Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру



жүктеу 261.85 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі261.85 Kb.
: sites -> default -> files -> documents -> kaulylar
documents -> Научно-образовательный материал Обработка и интерпретация данных дистанционных исследований на акваториях
documents -> Культура массовых коммуникаций 8 семестр проф. Ермакова Г. А
documents -> Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) жұмысын бастады. Мемлекеттік қызмет «электронды үкімет»
documents -> Газ және газбен жабдықтау туралы
kaulylar -> 2013 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет
kaulylar -> Жоба Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану
kaulylar -> Оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
kaulylar -> Жоба «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы» атағын беру қағидаларын бекiту туралы
kaulylar -> Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2013 жылғым 17 мамыр
ЖОБА

Аббатандыру, санитарлық жабдықтау,

жинау жұмыстарын ұйымдастыру

және Қызылорда облысының

елді мекендерінде

тазалықты қамтамасыз ету

Ережесі туралы
"Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 3, 387-баптарын басшылыққа ала отырып, Қызылорда облысының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:

1. Қоса берiлiп отырған "Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Қызылорда облысының елді мекендерінде тазалықты қамтамасыз ету қағидалары" бекiтiлсiн.

2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық

мәслихатының мәслихатының

сессиясының төрағасы хатшысы


И. Тілеп Б. Еламанов
ЖОБА

Қызылорда облысы елді-мекендерінің

аумағын абаттандыру Ережесі



  1. Жалпы қағидалар

1. Осы абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Қызылорда облысының елді мекендерінде тазалықты қамтамасыз ету Ережесі "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне", "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы", "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.

Ережелер абаттандыру, санитарлық тазарту, аумақта тазалықты сақтау, инфрақұрылым объектiлерiн күтiп ұстау мен қорғау, Қызылорда облысының елді мекендерінде қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және пайдаға асыру, тәртiбiн белгiлейдi және жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейдi.

Абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және Қызылорда облысының елді мекендерінде тазалықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды реттеу және ұйымдастыру жұмыстарын қала әкiмдiгiнiң, басқарудың уәкiлеттi органдары, мекемелердiң басшылары, қаланың көркейту мен санитарлық тазалық кәсiпорындарының лауазымды тұлғалары жүргiзедi.


2. Осы ережелерде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен түсiнiктер
2. Елді-мекендерді абаттандыру – адамның өмір сүру ортасын қауіпсіз, жайлы және қолайлы қамтамасыз ету, элекменттер мен жұмыс кешені. Бұл жұмыс кешені келесі негізгі бағыттар бойынша: инженерлік абаттандыру, сыртқы абаттандыру, жарықтандыру, үй ауласын абаттандыру, абаттандыру элементтері мен объектілерді қорғау және жөндеу, пайдалану, ұстау, ұйымдастыруды алдын алады.

3. Аула iшiлiк аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кiр жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлiк тұрақтарын, сәндiк құрылғылар орнату, үйге кiретiн жолдар, аулаға енетiн жолдар үшiн пайдаланылатын жерлер (бір аулада бірнеше жер пайдаланушыла бар кезінде аймақ бекітілген шекара пайдаланылатын аймақ шекарасымен пропоруионалды анықталады, немесе жақтардың келісімі бойынша)

4. Бөлiнген аумақ - жер пайдаланушының (кәсiпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға және т.б.) иелiгiне тапсырылған немесе Қазақстан
1

Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкiлеттi органдардың құқықтық шешiмдерiне сәйкес пайдалану үшiн, өзiне жататын объектiлердi орналастыруға берiлген жер учаскесi.

5. Iргелес жатқан аумақ - тiкелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектiлерiне және заңды немесе жеке тұлғалардың меншiгiнде, иелiгiнде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдалануындағы басқа объектiлер шекараларына (периметрi бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ. 6. Жердi пайдаланушы - мақсаты мен меншiк түрiне қарамастан, (кәсiпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсiпкерлер, жеке меншiк секторындағы үй иелерi, пәтер иелерi кооперативтерi және басқалар) елді-мекендердің шекарасында жер учаскелерiн пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.

7. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар), алаңдар, көлiк аялдамалары және т.б.

8. Шағын сәулеттiк нысандар - көлемi жағынан кiшкене әсемдiк, сондай-ақ iске жарамды сипаттағы объектiлер: сәндiк құрылғылар - мүсiндер, бұрқақтар мен әсемдiк су тоғандар, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар; iске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгiршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшiктерi және басқалар.

9. Тапсырыс беруші – мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждық және жоба-өндіретін өндірістік жұмыстарға осы мақсатта келісім-шарт келісетін және күрделі құрылыс немесе жөндеу жүргізу үшін қаражаттың орнатылған тәртібінде бөлінуі бар, кәсіпорын, мекеме немесе ұйым.

10. Ғимарат - көтергiш және қоршау құрылғыларынан тұратын, мiндеттi түрде жер үстi тұйық көлемiн жасайтын, функционалдық қызметiне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндiрiстiк iстердi орындау үшiн, сондай-ақ материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлiгi болуы мүмкiн. 11. Имарат - өндiрiстiк үрдiстердi орындауға, материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердiң уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемдi, жазықты немесе тiзбектi салынған жасанды құрылыс (жер үстi, су үстi немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндiк-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкiн.

12. Өту жолдары, өтетiн жер – облыс аудандарының елді-мекендерінде,тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар және елді мекендер iшiндегi қалалық құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының

2

кiруiн қамтамасыз етушi жол элементi.



13. Жаяужолдар - жаяу жүргiншiлердiң жүруiне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүл кестемен бөлiнiп жатқан жолдың бөлшегi.

14. Жолдарды күтiп ұстау - нәтижесiнде талапқа сай келетiн, жол мен жол құрылғыларының көлiктiк-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.

15. Ордер – жер және құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізуге рұқсат құжаттар, өзіне дайындық жұмыстарын ойына алатын, аймақты абаттандыру бойынша жұмыстар, желілік және бұзылуға шақ қалған ғимараттардың, сондай-ақ басқа да техникалық орындалмаған объектілердің құрылысы,

16. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).

17. Өндiрiстiк және тұтыну қалдықтары (одан әрi - қалдықтар) - өндiру және тұтыну кезiнде пайда болған шикiзат, материалдар, жартылай өңделген өнiмдердiң, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан тауарлар (өнiмдер).

18. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрi - ҚТҚ) - тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.

19. Iрi көлемдi қалдық (бұдан әрi - IКҚ) - өзiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметiнiң қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).

20. Жөн-жосықсыз төгiлетiн қоқыстар үйiндiлерi - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезiнде пайда болған ҚТҚ (IКҚ), өндiрiс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркiмен (жөн-жосықсыз төгiлетiн) шығару (орналастыру) немесе үю.

21. ҚТҚ, IКҚ жинау және шығару - ҚТҚ контейнерлерден арнайы автокөлiктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кiретiн жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау. 22. Уәкiлеттi органдар – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында құзыры  Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiмен анықталған Мемлекеттiк Мекеме облыс аудандары мен қала әкімдіктерімен анықталды.
3. Облыстың елді мекендердің аумағын тазарту
23. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерiн енгiзедi:

1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;

2) iрi көлемдi қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару; 3) сыпыру, жазғы мерзiмде су құю және жуу;

3

4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсiмдiктердi шабу және шығару; 5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау; 6) қысқы мерзiмде жол жүру бөлiгiн және жаяу жүретін жолды механикалық жинау;



7) механикалық жинау кезiнде қарды арту және шетке шығару; 8) қарлы үйiндiлердi күтiп ұстау.
4. Көшенiң өту жолдарын тазарту
24. Облыстың елді мекендеріндегі жолдардың өту жерлерiн, жиегін барлық енi бойынша тазарту; алаңдардың, көшелердiң және қалалық көше желiлерiн, тұралайтын қалташықтардын сондай-ақ соңғы автобус бағыттарының тұратын-айналу алаңдарын, жол желiлерiн күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргiзуге уәкілетті органмен жасалған мемлекеттiк сатып алу шарты негiзiнде, мердiгер-кәсiпорындар жүргiзедi.

25. Қаланың және облыстың елді мекеннің көпшілік жүретін объектілер маңайындағы көшені қоқыстан, ластан, қардан торапты жол бойына технологиялық тазарту жұмыстарын тоқтаусыз қамтамасыз ету үшін жол белгілерін орнату қажет (3.29 – тақ сандар бойынша автотранспорт қоюға тиым салынады, 3.30 – жұп сандар бойынша автотранспорт қоюға тиым салынады).

26. Өту жолының, көшелердiң және кiру жолдарының жол төсемдерiн, осьтiк жолақтарын, жиектемелерiн сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейiн, жоспар-ұдайы жүйеге сәйкес жүргiзiледi.

27. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиiс. Өту жолдарының қозғалыс сызығымен белгiленген, осьтiк жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлi ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.

28. Жол жиектері шөптерден, ірі көлемді қалдықтардан және басқа да қоқыстардан тазартылуы тиіс. Жолдардың өту жерлеріне және жол үстіне тазалау жұмстары кезінде қоқыс шығаруға тиым салынады.
5. Жаяужолдарды, аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту
29. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүл кестемен бөлiнген және тұрғын жай ғимараттарының кiре берiсiнен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсiпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектiлерiнен iргелес жатқан қоршауына тiкелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары абаттандыру конкурсында жеңген қалалар мен елді-мекендердің санитарлық тазартумен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын коммуналдық кәсiпорындармен жүргiзiледi.

30. Көпiрлердегi, жол желiлерiндегi жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлiк құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы инженерлiк құрылғылардың иесi

4

болып табылатын кәсiпорындармен жүргiзiледi.



31. Көшенiң жол жағынан гүл кестемен бөлiнген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кiре берiсiнен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсiпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектiлерiнен шығатын жерлердiң жол жағын тазарту мен күту жұмыстары кесiп берiлген жермен сәйкес орындалады.

32. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлi қоқыстан тазартылуы қажет.

33. Қаладағы және облыстың елді мекендегі жолаушылар көлiгiнiң аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарының санитарлық жинауын жүзеге асыратын кәсiпорындар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөнiндегi жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетiледi. Аялдама алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлi қоқыстан тазартылуы қажет.
6. Қысқы кездегi қалалар мен облыстың елді мекендердің аумағын тазарту ерекшелiктерi
34. Қалалар мен облыстың елді мекендердің көшелерiнiң өту жолдары мен кiру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Ережелердің талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

35.Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезiнде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен ерiген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етiледi. 36. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кiшi сәулеттiк формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйiрлерiндегi жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздықтардан тазартылуы керек.

37. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегi инженерлiк желiлерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепшi болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгiленген орындарға шығарылады (қарлы үйiндiлер). 38. Қар үйiндiлерiн жасауға болмайтын жерлер: бiр деңгейде барлық жолдар мен көшелердiң және кiру жолдарының қиылыстарында және темiр жолға жақын жолдарда; көлiктiк қоршаулармен жабдықталған немесе көтерiңкi жиектемелерi бар жол учаскелерiнде; жаяужолдарда. 39. Жаяужолдар мен гүл кестелерге қар шығаруға рұқсат етiлмейдi. 40. Қар шығарудың технологиясы екi кезеңнен тұрады:

бiрiншi кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер: жолаушыларды тасымалдау көлiгi аялдамаларынан, жер үстi жаяужүргiншелер өтпелерiнен, көпiрлерден және жол желiлерiнен, халықтың жаппай баратын орындарынан (iрi сауда кәсiпорындардан, базарлардан, қонақ үйлерiнен, сапаржайлардан, театрлардан және т.б.), ауруханаларға

5

кiретiн жолдардан және басқа да әлеуметтiк маңызы бар объектiлерден; соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бiрiншi кезектегi қар шығару жұмыстарынан кейiн, уәкiлеттi органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.



41. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы бөлініп берiлген, дайындалған алаңшаларға (қарлы үйiндiлерге) жүргiзiлуi тиiс. Белгiленген тәртiпте көрсетiлмеген жерлерге қар шығаруға жол берiлмейдi.

42. Қарды уақытша шығаруға берiлген орындар, қар ерiгеннен кейiн қарлы үйiндiлердi күтiп-ұстайтын мердігер-ұйымымен қоқыстардан тазартылып, көркейтiлiнуi тиiс.

43. Жаяужолдар мен көпiрге шығатын жерлердегi баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: 1) жаяужолдар мен көпiр құрылғыларына шығатын жерлердегi баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздықтарының пайда болуы) дейiн барлық енiне дейiн тазартылуы қажет;

2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпiр құрылғыларына шығатын жерлердегi баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделiп және жаяу жүргiншiлер жүруi үшiн тазартылуы керек;

3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкiндiгi жөнiнде хабарландырылған жағдайда, бiрiншi кезекте баспалдақтар, содан кейiн жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуi керек.

44. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кiру жолдары қар мен мұздықтан асфальтқа дейiн тазартылуы тиiс, қар мен жарықшақ қар үйетiн жерге шығарылуы тиiс. Мұздық пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.


45. Аула аумақтары мен iшкiорамдардан тазартылған қарды автокөлiктiң қозғалысына және жаяулардың жүруiне кедергi келтiрмейтiн орындарға үюге рұқсат берiледi.

46. Аула iшiнде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру қажет.

47. Жаяу жүргiншiлер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлi учаскенi қоршау арқылы, жүргiзiлуi керек.

48. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздықтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсiру, тек күндiзгi уақытта жүргiзiлуi мүмкiн. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсiру аула аумақтарына жүргiзiлуi керек. Қарды түсiрер алдында жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүлгiлер жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрi көшенiң жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшiн орналастырылады.

49. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берiлмейдi.

6

7. Ақылы автотұрақтарды және гараж кооперативтерін орналастыру және абаттандыру


50. Жеке қожалықтағы жеңіл автомобиль гараждарын, ашық күзетілетін автотұрақтарды, автокөліктің (ақылы және ақысыз) уақытша тұрақтарды орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормалары және ережелеріне, белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес жүргізіледі. 51. Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер, сауда және қоғамдық тамақтану объектілері, демалыс және жапай бару орындары келушілер үшін ақысыз тұрақпен жабдықталуы қажет.

52. Жеке гараж иелері гараж кооперативтеріне (серіктестікке) бірігеді. Гараж кооперативтерінің аумағын абаттандыру және оны күтіп ұстау кооператив қаражат шотынан жүзеге асырылады.

53. Ашық ақылы жеңіл автокөлік тұрақтарын тұрғын және қоғамдық құрылыстарға дейін санитарлық алшақтықты қамтамасыз ете отырып орналастыру қажет. Автотұрақтарда қатты жабындыны, қоршау, ҚТҚ жинау үшін контейнерлер орнатылған, күзет және сыртқы жарық үшін бөлме болулары тиіс. Автомобильді сақтау орны үстінен аспалы жеңіл құрылыс жабдығын құруға жол беріледі.

54. Иелері оларға беітілген және тиесілі авто тұрақ, гараж аумағын, гараж шатырын санитарлық және өртке қарсы жағдайда ұстаулары қажет.

55. Әрбір меншік иесі өзінің көлік құралын оның ішінде пайдалануға жарамсыз, оған тиесілі аумақта немесе ол үшін арнайы бөлінген орында (гараждар, автотұрақтар, техникалық қызмет көрсету станциясы, паркингтер, арнайы жерлер) сақтауға құқықтары бар. Көлік құралдарының иелері өздігімен көлік құралдарын тиісті сақтау үшін іс-шаралар қабылдайды.
8. Ордердерді беру тәртібі
56. Жер жұмыстарын жүргізуге Ордерді алу үшін Тапсырыс беруші қаланың, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсынады: а) негізгі жұмыстардың басталу сызбасын, негізі жұмыстардың аяқталуы оның ішінде қалпына келтіру жұмыстарын көрсете отырып мүдделі қызметтермен және ұйымдармен келісілген белгіленген үлгідегі өтініш; б) объектіні салудың және жөндеудің ситуациялық жобасы;

в) желілерге қосуға (желілерді өткізу кезінде) техникалық шарттар; г) құрылыс салуға рұқсат (объект салған кезде); д) инженерлік қызметті атқаруға (техникалық қадағалау) ұйыммен жасалынған шарт.

56-1.Ордерді беру мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын уақытты құрайды.

57. Ордерде көрсетілген жұмыстарды жүргізу мерзімі міндетті болып табылады. Тапсырыс беруші егер де Ордерде көрсетілген мерзімде үлгере

7

алмаса, ол жұмыс жүргізу сызбасының бұзылу себептерін түсіндіре отырып Ордердің әрекет мерзімін ұзарту туралы алдын-ала өтініш беруге міндетті.



Жұмысты ұзарту себептеріне және жүргізілген жұмысты келіскен қызметің шарттарына қарамастан уәкілетті орган Ордерді ұзартуға немесе жұмыстар қашан қалпына келтірілгенше мерзімге жұмысты тоқтатуға құқығы бар.

Ордерді ұзартудан бас тартқан жағдайда Тапсырыс беруші жүргізілген жұмысты тоқтатуға және азаматтардың өмір сүру қауіпсіздігі үшін жағдай жасауға міндетті.

Жұмыстарды Ордерсіз жүргізуге, мерзімі өтіп кеткен Ордермен немесе жұмыстарды тоқтата тұру сондай-ақ Ордердің күшін жою жер жұмыстарын өздігімен жүргізу деп бағаланады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кінәлі тұлғалардың жауапкершілікке тартылады. Жұмысы тоқтатылған объектілерге Ордерді алу осы Ереженің 56-тармағында көрсетілген тәртіпте жүргізіледі.

58. Таспырыс берушіде жұмыстарды жүргізу мерзімі өтіп кеткен объектілер болған жағдайда ол басқа да ұқсас жұмыстар жүргізу үшін Ордер алуға құқығы жоқ.



9. Жер жұмыстарын жүргізу тәртібі.
59. Көп көлемдегі қопарыстыруды, аумақтын бір учаскесінің абаттандырылуын бұзуды болдырмау мақсатында аумақтын абаттандырылуын бұзу қажеттілігіне байланысты жер жұмыстарын үйлестіру үшін алдағы жылда осындай жұмыстарды жүргізуді жоспарлаған тұлға уәкілетті органға келесі жылы жүргізілетін жұмыстын учаскесі, орны және мерзімі туралы ақпаратты ағымдағы жылдан кешіктірмей ұсынуы тиіс. 60. Егер жолдар, жаяужолдар, өтетін жолдар ағымдағы жылдың жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізілген болса, онда осы жолдағы, жаяужолдағы, өтетін жолдағы және осы жылы жаңа коммуникацияларды жүргізу, қолданыстағыларды жөндеу және қайта орналастыру жөніндегі жұмыстар, апаттық жағдайларды жою жағдайынан басқалары жолдарды, жаяужолдарды, өтетін жолдарды және қала аумағын абаттандыру жөніндегі жөндеу жұмыстарына дейін немесе жұмыстар кезінде жүзеге асырылады. 61. Жұмыстарды жүргізу кезіндегі және объектіге жеткізілетін құрылыс материалдары және де құрастырулар қала аумағының санитарлық жағдайын бұзбауы тиіс, көлік құралдарының және адамдардың қозғалысына қиындық туғызбаулары қажет.

62. Көлік және адамдардың қозғалысы орындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазу кезектілігі сақталуы қажет. Жұмыстардың тәртібі және кезектілігі жер жұмыстарына Ордер берілген кезде белгіленеді. Көлік және адамдардың қозғалысы қауіпсіздігіне Ордерде көрсетілген тұлғалар жауапты болады.

63. Жұмыстарды орындау барысында жауапты тұлғалар құрылыс

8

орында болулары қажет сондай-ақ бекітілген және келісілген жоба (сызба) Ордері болу тиіс. Жер жұмыстарын механизімдермен жүргізген кезде жұмысты жүргізуші машинстке механикалық тәсілмен жүргізілетін жерді қазу механизімінің сызбасын беруге және қолданыстағы коммуникациялардың сақталуы қамтамасыз етілетін олардың орындарын және де жұмыс шекарасының орнын көрсетуге міндетті. 64. Көшелерді және алаңдарды жер жұмыстары жүргізілген кезде алынған топырақты (құңарлы қабатынан басқасы) ыбыстырмау мақсатында ол қалалық қосыс тастайтын жерге немесе оны одан әрі пайдалану үшін жұмысты өндірушінің өзіндік жинақтау жеріне шығарылуы қажет. Көшенің көлік және адамдардың қозғалыс қауіпсіздігіне жауап бермейтін тар жерінде жүргізілетін жұмыстар топырақ шығаруменен ғана жүргізілуі тиіс. 65. Жер жұмыстары жүргізілгенен кейін жол және жаяужолдар жабындысын қалпына келтіру жолдың немесе жаяужолдардың барлық ені бойынша қолданыстағы құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес жүргізіледі.



66. Тапсырыс беруші міндетті: а) қазылған жерлерді қоршауға және стандартты тұрпаттағы ескертетін жол белгілерімен жабдықтауға, ол тәуліктің түнгі уақытында қолданыстағы құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес жарықтандыруға;

б) жұмысты жүргізіп жатқан ұйымның атауын, телефон нөмірін, жауапты тұлғаның тегін, жұмыстың басталу және аяқталу датасын көрсетумен тақтайшаны орналастыруға;

в) қажетті жағдайларда өтетін жол бөлігінің қазылған учаскесінен айналып өтуін жабдықтауға және айналып өтуді бағыттайтын белгілерді орнатуға;

г) жер жұмыстарын жүргізген көлік құралдарының жетілдірілген жабындымен төселген көшелерге және жолдарға шығу орындарында осы құралдарды жууды, ластан дөңғалақтарды тазартуды, ластанған учаскедегі өтетін жол бөлігін тұрақты түрде жинауға және де жууды ұйымдастыруға; д) механикалық жұмыс кезіндегі терең ордың жиегінде қалған топырақты кезекшілік аяқталғаннан соң жинауға және жолды тазартуға; е) жұмыс орының жерден және құрылыс қоқысынан жұмыс бітісімен 24 сағаттан аспайтын уақытта материалдарды жинауға және тазартуға; Бұзылған (сындырылған) асфальт жабындысын жұмыс күні ішінде шығаруға; ж) терең ор арқылы өтетін жерге екі бағытта адамдардың қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарбақтан жасалған өтетін көпірше орнатуға;



10. Абаттандыруды қалпына келтіру бойынша жұмыстарды тапсыру-қабылдау тәртібі
67. Су жиналатын шұңқырды, терең орды көму алдында жер жұмыстарын жүргізген тұлға уәкілетті органның өкілін шақыруға міндетті. Қайта көмуді тапсыру-қабылдау актісі құралады. Актіге уәкілетті органның,

9

тапсырушының, мердігердің өкілдері қол қояды.



68. Жол жамылғысын немесе орды және су жиналатын орынның жабындысын көмуден басқа қолданыстағы құрылыс нормаларға және ережелерге сәйкес жүргізіледі.

69. Қалған топырақты және материалдарды жинау, сонымен қатар жұмыс орнын тазарту жер жұмыстарын жүзеге асырған ұйыммен жұмыстар аяқталғаннан кейін екі тәуліктен аспайтын уақытта жүргізілуі қажет. 70. Жол жабындысын қалпына келтіру үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

- басты магистралда, шағын бақтарда, бульварларда, саябақтарда сонымен қатар көлік және адамдар қозғалысы көп орындарда қалпына келтіру жұмыстары орды қажеті шамаға дейін тығыздап жапқаннан кейін тез арада басталып және үш тәулік ішінде аяқталуы қажет;

- басқа жағдайларда – орды жапқаннан кейін жеті күннен кешіктірмей. 71. Жер жұмыстарын жүргізген ұйым тапсырыс берушімен бірлесіп қолданыстағы құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес, жазба актісінде көрсетілген мерзімде өз қаражат есептерінен, өз күштерімен немесе тиісті жұмыс түрлеріне рұқсаты бар мердігерлік құрылыс ұйымының күшімен бұзылған абаттандыруды қалпына келтіруге, уәкілеті органның өкіліне қалпына келтірілген абаттандыруды ұсынуға және өз қалпына келген абаттандыруды қабылдау актісіне құруға міндетті.

72. Жер жұмыстарының, абаттандыруды қалпына келтірудің, табиғи көріністің аяқталу мерзімі, уәкілетті органның өкілімен ордерді рәсімдеген кезде белгіленген жұмыстың аяқталуына үш күн мерзім қалғанға дейін ордерге жазба енгізе отырып тек қана жер жұмысын жүргізген ұйыммен жер жұмыстарын аяқтау мерзімі бар, хат түрінде кепілдік міндеттеме ұсынған жағдайда ұзартылуы тиіс. Мерзімді ұзарту абаттандыруды, табиғи көріністі қалпына келтіру, жер жұмыстары алғашқы анықталған мерзімде аяқталуы табиғи факторлардың әсерінен сонымен қатар жұмысты жүргізу сапасын тиісті қамтамасыз ету мүмкін емес кездегі объективті мінездегі өзге де жағдайларда ғана жүргізіледі.

73. Қалпына келтірілген абаттандыру, табиғи көрініс сапасы құрылыс, қала құрылысы, табиғатты қорғау заңнамасына сондай-ақ жер жұмыстарын жүргізуге ордер келісілген және тапсырылған кезде анықталған талаптарға сәйкес келуі қажет.


11. Тазалықты және тәртіпті қамтамасыз ету
74. Қалалар мен облыстың елді мекендердің аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндіріс, тара, ағаш кесу, жапырақ, қар қалдықтарын жиюға жол берілмейді.

75. Жеке тұрғын үй иелері және кәсіпорын аумақтарында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын, өндіріс, тара, ағаш кесінділерін жағуға рұқсат етілмейді.

10

76. Өндірістік кәсіпорындардың тазартылмаған суларын және жеке сектордағы ағынды суларды су қоймаларына және жергілікті бедерге, аңғарларға ағызуға жол берілмейді. 77. Тұрғын аумақтарда, жалпы пайдалану жерлерінде, жиналмалы су құдықтарында, су қоймаларында, адамдардың жаппай демалу орындарында, тұрғын үйдің есік алдында автокөлік құралдарын жууға, тазалауға және жөндеуге жол берілмейді. 78. Топырақты, қоқысты шашылатын құрылыс материалдарды, жеңіл тараны, жапырақты, ағаш кесінділерін, жолдарды ластауды қоспағанда қалың кенеппен немесе өзге де материалдармен жабусыз тасымалдауға, сондай-ақ ҚТҚ полигонына қоқысты апаратын арнайы автомобильдердің ашық люкпен қозғалуына жол берілмейді. 79. Көгал алаңдарға, гүл кестелеріне, жаяужолдарға, балалар алаңына ғимарат аркаларына әр түрлі мақсаттағы объектілерді орналастыруға жол берілмейді.



80. Жергілікті атқарушы органымен белгіленбеген жерлерде жарнамаларды, афишаларды, үгіт-нәсихат материалдарын, хабарландыру және де өзге визуалды ақпарат объектілерін орнатуға, жабыстыруға жол берілмейді. Көрсетілген бұйымды басқа жерлерге ілуге тек қана тиісті объект иесінің рұқсатымен жүргізіледі.

81. Басылған үгіт-нәсихат материалдарын шашуға жол берілмейді.



12. Ғимараттардың және мұнаралардың қасбетін ұстау.

82. Ғимараттар мен мұнараларды жүргізуге орналасқан, ұйымдар және кәсіпорындардың басшылары, ғимараттар мен мұнаралардың меншік иелері көрсетілген фасадтарды және олардың бөлек элекменттерін (балкондар, лоджалар, су ағатын құбырла мен тағы басқалары) бояу, жөндеу және қалпына келтіру бойынша жұмыс өндірісін уақытында қамтамасыз ету, сондай-ақ фасадттар орналасқан ақпараттық ұмытылмас тақтайшаларды, кестелерді ұқыпты және таза ұстау қажет.

83. Ғимарат фасадтарын және конструкциялық элементтерді өздігіненқайта қондыру рұқсат етілмейді.

84. Меншік және заңды тұлғалар жедел басқару немесе шаруашылықты жүргізуге құқықты құрылысы мен мұанараларға, бар ғимаратына мемлекеттік нормативтер мен ережелерді, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқада арнайы нормалармен, қала құылырысы және жоба құжаттармен сәйкес жер учаскілерінде ғимаратды, құрылыстарды, мұнараларды және басқа да мүліктік объектілерді дұрыс ұстау бойынша, сондай-ақ тартылған қаражат немесе меншік есебінен оларға жататын ғимараттар мен мұнаралардың фасадттарын қалпына келтіру және жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

85. Ғимараттарға, мұнарларға, қоршауларға, ағаштарға, электрмен жабдықтаушы тіреулерге, аялдамаларға және басқа да ақпараттарды және хабарландыруды орналастыруға арналмаған жерлерге қағаздарды клейлеуге,

11

ілуге жіне жапсыруға болмайды.



86. Архитектуралық бөліктерді алдын ала қалпына келтірусіз және фасадттарды бояу жүргізуге, табиғи немесе жасанды тастармен қапталған, декаративті түрлі-түсті терразитті және тас тәріздес сылақтаумен ғимараттар мен мұнарлардың фасадттарын бояуға рұқсат берілмейді.

13. Облыстың елді мекендердің аумақтарындағы қалдықтарды жинау,

уақытша сақтау, шығару және iске жарату
87. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшiн, көлiк өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлiнуi қажет. ҚТҚ жинау үшiн металдан жасалған контейнерлердi қолдану қажет.

88. ҚТҚ қоқыс шығарушы көлiктермен жүргiзiледi, сұйық қалдықтар кәрiзсiз үй-жайлардан бөшкелерi бар сорғы көлiктермен шығарылады. 89. Контейнерлiк алаңшалары бар аумақтарда мына талаптар орындалуға тиіс:

1) контейнерлiк алаңшалар, кiреберiстерi мен оларға өтетiн жолдардың қатты төсемдерiнiң болуы тиiс;

2) контейнерлiк алаңшалар iргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшiн жаппай қоршалуы (2,5 м ұзындықта) тиiс;

3) контейнер алаңшалары мен оған iргелес жатқан аумақты тиiстi санитарлық ұсталуын қамтамасыз ету қажет;

4) контейнерлердегi тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге; 5) жылдың қысқы мерзiмiнде контейнерлiк алаңшаға арнайы мамандырылған автокөлiктiң жұмысына және халықтық пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кiреберiстерi мен оларға өтетiн жолдардың қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуге.

6) ҚТҚ контейнерлерiн фракциялары бойынша орналастыру: азық-түлiк қаңылтырлардың бұйымын, шыны бөтелкелердi (пробкасыз), пластикалық бөтелкелерiн және қораптарды (майыстырып), бiр реттiк ыдыс-аяқты және полиэтилендiк пәкеттердi мен қораптарды (ыдысты алдын ала сұйықтан босату);барлық түрiндегi орауыш картондарды, қағаздарды бөлiнген түрiнде; шiрiктердi және сұйықтарды құруына жататын  азық-түлiк қалдықтарын, желе және қамыр қалдықтарын герметикалық қорапқа, полиэтилендiк пәкеттерге салу және қалдық қоқыспен орналастыру; iрi картонды бақтардың қасына бөлiнген түрiнде түйiнге жинауға. 90. Контейнерлер орнату үшiн алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтық дем алатын орындарынан кем дегенде 25 метрдей және 100 метрден аспайтын қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемi 5 контейнерлер санынан кем емес орнатуға есептелген.Контейнерлер мен алаңшаның шегiне дейiн шақырым 1 метрден кем емес болуы тиiс.

91. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезiнде түсiп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары ҚТҚ, IКҚ шығаруды жүзеге асыратын

12

ұйымдардың қызметкерлерi.



92. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, бiлiм беру, денсаулық сақтау мекемелерiнде және көпшiлiк баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгi аялдамаларында, сауда объектiлерiне кiреберiстерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетiн орындарда қораптар бiр бiрiнен 40 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейiнгi арақашықтықта қораптар орнатылады. Қалалық жолаушылар көлiктерi аялдамаларында және сауда объектiлерiне кiреберiстерде екi қораптан орнатылады.

93. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттiк тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелiгiнде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргiзу субъектiлерiмен мердiгермен жүргiзiледi. 94. Қораптарды жуу жұмыстары кiрлеуiне қарай, аптасына бiр рет орындалады.


14. Шағын сәулет нысандарын күтiп ұстау
95. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттiк нысандармен: демалу орындарымен, көлеңкелейтiн қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерiмен, қоршаулармен, телефон будкаларымен (қалқалармен), автокөлiк күтуге арналған павильондармен жабдықталады.
15. Тұрғын жай орамдары мен шағын аудандарды абаттандыру
96. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерiн қоятын, кiр кептiретiн, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшiн алаңшалармен жабдықталады.

97. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиiс. Сәулет органдарымен, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялық қадағалау және тұрғын-коммуналдық шаруашылық бөлiмiмен, жолаушылар транспортымен және автокөлiктiк жолдарымен келiсiлуi керек.

98. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ кесiп берiлген жер учаскелерi шегiнде аумағының аула маңы аумақтарында мына тәртiп сақталуға мiндеттi: көтермелердiң, жаяужолдардың, жүргiншiлер жолының, орамiшiлiк кiреберiстерi мен жолдарының төсемдерiн қалыпты жағдайда ұстауға;

аулаларға өздiгiнен түрлi шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге; аулаiшiлiк аумақтарды құрылыс

13

материалдарымен үйiп тастауға жол бермеуге; өзiнiң балансындағы (шаруашылық жүргiзушi немесе жедел басқару) инженерлiк желiлердi қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;



инженерлік желі (жедел басқармамен немесе шаруашылық жүргізуде) балансында орналасқан түзу жағдайда ұстау, құдықтарды уақытында және қадағалауды жүргізу;

шағын сәулет нысандарын, спорттың, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрiнiң ұқыптылығын сақтауға.

99. Аулаiшiлiк аумақта тиым салынады: апаттық жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 6-ға дейiн, тыныштық пен тәртiптi бұзатын жұмыстарды жүргiзуге;

аулаiшiлiк және iшкiорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргiншiлер жолына қызметтiк және жеке меншiк автокөлiкпен кiруге, қоюға; автокөлiк құралдарын қоюға және (немесе) аялдатуға арнайы бөлiнбеген және белгiлермен белгiленбеген орындарға қоюға жол берiлмейдi.


16. Апатты жұмыстарды жүргiзу
100. Пайдалану кезiнде немесе жерасты және жерүстi коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргiзген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп тудыруға әкелiп соғатын, су объектiлерiнiң ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын аз мерзiмде орындау шараларын талап етедi.

101. Апаттың бригаданы апат орнына жiберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүстi құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлiгi қызметiне, ауданның, қаланың жол полициясы бөліміне, қалалардың және елді-мекендердің коммуналдық шаруашылығының уәкiлеттi органдарына, аймақтық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялық қадағалау органына  және басқа да мүдделi қызметтерге 24 сағат ішінде хабарлайды.

102. Аймағында коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, хабарды алғаннан кейiн апат орнына өздерiнiң орындалған сызбаларымен бiрге уәкiлдерiн мiндеттi түрде жiберулерi керек, ол осы жердегi орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуi керек. 103. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, ауданның, қаланың жол полициясы бөлімі жолдың уақытша жабылуы туралы, көлiктiң айналып жүру бағыты және зақымдалған желiлердiң қожайындарымен бiрге зақымның жою мерзiмiн бекiту жөнiнде жедел шешiм қабылдайды.

104. Апат жұмыстары жүргiзiлетiн орын қалғандармен немесе белгiленген үлгiдегi апаттың жарық құрылғысы және үлкен қызыл түстi шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенiң (магистральдың) жол

14

жағына жол полициясы басқармасының келiсiмiмен қажеттi жол белгiлерi орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейiн, апатты жою жұмыстарын жауап берушi тұлғалар апаттың жарықтандыру, қоршау (қалған) орнату, жол белгiлерiнiң қойылу жұмыстарына жауапты.



105. Апаттың салдарын жою және аумақтық абаттандырылуын қалпына келтiру үшiн, апат болған күннен бiр тәулiктен асырмай, жер жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алуы қажет. көрсетiлген мерзiмге дейiн жер жұмыстарын жүргiзуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады.

106. Бұзылған жол төсемдерi мен басқа да абаттандыру элементтерiн қалпына келтiру жұмыстары осы кәсiпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейiн тез арада жасалады. Апатты жұмыстардан кейiн  жаңартылған асфальтобетон  жабуының сапа кепiлдiгiнiң мерзiмi 2  жылдан кем емес.

107. Апаттыққа санап, жоспарлы жұмыстарды жүргiзуге қатаң түрде тыйым салынады.
17. Қала және елді-мекен аумағына тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкiлеттi органдар мен қызметтердiң мiндеттерi
108. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы қағидалардың сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы, санитарлық және сәулет-құрылысын бақылау,  iшкi iстер және мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялық қадағалау органымен өз құзырлары шегiнде жүргiзiледi.

109. Функционалдық мiндеттерге сәйкес қаланың және елді-мекеннің жалпы абаттандырылу жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексерiс жүргiзу жағдайын реттеумен, мемлекеттiк бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкiлеттi орган, аудан және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері жүргiзедi.


18. Қағиданы бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалардың жауапкершiлiгi
110. Осы қағидаларды бұзғаны үшiн кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес жауапкершiлiкке шақырылады. Әкiмшiлiк жауапкершiлiктiң қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртiп бұзушыны онымен келтiрiлген материалдың зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

111. Мердігер ұйымдар кепілдік мерзімі барысында терең орларды (су



15

жиналатын орынды) жабу сапасына, орнатылудың негізіне жауапты болады, коммуникация жүргізу бойынша жұмысты жүргізу нәтижесінде туындаған көшенің өтетін бөлігінде және жаяужолдарда түсіп қалған, ойылған жерлер пайда болған жағдайда қолданыстағы құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес, жөндеу жүргізуге немесе оны жол-пайдалану ұйымымен жүргізілуін қаржыландыруға жауапты болып табылады.



16



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет