Қабыханов А. Академик мерейтойына әзірлік басталды / А. Қабыханов // Жастар әлемі. 2005. 27 қаңтар



жүктеу 33.75 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі33.75 Kb.
: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз
Files -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
Files -> Әнуар тарақОВ, филология ғылымдарының докторы
Files -> Зейтінова М
Files -> Уәлихан Ш. А. Ы. Қайран, менің асыл ағаларым-ай!/Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан//Егемен Қазақстан. 2004. 25 тамыз (№217-220)
Files -> Сәулебектегі, А. Біз білетін Бөкетовтің біз білмейтін қырлары / А. Сәуле-бектегі // Жас Алаш. 2005. 19 наурыз (№32-33)
Files -> Акылбаев Ж. С
Files -> Құлақ түрді тым ауыр сұрақ кірді
Files -> Асанұлы Қ. Е. А. Букетов публицистикасындағы ой мен тіл үйлесімі / Қ. Асанұлы // Ақиқат. – 2002.– №1. – 91-94 б
Files -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Қабыханов А.

Академик мерейтойына әзірлік басталды / А. Қабыханов // Жастар әлемі.- 2005.-27 қаңтар.
Қойнауы қазынаға толы касиетті өлке Қарағанды десе ең алдымен әркімнің де көз алдына алпауыт өнеркәсіптер келер. Десек те, бұл киелі топырақ та талай ғулама ғалымдардан кенде емес. Бұл өңірде қаншама батырлар, калың елді аузына қаратқан билер, от ауыз, орақ тілді шешендер, қоғам қайраткерлері, ғулама ғалымдар өмірге келіп, қыруар игі істер аткарған.

Солардың бірі, бірі емес-ау бірегейі, ірі ғалым, профессор, КСРО Ұлттық Ғылыми Академиясының академигі, Қарағанды Мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры Евней Арыстанұлы Бөкетов. Қарағанды өңірі үшін өнегелі өшпес із қалдырып, талай еңбектерін ұрпаққа мирас еткен осынау Е.А.Бөкетовтың туғанына 2005 жылдың 23 наурызында 80 жыл толады. Әрине, елдің игілігі үшін ерен еңбек еткен осынау ұлы адамның мерейтойын өз мәнінде өткізу дүйім Қарағанды үшін үлкен сын. Сол себепті де бүгінгі күннің өзінде академик мерейтойына әзірлік басталып та кетті. Оның ішінде ең бірінші болып мерейтойға ғұлама ғалымның өзі негізін қалап, еңбек еткен Қарағанды Мемлекеттік Университетінің ұжымы ұйымшылдықпен бел сыбана кірісті. Атап айтсақ, «Е. Бөкетовтің 80 жылдығына арналған мерейтойлык іс-шаралар өткізу туралы» облыс әкімінің 4.11.2004 жылғы әкіміне сәйкес және ҚарМУ ректоры Е.Көбеевтің шешімімен жоғары оқу орынында атқарылатын шаралар жоспары бекітілді.

Ол бойынша 23-24 наурызда ҚарМУ де академик мерейтойына арналған «Академик Е.А. Бөкетов - ғалым, оқытушы, ойшыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілмекші. Соған орай бүгінде халықаралық конференцияның жарнамалық буклеттері әзірленіп, еліміз бен ТМД жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу орталықтарына және институттарына жіберілді. Қазіргі күннің өзінде қатысуға тілек білдіргендерден алғашқы ұсыныстар келіп түсуде.

Осыдан біраз уақыт бұрын университет ректорының бастамасымен Е.А.Бөкетовтің химия-металлургияға арналған ғылыми - әдеби еңбектерінің VI томдық толық жинағын шығару қолға алынған болатын. Соған сәйкес бұл еңбек бойынша көптеген ғалымдар жұмыс жасап, І томы қаңтар айының ортасына таман баспаға жіберілді. Қалган II, Ш-томдары да бітуге дайын. Аяқталуына карай жуық арада баспаға жіберілмекші. Академик Е.А. Бөкетовтің жаратылыстану ғылымдарына арналган толық еңбектер жинағының бас редакторы Жоғарғы Мектеп Халықаралык Ғылыми Академияның академигі, профессор, ҚарМУ ректоры Е.Қ. Кобее. Ал ғылыми редактор химия ғылымдарының докторы, химия факультетінің деканы М. Буркеев. Редакциялық алқа құрамына химия ғылыми-зертгеу институттарына басшылык жасап отырган Ұлттық Ғылыми Академияның академиктері - химия ғылымдарының докторлары, профессорлар 3. Молдахметов, С. Әдікенов, техника ғылымдарының докторы М. Толымбековтар енген. Сондай-ақ материалдарды әзірлеп, құрастыруда негізгі жұмыстарды профессор К. Рүстембеков, доценттер 3. Сағындыкова мен И. Егоровалар атқарды.

Бұған қоса мерейтойды ұйымдастыру комитетінің алдында тұрған тағы бір басты міндет Қарағанды мемлекеттік университетінің бас ғимаратының аумағына Е.А.Бөкетовтың ескерткішін орнату. Бастапқыда бұл ұсынысты облыс әкімі К.Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдаған болатын. Артынша бұл ұсыныс Үкімет тарапынан қолдау тауып. қазіргі күні ескерткіштін алғашқы жобасын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мүсіншісі Александр Билык жасап шығарды. Бір сөзбен айтқаңда, бұл ескерткішті мерейтойға дейін аяқтап, орнатуға толық мүмкіндік бар.

Сондай-ақ академик құрметіне өткізілетін мерейтойға арналған бағдарлама шенберінде Фитохимия институтымен бірлесіп Е.Бөкетовтің библиографиясын, толық еңбектср жинағын шығару, студенттер арасында жыр мүшәйрасын ақындар айтысын өткізу, академик Е.Бөкетов атындағы мұражайға күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, облыстық телерадиокомпаниясымен бірлесіп Е. Бөкетов жайында фильм түсіру, туризм және спорт комитетімен бірлесіп облыстағы жоғарғы оқу орындарының ұстаздары арасында бильярдтан сайыс өткізу, КарМУ-де Е.А.Бөкетов жайында тақырыптық лекциялар мен куратор сағаттарын өткізу, академик атындағы мұражайға экскурсия ұйымдастыру, мәдениет департаментімен бірлесіп Е.Бокетов аударған қойылымдарды Сәкен Сейфуллин қазақ драма театрында қою, газет беттерінде академик жайында мақалаларды жарыққа шығару, сондай-ақ туризм және спорт комитетімен бірлесіп студенттер мен мектеп оқушылары арасында қысқы спорттық ойын түрлерінен ашык ; біріншілік откізу жоспарланғын болатын. Солардың біркатары бүгінде жүзегс асырылды.



Қалай десек те, омірінін сашшы гұмырын гылым, эде- і биет жолына арнап, артында олшсусіз із калдырган Е.А.Б- | окстовкс қандай кұрмст корсстілсе де орынды ексндігі аян.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет