«Абай шығармаларындағы тәрбиелік ұстанымдар». Бексары Аяжан



Дата20.12.2019
өлшемі53.72 Kb.

«Абай шығармаларындағы тәрбиелік ұстанымдар».


Бексары Аяжан

Медициналық-техникалық колледж

Жетекшісі: Валиханов Ерсын Чоханович
«Тәрбие отба­сынан басталады» деген халық даналығы да бекер айтылмаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. Отбасы – адамзаттың түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасынының алатын орны өте ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге әкелу ғана емес, оның бойына бұрынғы ата-бабасынан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал, отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады.

Ұлы Абай адамды биікке көтерді, оны толық жетілген адам дәрежесіне жеткізуді мақсат етті. Ойшыл-дана сомдаған «Толық адам» келбеті немесе оның жүрек тәрбиесі туралы ой қозғауы – қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық тәрбиесі мен халық даналығынан бастау алған. Осылайша, ұлы ойшыл адам бойындағы адамгершілік, ақыл тәрізді қасиеттерді аса жоғары бағалаған. Ойшыл қоғам мүшелерінің адамгершілік мінез-құлқына талдау жасап, адамды оның жоғары деңгейдегі сана-сезіміне, өз ел-жұртына көрсетер қызметіне қарай бағалау керектігін атап көрсетеді. Оның адамгершілік мәселесі туралы толғаныстарына терең үңілетін тұс – қазіргі кезең. Еліміздің барлық саласында түбегейлі жаңарулар болып жатқан бүгінгі күндерде ұлы ойшылдың әлеуметтік ой-пікірлерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі мәні өте зор.Абайдың жастарды халқымыздың әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.Міне, осылайша, өскелең ұрпақтың жадына тәрбие қағидаларын дарыту отбасында ең алдымен ата-анасының ыстық махаббаты мен мейірімінен, шынайы қамқорлығынан басталады. Яғни, адамға, қоршаған ортаға, Отанға деген қымбат қасиет бала жүрегінде отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды. Сондықтан да мұны «Отан – отбасынан басталады» деп түйіндейді халық даналығы. Жас балдырғандарға адамгершілік пен борыштың, арлылық пен намыстың мәнін жете ұғындырудың маңызы зор. Өйткені борышқа деген саналы көзқарасы қалыптасқан, ар-намысы берік жас ұрпақ ғана кейін өзінің Отан алдындағы, халық алдындағы парызын адал орындап, адамзат бақыты мен ел игілігі үшін қызмет ететіні сөзсіз. Біздің міндетіміз-отбасындағы әрбір баланың жадына «Қазақстан – менің Отаным» деген қастерлі сезімді егу болып табылады.Абай қазақтың Құдайдан бала тілеудегі мақсатының «өлсем орнымды бассын»,  «артымнан құран оқысын», «қартайған күнімде асырасын» деген тілектерден туатынын айта келе, осы тілек- мақсаттың əрқайсысына жеке-жеке тоқталады. Қазақтың отбасы бала тəрбиесіне талдау жасайды.Адамзат қоғамы пайда болғалы — ұрлық, бұзақылық жойылмай келе жатқан жат қылықтар. Абай заманында осындай жолсыздықтар жаңбырдан кейін қаулап шығатын саңырауқұлақ сияқты қаптап кетті. Сондықтан ақын он бірінші сөзінде осы мəселеге ерекше көңіл бөледі.Ал, педагог-ғалым В.А.Сухомлинский: «Мектеп, отбасыны, әсіресе шешені толық дәрежеде алмастыра алмайды... Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт беру. Бақыт алуан қырлы. Ол – адамның өз қабілетін ашып, еңбектісүйіп, онда жасампаз бола білуінде де және қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауында да, басқа адамды сүйіп, өзі де біреудің сүйіктісі болып балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде. Тек ата-аналар мен бірлесіп ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана мұғалімдер балаларға зор адамдық бақыт бере алады», - деп тек отбасымен бірлескенде ғана мектеп ізгі қабілет-қасиеттері бойында тоғысқан жекетұлғаны тәрбиелей алады деген тұжырымға келді.Демек, жас ұрпаққа мектеп, ата-ана және әлеуметтік ортаның өзара сабақтаса отырып, мақсатты түрде рухани-адамгершілік тәрбие беруді ұйымдастыруының маңызыз ор. Себебі ұлы ақын Абай Құнанбайұлы тұжырымдағандай: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».Бала сонымен қатар отбасында дау-жанжалдың қалай туындайтынын және оны шешу жолдарын, бағынуды немесе қарсы тұруды, өзара келісімге келуде адамгершілік қасиеттерді ұстануды және т.б. әрекеттерді басынан өткізеді. Назар аударарлығы, отбасындағы үстемдік етуші қарым-қатынастың сипаты дербес өмір құруға қадам басушы жеке тұлғаның болашақтағы мінез-құлқында зор маңызға ие, мәселен, келісілген істі орындауға қабілетінің болуы, өз көзқарасына қарсы пікірлерді талқылай алу мүмкіндігі, агрессивтік мінез көрсету немесе көрсетпеу тәрізді ерекшеліктерді қалыптастырады деп атап көрсетеді поляк ғалымы Е. Вятр . Міне, осылайша рухани-адамгершілік құндылықтар мен ұстанымдар жайлы отбасында қалыптасқан көзқарас пен көңіл-күй көп жағдайда баланың есінде өмір бойына сақталынады. Сонымен бірге, өсе келе оның мінез-құлқында көрініс тауып, өмірлік ұстанатын бағытына айналады. Бұған қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі «Отан от басынан басталады», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» және т.б. нақылдар дәлел.Демек, отбасы - адам өмірінде, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Ата-ана мен отбасының өзге мүшелері баланың жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тәрбие берудің формалары мен әдістерін нақты жүзеге асыра білуі тиіс. Қоғамда рухани-адамгершілік тәрбие беру үдерісінде ұлттық және әлемдік деңгейдегі құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, жеке тұлғаның бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамытудың мәні зор. Себебі адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ғана ардақталады. Ал, қоғамдағы адамгершілік тәрбиесі - адамгершілік  сезімді, ұлттық сананы, парасатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруде жалпыадамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпыадамзаттық тәрбиенің бір бөлігі. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісінің басты мақсаты - ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол жас ұрпақ өкілдерін тәрбиелеу болып табылады. Қазақтың ұлы ақыны Абай отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.

Қолданылған әдебеттер:

  1. аbai.kz ақпараттық порталы

  2. madenimura.kz

  3. adebiet.kz әдеби әлем порталы

  4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

  5. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

  6. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақэнциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет