Абай ауданы әкімдігінің отырысы Қарауыл ауылы 26 сәуір 2013 жыл хаттама



жүктеу 163.91 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі163.91 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Абай ауданы әкімдігінің отырысы

Қарауыл ауылы 26 сәуір 2013 жыл
ХАТТАМА
Отырыс төрағасы: Т.Мүсәпірбеков аудан әкімі;

Отырыс хатшысы: Д.Маратұлы аудан әкімі аппараты кеңсесінің

меңгерушісі:
Қ А Т Ы С Қ А Н Д А Р:
әкімдік мүшелері:
М.Еділбаев аудан әкімінің орынбасары;

Е.Лдибаев аудан әкімінің орынбасары;

Ә.Мырзақасым ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

бастығы;


С.Тәтиева аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар

бөлімінің бастығы.

Д.Нариманұлы аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және

ветеринария бөлімінің бастығы.


ШАҚЫРУМЕН:
62 адам (ауыл әкімдері, аппарат қызметкерлері, аудан орталығындағы мекеме басшылары).
Аудан әкімдігі отырысының КҮН ТӘРТІБІ

1.Ауданның 2013 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары туралы.


Баяндамашы: Тәттібеков Бауыржан Болатұлы - ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы.
2.Медеу және Қарауыл ауылдарын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы
Баяндамашылар: Мұхтарұлы Дарын-

Медеу ауылдық округінің әкімі

Верлишев Хусман Химранұлы- Қарауыл

ауылдық округінің әкімі


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Тәттібеков баяндама жасады.
2013 жылдың қаңтар-наурыз айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 51,5 млн. теңгенің тауарлық өнімерін өндірген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 179,3 пайызды құрайды. Оның ішінде 9,5 млн. теңгесі (былтырғы жылмен салыстырғанда 216,7 пайыз) тамақ өнімдері, 31,7 (127,7 пайыз) электрмен жабдықтау және 2,8 (114,1 пайыз) млн.теңгесі сумен жабдықтау.

Аудан ауыл шаруашылығы бағытында дамыған. Ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет – 1375,1 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда – 118,1 пайызға, сүт – 3541,5 тонна немесе 106 пайызға, жұмыртқа – 139,1 мың дана өндіріп, 104 пайызды құрады.

Бүгінгі күні аудан бойынша 285040 бас қой-ешкі малы (100,0%), 41085 бас мүйізді ірі қара (100,2%), 17708 бас жылқы (105,6%) малдары қолда бар.

37 шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен-24 шаруашылық, жылқыдан-11 шаруашылық, ірі қара малынан-1 шаруашылық. Қатаң мал азығының бағасын жеңілдету үшін субсидия алуға 30 шаруа қожалығы құжаттарын дайындап, ауыл шаруашылығы басқармасына өткізді. Қазіргі уақытта 6 шаруа қожалығы асыл тұқымды 10 бас ірі қара малын сатып әкелді.

Ветеринария саласы бойынша эпизотиялық шараларға бөлінген 104 млн.412 мың теңгенің 26 млн.433 мың теңгесі уақытымен жоспар бойынша игерілді. Иесіз жүрген 600 ит малдәрігерлік санитарлық талапқа сай жойылды.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 211,8 млн.теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 91,9% құрап отыр. Жеке қаражат есебінен 189,3 млн.теңге, қалған 22,5 мың теңге республикалық және жергілікті бюджеттен тартылды. Инвестицияның нақты секторы 189,3 млн.теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 137,9% құрады.

Қаңтар-наурыз айында 308 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды, былтырғы жылмен салыстырғанда – 108,5%. Құны 14400,0 мың монтаж жұмыстары атқарылды. Оның ішінде 75,0 млн.теңге жанар-жағар май станциясы, 6,5 млн.теңге мал сою алаңы, 5,5 млн.теңге мал бордақылау алаңы пайдалануға берілді.

Қаңтар-наурыз айында 17 кіші бизнес тіркеуде тұр, былтырғы жылмен салыстырғанда 113,3 %. Оның ішінде белсенді 10 кіші бизнес тіркеуде, былтырғы жылмен салыстырғанда 111%-ға өскен. «Ер строй» ЖШС-гі белсенді кіші бизнес қатарына кірді.

Аудан бойынша 944 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Онда 1757 адам жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 15млн.353 мың теңге жергілікті бюджетке түсті.

Аудан 2012 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі 17 көрсеткіштері бойынша 10 орынға орналасты. 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында 4 орында болсақ, қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен 8 орындамыз. Жалпы 13 көрсеткіштен алдыңғы орындарда болсақ, 4 көрсеткіштен соңғы орындамыз. Атап айтсақ, бөлшек сауда тауар айналымы, туу жәнеөлім деңгейінің өзгеруі, қылмыстың ашылу деңгейінен 19-шы орындамыз.

2013 жылы аудан бюджеті 1 млрд. 942 млн.750 мың теңгеге нақтыланды. Жергілікті бюджет 223 млн. 985 мың теңгеге жоспарланды.

3 айда меншікті кірістер 55865,0 мың теңгеге жоспарланып, ол 72929,4 мың теңгеге орындалды немесе 130,5%.

3 айда бюджет шығысы 512004,2 мың теңгеге жоспарланған. Ол 507344,3 мың теңгеге орындалды, яғни 99,1 %. Қаржы қалдығы 4659,9 мың теңге. Оның ішінде: білім саласы бойынша 2984,3 мың теңге, әлеуметтік қорғау бөлімі бойынша 520,1 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 246,9 мың теңге, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөілімі бойынша 388,1 мың теңге үнемделді. 161,9 мың теңге 40 бюджеттік мекемелерден қалған ұсақ қалдықтар есебінен қалды.

Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын 2012-2013 жылдардағы қысқы от жағу маусымына дайындауға іс-шаралар жоспары бекітілген. Аудан бойынша:

Қатты отынмен жанатын 10 жылу қазандығы, 6 электр қуатымен жылынатын мекеме бар. Оның ішінде, қатты отынмен жанатын 11 дана, электр желісімен жылытылатын 7 білім саласы мекемелері, 8 денсаулық сақтау нысандары дайындалып, апатсыз, қалыпты жұмыс істеуге жұмыстар жүргізіліп, от жағу маусымында қалыпты жұмыс жасауда.

Аудан бойынша 2012-2013 жылдарға 25,008 мың тонна көмір қажет деп жоспарланған. Жоспарланған көмір толықтай тасылған.

Аудан боынша бүгінгі күні 7 елді мекенде су құбыры жұмыс жасап (Қарауыл, Кеңгірбай би, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды, Медеу және Саржал), халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Аудан тұрғындары мен мекемелерді ауыз сумен жергілікті «Риза» КМҚК қамтамасыз етеді. Су құбыыр желілерінің жалпы ұзындығы аудан бойына 84,6 шақырым, 18 скважина бар.

Аудан халықтарын сумен қамтамасыз ету үшін 2013 жылғы жергілікті бюджеттен 15000,0 мың теңге қаражат бөлініп, жергілікті «Риза»КМҚК-мен келісім шарт жасалған.2013 жылдың қаңтар-наурыз айында оның 3000,0 мың теңгесі игерілген.

Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

2012 жылға аудан бюджетінен аудандық маңызды жолдары қысқы-жазғы ұстау, күтіп ұстауға 10264,0 мың теңге бөлінген. Қаңтар-наурыз айында 2565,0 мың теңгесі игерілді. Қысқы мерзімде жолдарды қалыпты және қауіпсіз жағдайда ұстауға байланысты жол техникалары үздіксіз жұмыс жасауда.

Аудан аумағында 30 га алаңдар мен скверлер, 20 ескерткіш, 21 көп қабатты тұрғын үйлер аулалық аумағы мен 12 тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін орын бар. Көктемгі жарияланған тазалық айлығында 800 адам, 19 техника қатысты. Аудан көшелері тазаланып, бақтар, алаңдар, мектеп, бала-бақша алаңдары тазартылып, 280 тонна қоқыс шығарылды.

Қаңтар-наурыз айында 22 отбасыға және 69 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 549,0 мың теңге төленді. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 1490 балаға 5129,6 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысы 97 жанұяға 2000,0 мың теңге төленді.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша демеушілік арқылы 201 адамға 1918,4 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 33 мүгедек балаларға 1126,0 мың теңге материалдық көмек төленді. Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 12343,0 мың теңге әлеуметтік көмек 36 балаға төленді.

55 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 0,7 %. Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа 82 адам жіберілді. Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында 4 адам оқуға жіберілді. Жастар іс-тәжірибесіне жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 5 жұмыссыз жастар жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына аз қамтамасыз етілген жұмыссыз 5 адам жіберілді. Жиыны 33 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.

Бүгінде аудан бойынша 1 орта білім беретін, 1 негізгі мектеп жиыны 11 білім мекемесі жұмыс істейді. Оның 7-і шағын құрамды, 1-орта мектеп, 1-гимназия және 1-мектеп-лицей ретінде жастарға білім мен тәрбие беруде. Мектептерде 421 мұғалім жұмыс істейді. Оқушылар саны – 2698. Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемесі – саз және өнер мектептері, 3 балабақша, 14 шағын орталық жұмыс жасайды. Жұмыс атқарып отырған 3 балабақшада-382 бала, мектептер жанындағы 14 шағын орталықта -439 бала тәрбиеленіп отыр. Аз қамтылған тұрмысы төмен отбасынан шыққан – 456 бала, 1-4 сынып оқушылары – 2021 бала, көп балалы отбасынан шыққан – 70 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

Абай аудандық медицина бірлестігі құрамында кееңес-диагностикалық емхана, 50 төсектік аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 2 медицина қызметкері ғимаратсыз жұмыс жасайды. Ауданда 41 дәрігер, 100 орта медицина қызметкері халыққа медициналық көмек көрсетуде. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 250 адам стационарлық емделуден, күндізгі бөлімде 378 адам емделіп шықты. «Саламатты Қазақстан 2011-15» бағдарламаға сәйкес халықтың санатты топтағыларына скринингтік тексеру жұмысы жүргізілуде.

Аудан бойынша 2012 жылы негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша туған бала саны – 58, қайтыс болғандар саны – 33 адам, табиғи өсім +25 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 271 адам, ал кеткені – 143 адам. Көші-қон сальдосы +128 адам. Аудандағы халық саны 15272 адам.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес табыс көздерінің резервтерін анықтау жөнінде 14 млн.теңге Алгоритм іс-шарасы аясында жоспар-тапсырма берілген. Соған сәйкес 14 млн.теңге әрбір ауылдық округтерге бөлінген. Бүгінгі күнге түсіп отырған түсім 956,0 мың теңгені көрсетіп отыр.

Алгоритм аясында барлығы 28 қосымшалар бойынша мәлімет берілуі керек, соның ішінде жылжымайтын мүлік, жер, тіркелмеген техникалар, ең төмен еңбекақы алатын жұмысшылар, сүт өндіру, ет, балық өнімдерін нарыққа тасымалдау шаруа қожалықтар жөнінде мәліметтер берілуі тиіс. І тоқсан қорытындысына сәйкес тиісті бөлімдер атап айтқанда жер бөлімі бойынша 6 адам жер учаскелерін сатып алғандығы туралы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі сыртқы (көрнекті) жарнама объектілерін орнатуға рұқсат алған заңды және жеке тұлғалар туралы, медицина бірлестігі бүгінгі күнге 73 адам санитарлық кітапшалар ашқаны туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі, аудандық инспекция, әділет басқармасы комиссияға мәліметтер ұсынды, бірақ ешқандай фактілер ұсынылған жоқ. Ауылдық округтер бойынша Саржал, Көкбай, Тоқтамыс, Архат, Қарауыл, Кеңгірбай би ауылдары шаруа қожалықтардың иелері, онда жұмыс істейтін жұмысшылар саны туралы мәліметтерін берді, басқа тапсырмалар бойынша толық мәліметтер жоқ. осы Алгоритм бойынша жылда қайта-қайта жиналыстар өткізіліп, айтылса да, қатынастар жіберілсе де тиісті мекемелер, ауылдық округтер бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмай келеді.

Алгоритм іс-шараларын орындау мәселесі жөнінде облыстық жұмыс тобының Абай ауданына іс-сапары 20-21 мамырда және резервтерді анықтау жөніндегі аудандық комиссия отырысы 24 мамырда болады.

Алдағы уақытта Алгоритм іс-шарасы бойынша тиісті сала басшылары, ауыл әкімдері берілген тапсырма бойынша жұмысты жандандыру керек.

Абай ауданы бойынша 2013 жылғы инвестициялық жобалар


  1. Саржал ауылында 300 орындық орта мектеп құрылысын салу – 719 млн.745 мың 600 теңге.

  2. Саржал ауылындағы сауда үйін ауылдық клубқа қайта жаңғырту – 173 млн.252 мың 800 теңге

  3. Орталық аурухананы күрделі жөндеу – 51 млн.295 мың теңге

  4. Орталық поликлиниканы күрделі жөндеу – 41 млн.015 мың теңге

  5. Саржал ауылдық дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу – 6 млн. 920 мың теңге

  6. Қасқабұлақ ауылдық дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу – 6 млн. 724 мың теңге

  7. Тоқтамыс ауылындағы ауылдық клубты ағымдағы жөндеу – 8 млн. 381 мың теңге

  8. Көкбай мектебін ағымдағы жөндеу – 49 млн. 781 мың теңге

  9. М.Әуезов мектебін ағымдағы жөндеу – 72 млн. 830 мың теңге

  10. М.Әуезов мектебінің жылу-қазандығын ағымдағы жөндеу – 6 млн.587 мың теңге

  11. Тоқтамыс ауылына су-құбырын салу – 304 млн.285 мың теңге

  12. Қарауыл ауылын көркейту мен көгалдандыруға – 51 млн. 200 мың теңге

  13. Саржал және Қасқабұлақ ауылдарының саябақтарын көркейтуге – 10 млн.теңге

  14. Қарауыл ауылындағы Құнанбай, Баян, Мұхаметхан көшелерін жарықтандыруға – 10 млн. 922 мың теңге

  15. Қарауыл ауылындағы Баян, Мұхаметхан көшелерінің жолдарын жөндеуге – 11 млн. 771 мың теңге

  16. Абай көшесі жолын орташа жөндеуге – 48 млн. 005 мың теңге

  17. Аудандық маңызы бар жолдарды ұстауға – 10 млн. 264 мың теңге.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселені тыңдап және талқылай келе аудан әкімдігінің отырысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1.Аталған мәселеге байланысты аудандық экономика және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Б.Тәттібековтың баяндамасы еске алынсын.

2.Аудан әкімінің орынбасары М.Еділбаев, экономика және бюджеттік жоспарлау (Б.Тәттібеков), қаржы (А.Асқатов) бөлімдерімен, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, ауыл әкімдерімен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша рейтингілік бағалау көрсеткіштері бойынша жұмыстар ұйымдастырсын. Мерзімі: ай сайын.

3.Экономика және бюджеттік жоспарлау (Б.Тәттібеков), аудандық салық басқармасы (Ұ.Тайғұлов) аудандық бөлімдер және ауылдық округ әкімдері алгоритм іс-шарасы бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізсін. Мерзімі: 1 ай

4.Аудан әкімінің орынбасары М.Еділбаев, құрылыс және сәулет (Б.Рахимов), тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары (Қ.Жұмағалиқызы), білім (М.Нұрсұлтанұлы), мәдениет және тілдерді дамыту (Ә.Мырзақасым) бөлімдерімен, орталық емхана (А.Балтақаева) мекемесімен және ауыл әкімдерімен бірлесіп, ауданда салынып жатқан құрылыс, жол, жарықтандыру объектілерінің мердігерлерімен сапалы жұмыстар жүргізсін. (жұма сайын)

5.Аудан әкімінің орынбасары М.Еділбаев:

1) Семей-Қарауыл тас жолына жөндеу жұмыстарын (ямочный ремонт) жүргізуді ұйымдастырсын.

2) Саржал ауылының әкімімен бірлесіп кіре берістегі жолдың жөнделуін қамтамасыз етсін.

6.Аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы Б.Рахимов:

1) Саржалда салынып жатқан мектептің, мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын бақылауды ұйымдастырсын. (Аудан әкіміне жұма сайын мәлімет беру)

2) Аудандық емханамен (А.Балтақаева) бірлесіп емхана ғимаратының (поликлиника) 2 қабатына керамикалық гранит жаюды қадағаласын.

7.Аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаев, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, білім, денсаулық, мәдениет және әлеуметтік салаға байланысты көрсеткіштермен жұмыстар жүргізсін. Мерзімі ай сайын.

8.Аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаев, білім бөлімі (М.Нұрсұлтанұлы), мектеп директорлары:

1) Ұлттық бірынғай тесті бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастырсын;

2) 2013 жылдың 1 шілде айына дейін мектептердің жөндеу жұмыстарын аяқтасын.

9.Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі Е.Сағындықов:

1)Ауылдық округ әкімдерімен, қоғамдық негізде жұмыс жасайтын спорт федерациялардың төрағаларымен бірлесіп облыстық халықтық спорт ойындарына дайындық жұмыстарын жүргізсін. (аудан әкіміне жұма сайын мәлімет)

2) Облыстық спорт ойындарына кокпардан команда жасақтау және арнайы кокпар алаңын жасауды ұйымдастырсын. Мерзімі 01.06.2013 жыл.

10.Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Б.Тәттібеков тиісті бөлімдермен 1 тамыз 2013 жылға дейін барлық жобалық-сметалық құжаттарды жасап, аяқтасын.

10.Аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаев, аппарат басшысы С.Мұқажан, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Қаратаев 1 мамыр 2013 жылдан бастап Қарауыл ауылында кешкі уақытта кезекшілік ұйымдастырсын.

11.Аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ә.Мырзақасым, ішкі саясат бөлімі (С.Қайролина):

1) 9 мамыр Жеңіс күнін мерекелеудің сценариін жасасын. Мерзімі 2 мамыр 2013 жыл.

2) З.Белібаев атындағы Жеңіс алаңының бильбордтарын ауыстырсын. Мерзімі 2 мамыр 2013 жыл.

12.Аудан әкімі аппаратының басшысы С.Мұқажан, қаржы бөлімінің басшысы А.Асқатов:

1) «Парыз» қорына мекемелерден 1 күндік еңбек ақысын аударуды ұйымдастырсын. Мерзімі 1 ай.

13.Қаржы бөлімінің басшысы А.Асқатов барлық мекемелердегі қызметкерлердің 1 күндік еңбек ақысының есебін ұсынсын. Мерзімі 1 апта.

14.Аппарат басшысы С.Мұқажан, ұйымдастыру және кадр бөлімінің меңгерушісі Н.Сағындықова аудандағы мекеме ғимараттарының ішкі, сыртқы безендірілуіне тексеруді ұйымдастырсын. Мерзімі 01.06.2013 жыл

15.Қарауыл ауылдық округінің әкімі Қ.Верлишев, КҚКМ «Риза» бастығы М.Байжұманов:

1) Қарауыл ауылындағы барлық саябақтардың гүлзарларын, ағаштарын күнделікті суғаруын ұйымдастырсын;

2) Балалар саябағының жөндеу жұмыстарын 2013 жылдың 1 маусымына дейін аяқтауды ұйымдастырсын.

16. Ауылдық округ әкімдері:

1) Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөліміне апта сайын тазалық бойынша мәліметтерді ұсынсын;

2) Ауылда үйіліп қалған күл-қоқыстарды шығару, үйлерді ақтау бояу жұмыстарын ұйымдастырсын; Мерзімі 01.06.2013 жылға дейін.

3) Арқат, Саржал, Тоқтамыс ауылдарында клуб үйін жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

4) Ауылдағы қаңғыбас иттерді жоюды ұйымдастырсын.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Медеу ауылдық округінің әкімі Д.Мұхтарұлы баяндама жасады.

Медеу ауылдық округінде жалпы халық саны 527, оның ішінде 120 жанұя 55 зейнеткер, алтын, күміс алқа иегерлері-25, еңбек және тыл ардагері-1, «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері-93 есепте тұрады.

Медеу орта мектебінде 87 оқушы, алды даярлық тобында 12 шағын орталықта 11 бала тәрбиеленеді, 27-оқытушы, 3-тәрбиеші, 18-жұмысшы жұмыс жасайды.

Мед.пунктте - 1 фельдшер, 1-жұмысшы. Әкімшілік аппаратында 4- мемлекеттік қызметкер, 1-жүргізуші, 3- жұмысшы тіркелген. Ауылдық клубта 5-адам, «Қыдыр» кітапханасында 1- кітапханашы, пошта -1, қазақтелеком – 1 адам жұмыс атқарады. Ауылда 44 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруа қожалықтарында 108 адам жұмыс жасайды. Қазіргі таңда клуб үйінде клуб меңгерушісі,күзетші,сантехник және еден жуушы штаттары ашылып толық жұмыс істелуде. Ауылдық кітапханада және клуб үйінде әр тақырыптар аясында ауыл жастары мен мектептің оқушылыларының қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері және бір кітап, ауыл атты кеш ұйымдастырылып отырады. Сыбайлас жемқорлық, қылмыстың алдын–алу және нашақорлықпен күрес жөніндегі бағдарламаға сәйкес әр тақырыпта іс-шаралар өткізіліп жергілікті баспасөз «Абай елі» газетіне ауыл тынысы туралы және т.б мақалалар жарияланып тұрады.

Ауылдық округте жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында әр-түрлі мәдени спорттық шараларды өткізіп тұру дәстүрге айналған. Ауыл клубында орналасқан кітапханада жас оқырмандар арасында пікір сайыстары, дөнгелек столдар,семинарлар ұйымдастырылып тұрады.

Сыртындағы футбол алаңында жарыстар өткізіліп отырады. Ауыл жастары аудан көлемінде өтетін жарыстарға белсене қатысып, бірнеше рет жүлделі орындардан көріне білді.

Ауданның елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес бір шама жұмыстар жүргізілді. Шығарылған күл-қоқыс 580 тонна.

Аудан әкімінің тапсырмаларын орындау мақсатында ауылдың кіреберісіне қақпа орнатылып, хоккей корты жасалды. 2011-2012 жылдары «Халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 6 адам 2 000 000 теңге, «Сыбаға» арқылы 2 шаруа қожалығы несие алып жұмыстар жүргізуде.

Сол бағытта бұрынғы кеткен кемшіліктер болса түзей отырып, елдің әл-аухатын көтеру жолында барлық жұмыстар жасала береді.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қарауыл ауылдық округінің әкімі Д.Мұхтарұлы баяндама жасады.

Аудандағы елді мекендерді көгалдандыру көркейту санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде тазалық айлығына орай, Қарауыл ауылында 7 топ құрылып, әрбір көшелерге комиссия тағайындалып, оның тазалығы, үйлердің ақталуы, қақпалары мен шарбақтарының боялуын қадағалау атап тапсырылды. Комиссияның қорытындысы негізінде Ұлжан, Шәкәрім көшесінде 154 үй болса, соның бәріне ескерту жасалды. 116 үйден күл-қоқыс шығарылды. 38 үйде күл қоқыс шығарылмаған. 113 үйдің қақпа шарбағы боялып, үйлері ақталған.

Бекбосынов көшесінде 82 үй бар. Соның 53 үйінің күл-қоқысы шығарылды. 13 үй мен қорасы ақталу, сылану керек. 23 үйдің күл-қоқысы шығарылу керек. 12 үйдің қақпасы, шарбағы боялуы қажет.

Әйгерім көшесінде 76 үй бар. Барлығы араланды, ескерту жасалды. 68 үйде күл-қоқысы жоқ. Таза 8 үйде күл-қоқыс бар шығарады. 15 үй ақталу, сырлану, қақпа, шарбағын боялуы қажет.

Тоқтамыс көшесінде 45 үй бар. 37 үйдің күл-қоқысы шығарылған. 8 үйдің күл-қоқысын шығару қажет. Барлығы үйі мен қорасын ақтаған, қақпа, шарбағын бояған.

М.Әуезов көшесінде 72 үй бар. Барлығын аралап ескерту жасалған болатын. 65 үйдің күл-қоқысы тазаланып шығарылды. 7 үйдің қоқысы бар.8 үйді ақтау қажет.6 үйдің қақпа шарбағын бояу керек.

Ақылбай көшесінде 62 үй бар. 58 үйдің күл-қоқысы шығарылды.8 үйдің сыртын ақтау керек. 8 үйдің қақпа, шарбақтары сырлану керек.

Баян көшесі бойынша 72 үй бар. Барлығына ескерту жасалған болатын. Содан 58 үйдің күл-қоқысы тазаланды, 5 үйдің күл-қоқысын шығару қажет. 11 үйдің қақпасын сырлау керек.

Қ.Мұқаметханов көшесінде 45 үй бар.Соның бүгінгі күнге тазаланғаны 34 үй, 6 үйдің күл-қоқысын шығару қажет. 17 үйдің сыртын ақтау,бояу жұмыстары бар.

Абай көшесінде 84 үй тұрады.20 үйдің қақпасын бояу және сыртын ақтау керек. 72 үйдің күл-қоқысы шығарылды.Қалған 12 үйдің күл-қоқысы шығарылмақ.

Молдағалиев көшесі бойынша 68 үй бар. 40 үйдің күл-қоқысы шығарылды. 21 үйдің күл-қоқысы шығарылмай тұр. 5 үйді ақтау керек. 3 үйдің шарбағын бояу қажет.

Мамай көшесінде 60үй бар.Соның ішінде 60 үйге барып үй иелеріне ескерту жасалған болатын. Мамай 65,12 пәтерлі және 27 пәтерлі үйлердің күл-қоқысы шығарылды. 56 үйдің күл-қоқысы шығарылып, 19 үйдің сыртын, қақпасы шарбағын сырлауды қажет етеді.

О.Құтжанов көшесі бойынша 32 үй бар. Барлық үй араланып Құтжанов 2 көшесінің 16 пәтерлі үйлердің күл-қоқысын шығаруға ақшаларын жинауда.Қалған үйлер күл-қоқыстан таза. 5 үйдің қақпа-шарбағын бояу және 4 үйді ақтау керек. 5 үйдің күл-қоқысын шығару қажет. 27 үйдің күл-қоқысы шыққан.

Ал, Көкбай көшесінде 51 үй бар.Осының 48 үйінен күл-қоқыс шығарылып, 3 үйдің күл-қоқысы шықпаған. Барлық үйлер мен қоралары ақталған.Шарбақ-қақпалары боялған.

Сүндетбаев көшесі бойынша 52 үй тұрады. Барлық үйді аралап,ескерту жасалған. 13 үйдің күл-қоқысы шығарылмай тұр. 13 үйдің қақпасын бояу қажет. 2 үй қақпасын бояды. 39 үй күл-қоқысын шығарды.

Ал, Зере көшесінде 46 үй бар. Барлық үйлер араланып, 33 үйдің қорғаны боялған, 8 үй боялмаған. 32 үйдің қақпасы боялған. 42 үйдің күл-қоқысы шығарылған, 4 үйдің күл-қоқысы шығарылған жоқ.

Құнанбай көшесі бойынша 13 үй бар, 9 үйдің күл-қоқысы шыққан. 10 үйдің қақпасы боялған. 4 үйді ақтау қажет.

Ералы көшесінде 9 үй бар. Барлық үйдің күл-қоқысы шығарылған. 2 үйді ақтау керек. 1 үйдің қақпасын бояу қажет.

Баян және Қ.Мұхаметқанов көшесіндегі көше жолдарын көтеру жұмыстарына 11771,0 мың теңге қаралып, сәуір айындағы конкурстың қорытындысы бойынша бір көзден алуды ЖШС «Дерикар» ұтып алған болатын, қазіргі уақытта сәуір айына 4,500 мың теңге атқарылған жұмыс актісі бойынша ақшасы аударылды.Ғимараттың жылу жүйесіне 900000-00 теңгеге Бей-Секе» -Жеке кәсіпкері конкурсы арқылы ұтысқа шығып сәуір айына 450 000 теңге атқарылған жұмыс актісі бойынша ақшасы аударылып,жұмысын бастап жатыр.

Жалпы Қарауыл ауылында осы жылдың мамыр айынан Абай көшесін 48005 мың теңгеге жөндеу жұмысына қаржы бөлінген. Осы қаржыға конкурс арқылы ЖШС «Дерикар» жеңімпаз болып танылып жұмысқа кіріспек.

Баларға арналған саябақ салу үшін 25000 мың теңгеге,Тәуелсіздік алаңын көгалдандыруға 10 000 мың теңгеге, Қ.Мұхаметқанов көшесін жарықтандыруға 2572,0 теңгеге, Құнанбай көшесін жарықтандыруға 4228,0 теңгеге,Баян көшесін жарықтандыруға 4122,0 теңгеге. Орталық алаңды, сахнаны дюралайт орнату арқылы безендіруге 3000 мың теңгеге және алаңға 5000 мың теңгеге экран орнату үшін қаралған қаржыларды Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықжолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы /без применение норм/ КГКП «Риза» мекемесі осы жұмыстарды атқаратын болады. Мердігер «Оспан Айдын» Көгалдандыру, көркейту жұмыстарына «Риза» арқылы 6,000 мың меңгеге қаржы қаратылып, алаңын және субұрқақ жасау жұмыстары мен балалар саябағының жұмыстары қарқынды жүруде.

Үстіміздегі жылы «Туған елге» тағзым бағдарламасы бойынша 85 000 мың теңгеге О.Құтжановтардың демеушілігімен Күрес және бокс спорт кешені салынбақ.


Күн тәртібіндегі екінші мәселені тыңдап және талқылай келе аудан әкімдігінің отырысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Аталған мәселеге байланысты Медеу ауылдық округінің әкімі Д.Мұхтарұлының баяндамасы еске алынсын.

2.Ауыл әкімдеріне және мекеме басшыларына төмендегі шараларды жүзеге асыру міндеттелсін:

1)Аудан әкімі, оның орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларының орындалуын үнемі бақылауда ұстау;

2)ауыл әкімі аппаратындағы іс-құжаттарды жүргізудің нысандарын және әдістерін жетілдіріп, орындаушылық тәртібін арттырудың іс-шарасын әзірлеуді ұйымдастыру;

3)Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдарына толық және заңда көрсетілген мерзімде жауап берілуін қатаң бақылау ұстау;

4)ауыл әкімдері «Жұмыспен қамту-2020», «Сыбаға», «Жайлау» бағдарламаларын байланысты халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың несие алып мал өсіруіне жағдай жасау;

5)ауылда бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөліп, жағдай жасау

6)Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылды көркейту және абаттандыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру.

3.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аппарат басшысы С.Мұқажанға жүктелсін.



Отырыс төрағасы: Т.Мүсәпірбеков
Отырыс хатшысы: Д.Маратұлы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет