Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия Қалыптасу және даму кезеңдері



жүктеу 76.83 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі76.83 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия
Қалыптасу және даму кезеңдері:


  • 1990-1991 оқу жылы. №14 орта мектепте алғашқы қазақ сыныбы ашылды. Бірінші ұстаз – Жүсіпова Сәкен Дәулетқызы.

  • 1996 жылдың 1 қыркүйегінде қазіргі «Аққу» балабақшасының ғимаратында қазақ орта мектебі болып қайта ашылды. Ұлы ақын Абай Құнанбаев есімі берілді. Тұңғыш директор – Тезекбаева Рабиға Кәкімқызы.

  • 1998 жылдың 1 қыркүйегінде оқу-тәрбие үрдісі №2 орта мектеп ғимаратында жалғастырылды.

  • 2000-2001 оқу жылынан бастап Қарағанды облыстық мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының қолдауымен даму бағытындағы жұмыстар басталды.

  • 2001 жылдың қыркүйегінен эксперименттік алаң мәртебесінде жұмысын жалғастырды.

  • 2003 жылдың қазан айынан мектеп-гимназия мәртебесі берілді.

  • 2007 жылдың желтоқсанында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен салынған қала ортасындағы жаңа ғимаратқа ауыстырылды. Мектеп директоры – Ашаева Айжан Орынбасаровна.

Өмірбаян
Тезекбаева Рабиға Кәкімқызы 1945 жылы 18 маусым айында Целиноград облысы, Алексеевка ауданы, Кеңес ауылында өмірге келді. 1962 жылы 10 жылдықты аяқтап, 1963 жылы Қарағанды қаласындағы пединститутқа түскен, 1967 жылы бітірген. Кеңес ауылына барып, мектепте оқу-тәрбиесінің меңгерушісі және қазақ тілі және әдебиеті пәнінен мұғалім қызметін атқарған. 1968 жылдан 1978 жылға дейін Абай қаласындағы «Синичка» балабақшасында тәрбиеші, 1978 жылдан 1994 жыл аралығында қаладағы №2 орыс мектебінде қазақ тілінен дәріс берген. Еңбегі бағаланып «Аға оқытушы», «Әдіскер мұғалім», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған. 1994 жылдан 1996 жыл аралығында қалалық оқу бөлімінде әдіскер қызметін атқарған. 1996 жылы қыркүйектің 1-де қалада тұңғыш Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп ашылып, мектептің директоры болып тағайындалған. 2005 жылы аудандық маслихаттың, оқу бөлімінің ұйғарымымен Абай ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. 2007 жылдан бастап зейнеткер.






1990 жыл 1 қыркүйек. 14 орта мектеп жанында ашылған тұңғыш қазақ сыныбының табалдырығын аттаған алғашқы бүлдіршіндер.

Бірінші ұстаз – Жүсіпова Сәкен Дәулетқызы.



Алғашқы қазақ сыныбында өткізілген Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау сәті.





Алғашқы қазақ сыныбының оқушылары Әліппемен қоштасып, «Ана тілі» атты білім мұхитына жол тартты.




1996 жылдың 1 қыркүйегі. Қайта ашылған №5 қазақ орта мектебінің алғашқы педагогикалық ұжымы.

Тұңғыш директор – Тезекбаева Рабиға Кәкімқызы. (қазіргі «Аққу» балабақшасының ғимараты)




1999 жыл. Қазақ мектебінің тұңғыш пән олимпиадасының жеңімпазы – Бөлекбаев Жақсылық. Мұғалімі Жашкеева Назиха Елубаевна. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық деңгейде І орын, облыс деңгейде ІІ орын, республикалық деңгейде ІІІ орын.






2001 жыл 25 тамыз. «Дамудың сатысындағы ұлттық мектептің жаңа үлгісін іс-тәжірибе арқылы қорғау»

Жылжымалы ғылыми кеңес отырысы.

Мектеп-гимназияның даму бағытындағы жұмыстарының ғылыми жетекшісі т.ғ.к., профессор, Қарағанды облыстық мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ректоры Сәбит Сейітұлы Қонтаев шығармашылық топпен бірге кезекті кеңесті өткізуде.





2001 жыл. Тарих пәнінің мұғалімі Төлеубаева Махбал Хамитовна – Қазақстан Республикасының білім қызметкерлерінің І съезінің делегаты



2005 жыл. Мектеп түлегі Әбдіхалықов Құлмұхамед облыстық ХХІ ғасыр көшбасшысы атанып, Қарағанды экономикалық университетінің оқу грантын жеңіп алды. Қарағанды Жастар альянсының көшбасшысы, оқу магистранты.





2008 жыл 10 қаңтар. Қазақстан Республикасының премьер-министрі К.Қ.Масимов «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен ашылған жаңа ғимараттың ашылу салтанатында.


Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназияның директоры Ашаева Айжан Орынбасаровна – іскер басшы, жоғары санатты ұстаз.


  • Алғашқы қазақ мектебінде 1991 жылдан еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, қазіргі күнде мектеп ұжымын басқарып отыр.

  • Мектеп-гимназияның даму бағытындағы жұмысын басқарып және болашақтағы даму қадамдарын старатегиялық тұрғыдан жоспарлауда.

  • 2008 жылы педагогикалық жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.



«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен салынған қазіргі

мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымы.




Төлеубаева Махбал Хамитовна - жоғары санатты тәжірибелі ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі, мектептің негізін қалаған алғашқы ұстаздардың бірі.


  • Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия қабырғасында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.

  • Қазақстан Респуликасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.

  • Республикалық «Ауыл мұғалімі-2004» байқауының жүлдегері

  • Оқушысы Рахымбекова Әйгерім «Эрудит-2011» облыстық пән олимпиадасының І орын иегері, әрі Қарағанды «Болашақ» Университетінің бір жыл тегін оқу грантының иегері.

  • Оқушысы Карин Абылай «Туған ел-тұғырың, туған тіл - қадірің» облыстық этномәдени ғылыми-пратикалық конференциясының ІІІ орын иегері;

  • Оқушысы халықаралық «Жас ғалым-2009» ғылыми практикалық конференциясына қатысқан.




Шарипов Қаратай Сыбанбаевич – жоғары санатты тәжірибелі ұстаз, физика, математика пәндерінің мұғалімі.



  • «Физикаға қосымша» авторлық курс бағдарламасының авторы;

  • Екі оқушысы 2011 жылы аудандық пән олимпиадасында жүлделі І орынның иегерлері атанды;

  • Оқушысы Адасов Әлішер «Эрудит-2011» облыстық пән олимпиадасының І орын иегері, әрі Қарағанды «Болашақ» Университетінің бір жыл тегін оқу грантының иегері.




Макенова Роза Бекетовна – жоғары санатты тәжірибелі ұстаз, тарих-құқық пәндерінің мұғалімі.


  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталған.

  • 2010 жылы. «ХХІ ғасырдың ақпараттық білім беру ортасы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерінің даму жағдайы ретінде: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» атты республикалық ғылыми-практикалық конферения материалдары жинағына «Оқушылардың тұлғалық бағдарлы білім берудегі зерттеушілік мәдениетін дамытудағы жоба әдісі» тақырыбындағы баяндамасы енгізілген.

  • Оқушысы Рахымбекова Гүлзаттың ғылыми баяндамасы халықаралық «Жас ғалым-2009» ғылыми практикалық конференциясынының үздік жинағына енгізілген.

  • Оқушыларының үздік шығармалары «Жас заңгер» облыстық байқауында жүлделі орындар иеленіп, шығармалары жинаққа енгізілген.



Жарқынбекова Тыныштық Қаниевна – жоғары санатты шығармашыл ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


  • 2008 жыл. Облыстық І понарамалық сабақтар сайысының ІІІ орын иегері;

  • Оқушылары аудандық, облыстық деңгейдегі пән олимпиадалары мен шығармалар байқауында жүлделі орындар иемденген.

  • 2010 жыл. Облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік мұғалімдерге материалдық көтермелеу грантының» ІІІ дәрежелі диплом иегері;




Әліпбекова Зере Жақсылықовна – І санатты тәжірибелі ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі. Мектептің даму бағытындағы жұмыстары мен тәжірибелік-эксперименттік бағыттағы іс-әрекетін белсенді ұйымдастырушысы.

  • Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия қабырғасында 1994 жылдан бастап қызмет етеді.

  • Ғылыми-зерттеушілік бағытындағы баяндамалары:

  • 2002 жылы. «Қазақ мектебі: бүгінгі жай-күйі және даму болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағына енгізілген баяндама: «Тілдік негіз арқылы тұлғаны дамытуға жағдай жасау»

  • 2004 жылы. «Облыс Білім беру ұйымдарындағы инновациялық процестерін жүзеге асырудың мәселелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағына енгізілген баяндамалар: «Мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыру»;

  • 2007 жылы. «12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктерін жүзеге асыру» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинағына енгізілген баяндама «Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың тиімділігін бағалау арқылы мектеп дамуының жолдарын ашу»;

  • Оқушысы Жүсіпов Абылай республикалық Зерде зерттеушілік-шығармашылық байқауының І орын иегері;

  • Оқушысы Ахмедина Мереке облыстық Эрудит-2009 пән олимпиадасының жүлдегері;

  • Оқушысы Ахмедина Мейрамгүлдің ғылыми баяндамасы халықаралық «Жас ғалым-2009» ғылыми практикалық конференциясынының үздік жинағына енгізілген.




Саджанова Нұржамал.

2010 оқу жылының түлегі «Алтын белгі иегері».

Қарағанды экономикалық университетінің І курс студенті,

2009-2010 оқу жылының грант иегері.



Жакенова Дана.

2010 оқу жылдың түлегі «Алтын белгі» иегері.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің І курс студенті,

2009-2010 оқу жылының грант иегері







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет