Абай туралы Ә. Бөкейханов,



жүктеу 96.47 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі96.47 Kb.
: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ііі том. 93 бет. 6 түптеме
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
Абай туралы

Ә.Бөкейханов, «Қазақтар».

«Бөкейханов: «Қазақтар».

Әкімшілік бастауыш қазақ мектептерінде сабақ беретін мұғалім орыс тілін білуі керектігін талап етті. Мектеп пен мешітті салу тек арнайы рұхсатпен ғана жүзеге асатын еді. Соның нәтижесінде мектептер мен мешіттер астыртын түрде ашылатын болды. Жұрт полиция назарына ілікпес үшін мешіттерді азан шақыратын мұнарасыз салуға көшті.

Қазақ даласында христиан дініне уағыздаушылар да қимыл жасайды, бірақ олардың іс-әрекетіндегі нәтиже шамалы. Христиандықты негізінен өз шаңырақтарынан ажырап, орыс селосына кездейсоқ тап болып қалған жетімдер немесе бірін-бірі сүйгендіктен елден қашып шығып, өшіккен ағайындарынан құтылу үшін бостандық алғысы келетін қыз бен жігіт жұптары ғана қабылдайды. Әрине дінін бұлайша өзгерткендердің көп емес екены белгілі, өйткені халық дәстүрінде өз жетімдеріне қамқор болу әр рудың міндетіне жатса, әуелден қалыптасқан қоғамдық пікір күйеу мен қалыңдықтың өздерінше таңдау жасауын дұрыс деп есептемейді.

Бұдан 6 жыл бұрын алдында болыс хатшылығы қызметінен қуылған бір қазақтың арыздануы арқасында әкімшілік алғаш рет гектографқа басылып, ел арасында кеңінен таратылған бір үндеумен танысты.Осы тұңғыш үн-хатта авторлар қазақ тілінде Алаш ұрпақтарын орыс өкіметінің дінге, ісләмға қарсы қимылдарына, қазақ халқын шоқындырмақ ниеттеріне бір кісідей көтеріліп, қарсы шығуға шақырды. Және үндеудегі осы мүдде орыстандыру саясатына қатысты және фактілермен ерекше байытыла көрсетілген де еді.Үндеу авторлары қазақтарды шоқындыруға бейімдеудің 1902 жылы Ақмола облысында «крестьян» бастықтары қызметінің өмірге еніп, орыс әліппесімен оқытатын ауыл мектептері ашылып, бұрыннан қолданылып келген арабша жазудың пайдаланудан шыға бастағанынан көрген еді. Қазақтар бұны өздерінің байырғы сауатына қасиетті кітап – Құранға жасалған қиянат деп тауып, әкімшіліктен ауыл мектептерінде ісләм ілімі мен қазақша сауатқа үйретуді сұранды. Олардың бұл өтініші қабылданбайды. Сондықтан да қазақтарға үндеуде айтылған әлгі жайлар ақиқат ретінде ұсынылған еді.

Осы үндеуге байланысты қазақтың белгілі адамдарының, молдалар мен мұғалімдерінің үйлерінде тұңғыш рет саяси тінтулер жүргізілді, кітапханалары алынып, олар екі - үш жылдан кейін, бостандық күндері ғана қайтарылып берілді. Көкшетаудан әкімшілік пәрмені бойынша күллі қазақ даласына әйгілі ғұлама – молда Наурызбай Паласов өз шәкірттерімен бірге жер аударылды. Оны халық Науан хазірет деп атайды, Көкшетау оязы кедей қазағының баласы болған ол,бір кездердегі Ломоносов сияқты Бұқараға жетіп, сол шаһарда 15 жыл оқып, жоғары діни мектепті бітреді. Ерекше алғырлығымен көзге түскен ол, сонда қалып ұстаз боп жүрген кезінде Көкшетау қазақтары ел атынан қалап, оны атамекеніне қайта алдыртып алған болатын. Егер өкімет саналы түрде қазақ халқын орыс білімінен аулақтатып, оны ісләмшілдыққа итермелегісі келсе, дәл ол үшін Науан сияқты әйгілі адамдарды қудалаудан артық тәсілді ойлап табу қиын да шығар.

Қазақ даласында қазіргі кезде Науан сынды Самарқанның, Бұқардың, Константинопольдің, Қазанның және басқа мұсылман орталықтарының жоғары діни мектептерін бітірген ғұламалар аз кездеспейді. Қазақтардың қанша проценті сауатты екенін анық айту қиындау. Өйткені оқу құпия түрде жүргізіледі де, деректер мәліметтік әдебиетке ене бермейді. Губернаторлық ақпарларда қазақша сауат ашу мектептері есепке мүлдем алынбайды. Бұл жөнінде Щербина мырза жүргізген статистикалық экспедиция біраз мағлұмат ұсынады.

.,.», көшіру.

«Хаттама.

1906 ж. 10 қаңтар күні, Павлодар қаласы.

Ротмистр Рутландтың Омбы қаласынан жолдаған шифрлы құпия жеделхаты бойынша тұтқындалып, Павлодар түрмесінде отырған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, маған, 2-бөлімшенің сотына мынаны мәлімдеді:

Ол өзінің тұтқындалғаны туралы мәліметті бақылаушы Прокурға хабарлауын сұрады, қамаққа алынуының себебі мен тағылған айыпты жариялауды талап етті. Тағылған айып оған жарияланды. Сондай-ақ ол өзін жеке адамның кепілдігімен немесе қаржылай кепілдікпен күзетті бақылаудан босатуды өтінді. Мұнымен қоса, тұтқынның портфелінен шыққан қазақ тіліндегі өлеңмен жазылған қолжазбаны мұқият сақтаудың шарасын қарастыруды тапсырды, оның құнын 5000 сомға бағалады, бұл қазақ ақыны А.Құнанбаевтің өлеңдері.

Ә.Бөкейханов (қолы).

Сот (қолы).

Құпия.


Павлодар түрмесіндегі тұтқын Ә.Бөкейхановтың осы арызын оның сұрауы бойынша Семей аймақтық сотының прокуроры мырзаға жолдап отырмын. 1906 ж. 10 қаңтар».

Бұл туралы Ә.Бөкейханов:

«Мен өзімді тергеп, тексеріп, сотқа беруін сұрап бірнеше рет бақылаушы прокурорға арыздандым. Ондағы ойым түрмеден сот басталғанға дейін басанып шығу болатын Бірақ мені түрмеге жапқандардың көздегені тіпті басқа екен… Бәрінің жауабы біреу-ақ. Осындай өтінішімді мен граф Витте мен Әділет министрі Акимовқа да жеткізуге тырыстым. Сөйтсем, менің Павлодарда тергеушіге тапсырған жеделхатым почта арқылы Семейге (360 шақырым) прокурор мырзаға жіберіледі екен де, оның алдында мәлім уақыт жатып, сол жолмен өзіме қайтып келеді екен. Қысқасы мені олар осылай әбден әуре етті... 1906 жылдың 15 сәуірінде мені Омбы түрмесіне ауыстырды да, менің өз болысымнан бір ауыздан «сайланушы» болғаным белгілі болып, мені сол жерден 30 сәуір күні босатты» деп жазады.

Отаршыл идеологтар Абайды қалайда уысына қайта түсiру үшiн «Мұсылман дiншiлдердiң реакциялық қозғалысы туралы» деген арнайы қылмыстық тергеу iсiн бастап, сол арқалы Абайды «тәубеге келтiрмек» болды. Қазiргi «ұлтшыл» деген үйреншiктi «айыптың» орнын алмастыратын сол кездегi бiрден-бiр жазғыру шарасы «дiншiлдiк» едi. Мен осы тергеудiң iшiндегi мына бiр деректi толық келтiрейiн, сонда сiздер бiздiң рухани тәуелдiлiгiмiздiң қалай басталғанын толық бiле аласыздар.


«1891 жылы қыркүйек айында Діни /архирей/ басқарма Мәртебелі Ағзамға мұсылмандардың арасында Иса пайғамдбардың православиелік дінін тарату туралы ұсыныс айтқан еді. 1902 жылы 22 наурызда Мәртебелі Ағзамның бекіткен заңына сәйкес мемлекеттік құпия істер жөніндегі кеңесші: «Патшаның бодандығындағы барлық бағыныштылар бір дінге көшу керек. Бірақ та оларды бағындыру және шоқындыру, бір дінге кіргізу туралы Ережеге байланысты құпия, ың–шыңсыз, бірте–бірте, күш қолданусыз, зорлаусыз, алайда асқан ептілікпен, айламен, «Олардың өздері осы дінге кіруге ризалықтарын берген–міс» - деген желеумен жүргізілуі тиіс. «Өздері првословие дініне еніге өтініш білдірді, өздерінің еркімен енді» - деген айлалы амалды жүзеге асыру үшін арнайы жоспар жасау қажет»- деп нұсқау берді.

Құпия кеңесшілер арнайы журнал /жарлықтардың орындалғанын тексеріп, істелген істі есепке алып, бағыт-бағдар беріп отыратын арнайы бөлім – Т. Ж., ашты. Онда: «Ауылдарда, старшындарда «ауыл мектебі» деген бүркеншік атпен мектеп ұйымдастырып, бірте-бірте олардың санын көбейтіп, алғашында қазақтардың көңілін табу үшін оларға қазақ мұғалімдерін жіберу керек. Оларға міндетті түрде орыс оқуын оқытып, балалармен орысша сөйлеуді, қазақ әрпін қандай жағдайда болмасын қолдануды тапсырып, сөйтіп қазақ кітабын оқи алмайтындай жағдайға жеткізу керек. Бірақ оны заң ретінде қолданбау керек. Содан кейін мынадай тәсілге көшу ұсынылады: барлық мектептердің мұғалімдерінен «мұғалім» деген инспектордың арнайы бекіткен куәлігін талап ету керек, ал инспекторларға қазақ мұғалімдеріне куәлік беруді әдейі қиындатып, сарсаңға салып, қасақана кешіктіру туралы алдын ала тапсырылып қойылуы тиіс. Куәліксіз сабақ берген мұғалімдер қатаң түрде заң арқылы жауапқа тартылсын. Осы тәсілмен молдалардың санын кемітіп, ол міндет ауыл старшынына жүктелуі тиіс. Поптарға белгілі адамдар ғана мұғалімдіккке сайлансын. Содан кейін ретіне қарай сылтау тауып: «Старшындар өзінің ақымақтығынан және істің мәнісін білмегендіктен ананы, мынаны бүлдірді–міс, халық санының өсуі кеміп кетті–міс» деген, тағы басқа молдалар туралы жалған лақап таратып, ауыл мектептерін молдалардың қолынан алып, поптың ықпалына еріп, айтқанына көнетін және оның үнемі қол астында жүретін адамдарға тапсыру керек.

Өлген қазақтарды жерлеуге поп басшылық етуге тиіс, ал қазақтар өлген адамдары туралы оларға міндетті түрде хабар беру керек. «Өлген адамның жаны әлі шыққан жоқ, тірі көмуге болмайды, ол о дүниеде жұмаққа бармайды-мыс» - деген сылтау айту керек. Мұндай тәртіптің кіргізілуін: «Қазақтар кісі өлімі туралы үнемі жалған ақпар береді, ал дененің іріп, еті босағанға дейін көмілген адамның неден өлгенін анықтау мүмкін емес. Сондықтан да қазақтардың арасындағы дақпырт пен дау-дамайды болдырмау үшін өлген кісіні жерлеу кезінде міндетті түрде попқа көрсету қажет» - деп түсіндіру керек.

Қыздар мектебін ашу керек және қазақ қыздарын орыс оқуына оқытудың мақсаты мынау – ол ертең қазаққа тұрмысқа шығып, ана болған соң өзінің күйеуі мен баласын орыстануға бейімдейді. Олай болған күнде қазақтың оқуын тез жоюға қол жеткіземіз және орыс оқуын ғана оқытамыз. Содан кейін арнайы /ең шешуші/ Заң шығарылуы тиіс, сол арқылы қазақтарды әр қонысқа бөліп – бөліп тастап, оларды крестьянға айналдырамыз.

Осыдан кейін қазақтардың өз атынан бізге шоқындырушы уағызшы керек деген арыз ұйымдастыру керек. Бұл міндетті орындауға жіберілге адам (уағызшы - Т.Ж.) қазақтардың барлық талаптарын орындауға, көмектесуге міндетті, оларды өзімен бірге ертіп жүріп бойын үйретсін, өзімен қол беріп амандасқан қазақтардың өкілдеріне сый-сияпат көрсетсін, өзіне тартсын, дінге үйір қыла берсін, сөйтіп жүріп «Қазақтардың дініне ешкімде қысым көрсетпейді» - деп пікір тарата берсін, ал олардың уағызға келуі және тыңдауы өздеріне пайдалы, бір-бірін сыйлауға, бір-біріне қастық жасамауға, шындықпен өмір сүруге көмектеседі деп сендірсін. Қазақтарды осылай тыныштандырып алған соң мынадай ұсыныс жасау керек: «Мұның барлығын қазақтардың өзі сұрап жасаттырып еді. Ол үшін миллиондаған сом қаржы кетті, қазақтардың өзі уағызшы сұрап еді, ол да қанағаттандырылды, соның бәріне қарамастан қазақтар үкіметті алдады, сол үшін жазаға тартылуы керек» - деп жарлық жасау керек. Қазақтарды жазаға тарту туралы Мәртебелі Ағзамнан пәрмен сұралады. Пәрмен берілгеннен кейін қазақтарды жазалау үшін әскер жасақталады және олар кресті алға ұстап, жорыққа аттанада. Қазақтардың бәрінің шоқынуға және православие дінін қабылдауға мәжбүр етеді. Ал бұл талапты өз еркімен орындамағандарды қырып салу керек.

Сол кезде қазақтар: «Бізді орыстар үнемі күзетіп тұрар деймісің» - деп православие дінін қабылдайды. Іле шала орыстарды алдап, кресті сандықтың түбіне тыға салып өз дінін ұстауды жалғастыра береді. Міне, осы кезде барып ауылдарға шіркеу мен мұнара салып, күн сайын қолына крест! ұстатып тұрып, уағыз тыңдату қажет. Сонда ғана татар мен сарттардың қазақтарға жасайтын ықпалынан құтыламыз.

1902 жылғы 61 Пәрмен бойынша Ақмола мекемелеріндегі жарлыққа сәйкес қазақ молдалары дін ісінен шеттетілді. Егер де молдалар Пәрменді бұзса қатаң жауапқа тартылып, ереженің 79 тармағы бойынша жазаланады. Крестьян басқармасының бастығы мұны қатаң бақылауға алып, мәлімет беріп отыруға телісті. Осындай шаралар арқылы істі оңға қойып, жолға түсіріп алған соң миссионерлерді жіберу керек. Олар қазақтардың ұстанған дінінің дұрыс емес екендігін және Иса пайғамдардың жіберуімен келгендігін, сонымен қатар заң бойынша Патша Ағзам қандай дінді ұстанса оның құзырындағылар да сол дінге кіру керек екендігін, ал қазақтардың дінінің бұл дінге \нақты танылмады – Т.Ж.\ жат екенін дәлелдеу тиіс. Содан кейін Император Ағзам бүкіл консульдықтарға: Менің құзырымдағы қазақтарым ислам дініндегі мүфимге бағынатын, бірақ та исламның шариғатына қазақтардың бағынғысы келмейді. 68 жылғы Ереженің 97 және 98 тармақтарына сәйкес олар муфтилік бағынудан алынып, әр болыста діни рәсімді өтеу үшін жеке – жеке молда сайлаған болатын. Сонымен бірге моллалардың міндеті туған балаларды тіркеп, оларға ат қою болатын. Қысқасын айтқанда шариғаттың барлық заңын орындауға тиіс еді. Алайда қазақтар өзінің молдаларының талаптарын орындамады, оларды көзге ілмеді, өзінің рухани дәстүрін ұстанды, балаларына – Қойлыбай, Жылқыбай, Итаяқ деп ат қойды. Кейін өздеріне арнап орыс мектебін ашуды талап етіп, өтініш білдірді. Мектеп ашылды. Енді қазақтар өзінің дінін өзгерткісі келетіні туралы өтініш жасап отыр» - деп хабарлауы керек. (Мемлекеттік архив. Қор 15. тізім 2, іс №399).
Тарих шежіресінен

Мемлекеттік Думаға ашық хат

Көш-қон басқармасы қазақ даласындағы мемлекеттік жерлерді жер аз Кочаткин, ростовский кінәздер мен граф Медем секілді» барлық сословиелерге таратып берумен ғана шұғылданып қоймай, қазақ халқын «православтік – христиандық ілімді» қабылдануға да даярлық жүргізуде.

Көш – қонды іс жүзінде асырушылардың қазақтарға жер бөліп беру мөлшерін анықтап, орталық өкіметтің айтқанын бұлжытпай орындап, бағыт – бағдарын анықтайтын құжат, міне, мындай:

Қасиетті Синодтың осы жылғы 5/26/ сәуір күні №3067 анықтамасына сәйкес қазақ даласына қазақ мұсылмандары мен шоқынған қазақтарды орыс қара шекпендерімен қоса қоныстандырып, мұсылман қазақтарының жалпы саны шоқынушы православтардың жартысынан аспауы көзделсін. Бұл православтардың шаруашылық мұқтаждықтары мен талаптарын шешуде бұратаналарға үстем дәрежеде болуы үшін керек. Қасиетті Синод осы шаралар Дала обылыстары мен Түркістан өлкесінің қазақтарын православтік – христан ілім алуына алғышарттар жасайды деп ойлайды. Жер бөлу және жер өңдеу бас басқармасы осы құжатты тарата отырып, қазақ пен орысты бірге қоныстандыруда діні бөлектердің арасында православиені насихаттау мен нығайтуды да мақұл көретінін, осы арқылы Дала облыстарындағы жергілікті ел- жұртты орыс мемлекет пен мәдениетін мойындатып тезірек орысқа сіңіруді көздейтінін де айтты!

* * *


Сіздің Жоғары мәртебеңізге осыны білдіре отырып, бұйрығыңызды күтемін.

Аудан және қарашекпен басшыларына.

Орал облысы соғыс губернаторының осы жылғы 12 маусымдағы православтар мен мұсылмандарды алып, іске асыруыңыз үшін жіберіліп отыр. 27 маусым, 1912 жыл. №9373.

Қоныстану ісін меңгерші үшін Константинов. Хатшы қызметін атқарушы И. Арсеньев».

1905 жылғы 17 сәуірдегі ұлы Жарлықтан кейін Қасиетті Синод 5 миллиондық қазақ халқының шаруашылық тіршілігіне қысым жасау арқылы дін ісіне араласуын мүмкін деп санап, 1904ж. 12 желтоқсандағы ұлы Жарлықтан кейін жер бөлу және жер өңдеу бас басқармасы көш-қон басқармасының жергілікті әкімдері мен шенеуніктеріне Қасиетті синодтың заңсыз бұйрығын орындатуға тырысады.

Кінәсіз бен граф тұқымдарынан қазақ жеріне көз тігіушілер ызғары біздің Мемлекеттің Дума мінберінен «3 маусым Заңы» негізінде қорғану хұқымызды аяққа таптап отыр.

Көрсетілген құжаттағы көпе-көрнеу заңның бұзылғанына депутат мырзалар көңіл аударып, Мемлекеттік Дума туралы Ереженің 35 және 58 – баптарына назар салады деп сенемін.

Мемлекеттік Думаның мүшесі.



Әлихан БӨКЕЙХАНОВ.

«Речь» газеті, 23/1 1914. №22/2691/.Петерогад.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет