«Абай өлеңдеріндегі табиғат» әдеби кеш М. Шолохов атындағы кітапхана жанынан ұйымдастырылған



жүктеу 33.65 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі33.65 Kb.
«Абай өлеңдеріндегі табиғат» әдеби кеш

М.Шолохов атындағы кітапхана жанынан ұйымдастырылған «Бәйтерек» клубының ұйымдастыруымен мәжіліс залында «Абай өлеңдеріндегі табиғат» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында жүргізуші А.Құнанбаевтың шығармаларына тоқталып «Тараз-Ғасыр» колледжінің «Бастауыш білім» тобының білімгерлері Қырғызалиева Мөлдір, Олжабекова Жұлдыз, Абдирова Назерке, Кенесова Сауле және т.б табиғат лирикасына байланысты: «Жаз, Күз, Қыс» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыса, сонымен қатар слайд арқылы ақынның өзі және отбасы жайындағы суреттері көрсетілді. Кеш соңында «Абай – дана, Абай - дара» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.



«Ол күндер мәңгі есте сақталады» тарих шеңбері

Оқырмандарға азаматтық борыш түсінігін саналарына жеткізу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, өз еліміздің батырларымен таныстыруды жалғастыру, патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында М.Шолохов атындағы кітапхана ұжымымен «Тараз-ҒаСыр» колледжі білімгерлерінің ұйымдастыруымен акт залында «Ол күндер мәңгі есте сақталады» атты тарих шеңбері болып өтті.

Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің қайсар рухын паш еткен Жеңіс мейрамына арналған тарих шеңбері құрбандарды еске алу үнсіздік минутынан басталды.

Адамзат өзінің даму тарихында басынан кешкен қан-төгіс соғыстар мен шайқастардың талайын біледі және оның зардабын да шегіп көрді. Соңғы зеңбіректің үні өшкеніне, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына міне, биыл 66 жыл толып отыр. Жылдар өтіп, ұрпақ жаңарып жатса да отты жылдар халық есінен кетер емес. Ерлік дастаны қай халықтың болсын тарихынан лайықты орын алып, ұрпақтан-ұрпаққа өнеге ретінде жете бермек. Білімгерлер Ж.Олжабекова, М.Қырғызалиева, С.Қожабеков, И.Исламовалардың соғыс тақырыбына оқыған өлеңдері тыңдармандарды бей-жай қалдырған жоқ.

«Отты жылдар шежіресі» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.

«Наурыз- халық дәстүрінің айнасы» атты этнокеруен
Наурыз мерекесін өткізе отырып білімгерлердің Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет –ғұрпын, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету және жаңа кітаптармен таныстыру.

«Наурыз – береке бастауы» атты кітап көрмесі мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай білімгерлерді адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеуге айрықша назар аударылды. Сонымен бірге нақыл сөздер жазылған плакаттар, ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер туралы айтылды.

Шолохов атындағы кітапхана жанындағы «Бәйтерек» клубы мүшелерінің қатысуымен Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурыз- халық дәстүрінің айнасы» атты этнокеруен өткізілді. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтары көпшілігінің тұрмыс салтында бағзы замандардан орын алған. Қазақ халқының кең пейіл көңілін, ашық қабағын, жайдары да сауықшыл қасиеттерімен табиғи жымдасып жататын әсем сұлулығын білдіретін көл-көсір салт- дәстүрлерін «Тараз- Ғасыр» колледжінің оқытушылары көрініс арқылы көрсетті. Кеште Наурыз тарихымен таныстырылып, қазақтың билері мен әндерін әуелетіп шырқаған білімгерлер өз өнерлерін ортаға салды. «Арнайы пәндер» кафедрасы «Бесікке салу» дәстүрі, «Жаратылыстану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұсау кесер» рәсімі көрсетілді. Кеш соңында М. Шолохов атындағы кітапхана кітапханашылары ұйымдастыруымен «Наурыз- береке бастауы» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.

«Шәмші- әннің шынары» атты музыкалық кеш
Мақсаты: білімгелердің сазгер Шәмші Қалдыаяқовтың шығармалары мен өмірі туралы кітаптарды насихаттай отырып, әндерімен сырласу, рухына тағзым ету. Шәмші әндерінің мазмұнын түсіне отырып, әсемдікке, сұлулыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу, білімгерлердің еліне, жеріне деген махаббатын, сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Сазгердің өмірі мен шығармашылығы туралы слайдтар, үнтаспа, естеліктер, «Қазақта Шәмші жалғыз, әні жалғыз» атты кітап көрмесі.

М. Шолохов атындағы кітапхананың жанынан ұйымдастырылған «Бәйтерек» клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Тараз-Ғасыр» колледжінің білімгерлері мен оқытушыларының қатысуымен Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Шәмші әннің шынары» атты әуенді-әдеби кеші өткізілді. Кеш Шәмшіге арналған өлең жолдарымен ашылып, «Бәйтерек клубының мүшелері» жүргізуші Раушан Қалжанова және Мұрат Таубаев қазақ вальсі королінің өмірі мен ән әлемі туралы тоқталып, клуб мүшелерінің орындауымен «Менің Қазақстаным» әнімен ашылды.

Кеш барысында білімгерлер сазгер Шәмшінің өлеңдерін оқып, әндерін айтып, махаббат, ана, туған жер, ел туралы өлеңдері жайлы сөз ете келіп, оқытушы Б. Нұралы «Сыған серенадасын», Д. Алимбаев «Әнім сен едің», М.Таубаев «Ана туралы жыр», «Ақ бантик» әндерін нақышына келтіре шырқады. М. Мақатаевтың «Шәміл-ау! Шәмші қайда? Шәмші қайда?», «Сағындым Шәмші ағаны» т.б. өлеңдері оқылды.



Кеш соңында М.Шолохов атындағы кітапхана кітапханашылары «Қазақта Шәмші жалғыз, әні жалғыз» атты кітап көрмесімен таныстырды.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет