Абай ауданы бойынша экологиялық жағдай. Атмосфералық ауаның жағдайы



жүктеу 91.61 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі91.61 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Абай ауданы бойынша экологиялық жағдай.
1. Атмосфералық ауаның жағдайы.
1.1.Абай ауданы аумағында 20 - кәсіпорын, 331 – шығарылу көздері бар, оның ішінде 149 – ұйымдастырушылық 67 – тазалау қондырғыларымен жабдықталған. 94,5% тазалау қондырғылары.
1.2. 2012 жылы ГРЭС «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде нақты шығарылымдар – 81,747 мың тонна) 2012 жылға осы кәсіпорынмен 99,192 мың т/ж. шектеу алынған болатын, өткен жылмен салыстырғанда шығарылулар – 82,017 мың т/ж. құрады, шығарылулардың өсуі жаңа К-55 маркалы турбогенератордың орнатылуына байланысты, яғни өндірістік қуаттылығы 55 МВат/сағ. Сонымен қатар пайдалы әсер коэффициенті 94-96%-ды «Вентури» скубберлерін пайдалы әсер коэффициенті – 99,5%-ды 2-ші буынды эмульгаторларға ауыстыру есебінен шығарылуларды азайту бойынша шаралар құрастырылды. Қазіргі кезде эмульгаторлар тоғыз қазандарда орнатылған (1,2,3,5,6,7,9,12 және 10).

Оңтүстік-Топар руда Басқармасы бойынша 2012 жылға 1 458,6 тонна көлемінде шығарылуларға рұқсат етілген, шығарылулардың нақты көлемі 2012 жылы – 1 210 тоннаны құрады, өткен жылмен салыстырғанда 1 167 тонна шығарылулардың өсуі 2011 жылдағы әктасты өндірудің шамалы азаюы есебінен болды.




Облыстың барлық кәсіпорындары

Рұқсат етілген көлем, тонна/жыл

Нақты көлемі, тонна/жыл 2012 есеп беру мерзімінде

Нормадан жоғары тонна/жыл

ГРЭС «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС

99,192

81,747




«Арселор Миттал Теміртау» АҚ

УД ЦОФ «Восточная»



4,243

2,511




ТМК ОТРБ ЖШС

1,4586

1,210




«Арселор Миттал Теміртау» АҚ

УД Абайская шахтасы



0,795

0,649




Барлығы:

105,6886

86,117






2. Су қорларының жағдайы.
ГРЭС «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкерлігі шектеулі серіктесінде 2012 жылы турбоконденсанттың салқындауына ай сайын – 19 000 000 м3 көлемдегі судың келіп түсуі қажет. 2012 жылы су шығыны – айына 17 000 мың мЗ құрады. 2010 жылы жаңа сегізінші турбинасының жіберілуіне байланысты ГРЭС «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де НЧВ су бұруы 2012 жылы – 464 606 000 м3 (шегі 468 345 000), ЗВ 2011 жылы – 0,699 тонна, шығалылудың нақты көлемі – 510 962 000 м3 құрады, ластауыш заттардың шығарылуы – 2,959 (шегі 6,392) мың тоннаны құрады. Бұрын НЧВ көлемінің бөлігі «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің ГРЭС филиалына тиесілі балық шаруашылығының тәлімбағына түсірілетін, қазір тәлімбақ шаруа қожалығына берілді.

Оңтүстік-Топар руда Басқармасы ТЭМК ЖШС шығарылуы жылына 460 мың м3 көлемінде жүргізеді, сонымен ЗВ – 0,996 мың тонна шегі кезінде 0,507 мың тоннаны құрады.

«Жігер-Су» КМК Абай қаласында көлемі тәулігіне – 2200 м3 шаруашылық тұрмыстық және ағынды суларды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жүзеге асырады және «Қамқорюжсервис» ЖШС Южный кентіне шығарылуларды жылына 134 724 м3 көлемінде жүзеге асырады, сонымен қатар осы кәсіпорындарда сүзу алаңдарынан басқа кәріздік және ағынды суларды тазалау жүйесі жұмыс істемейді.

«Жігер-Су» КМК бойынша тазалау ғимараттарында шаруашылық тұрмыстық және ағынды суларында сүзу алаңдарына шығарылатын ластаушы заттар концентрациясы табылды:

өлшенген заттар бойынша (нақты концентрация – 66 мг/дм3):

темір – 0,91 мг/дм3, мұнай өндірісі – 0,08мг/дм3, АПАВ – 1,55мг/дм3, құрғақ қалдықтар – 1238 мг/дм3 және БПК 5 бойынша – 176,2 мг/дм3.

«Қамқорюжсервис» ЖШС бойынша (қазіргі кезде кәсіпорын жойылып, нысан Абай ауданының әкімдігіне берілді) аймақтың бедерінде шашылғандарда мына концентраттардың өсуі анықталды: өлшенген заттар бойынша – 120 мг/дм3: БПК 5 – 46,8 мг/дм3; аммоний азоты – 23,46 мг/дм3; нитрат – 0,052 мг/дм3; темір – 1,71 мг/дм3; мұнай өнімдері – 0,27 мг/дм3, сульфат – 76,5 мг/дм3, хлорид – 139,7 мг/дм3, АПАВ – 0,68 мг/дм3 және құрғақ қалдықтар – 604 мг/дм3.
3. Жер қорларының жағдайы және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру.
Абай ауданының жалпы аумағы 652,9 мың га.

Абайская шахтасы бойынша бұзылған жерлер – 163 мың га (жыл сайын шахта 15 га дейін жерді қалпына келтіреді)

Бұзылған жерлер – 2,8 мың га.

Елді мекендердің жерлері – 70,3 мың га.

Ауыл шаруашылығының жерлері – 371,6 мың га.

Ауыл шаруашылық емес мақсатта тағайындалған жерлер (қорғаныс, көлік және коммуникация) – 19,6 мың га.

Орман қорының жерлері – 0,2 мың га.

Су қорларының жерлері – 2,3 мың га.

Қордағы жерлер – 188,9 мың га.
Абай ауданы аумағында сынапты шамдарды пайдаланатын кәсіпорындар бар, олар ГРЭС «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Арсело Миттал Теміртау» АҚ, Жартас шипажайы және экологиялық талаптарға сәйкес алынған шамдарды жабық ғимараттарда, қол жеткізілмейтін бөлмелерде қаттап тастайтын басқа да кішкентай кәсіпорындар, сынапты шамдарды жинауға, сақтауға және пайдалануға алынған лицензияны қажеттілігіне қарай кәсіпорынға алып шығады.

Медициналық қалдықтар туралы да осылай айтуға болады.

ГРЭС «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2012 жылы 1648,477 тонна қалдықтар құрылған (2011 жылы – 1620,946 т); ТЭМК «ОТРБ» АҚ 2012 жылы пайда болған қалдықтар көлемінің жалпы саны – 458,395 мың тонна (2011 жылы – 740,819 мың тонна); олардың ішінде аршу түрлері – 456,385 мың тонна, күл қоқыс қалдықтары – 2,01 мың тонна, әктік шаң – 0,1 мың тонна, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Абайская шахтасы бойынша 2012 жылы 59,16 мың тонна көлемінде қалдықтар пайда болған, 2011 жылы – 53,563 мың тонна; оның ішінде аспирациялық шаң – 0,000243 мың тонна, ағындық суларды тазалау қалдығы – 0,04 мың тонна, шахталық түрі 56,118 мың тонна барлығын бұзылған жерлердің топырақ құнарлығын қалпына келтіру үшін пайдаланады), күл-қоқыс қалдықтары – 3,0009 мың тонна (0,7 мың тонна көлемді өз қажеттілігі үшін қож-блок жасау үшін пайдаланады. Күл-қоқыс қалдықтарының қалғанын топырақты қалпына келтіру үшін пайдаланады). «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Восточная» ЦОФ бойынша 1 783,667 мың тонна түрі пайда болған (2011 жылы – 1507,343 тонна), қалдықтар – 44,188 мың тонна (жылына 66,300 тонна), күл-қоқыс қалдықтары 19,797 мың тонна (23,665), аспирациялық шаң 0 тонна (0,364 тонна), құрылыс қоқыстары жылына 0,065 мың тонна (2011 жылы 0,037 мың тонна), есеп беру мерзімінде қалдықтардың жалпы саны 1 847,729 мың тоннаны құрады, 2011 жылмен салыстырғанда – 1597,709 мың тонна. Көмірді қайта өндіру 4 816 мың тоннадан 5 127 мың тоннаға дейін өсуіне байланысты өндірістік қалдықтарының ұлғаюы пайда болды.

ТҚҚ полигондарының жағдайы туралы.
Абай ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтардың 14 полигоны бар, олардың 2 негізгісі Абай қаласы мен Топар кентінде орнатылған. Қалған кішкентай ТҚҚ қоқыс тастайтын орындары ауданның ауылдық округтері мен кенттерінде орналасқан.

ҚР Экологиялық Кодексінің 15 бабына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарына елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру, өндірістік және тұтыну қалдықтарын жерлеу және сақтау орындарын ұстау және басқа да өкілдіктер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жүктелген.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары жағынан осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі кезде жалпы полигондар есебінен тек Абай қаласының полигоны үлгілік топқа жатады.

Абай қаласы әкімінің аппаратымен ТҚҚ полигондарының жер учаскесіне жермен пайдалану құқығы тіркелген.

ҚР Экологиялық Кодексінің 292 бабына сәйкес коммуналдық қалдықтарды жерлеу үшін жергілікті атқарушы органдар полигон қалдықтарын құруға және пайдалануға жауапты кәсіпорындарды құрайды.

Абай қаласының ТҚҚ полигонын пайдалануды «Жігер-Су» КМК жүзеге асырады. Аудан әкімдігінің 12.11.2009 жылғы № 25/12 қаулысына сәйкес ТҚҚ полигоны соңғысына ары қарай сатып алу құқығынсыз сенім басқармасына берілген. Іс жүзінде полигон 2002 жылдан бастап пайдаланылады.

Қазіргі кезде Абай қаласының ТҚҚ полигонында кіре беріс жолдары бар, полигонның бекіту жүргізілді, өткізу пункті бар, жарық, көрсеткіш пен шлагбаум орнатылған, келіп түскен қалдықтардың есебі мен тіркеуі жүргізіледі. Санитарлық-қорғау зонасы бойынша талаптар сақталған.

Табиғатты пайдалануға рұқсат бар. ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес Абай қаласының ТҚҚ жерлеу полигонының иесі – Абай қаласы әкімі аппаратымен қоршаған ортаға шығаруға рұқсаттама алынған және рәсімделген, рұқсаттама ҚР ҚОМ Нұра-Сарысу экология департаментімен берілген (11.01.2010 жылғы рұқсаттама сериясы М-08 № 0022833).

Аталған рұқсаттамаға сәйкес Абай қаласының ТҚҚ полигоны бойынша қоршаған ортаға шығаруға барлығы 2010 жылы – 15240 тонна, 2011 жылы – 15400 тонна көлемінде өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау қарастылған.

ТҚҚ полигоны бойынша мемлекеттік экологиялық талдаудың қорытындысы 17.01.2009 жылы ҚР ҚОМ Экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен 5 жылға берілді.

Абай қаласындағы рұқсат етілмеген қоқыстарды жоюға «Абай қаласы әкімінің аппараты» ММ 2010 жылы – 1 899 976 теңге, 2011 жылы - 2 000 000 теңге ақшалай қаражат бөлді.

Жоғарыда аталған ақшалай қаражаттар Абай қаласын рұқсат етілмеген қоқыстардан тазалауға толық көлемде игерілді. Бюджеттік қаражатты мақсатты емес пайдалану анықталмаған.

Топар кентінің аумағында тұрғын үй ғимаратынан 3 км жерде жалпы аумағы 5 га ТҚҚ полигоны орнатылған. Полигон үлгілік емес.

Полигондағы қалдықтар негізінде тұрмыстық сипатта. Кент аумағында тұрған қала құраушы кәсіпорындардың бірі – ГРЭС «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қалдықтарды көбіне күл-қоқыстардан құрайды, оларды сол кәсіпорындағы қоймада – күл үйіндіде қойып, қаттап тастайды. Тұрмыстық қатты қалдықтар Топар кентінің полигонында кент әкімі аппаратының рұқсатымен ұсталады.

Полигонда техникалық құжаттамалар жоқ.

Басқа да полигондар бойынша сонда бұзушылықтар бар.

Осы тексеріспен барлық қалған ТҚҚ полигондары бойынша толық көлемде тиісти құжаттар рәсімделмегені анықталды.

Қазіргі кезде ауыл және кент әкімдері аппараттарымен тағайындалған жер учаскелері бойынша ғана құқық белгілейтін құжаттар дайындалған.

Сонымен қатар, көрсетілген полигондар бойынша экологиялық рұқсаттамалар алынбаған, мемлекеттік экологиялық талдаудың қорытындысы жоқ.

Сонымен қоса, ҚР Экологиялық Кодексінің 292 бабының бұзушылығына осы ТҚҚ полигондары бойынша қазіргі кезге дейін полигондарды пайдалануға жауапты кәсіпорындар анықталмаған, ол полигондарды лайықсыз пайдалануға әкеп соқтырады.

ТҚҚ полигондарына рұқсаттаманың жоқтығын ауыл және кент әкімдері көрсетілген мақсаттарға бюджеттен қаражат жоқтығымен түсіндіреді.

Аудан әкімдігі жағынан осы мәселені шешу бойынша қажетті назар аударылмайды. Тұрмыстық қатты қалдықтардың үндеуі бойынша мәселе қазіргі кезде өзекті болып табылады.

Сонымен қатар жыл сайын апатты қоқыстардың пайда болуы аймақ бойынша өсіп келеді.

2010 жылы және өткен мерзімде 2011 жылдың басынан бастап жергілікті бюджеттен ТҚҚ полигондарын пайдаланумен және экологиялық талдауды рәсімдеу мен қоршаған ортаға шығаруға рұқсат алумен байланысты қаражат бөлінбеген.

Осы тексерістің барысында Абай ауданында 11 900 тонна көлеміндегі қалдықтардың 24 рұқсат етілмеген қоқыс орындары табылған.

Алайда апатты қоқыстарды жою үшін 2010 және 2011 жылдары бюджеттен шағын қаражат – әр ауыл және кент әкімдіктеріне жылына орташа 150000 теңгеден бөлінді, ол көрсетілген мақсаттарға жеткіліксіз.

Рұқсат етілмеген қоқыстардың көпшілігі елді мекендердің шекарасында пайда болды. Апатты қоқыстардың пайда болуының негізгі себебі олардың тастанды және бұзылған үйлерге жақын орналасуы болып табылады.

Сонда, ҚР Экологиялық Кодексінің 284 бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдарына иессіз қалдықтарды қарау және олардың қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына кері әсерін тигізуді болдырмау бойынша шараларды жүргізуді ұйымдастыру жүктеліп отыр.

Аудан әкімдігімен 2010 жыл сияқты 2011 жылы да иессіз қалдықтарды жою мен ластанған учаскелерді қалпына келтірумен байланысты экологиялық ортаны қорғау бойынша экологиялық бағдарламаны орындауға бюджеттен қажетті ақшалай қаражат қарастырылмаған.

Уланғыш қалдықтар полигоны – іс әрекет ететіні жоқ, тоқтатып қойылған Есенгелді ауылдық округінде біреуі бар.

Апаттық қоқыс тастайтын жер туралы. Апаттық қоқыс тастау жерінің саны. Апаттық қоқыс тастау жерін жою бойынша жергілікті атқару органдармен қабылданатын шаралар туралы. Ауданда жалпы қалдықтар өспесі 41080 мың тонна , аумағы 4,5353 га болатын 14 елді мекен бар. 2009 жылы ТҚҚ полигонының құрылысына аумақ таңдау актісін жүргізді.

Иессіз қалдықтар туралы. Тізімдегі көрсетілген қалдықтар жойылмайды.

Мал текті қалдықтарын көму жерлері (мал қорымы) туралы. Қарабас кентінде 1 үлгілік мал қорымы бар.

Қоқыс сұрыптайтын және өңдейтін кәсіпорындардың құрылысы бойынша аумақ мәселелері.

Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шағын бизнесті дамыту (қай қалдықтарды қайта өңдеуінің бағыты, қашан іс әрекетке енгені, олардың өндірістік қуаттылығы, қай аймақтармен қызмет істейді), оның ішінде дамуы аумақтағы іс әрекет ететін технобақтардың, СПК, әкімдік бағдарламасының және т.б. мәліметтері бойынша болжанатын жаңа ресурсты үнемдеу және экологиялық таза технологиялар туралы.
4. Экологиялық білім.
5. Экологиялық сараптама.
6. Қорытындылар мен ұсыныстар

Уақытша жұмыс тобының төрағасы Ж.Таласпеков


Уақытша жұмыс тобы

төрағасының орынбасары А.Шимпф


Уақытша жұмыс тобының

хатшысы А.Жүнісбек


Жұмыс тобының мүшелері:
Б.Аяшева
Р.Мұсағалиев
Ұ.Үсенов
Б.Цай



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет