А. Т. Ойсылбай м. О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты әуезовтану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, филол.ғ. к. Бейсембай Кенжебаев – әдебиет зерттеушісі



жүктеу 38.69 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі38.69 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
А.Т.ОЙСЫЛБАЙ

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

өнер институты әуезовтану

бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, филол.ғ.к.



Бейсембай Кенжебаев – әдебиет зерттеушісі
Ғалымдық пен ұстаздықты қатар ұштастырған профессор Бейсембай Кенжебаев (1904-1987) әрбір зерттеуінде мұрағаттық деректері мол, кітапханалардың сирек кездесетін қолжазбалық қорынан, жеке адамдардан жинаған материалдар, қолжазбалар мен әдеби-тарихи мәселелерді әдебиеттанулық тұрғыдан талдап, жүйелеп бір ізге түсірді.

Өткен ғасырдың 1917-1990 жылдарын қазақ совет әдебиеттану ғылымы мен сынының кезеңі деп атауға болады. Осы атпен тарихта қалды. Советтік кезеңдегі әдебиеттану да, баспасөз де партия мен өкіметтің қатаң бақылауында болып, коммунистік саясатты мадақтап әдебиетке, өнерге, тарихқа таптық, пролетарлық көзқарас таңылды. Совет кезінде хандық дәуірдегі әдебиет, Алаш қозғалысы, Алаш ұранды әдебиет, Тәуелсіздік, ұлттық идея, халық мұрасы, ортағасыр әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, әдеби жәдігер «айтылмайтын», «жазылмайтын» тақырып болатын.

Әдебиеттанушы қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мәселелерін, ұлы Абай мұрасын таза сақтау керектігін батыл айтты та, жазды да. Ғалым қылышынан қан тамған совет дәуірінде Сұлтанмахмұт Торайғырұлының өмірі мен әдеби мұрасын зерттеп, оның әдебиет тарихындағы орнын 1946 жылы кандидаттық диссертациясында нақтылап берді.

Б.Кенжебаев Сұлтанмахмұттай ұлы ақын туралы жазылған зерттеуінде былай дейді: «Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыптары мен мазмұны: ақынның өзі тірісінде жиналып, кітап болып басылып шықпаған. Сұлтанмахмұт шығармалары екі рет жиналды: 1933 жылы және 1940 жылы. Негізгі жинаушы ақынның немере інісі Шәймерден Торайғыров» [1. 23].

Ақын шығармаларын ғалым тақырыбы мен мазмұны жағынан екі дәуірге бөліп қарастырады: «1. 1909-1915 жылдар; 2. 1917-1920 жылдар» [1. 23]. Б.Кенжебаев осылай Сұлтанмахмұттану ілімінің негізін салды.

Б.Кенжебаев қазақ әдебиетіне сыншы-журналист, жазушы, аудармашы, тарихшы, теоретик ғалым ретінде араласты. Ол А.Құнанбаев, М.Сералин, С.Торайғыров, С.Көбеев, С.Дөнентаев, Ә.Тәңірбергенов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, С.Мәуленов, Т.Жароков, Д.Әбілов, Ә.Кекілбайұлы, Б.Әбдіразақов, Ө.Нұрғалиев, т.б. ақын-жазушылар шығармашылығын зерттеді.

Ғалым ХХ ғасырдың 30-40-жылдары әдебиет майданына араласып, әдебиеттану мен сынды өркендетуге өз үлесін қосты. Б.Кенжебаевтың «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті» атты монографиялық еңбегі сол кезеңнің талдау объектісіне айналды. Ғалымның сол бір кезең әдебиетін (1917-1929) іштей жіктеп, тереңдете қарастыруы кейінгі зерттеулердің темірқазығына айналды.

Б.Кенжебаев уақыт ағымына қарсы жүзген, әдеби процесс ағынымен жүрген ғалым. Оның «Социалистік Қазақстан» (1941 15 маусым) газетінде жарияланған «Қазақ әдебиетінің тарихы туралы» деп аталатын ойласу мақаласы қазақ совет әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдеріне арналған. Әдебиет зерттеушісі «қазақ әдебиетінің тарихи бастаулары көне жазба ескерткіштерде жатыр» деген ұстанымын яғни концепциясын ғылыми айналымға осылай сыналап болса да енгізді. Осы мақала оны қазақ әдебиеті тарихымен тұрақты шұғылдануға алып келді. «Диуани-лұғат-ат түрік», «Қиссасул әнбия», «Кодекс Куманикус», «Мұхаббат-нама» туралы ғалым жеке-жеке мақалалар сериясын жариялап, олардың қазақ әдебиетіне қатысты арналарын терең талдап, нақты мысалдар арқылы айқындады. «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» (1958) зерттеуінде Қазан төңкерісіне дейінгі қазақша жазылған, жарияланған демократтық бағыттағы М.Сералин, С.Торайғыров, Ә.Тәңірбергенов, С.Дөнентаев, С.Көбеевтің, т.б. өмірі мен шығармашылығының жазылу тарихын, басылуын зерттеп, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін сараптап, әр ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орнын ғылыми пайымдаулары арқылы дәлелдеп берді.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеушілер Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуді қай кезеңнен бастау керек, ежелгі әдебиет нұсқалары дегеніміз қандай шығармалар дейтін пікірлері мен ғылыми концепциясы біріктірілген түрде «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973) атты кітабында толық жарияланды.

Ғалымның қазақ әдебиеті тарихын жүйелеу концепциясы арқылы әдеби ағым, идеологиялық жіктерді өте әділ жіктей отырып, тұтас қарастырғаны, негізігі ұстанымдары мен басты-басты тұжырымдары шәкірттерінің жазған еңбектерінде дәстүрлі жалғасын тауып, дамытылды. Мысалы, Б.Кенжебаевтың «шекпенінен» шыққан Х.Сүйіншәлиев қазақ әдебиетінің қалыптасу жолдарын зерттесе, М.Жолдасбеков Орхон-Енисей жазба ескерткіштері мен қазақ әдебиетінің байланысын қарастырды, Н.Келімбетов, Қ.Өмірәлиев ежелгі әдебиет нұсқаларын тексерді, А.Қыраубаева Алтын Орда дәуірі әдебиетін, М.Мағауин, Р.Нұрғали, Қ.Ергөбек, т.б. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын, жыраулар поэзиясын талдап, танытты.

Б.Кенжебаевтың мұрасын жаңаша тұрғыдан қарайтын кез келді. Оның ұлттық әдебиеттану ғылымында алар орны ерекше. Б.Кенжебаев қазақ әдебиеттану ғылымы саласында өзінің ғылыми мектебін қалыптастырып кеткен ғалым.

Көрнекті әдебиеттанушы ғалым Б.Кенжебаев «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті» (1961), «Шындық және шеберлік» (1966), «Ежелгі әдебиет нұсқалары» атты оқулық-хрестоматия (1967), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973), «Жылдар жемісі» (1984), «Асау жүрек» (1987, 2004), ХХ ғасыр басындағы әдебиет (1993), т.б. монографиялардың авторы.

Қорыта айтқанда, филология ғылымдарының докторы, профессор, Бейсембай Кенжебайұлы – қазақ әдебиеті тарихының аса көрнекті зерттеушісі, білгір маманы бола білді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.        Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұттың ақындығы. – Алматы, 1949.



 

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет