Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбековтің кезекті есеп берудегі баяндамасының тезистері Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ»



жүктеу 120.45 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі120.45 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Абай ауданының әкімі Т.Мүсәпірбековтің кезекті есеп берудегі баяндамасының тезистері
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауда өткен 2014 жылы ауданда біршама жұмыстар атқарылды.

Барлық ұйымдастыру, саяси жұмыстар Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіруге, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтауға, адамзат құндылықтарын дәріптеуге, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталды.

Сондай-ақ, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында жаһандық дағдарысты еңсеру мақсатында халықтың кәсіппен айналысып, табыс табуына, әсіресе, көліктік инфрақұрылымды дамытуға көптеген жұмыстар жасалатындығы жайында кеңінен айтылған.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар ауданның әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Үкіметтік бағдарламалар игілігін дұрыс пайдалана білудің нәтижесінде аудан экономикасы көтеріліп, елдің әл-ауқаты артуда.

Осы орайда Абай ауданы мал шаруашылығын кәсіп еткен өңір болғандықтан мал шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік бағдарламаларды мүмкіндігінше толық пайдаланып келеді.

Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығынан өндірілген ет-сүт өнімдері артығымен орындалды.

Аудан бойынша 2015 жылдың 1-ші қаңтарына кіретін мал басы: қой, ешкі малы 283765 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 100,1%; Мүйізді ірі қара малы 43824 бас, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 102,0%; Жылқы малы 24040 бас 101,5%; Түйе малы 152 бас 104,8% құрады.

Ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын 512 шаруа қожалығы және 2841 жеке меншік қосалқы шаруашылықтары тіркелген.

2014 жылы ауданда асыл тұқымды шаруашылықтардың саны 45-ке жетті. Қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 26 шаруашылық айналысуда, асыл тұқымды қой малының үлес салмағы 18,1 %, жылқы малынан 16 шаруашылық, үлес салмағы 23,9%, ірі қара малынан 3 шаруашылық айналысуда, асыл тұқымды ірі қараның үлес салмағы 5,7%-ды құрайды. Биылғы жылы ірі қара мал өсіретін 3 шаруашылық асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алды.

«Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру бағдарламасы» аясында мүйізді ірі қара малын асылдандыру, селекциялық жұмыстарын жүргізу үшін 2012 жылы 63 шаруашылық қатысқан болса, 2013 жылы 131 шаруа қожалығы қатысты, ал 2014 жылы 156 шаруа қожалық қатысып отыр. Яғни тұқымдық түрлендіруге қатысатын шаруашылықтар саны жылма жыл артып отыр. 2013 жылы 1 басқа 14000 теңге төленген болса, 2014 жылы 1 бас аналыққа төленентін субсидия 18000 теңгені құрады.

Асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу бойынша 2013 жылы 86 шаруа қожалығы 315 ірі қара малын сатып алса, 2014 жылы 105 шаруа қожалығы 412 ірі қара малын сатып алды.

Асыл тұқымды жылқы малын сатып алу бойынша 2013 жылы 17 шаруа қожалығы 433 бас жылқы сатып алса, 2014 жылы 20 шаруа қожалығы 461 бас жылқы малын сатып алды.

Саржал ауылдық округіндегі қымыз өңдеу цехы өз жұмысын жандандыруда. Қымызды өндіріп, сату бойынша 2013 жылы 3 шаруа қожалығы 98 тонна қымыз өндірсе, 2014 жылы 5 шаруа қожалығы қатысып 160 тонна қымыз өндіріп, 9 млн. 616 мың теңгеге субсидия қаражатын игерді.

Жалпы аудан бойынша игерілген субсидия көлемі жылма-жыл өсуде.

«Қазагрофинанс» АҚ Өскемен қаласындағы филиалы арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында 1 шаруашылық 2 МТЗ-82 тракторын және қосымша шөп шабу агрегаттарымен лизингке алса, тағы 1 шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 1 МТЗ-82,1 тракторын, қосымша құралдарымен сатып алып, құжаттарын 50 пайыз шығынын өтеуге құжаттарын өткізіп, комиссия тарапынан шығынын өтеуге оң шешімін алды.



Аграрлық несие корпорациясы және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ауылшаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін арттыруда «Сыбаға» бағдарламасымен 2011-2014 жылдары барлығы 2158 бас мүйізді ірі қара 389 млн 680 мың теңге несие қаражатына сатылып алынды.

Шөп шабу науқанына Семей қаласындағы «АЗЗАР» ЖШС арқылы шөп шабу, жинау жұмыстарына биылғы жылы 180 тонна арзандатылған дизель отынына сұраныс беріліп, уақытында игерілді.

Былтыр екінші рет Республика көлемінде «Шыңғыстау» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке аудандағы мал шаруашылығын дамытуда, мал тұқымын асылдандыруда жаңа серпін берді. Оған Шығыс Қазақстан, көршілес Павлодар, Ақмола, және Қарағанды облыстарынан шаруа қожалықтары қызығушылық танытты.

Аудан бойынша үдемелі индустриялық жобалар қатарына енгізу үшін облыстық үйлестіру кеңесінің қарауына «ГРК Борли» ЖШС «Мақсұт» кен орынында кен байыту цехының құрылысын салу жобасы мақұлданды. Қазіргі уақытта қажетті құжаттар Республикалық үйлестіру кеңесіне жолданды. Жобаның жалпы құны – 1 млрд. 082 млн. теңге. Ашылуға жоспарланған жұмыс орыны: 97 адам.



«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 2014 жылы 119 адам 202,0 млн.теңге шағын несие алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бойынша жалпы 40 адамға 8116,0 мың теңге қаражат бөлініп, оның ішінде кәсіби оқытуға 25 адамға 4838,0 мың теңге, қайта даярлауға 15 адамға 3278,0 мың теңге игерілді.

Қайта даярлауға Семей қаласындағы «Құрылыс» колледжінде «Электрмен дәнекерлеуші» 7 адам, «Жастар» колледжіне автокөлік жүргізуші мамандығына 6 адам, аспазшы мамандығына 4 адам 3 ай мерзімде оқып бітіріп, 17 адам толықтай жұмысқа орналасты.

Кәсіптік оқытуға «ветеринар» мамандығы бойынша 15 адам, «тракторист-механизатор» мамандығы бойынша 10 адам 10 айлық курста оқуларын жалғастыруда.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 3405,0 мың теңге қаржы бөлініп, 30 адам 12 айға жеке кәсіпкерлерге, қожалықтарға жұмысқа жіберілді, 20 адам жұмысын жалғастыруда. 10 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Тоқтамыс ауылындағы су-құбыры құрылысы аяқталды. Саржал ауылының су құбырын кеңейту жұмыстары істелді. Қарауыл, Көкбай ауылдарындағы су құбырларын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» арқылы Қасқабұлақ ауылындағы Абай көшесі және Көкбай ауылындағы Шәкәрім көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ж.Молдағалиев, М.Әуезов атындағы мектептері республикалық бюджеттен ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Қарауыл ауылындағы Бекбосынов, Құнанбай көшелеріне және орталық алаңды жарықтандыру жұмыстары жасалды. Қарауыл ауылындағы саябақтарды көгалдандыру жұмыстары, Мамай, Абай көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Қарауыл ауылындағы Ералы, Мамай көшелерінің жолдары жөнделді.



«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Құндызды және Тоқтамыс ауылдарына шағын футбол алаңдарын салу, Тоқтамыс ауылын жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы осы бағдарлама бойынша 9 жоба көше жарықтандыруға және 1 жоба балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен тиісті 14 млн. теңге қаржы қаралады.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 1 млрд.738 млн.700 мың теңгені құрап, 124,6% орындалды.

Жергілікті бюджет кірісі (салық) жоспар бойынша 269 млн.теңге құраса, нақты 279 млн. теңге түсіп, 112 пайызға артты.

Бюджет шығысының жоспары 2014 жылы 99,9 пайызға орындалды.

Аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 77,2 пайыз болды.

Қасқабұлақ, Көкбай, Саржал тірек ауылдарында атқарылатын жұмыстар одан әрі жалғасын табуда. Осы ауылдар бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» арқылы 120 млн. 653 мың.теңге қаражат игерілді. Өз қаражаты есебінен 51 млн. 500 мың.теңге игерілді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша 17 млн. теңге көлемінде қаражат игерілді.

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Тірек ауылдары бағдарламасына енгізілген Көкбай, Саржал, Қасқабұлақ ауылдарында былтырғы жылы біршама жұмыстар атқарылды.



Көкбай ауылында орталық көше жөнделіп, жиһаз цехы, мал сою алаңы, дөңгелек жөндеу цехы, газ балонын сақтау және сату қоймасы, кіші наубайхана және дүкен ашылды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында балалар саябағы салынды.

Қасқабұлақ ауылында көлік жөндеу станциясы, наубайхана ашылып, орталық Абай, Әуезов көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мал бордақылау алаңын қайта жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, азық түлік дүкені ашылды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жеңіс алаңы абаттандырылды.

Саржал ауылында 300 орындық жаңа мектеп, мәдениет үйі пайдалануға беріліп, су құбыры кеңейтілді. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Еңбек даңқы» аллеясы ашылды.

Тек, осы үш ауыл ғана емес, басқа ауылдарда да көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жалпы халықтық сипат алды. Барлық ауылдардың келбеті ажарлануда. Көркейту, көгалдандыру, жаңа әлеуметтік нысандар ашу жұмыстары басқа да елді мекендерде де қауырт қолға алынды.

Қарауыл ауылында көркейту көгалдандыру бойынша жергілікті «Риза» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және Көркемсурет мектебі ұстаздарының еңбегімен көшелер түрлі-түсті жарық шашатын дюралайдтармен көркемделді.

Барлық ауыл мектептерінде шағын этноауыл, жылыжайлар жобасы іске асырылуда, ауданның барлық мектептерінде мектеп базасында этнопарктер ашылды.

Қарауыл ауылындағы Абай, Мамай, Әуезов, Молдағалиев, Құнанбай көшелеріне, Орталық алаңға көркейту, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бекбосынов көшесінде орналасқан саябақ абаттандырылды.

Орталық алаң және Құнанбай, Бекбосынов көшелері жарықтандырылды.

Мамай, Ералы, Шәкәрім көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселінді.

Тоқтамыс ауылындағы футбол алаңы, мәдениет үйі ашылды. Әуезов көшесі жарықтандырылды. Ауылдағы су құбыры құрылысы аяқталып, ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Құндызды ауылында футбол алаңы пайдалануға берілді.

Архат ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Медеу ауылындағы су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Істелген жұмыстардың барлығы да облыстың қала-аудандарына үлгі ретінде таратылды.



«Туған жерге тағзым» акциясы аясында игілікті іс-шаралар ауданда жылма-жыл жалғасын табуда. Былтырғы жылы жерлес меценат Шыңғыс Құлжановтың демеушілігімен жалпы құны 120 млн. теңгеден асатын «Шыңғыстау» спорт кешені ашылды.

Жылда мектеп бітіргеніне 10, 20, 30 жыл толған түлектердің туған ауылына қандай да бір игілікті іс жасауы дәстүрлі жолға қойылған. Түлектер ауылдарды көркейтуге, абаттандыруға, пән кабинеттерін жабдықтауға, тағы да басқа игілікті шараларға жылма-жыл белсене үн қосып келеді.

Сондай-ақ, Көкбай ауылында Ұлы Отан соғысына қатысушы Б.Баймұхаметов атындағы балалар саябағы, Саржал ауылында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер демеушілігімен балалар саябағы және «Еңбек даңқы» аллеясы ашылды. Тоқтамыс ауылында Тоғжан ана мазары жөнделді.

Осы акция аясында 2014 жылы жасалынған жоба саны 29, қаржысы – 113 млн. 100 мың теңгені құрады.



Білім саласы бойынша.

Ауданның жалпы білім беретін 11 мектептерінде 412 мұғалім, қосымша білім беру саласында Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі, балалар көркемсурет мектептері жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру мақсатында 3 балабақша, 15 шағын орталық жұмыс істеп тұр.

Қарауыл ауылында мектепке дейінгі білім беру көрсеткіші 100 пайыз қамту мақсатымен 140 орындық балабақшаның құрылысы салынуда, балабақшаның құрылысы 2015 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Қарауыл гимназиясына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджет есебінен бастауыш сыныптың 1060 оқушысы, аз қамтылған тұрмысы төмен 502 оқушы тегін тамақтанады.



Ұлттық Біріңғай тестілеу нәтижесі бойынша жылма-жыл аудан түлектерінің білім деңгейі өсуде. 2012-2013 оқу жылында орташа балл 70,4 болса, былтырғы 2013-2014 жылында 76,5 балл болды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша (Ауданда 1 орталық емхана, 1 аудандық поликлиника, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді) жалпы 218 медицина қызметкерлері бар, оның ішінде 40 дәрігерлер, 97 орта буын қызметкерлері, 81 төменгі буын қызметкерлері.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасымен скринингтік тексерулер жүргізілуде. Осының нәтижесінде тұрғындардың ауру-сырқау көрсеткіштері біршама жақсарған.

Кеңгірбай-би ауылдық амбулаториясына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орталық емхананың сыртқы қоршау жұмыстары жасалды.

Ауданда 2014 жылы 77 қылмыстық іс тіркеліп 59,7 пайызы ашылған. Қылмыстың ашылу деңгейінің өзгерісінің пайыздық көрсеткішінен облыстың рейтингісінде 19 орында қалып тұрмыз. Құқық қорғау қызметкерлері осы бағытта жұмысқа тың серпін беріп, кемшілікті жою керек.



«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы 2014 жылы ауданға 18 жас маман келіп, еңбекке араласуда.

Аудандағы Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіруге, насихаттауға бағытталған барлық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар, мемлекеттік атаулы күндер жаңа идеялық мазмұндылығымен өткізілуде.

2014 жылы ақпан-сәуір айлары аралығында «Бабалар аңсаған, ұрпақтар арманы – Мәңгілік ел» атты ауылдық округтер мен аудан мекемелері арасында өнер байқауы өз мәнінде өтті.

Наурыз мерекесі, Қазақстан халқының бірлігі күні, Ұлы Жеңіс мерекесі, Мемлекеттік рәміздер мен Астана, Конституция күндері, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік мерекесі жұртшылықтың белсенді қатысуымен мерекеленді.

«Қазақстан барысы» жеңімпаздарымен кездесуге арналған шаралар, қазақ күресінен Манарбек Таутановты, Мағауия Оразбековты еске алуға арналған республикалық, облыстық турнирлер ауданда спорт саласының дамуына игі ықпал еткені сөзсіз.

«Шыңғыстау серісі» сайысы, Астана күніне арналған веложарыс, «Тәтті күлкі» қайырымдылық акциясы, аудандық «Жайдарман» ойындары, Әлем чемпиондарын ұлықтау салтанаты жастарымыздың жаңалыққа, өнерге құштарлығын, отаншылдық сезімдерінің биіктігін көрсетті.

Аға сұлтан Құнанбай қажы Өскенбайұлына Ас беріліп, Шыңғыстау бөктерінде баба жайлы көркем фильм түсірілді.

Үздік өнерімен, ерекше еңбегімен дараланған көптеген талантты жастарымыз облыстық, ресбуликалық сайыстарда топ жарды.

Астана күніне орай Республикалық жазба ақындар мүшайрасында Арман Шеризатов бірінші орынға ие болса, ауданымыздағы Мерғали Ибраев атындағы «Ақсұңқар» ақындар сыныбының тағы бір түлегі Нұржан Байтөсов Республикалық «Дарабоз-дәстүр» ақындар мүшайрасында 1 орын, Республикалық Фариза Оңғарсынова атындағы мүшайрада 3 орын иеленіп келді.

Спорт саласы бойынша Абай елінен екі жыл қатарынан екі «Қазақстан Барысы» 2013 жылы Айбек Нұғымаров, 2014 жылы Мұхит Тұрсынов шықты.

Жас балуанымыз Қуан Қуатұлы «Жас барыс» атағын иеленсе, қыздар арасында Зере Бектасқызы самбодан әлем чемипоны атанды.

Орынбор қаласында өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында 3 бірдей балуанымыз Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және Сейпілұлы Айдос Әлем чемпионы атанып, мәртебемізді биіктетті.

Аудан жастары «Аяулы жас келін» облыстық сайысында, Республикалық «Жас Ұлан» патриоттық сайысында бас бәйгені иеленіп, облыста «Жасыл ел» қорытындысы бойынша «Үздік аудан» номинациясын жеңіп келді. Жалынды жастарымыз Республикалық Жайдарман ойындарының премьер лигасында өнер көрсетті. Балдырған бишілеріміз республикалық «Айгөлек» тележобасында финалдық бәсекеге шығып, республика бойынша 2 орынды иеленді.

Үздік еңбектері үшін ауданымыздың бірқатар азаматтары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұл марапаттар барша аудан халқының жетістігі, халық болып атқарған жұмысы деп білеміз.

Өткен жылғы есеп беру кезеңдерінде аудан тұрғындарынан 17 түрлі, ұсыныс, сұраныс, пікірлер түскен болатын. Бүгінгі таңда олардың 14-і орындалды.

Ал қалған 3-уі орындалу үстінде. Олар:


  • Кеңгірбай би ауылына клуб үйін салу (Жобалық-сметалық құжаттар дайын. 2016 жылғы жоспарға енгізіліп тұр)

  • Архат ауылындағы су құбырын ағымдағы жөндеу жұмыстары. (Жобалық сметалық құжаттамалар дайын, бюджеттік өтінім ШҚО Энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасына өткізілді.)

  • Медеу ауылында ұялы байланыс орнату (Халық саны шекті деңгейіне жетпегендіктен ұялы байланыс орнату мүмкіндігі жоқ)

Атқарылған жұмыстарға талдау жасай отырып, алдағы уақытта ауқымды істерді жүзеге асыруға тиістіміз.

Биылғы жылы – Елбасы Жолдауында айтылғандай бірқатар айтулы даталар мерекеленеді. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және ең бастысы Ұлы Абайдың 170 жылдық мерекелері қарсаңында тұрмыз. Біздің барлық мәдени-көпшілік іс-шараларымыз осы атаулы мерекелердің аясында ұйымдастырылуы қажет.

Ұлы Абайдың 170 жылдығына байланысты кешенді жоспар жасалып, ауқымды шараларды ұйымдастыруымыз керек. Осы орайда Республикалық ақындар айтысын ұйымдастыру, Абай ауданына келген туристерге ел мен жердің тарихын таныстыратын танымдық-тағылымдық «Абай еліне саяхат» атты кітап шығару, «Абай жолы» айдарымен Семей-Қарауыл тас жолы бойындағы тарихи орындарға жөндеу жұмыстарын жасап, белгі қою сияқты жұмыстар бүкілхалықтық іске айналуы қажет.

Осыған орай өткізілетін іс-шаралардың тұжырымдамасын қазірден бастап қолға алуымыз қажет. 2015 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары:



  • Қарауыл, Көкбай ауылдарындағы таза ауыз су мәселесін шешу үшін жобалық сметалық құжаттарын дереу дайындап, республикалық бағдарламаға енгізу;

  • «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына ұсынған жобаларды табандылықпен іске асыру;

  • Ауданға тұрғын үй салу мәселесін шешу, тиісті органдарға дәлелдеу;

  • Тірек ауылдарында белгіленген жұмыстарды орындау;

  • Қарауыл ауылындағы жоспарланған балабақша салу жұмысына «Нұр Отан» партиясы, тиісті мекемелер бақылау жасау;

  • Қарауыл ауылындағы орталық стадионды жөндеу мәселесін шешу;

  • Денсаулық саласында Тоқтамыс, Құндызды ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу керек;

  • Ауданның жастар қауымы белсенділікпен қызмет етуі қажет, жаңа идеялар, жаңаша жобалар жасалынуы керек;

  • Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жалғастыру;

  • спорт пен дене шынықтырудың бұқаралығын арттыру;

  • қылмысқа қарсы күресті күшейту, әсіресе, ұрлықтың ашылуы, ауылдық учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыру және материалдық-техникалық базасын арттыру керек;

  • Аудан, ауыл мекемелерін, көшелерін талапқа сай безендіру керек.

Осынау ауқымды істерді атқаруда еліміздің ұлылар елі екендігін, халқымыздың тектілігін, аса жауапты істе бір кісідей жұмылатын ұйымшылдығын көрсетуіміз қажет.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет