабар алған тұлғалар тез арада метрополитеннің апаттан құтқару қызметін және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелерін шақыртады.

40. Метрополитен объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтарда және арнайы көрсеткіштерде (тақталарда) салалық және аумақтық өртке қарсы қызметтердің өрт кезінде хабарласатын телефон номерлері көрсетіледі.

Метрополитен ғимараттарында, бекеттерінде, электрік жылжымалы құрам немесе метрополитен тоннельдерінде өртті айқындаған кезде (немесе өрт туралы хабар алған кезде),кәсіпорынның кезекші персоналы (бекет бойынша кезекші немесе метрополитеннің орталық диспетчерлік басқару диспетчерлері) ақпаратты анықтайды да кәсіпорын басшысы бекіткен келесідей хабарландыру сызбасы бойынша белгіленген, іс-әрекеттерді жасайды:

1) метрополитеннің апаттан құтқару қызметінің өрттен құтқару есептегішіне «Дабыл» белгісін береді;

2) өзара әрекет етуші қаланың өртке қарсы қызметін хабарландыру сызбасына және өрт сөндірудің және мемлекеттік өртке қарсы қызметтік өзара әрекет ететін шұғыл жоспарға сәйкес шақыртады.

41. Апаттан құтқару жұмысының басшысы бірінші кезектегі тапсырмаларды белгілейді, оған:

1) апаттық жағдайдың сипатын бағалау;

2) бекеттерде, тоннельдерде және метрополитен электрпоездарында адамдардың бар (немесе жоқ) екендігін тексеру;

3) метрополитеннің апаттан құтқару командасының әрбір есебі үшін тапсырма беру;

4) метрополитеннің қосымша күштері мен құралдарын жұмсау және басқа өзара әрекет етуші күштерді салу (өрт сөндіру бөлімдерінен басқа) туралы шешім қабылдау кіреді.

42. Өртті сөндіру басшысы үшін ( апаттан құтқару қызметінің бастығы) мынадай тапсырмаларды орындау тиіс:

1) өртке барлау жасау;

2) басқа электрпоездар және метрополитен объектілері үшін өрт қауіптілігін басқару;

3) өртті сөндіру бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру жатады.


43. Өрт орнына өрт сөндіргіш және басқа бөлімшелерді шақырту, жіберу және жылжыту қысқа мерщімде қамтамасыз етіледі және метрополитеннің көліктік кәсіпорны бекіткен тәртіпте белгіленеді.

44. Өртті сөндіру және өрттің салдарларын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, өрт болған жерде кәсіпорын объектілерінде штаб ұйымдастырылады. Штабты жұмыспен қамтамасыз ету метрополитеннің көліктік кәсіпорнының бірінші басшысына жүктеледі.

45. Өртті сөндіру және өрттің салдарларын жою бойынша жұмыстар жүргізілетін жерде бөлімшелерге үзіліссіз жұмысты ұйымдастыру үшін метрополитеннің көліктік кәсіпорнының басшылары байланыспен, көлік құралдарымен және басқа қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

46. Өрт сөндіргіштерді және ұйым бөлімшелерін өрт орнына уақтылы жіберу, кедергісіз өткізуге метрополитеннің көліктік кәсіпорнының басшылары жауапты.

47. Өрт сөндіру бөлімшелерін жіберген сәттен бастап және дислокация орнына қайтқанға дейін барлық қозғалыстар бекітілген өрт сөндірудің шұғыл жоспарына сәйкес орындалады


  1. Өрт салдарларын жою бойынша жұмысты ұйымдастыру

48. Өрт салдарларын жою бойынша бірінші кезектегі іс-әрекеттерді өрт сөндіру жоспарларына сәйкес және метрополитеннің көліктік кәсіпорны бекіткен тәртіпте аумақтық апаттан құтқару қызметтерінің күші мен құралдарын жұмылдыру арқылы ұйымдастырады.

49. Бірінші кезектегі іс-әрекеттер кезінде (қажеттілігі бойынша) тұрғындарды уақытша қауіпті аумақтан көшіруі, ұйымның қажетті материалдық - техникалық ресурстарын мобилизациялауы мүмкін, апат, ауыртпалық жағдай немесе катастрофа болған объекті жұмысы тоқтайды, ұйымдардағы жұмыс режимі өзгереді, жолаушылардың қозғалысы шектеледі, мүмкін болатын апаттан құтқару-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, метрополитенде қоғамдық тәртіп және объектілерді күзету қамтамасыз етіледі.

50. Кәсіпорын бекітілген Жоспарға сәйкес өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерде және оларға жапсарлас аумақтарда төтенше жағдайларды жою бойынша қорғаныс, құтқару, апаттан қалпына келтіру және басқа жұмыстарды жүргізеді.

51. Өртті сөндіргеннен кейін кәсіпорын өрт салдарларын жоюға, электрік жылжымалы құрамдарды қозғалысын қалпына келтіруге, өндірістің үзілген технологиялық процесінің (электрэнергиямен және байланыспен қамтамасыз ету, теміржолдағы тоннельдік имараттарды, энергиямен қамтамасыз ету, байланыс коммуникациялары мен қондырғыларын жөндеу) жұмысын ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.

52. Өртті сөндіру және салдарларын жою кезінде қажеттігі бойынша медициналық көмек кіргізіледі.

53. Метрополитеннің көліктік кәсіпорнының басшылары өрт туындаған кезде және салдарларын жою кезінде қорғаныс әдістеріне және іс-әрекеттерге жұмыскерлерді үйретуді ұйымдастырады.

54. Метрополитеннің өрт жағдайлары Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен тәртіпке сәйкес тексеріледі және қарастырылады.



___________________________________________________



Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет