Абай ауданының 2010 жылғы үшінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы



жүктеу 89.75 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі89.75 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Абай ауданының 2010 жылғы үшінші тоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы.



  1. ӨНЕРКӘСІП

2010 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 378599,0 мың тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 98,2 пайызды құрайды. Былтырғы жылы осы мерзімде аудан көлемінде 385676,0 мың теңгенің тауарлық өнімі өндірілген болатын.

«ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 12554,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 142 пайыз құрайды, былтыр 8840,0 мың теңгенің өнімі өндірілген.

Өңдеу өндірісі жыл басынан 360387,0 мың теңгенің өнімін өндірген, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі 97,2 пайызды құрады. Былтырғы жылы 370932,0 мың теңгенің өнімі өндірілді.




  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің өскені байқалады. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 7664,2 тонна (100,2%), жұмыртқа –640 мың 600 дана (84,7%), сүт- 14509,2 (100,6%) тонна.

Аудан бойынша қой, ешкі малы 321533 бас (101%), (аналығы 162031 бас), мүйізді ірі қара 41346 бас (93,6%) (аналығы 18169 бас), жылқы 18803 бас (104,6%) (аналығы 7361 бас) қолда бар.

2010 жылдың 9 айлық қортындысы бойынша ауданда асыл тұқымды шаруашылықтардың саны 29 жетті. Қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 19 шаруашылық, жылқыдан-9, ірі қара малынан-1 шаруашылық айналысуда.

Биылғы жылы ауданға жоспар бойынша қысқы қатаң мал азығы 100 мың тонна шөп дайындау қажет болатын болса, қазіргі уақытқа 136,6 мың тонна мал азығы дайындалып 136,6 пайызға орындалды. Ауданда жүк машиналары-170, тракторлар-416, трактор тіркемелері-206, трактор соқалары-6, трактор шөп шапқыштары-161, трактор тырмауыштары-104 (Шөп жинағыш), шөп тайлағыштары-18 (пресс-подборщики) бар. Шөп шабу науқанына Семей қаласындағы «Тинор» ЖШС-і операторымен 266 тонна арзандатылған дизель отынын алуға келісім шартқа отырып шаруа қожалықтары жанар-жағар маймен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күнге 9 ауылдық округте малдәрігерлерімен қамтамасыз етіліп, малдәрігерлеріне жаңа компьютер алынып, мал басын бірдейлендіру жұмысының базасы орнатылды. Аудан бойынша мал басын бірдейлендіру жұмыстары бүгінгі күнге жоспар бойынша МІҚ 9000 бас, қой-ешкі 80000 бас, жылқы 3000 бас, 11 бас түйе бірдейлендіру жұмыстарынан өтіп, компьютерлік базаға енгізілуде. Барлығы 19386 төл құжат берілді. Ауылдық округтерде жаңа типтік мал қорымдарын салуға аудандық мәслихаттың шешімімен жергілікті бюджеттен барлығы 3 млн 200 мың теңге бөлініп 8 ауылдық округке малдәрігерлік талапқа сай салынып,жұмыс жасауда.Сондай-ақ, қаңғыбас ит пен мысықты жоюға 9 ауылдық округке 820 мың теңге қаржы бөлініп, иесіз қаңғыбас 1398 ит жойылды. Аудан бойынша ауылшаруашылық малдарын жұқпалы ауруларға алдын ала егу және қан алып жеткізу жұмыстары жоспар бойынша атқарылуда. Бүгінгі күнге жоспар бойынша 303122 бас қой малы, жылқы 433 бас, МІҚ 47198 бас бруцеллезге, инфекциялық эпидидимитке 3957 бас қошқар тексерілді. Сараптама негізінде 428 бас ірі қара малы оң нәтиже берді. Бұл малдар малдәрігерлік ережеге сәйкес «Семей ет комбинаты» ЖШС-не келісім шарт бойынша өткізілді. Жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық алдын ала егу жұмыстары жоспар бойынша толықтай орындалды. Сібір жарасына МІҚ 43600, қой-ешкі 274500 бас, жылқы 15300 бас егілді. Аусылға МІҚ 40000 бас, қой-ешкі 186000 бас, эктима ауруына 11000 бас егілді. Туберкуллез ауруына 58400 МІҚ, 110 бас түйе, 6500 бас жылқы сап ауруына тексерілді. 500 ит құтырмаға қарсы егіліп, 6000 ит эхинококкоз ауруына қарсы дәріленді. 9 ауылдық округте жеке кәсіпкерлер негізінде 10 арнайы мал сою алаңдары малдәрігерлік талапқа сай жұмыс жасауда.




  1. КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС.

Аудан бойынша төмендегідей жолаушы тасымалдау бағыттары бар:

Бірінші бағыт - Семей-Қасқабұлақ-Қарауыл, бұл бағыт бойынша шетел автобустары қатынайды, автобустың сыйымдылығы 50 орын.

Екінші бағыт – Семей-Қасқабұлақ-Қарауыл-Кенгірбай би-Көкбай-Құндызды бағыты бойынша ГАЗель микроавтобусы қатынайды, сыйымдылығы 15 орын.

Үшінші бағыт - Семей-Қасқабұлақ бағыты бойынша ПАЗ автобусы қатынайды, автобус сыйымдылығы 26 орын.

Ауданда барлық елді мекендермен аудан ішілік тасымалы сұранысқа қарай жеке тұлғалардың меншік автокөліктерімен жүзеге асады.

Аудан бойынша 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудандық көлікпен шамамен 36714 тонна жүк тасымалданған. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің үлесі басым. 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жолаушы тасымалдаушы автобустар және жеке меншік тасымалдау арқылы шамамен 281958 жолаушы тасымалданған.


  1. ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.
Ауданның әлеуметтік–мәдени және әкімшілік нысандарын 2010-2011 жылдардағы қысқы от жағу маусымына дайындауға бекітілген іс-шаралар негізінде жұмыстар орындалуда, аудан бойынша: 11 жылу қазандығы, 17 білім саласы мекемелері, 9 денсаулық сақтау нысандары дайындалды. Архат ауылындағы жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория қазан айында іске қосылатын болады.

56,2 шақырымдық 6 елді мекендердегі су құбырлары: (Қарауыл, Кенгірбай би, Медеу, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды), 11 су скважиналары әзірленіп, халыққа қызмет көрсетуде.

Ауданды қысқы 2010-2011 жылдардағы қыс маусымына әзірлеуге, жылыту маусымында тұрақты жұмыс істеу мәселелеріне аудандық штаб құрылған. Мектептер, денсаулық сақтау объектілері, басқа да мекемелер мен кәсіпорындарда көмірге тендер өткізілген.

Аудан бойынша 2010 – 2011 жылдарға 24 953 тонна көмір қажет. Оның ішінде 15 000 тоннасы отты өз үйлеріндегі жеке пеш арқылы жағатын тұрғындарға, 3453 тоннаға жуығы жергілікті бюджеттік мекемелерге, 800 тоннасы денсаулық сақтау мекемелеріне және 5700 тоннасы басқа мекемелер мен кәсіпорындарға түсірілмек. 2010 жылдың қыркүйек айында бюджеттік мекемелер мен денсаулық сақтау нысандарына 695 тонна, өзге де мекемелерге 1000 тонна көмір түсірілген, тұрғындарға көмір тасу жеке меншік тасушылар арқылы түсірілуде. Қыркүйек айында жиыны аудан бойынша қазіргі кезде шамамен 6 895 тонна көмір тасылып жеткізілген. Бюджеттік мекемелерде 1 тонна көмірдің тағасы 3800-6400 теңгені құрайды, жеке тұрғындар үшін 1 тонна көмірдің бағасы 5500 теңге.

Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

2010 жылға аудан бюджетінен аудандық маңызды жолдарды қысқы-жазғы ұстау, күтіп ұстау және ағымдағы жөндеуге 12 923,0 мың теңге бөлінген және толықтай игерілген. Оның ішінде 2,0 млн теңгеге маусым айында Тоқтамыс ауылына кірме жолға, шілде айында 2,0 млн теңгеге Архат автожолына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Аудан әкімдігінің 06 қыркүйек 2010 жылғы №262 қаулысымен «2010-2011 жылдары күзгі-қысқы кезеңінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, жасанды құрылыстарды, өндірістік базалар мен жол техникаларын қауіпсіз және тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары» бекітілген. Аталған іс шара негізінде жолдардың қысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудан бойынша бүгінгі күні 6 елді мекенде су құбыры жұмыс жасап (Қарауыл, Кенгірбай би, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды және Медеу), халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Аудан тұрғындары мен мекемелерін ауыз сумен «Риза» КМҚК қамтамасыз етеді. Мекемелер мен кәсіпорындарға судың 1 текше метрінің тарифі 283,09 теңге, ауыл тұрғындарына ай сайын 1 адамға 101 теңге болып белгіленген.

Аудан халықтарын сумен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 8 800,0 мың теңге қаражат бөлінген. 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 6 273,0 мың теңгесі игерілген. Маусым айында Қарауыл ауылындағы су құбырына 2,0 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.


5. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Ауданымызда 936 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 11214,0 (102,8%) мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1788 адам жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 576 шаруа қожалығы тіркеліп, 1516 адам жұмыс атқарады және 3885,0 (100,5%) мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 148 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 3855,0 (102,7%) мың теңге. 189 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 1487,0 (100,4%) мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 21 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 199 адам жұмыс жасайды. Бұлардан түскен салық көлемі 1987,0 (110,1%) мың теңге.




  1. БАҒАЛАР

Ауданда апта сайын негізгі халық тұтынатын тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде талдау жасалып отырады. «Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші» деп Жолдауда көрсетілгендей әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Осыған байланысты

Бүгінгі күні нанның бағасы 40 теңге. Ауылшаруашылық өнімдерінің тікелей өндірушілерден тұтынушыға алыпсатарларсыз жетуі үшін, аудан әкімінің ұйытқы болуымен әр сенбі сайын ауылдық округтерге ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.
7. БЮДЖЕТ
Аудан бойынша 2010 жылға бюджет кірісі 1 197 419,0 мың теңгеге бекітілді. Ресми трансферттердің көлемі 1047336,0 мың теңге. Ауданның өз кіріс көздері есебінен түсім 150 083,0 мың теңге болып жоспарланды.

2010 жылдың 9 айында бюджеттің кіріс бөлігі 1145411,3 мың теңгеге жоспарланып, ол 1153815,7 мың теңгеге, 100,7 пайыз болып орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 9 айда 1150844,4 мың теңгеге жоспарланып, 1141432,3 мың теңгеге орындалды, 99,2 пайыз болды. Жергілікті бюджет кірісі 9 айда 91247,0 мың теңгеге жоспарланып 99811,8 мың теңгеге орындалды, немесе 109,4 пайызды құрады.





  1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА
1 қазан 2010 жылға 112 отбасыға және 411 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 6465,3 мың теңге тағайындалып, 6742,0 мың теңге төленді.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2124 балаға 24225,8 мың теңге толенді. Тұрғын үй жәрдемақысы 304 жанұяға 5310,8 мың теңге төленді.

«УБА» шипа жайына 24 зейнеткер адам демалып қайтты.

Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және қатысушыларға теңестірілгендерге 5000 теңгеден 23 адамға, 1035,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер,яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүгедектерге ай сайын 2000 теңгеден 322 адамға, 5986,0 мың теңге коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері төленді.

Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған 266 анаға 2035,0 мың тенге 4 және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар көп балалы аналарға 250 анаға 2500,0 мың теңге 8-наурыз мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 5000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.

Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша демеушілік арқылы 444 адамға 2166,0 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, ақшадай көрсетілді.

Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 3714,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. 2007 жылға Семей медициналық академиясына 2-бала, Семей педагогикалық институтына 2-бала. 2008 жылға Семей медициналық академиясына 2 бала Семей педагогикалық иниститутына 3-бала 2009 жылға Семей медициналық академиясына 1-бала, Семей педагогикалық институтына 5-бала. 2010 жылға Семей медициналық академиясына 1-бала, Семей педагогикалық институтына 5-бала. Жиыны 21 бала грант бойынша оқуда.

1 қазан 2010 жылға 63 жұмыссыз адам есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 0,8 пайыз.

Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу 182 адам жіберіліп, 10031,0 мың теңге төленді.

Кәсіптік білім беру және қайта даярлыққтан өткізуде Семей қаласындағы «Болашақ» кәсіптік мектебімен, «Семей құрылыс» колледжімен келісім шарт жасалып жұмыссыз азаматтар оқытылуда. Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында оператор, дәнекерлеуші, слесар-сантехник, азпазшы, сылақшы, электромонтер мамандықтарына жиыны 47 адам оқуға жіберілді, оның ішінде «Жол картасы» бойынша 31 адам. Жастар іс тәжірибесіне жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 13 жұмыссыз жастар «Жол картасы» бойынша жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына 7 аз қамтамасыз етілген жұмыссыз адамдар жіберілді.

1 қазан 2010 жылға жиыны 82 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты.


  1. БІЛІМ

Аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 2 қосымша білім беру мектебі, 1 шағын кешенді негізгі мектеп (150 оқушы) жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 2834 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 сынып, 165 сынып комплектісі болып отыр. Сыныптар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 19,43%.

Абай ауданы мектептерінде 426 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 372, арнаулы орта – 52, орта білімді – 2. Мұғалімдердің біліктілігін жоғарлатуда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 17 мұғалім жоғары санатқа өткізіліп, облысқа бекітуге ұсынылды. 9 мұғалім өз санатын қайта қорғады. Жоғары санат бойынша 49 мұғалім өз біліктілігін қорғаса, 41 мұғалім жаңадан 1 санатқа өтті. Сондай-ақ мектептер бойынша 76 мұғалім 2 санатқа өтіп, жиыны 206 мұғалім аттестациядан өтті.
10. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудан халқына медициналық көмек 1 медицина бірлестігімен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 2 медициналық пунктімен, 2 ғимаратсыз медицина қызметкерлерімен атқарылады.

Ауданда 42 жоғары білімді дәрігер, оның 27 квалификациялық категориясы бар–64,2%, орта буын медицина қызметкерлері–84, оның 46,4%-ында квалификациялық категория бар.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 26,1 – 10 000 халыққа облыс көрсеткіші 37,9. Медбикелермен қамтамасыз етілуі 51,0 – 10 000 адамға облыс көрсеткіші 87,2.

2010 жылдың наурыз айынан бастап кейбір тегін берілетін дәрілер келе бастады (қант диабеті, бронхиалды астма, жүйке ауруларына, 1 жасқа дейінгі балалар тамағы, ана мен бала қобдишасы).



Архат ауылына 92,217 млн. теңге дәрігерлік амбулатория салынып, жұмысы аяқталу барысында.
11. ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жыл басынан бері ауданда 48 қылмыс тіркеліп, 89,1 пайызы ашылды. Ауыр қылмыстардан 2 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 33 қылмыстық іс тіркеліп, 83,3 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар тарапынан қылмыстық 1 іс тіркеліп, 100 пайыз ашылды.

12. ДЕМОГРАФИЯ
Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер: 2010 жылдың 9 айында туған бала саны –126, қайтыс болғандар саны – 84 адам, табиғи өсім +42 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 2204 адам, ал кеткені - 463 адам. Көші-қон сальдосы +1741 адам. Аудан бойынша 01.10.2010 жылға халық саны – 15742 адам.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы: Б.Б.Тәттібеков



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет