Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбековтің кезекті есеп берудегі баяндамасының тезистері Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»



жүктеу 120.59 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі120.59 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Абай ауданының әкімі Т.Мүсәпірбековтің кезекті есеп берудегі баяндамасының тезистері
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауда өткен 2015 жылы ауданда біршама жұмыстар атқарылды.

Барлық ұйымдастыру, саяси жұмыстар Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіруге, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтауға, адамзат құндылықтарын дәріптеуге, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталды.

Сондай-ақ, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында жаһандық дағдарысты еңсеру мақсатында халықтың кәсіппен айналысып, табыс табуына, әсіресе, бюджет қаражатын үнемді пайдалану бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар ауданның әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Үкіметтік бағдарламалар игілігін дұрыс пайдаланудың нәтижесінде аудан экономикасы көтеріліп, елдің әл-ауқаты артуда.


Ауыл шаруашылығы

Абай ауданы мал шаруашылығын кәсіп еткен өңір болғандықтан мал шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік бағдарламаларды мүмкіндігінше толық пайдаланып келеді.

Ауыл шаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығынан өндірілген ет-сүт өнімдері артығымен орындалды.

Аудан бойынша 2015 жылдың 1-ші қаңтарына кіретін мал басы: қой, ешкі малы 250100 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 98,7%; Мүйізді ірі қара малы 47144 бас, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 103,6%; Жылқы малы 27244 бас 102,6%; Түйе малы 165 бас 108,6% құрады.

Ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын 512 шаруа қожалығы және 3185 жеке меншік қосалқы шаруашылықтары тіркелген.

2015 жылы ауданда асыл тұқымды шаруашылықтардың саны 42-ке жетті. Қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 23 шаруашылық айналысуда, асыл тұқымды қой малының үлес салмағы 16 %, жылқы малынан 16 шаруашылық, үлес салмағы 19 %, ірі қара малынан 3 шаруашылық айналысуда, асыл тұқымды ірі қараның үлес салмағы 4,5%-ды құрайды. Биылғы жылы ірі қара мал өсіретін 3 шаруашылық асыл тұқымды шаруашылық болды.

«Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру бағдарламасы» аясында мүйізді ірі қара малын асылдандыру, селекциялық жұмыстарын жүргізу үшін 2012 жылы 63 шаруашылық қатысқан болса, 2013 жылы 131 шаруа қожалығы қатысты, ал 2014 жылы 156 шаруа қожалық қатысты. 2015 жылы 175 шаруашылыққа жетіп отыр. Яғни тұқымдық түрлендіруге қатысатын шаруашылықтар саны жылма жыл артуда. 2013 жылы 1 басқа 14000 теңге төленген болса, 2014 жылдан бастап 1 бас аналыққа төленентін субсидия 18000 теңгені құрады.

Асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу бойынша 2013 жылы 86 шаруа қожалығы 315 ірі қара малын сатып алса, 2014 жылы 105 шаруа қожалығы 412 ірі қара малын сатып алды. 2015 жылы 120 шаруа қожалығы 482 бас ірі қара малын сатып алды.

Асыл тұқымды жылқы малын сатып алу бойынша 2013 жылы 17 шаруа қожалығы 433 бас жылқы сатып алса, 2014 жылы 20 шаруа қожалығы 461 бас жылқы малын сатып алды. 2015 жылы 8 шаруашылық 602 бас асыл тұқымды жылқы малын сатып алды.

Саржал ауылдық округіндегі қымыз өңдеу цехы өз жұмысын жандандыруда. Қымызды өндіріп, сату бойынша 2013 жылы 3 шаруа қожалығы 98 тонна қымыз өндірсе, 2014 жылы 5 шаруа қожалығы қатысып 160 тонна қымыз өндіріп, 9 млн. 616 мың теңгеге субсидия қаражатын игерді. 2015 жылы 9 шаруа қожалығы 305 тонна қымыз өндіріп 15 млн. теңге субсидия қаражатын игерді.

Жалпы аудан бойынша игерілген субсидия көлемі жылма-жыл өсуде.

«Қазагрофинанс» АҚ Өскемен қаласындағы филиалы арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында 6 шаруашылық 6 МТЗ-82 тракторын және қосымша шөп шабу агрегаттарымен лизингке алса, тағы 5 шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 5 МТЗ-82 тракторын, қосымша құралдарымен сатып алып, құжаттарын 50 пайыз шығынын өтеуге құжаттарын өткізіп, комиссия тарапынан шығынын өтеуге оң шешімін алды.

Аграрлық несие корпорациясы және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ауылшаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін арттыруда «Сыбаға» бағдарламасымен 2011-2014 жылдары барлығы 2158 бас мүйізді ірі қара 389 млн 680 мың теңге несие қаражатына сатылып алынған. 2015 жылы 278 бас мүйізді ірі қара малы 52 млн. 500 мың теңге. Жоспар 62 пайызға орындалды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 2 шаруа қожалық 184 бас жылқы малын 53 млн 360 мың теңгеге сатып алды. Бұл жоспарды 214 пайызға орындадық.

Шөп шабу науқанына Семей қаласындағы «АЗЗАР» ЖШС арқылы шөп шабу, жинау жұмыстарына биылғы жылы 90 тонна арзандатылған дизель отынына сұраныс беріліп, уақытында игерілді.


Өнеркәсіп

Аудан бойынша индустрияландыру картасына «ГРК Борли» ЖШС «Мақсұт» кен орынында кен байыту цехының құрылысын салу жобасы енгізілді. Жобаның жалпы құны – 1 млрд. 082 млн. теңге. Ашылуға жоспарланған жұмыс орыны: 97 адам. Жоба толық қуатына 2016 жылдың 1 тоқсанында толық қуатта іске қосылады деп жоспарлануда.


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Жарылғасын» шаруа қожалығы қымыз цехын ашуға 22 млн.теңге несие қаражатын алды.

Жеке кәсіпкер Мұсабек Қанат жанар жағар май станциясының айналым қаражатын толтыруға 14 млн. теңге несие қаражаты алынды.

«Бейсенғазы» шаруа қожалығы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алуға 32 млн.теңге несе қаражаты алынды. Жалпы жиыны бағдарлама арқылы 70 млн. теңге алынды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2015 жылға бірінші бағыт «Инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша жалпы құрылатын жұмыс орны 19 адамды құрайды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 адам жоспарланған, жоспар

13 адамға орындалды. Жалақысы 45 мың теңгеден жоғары. Барлығы 3 нысанға 49 млн. 928 мың теңге қаражат бөлінді. Қаражат толықтай игерілді.



  • Абай атындағы мектеп-лицейін ағымдағы жөндеуден өткізуге 8,305 млн теңге, жоспар 2 адамды жұмысқа орналастыру болса 3 адам жұмысқа орналасты.

  • Б.Байгожин атындағы балабақшаны ағымдағы жөндеуден өткізуге 4,812 млн теңге, жоспар бойынша 1 адамды жұмысқа орналастыру болса 1 адам жұмысқа орналасты.

- Архат ауылындағы Бекбосынов орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізуге 36,811 млн теңге, жоспарланған 7 адам жұмысқа орналасты.

Екінші бағыт «ауылда тірек ауылдарды және кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» жолында биылғы жылға ауданымызға қаражат «Ертіс» ӘКК АҚ ҰК арқылы 52,5 млн. теңге бөлінді. Яғни, жылқы шаруашылығы, қымыз өндіруге бағытталған. Жобаға 39 адам қатысты, оның кірістер басқармасына 15 адам тіркеліп, өз істерін ашты. Алынған несие мақсатты жұмсалды, толықтай игерілді.

Үшінші бағыт: «Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу». Бұл бағытқа кәсіби оқыту, әлеуметтік жұмыс орнына және жастар практикасына уақытша жұмысқа жіберу жатады. Бөлінген қаражат 5082,0 мың. теңге. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына жоспар 15 адам, жұмысқа 18 адам жіберілді. Оған 3419,0 мың теңге қарастырылған. Жастар практикасына жоспар 15 адам, жұмысқа 26 жіберілді. Оған 4369,0 мың теңге қарастырылған. Қаражат толықтай игерілді. Кәсіби даярлау бойынша осы жылы маусым айында тракторист-машинист мамандығын 10 адам, ветеринар мамандығын 15 адам аяқтады. Жылдық жұмысқа орналастыру 111 адам болса жылдық жоспар артығымен 151 адамға орындалды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 13 адам, екінші бағыты бойынша 39 адам қамтылады, үшінші бағыты бойынша 138 адам бағдарламаға қатысты.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы 2014 жылы ауданға 10 жас маман келіп, еңбекке араласуда.
Сәулет және қала құрылысы

Нұрлы жол бағдарламасы бойынша Көкбай ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту жобалық – сметалық құжаты әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. Нысанның жобалық – сметалық құны 344 108,9 мың теңге.

Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Тоқтамыс көшесінен Қарауыл тауындағы сахнаға дейін, сметалық құны, 8 174, 0 мың теңге және Ералы көшесінен Аягөзге шыға беріске дейін ,сметалық құны 1 398, 5 мың теңге, «Азия Энерго» ЖШС-і жарықтандыру жұмыстарын жүргізді.

Қарауыл ауылында жобалық - сметалық құны 23 208,0 мың теңге болатын Мамай батыр саябағы салынды.

Облыстан бөлінген қаржы есебінен Абай ауданы бойынша, Қарауыл ауылынан Мұхаметханов көшесі № 21 орналасқан нысан (Ақбосаға), «Аудан аумағынан тұрғын үй сатып алуға байланысты, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын, жеке тұлғаға меншік құқығындағы тиесілі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі бойынша сатып алу конкурсы» арқылы Сүндетбай көшесі № 26/2 пәтер, Шәкәрім көшесі № 31/1 пәтер, Баян көшесі № 42 пәтер, Құндызды ауылынан Садырбаев көшесі № 17 пәтер, Қасқабұлақ ауылынан Шәкәрім көшесі № 1/2 пәтер сатылып алынды.

Қасқабұлақ ауылындағы су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмсалған қаржы - 10 000,0 мың теңге.

Архат ауылындағы су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмсалған қаражат – 2 002,7 мың теңге.

Саржал ауылындағы Шаған өзені жағалауын көтеру жұмыстыры жүргізілді. Жұмсалған қаражат – 13 543,3 мың теңге.

Қарауыл ауылында 140 орындық бала бақша құрылысы жүргізілді. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 300 млн. 154 мың теңге. 2014 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 60,0 млн. теңге қаржы және 2015 жылы 229,765 млн. теңге қаржы, толықтай игерілді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға берілді.

2015 жылы қаңтар-қараша айларында жалпы ауданы 2619,0 шаршы метр болатын 28 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2014 жылы Қарауыл ауылының мемлекеттік қала құрылысы деректер қорын базалық деңгейде құруға жергілікті бюджеттен 4,2 млн. теңге бірінші кезеңіне бөлінді. Екінші кезеңін 2015 жылы толық аяқтауға 3,8 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы құны 8,0 млн. теңге. Мердігері Алматы қаласының «Градо» жобалау фирмасы» ЖШС жұмыс жасады.

Бюджет

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 1 млрд. 576 млн. 500 мың теңгені құрап, 113,1 % орындалды.

Жергілікті бюджет кірісі (салық) жоспар бойынша 290 млн.теңге құраса, нақты 294,8 млн. теңге түсіп, 102 пайызға артты.

Бюджет шығысының жоспары 2015 жылы 99,7 пайызға орындалды.


Білім

Ауданның жалпы білім беретін 11 мектептерінде 412 мұғалім, қосымша білім беру саласында Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі, балалар көркемсурет мектептері жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру мақсатында 3 балабақша, 15 шағын орталық жұмыс істеп тұр.

Қарауыл ауылында мектепке дейінгі білім беру көрсеткіші 100 пайыз қамту мақсатымен 140 орындық балабақшаның құрылысы салынуда, балабақшаның құрылысы 2015 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Қарауыл гимназиясына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджет есебінен бастауыш сыныптың 1060 оқушысы, аз қамтылған тұрмысы төмен 502 оқушы тегін тамақтанады.

Ұлттық Біріңғай тестілеу нәтижесі бойынша жылма-жыл аудан түлектерінің білім деңгейі өсуде. 2012-2013 оқу жылында орташа балл 70,4 болса, былтырғы 2013-2014 жылында 76,5 балл болды.
Денсаулық сақтау

Ауданда 1 орталық емхана, 1 аудандық поликлиника, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Жалпы 218 медицина қызметкерлері бар, оның ішінде 40 дәрігерлер, 97 орта буын қызметкерлері, 81 төменгі буын қызметкерлері.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасымен скринингтік тексерулер жүргізілуде. Осының нәтижесінде тұрғындардың ауру-сырқау көрсеткіштері біршама жақсарған.

Кеңгірбай-би ауылдық амбулаториясына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орталық емхананың сыртқы қоршау жұмыстары жасалды.


Қоғамдық тәртіп

Ауданда 2015 жылы 89 қылмыстық іс тіркеліп 150 пайызға ашылады деп жоспарлануда. Қылмыстың ашылу деңгейінің өзгерісінің пайыздық көрсеткішінен облыстың 11 айлық рейтингісінде 3 орында тұрмыз. Құқық қорғау қызметкерлері осы бағытта жұмысқа тың серпін беріп, кемшілікті жою керек.


Мәдениет және спорт

Абай аудандық мәдениет үйіне қарасты бір аудандық, 2 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб үйі, 4 халық театры, халықтық ән-би ансамблі жұмыс істеп тұр.

Халыққа мәдени қызмет көрсету бағытында 92 адам еңбек етуде.

Бүгінге дейін ауданда үлкенді-кішілі мемлекеттік мерекелер мен айтулы мерейтойлар және т.б., жиыны 384 мәдени көпшілік іс-шаралар өтті.

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша келген 4 жас музыка маманы жұмысқа орналасып, тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Биылғы жылы Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру бағытында, үстіміздегі жылғы елдің маңызды саяси оқиғалары мен атаулы мерекелері: хакім Абайдың 170 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550, ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ақпан- мамыр айларында «Қазақстан-өткені тарих, келешегі кемел ел!» тақырыбымен аудан көркем өнерпаздарының өнер байқауы болып өтті. Дәстүрлі бұл байқауға 12 ұжым, мыңнан артық аудан көркем өнерпаздары қатысып, өнер көрсетті.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы Семей шаһарынан бастау алып, ауданымызда да ұлан-асыр атап өтілді. Қарауыл төбе басында халыққа «Қаламқас» халық ән-би ансамбілі мен республикаға белгілі өнер шеберлерінің гала концерті ұсынылды. Сондай-ақ, мерейтой аясында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Мамыр –маусым айлары аралығында «Қаламқас» халық ән –би ансамблі Үржар, Мақаншы, Таскескен, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті аудандарына гастролдік сапармен барып, өнер ұжымдарымен тәжірибе алмасу бағытында өнер көрсетіп қайтты.

«Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында аудан көркемөнерпаздары 23-24 қазан күндері Өскемен қаласында Абай ауданының мәдени күнідерін өткізді.

Қызылорда қаласында дәстүрлі ән салу мектебін қалыптастырған Нартай Бекежановтың 125 жылдығына орай өткізілген «Өздерің білер Нартаймын» атты Республикалық әншілер байқауында Абай ауданы атынан «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің дәстүрлі әншілері Қайрат Қабышев дипломант атанса, Ақмарал Мыңбаева

ІІІ орынды иеленіп, жүлдегер атанды.

16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты мерекелік шарада «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің әншілері Жанат Хайсина мен Еркін Жолжігітовтер

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Спорт саласы бойынша Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылға арналған спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, жоспарға сәйкес көптеген спорттық шаралар атқарылды. Атап айтқанда жыл басынан бастап ауданымызда допты хоккей, волейбол, футбол, қазақ күресі, үстел теннисі мен дзю-до күресінен, Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін өткен спартакиада және спорт ардагерлерін еске алуға арналған турнирлер, ұлттық ат спорт ойындарынан аудандық жарыстар, халықтық-бұқаралық спортты дамыту мақсатында мереке күндері «22 – наурыз мерекесі», «Денсаулық фестивалі - 2015», «Президенттік миля» сайыстары, «Жұлдызша», «Былғары доп» балар спорт ойындары және спорттың барлық түрлері бойынша аудандық жарыстар күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіліп отырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы – Ұлткөшбасшысыныңтестілерінтапсырубастыназарғаалыныпотыр.

Осы жылғы қорытынды бойынша аудан тұрғындарының 600-ге жуық адамдар аталған тестілерді тапсырды. Ауданымызда ұлттық спорт түрлерін насихаттау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Ат спорт түрлерінен (аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге, жорға жарысы, тай жарысы, аударыспақ, қыз қуу, теңге алу, асық ату) тоғызқұмалақтан аудандық жарыстар және қазақ күресінен М.Таутановты еске алуға арналған Республикалық турнир 3 рет өткізілді. 6-7 тамызкүндері Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай қазақ күресінен республикалық турнир өткізілді. Той аясында қазақ күресінен Айбек Нұғымаров бас палуанды жеңіп алды, «Абай тоының бас палуаны» атанды.

2015 жылы ауданымызда 61 спорт нысандары бар. Соныңішінде: 2 спорт кешені, 1 атқыштартирі, 9 хоккей корттары, 36 спорттықалаңдар, 1 ипподром, 11 спорт залдары, 1 орнатылған спорт зал.

Өскемен қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған XIX халықтық спорт ойындарда Абай ауданының құрама командасы жалпы командалық 8 орынды иеленді.

Сонымен қатар, 2014 жылы спортшыларымыз әлемдік спорттық аренада жоғары нәтижелер көрсетті:

Қазақ күресінен Нұғымаров Айбек, Тұрсынов Мұхит пен Сейпілұлы Айдосәлем чемпионы болса, Бектасқызы Зере самбодан әлем чемпионы атанды. Биыл 2015 жылы «Еуразиябарысы» турнирінде командалық есеп бойынша Айбек Нұғымаров, МұхитТұрсынов пен Айдос Сейпілұлы жеңімпаз атанды.

Футболдан әуесқой командалар арасындағы ШҚО аймақтық біріншілігінде 2-ші рет II орынды иеленді. I – Лига футзалдан әуесқой командалар арасындағы XVIII Шығыс Қазақстан облыстық біріншілігінде II орын, 2015 жылы Қарағанды қаласында өткізілетін футзалдан әуесқой командалар арасында ҚР II лига біріншілігіне Абай ауданының құрама командасы жолдама алды.


Қоғамдық саяси жағдай

Экономиканы одан әрі дамыту, әлеуметтік сала мәселелерін шешу, өңірдегі халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталуда.

Бүгінгі күні ауданда астам қоғамдық бірлестіктер, қорлар, 1 саяси партия филиалы, 1 этномәдени және 6 діни бірлестік жұмыс істеуде.

Олармен тығыз қарым-қатынас орнату, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени міндеттерін шешу кезінде ортақ түйісу нүктелерін іздестіру турасында жұмыстар жүргізілуде. Олар аудандық іс-шаралар мен мемлекеттік мерекелердің тұрақты қатысушылары болып табылады.

Қоғамдық кеңес, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі, жастар істері жөніндегі комиссиялар сияқты консультативтік-кеңесу органдарының жұмысы жандандырылған. 

Мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде тиімді іске асыру мақсатында ауданда жастар мен мемлекеттік билік органдары арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын, жастардың бос уақытын ұйымдастырып, проблемалық мәселелерін бірлесе шешетін «Жастар орталығы» КММ-сі қызмет жасауда.

Әлеуметтік шиеленіс факторларының алдын алу жөніндегі шаралар жасап шығару және іске асыру үшін тұрақты түрде ақпарат жинауға, қалыптасқан жағдайға талдау жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға бағытталған қоғамдық-саяси жағдайды мониторингілеу үнемі жүзеге асырылып отырды
Өткен жылғы есеп беру кезеңдерінде аудан тұрғындарынан 13 түрлі, ұсыныс, сұраныс, пікірлер түскен болатын. Бүгінгі таңда олардың барлығы орындалды.

Атқарылған жұмыстарға талдау жасай отырып, алдағы уақытта ауқымды істерді жүзеге асыруға тиістіміз.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет